Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

“Қорғауға жіберілді”
“____”________2021ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып математика пәнінде геометриялық материалдарды
оқытудағы әдіс-тәсілдердің мәні

Мамандығы: 0111000 “Негізгі орта білім беру”
Біліктілігі: 0111063 “Математика мұғалімі”

Орындаған: 4-ум-1
тобының білім алушысы Е.Р. Әлімханова

Ғылыми жетекшісі
“____”________2021ж. Ә.А.Саяханова

Норма бақылаушы
“____”________2021ж. Ж.Слямбекова

Өскемен 2021 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-Теориялық бөлім. Бастауыш сынып математика пәніндегі геометриялық
материалдарды оқытудың
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
1.1 Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктері...9
1.2 Бастауыш мектеп математикасындағы геометриялық
түсініктер ... ... ... ..11
2-Практикалық бөлім. Бастауыш сынып математика пәнінде геометриялық
материалдарды оқытудағы әдіс-тәсілдердің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық ұғымдарды оқытудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен
орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-
білім және білімді ұрпақ. Білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның
ішінде білім мен тәлім – тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары
жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуде даңғыл жол ашылды.Бүгінгі заман
талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам
тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін
жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында, Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы
адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті
жағдай жасау- деп айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің
негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық
процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, білім мен тәрбиенің
алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, әлемді
біртұтас қабылдауы мен дүниежүзілік сапа деңгейіндегі білім, білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін білім мазмұнын құру-жалпы білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселе. Мектепте математика курсында геометрияны оқып-
үйренуге айтарлықтай орын берілген. Қазіргі қолданылып жүрген оқу
бағдарламасы мектепте оқылатын дәстүрлі геометриялық білім мазмұнына да,
оны оқыту жүйесіне де үлкен өзгерістер енгізді. Ғылыми-техникалық
прогрестің қазіргі заманға өскелең талаптарына сәйкес мектеп геометриясы
курсын аксиоматикалық тұрғыда құруда ұғымдар мен анықтамалар жүйесін
жасауда қатаңдық күшейтілді.Геометриялық білімнің жаңа мазмұны оқушы
мүдделерінің, мүмкіндіктерінің және пәнді өз бетінше оқып үйрену
қабілеттерінің, белсенділіктерінің түрлі болуына байланысты әрбір оқушы
белсенділігінің жоспарланған деңгейге жету үшін қажетті және жеткілікті
базистік білімдер жиынтығын қалыптастыру, яғни талдау, жіктеу, жүйелеу
талабын қоятындығы түсінікті. Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық
фигураларды оқыту жұмысын дамыту мәселесі – біздің зерттеу жұмысының негізі
болып табылады.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып математика пәніндегі геометриялық
материалдарды оқытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні – Математикалық теориялық негіздері және бастауыш сыныпта
математика оқыту әдістемесі
Зерттеу міндеттері :
-Оқушыларға геометриялық материалдарды оқытудың ғылыми теориялық сипатын
ашу;
-Бастауыш мектеп оқушыларының геометриялық түсініктерін қалыптастырудың
жолдарын қарастыру;
-Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту әдістемесінің
ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптың математика пәнінде геометриялық
материалдарды оқытудың тиімді жолдары пайдаланылса, онда: 1. Білім сапасы
артады.
2. Геометриялық мазмұнды есептерді дәл шығаруға үйренеді.
3. Өз ойын еркін айтады.
Зерттеу әдістері:
-зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып
үйрену және талдау;
-педагогикалық бақылау; сауалнама; әңгімелесу;
-психологиялық-педагогикалық эксперимент; эксперименттік зерттеу
мәліметтерін өңдеу.
Курс жұмысының құрылымы:
Курс жұмысы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1-бөлім. Бастауыш сынып математика пәніндегі геометриялық материалдарды
оқытудың мәселелері

Геометриялық материал бастауыш сыныптар үшін жеке бөлім ретінде оқу
бағдарламасына енгізілмейді. Оқу процессінде геометриялық элементтерді
үйренумен байланысты түрде жүргізіліді. Геометриялық мазмұндағы мәселелерді
шешу, есептеуді үйрету барысында геометриялық формаларды дидактикалық
материал ретінде пайдалану бұлардың бәрі оқушылардың геометриялық елестерін
нығайту мүмкіндігін береді. Геометриялық материалдарды үйрену: -
геометриялық формалар туралы елестердің жиынын топтастыруға (кеңейтуге);
-кеңістік туралы пікірлерін дамыту, талқылау, жалпылау, елестету дағдыларын
қалыптастыруға; - негезгі практикалық дағдыларды дамытуға; - балаларды
геометрияны үйренуге дайындауға қызмет етеді. Нүкте, кесінді, қисық сызық,
түзу сызық, көпбұрыш, квадрат, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, шар, куб —
бұлардың бәрі геометриялық фигуралар болып табылады. Кез келген
геометриялық фигура нүктелердің жиынынан тұрады. Ұлы жерлесіміз Мухаммад
Мұса әл-Хорезми, Ахмад Фарғани, Әбу Райхан Беруни, Мырза Ұлықбек және
олардың шәкірттері геометрия пәніннен өзінің еңбектері және ғылыми
нәтижелеремен байытқан. Геометрия түрлі фигуралардың бөлшектерін анықтау,
тексеру, олардың ұзындығы, ауданы, көлемін есептеумен шұғылданады. Азиз
оқушылар, сендер қарапайым фигуралар (тіктөртбұрыш, квадрат, үшбұрыш және
олардан құралған фигуралардың) жақтарының ұзындығын, бетін өлшеу және
есптеумен шұғылданасыңдар. Әрбір нәрсені өлшеу үшін өлшем бірлігі қажет.
Сондықтан да өмірде өте маңызды болған ұзындық, аудан өлшем бірліктерімен
танысасыңдар. “10-ға дейінгі сандарды цифрлау” тақырыбын үйренуде балалар
нүкте және кесіндімен танысады. Олардағы үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыштар
және басқа да көпбұрыштар туралы түсініктері кеңейеді. “100-ге дейінгі
сандарды қосу және азайту” тақырыбын үйренуде тікбұрыш, тіктөртбұрыш,
квадраттар, көпбұрыштардың бір түрі ретінде үйренеді. 3- және 4-сыныпта
геометриялық фигуралар туралы түсініктері кеңейіп, тереңдейді. Мұндай елес,
түсініктірді қалыптастыруда төмендегі тапсырмаларды пайдалану мүмкін: а)
Геометриялық фигуралар және олардың элементтері сызылады. (Мұндай жағдайда
қажетті терминдер үйреніледі, геометриялық фигураларды біліп алу және өзара
айырбастау дағдылары қалыптасады). ә) Торкөз дәптерде сызғыш пен үшбұрыш
фигураларын сызу. б) Фигураларды топтарға ажырату. в) Фигураларды
бөліктерге бөлу және бөлемдерден басқа да фигуралар жасау. г) Түрлі
предметтермен олардың бөліктерінің геометриялық фигурасын жасау. д) (4-
сыныпта) шартты белгілердің көмегемен геометриялық сызбаларды оқи алу
дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық элементтерді үйренуде төмендегі
методтарды: мысалы, геометриялық моделдеуден пайдалану, қағаз, шөп,
пластилин және сымнан фигуралардың моделін жасау, қағазда геометриялық
фигураларды сызу — балалардың санасында геометриялық елесті дамыту факторы
болады. Мұндай жағдайда материалдың түрі, реңі, өлшемдері, жазықтықтағы
көрінісін ескермеген жағдайда фигураларды таңдау тиіс. Балалар олардың
негізгі белгілері (фигурасы, геометриялық сапасын) анықтай алсын. Сонымен
қатар оқушылар геометриялық фигуралардың барлық сапасын ажырата алсын. Бұл
фигуралар елестің туры болуына жәрдем береді. Е) Мысалы, тікбұрышы
төртбұрышты үйрену процессінде балалар оның екі негізгі сапасы — төртбұрыш
екенін және бұрыштарының тік екенін түсініп алуы қажет. Геометрияның мектеп
курсында оның негізгі түсініктері сыныптансыныпқа өткен сайын өзгеріп
барады. Мысалы, “кесінді”, “бұрыш”, “көпбұрыш” сияқты ұғымдардың тобына
жатады. Сондықтан бастауыш сыныптың оқушыларына “Көпбұрыш не?” деп сұрақ
қою қате болатын еді. Бірақ бұл сұрақты басқаша “Көпбұрыш туралы не
белесің?” деген сұраққа балалар өз білімінің аясында жауап береді
(үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы бар). Төменгі сыныптың оқушыларын
геометриялық фигуралармен таныстыруда ерте бастауға болған әрекет тек қана
бағдарламалы талаптарды орындауға ғана емес сонымен қатар материалды натуры
меңгеруге дейінгі қателіктерге жол бермеуге, мысалы, оқушылар квадраттың
тік бұрышты төртбұрыш екенін аңғармайды, көпбұрышты фигуралардың есебіне
тек бесалты бұрышты фигураларды жатқызады. Бастауыш сыныптарда геометриялық
материалдарды үйренуде балалар ең қарапайым ұғымдар: тік және тік болмаған
бұрыштар, көпбұрышты фигуралар (бұрыштардың санына қарай үшбұрыш,
төртбұрыш, бесбұрышпен) танысады. Жаттығуларды тәртіппен жүргізу тиіс. Онда
балалар квадратты тіктөртбұрыш, төртбұрыш немесе көпбұрыш фигурасы деп атай
алсын. Геометриялық материалды үйренуде сызба мен өлшеу аспаптарын қолдану,
қарапайым сызбаларды сызу, геометриялық фигуралардың бейнесін жасаумен
байланысты болған практикалық жұмыстар балаларда тиісті жағдайлардың пайда
болуына қызмет етеді. Мұндай жағдайларда орындалып жатқан жұмыстарды сөзбен
сипаттау, бағдарламада көзделген символ (белгі) және терминдерде қолдана
білуі үлкен маңызға ие. Бастауыш сыныпта геометриялық фигураларды жасауға
және өлшеуге қатысты дағдылар балалардың санасында ұзақ уақыт сақталады.
Құрылғылардың нақтылығы мен өлшеуге тиісті бастапқы елестер балалардың
санасында бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. I сыныптың оқушылары
сызғыштың көмегімен кесінділерді 1 см-ге дейін анық өлшеу дағдысына ие
болуы қажет. Мұндай жағдайда қажетті практикалық жұмыстарды орындалуын
тұрақты түрде бақылау қажет. Сызғыш аспаптары мен қарындаштарды пайдалануда
балалардың алдына жазу және есептеу жағдайларын қалыптастыру сияқты күрделі
талаптарды қою қажет. Сызу мен өлшеуге тиісті дағдыларды қалыптастыру
жұмыстарын біртіндеп тек математикада ғана емес, басқа пәндерде, соның
ішінде еңбек сабағын, бейнелеу өнерін, табиғаттану сабақтарын да пайдалану
қажет. Оқушыларды геометриялық фигуралармен таныстыру методикасы. Тақырыпты
үйренудегі мақсат. 1. Нүкте, кесінді, бұрыш, көпбұрыш, тікбұрыш, квадрат
сияқты геометриялық фигуралар туралы нақты елестер мен түсініктерде
қалыптастыру. 2. Сызу аспаптарының көмегімен және олардың көмегінсіз
геометриялық фигуралар жасау үшін практикалық тәжерибе және дағдыларды
қалыптастыру. 3. Оқушылардың кеңістік елестерен нығайту. Бастауыш сынып
оқушыларының геометриялық фигуралар туралы елестерін қалыптастыру
методикасы жоғарыда айтылған міндеттерді арнайы қояды және төмендегі
басқыштарды өз ішіне алады: I басқыш (дайындау) — балалардағы геометриялық
фигуралар туралы жалпы түсініктерді анықтау (балалардың өмірлік тәжерибесі,
моделі, түрлі фигураларды пайдаланып, практикалық жұмыстарды орындау). II
басқыш — Оқушылар мен практикалық жұмыстардың негізінде олардағы
геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру. III басқыш —
Үйренілген материалды есте жақсы сақтап қалу үшін фигуралар жасауға тиісті
арнайы таңдалған жаттығу мен мысалдарды орындау. Оқушыларда геометриялық
фигуралар туралы жалпы түсініктері “10-ға дейінгі сандарды үйрену”
тақырыбын өту барсында тағы бір рет анықталады. Алғаш бұл фигуралар
(шеңбер, көпбұрыш, квадрат және т.б.) материал ретінде пайдаланылады. Онда
балалар есептеуді мұндай фигуралардың көмегімен, мысалы, 3 квадрат, 8
шеңбер, 5 көпбұрыш сияқты немесе кеше көпбұрыштар, қызыл немесе көк
шеңберлерді санау жолымен жүргізіледі. Мұндайда геометриялық фигуралардың
атаулары мен айтылуына назар аударылады. “Кесінді” туралы сөз болғанда,
оқытушы жақын маңайдағы предметтер — (қарындаш, сызғышты) пайдаланып,
кесіндіні қағазда қалай бейнелеу қажеттігін көрсетеді.

1.1 Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктері

Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып
қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық
материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан
бастауыш сыныпта: кеңістік турады түсінік, нақты фигура туралы ұғым,
геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар,оларды ажырату,
геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың бастама білігін
қалыптастыру, әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру және т.б.
қарастырылады.
Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама
кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен
туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады,
сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек
білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары,
көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден
құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде
біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық
фигуралар бір тұтас деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен
таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының
қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-
нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың,
төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері (бұрыштары, төбелері,
қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық
фигуралардан бастуыш сыныпта: сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған және
тұйықталмаған қисық сызықтар) нүкте, сәуле, бұрыштар қарастырылады.Сондай-
ақ, көпбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше,
шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер
оқытылады.Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім
қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:
1. Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.
2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік
қалыптастырылатын есептер.
3. Көпбұрыштың периметрін,ауданын табуға арналған есептер.
4. Салу есептері.
5. Геометриялық фигураларды саралауға арналған тапсырмалар. (Бір топ
фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаздеген сияқты).
6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура
құрастыру.
7. Әріпті пайдалана отрырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.
8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын
анықтау.

1.2 Бастауыш мектеп математикасындағы геометриялық түсініктер

Геометриялық білімінің пайда болатын көзі біреу, ол тәжірибе. Ойын, әртүрлі
жұмыс т.с.с. түрінде айналадағы табиғат, тіршілік жағдайларымен танысудан
балалар геометрияның негізгі түсініктері туралы ұғым алады. Тәжірибе және
бақылау, геометриялық білімінің бастапқы көздері болады.Геометриялық
білімінің пайда болуының екінші жолы логикалық ойлау болып табылады.
Жоғарыда келтірілгендер геометриялық білімінің пайда болу көздері.
Дұрысында, бақылау тәжірибе қандай оңай болғанмен де, қандай нақтылы түрде
кездескенмен де, оқушы тіпті жеңіл желпі түрде болса да талқылап тексермей,
логикалық жүйеге соқпай кете алмайды. Мысалы, шырпыдан салынған үщбұрыш пен
квадратты салыстырғанда көрінеді.Бастауыш сыныптарда геометрияны оқыту
кезінде, әр материалға байланысты, геометриялық ойлау қабілетін дамыту
барысындағы мұғалімінің ең негізгі мәселесі әдістемелік бағытты анықтап алу
керек.Геометриялық фигуралар және олардың қатынастары жөніндегі түсінік оны
елестете білуге дейін жүргізіле береді.Геометриялық фигуралардың әртүрлі
модельдерімен танысу кезінде, оқушылар олардың материалына, түсіне,
салмағына тәуелсіз жағдайларын ескере отырып, геометриялық фигуралардың
жалпы қасиеттерін анықтайды.Мұның барлығын да геометриалық объектілерге
материалдарда қолдану нәтижесінде қол жеткізеді. Мысалы, сызғышты
пайдаланып түзу сызық сызғанда, ол тек объект ғана емес, керілген жіп, екі
жазықтықтың қиылысуынан пайда болған сызық (мысалы, қабырға жазықтығы
мен еден жазықтығы) материалдық заттарды пайдалана отырып,
оқушылар геометриялық елестетуді меңгере бастайды. 1 сыныпта
қоршаған ортадағы материалдық заттармен, фигуралармен алғашқы таныстық және
олардың аттарымен танысу кезеңі аяқталады. Оқушыларда бірте -бірте
фигураларды оқу схемасы өңделе бастайды, оларға анализ және синтез жасау
схемасы, сөйтіп, әрбір фигураның қасиетін меңгеруі жеңіл түрде
жүреді.Әдістемеде геометриялық фигураларды қою және қарама-қарсы қою
тәсілдеріне ерекше орын беріледі. 1 сыныпта фигуралар жиыны ішінен шеңбер
жиынын, көп бұрыш жиынын және т.б. бөліп алуға көңіл аударылса, ал 2 - 3
сыныптарда фигуралардың қасиеттерін нақтылауға және классификациялауға мән
беріледі. Жазық фигуралар (шеңбер -көпбұрыш, дөңгелек -шеңбер және т.б.)
кеңістік фигураларды (шаршы-текше, шеңбер, шар және т.с.с.) қою және қарама-
қарсы қоюға ерекше назар аудару керек. Мысалы, текшемен таныстырғанда,
оның нүктелерін, кесінділерін, көпбұрыштарын табуды көрсету қажет.Бастауыш
математика курстарында оқып үйренудегі басқа материалдармен байланысыны
ерекше айтқан жөн. Бұл байланыстың негізі болып сан мен фигура арасындағы
қатынасты орнату мүмкіндігі. Бұл сан түсінігін қалыптастырудағы сан
қасиеті, оларға қолданылатын амалдардан фигураны қолдану керісінше,
геометриялық образдарды оқып үйренуден сан ұғымын қолдану.1 сыныпта фигура
модельдерін санау үшін қолданады. Кейінірек объекті ретінде фигура
элементтері пайдаланылады. Мысалы, көпбұрыштың төбелері, қабырғалары.
Сонымен қатар оқушылар кесінділерді өлшеумен де танысады. Бұл кесінді мен
сан арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді. Ал 2 сыныпта кесінділер
(нүктелер) және сандар арасында тікелей байланыс орнатылады. Геометриялық
фигуралар оқушылардың бірлік үлестерімен танысу кезінде де қолдану
қажет.Бастауыштың әртүрлі оқу пәндерін оқыту кезінде оқушылар сабақ үстінде
қоршаған орта құбылыстары туралы, оның қасиеттері жайында нақтылай
түсініктер алады. Мысалы, балалар графикалық сауаттылыққа үйрену үшін,
таяқшаларды салады, торкөзді белгілейді және т.б.Геометриялық фигуралар
жайлы алған білімдерін бекітуде басқа пәндердің мүмкіндіктерін де айтуға
болады. Мысалы, табиғаттану сабағында оқушылар горизонт сызығы және
горизонтпен танысу кезінде, оларда дөңгелек және шеңбер женінде түсінік ала
алады.
Геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту болып табылады. Сондықтан да,
геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту барысында оқушылар тікелей олармен
практика жүзінде танысып жұмыстар жүргізу керек. Мысалы, балалар математика
сабағында өлшеу және салу жұмыстарын атқарады. Еңбек сабағында формаларын
илеп жасап, модельдерін қиып, ал сурет сабағында бейнелеу жұмыстарын атқару
керек. Келтірілген мысалдардан, әртүрлі пәндерді оқи отырып, геометриялық
формалар жайында білімдер жинақтайды. Олардың нақтылы және
абстрактылы ойлау қабілеттері өңделеді. Сонымен қатар, геометриялық форма,
геометриялық фигура, фигуралардың қасиеттері мен қатынастары туралы сапалы
түрдегі түсініктері қалыптаса бастайды. Осы мәселелер түгелге жуық
әдіскер A.M. Пышкалоның еңбектерінде қарастырылған.Геометриялық
материалдарды оқыту мектеп курсының барлық оқу жылына бірдей етіп бөлінеді.
Қазіргі 1 сынып математика оқулығы да осылай құрылған. Геометриялық есептер
мен жаттығуларға арналған. Заттардың ұзындығы, олардың кеңістікте езара
орналасу мен қатынастары жайлы алғашқы түсінік беру.Балалар мектепке
дейінгі кезеңнің өзінде-ақ олар кеңістік туралы қоршаған ортадағы әртүрлі
заттардың формасы, өлшемі, және өзара орналасуы жайында көп түсінік
жинақтайды. Осы түсінік келешекте негізгі геометриялық түсініктерді, сосын
ұғымдарды қалыптастыруда қажет негіз болып табылады. Сонымен бірге ойын
үстінде, практика жүзінде заттардың формаларымен, олардың жеке бөліктерімен
танысады. Мысалы, дөңгелек (цилиндр) немесе доптың ( шар ) секіретін
қасиетке ие екендігін, ал қорапша да (призма) мұндай қасиет жоқтығын
балалар бірден - ақ аңғарады. Осы физикалық қасиеттерде балалалар
интуитивті түрде дене формасымен байланыстырады. Балалар жинақтаған тәжирбе
және терминдік сөздер кездейсоқ болғандықтан оқытудың міндеттерінің
бірі жинақталған түсініктерді анықтау және сәйкес терминдерді меңгеру. Осы
бағытта жүйелі түрде әртүрлі жаттығулар беру керек Заттар арасындағы
қатынастар: "бірдей", "әртүрлі", "үлкен", "кем", және т.б. сөздер нақты
заттармен (қағаз белігі, таяқша, доп, және т.б.) немесе солардың кескінімен
(сурет, сызба) орнатылады. Осы қатынастарды түсіндірудегі мысалдарда
негізгі белгілер "дәл" көрініс табуы қажет.Салыстыру, мысалы, берілгені екі
таяқшаның қайсысы "үлкен" деген сұрақты қойғанда, екі таяқшаның да
қалындығы бірдей болу керек (немесе ұзындығы бірдей). Барлық кезде де екі
затты салыстырғанда "салыстыру белгісі" айқын көріну қажет немсе оқушылар
бірден ажарататындай болуы керек. Диаметрі мен түсі әртүрлі шарларды
салыстыру оңай, ал шарлардың диаметрі әртүрлі болып түсі бірдей болған
жағдайда қиын соғады (бірінші кезде). Бұл жағдайда оқушылар "Шарлар бірдей
"(түсіне қарап) деп жауап береді. Оқыту барысында заттың геометриялық
қасиетін оқыту барысында ол заттың қандай материалдан жасалғандығы, түсі
ескерілмейді, оның өлшемі, элементтерінің өзара орналасуы, формасы
ескеріледі.Геометриялық фигура - бұл нүктелер жиыны, геометриялық фигураға
жеке бір нүктеде, және шекті, шексіз алынған нүктелер жиыны да жатады.
Сондықтан да, біз оларды абстрактылы дейміз.Практикада біз, реальды
заттардан жасалған фигуралардың модельдерін қарастырамыз. Мысалы,
қаламсаптың ұшы нүкте болады және т.б. Заттардың формасы, қасиеті, өлшемі
массасын ескермей, оны геометриялық фигура туралы түсінік аламыз.
Геометрия негіздерін оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін оқушылардың кеңістік
түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Геометриялық
оқыту бұл оқушылардың ғылыми - дүние танымдық қабілетін артырудың бірден -
бір жолы.
Оқушылардың фигура периметрі жайында белгілерін күрделілрек теңдеулердің
құрамына енетін әріпті өрнектерді құруға үйрету мақсатында да қолданудың
мүмкіндігі бар. Сондай жаттығулардың мысалдарын келтірейік.
1.Суретте берілгендерді пайдаланып және фигуралар нөмірлерін мынадай 3, 1,
4, 2 ретте ала отырып олардың периметрлері үшін әртүрлі өрнектер құрыңдар.


2. Суретте берілгендерді пайдаланып, АК кесіндісінің ұзындығы үшін әр.
түрлі өрнектер құрыңдар.

3.Суретті қараңдар:

Суретте берілгендерді пайдаланып, фигураның периметрі үшін әр. түрлі
өрнектер құраңдар. Тапсырманы мынадай тәртіппен орындаңдар: екі
қабырғасының ұзындығы тең үшбұрыш, квадрат, барлық қабырғаларының
ұзындықтары үшбұрыш: тік төртбұрыш үшін,Төртбұрыштың іргелес екі
қабырғасының әрқайысысы х см , ал былайғы екі қабырғалары 5 сантиметрден.
Оның периметрін ең қолайлы тәсілмен өрнектеп беріңдер.
5.Үшбұрыштың бір қабырғасы х см, ал былағы екі қабырғасы 5 сантиметрден.
Оның периметрін ең қолайлы тәсілмен өрнектеп беріңдер.
6.Квадраттың қабырғасы х см. Оның қабырғасын 2 см арттырып, екінші бір
квадрат шығарып алды. Сонда шыққан квадраттың периметрін ең қолайлы
тәсілмен өрнекпеп беріңдер.
7.Квадраттың қабырғасы х см. Оның қабырғасын 2 см кемітіп, екінші бір
квадрат шығарып алды. Сонда шыққан квадраттың периметрін ең қолайлы
тәсілмен өрнектеп беріңдер.
8.Үшбұрыштың екі қабырғасы 2 сантиметрден. Ұзындығы х см үшінші қабырғасын
3 есе арттырып, екінші бір үшбұрыш шығарып алады. . Сонда шыққан үшбұрыштың
периметрін ең қолайлы тәсілмен өрнекпеп беріңдер.
Іргелес қабырғалары х см жіне 3 см тік төртбұрыштың периметрін өрнектеңдер.
Егер оның периметрі 20 см болса, қандай теіңдік құруға болады.Қабырғасы х
см квадраттың периметрін өрнектеңдер. Егер оның периметрі 28 см болса,
қандай теңдік құруға болады ?
Бір қабырғасы х см, ал былайғы екі қабырғасы ? ? сантиметрден болатын
үшбұрыштын периметрін өрнектеңдер. Егер оның периметрі 21 см болса, қандай
теңдік құруға болады ?
Осыларға ұқсас жаттығуларды квадрат пен тік төртбұрыштың ауданы жайында да
құрастыруға болады. Бұларды пайдалану сәйкес білімдерді қолдану дағдысын
кемелдендіре түседі.

2-Практикалық бөлім. Бастауыш сынып математика пәнінде геометриялық
материалдарды оқытудағы әдіс-тәсілдердің мәні

Мен Әлімханова Еркежан Рауанқызы диплом алды іс-тәжірибені Шығыс
Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
Ю.Гагарин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде іс
–тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе барысында 5-8 сыныптар арасында сабақ
жүргіздім мұғалім Ильдербаева.Ф болды бастауыш сыныптан 2-сынып берілді
Дуанбаева.Т болды.Машық барысында оқушылармен әр-түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдаланып жұмыс жүргіздім.Машық барысында жасаған жоспарлардың біреуін
талдап көрсету мақсатында алдым.
Бөлім: Ертегі халық қазынасы
Педагогтің Әлімханова Еркежан
аты-жөні
Күні: 12.03.21
Сынып: 2 Ә
Сабақтың тақырыбы Есептер шығару
Оқу бағдарламасына2.5.1.4. Санды бірнеше есе арттырукемітуге; еселік
сәйкес оқыту салыстыруға берілген есептерді талдау жəне шығару; кері
мақсаттары есептерді құрастыру жəне салыстыру.
Сабақтың мақсаты Санды бірнеше ессе арттыруды үйренеді.
Бағалау Еселік салыстыруға берілген есептерді шығарады және
критерйлері талдайды

      Сабақтың барысы
Сабақтың Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
кезеңі
уақыт
І. 1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, Оқушы үйге берілгенМадақтау
Сабақтың бағалау критерийлері есепті тексертеді сөздердің
басы таныстырылады. талдайды көмегімен
Оқушылармен амандасу Сабаққа оқушыларға
қатысушы оқушыларды түгендейді. қолдау
Үйге берілген тапсырманы Оқушы емес көрсетіп, кері
тексереді сөзімен ақиқат байланыс
тұжырымдар беремін.
құрастырады

Жаңа сабақты меңгеру. Бұл тапсырмада оқушы өз ойын Бас бармақ
Сабақтың 1-Тапсырма: ортаға салуға, сыни ойлануға әдісі
ортасы дағдыланады.
2-тапсырма:
Суретті және сұлбаларды
пайдаланып,өзара кері үш есеп
құрастыр.

Оқушылар сұлбаларды пайдалана
3-тапсырма отырып кері есеп құрастырады
Есептер құрастыр. Оларға екі
амалмен шығатындай,сұрақтар
таңда.



Оқушылар есеп құрастырады.
Сабақтың 3. Рефлексия оқушы А-4 параққа желпуіш
аяғы жасап, әрбір бөлігіне кезекпен
түйінді идеялар жазады.

Өзімнің практикам кезінде оқушылардың өзіндік ізденуге, шығармашылықпен,
дербестікке ұмтылысына диалогтік окытудың маңызы зор болды деген шешімге
келдім.Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты
талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге
жетелеу керек екеніне көз жеткіздім.І – ІV сыныптарда геометриялық
материалды оқып үйренудің негізгі міндеттері оқушылардың нүкте, түзу сызық,
түзу кесінді, сынық сызық, бұрыш, көпбұрыш, дөңгелек сияқты геометриялық
фигуралар туралы айқын түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру
болып табылады.
Мұнда геометриялық мазмұнды жаттығулар мен есептер жүйесі және олармен
жұмыс істеу әдістемесі балаларда кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру,
абстракциялау және жалпылау біліктерінің дамуына ықпал жасауға тиіс.Оқыту
міндеттерінің бірі – оқушыларда чертёждік және өлшеуіш аспаптардың
көмегімен және оларсыз (көз мөлшерімен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с.) өлшеудің
және геомтриялық фигураларды салудың практикалық біліктерін қалыптастыру
болып табылады. Сондай – ақ салулар мен өлшеулер туралы алғашқы түсінік
берген жөн.Бағдарлама белгілеген есептерді ескере отырып, геометриялық
материалды оқып үйренгенде, әр түрлі көрнекі құралды пайдалану керек
болады. Олар түсті картоннан немесе қалың қағаздан жасалған
демонстрациялық, жалпы сыныптың геометриялық фигуралардың модельдері әр
түрлі формадағы нәрселердің, фигуралары кескінделген плакаттар, сондай – ақ
геометриялық фигуралар, тақтадағы чертёждар, диафильмдер. Сонымен қатар
жеке көрнекі құралдар: жолақ қағаз; ұзындықтары әр түрлі таяқшалар,
қағаздан қиып алынған фигуралар және фигуралардың бір бөлігі сияқты
үлестірмелі материал талап етіледі. Жеке тақырыпты оқып үйренгенде
балалармен қолдан мынадай көрнекі құралдар жасаған пайдалы: тік бұрыштың
моделі, бұрыштың жылжымалы моделі (малка), палетка, ауданды өлшеу
бірліктерінің моделі т.б.Тақтада чертёждерді орындау үшін сыныпта чертёждік
- өлшеуіш аспаптар жиынтығының: сызғыштың, чертёждік үшбұрыштың, циркульдың
болуы қажет. Осы тәрізді аспаптар әр оқушыда болуы тиіс.Геометриялық
материалды оқып үйренудің неғұрлым тиімді әдісі болып табылатын мына сияқты
лабораториялық – практикалық әдістер: қағаздан, таяқшалардан, сымнан
фигуралардың модельдерін жасау; сызу, өлшеу т.б. Мұнда елеусіздеу
белгілерін (түсі, өлшемі, жазықтықта орналасуы т.т.) өзгертіп ала отырып
объектілердің алуан түрлілігін қамтамасыз етудің, балаларға елеулі
белгілерін – нәрселердің формасын, фигуралардың қасиеттерін т.б. айырып
көрсете білуді меңгеруіне көмек берудің маңызы зор.Геометриялық түсініктер
мен ұғымдарды қалыптастыру өздігінен және мейлінше айрықша бағытты ұстана
отырып, орындалатын болса да мүмкін болатын жерде сабақта геометриялық
материалды оқып үйрену арифметикалық және алгебралық материалды оқып
үйренумен байланыстырылуы тиіс.І - ІV сынып оқушыларына геометриялық
материалдың мәнін аша отырып, нәрселердің формасы, өлшемдері және
кеңістіктегі өзара орналасуы туралы алғашқы түсінікті балалар мектепке
дейінгі кезеңде – ақ жинақтайды. Ойын процесінде және практикалық
қызметінде олар нәрселерді пайдаланып отырады, оларды қарайды, қолдарымен
ұстап көреді, суретін салады, пластилиннен жасайды, конструкциясын жасайды
және басқа қасиеттерінің ішінен олардың формасын бөліп көрсетеді. Мектеп
жасына дейінгі көптеген балалар шар, куб, дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тік
бұрыш формалы заттарды дұрыс көрсете алады. Алайда ұғымдарды жалпылау
дәрежесі онша жоғары болмайды: балалар квадратты тік бұрышпен шатастырады,
егер нәрсенің өзі оларға таныс болмаса, ол заттың таныс формасын тани
алмайды. Фигуралардың қабырғалары мен бұрыштарының әдеттенбеген қатыстары;
жазықтықта әдеттегіден басқаша орналасуы, тіпті фигуралардың өте үлкен және
өте кішкене өлшемдері баланы шатастырады. Фигуралардың аттарын балалар
көбінесе нәрселердің аттарымен шатастырады немесе ауыстырып айтады (мысалы,
балалар үшбұрышты бұрыш, қақпақ, жалауша т.с.с. деп атайды).Егер
санақ басы орны баланың өзі болса, онда нәрселердің кеңістіктегі орнын
сипаттай отырып, мектеп жасына дейінгі балалар кеңістік қатынастарды (оның
өзіне қатысты алғанда сол жақтан – оң жақтан, алдыңғы жақтан – артқы
жақтан, жоғарыда – төменде, жақынырақ – алысырақ т.с.с.) еркіндеу
тағайындай алады. Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына геометриялық материалдар жайлы түсініктерін қалыптастыру
Қазіргі бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориялық негіздері
Толық жүздіктерді қосу және азайту
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының геометриялық ұғымдарды және геометриялық материалдарды оқыту жолдарын зерттеу
Бастауыш сыныпта математика сабағын дамыта оқыту
2 – сынып математика пәні мазмұн ерекшеліктері
Математика оқу бағдарламасы 1 - 4 сыныптар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіші жастағы оқушылардың геометриялық шамаларды зерттеу әдістемесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz