Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта көркем шығарма түрлерін оқыту әдістемесі
Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру

Орындаған:Кеңесова Д.Ж. Б-17
тобының студенті
Тексерген:Касимова А.Ж.

Қарағанды-2021жыл.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім.Бастауыш сыныпта көркем шығарма түрлерін оқыту әдістемесі ... ... .6
1.1 Бастауыш сыныпта оқылатын көркем шығармалардың
түрлері ... ... ... ... ..9
1.2 Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқытуда оқу үрдісінде қолданылатын
негізгі
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2-бөлім Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқытуға қойылатын талаптар,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17
2.1 Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін
оқыту ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

КІРІСПЕ
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге
жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін
айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы,
олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.Көркем шығарма -
әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін
түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық
талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, - деген болатын
әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым
Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл –
оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес.
Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен
жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау
үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан
өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос
сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби
білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін
мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану
қажет.Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның
қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады
деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды
қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен
қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені, игерілуге тиісті ұғым,
сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті
деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше
ықпал етеді.
Зерттеудің өзектілігі: Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының
өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде
дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел
халқына Жолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек
мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі. - деп атап
көрсетті.Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және
қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты
сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп
қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің
алатын орны ерекше.Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне
оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны
бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен
ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс –
тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек.Еліміздің өз тәуелділігіне қол
жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам
басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің
бірі.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби
мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті
білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша
тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту,
қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
-оқушының - көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтасын ояту,
жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
-оқушының сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен
зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
-оқушының ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу,
байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік
ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі,каллиграфия
Зерттеу нысанасы: көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттыру
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімнен,
пайдаланылған әдебиттер тізімінен тұрады.

1-бөлім.Бастауыш сыныпта көркем шығарма түрлерін оқыту әдістемесі

Өлең-шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен,
шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің
түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең
мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса,
тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ
ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік,
наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау),
әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи
өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса
күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу,
теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан
саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың
құрылысы. Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-
бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен
байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-
аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды
жалғасуына байланысты. Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы
сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-
әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып
қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай
шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не
нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып
бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі
өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен
айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:Сюжеттің басталуы (уақиғаның
басталуы).Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.Оқиғаның шарықтау
шегі.Оқиғның аяқталуы (шешімі).Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып
төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін
мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы
семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген
нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі
және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану,
герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған
мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Мәтінді
қазіргі семиотика мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге
болады. В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады:
1) Мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (құрылымдық поэтика тезисі)
2) Мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын
бірліктер мотивтер ретінде айқындалады (мотивті талдау тезисі)
3) Мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау)
4) Мәтіннің әрбір жекелеген және үстірт көрінісінің астында мифологиялық
сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т.Юнгтің аналитикалық
психологиясы)
5) Мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа
түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы)
6) Бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін
дүние семантикасы)
7) Мәтін – қатып,семіп қалған дүние емес, ол автор мен оқырман және мәдени
контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).Мәтін мен шығарма ұғымдары
синоним емес. Мәтін – образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан
оқылғанда ғана шығармаға айналады. Шығарма өзін көркемдік тұтастықта
танытады. Яғни оның өзіндік шекаралары бар.Көркем шығармалар— жазушының
өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап,
қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер
бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада
сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен
жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды
организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады.
Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары
көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды,
жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-
дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы
суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік
образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет
жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін
айқындауда маңызды роль атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы
қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары
бейнелеулер арқылы көрінеді.

1.1 Бастауыш сыныпта оқылатын көркем шығармалардың түрлері

Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған.
Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге
көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға
беріледі, сөйтіп оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын
қалыптастырады.Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш
сыныптарда олардың өзіндік әдістемесін қажет етеді.Ертегілерді оқыту. Халық
әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте
жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-
ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да
ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар
көрсетіледі.Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу
арқылы балалар қарапайымдылық, қішіпейілділік, қайырымдылық адалдық сияқты
қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен
бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда,
ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық
төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы
тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы
талап етіледі.Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты
нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан
оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы
білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір
толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні
шығарма жұмысы.Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма,
оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма,
сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген
әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;
4. Оқыған – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу
8. Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу
9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты толық аша білу;
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай
орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға,
кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын
үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.

Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін
негізінен 4 салаға бөліп қарайды.
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2. Ой – пікірдің жүйелілігі;
3. Стилі;
4. Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
1. оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс –
бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.Шығарманың
идеялылығы мен мазмұндылығына
2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің
мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.
3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі,
сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты
мәселелер жатады.
4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар
қаралады. Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған
жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір жол төменірек
жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы эпиграф алынған туындыны
көрсеткісі келсе, автордың аты – жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын
тырнақшаға алып жызады.
3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф болмаса,
тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте қойылады.
4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. (рим
сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша қойылмайды).
а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен белгіленген,
кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан кейін нүкте қойылады. Әр
пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр
бөлшек әріппен белгіленіп, жақша арқылы жазылады. (екі бөлшектен кем болмау
керек).5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі жолға
жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен әріптердің асты ашық
көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.

6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің бөлшектері болса,
қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына нүктелі үтір қойылады. Содан
кейінгісі жаңа жолдан басталып жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте
қойылады. Келесі бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.
8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі
керек.
9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
10. Егер шығарма авторы жоспарды дәйексөздермен (цитатамен) берсе, дәйексөз
тырнақшаға алынып, соңына оның авторы жақшаға алынып жазылады.
11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн –
араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Ғасырды араб
санымен көрсетуге болмайды, дей тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал
жасамайды.Ескерту: диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді
көрсететіндері де сөзбен жазылады.
13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне
байланысты барлық ережелерге сүйену керек. Өлеңнен алынған үзінді жолдың
ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шығарма жаздыру- балаға білім беру ісінің ең
күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де, сыныпта да
жаздырады. Бағдарламада шығарма жаздыру сағаттары берілген. Тақырыптың ауыр-
жеңілдігіне, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шығарма жазудың уақыты
белгіленеді. Мысалы, сыныпта – 2-3 сағат, үйде – 1 апта, не 10 күнге
дейінгі мерзімге беріледі.Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген
оқушылармен жұмыс жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға
көмектеседі. Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып,
ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне түсіріп,
шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса, сыныпта немесе
қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасайды. Кейде оқушылардың пікірі,
ойына ерік беру керек. Қай тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды-
өздері шешсін. Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе- оқушының сол тақырыпты
білуіне ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен жеткізу
қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі мәселелерді дөп
тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады.
Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлықты, зеректілікті қажет
етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер
төгуі қажет.Шығарма жазуда жоспардың жай, күрделі түрлері пайдаланылады.
Егер оқушы шығармасының мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа
сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па оны негізге алмау керек. Эпиграф жайлы
да осыны айтуға болады.Шығарма – оқушының білім деңгейін көрсететін
шығармашылық жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей
алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.

1.2 Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқытуда оқу үрдісінде қолданылатын
негізгі әдістер
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін
дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру,
адамгершілік қасиетін қалыптастыру. — деген болатын әдебиет зерттеуші –
ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет
сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау
деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан
қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай
жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың
жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына
елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту –
мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық,
адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс
– тәсілдерді орнымен қолдану қажет.Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың
біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем
туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы
мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген
әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем
шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын
қарастыруы керек.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық,
интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби
мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті
білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша
тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту,
қалыптастыру болып табылады.

— көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары
эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз
болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып
сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін
дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық
танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді
оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған.Оқушы тілін
дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік
қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге
де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске
алатын мәселе — өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы,
сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл
пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа
пәндерге қарағанда әр түрлі.Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем
туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем
туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың
өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы,
тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай
оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл
оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.Қазіргі әдістемеде
талдау жасаудың 4 түрі:
-Образ бойынша;
-Тақырыптық;
-Тұтас;
—Автор ізімен .
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа
әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын
меңгерту тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық
ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру.Көркем
туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын,
ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы
шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз
жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін
әдістің бірі – проблемалық талдау.Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы
дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді
қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б.
негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz