Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері


Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында ойын әдістерін қолдану.
Орындаған:Абдоллиева А.
Тексерген:
Орал-2022жыл.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-бөлім. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері . . . 4
1. 1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану . . . 7
1. 2 Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы баланы субьект ретінде қалыптастыру . . . 11
2-бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі . . . 16
2. 1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері . . . 22
2. 2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану ерекшеліктері . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Еліміздің болашағы білімді саналы ұрпақ. Білімнің негізгі түбі-бастауыш мектептен басталатыны анық. Бастауыш мектепте оқушы білімін дамытып, қабілетін ашады. Оқу үрдісінде білім берудегі кейбір сабақтар оқушылардың пәнге деген құлшынысын төмендетеді. Әсіресе бастауыш сыныптарды оқыту барысында оқушыларды қызықтыратын, белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ұтымды. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін, сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын өзінің ой-пікірін жеткізе алуы үшін, осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі-әртүрлі ойындар.
Зерттеу жұмысының мақсаты:бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағындағы ойын-әдістерін жинақтау.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталады.
1. ойын әдістерінің мазмұнын ашу;
2. ойын әдістері туралы зерттеулерді жүйелеу;
3. ойын әдістерінің практикада қолдану деңгейі.
Зерттеу объектісі:бастауыш қазақ тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу пәні:бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарындағы ойын-әдістерін қолдану.
Зерттеу әдістері:ойындарды ғылыми әдебиеттен жұмыс әдісі, қолдану, бақылау әдісі.
Зерттеу құрылымы:кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында ұлт ойындарын сабаққа сәйкестендірітіп, ойнатуға болады. Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. Метод - грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқу әдісі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі. Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз - олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рөлді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және әдіс-тәсілдерге төселген шеберлік талап етіледі. Ал, оқушылыр болсаоқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық мақсаттарға жете алады. Оқытудың тиімді методикасының дидактикалық шарттарының бірі оқыту әдістерін дұрыс таңдап ала білу. Бұл ыңғайда мұғалім информациялық және ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Бірінші әдіс бойынша мұғалім бағдарламалық жаңа материалдарды баяндап түсіндіреді. Екінші әдіс арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне жағдай жасайды. Сөйтіп оқыту мен оқу методтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Яғни информация методы оқушылардың түсінуі мен білім меңгеруіне жағдай жасайды да ұйымдастыру әдісі оқушылардың білімді меңгеру үстінде ізденіске талпынуын тудырады. Мысалы: «Қоржын» ойыны қазіргі тәрбие сағаттарына сай өзгертуге ыңғайлы. 2-сыныпта қайталау сабақтарында осы ойынды ойнатуға болады. 10 асық алып, оны 1-ден 10-ға дейін нөмірлеп, қожынға салып қоясың, сол нөмірге сәйкестендіріп, конверт дайындап, өтілген тақырыптарға байланысты суреттер, сұрақтар салып, ойынды жалғастыруға болады. Дидактикалық ойындар - оқытудың неғұрлым белмсенді түрі. Дидактикалық ойын деп - шартты жағдайларды, болған іс-әрекетті көрсетуді айтады. Дидактикалық ойынға, алға қойған мақсатқа қарай, әртүрлі ара қатынасты бейнелей көрсету үшін оқиғаны рөлдерге бөле көрсетіп орындау керек. Дидактикалық ойынға қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады, сөйлегенде, іс-әрекет жасағанда өзін ұстай білуге тәрбиелейді. Оқушылардың талпынысы, өз-өздеріне сенімі, балаларды оқытып, тәрбиелеудің неғұрлым нәтижелі амалдарын іздестіріп, педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ынтасы артады. Дидактикалық ойындар - кәсіби, үйретуші, педагогикалық, шығармашылық ойыны. Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың артықшылығын мынадан көруге болады.
1. Оқыту міндеттерін шешуге барлық топ оқушылары қатысады.
2. Ойын оқушылардан тақырып бойынша кең білім деңгейін талап етеді.
3. Оқушылардан бұрын өтілген материалды қайталауға, пысықтауға, тереңірек оқуға мүмкіндік туады.
4. Оқушыларды білім, іскерлік, дағдыны меңгеру көзделеді.
5. Ойын барысында барлық оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы қамтамассыз етіледі.
6. Оқушылар ұжымен жұмыс істеуді үйренеді.
7. Дидактикалық ойынның маңызы ерекшелігі оқытушының атқаратын қызметі. Дидактикалық ойынды жүргізуді жоспарлағанда, оның мынадай элементтерін бөліп көрсетуге болады:
1. Педагогикалық міндет;
2. Педагогикалық жағдай;
З. Рөлдерге бөлу;
4. Ойынның өткізілу кезеңдері;
5. Ойынның ережесі.
Енді әрқайсысына жеке тоқталсақ;
Педагогикалық міндет ойынға қатысушыны неге үйрету керектігін анықтайды, яғни оқушы не істеу керектігін біледі, ал ойын барысында не істеу керектігін үйренеді. Сондықтан міндетті анықтағанда оқушының әрекетінің бірізділігіне, жүйелігіне көңіл аудару қажет, яғни ойын нәтижесіне ол педагогикалық қызметтің бір түрін меңгеріп шығуы керек. Ойын және ондағы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болғаны дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды. Ойындағы рөлдер - мұғалімнің, тәрбиешінің әлеуметтік рөлі. Дидактикалық ойын барысында қабылданатын шешімдер нақтылы рөлді нанымды етіп ойнаудан көрінеді. Ойын ережесі - ойнаушыларға қойылатын талаптар, нұсқаулар. Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нұсқаулар қойылатын мақсатты жүзеге асыратындай болуы керек. Нұсқау - белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларына ойын қуаныш пен шаттық сезім әкелуі тиіс.
1. 1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты - ойын технологиясы арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру . Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан
бастауыш сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.
Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
күрделеніп отырады. Мысалы, бірінші сыныптарда қарапайым ғана ойын
түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай
болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: бастауыш сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері тақырыпқа сай алынған, тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы: сабақта жаңа дыбыстармен танысуда, «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға жұлдызшалар беріледі. Кім көп жұлдыз жинайды, сол жеңеді. Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады. Ә дыбысы мен әрпін
өткенде, «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. Мысалы: Ә-КЕ, Ә-ЖЕ, Ә-КЕЛ, Ә -ДЕ-МІ т. б. Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді айту, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін, «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіземіз. Мұғалім бір оқушының алдына сақина қояды да «кі» - деп дауыстайды . Сақинаны алған оқушы «тап»- деп дауыстайды. Сонымен кітап сөзі шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек. Мысалы: тақ-та, мек-теп, ал-ма. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын оқушылардың
сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Олар :
-Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыру;
-Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
-Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге. Ойын оқушыларының тілді үйренуге деген сенімдерін оятады. Рөлдік ойындарда рөл барлық балаларға бірдей тиімді. Бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі, өздерін және бір-бірін бағалайды. Ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Мысалы: бастауыш сыныптарда, «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», «Дүкенде», «Базарда»деген рөлдік ойындарды жаңа сабақты қорыту, үй тапсырмасын және сөздікті тексеру үшін қолдануға болады. «Базарда» рөлдік ойын (2-сыныпта «Жидектер. Жемістер. Көкөністер». тақырыбы) :
- Сәлеметсіз бе!
- Картоп, сәбіз, пияз қанша тұрады?
- Картоп 70 теңге, сәбіз 50 теңге, пияз 45 теңге.
- Мына жеміс-жидектер де сіздікі ме?
- Иә, менікі.
- Алма, алмұрт қанша тұрады?
- Алма 180 теңге, алмұрт 200 теңге.
- Қымбат екен.
- Базардың бағасы -осы.
- Маған алмадан -2кг, алмұрттан-1кг.
-Міне, алыңыз.
- Рақмет!
Сондай ақ бастауыш сыныптарда қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын тіл дамыту сабақтарында, ойын шарттарын өзгертіп қолданамыз. Мысалы: «Айгөлек», «Түйілген орамал», «Жүзік салмақ», «Ақ сандық, Көк сандық». Бұл ойындар баланың тілге деген қызығушылығын арттырады. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді. Сонымен қатар біздің мектеп - лицейде «Жұлдыз», «Нұр» деген үйірмелер бар. «Нұр»үйірмеде бастауыш сынып оқушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады(ертегілер, пьесалар, шағын көріністер көрсету, қазақ әндерін айту, салт-дәстүрлермен танысу) . Осы жұмыстардың бәрін мектеп- лицейдің сахнасында көрсетіледі. Ойын технологисында жетістікке жетудің негізгі факторлары: мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, әр түрлі ойын элементтерін тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету. Аталған технология оқушының белсенділігін арттырады, өзара көмек көрсету, жауапкершілік, яғни тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
1. 2 Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы баланы субьект ретінде қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады ойын түрін қолдану оқушыларға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау ұтымды. Сынып оқушылары түгел қатысады. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:
1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2. Оқу дағдысын қалыптастыру;
3. Орфографияны дұрыс игеру;
4. Лексиканы меңгерту;
5. Грамматикалық құрылымды меңгерту;
6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағаланады. Сабақ тартымды болуы үшін әртүрлі ойындарды дұрыс қолдана білген жөн. Сонда ғана ойын қызықты да нәтижелі болады. Ол үшін ойын түрлерін дұрыс таңдап алу керек. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Тіл сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыпты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде екі-бес минут көлемінде жүргізіледі. Тиімді пайдаланылған ойын элементтері -мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, қатесіз орындай алады. Ойын оқушылардың грамматиканы меңгеруіне, жазу тілін дамытуына мүмкіндік береді. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуына көмектеседі. Сонымен қатар түсінбегенін түсінуіне әсер етеді. Ойынның көптеген түрлері бар.
1. Ой-өрісін дамыту ойындары(грамматикалық, дидактикалық материалдағы ойындар)
2. Қимылды әрекет ойындары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz