Бастауыш сыныпта математика сабағын дамыта оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық
колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық

Орындаған:Жұмағалиева Қ.Е.
Тексерген:Құлпейсова Н.Е.

Саран-2023жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-бөлім. Бастауыш сыныптардағы математика сабағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.1 Бастауыш сыныпта математика сабағын дамыта оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ..8
1.2 Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математика пәні бойынша сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2-бөлім. Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Бастауыш сынып математикасымен 5 сынып математикасындағы тақырыптық сабақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Дамыта оқытумен сабақтастықтың сабақ барысындағы қолданысы ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген. Егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан - жақты дамытып,өз ойын айтуға,өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге,сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану,ол тапсырмалар зерделілікке,қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі - математикалық ойын элементтерін қолдану.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу.Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математиканы дамыта оқыту арқылы ой-өрісі мен танымдарын кеңейту.
Міндеттері:
- бастауыш сыныпта математикалық білімге қызығушылықтарын арттыру;
- 5 сыныпта топтық әдістерін қолдану арқылы ой-өрісті дамыту мүмкіндіктерін талдау;
- бастауыш сынып пен орта буындағы оқушылардың математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Зерттеу пәні:Математиканың теориялық негіздері және оқыту әдістемесі.
Зерттеу болжамы: егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, бастауыш және негізгі мектепте оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Бастауыш сыныптардағы математика сабағы

Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын жұмыстың түрлері, оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелік міндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.)орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы өмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалық міндеттерді де атқарады. Математика сабағы - математика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың өзіндік көрінісі, дербес түрі. Сондықтан бастауыш мектептегі математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік,дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады. Мәселен, сабақтың тақырыбы қосудың ауыстырымдылық заңы болсын делік. Сабақта қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді деген қосу амалының заңын игерту мақсаты көзделеді, яғни бұл жерде оқушынын, игеретін білімі-қосудың ауыстырымдылық заңы.Демек, сабақтын білімдік міндеті оқушыларға осы заңды игерту болып табылады. Ал, осы заң оқушыларға бірден хабарлануы мүмкік, яғни оны мұғалім оқушыларға дайын күйінде айтып бере алады. Мұндағы оқытудың әдісі - әңгіме. Ал, бұл заңды нақты мысалдарды қарастыра отырып, әңгімелесу арқылы да баяндауға болады.
4 + 1 = 5
3 + 2 = 5
0+5=5 деп жазып қойып, оқушыларға осы мысалдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижәсінде балалар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Осылайша берілген мысалдардағы әр санның қосудың компоненті ретінде қалай аталатындығын анықтау жұмысы жүргізіледі. Соның нәтижесінде тиісті қорытындыны балалардың өздері жасайды. Демек, бұл жағдайда әңгімеден өзгеше оқыту әдісі қолданылады. Олай болса, оқыту әдісі сабақтың негізгі міндетінің шешілуіне өзіндік әсер етеді, яғни оқыту әдісі аркылы да сабақ міндеттері жүзеге асырылады. Математика сабағы туралы айтқанда, оның типін анықтап алу ең басты мәселе болып табылады. Сабақтың типі қойылып отырған дидактикалық мақсатқа орай анықталуы тиіс. Олай болса, өткен материалдарды қайталау, жаңа материалды оқып-үйрену, оқып-үйренген мәселелерді тиянақтау, бекіту, оқып үйренген материалды қорытындылау және жалпылау, оқушылардың білімін тексеру және т.с.с. міндеттердің қайсысы нақты сабақтың негізгі мақсаты болуына орай қайталау, жаңа материалды игеру, білімді тиянақтау және бекіту, білімді қорытындылау және жинақтау, білімді тексеру сияқты сабақ типтерінің болуы мүмкін. Алайда, сабақта жоғарыда аталған міндеттердің әрқайсысы жеке-жеке алынбай, олардың бәрінің де бір сабақтың өзінде қамтылуы мүмкін. Осы тұрғыдан алып қарағанда, типін аралас сабақ деп атайды. Математика сабағының мазмұнын, құрылымын және ұйымдастыру формасын анықтаудағы ең басты құрал оқулық болып табылады. Бастауыш сыныптардың жаңа буын математика оқулықтары жекеленген сабақтарға лайықталып жасалған. Оқулық әр сабақтың үлесі болып табылатын жаттығулардың бірнеше тобын қамтиды. Математика сабағына дайындалу сабақтың тақырыбын анықтаудан басталады. Содан кейін мұғалім оқулық бойынша осы сабаққа арналған оқу материалын талдауға кірісуі керек. Мұнда ол теориялық материалдың оқулықта қалай баяндалғанымен танысады. Ондағы материал сабақ үшін жеткілікті ме, көп пе, немесе аз ба, осы жағын тексереді. Егер жеткілікті болмаса нені қосу керек және қосымша материалды қайдан алу керек, осы жағын ойластырады. Бұны ойдағыдай шешу үшін аталмыш тақырыпқа байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, танысады. Мұның ішіндегі ең маңыздысы мұғалімдерге арналған көмекші құралдармен танысу болып табылады. Әдістемелік құралдың сабақтарға нұсқаулар деген бөлімі бойынша мұғалім сәйкес сабақтың білімдік міндетін анықтайды. Алайда, ол оны өзгертуі немесе оған ішінара өзгеріс енгізуі ықтимал. Ал сабақтың нақты тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттерін өзі анықтайды және оларды жалпылама түрде емес, дәл, нақты және қысқа түрде тұжырымдайды.

1.1 Бастауыш сыныпта математика сабағын дамыта оқыту

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің шығармашыл, техника мен экономикада жаңа жолдар мен таба алатын, жаңашыл, ақыл-ойы дамыған тұлға даярлау талап етеді. Сондықтан математиканы шығармашылықпен оқыту технологиясы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығы мен белсенділігін арттыруға негізделген. Оқу танымдық барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы дамытылады. Шығармашылық тапсырмалар баланың интеллектісін, қабілеттерін, шығармашылығын дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды шешу балалардан ойлылықты, байқампаздықты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады. 3-сыныптағы тапсырмалар үлгісі:
1. Қыздың көгершіндері мен қояндары бар. Осылардың барлығының 26 басы мен 60 аяғы бар. Қызда қанша көгершін және қоян бар?
2. 2 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 85 теңге тұрады. 1 алма, 3 алмұрт, 1 шабдалы 75 теңге тұрады. Егерде 1 шабдалы мен 2 алманың бағасы бірдей болса, алма мен алмұрт және шабдалы қанша тұрады?
3. 2 балықшы бірігіп 36 балық аулады. Екіншіге қарағанда біріншісі 8 есе көп аулады. Екінші балықшы қанша аулады?
4-сынып. Экономикалық есептер.
1. Жанармай құю бектіне бір мезгілде 2 автомамина келді. Олардың біріне жанармай құюға 7 минут, екіншісіне 3 минут уақыт кетеді. Жанармай құю Шығармашылық есептер Қызықты есептер Ұлттық есептер Экономикалық есептер Ойын есептер бекеті автомашинаның мұнда бөгелген әр минуты үшін айып төлейді. Автомашиналардың қайсысын бірінші жіберу керек?
2. Балаларға жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар әзірлеу үшін 80 дана апельсин, 160 дана тоник шоколадтары және 320 дана жаңғақ сатып алынды. Бірдей болатындай етіп ең көп дегенде қанша сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта неше апельсин, неше шоколад, неше жаңғақтан болар еді?
3. Қоймаға бірнеше бума дәптер келіп түсті. Әр бумада 100 дәптер бар. Қоймашы 578 дәптерді қалай тез санап бере алады?
Халықтық есептер.
Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол: Жылқыларыма күнде 10 қадақ жем беремін, 2 бием бар. Құнанға 2 қадақтан, тайға 1 қадақтан жем беремін. Ар жағын өзің есепте.
Қызықты есептер.
1. Қоян қорқынышты түс көреді. Оның түсінде түлкі сағатына 150 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма?
2. Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса, соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе, қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жиғанша қыз неше жасқа толады?
Оқушылардың математикалық білімін байыту олардың математикаға деген сүйіспеншілігін тудыру дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.Математика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың математикалық білімін одан әрі дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Математикалық логика жоспары құрылды. Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет. Математиканың бастауыш курсының негіздері пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады. Математиканың бастауыш курсының негіздері пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады.

1.2 Бастауыш сынып пен 5 сыныпта математика пәні бойынша сабақтастық

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат - міндеттер,ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға,неғұрлым сәтті өтуге бағыттау екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі. Бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық идеясы оқушының жалпы дамуына бағытталады. 5-сыныпта пәндер саны 8-12-ге дейін артады. Бастысы, соншама пән мұғалімдері және әрқайсысының соншама қойылатын талаптары бар. Сондай-ақ сабақтар әртүрлі кабинеттерде өтеді. Сондықтан пән мұғалімдеріне бірігіп, 5-сынып оқушысына жыл басында қойылатын ортақ талаптарды ұсынулары қажет. Сабақтастық - оқушының ерекше алған білімін,дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Үстіміздегі оқу жылы да мектебімізде сабақтастық мәселесі қаралып, төртінші сыныптың оқу - тәрбие жұмысына қатысу ,оған басшылық беру жайы жоспарланды.Ондағы мақсат - бастауыш буынның орта буынға даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынды да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылды,басында ,ортасында, аяғында) алынып, сараптама жасалуда.
Бағалауға да көңіл бөліп,оқушыларға бағалаудың критерийлерін түсіндірулері керек. Жұмыстарын тексере отырып, оқушыларға өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасап, қажет болса, олқылықтардан арылу жолдарын көрсеткен дұрыс.
Математика бойынша :
а) есептей білу дағдыларының қалыптасуы ;
ә)логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;
б)натурал сандарға қолданылатын амалдар тәртібін білуі ;
в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;
г)көп таңбалы сандарды оқуы , жазуы;
ғ) көбейту кестесін меңгеруі;
д)геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі;
е)шамалар арасындағы қатынасты білуі.
Осылайша сынып мұғалімдері бір - бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің,шеберлігінің,дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі.Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырған,қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады. Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді. Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді. Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады. Бастауыш сыныпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай, оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді. Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері де әртүрлі екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың күтуіне сай келмеуі үнемі қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмайды. Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 5-сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен жартысы сезінеді. Ал ата-ана өз тарапынан, баланы баға үшін оқуға бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан,барлығында туындайтын:5-сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі.Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар.Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін,бейімделу кезінде балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау мақсатында мектебімізде бастауыш сыныппен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізуде. Оқушының мектепке келген күнінен бастап кіші мектеп жасы басталады. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Орта мектепте оқыту жағдайлары түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші-пән мұғалімдері жүйесіне ауысады. Бір мұғалімнен әр түрлі талаптары, мінез-құлқы әрқилы қарым-қатынас стилі бар бірнеше мұғалімдерге ауысуы көп балалар үшін үлкеюдің сыртқы көрсеткіші болады. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға өткенде оқушылардың үлгірімі төмен түсіп кетеді. Бастауышта тек бір мұғалімге ғана бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына бірден жауап бере алмай қиналады. Әр пән мұғалімі әр түрлі психологиялық атмосфера туғызады, ал оқушы бірден осыған бейімделе алмайды.Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындық сезінеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне оның талаптарына үйренген. 5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Бұлар:
-балалардың мінезі өзгереді; -тез шаршайды;
-көңіл-күйлері бұзылады; -оқу үлгірімі төмендейді;
-мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында, олардың интелектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру.

2-бөлім. Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

5-сыныпта математика пәні - орта білімнің бастауыш және негізгі деңгейінде оқушыларға математиканы оқытуда сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін кіріктірілген оқу пәні. Оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету; ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру; негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау. 5-сыныптағы математика курсын оқыту бастауыш сыныптарда игерілген материалдар жүйелеу мен жаңаны қоса беруден басталады. Бұл курс өзінің практикалық бағдарымен ерекшеленеді және жоғары сыныптарда математиканы оқу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, сонымен қатар оқушыларға өмірге қажетті маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Айқын емес (терминологияларды пайдаланбай) ұғымдардың анықтамаларын енгізу, алынған қорытындыларды негіздеу (ережелер, қасиеттердің тұжырымдамалары және т.б.) арқылы теорияны дедуктивті жолмен түсіндіруге дайындық жүргізу. Математика пәнін оқыту көрнекі-бейнелі ойлауды дамытумен; көрнекілікті кеңінен қолданумен; оқушыларды геометрияны жүйелі меңгеруге, басқа пәндерді меңгеруде және сонымен қатар күнделікті өмірде геометриялық біліктерін пайдалануға даярлаумен жүзеге асырылады. Оқушылардың теориялық білімдерін практикаға көшіру қабілеттерін дамытуға арналған мәтінді есептердің орны ерекше. Мәтінді есептерді шығару біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруда есептерді шығарудың арифметикалық және арифметикалық тәсілдеріне басты назар аударылады. Мәтінді есептер пайыз, бөлшек, пропорция, функция және т.б. ұғымдардың мағынасын түсінуге көмектеседі. Математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында оқушыларға келесі іскерліктерді үйрету ұсынылады:
- анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру.Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешілмеген проблемалар аз емес. Солардың бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,кітапқа ,оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблеманы шешу мақсатында математикадан логикалық есептерді шығару керек.Танымдық қабілетті арттыру мақсатында оқушыларға мыныдай тапсырма беріледі.
1-тапсырма.Екі адам 2сағат шахмат ойнайды.Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Бұл тапсырманың мақсаты :оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.
2-тапсырма. Сиқырлы ұшбұрыштағы бос орынды толтыр.Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды,күрделі және көп салалы. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді.Олар:денгейлеп саралап оқыту технологиясы,ұжымдық оқыту технологиясы және т.б. Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезеңде -мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады.Екінші кезеңде -мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп,талқылап,есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді.Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуынталап етеді.Үшінші кезеңде-мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді.Оқушы өз жұмысына анализ жасап,кеткен кемшіліктерін талдап,өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді.Төртінші кезеңде-оқушының ізденістерінің нәтижесін көрінеді.Математикалық ережелерді,заңдылықтарды,теореманы дәлелдеудің әр түрлі әдістерін тауып,есептерді шешуде тиімдісін пайдаланады.

2.1 Бастауыш сынып математикасымен 5 сынып математикасындағы тақырыптық сабақтастық
Қазіргі заман математикасы ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың өзіне тән мазмұны, әдіс-тәсілдері бар. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп адамзат ақылымен құрылған анағұрлым жоғарғы абстракцияларды қамтиды. Математика қазіргі кезде ғылым саласында ерекше орын алады. Математиканың ғылыми теориялық ізденістерімен бірге тәжірибелік қолданыстарының да ауқымының кең екені белгілі. Ғылым мен техниканың даму қарқыны, экологиялық процестерді басқару теориялары күннен-күнге математикалық сипат алып отырғаны, қуатты электрондық есептеуіш құралдарының пайда болуы, олардың өндірісте кең көлемде қолданылуы, экономикалық процестерді басқаруға араласып отыруы математиканың, басқа ғылымдар секілді, жоғары қарқынмен даму үстінде екенін көрсетеді. Математиканы оқытуда математика ғылымынан мағлұмат алып, математикалық әдістерді меңгеріп, математикалық ойлауын дамытуға міндетті түрде қажет деп саналатын математикалық білім таңдап алынады. Математикалық есептерді дұрыс шешкізіп, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жоғары деңгейдегі математикалық білім, біліктілік, дағды қалыптастыруға болады. Математикалық есептер:а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету үшін; б) тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру; в) білімнің тереңділігі мен баяндылығын тексеру; г) оқушылардын шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Оқу процесінде есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда есептер маңызды роль атқарады. Математиканы оқытуда есептер оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, оқытудың мақсаты, әрі құралы болып табылады. Сабақтарды жоспарлаған және ұйымдастырған кезде теориялық материалдар көбінесе есептер шығару процесінде жете түсінілуі және жақсы меңгерілуі қажет екенін ескерген жөн. Есеп шығаруды ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке әдісін кеңірек пайдаланған жөн: нашар оқитын оқушыларға ұсынылатын есептердің қиындық деңгейі осы бағдарламаның талаптарына сай анықталуы керек; ал бұл деңгейге жеткен оқушыларға бұдан да гөрі күрделірек есептер берген пайдалы. Бастауыш және орта буындарда оқытудың жаңа жүйесі ұсынған есепті шығарудың жалпы әдісіне үйретудің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, сабақтастықты іске асырудың зор маңызы бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту
Математикалық ұғымдар туралы
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz