Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық
колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Балалардың математикалық білімдерін қалыптастыруда дидактикалық материалдардың маңызы
Орындаған:Капанова Р.Н.
Тексерген:Толегенова И.Қ.
Саран-2023жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-бөлім. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс-әрекеті ... ...6
1.1 Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .12
2-бөлім. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, дидактикалық ойын технологиясын тиімді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Дидактикалық материалдар арқылы балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пәні мақсаты мен міндеттері және басқа ғылым салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты- балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту. Балалардың логикалық ойлау қабілетін және қоршаған кеңістікте бағдарлануын дамыту. Математикалық білім, іскерліктер мен дағдылар, сенсориканы,жадыны,назар аударуды,елестетуді,логиканы дамытуға мүмкіндік береді, математикалық лексиканы қолдана білуді қалыптастырады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі дамып, жаңа нәтижелерін көрсетіп келе жатыр. Баланы тұлғалық жағынан жан-жақты қарастыратын, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін зерделейтін ғылымдармен тығыз байланыстарын көре аламыз. Соның ішінде, мектепке дейінгі педагогикамен тығыз байланысты, бұл пән мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие және оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдерін, негізгі қағидалары жөніндегі білімдермен қамтамасыз етеді. Жеке әдістемелер мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудағы интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тіл дамыту және оны оқыту әдістемесі, дене тәрбиесі теориясы және оны оқыту әдістемесі, музыка және оны оқыту әдістемесі және т.б. баланың толыққанды математикалық түсініктерді меңгеру үрдісі жүреді. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты, себебі, балаларды оқыту, тәрбиелеу процесі қатар жүретіндіктен мектепке дейінгі педагогикада оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру т.б. дидактикалық міндеттерді шешу жолдары қарастырылады. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Оқу іс-әрекетінде қарапайым математикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балаларды мектепке дайындаудың бір бөлігі болып табылады. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру - балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Яғни, бұл тақырыпта ересек тобындағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдала білуі. Бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделей келе сол зерттеген біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі- математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді.
Мақсаты: Балалардың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы,жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту. Оқу іс-әрекетінде математикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру. Ортаңғы тобы балаларына қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Міндеттері:
-математика сабақтарында ойын түрлерін қолданудың маңызын көрсету;
-мектепке дейінгі балалардың қарапайым математика сабағында дайындалған әдістемелік материалдарды дұрыс пайдалана білу;
-балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
-ортаңғы топ балаларына дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жолдарын айқындау:
-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру дидактикалық ойын барысында әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданудағы ерекшеліктер.
Зерттеу пәні:Қарапайым математика
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс-әрекеті
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі дамып, жаңа нәтижелерін көрсетіп келе жатыр.Баланы тұлғалық жағынан жан-жақты қарастыратын, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін зерделейтін ғылымдармен тығыз байланыстарын көре аламыз. Соның ішінде, мектепке дейінгі педагогикамен тығыз байланысты, бұл пән мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие және оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдерін, негізгі қағидалары жөніндегі білімдермен қамтамасыз етеді. Жеке әдістемелер мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудағы интеграцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тіл дамыту және оны оқыту әдістемесі, дене тәрбиесі теориясы және оны оқыту әдістемесі, музыка және оны оқыту әдістемесі және т.б. баланың толыққанды математикалық түсініктерді меңгеру үрдісі жүреді.Математиканы оқыту баланың танымдық процестерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын есепке ала отырып жүргізіледі, ол өз кезегінде психология ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады. Қабылдау, ойлау, сөйлеу тек қана қызмет етіп қоймай, сонымен бірге оқу үдісінде дами түседі.Психология тұрғысынан заттарды қабылдау, кеңістікті және уақытты бағдарлау, санау баланың психологиялық ерекшеліктерімен және заңдылықтарын, білім мен іскерлікті меңгерудегі балалардың жас ерекшеліктерін анықтайды, сондай-ақ баланың математикалық дамуының жеке бағытын сүйемелдеу жолдарын көрсетеді. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты, себебі, балаларды оқыту, тәрбиелеу процесі қатар жүретіндіктен мектепке дейінгі педагогикада оларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру т.б. дидактикалық міндеттерді шешу жолдары қарастырылады. Бұл әдістеме мектепке дейінгі педагогикамен, яғни балалардың тәрбиесі туралы ғылыммен барынша тығыз байланысты екені анық.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі оқытудың міндетін мектепке дейінгі педагогика және дидактика міндетіне, сондай-ақ, жас ұрпақтың ой тәрбиесіне сүйенеді: ұстанымдар, жолдар, мазмұн, құралдар, әдістер, ұйымдастыру түрлері және т.б. Бұл байланыс өзінің сипаты жөнінен өзара байланысты: өз кезегінде балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін зерттеу және жасау жаңа нақты материалдармен байыту арқылы педагогикалық теорияны жетілдіреді.Балаларды мектепке математиканы меңгеруге даярлау мектеп жасына дейінгі балаларды және кіші жастағы балаларды оқытудың теориялық негізі болып табылатын өзінің болмыстарының байланысы болмайынша oның жүзеге асырылуы табысты болмайды.Mектепте математиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру балаларды мектепке даярлауға тікелей мектептегі оқуға барар алдындағы кезеңде жаңа көзқарастың болуын көздейді. Қазіргі кездің өзінде мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық ұғымдарды дамыту бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. (ауызша есеп көлемін көбейту, заттар топтарының есебі,жекелеген көлемдерді өлшеуге үйрету,геометриялық білімдерді кеңейту, т.б.) оқытудың барынша тиімді әдістері мен құралдары табылды (үлгілерін жасау, проблемалық міндеттер мен жағдайлар,дамытушылық ойындар және т.б.)Бастауыш мектепте математикаға үйрету әдістемесімен байланыс мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесін одан әрі жетілдірудің негізгі жолдарын дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.Оқыту танымдық қызметі,баланың жеке басының дамуы заңдылықтарының есебін алумен құрылуы тиіс. Өйткені ол психологиялық ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады.Түйсіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар оқыту үрдісі кезінде қарқынды дамиды.Баланың көп затты, санды, кеңістікті, уақытты түйсінуінің психологиялық ерекшеліктері мен зандылықтары қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін жасауда оның негізі болады.Психология балалардың білімдер мен дағдыларды игеруде өзгеріп отыратын жас ерекшелік мүмкіндігін айқындайды. Қазіргі психологиялық зерттеулер математикалық ұғымдарды меңгеруде мектеп жасына дейінгілердің қабілеті зор және әлі де ақырына дейін ашылып болмағанын, толық зерттелмегенін көрсетеді.Оқыту үрдісінің ұтымды құрылымы кішкене балалардың анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері негізінде қолайлы жағдайлар жасаумен байланысты.
1.1 Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жағдайы
Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру проблемасына педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблемалардың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп шыққан қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі қазіргі кезде жеке ғылыми зерттеу облысына айналып отыр. Оның зерттеу объектісі жалпы қоғамдық тәрбиеде математикалық түсінікті қалыптастыру үдерісінің заңдылықтарын қарастырады. Мектепке дейінгі балада қарапайым математикалық алғашқы ұғымдармен таныстыруда мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
1.Кеңістікті бағдарлай білу, сан және санау, салыстырмалы заттардың қасиеттері туралы, көлем, пішін, салыстырмалы көлем және уақыт жайында алғашқы түсініктер беріледі.
2.Геометриялық пішіндермен таныстыру арифметикалық белгілерді игеріп, оны күнделікті іс-әрекетте қолдана білуге дағдыландырады.
3.Ауызша қарапайым есептер шығара алуға дағдыландырады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау 30-50 жылдары кеңес дәуірі психологиясы және педагогикасы негізінде жүргізілді. Ф.Н.Блехер балабақшада балаларға математикалық білім беру методикасын жасауда үлкен роль атқарды. Оның ''балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика'' 1934 ж. деген кітабы есеп бойынша советтік балабақшасына арналған бірінші оқу құралы және бағдарлама болды. Ол жазған методикалық жазбалар (1938,1943,1945) сол жылдары балабақша үшін басшылық құжат ретінде қызмет етті. Шетел авторларына сүйене отырып, Блехер екі санын бала 3-4 жаста, 3 санын 4-4,5 жаста, 4 санын 5-5,5 жаста айыра біледі деп есептеді. Мысалы, кіші топта (3-4 жас) 4-ке дейінгі сандар, мектепалды даярлық тобында (5-6 жас) 10-ға дейінгі сандарды анықтай алады және жұп ұғымын меңгереді. Мария Монтессори: Математика - бұл қиын, әрі ауыр құбылыс емес, оны үйрену кімнің де болса қолынан келеді, - деп бағалай келе, Адамзаттың ақыл - ойын математикалық деп, ал логикалық қабілеттері мен деңгейлері жоғары адамдарды интеллектуалды адамдар ретінде қарастырады.Математикалық тәрбие мен білімсіз дүниені танып білу мүмкін емес, барлығы осы математикадан бастау алады. Математика аса дарынды адамдар ғана игеретін ауыр құбылыс емес. Оны үйрену кімнің де болса қолынан келеді, өйткені математика өмірмен тікелей байланысты. 2 - 3 жастағы баланың өзі күнделікті өмірге дағдылану барысында санай білу үрдісін белгілі дәрежеде игереді. Мәселен, бала көшеде кетіп бара жатып: Бір машина кетіп бара жатыр, әне екіншісі кетті - деп айтады. Бағдаршамға қарап тұрып, оның үш көзі бар екенін айта алады. Бала сұрақ қоюды және оған міндетті түрде жауап алғанды жақсы көреді, үнемі сұрақтар қою арқылы баланың ой - өрісі дамиды.Баланың ақыл - ойы жан - жақты сенсо-моторлық тәжірибені тез сіңіріп қана қоймайды, осымен қоса математикалық білімі де дами бастайды. Сондықтан, баланың ақыл - ойы мен математикалық қабілетін сезім арқылы дамыту тиімді әдістердің бірі болып отыр. Бұл жөнінде: Баланың бойында "сан және санау" идеяларын қабылдаудың дайындық баспалдағы ретінде оған қажет инстинктивті танымдардың барлығы дерлік болады, - деп жазады Монтессори. Психологтардың еңбегінде математикалық түсінікті қалыптастырудың әдістері мен мазмұнын қайта қарау қажет деген пікір айтылып жүр. Осы бағытта біршама жұмыстар да жүргізілуде. П.Л. Гальперин қарапайым математикалық түсінік болу үшін әр түрлә заттар мен оның бірліктері арасындағы байланысты қалыптастыруды ұсынғңан. Ал В.В. Давыдов ақыл-ой қызметін қалыптастыруда есептеудің психологиялық негізін, санау арқылы, өлшеу арқылы теңдік пен теңсіздік туралы ұғым қалыптастыру жолдарын ұсынды. Дәстүрлі әдістемеде сан дегеніміз есептеудің, қосып-азайтудың негізінде шығады десек, қазіргі оқытуда сан, сандық қатынастар мен байланыстардың, әртүрлі логикалық операцияларды орындау негізінде шығарылады. Балалардың сан туралы түсініктерін қалыптастыру мәселесіне өзінің зерттеу жұмыстарын арнаған А.М. Леушинаның еңбектерінің балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда алатын орны ерекше. Ғалымның еңбектерінің нәтижесінде "қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру" әдістеме ретінде теориялық, ғылыми және психологиялық - педагогикалық негізге ие болды.
1.2 Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру үдерісі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту мен ақыл - ой белсенділігін арттырумен тікелей тығыз байланысты болғандықтан, мектепке дайындау үдерісінің маңызды салаларының бірі балалардың танымдық деңгейлерін арттыру болып есептеледі. Ғалымдардың пікірінше балалардың ақыл - ойы мен танымдық белсендігін дамытудың ең қолайлы кезеңі 5 - 6 жас екен. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз дамуына ұзақ шыңдалу жолынан өтті деп айтуға болады. Оның қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болып табылады. Көптеген сан алуан санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер балалардың санау дағдысына, есептеу әрекетіне деген қызығушылықтарын оятты, балада сан туралы алғашқы ұғымдар қалыптаса бастады. Ғалым-әдіскер А.Балабаева қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды әдістемелік - мазмұндық жағынан өзгерту керектігін атап көрсетті. Ең алдыңғы қатарлы талаптар ретінде баланың белсенді ақыл-ой әрекетіне деген қабілеттерін қалыптастыруды қарастырды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру шараларының тәрбиелік, танымдық мәні негізделіп, ғылыми тұрғыда, өмірмен сабақтасып, баланы жан-жақты дамытуға бағытталып, баланың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық үдерістерді қалыптастырудан бастау қажеттігін атап көрсеткен.Балалардың сенсорлық тәжірибесін молайту үшін дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Ойынның көпшілігінің мазмұны заттарды зерттеуге, басты белгілерін ажыратуға сөздік нұсқаларын табуға бағытталады. Кейбір ойындардың мазмұнында балалар ортақ белгілері бойынша заттарды салыстыруға, топтастыруға дағдыланады.Бала мектепке дейінгі кезеңде кез-келген заттық білім мазмұнын ұғымдар түрінде нақты заттар: әдеби туындыларды түсіндіру барысында ұғынады. А.Балабаева балалардың белсенділігін, танымдық іздемпаздығын арттыру тек қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру оқу іс-әрекетінде ғана емес, басқа да оқу-тәрбие салаларында жүзеге асырылу керек деп тұжырымдайды. Мектепке дейінгі балаларда заттың қатардағы орнын көрсететін: ұзын, қысқа, қысқарақ, өте қысқа екенін сөз арқылы жеткізу туралы анық ұғымдарын қалыптастырып, оны жүзеге асыруға болады. Егер балалар ересек топта екі-үш заттардың арасындағы қатынастарды білсе, мектепалды даярлық тобында олар көлемі бойынша артатын және кемитін бес-он заттың арасындағы қатынастарды меңгеруі тиіс. Мұндай қатынастарды меңгеру балалардың заттарды талдап қабылдауын дамытуға және көрсеткіштері бойынша салыстыру арқылы өлшей білуге байланысты болып табылады (ұзындығын, енін, биіктігін бөліп көрсету). Көз мөлшерін дамыту үлкен рөл атқарады.Мектепке дейінгі балаларда көлем қатарын құрудағы жаттығуларды күрделендіру заттардың үлкен тобын (10 данаға дейін) салыстырудан ғана емес, сонымен бірге жеке заттармен қатар жұп заттарды таңдау және бір қатарға қою жаттығулары енгізіледі; 2-3 өлшемімен ерекшеленетін заттар қолданылады. Бір заттар қатарға, ең алдымен, бір белгісі бойынша, одан кейін басқа белгісі бойынша орналастырылады (мысалы, цилиндрлер, ең алдымен, бір қатарға биіктігі бойынша, содан кейін жуандығы бойынша орналастырылады).
Балаларға арналған қарапайым математиканы дамытуға арналған әртүрлі логикалық тапсырмалар:
Буратино кілемшесін құрастыруға көмектес ойыны.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін бекіту. Бөлшектерді біріктіре отырып, тұтас бір фигураны құрастыра алу қабілетін дамыту. Буратиноның кілемшесіндегі саңылауларды ақ түсті әртүрлі фигуралармен жапсыру.Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі. Балалар бөліктерге бөлінген ақ түсті пішіндерді бақылап, анықтай отырып, Буратиноның қызыл кілемшесіне желіммен жапсырады. Педагог-тәрбиеші балалардың санына қарай топқа бөліп, не болмаса біріктіріп жасатуға болады.Ертеде Буратино өмір сүріпті. Оның төсегінде әдемі қызыл кілемше болыпты. Бір күні Буратино театрға кетсе, тышқан осы уақытта кілемшесін тесіп тастапты. Кілемшеде қанша саңылау болғанын сана және Буратиноның кілемшесін құрауға көмектес.
Сандарды салыстыр балақай! тапсырмасы.
Мақсаты: Балалардың сандық қатарын игеру арқылы қабылдауын дамыту.
2-бөлім. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, дидактикалық ойын технологиясын тиімді қолдану
Қазіргі заман талабына сай біздің тәрбиеленушілер балабақшаның қабырғасынан интеллектуалды болып, логикалық ойлары өте жоғары болып шығу керек, сондықтан балаларды білімді жеке тұлға етіп қалыптастыру тәрбиешінің міндеті. Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық ойындар. Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді.Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойындарды қолдана отырып логикалық ойларын дамыта аламыз.Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері балалардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп,ойлау қабілеттерін арттырып, дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Дидактикалық ойындар - білім беру мен тәрбиелеудің маңызды құрылымды бөлшегі болғандықтан, балалар сабақ барысында алған білімдерін бекітіп немесе үйрету үшін емес, сол алған білімдерін өмірлік жағдайда қолдануға үйрететін ойындар жүйесін айтамыз. Педагогтар мен психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, дидактикалық ойындар төмендегідей бағыттардан тұрады. Олар:
-Ұлттық бағыттағы ойындар;
-сөздік бағыттағы ойындар;
-логикалық ойындар;
-ұжымдық бағыттағы ойындар;
-рөлді - сюжеттік бағыттағы ойындар;
-заттық бағыттағы ойындар;
-қимыл - қозғалыс бағыттағы ойындар;
-шығармашылық бағыттағы ойындар;
-құрылыс бағыттағы ойындар.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын - жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл - күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
2.1 Дидактикалық материалдар арқылы балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz