Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілетін дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілетін дамыту»

Группа: МД-9-19

Орындаған: Ауез А.

Қабылдаған: Идирисова М. А.

Саран-2023 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау ерекшеліктері, дамыту жолдары

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің өзгерістерге ұшырауы

2-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауды зерттеу әдістері

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының ес процесінің психологиялық теориясы

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін арттыратын ойындар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Әл-Фараби: «Құрғақ жаттап алғаннан гөрі ұғынып алу жақсы, өйткені жаттап алу көптеген сөздермен, сондай-ақ адамдармен (есімдерімен) байланысты, бұлар (өз кезегіне) ұсақ-түйегіне дейін еске сақтауды талап етеді және мұның өзі үнемі солай болады да, бұлардан еш пайда жоқ. Жаттап жадына сақтап қалуға ұмтылған (адам) мақсатына жете алмайды, мұнысы босқа кеткен еңбек болады да қояды. Ал ұғынып алу оның мәнін және заңдарды тұжырымдаулармен (анықтаумен) байланысты» (Әл-Фараби, «Сауалдар және олардың жауаптары» трактатынан) . Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды. Есте қалдырудың нашарлығы баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан, зейінсіз отыратындығынан да болады. Баланың есі туғаннан былай қарай дами бастады. Мәселен, төрт-бес айлық бала стакандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын күйдіріп алған. Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бұл - балада тану процесінің өте ерте басталатынын көрсетеді. Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек; Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртты, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» (А. Құнанбаев, Отыз бірінші сөз) .

Курстық жұмыстың көкейтестілігі : Мектепке дейінгі балалардың ес түрлері-нің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог-практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді. Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетін дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасауымыз қажет. Мектепке дейінгі балалар -балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік дярлығына ең қолайлы (сензитивті) кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы дегеніміз -олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.

Мектепке дейінгі баланың есте сақтауында және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі зеңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі. Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің «жұмақ» сынды кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді. Яғни, мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды. Л. Е. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А. Е Смирнов пен П. М. Зинченконың, Л. Н. Леонтьевтің тәжірибелерінің қазіргі психология ғылымы үшін маңызы зор. А. А. Любшинскаяның зерттеу жұмыстары, Э. И. Маслимскердің тәжірибесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірибелерге негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерінен қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

-есте сақтау ерекшеліктерін қалыптастыру;

-баланың есте сақтау ерекшеліктерін дамыту жолдары;

-есте сақтау деңгейін анықтау.

Зерттеу болжамы:

Мектеп жасына дейінгі баланың ес түрлерінің қалыптастырудың тиімді жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі түрде балалармен ес процесін дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда ес түрлері жақсы нәтиже береді.

Зерттеу пәні: Психология

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Балалардың есте сақтау қабілеті туралы жалпы ұғым

Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі - оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі - жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан - жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Л. С. Выготскийдің айтуынша "естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты" деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады. А. Н. Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады. А. Н. Леонтьев «Егер адамға есте сақтауға көмектесетін психологиялық процестер мен операциялардың генетикалық ауысуын және ес даму тарихының реалды мазмұнын құрайтынын қарайтын болсақ, онда екі әр түрлі естердің - логикалық және механикалық естердің барлығы туралы ескі түсінікті бірегей функцияның бірегей процесс дамуы алмастыратындығы ашылады», деп жазды. А. Н. Леонтьевтің ойынша, ес даму процесінің мәні, мінез-құлықтың жоғарғы даму кезеңінде ерекше биологиялық қасиет ретіндегі естің орнына, адамның әлеуметтік өмір сүру жағдайында ес орындайтын функцияны атқаратын, яғни есте сақтауды жүзеге асыратын психикалық процестердің күрделі функционалды жүйесінің қалыптасуы болып табылады. Есті әрекет немесе іс-әрекет ретінде түсіну 20-30-шы жылдардағы ес психологиясының мәнді жетістігі болып табылады. Осыған орай П. И. Зинченко, осы көзқарастардың арқасында, «Г. Эббингауз сияқты есте сақтау нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ есте сақтаудың іс-әрекеті мен оның ішкі құрылысын да зерттеу мүмкін болды», деп жазды. Ес тарихи дамушы пәндік іс-әрекет өнімі ретінде қарастырылды, яғни ес зерттеу пәні, ал іс-әрекет оның дамуы мен қызметінің түсіндіруші принцип ретіндегі мәні бар жаңа методологиялық бағыт қалыптасты. Ес құрылымына "стимул - құралды" енгізу тек процестің құрылымын толығымен қарастыруға ғана емес, оның құрамын да қайта қарастыруға әкелді. Одан әрі ес мәселесін зерттеуге соңғысы өз әсерін тигізді. П. И. Зинченко, А. А. Смирнов еңбектерінде есте сақтаудың әр түрлері негізінде жатқан процестерді құрылымдық-функционалды талдау мәселесі қойылған. П. И. Зинченко «ырықсыз есте сақтау өз дамуында арнайы әрекет сияқты, осы психикалық әрекеттің реалды мазмұнын кұрайтын: есте сақтаудың заты, мақсаты, мотиві, құралдарының сипатына қарай әр түрлі формаға ие болады», деп жазды. Есте сақтау кұрылымы осы компоненттердің ауысу сипатына қарай өзгереді. Бірақ, есте сақтау сипаты жекеленген компоненттердің өзгеруіне емес, бүкіл есте сақтау құрылымының өзгеруіне байланыстылығын П. И. Зинченко атап көрсетеді. Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу барысындағы маңыздылығын П. П. Блонский былай жазды, "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы - ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес - логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға, сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді. В. И. Самохвалова, К. П. Мальцев, З. М. Истомина жүргізген мектеп жасына дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді. Г. Г. Гордилова, И. А. Зимняя, Н. С. Магина және т. б. еңбектері естің шет тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей қатысатынын көруге болады. И. А. Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді: оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес жетекшілік етеді. Т. В. Зотова зерттеу нәтижелерінде қабілеттердің функционалды механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.

1. Операционалды механизмдер "интермодальды", яғни, есту және көру есте сақтауларына бірдей ортақ.

2. Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдерді есте сақтау процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.

3. Материалды құрылымдық ұйымдастыру механизмдерді қолдану деңгейіне тікелей әсер ететіндігі туралы қорытындыға келді. Бастауыш мектеп оқушыларының механикалық естері мен ойлаулары арасында тығыз байланыс бар деуге негіздер жеткілікті. Кез келген материалды меңгеруде бұл жастағы балалар есте сақтаудың логикалық тәсілінен гөрі механикалық тәсіліне көбірек сүйенеді. Балалардың механикалық есте сақтауға ден қоюы, оның өмірлік тәжиірбесі мен білімінің аздығынан, негізгі ойлау операцияларының қалыптасуының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Мұның өзі логикалық естің дамуы мен қалыптасуына кедергі келтіреді. Сондықтан бірінші сынып оқушыларын логикалық ес тәсілдеріне үйретпесе де, оларда білім меңгеру жылдамдығы мен тездігінде айтарлықтай индивидуалды айырмашылықтар байқалады. Бірінші сыныптағыларда, бала үшін өз өмірінің эмоцияға бай мәліметтері мен оқиғаларын тіркейтін ырықсыз ес жақсы дамыған. Бірақ бірінші сынып оқушылары мектептегінің бәрін есінде сақтауға тиісті емес. Сондықтан тура ес жеткіліксіз болады. Қабілеттік процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғарғы танымдық мотивациясы екенінде дау жоқ. Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады. Бастауыш мектеп жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері, осы кезең бойында әркелкі және І-ІІ және ІІІ-ІҮ сынып оқушыларында айтарлықтай ажыратылады. 7-8 жастағы балалар үшін материалды ұғына, ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың, есте сақтау процесінде не туралы ойладың, деген сұрақтарға көп жағдайларда жай ғана есте сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің нәтижелік жағына да әсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін бірдеңе арқылы есте сақтағаннан гөрі, тек есте сақтау керек деген бағыттылықты орындаған жеңіл. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Біздің әрбір толғанымсыз, әсерленуіміз бен әрекет - қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Өткен тәжірбиемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Адам өзінің өмірде қөріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар мида сақталады және қажет уақытта қайта жаңғыртылып, еске келеді. Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл - күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үдерісі деп аталады. Жүйке үдерісінің уақытына байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғаңдар еске түседі. Есті бұл күйі қайта жаңғырту делінеді. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін - бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің еске қалғаны естің материалы делінсе, ал еске сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс - әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады. Естте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес үдерістері болып саналады. Ес адам

тіршілігінде маңызды орын алады. Еске қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәреске дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің барінің ес үдерісінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласыңда да ерекше маңызды орында. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған - еске қалдырудың механизмі. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялык болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес үдерісінің осы көзге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әртүлі идеялар бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптаскан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт - биохимиялық тұрғыда іздестіру қосылып отыр. Ес - бұрынғы тәжірбиені ұйымдастыру және сақтау үдерістері; осы арқылы бұрынғы тәжірбиені қайталап пайдалану немесе сана саласына қайта оралту жүзеге асырылады.

Ес субъектінің басынан өткенін қазіргісімен және болашақтығысымен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізі болатын аса маңызды танымдық функция болып табылады. Ес бір - бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық үдеріс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірбиесін жинақтап, сақтап соңғы пайдасын жаратады. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда

болған бейнелер із - түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады.

Негізінен, талантты адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе, суретшілердің, композитор - лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал, эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.

Ес үдерісіне зерттеулер жүргізген ғалымдар:

Г. Эббингауз - Таза ес заңдылықтарын ашты.

Э. Крепелина - Есте қалдыру (жаттау) әрекеттерін тексерді.

Г. Э. Мюллер - Естің бекуі және қайта жаңғыруын зерттеді.

Л. С. Выготский - Естің жоғары формаларын жүйелі зерттеді.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау ерекшеліктері, дамыту жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz