БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:Педагогика
Тақырыбы:Баланы мектепке дайындау маңыздылығы
Орындаған:Боранқұлова К.Н.
М-19-1 тобының студенті
Ғылыми жетекші:Казангапова С.О.
Тіркеу нөмері:______
Баға:_____
Қолы:_________
Қарағанды 2022ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-БӨЛІМ. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Баланы мектепке психологиялық педагогикалық тұрғыдан даярлау ... ... .10
1.2 Баланы мектепке дайындау жолдары мен ұйымдастыру түрлері ... ... ... ...14
2-БӨЛІМ. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Зерттеу жұмысы мен нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын мәселелер ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Баланы мектепке, яғни 1 сыныпқа дұрыс дайындау керек, балаға немқұрайлы қарап, ертең оның өміріне қиыншылықтар туғызбау керектігін ата-аналар ешқашан естерінен шығармау қажет. Мектепке баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдарламасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланың мектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психолгиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың мектепке баруға дайын екенін басты көрсеткіші кіші моториканың, саусақтардың шапшаң қимылдардың дамуына байланысты.
Мақсаты:Баланы мектепке дайындау барысында оларды психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау қажет. Балалардың ынтасын қызықтырып, одан әрі дамыту, қоғамға сай өмір сүруге бейімдеу.
Міндеттері:
-баланың мектепке деген зияткерлік дайындығын тексеру;
-баланың мектепке физикалық дайындығын анықтау;
-баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар тарапынан берілетін көмек.
Зерттеу пәні:
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-БӨЛІМ. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы, - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Мектепке бару -- бала өміріндегі үлкен жаналық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынғакөшу және қсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.Оқу іс-әрекетіндегі , тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мұмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтаукезінде денсаулық жағдайы юасты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызуғушылығы басым болғаны мен денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін.Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамуымен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын екінші балаға 7 жас болса да, оған мектепбағдарламасы ауыр тиеді.Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілілуінің деңгейі анықталды (жоғарғы, орташа, төмен, өте төмен). Баланың ақыл-ойының дамуының диагностикасын жүргізу және де қажетті оқу іс-әрекетінің дағдыларын оқып танысу келесі мақсаттарға жетудің жолы.
1) сол жастағы баланың дамуына лайықты мөлшерден бірнеше деңгейін анықтау үшін қажет. Егер бала осы нормаларға сай болса, онда бәрі де дұрыс. Ал егер көмек қажет болатын болса, ол проблеманы сол мезетте қараусыз қалдырса, кейіннен оны шешу өте қиынға соғады.
2) диагностика баланың жеке даму қабілеттілігінің ерекшеліктерін білу үшін қажет. Олардың қабілеттілігінің дамуы кей тұста жақсы, ал кейде онша емес болуы мүмкін. Баланың жеке қабілеттілігінің дамуының жеткіліксіз болуының маңызды себебі мектептегі оқу процесінде қиналуында. Ертерек анықталған әлсіз тұстарын түзету қажет. Мысалы, арнайы маманның көмегімен қабілеттілікті дамытуға арналған қажетті ойындарды, жаттығуларды іріктеп алу қажет.
3) диагностика мектепке дейінгі мекемелердің баланың дамуын қадағалаған әдіс-тәсілдердің нәтижесін бағалау үшін және мектепке мұғалімдердің оны әрі қарай қолдануы үшін қажет. Мысалы, мектеп психологі баланы оқу жылының басында және аяғында тексеруі мүмкін. Алынған салыстырмалы қорытынды бойынша бірулерде өзгерістің болғанын және тіпті болмағанын көрсетеді.
4) оқудың әр түрлі кезеңдерінде кездесетін тексеруге дайындалу үшін балаларды тестердің әр түрлі формаларын міндетті түрде лдын-ала таныстыру қажет. Диагностика жүргізу кезінде балаға қолайлы жағдай жасау өте қажет. Диагностика жүргізу мекпепке дейінгі баланың жанұясы үшін өз баласының жетістіктеріне қол жеткізу, сәтсіздіктерді және оны түзетудің жолдарын білу үшін керек. Осы жағдайда диагностика мұғалімге баланы оқытуда бар қырынан білу үшін қажет.Ең бастысы ата-аналарға бұл алынған қорытындыға тәуелді емес, оған жайбарақат қарайды. Ешқандай психологиялық тестер және ғылыми тапсырмалар біржақты баға бермейді, әсіресе ақыл-ойының дамуы жағдайында. Ал егер қандай дабір сұрақтар мен күмәнді жағдайлар болса, ең жақсысы маманға керінуі керек. Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында қарым-қатынас негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі.Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады. Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі.Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
0.1 Баланы мектепке психологиялық педагогикалық тұрғыдан даярлау
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Негізі мектептегі оқу үлгерімінің жақсы болуы зейіннің қаншалықты дамуына байланысты. Мектепке дейінгі балада ырықсыз зейін басым, бала өз зейінін басқара алмайды, сондықтан сыртқы әсерлердің еркінде болады. Бір нәрсеге тұрақтай алмаушылық сияқты, көңілі тез ауады, мектепте оқыған алғашқы күндерден бастап балада ырықты зейін қалыптаса бастайды. Ырықты зейін дегеніміз - әрекет әсерінен туған объектіге саналы түрде көңіл аудару. Зейіннің бұл түрінде эмоциялық жағынан жағымды нәрсеге ғана емес, көбіне атқарылуға қажет нәрсеге көңіл аудару. Ырықты зейін дамуы жауакершіліктің дамуымен тығыз байланысты, қызық және қызық емес тапсырмаларды да орындау керек. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада МЕН дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Баланың мектепке оңтайлы көзқарасы тек қана интеллектуалдық емес, эмоционалды-жігерлік компоненттерін де қамтиды. Оның жаңа әлеуметтік орнына- оқушы болуға тырысуы, мектепте оқудың маңыздылығын тек қана түсініп емес, дұрыс қабылдап, мұғалім мен құрбыларын сыйлау керек. Мектепке деген саналы көзқарасы оқу әрекеті туралы кеңейтілген және тереңдетілген ұғымымен байланысты болу керек. Баланың мектепке қызығушылығын әрі қарай қалыптастыру жолдарын белгілеу үшін, оның оңтайлы көзқарасының деңгейін білу өте маңызды болады.Сондықтан, мектеп туралы берілген мәлімдемелерді бала тек қана түсінбей, сезініп, өз басынан кешу керек. Мектеп - бала үшін де, оның ата-анасы үшін де аса жауапты кезең. Балаларды психологиялық зерттеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мектепте оқу іс-әрекетін жеңіл меңгеріп кетуге, барлық бала жан-жақты дайын болып келмейді. Баланың мектепке дайындығының маңыздылығын түсіне отырып, оқу жылының басталуынан бірнеше ай бұрын олардың жаңа өмірге бастамаларында, балалармен мақсатты дамыту сабақтары ұйымдастырылады. Бұл мақсатта бала үшін ата-анасы көп нәрсе істей алады. Мектепте оқуға психологиялық дайындау көп кешенді білімді қажет етеді. Ең алдымен баланың мектепке барамын деген құштарлығы, яғни психология тілімен айтқанда оқуға деген ынтасы болуы қажет. Балада оқушының әлеуметтік ұстанымы қалыптасқан болуы тиіс: оның құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасап, мұғалімнің талабын орындай және өз мінезін бақылай білгені дұрыс. Маңыздысы, баланың дені сау, шыдамды болуы қажет, әйтпесе мектеп жүктемесін алып жүру қиынға соғады. Мектепте жақсы оқып, сыныппен бірге жұмыс істеу үшін ақыл-ойының дамуы жақсы болғаны жөн. Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет. М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз, Сен істей аласың деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.
Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша анықталады. Олар:
-Бақылау қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:
-бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
-бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
-бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы жоғары деңгей.
-Жоспарлау бұл мақсатқа сәйкес өз іс әрекетін ұйымдастыра білу іскерлігі:
-баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі төменгі деңгей;
-баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі -- орта деңгей;
-мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі жоғары деңгей.
Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оқу іс әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне өзі қатысынан байқалады.6 -7 жастағы бала үшін мұғалімнен тұлғасы аса маңызды болып табылады.Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мұғалімнің талап тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта ықыласымен орындайды.Баланың мектепке даярлығын А.А. Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формалдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар бар ынтасымен өзін оқушы сияқты ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала үшін кез келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады.Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі кеме психологы және балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Балабақшаға бармайтын бала болса, онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психологиялық физиологиялық шарттар бойынша анықталады.Медициналық шарттарға мыналар жатады:
-Анатомиялық биологиялық даму деңгейі;
-Тексеру кезіндегі науқастығы;
-Өткен жылғы науқастығы, мектепке қажетті функциялар дамуының психофизиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.
0.2 Баланы мектепке дайындау жолдары мен ұйымдастыру түрлері
Мектепке дайын болуды қалыптастыру - кешенді проблема, ол мамандар мен мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының басты назарын талап етеді. Баланың мектепке дайындығы - кұрамына тұлғалық және интеллектуалдық дайындық, сондай-ақ көру-моторлық координациясы дамуының жеткілікті деңгейі кіретін кешенді ұғым. Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады. Мектепте оқуға дайын оқушы, мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель, оқулық, дәптер, және т.б.) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез - құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай - күйінің даму деңгейінде көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.Мектепке баратын баланың мектепке баруға мотивациясы болуы қажет. Мотивация дегеніміз яғни баланың мектепке деген оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы.Мектепке дайын болуды оқып, санап, жаза алу ғана емес, сонымен қатар мектепке не үшін бару қажет екенін баланың өзінің түсінуі, білімпаз болуы, өз іс-әрекеттеріне жауап беруі, өз-өзіне қызмет көрсете алуы, үлкендердің (мұғалімнің, тәрбиешінің) қойған талаптарын орындауы, мектеп ішінде еркін қозғалуы, ұзақ уақыт отырып бір іспен айналысуы, ұстазды тыңдай білуі, құрбыларымен тіл табыса алуы деп түсіну керек. Кішкене кезінен балабақшаға барған баланың мектеп ортасына үйренуі қиындық келтірмеуі мүмкін, ал балабақшаға белгілі бір себептермен бара алмаған, күн тәртібіне үйренбеген балаға мектеп тәртібіне үйренісу қиынға соғары анық. Сол себептен мектепке бару уақыты жақындағанда баланы мектептегі даярлық топтарына, мектеп жанындағы жазғы лагерьлерге апару өз нәтижесін береді, бала қоршаған ортаға үйренеді, мектеппен танысады, бейімделу кезеңін өткереді.Соңғы кездерде мектепте елеулі өзгерістер болды, жаңа бағдарламалар енгізілді, мектептің құрылымы өзгерді. Бірінші сыныпқа баратын балаларға неғұрлым жоғары талаптар қойылды. Мектепте баламалы әдістемелердің дамуы балаларды неғұрлым қарқынды бағдарламалар бойынша оқытуға жағдай туғызды.Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің басты міндеті бала түлғасын жан-жақты дамыту және оны мектепке дайындау. Өмірдің оқыту мен тәрбиедеуді ұйымдастыруға жоғары талап қоюы оқыту әдістерін өмір талабымен сәйкестендіретіндей неғұрлым жаңа психологиялық-педагогикалық тиімді әдістерді іздестіруге итермелейді. Балалар психологиясында балалардың мектепке дайын болу проблемаларын зерттеу мәселелері Л. И. Божовичтің, Д. Б. Элькониннің, Н. Г. Салминаның, Е. Е. Кравцованың, Н. В. Нижегородцеваның, В. Д. Шадриковтың және т.б. жұмыстарында бар. Бұл авторлар Л. С. Выготскийден кейін оқу өзінен кейін дамуды алып келеді, сондықтан оқуды ондағы психологиялық функциялар жетілмей тұрып бастау керек деп есептейді. Оның үстіне, бұл зерттеулердің авторлары мектепте оқу жемісті болу үшін балалардың білім, білік және дағды жинағы емес, мектепте оқудың психологиялық алғышарты ретінде қарастырылатын оның тұлғалық және интеллектуалды дамуының деңгейі маңызды деп санайды.Мектепке дайын болу - тұлғаның жан-жақты даму нәтижесі және мектепке дейінгі педагогикада екі бағытта қарастырылады - жалпы және арнайы дайын болу. Дайын болудың аталған түрлерінің әрқайсысы мектепке дайындау бағыттарының тиісті нәтижесі болады.Мектепке арнайы дайын болу - балада мектеп пәндерін (математика, қазақ тілі, жаратылыстану) оқып үйренуге қажетті арнайы білім,білік және дағдылардың болуымен анықталады.Мектепке жалпы дайын болу - баланың мектепке барарда мектепте оқудың жаңа жағдайына белсенді кірісе алуы үшін және оқу материалын саналы түрде меңгеру үшін қажетті негіз болатын физикалық, психикалық, ақыл-ой, адамгершілік, еріктік, коммуникативтік, эстетикалық даму деңгейіне жетуінен көрінеді. Жалпы дайын болу бала мектепке барарда қол жеткізетін белгілі бір психикалық даму деңгейімен сипатталады және тұтас бір диагностикалық әдістеме кешенімен айқындалады.
2-БӨЛІМ. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОҚУҒА БЕЙІМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытудың даярлық сапасының жағдайын жүзеге асыруы қажет. Алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын. Себебі ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ол үлкендер ұсынған тілек-талаптарды өздігінше орындай алады. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады. Жақсы - жаман қылықтарды алып, нені істеуге, нені істемеу керектігін де біледі, яғни белгілі дәрежеде өздерінің мінез-құлықтарын басқара алады. Сондықтан бұл кезеңде мұғалімдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz