Екі қабатты үш секциялы тұрғын үй



Мазмұны
Тақырып атаулары: Бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 Көлемді жоспарлы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3.Құрылымдық шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
4 Бас жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5 Іргетас, аражабын,шатыр жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
6 Еден экспликациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
7 Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
8 Пайдаланылған әдебиеттер көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Құрылысшылар – елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу керек.
Қоғамдық даму нәтижесінде ғимараттар мен имараттар құрылымдарын оқудың ұйымдастырылуына қойылатын талаптары күшейіп, міндеттерінің артып отырғандығы құрылыс тарихынан белгілі.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге құрылысшы мамандығына сұраныс арта түсті.
Құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиындығы да бар, «Әлемнің жеті кереметін» жүзеге асырған «техник-құрылысшы» мамандығы өзіме ұнайды!
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Буга Т.Т. Гражданские,промышленные и сельскохозяйственные здание.- Москва:Высшая школа ,1987.
2. Неслов В.А . Гражданские здания.-Москва:Строииздат,1988.
3. Бартонь Н.Э. Архитектура конструкции.- Москва:Высшая школа,1974.
4. Савчеко И.П.,Липявкин А.Ф.,Сербинова П.П.Архитектура.- Москва:Высшая школа,1982.
5. Маклова Т.Г.,Архитектура гражданских и промышленных здании.- Москва:Строииздат,1981.
6. Сторительная климоталогия и геофизика.Справочно к СНиП. .- Москва: Строииздат,19907

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Мамандық: 0104000 Кәсіптік білім беру (техник -құрылысшы)

Курстық жұмыс түсінік хаты
Тақырыбы: "Екі қабатты үш секциялы тұрғын үй"

Орындаған: Гс- 832 топ студенті
Сағынғали Берік

Тексерген: оқытушы
Тәжікбаева Зияш Қуатовна

Орал 2014
Мазмұны
Тақырып атаулары: Бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2 Көлемді жоспарлы бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3.Құрылымдық шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
4 Бас жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Іргетас, аражабын,шатыр жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
6 Еден экспликациясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
7 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
8 Пайдаланылған әдебиеттер көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Құрылысшылар - елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу керек.
Қоғамдық даму нәтижесінде ғимараттар мен имараттар құрылымдарын оқудың ұйымдастырылуына қойылатын талаптары күшейіп, міндеттерінің артып отырғандығы құрылыс тарихынан белгілі.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге құрылысшы мамандығына сұраныс арта түсті.
Құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламаларымен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиындығы да бар, Әлемнің жеті кереметін жүзеге асырған техник-құрылысшы мамандығы өзіме ұнайды!

1. Жалпы бөлім
Үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастьырудың әдіс-тәсілдері бар. Құрылыс- құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы-құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу. Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темір бетон,құрастыру,әрлеу және т.б. өзара құрылыс прорцестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу,жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б. Аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары- жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу). Құрылысқа мөлшерленген уақытты қысқарту үшін құрылыс кезеңін тасқынды әдіспен жүргізу қажет. Бұл әдіс құрылыстың өзіндік құнын кемітеді, еңбек өнімділігін арттырады және машина-механизмдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Құрылыс мерзімін қысқартуға құрастыру процестері ерекше әсер етеді. Сондықтан жоғарыда аталған процестерді жүргізу мерзімдері құрастыру процестеріне тікелей байланысты. Атап айтқанда, құрастыру процесін жеделдету дегеніміз-жалпы құрылыс мерзімін қысқарту. Осы процестің даму қарқынына орай басқа жұмыстардың реті мен әдістері де өзгереді. Құрылыс өндірісінің құрамы мен қарқынын белгілеу және оны біркелкі үздіксіз ұйымдастыруды жақсартып, технологиясын жетілдіруге болады. Құрылыста тасқынды әдіспен жүргізудің негізі-құрылыс процестерін тоқтатпай, бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды бірден атқару. Ол үшін обьектідегі барлық жұмыстарды кезекті ретімен істелетін процестерге бөліп, құрылысшылардың мамандық дәрежесіне лайықты звено,бригадалар құрамын тағайындап, жалпы құрылыс көлемін тепе-тең ауқымдарға (учаске,кесінді, алым) бөліп жоспарлау қажет. Тең бөлінген ауқымдардың көлемі мен істелінетін жұмыс мерзімдері бірдей болу керек. Бұл бөлімдер тасқын ырғағы деп аталады.Құрылыстық тәжірибеде құрылыстар және ғимараттар деген түсініктер бар.
Құрылыс деп халықтың материалдық және рухани талаптарын қамтамасыз ету үшін салынған жасандыларды айтады.
Ғимараттар деп адамның әр түрлі іс-әрекеттеріне арналған және икемделген ішкі кеңістігі бар жер бетіндегі құрылыстарды атайды (мысалы,тұрғын үйлер,дүкендер,мәдениет сарайлары,зауыт корпустары, т.б.).
Құрылыстар тек қана техникалық міндеттерді атқаратын болса, онда оларды инженерлік құрылыстар деп атайды.
Ғимараттың ішкі кеңістігі жеке бөлмелерге бөлінеді (тұрғын бөлмесі,қызмет бөлмесі,цех,аудитория, т.б.). Бір деңгейде орналасқан бөлмелер ғимарат қабатын құрайды. Қабаттар арқалық жабындар арқылы бөлінеді.
Ғимараттың қай-қайсысының болсын ішінде бір-бірімен тікелей байланысқан үш тобын көрсетуге болады:
1. Көлемді-жоспарлық;
2. Құрылымдық;
3. Құрылыстық бұйымдар;
Ғимараттар әр түрлі қасиеттері бойынша төмендегідей жіктеледі:
1. Арнаулы бойынша:
а) адамдардың тұрмыстық және қоғамдық талаптарын қанағаттандыруға арналған азаматтық ғимараттар;
б) өндіріс құрал-жабдықтарын орналастырып және еңбек процестерін орындау арқылы әр түрлі өндірістік өнімдерді алуға арналған (цех ғимараттары,зауыттар,фабрикалар,эле ктр станциялары, т.б.) өндірістік ғимараттар;
в) ауыл шаруашылығының мүдделерін қанағаттандыруға арналған (мал және құс ұстау ғимараттары, жылыжайлар,қоймалар, т.б.)ғимараттар.
2. Қабырға материалына байланысты (шартты түрде):
а) ағаштан;
б) тастан.
3. Қабырға құрылымы бойынша:

а) кіші бөлшектерден (кірпіштен,борлама блоктардан,кіші бетон блоктарынан, т.б.);
б) ірі бөлшекті (ірі блоктардан, панельдерден,көлемдік блоктардан).

4. Жасаклуы бойынша:
а) құймалы және кіші бұйымдардан өрмелі:
б) толық құрастырмалы:

5. Қабаттарының санына байланысты:
а) бір қабаттылар;
б) аз қабаттылар (2,3 қабат);
в) көп қабаттылар (4-9қабат);
г) көтеріңкі қабаттылар (10-20 қабат);
д) зәулім,биік қабаттылар (20 қабаттан аса).
6. Мерзімділік дәрежесі бойынша:
а) бірінші-қызмет ету мерзімі 100 жылдан аса;
б) екінші-қызмет ету мерзімі 50-100 жыл;
в) үшінші-қызмет ету мерзімі 20-50 жыл;
г) төртінші-қызмет ету мерзімі 20жылдан аз (уақытша ғимараттар).
7. Өртке төзімділік дәрежесі бойынша:
а) I-III-тасты құрылымдарымен;
б) IV-сыланған ағаш құрылымдарымен;
в) V-сыланбаған ағаш құрылымдарымен.
8. Таралу дәрежесіне байланысты:
а) ғимараттың кең тараған құрылыстары (мектептер,бала-бақшалар,тұрғын үйлер, кинотеатрлар, емханалар, т.б.);
б) бірегей,арнайы жобалармен салынатын (театрлар,спорт ғимараттары, әкімшілік ғимараттары, т.б.).

9. Қабаттардың ғимарат кеңістігінде орналасуы бойынша:
Қойылатын талаптар:
1. Мақсатқа сәйкестігі-ғимараттар өздерінің арналуына сәйкес келуі керек;
2. Беріктілік-әр түрлі әсер еткен күштерге төзімділік көрсетіп, өзі сол алғашқы қалпын сақтау қасиеті;
3. Орнықтылық-көлденең әсер еткен күштерге қарсы тұру қабілеті;
4. Жылу ұстамдылық-арналуына байланысты ғимарат ішінде нормативтік температураны бірқалыпты сақтау қасиеті;
5. Индустриалдығы-жаңа технологияны қолдана отырып,құрылыс жұмыстарын автоматты және биік механикаландырылған түрде дайын бөлшектерден ғимаратты жинақтау;
6. Сәулеттілігі,көркемділігі-өңдеу жұмыстарына жаңа материалдарды қолдану, көріністеріне сәулеттік бұйымдарды енгізу,қабырғаның сыртқы беттерінде әр түрлі бөлшектердің дұрыс орналасуы, т.б. арқылы іске асырылады;
7. Ұзақ мерзімділігі-ғимараттың бұзылмай нормативтік мерзіміне байланысты қызмет етуі;
8. Экономикалық талаптар-ғимарат тек салынуда ғана емес, сонымен бірге оны пайдаланғанда да үнемді болуы тиіс;
9. Өртке төзімділігі. Отқа төзімділік шегі деп құрылымды отқа сынау мерзімінің басынан бастап,сол құрылымның жанған бетінде температура 140 С жеткенге дейінгі немесе уақыт мерзімін айтады.

2 .Көлемді жоспарлы бөлім
Көлемдік-жобалау шешімдері деп - бұл шешімнің негізі болып қабылданған ғимараттың құрамы мен өлшемін айтады.
Азаматтық ғимараттардың (тұрғын ғимараттардың) негізгі түрі пәтерлік үйлер болып саналады. Жаппай тұрғындық құрылыс типтік жобалар және жұмыс өндірісін индустрияландыру негізінде өркендеуде.
Әр деңгейдегі жанұяларға қоятын талаптарына жеткілікті деңгейде жауап беретіндей және де біріншіден бөлмелерінің көлемдері мен саны бойынша айырмашылықтары болатын түрлері қарастырылуы қажет.Пәтер түрлері мен өлшемдері жанұядағы адамдар санына байланысты өзгереді.
Пәтер үйлер екі түрге бөлінеді:
1) аз қабатты үйлер- әр пәтермен тығыз байланысқан учаскелері бар
2) қалалық түрдегі үйлер-жер учаскелері жоқ.Мұнда тұратын халықтың демалуы үшін,тұрғын аудандарда жалпылай пайдалану үшін аумақты көгалдандыру қарастырылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлер өзінің көлемді-жоспарлық құрылымына байланысты :
1. бөліктелген секциялы
2.дәлізді
3.тізбектелген үйдің өн бойына салынған балкон
Мұндай үйлер тұрғын құрылысында 80 % бөлігін құрайды.Тұрғын үй бір немесе көп бөлікті болып келеді.
Соның ішінде менің тұрғын үйім көп пәтерлі бөлектелген секциялы қатарына жатады.
Менің алып отқан азаматтық ғимарат- екі қабатты үш секциялы тұрғын үй. Жобаланып отырған тұрғын үй тіктөртбұрыш жоспарда.,
Көлемдік-жобалау шешімі бойынша берілген жоба ғимараттың классы келісім бойынша ІІІ, ұзақ мерзімдігі - ІІ, отқа күймейтіндік дәрежесі - ІІІ.

3.Құрылымдық шешімдер
Көтеруші және қоршаушы құрылымдардан тұратын кез келген ғимарат немесе имарат өз массасын және оған әсер ететін жүктемелерді және сыртқы ықпалдарды негіздікке түсіреді.
Ғимараттың табиғи негіздігі деп ол тұрғызылған топырақ қабаты аталады.Егерде топырақтың механикалық беріктігі болмаса,онда жасанды негіздік құрылғысына сүйенеді (мәселен,құмды тұғырықтар). Негіздіктің мақсаты-ғимараттың тірегі қызметін атқару және оның барлық жүктемелерін қабылдау.
Ғимараттар құрылымдары бойынша былай бөлінеді:
а) қаңқасыз немесе қабырғалық-бойлық және көлденең көтеруші қабырғалы;
б) қаңқалық-толық емес және толық қаңқалы;
в) көлемдік элементтерден түрғызылған-бөлмелер немесе пәтерлер;
Іргетас-бұл ғимараттың жер бетінен төмен орналасқан бөлігі; ол ғимараттан түсетін жүктемелерді қабылдауға және оларды негіздікке беруге қызмет етеді. Іргетастың төменгі бөлігі табан деп аталады.
Қабырғалар деп ғимараттардағы іргетастардан басталатын тік көтеруші және қоршаушы құрылымдар аталады.Оларды орналасуына қарай сыртқы және ішкі қабырғаларға бөледі. Қабырғалар бәрінен бұрын бөлмені сыртқы ортадан қоршауға және шектес бөлмелерді бір-бірлерінен бөлуге арналған; өз салмағынан өзге әр түрлі жүктемелерді көтеруші қабырғалар күрделі қабырғалар деп аталады.
Ғимараттарды материалдары бойынша бөлу шартты сипатты болып келеді,өйткені тек қабырғалардың материалдары белгі болып табылады. Дегенмен қабырғалар ғимараттың, олардың сыртқы түрлерін қалыптастыратын негізгі құрылымдарының бірін құрайды,сондықтан қабырғалардың материалы да ғимаратты материалдар бойынша жіктеудің белгісі болып табылады.
Жекелеген тіректер, ғимаратта едәуір бос алаң талап етілсе, ішкі күрделі қабырғаларды ауыстырады. Бұл тіректер тіреулер, бағандар немесе ұстындар деп аталады да, ғимараттың жоғарыда орналасқан элементтерін ұстап тұруға арналады. Аражабындар жүктемелерді (адамдардың, жиһаздардың,жабдықтардың және т.б. салмағынан) қабылдайды және ғимаратты биіктік бойымен қабаттарға бөледі, Бір қабаттың бөлмелері өзгесінен қабатаралық аражабындармен бөлінеді.
Олар күрделі қабырғаларға немесе жекеленген тіректерге тіреледі және үстінен тек еденмен, төменде-төбемен (үй төбесімен) шектеледі. Үйасты қабаты үстіндегі аражабын үйасты қабатүстілік,шатырастытабандық аражабын-шатырастылық деп аталады.
Төбе деп ғимаратты үстінен шектейтін элементтер кешені аталады;ол мынандай негізгі екі бөліктен тұрады: көтеруші (итарқа, фермалар, арқалықтар,тоғыстар, жақтаулар және басқалар ) және қоршаушы (жабындар).
Шатырлық аражабын кей ретте үлкен аралықты кезінде тікелей төбемен байланыстырылады. Сонда төбе шатырлық аражабынмен төбежабын тудырады. Соңғы кездері азаматтық ғимараттарда мансардалық қабат тудыра отырып, шатырды жасау сиректеу қолданылады.
Бұл жағдайда, шатырлық аражабындар және төбелер қызметін өзіне біріктірген элементтер кешені де төбежабынды немесе қосарландырылған төбені тудырады.
Төбе мен төбежабын ғимаратты әр түрлі табиғаттық әсерлерден (жауыннан,қардан,желден, күн сәулесінен және т.б.) сақтауға арналған. Шатырлар сондай-ақ оған әсер ететін барлық жүктемелерді қабылдайды және оларды күрделі қабырғалар, жекеленген тіреулер және іргетастар негізге береді.
Баспалдақтар қабаттар аралық, сондай-ақ көшелер және аулалар арасындағы қатынас үшін қызмет атқарады: олар баспалдақ торларында орналастырылады..
Арақабырғалар ішкі тік қоршаулар болып табылады және бөлмелерді бір-бірлерінен бөлуге қызмет етеді. Арақабырғалардың ішкі күрделі қабырғалардан айырмашылығы әдетте, өз салмағынан өзге, ешқандай жүктеме көтермейді.Соның ішінде менің алған қабырға түрі -үш қабатты темірбетон панельдер,қалыңдығы 350 мм,ішінде базальтты тақталардан жасалған жылу оқшаулағыштар орналқан.
Ішкі тасымалдауыш арақабырғалар- пәтераралық темірбетон 160 мм қалыңдықпен, бөлме аралық темірқұйматас қалыңдығы 120мм.
Терезелер бөлмені табиғи жарықпен жарықтандыруға қызмет етеді. Терезе ойықтары шынылық элементтермен-жақтаулармен салынады.
Есіктер ғимараттың қабырғалары мен арақабырғаларында кіру және шығу үшін,сондай-ақ, бір бөлмеден екіншісіне өту үшін жасалады.
Қақпа көлік құралдарын өткізу үшін орнатылады.
Фонарлар шатырлар немесе төбежабындардың үстінде жоғарыда орналасқан,шыныланған немесе пердешелермен жабдықталған құрылғы түрінде болып келеді.Фонарлар бөлмені жоғары жағынан табиғи жарықпен жарықтандыруға, ал кейде оларды желдетуге де арналады.
Тұрғын ғимараттардың құрылымдарын жобалау кезінде:
-техникалық-экономикалық тұрғыдан алғанда оңтайлы құрылымдық шешімдерді таңдау;
-жергілікті құрылыс материалдары мен бетондарын қолдануды қарастыру;
-сыртқы қоршау құрылымдарының, құрылыстың жергілікті климаттық,материалдық өндірістік жағдайлар және ғимараттың сәулеттік шешімдеріне қойылатын талаптар ескеріліп, өзараалмасушылық қолданылу мүмкіндігін қарастыру;
-құрылымдарды дайындауға және ғимаратты, оны пайдалану кезінде жылытуға арналған энергетикалық шығындардың ең кіші шығынын талап ететін техникалық шешімдерді қолдану ұсынылады.
Құрылымның материал сыйымдылығын төмендету мақсатымен;
-ғимараттың,құрылымның көтерушілік қабілеттілігін толық түрде пайдалануға,мүмкіндігінше, бетон класын төмендетуге және ғимараттың биіктігі бойында, құрылымдарды арматураларды өзгертуге мүмкіндік жасайтын құрылымдық жүйелерін қабылдау;
-ғимараттың жүйесіндегі құрылымдардың элементтерінің,оларды құрастырмалы элементтерін құрылымдық біріктіруді,қабырғалардың ойықтармен бөлінген учаскелерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпішті тұрғын үй
Арман елді мекен территориясын жоспарлау
Жылу жүктемесінің графигі
Коммуникалық бөлмелер
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Көлемдік - жоспарлау шешімі
Алаңдарды және тұрғын аймақтарды жоспарлау және салу
Құрылыс сыныбы
Өрт сөндіру көлігі
Пәндер