Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Балалардың қазақ тілі сабағында сауатты жазудағы орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары

Орындаған:Тұрлыбекова А. Ғ.

Укя-2-19 тобының студенті

Тексерген:

Петропавл қаласы-2022жыл.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-бөлім. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары . . . 5

1. 1 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар . . . 8

1. 2 Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер . . . 11

2-бөлім. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары . . . 16

2. 1 Орфографиялық жұмыстардың мазмұны мен жүйесі . . . 20

2. 2 Орфографиялық икемділік пен дағдысын қалыптастырудың лингвистикалық негіздері. 25

3-бөлім. Практикалық бөлім. . 30

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ тілінің толық орфографиялық сөздігі алғаш рет 1963 жылы жасалып, жарық көрді. Ол 1978 жылы толықтырылып, түзетіп, екі рет басылды. Бұл басылым жазу дәстүрімізді одан әрі бекітіп, оның мәдениетін көтере түсуде айтарлықтай қызмет етті. Бұл еңбекте бірге не бөліп жазылатын сөздер ажыратылып көптеген терминдердің және аралық, құмартану тәрізді сыңарлармен келен сөздердің біріктіріліп жазылуы тұрақтандырылды. 1- басылымға еңбей қалған сөздер қосылды; бөлек жазылатын тіркестер молынан қамтылды. Осылардың барлығы сауатты жазуды арттыра түсуде игілікті әсер етті. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1988 жылы және 1995 жылдары көпшілікке толықтыруларымен жарық көрді. Белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы бір ізге түспеген болса, екі үш түрлі жазылып жүрген болса, ең сауатты жазатын адамның өзі толқып қиналады. Басылып шыққан кітап, газет, журналдар дұрыс жазудың бірден бір үлгісі болуға тиіс болғандықтан және сауатты жазуға алғашқы бастап үйрететін жер, мектеп екендіктен, бұл қиындық әсіресе редакция баспа қызметкерлері мен мектеп мұғалімдерінің басына түседі. 1960 жылы баспа қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған қазақ тілі емлесі мен тыныс белгілері ережелерін бір жерге жинақтап баяндайтын тұңғыш анықтағыш шыққан болатын. Бұл анықтағыш өңделіп, түрлі түзетілер енгізіліп, 1974 жылы «Мектеп» баспасынан жарық көрді. Аталған басылымға өте сирек қолданылатын немесе қазір де көптеген көнерген сөздердің жазылуы да орфографиялық сөздіктерден бұрын орын алмай келе жатқан сөздерде енді. Себебі бұлар әдеби тілімізде актив немесе норматив болмағанмен, басылып шығып жатқан көркем әдебиетте немесе әдебиеттің өзге түрлерінде де кездеседі. Ал олардың жазылуы да кітап, газет-журнал шығарушыларды көп ойландырады. Қазақстанның әр аймағында әр түрлі болып қолданылатын жергілікті сөздердің, яғни диалектизмнің бірқатар күнделікті жазу практикасында орын алатыны мәлім. Сондықтан бұл жолы Қазақстанның барлық жеріне тегіс түсінікті емес, әдеби нормадан тыс бірсыпыра диалектизмнің жазылуы да берілді. Кітаптың сөздік бөлімінде жаңадан қосылғандардың дені бөлек жазылатын тіркестер, өйткені жазуда ең үлкен қиындық пен ала-құлалық туғызып келе жатқан жайттың бірі - сөздердің бөлек не бірге жазылуы екенін байқаймыз. Ережелерде және сөздіктерде бөлек жазу керек деп көрсетілген кейбір сөздерді әсіресе газет - журналдар қосып жазуды дәстүрге айналдырып отыр. Мысалы, өз ара, бір тұтас, келіс сөз сияқты сөздер көбінесе өзара, бір тұтас келіссөз түрінде жазылып кетті. Сондай-ақ кейбір сөздердің жазылуында орфографиялық сөздіктердің өз араларында айырмашылық болып келгенін де байқаймыз. Осының салдарынан бір алуан сөздер екі түрлі жазылып жүр. Бірақ, олардың бір нұсқасы басымдау екені кездеседі. Мысалы, ғылыми, ғылми, башқұрт, башқұр, монғол, моңғол деп екі түрлі көрсетілген сөздердің алдынғы сыңарлары көбірек жазылып жүр.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ орфографиясын игерудің негіздері бойынша сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазудағы ережелердің ролін көрсету. Жазылған субъектің міндеті орфографиялық принциптерді игерудің жолдарын, орфографияны игерту барысында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістерін меңгертуді үйрету.

Курстық жұмыстың міндеті: Орфографияны игеруде қолданылатын әдістердің табиғатын ашып көрсету, тілдің түрлі салаларына байланысты орфографиялық материалдарды меңгерту, оқушылардың тілін дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстардың көлемін анықтау, оқытудың дидактикалық және әдістемелік мәселелерін, сауатты жазуға үйрету жұмыстарының түрлерін қамтиды. Орфографияны меңгерудің негіздерінің бірі ретінде жазба жұмыстарының жүргізілу жолдары да бұл еңбекте назардан тыс қалмайды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары

Орфографиялық дағды - күрделі процесс. Ол -жазу, сөздің дыбыстық құрамын талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережелерді пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін. Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда жеке жаттығулермен шектеліп қалуға болмайды. Егер оқушыға шығарма жаздыру қажет болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке - жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есту - кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады Орфографияға байланысты жекелеген жұмыстар орындату үшін, оқушылардың бар назары сол әрекетке аудартылады, яғни жүргізілетін әрекет саналы орындалады. Ал оқушының назары оның творчествалық еңбегін қажет ететін басқа бір жаңа мақсатқа жетуге аударылса (мысалы, өз ойын жазбаша баяндап беруге), онда бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан қалады да, оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа (шығармаға) шоғырландырылады. Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет автоматтандырылған, оқушы жазған шығармасында орфографиялық білім мен дағдысы берік болғандығын байқауға болады. Егер оқушы жазған шығармасында орфографиялық қате жіберген болса, онда бірінші әрекетке қайта оралып, орфографиялық жаттығулар орындатуға тура келеді. Орфографиялық сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы есепке алынып жүр. Бұл жерде ескертетін жағдай мынадай: диктант - оқушылар алдында ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма оқушылар алдында өз ойын жатық баяндап беру сияқты творчествалық талап қояды. Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың қаншалықты берік қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма (мазмұндама) жаздыру тиімді.

Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының ұқыпты байымдап алуы талап етіледі. Сонан кейін барып жалпы түрде ойын қорытады. Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл - ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады. Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракциялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категоияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т. б. жұмыстар. Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен шектелмейді, сонымен қоса ақыл - ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі. Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары болып табылады. Орфографияны оқытудың ғылыми- пратикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдары. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдістемесі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау жасаудың түрлері. Орфография мен орфоэпияның бір - бірінен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар : фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т. б. принциптер. Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады. Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізген әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады. Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар айтылуынша (естілуінше) жазылады. Тарихи - дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады. Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі негізгі, басым принцип болады. Сонымен қатар осы тілде емле принциптерінің қалған түрлері де орын алады. Орфографиялық ережелер мынадай мәселелерді қамтиды:

-Кейбір дыбыстардың жазылуы;

-Түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;

-Сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;

-Шылаулар мен одағайлардың жазылуы;

-Бас әріптердің қолданылуы;

-Сөздерді тасымалдау;

Қазақ тілі орфографиясында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жазылуының барлығы бірдей қиындық туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздің кез келген жерінде қолданылып, өз әрпімен жазыла береді. Тәжірибеде бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген тұстар - дауысты ә, ы, і, и дыбыстарын таңбалайтын әріптердің емлесі.

1. 1 Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар

Тұлға жағынан алып қарағанда, қазақ тіліндегі сөздер бес түрлі тұлғада қолданылады (негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз), олардың әрқайсысының өзіндік тұлғалық ерекшелігі болғаны сияқты, әр қайсысына тән орфографиялық ерекшеліктер де бар. Сөздердің жазылуындағы морфологиялық өлшем негізгі түбір болмақ. Негізгі түбірге қосымша жалғануы арқылы сөз түрленеді, өзгереді немесе грамматикалық қарым-қатынасқа түседі. Түбір сөздің жазылуының да өзіндік заңдылығы бар. Қазақ ітіліндегі түбір сөздерге тән қасиет олардың кілең жуан дауыстыдан немесе жіңішке дыбыстардан тұратындығы (жұмысшы, мемлекет т. б. ) . Бұл ерекшелікті негізгі сипат ретінде үйретуі керек. Ескерту ретінде кейбір санаулы сөздерге жуан және жіңішке дыбыстар араласа келетіндігі айтылдады (қызмет, кітап т. б. ) . Туынды түбір жасайтын қосымша да (жұрнақ), сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқаратын қосымша да (жалғау) түбір сөздің жуан я жіңішкелігіне қарай үйлесе қосылады (оқы+ған, өнер+лі, бала+ға, іні+ден т. б. ) . Бұл ережеге бағынбай қосылатын қосымшалар фонетикаға байланысты айтылған. Сонымен бірге қосымшаның басты дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына үндесе ыңғайласады. Орфографиялық бұл ерекшеліктерді үйрету барысында грамматикалық ережелер мен жаттығу жұмыстарын араластыра жүргізу тиімді. Арагідік оқушылардың өздеріне мысал ойлантып отырған да жақсы нәтижеге жеткізетін тәсіл. Қос сөздер дефис арқылы жазылады деп қана өте шығу жетімсіз. Алдымен қос сөздердің мағыналық ерекшлеіктерін түсіндіріп алу керек. Қосарланып тұрған сөзге мағынасымен қоса тұлғалық та талдау жасалуы жөн. Өйткені қосымшалар қосарланған сөздердің соңғысына ғана қосылмайды, алғашқы сыңарына да қосыла береді {қолма-қол, көзбе-көз, үйді-үйіне, жылдан-жылга, бірде-бір т. б. ) . Қос сөздер күрделі сөзге жатады. Сөздер қосарланған жағдайда мағыналық өзгерістер болады. Кейбір қос сөзде мүлде жаңа мағына туса, кейбір қос сөзде мағына түрленеді я үстемеленеді. Тілімізде қос сөздер сияқты дефис арқылы жазылатын, сырт қарағанда қос сөзге үқсас, бірақ тең мағыналас күрделі сөздер де бар: орысша-қазақша (сөздік), үгіт-насихат (жұмысы) . Буындағы екі сөз де өз мағынасында жұмсалады. Міне, осы сияқты күрделі сөздер мен қос сөздерді салыстыра оқыту материалды түсініп меңгеруге көмектеседі. Біріккен сөздерді оқыту барысында жаттығулармен қоса класта 10-15, 15-20 минуттық диктанттар жаздырып, сондағы біріккен сөздерді тапқызу және олардың қандай-қандай түбірден бірігіп тұрғанын айтқызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сөздік дәптерлеріне жазылуы қиын деген сөздер жаздырылады. Қысқарған сөздерді оқытуда бас әріппен және кіші әріппен жазылатын түрлерінің ара жігі ашылады да, олардың нендей сөздерден қалайша қысқарып тұрғандығы айтқызылады. Белгілі бір күрделі атауларды жаздырып, сол күрделі атауларды қысқарту тапсырылады. Бас әріптері алыныгт қысқарған күрделі атауларға қосымша қосылу ретінде молырак жаттығу жүргізілуі керек. Әріптерден қысқарған сөздерге қосымша соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай қосылады және қосымшалар қысқарған әріптерден дефис арқылы бөлек жазылады. Мысалы: СССР-дың (әс-әс-әс-әр-дің), КасПИ-ге т. б. Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, орындауға ұсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер ұйымдастырылуы қажет. Жаттығу жүргізуде мынадай дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі тақырыптарды өту кезінде де қайталана жаттықтырылу керек. Сондай-ақ кластағы оқушылардың белгілі орфограмманы меңгреу дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы тапсырма беру жолымен жаттығу орындату оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады. Орфографияны үйрету - біртұтас қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы оқытылатын баланың психикалық қызметінің бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады. Әртүрлі сөздік материалдарға енгізілген белгілі бір орфограмманы жазу көптеген оқушыларға едәуір қиындық туғызады, сонымен бірге бір ережеге байланысты емленің өзінен де түрлі қиындық ұшырасады. Мұндай қателердің көпшілігі орфограммалардың грамматикалық табиғатын ажырата алмағандықтан жәберіледі. Жаттығуларға симантикалық, грамматикалық формасы т. б. жағынан әртүрлі ерекшеліктердің көбінесе аз қамтылуы себепші болады. Соның салдарынан оқушылар неғүрлым жеңіл жұмыстарды орындауға әдеттенеді де грамматикалық категорияларды неғұрлым қиын жағынан тануға, месте сақтауға, ақылға тоқуға әзірлігі жетпейді. Белгілі грамматикалық категорияларды оқушылардың неліктен нашар меңгеретінс себебін мұғалімнің зерттеп, ол себептерді оқушыларға саналы түрде жеткізіп отыру керек.

1. 2 Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер

Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады: 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 4) кітаппен жұмыс әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау - жинақтау әдісі, 7) салыстырма әдіс, 8) индукция - дедукция т. б.

Байқау әдісі. Нақты материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындыланып, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол - шындық өмір құбылыстары туралы түйсінуді реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді. Байқау жұмыстары баланың жан - жақты дамуына көмектеседі, сезім күшін арттырады, қабылдаудың маңызын көтеріп, зейінді тәрбиелейді, есті жетілдіреді, ынта - тілекті арттырып көркемдік талғамды дамытады. Байқау жұмысы бір жақты жүргізілмейді, мұнда мұғалім де, оқушы да белгілі мақсат жолында әрекет етеді, мұғалім көрсетеді, ал оқушы бақылайды. Байқаудың алғашқы сатысы қабылдау мен түйсіну болып табылады. Жеке заттар мен құбылыстаржөніндегі түйсінулер нақты ұғымдар туғызуы тиіс, сонда ғана материалдар ретке келтіріледі, ал реттелген материалдар абстракт ойлау операцияларына беріледі.

Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нұсқау түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі боларлық сипатта құрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары. Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау прорцесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды. Баяндауды тыңдау ойлау қабілетін арттырады, әрекетке тікелей араластырып, оқушының көңіл сезімін оятады. Баяндау әдісі басқа әдістер элементтерімен ұштастырылып отыруы тиімді. Баяндау барысында байқау, әңгімелесу және жазбаша жұмыстар қоса жүргізіліп, мұғалімнің сөзі өтіліп отырған объектіні көрсету, сұрау - жауаптар арқылы толықтырылып отырылса, оқушы жалықпайды. Көрнекі құрал пайдалану арқылы оқушының тікелей сезінуі және қабылдауы ұйымдастырылады.

Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі - әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да ұйымдастарып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде сыныпқа сұрақтар беріп, оқушылардың жауаптары арқалы сабаққа белсенді қатысуларын ұйымдастырып отырады. Баяндау әдісінің құрамына да әңгімелесу енгізіледі. Баяндау әдісі сияқты, әңгімелесу әдісіндеде білім сөз арқылы, сөйлеу арқылы беріледі. Сөйлесу кезінде тек мұғалім ғана әрекет жасап қоймайды, оқушылар да белсенді қатынастырылады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды белгілі бір мақсатқа бағыттайды, олар қойылған сұраққа жауап беру түрінде өз пікірлерін аша түседі. Сұрақ оқушыларға бұрыннан белгілі мәселелерден басталып, бірте - бірте күрделендіру жолымен жаңа білім алуға жетектерлік сипат алады. Сұрақты үнемі мұғалім қоя бермей, оқушылардың өздері де бір - біріне сұрақ қойып, өз ара әңгімелесу түрін ұйымдастыруға болады. Әңгімелесу әдісін ұйымдастыруда оқушылардың бұрыннан білетін, олар меңгерген білімдері негіз болады. Мұғалім алдымен қайталау сұрақтарын қойып, соның ізінше әңгімелесу әдісіне көшуі де мүмкін немесе алдымен жаңа материал таныстырып алып, сол материалды әңгімелесу түрінде талқылауы да мүмкін. әңгімелесу барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. әңгімелесу материалды жинақтаудың және логикалық ойлау мүмкіндігін жасаудыңтиімді әдісі болып табылады. Оқушылар үшін әңгімелесу - коллективтік еңбек. Оқушыларды негізгі материалдармен алдын ала таныстыру, сұрақ - жауаптардың логикалық жүйесін дұрыс бергілеу, олардың кеңінен ойлау мүмкіндігін жасау, класты коллоктивті түрде қатыстыру, жауап беру кезінде оқушылардың еркін сезінуі, мұғалімнің бағыттаушы ролі мен оның қорытынды сөзі әңгімелесу әдісінің амалдары болып табылады.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы материалдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нұсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми - көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.

Кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәрбиелік сипаты мол. Кітап оқу - оқушылардың ынталылығы мен қабілетін арттырудың маңызды факторы. Оқу және оқығанын ұғынып түсіну бірден нәтижелі бола қоймайды. Бастауыш кластан бастап оқушылар оқыған тексін түсінуге үйретіледі. Оқуға ынтасы арта түскен оқушы кітапты көбірек оқи бастайды, мәнерлеп оқуға төселеді, оқығаннан түсінгендерін жазып үйренеді, бірте - бірте сөздіктер мен анықтамаларды, иллюстрацияларды дұрыс пайдалана алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға көркем жазу дағдыларын үйрету алгоритмі
Жазу және тіл дамыту әдістемесі
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Ойды дамыту - тіл дамыту негізі
Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары
Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Оқушыларға мәтіндер арқылы тәрбие тәрбие беру жағын сұрыптау
Сауатты жазуға үйрету мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz