Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырып:Бастауыш сынып оқушыларының ойын процесінде адамгершілікке
тәрбиелеу.

Орындаған:Далабай К.
Тексерген:Копишева А.Д.

Саран-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Оқушыларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу проблемасының
қазіргі жағдайы: мақсаты, мәні, принциптері ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын ойын арқылы адамгершіліке тәрбиелеудің
педагогикалық-психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
1.2 Баланы жеке тұлға ретінде ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған
бағдарламалар және оларды пайдаланудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 11
2-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеу ... ... ... ... 24
2.1 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты
мақсат ... ... ... ... ... ... ... 2 6
2.2 Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана
үлгісі ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: XXI ғасырға енді аяқ басқан жаңа
жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап,
өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді,
рухани интеллектуалдылығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын
түбегейлі жаңарту көзделуде. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің
алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі - адамгершілік тәрбиесі.Оған дәлел
-Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 8-бабында былай деп
көрсетілген: "Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін
байыту..." және 62-бабында "Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің
қабілеттері мен қаржының мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық,
адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын
қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады" деп
айтылған.Адамгершілік тәрбиесі қай заманда болсын адамзат алдындағы ізгі
қасиеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін
жалғастыратын ұрпағын салауатты, саналы адамгершілікке, имандылыққа,
қайырымдылыққа тәрбиелеуді қазіргі қоғамда өте маңызды, әрі қажетті шешуді
күттірмейтін мәселе болып отыр. Себебі адамгершілік тәрбиесі өзінің
педагогикалық, психологиялық мәнділігімен ерекшеленеді. Оны қазақ
педагогикалық энциклопедия сөздігінде адамгершілік тәрбиесі ұғымына
берілген сипаттамадан көруге болады.Атап айтқанда, адамгершілік тәрбиесі -
болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді,
парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және
адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы
адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталган жалпы адамзаттық
тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Ал қазіргі нарық билеген мына заманда
жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс алмауы,
керісінше, қоғамға жат теріс мінездердің көптеген белең ала бастағанына
біздер куә болып отырмыз.Адамгершілік тәрбиені беретіндер мұғалімдер
болғандықтан бүгінгі қоғамның сұранысына сай олардың бойында адамның ең
ізгі қасиеттерінің болуын қалыптастыру - бүгінгі мектептің міндеті. Мұндай
жағдайда адамгершілік тәрбиесінің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, баланың тұлғалық
дамуына бағытталған негізгі іс-әрекеттің бірі — ойын.Әлбетте адамгершілік
тәрбиесі адамның барлық іс-әрекетіне (оқу-танымдық, еңбек, спорттық,
шығармашылық және т.б.), оның ішінде әсіресе ойын әрекетімен байланысты
болады. Осы талапқа орай, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындары және
мектеп жас ұрпақты адамгершілікке ойын арқылы тәрбиелеуді, олардың
кішкентай кезінен бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыруға
тиісті.Біздің зерттеуімізге алынған проблеманың педагогика тарихындағы
теориялық негізін қалаған ғалымдар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо,К.Д.
Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б. Қазақстанда
адамгершілік тәрбиесін жан-жақты қарастырған Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,
Ы.Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев, жастарға гумандық тәрбие идеясын
ұсынған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев
және т.б.Оқушылардың ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын
әртүрлі аспектіде қарастырған ғылыми еңбектер баршылық. Адамгершілік
тәрбиесін қалыптастырудың спорттық ойынның рөлін теориялық және тәрбиелік
тұрғыдан көрсеткен Т. Қуанышев, Е. Сағындықов,М. Танекеев және т.б.
Дегенмен, қазіргі заман талабына сай мектептердегі адамгершілік тәрбиесінің
жұмыс жүйесіне жасалған талдау негізінде, оқушылардың білімі мен дайындық
деңгейінің төмендігін байқатады.Жарық көрген философиялық, тарихи
педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми әдебиеттер, сонымен
қатар докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау нәтижесінде
олардың санының көптігіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын ойын
процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне арналған нақты ғылыми
жұмыстың жоқтығы дәлелденді.Сондықтан қазіргі мектеп жағдайында
адамгершілік тәрбиесін беруді, оның мазмұнын бір жүйеге келтіруді,
мектептің алғашқы сатысынан бастау керектігін және ойын әрекеті арқылы
бастауыш мектептегі адамгершілік тәрбиесін өзгеше жаңаша тұрғыда қарау
қажеттілігі бұл мәселенің теория мен тәжірибе жүзінде шешілу деңгейі
арасында қарама-қайшылық тудырады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын ойын процесінде
адамгершілікке тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеп әдістемелік жүйесін
жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектеп оқушыларын ойын
процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық мәні
тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік тұрғыдан анықталса, олардың мақсатына
сай жас шамасы ескерілсе, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет-
сапаларына ықпал ететін ойынның теориялық негіздері айқындалса, сабақта
және сабақтан тыс уақытта ойын әрекетін пайдаланудың жүйелі әдіс-тәсілдері
қолданылса, бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке
тәрбиелеу жұмысы жақсарып, адамгершілік қасиеттері мол ұрпақты тәрбиелеу
мүмкіндіктері кеңінен туындайды.
Зерттеудің міндеттері:
-"ойын", "ойыншық", "ойыншық түрлері" ұғымдарының адамгершілік тәрбиесін
арттыруға мәнін педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастыру;
-бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің
ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
-бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет сапаларына ықпал ететін
ойынның негізгі ерекшелігін ашып көрсету, оның көрсеткіштерін анықтау;
-педагогикалық эксперимент - тәжірибе жұмысын өткізу барысында ойын
әрекетін пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Оқушыларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
проблемасының қазіргі жағдайы: мақсаты, мәні, принциптері

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық
қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады.
Жақсылық пен жамандық, құлық пен адалдық, зұлымдық пен махаббат, борыш
пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.
Бұларды адам бойына жастайынан, мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру
тәрбиеге байланысты. Ал осыны ойлаған ата-ана жастарды
отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа, имаңдылыққа
тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойды. Қоғамның негізгі бағыты білімді
де дарынды балалар даярлау болса, ал мектепке дейінгі ұйымның негізгі
көкейкесті мәселелері – бала бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру,
мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларда адамгершілік мәдениетін
тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әділдік, мейірім мен қайырымдылық,
ізеттілік пен қамқорлық сезімдерін сіңіруді әр тәрбиеші әртүрлі оқу іс
әрекетіне ұштастыра жүргізуі қажет. Адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың
тиімді тәсілдеріне ұлттық педагогика элементтері де жатады. Қазіргі таңда
қазақ педагогикасының міндеті – адам бойындағы жақсы қасиеттерді жас
ұрпаққа үйрете отырып ұлтжанды, отансүйгіш, әдепті, ар намысы биік азамат
пен азаматшаларды тәрбиелеу.Болашақ ұрпақ тәрбиесі – ата бабамыздан келе
жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі, артыңа қалған із қандай болса,
ұрпағыңның болашағы сондай.Адамзат тарихында, адамгершілікке байланысты
пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік,
әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар
мен намыс, т.б. Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік
категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер еңгізіп отырған.
Адамгершілік – адамдардың тәжірибелік өмірінен тамыр алып пайда болған әдеп
ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса,
шындыққа қарама қарсы, теріс қарым қатынаста пайда болады және адамның
өзіне субъективті түрде міндет қоя білуімен туындайды. Адамгершілік
қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар балабақшасында, мектепте,
адамдардың іс әрекетінің барысында бір бірімен араласуы нәтижесінде,
қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Тәлім
тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де
қалыптаспайды.Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп
жасына дейіңгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс
әрекет – ойын. Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі,
сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Баланың
өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен
құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым қатынасты білуі, сезінуі ойын
негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс әрекеті ойынннан бастау
алады да, болашақ өмірінеде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға
ретінде дамиды, адамдармен қарым қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық
ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ойын арқылы балалар
қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен,
қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым қатынасымен танысады.
Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен
бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір бірімен өзара қарым қатынас жасайды.Ойын –
балалар үшін айналадағыны білу тәсілі. Халқымыз ойындарды тек балаларды
алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың
көзқарастарын, мінез құлқын қалыптастыру деп ерекше бағалаған. Ойын
балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.Ойын түрлері өте көп. Ойындар мазмұндарына
қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарайбірнеше түрге бөлінеді:
1. Сюжетті рольдік,
2. Драматизацмялық,
3. Дидактикалық,
4. Қимылды ойындар,
5. Ұлттық ойындар,
6. Саусақ ойындар.
Ойынның пайдасы – баланың ой өрісін, сондай ақ балалардың адамгершілік
сезімін оятады. Адамдармен дұрыс қарым қатынас жасау, еңбек адамдарына
басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әр ойынның өзіндік тәрбиелік маңызы болады.
Тәрбие-бала дүниеге келген кезден басталады деген сөздің жаны бар.
1. Сюжетті рольдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері
жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын, өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады. Мысалы, Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының
әрекеттеріне, ал Аурухана ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың
әрекеттеріне еліктеу арқылы жағымды қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2. Драмалық ойындарда драмалық ойындар мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері
қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжеті мен мазмұнына
шарттас болады.
3. Дидактикалық ойын кішкене балаларға оқыту формасы болып табылады.
Балалардың қоршаған ортатуралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойлау білуге
баулып, ақыл ой қызметін қалыптастырады.
4. Қимылды ойындар арқылы балалар бір-бірін итермеуге, бір-біріне жол
беруге, бөгет жасамауға үйренеді.
5. Ұлттық ойындар баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық,
ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Қаншама заман өтсе де,
маңызын жоймаған ұлттық ойындарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру
ата-ананын да, мектеп ұйымының да басты борышы.
6. Саусақ ойындары балалардың тіл дамыту барысында саусақ ойындарының
маңызы өте зор. Баланың сөйлеуге деген ынтасы, қабілеті дамып, шығармашылық
әрекетіне жол ашады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең
шумағын қызыға айтады.
Мысалы, Қызыл, сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар жатқан екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын
түйістіре отырып, моншақ тәрізді билейді, әрі оларды тізбектеп қатарға тізе
бастайды. Міне осы ойындар арқылы біз тек ақыл-ой дене тәрбиесін жүзеге
асырып қана қоймай, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыра
білуіміз керек. Осы адамгершілік тақырыбын әр тәрбиеші күнделікті жұмысында
жоспарлап, алдына белгілі мақсат қойып, жүзеге асырып, орындап отырса,
біздің қоғам келешек ұрпаққа рухани бай, адамгершілігі мол, өз елінің нағыз
азаматы болып шығады.Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап, ізгілік,
мейірімдік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру қажет. Ойынды педагогикалық
процеске енгізе отырып тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың
сөзімен айтқанда, Жақсы ойын жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән
сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін
түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы,
ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын үдерісінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп
қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекеттердің бір формасы
болып табылады. Соның барысында олар тәрбиешінің басшылығымен жаңа білімді
меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына
және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті
мен іс-әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойынды қалыптасқан ережелерге
бағынуға тиіс болады.

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын ойын арқылы адамгершіліке тәрбиелеудің
педагогикалық-психологиялық негіздері

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.К. Төлеубаева
адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан
күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның
адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат
қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті
болғанын,екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық,
педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік
адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен
адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден,
қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік
тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік
ортаның, оның жанды саласы– мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне
тоқталады.Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу;
- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін
күшейту.Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас
ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты
жасалады.Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі
жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік,
еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да
атқарар қызметінің маңызы өте зор.

1.2 Баланы жеке тұлға ретінде ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған
бағдарламалар және оларды пайдаланудың тиімді жолдары

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға
сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру
мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен
білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала
денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке
дейінгі кезеңде қалыптасады.Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан
қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы
қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі
жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе
шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына
жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
ұштаса береді.В.А.Сухомлинский сөзiмен айтқанда: “Ойынсыз ақыл ойдың
қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге
қарай ашылған үлкен жарық терезе iспеттi, ол арқылы баланың рухани
сезiмi жасампаз өмipмен ұштасып, өзiн қоршаған дүние туралы
түciнiк алады.Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің
маздап жанған оты. Міне, ойын дегеніміз – тынысын кең алысқа меізейтін,
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе
ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.Мектеп жасына дейінгі жас
ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің
бір бағыты халықтың ұлттық ойындары. Ата – бабамыз ойынды тек баланы
алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, ол халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы, баланың көзқарасы, мінез-құлқын қалыптастырып, бір жүйеге
келтіретін тәрбие құралы деп санаған.Ойын – мектеп жасына дейінгі
балалардың негізгі іс – әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:
Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма? деп айтқандай баланың өмірінде
ойын ерекше орын алады.Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға
лайықтары Көкпар, Орамал алу, Тақия жасыру, Алтын қақпа, Ақ серек-
Көк серек, Айгөлек, Ақ сандық – Көк сандық, Ақ сүйек баланың көзін
жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар
ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке,
батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке
баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене
тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі.
Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие
сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл
–қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен
өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете
отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке
ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге –
қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы
ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге
бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-
әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің
маңызы зор мәселелерді Қалай айтуды білесің? ойынның өзі балалардың
құлағына құйып береді.
Әтеш – шақырады
Есек – бақырады
Күзен – шақылдайды
Бақа-бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей ызындайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі
ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын
ескеруіміз керек:
-ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;
-ойынның басталуы мен ойналу барысы;
-ойынның аяқталуы.Дене тәрбиесі оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды,
ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар
балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін
дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар
бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:
– көңілді болып жақсы демалады;
– денесі қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады;
– ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:
– ұлттық ойындар дене шынықтыру оқу қызметтерінде кең қолдана отырып,
балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,
мүмкіндіктерін арттыру;
– қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін
қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін
қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
– жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі
тәрбиелеуге дағдыландыру.
-Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :
-балалардың денсаулығын нығайту;
-денені шынықтыру;
-мәдениетін қалыптастыру;
-өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
-Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды
таныстыру;
-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене
жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
қызығушылығын қалыптастырып дамыту;Оқу қызмеінде бағдарламаның мазмұнына
қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру оқу
қызметтерінді қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз
еркінде.Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат
құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен
тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді,
өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде
сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара
пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның
тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени
мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет
етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық
ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,
батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. Орамал ілу, Асық ату,
Түйілген орамал, Қыз қуу, Ұшты – ұшты, т.б. ұлттық ойындар баланың
сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін
жетілдіруге өз әсерін тигізеді.Мысалы төмендегідей ойын түрлері:
Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан
дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он
бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына
сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып,
екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-
қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына
сақина салған болып шығысымен, Тұр сақинам, тұр, – деп, немесе
Ақшамшығымды бер! деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан
атып тұруға тиісті, Сақина менде, – деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса,
жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық
емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен
ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені қажет етеді.
Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.
Қыз қуу. Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген
жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек.
Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның
атын қамшының астына алады.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы көк
бөрі сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні
соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, өздерінің
ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға
айналған. Екі топ болып бөлініп, көкпарды бір-бірінен алып қашып,
қазандыққа салу. Қай топтың жігіттері шапшандық көрсетіп, қазандыққа
көкпарды салу ұпайлары көп болса, сол топ жеңіске жетеді.Келесі топ
жеңіліске ұшырайды.
Күміс ілу (жүзік ілу) – ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін
ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп,
өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде
бұл ойын жүзік ілу деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат
екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі керек. Осылайша қазақ
жігіттер өзінің ептілігі мен шеберлігін Күміс алу сайысында дәлелдей
білген.
Бәйге. Бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс,
құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі.
Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
Асық ойыны. Бұл – балалардың ежелгі спорттық ойыны. Тақыр алаңға
көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп
сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Асық ойынының үш табан, бір табан,
шығу, шеңбер секілді бірқатар түрлері бар. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері
де асық ойнаған. Олар ойнаған асық ойындары қора хан, құмар, т.б. аталған.
Асықтың Хан талапай, Төрт асық, Атпақыл, Қақпақыл, Омпы, Сасыр
секілді түрлері де бар.
Ақсүйек. Бұл ойында қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы
пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын
ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны алысырақ барып лақтырады.
Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады. Ойынға қатысушылар
ақсүйекті іздеп табуы тиіс. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, оны
көмбеге жеткізуі тиіс. Ал мұны қарсыластары біліп қойса, қолма-қол тартып
алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті тауып алған топтың ойыншылары біріне-
бірі лақтырып, көмбеге қай топ бұрын жеткізсе, сол топ жүлдегер атанады.
Зеректікке, ептілік пен икемділікке баулиды.
Арқан тарту. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен
ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар
тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске
жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші
баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ. Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші)
балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына
орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына
орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі
керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай
жалғаса береді.
Ақсерек-көксерек. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,
қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан
қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына
алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Түйілген орамал. Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен
балаларды айналасына жинап алады да 1, 2, 3 – деп дауыстайды. Осы кезде
балалар жан – жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген
орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып
алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды
алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып
өнер көрсетеді.. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. ойын ойнап болған
соң балалар шеңбер жасап тұралы.
Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып
қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе
балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың
көзі байланады да ол Соқыр теке ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса
береді.
Сақина жасыру. Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.
Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды.
Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын
жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың
біреуінен-Сақина кімде-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол
баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы
ойынды осылай жалғастыра береді.
Қуыр-қуыр қуырмаш. Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық - психологиялық негіздері
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz