Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістері

Орындаған:Абдуллаева Л.Ж.
Тексерген:

Орал-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... .8
1.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Бастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша
оқыту ... ... ... 16
2-бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін
пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20
2.1 Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ..22
2.2 Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды
игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі
ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір
сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына
икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте
әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты
меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған
байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға
деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін
мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту
қажет.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды
сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын,
пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу — деп атап
көрсеткен.Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін,
логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі
әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса
назар аудартады. Мектепте оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат –
оқушыларға саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді
өздігінен меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай
іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқу-тәсілдерін, білімді меңгеру
процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына себебін тигізетін әдістерді
қолдану жолымен жүзеге асады.
Мақсаты:Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістеріне толық анықтама
бере отырып,оқушыларға ақпарат беру. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі
материалдарын меңгертуде пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдерді жүйеге
түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.
Міндеттері:
-оқу процесін ұйымдастыру әдістері;
-оқушыларын үйренетін білім көздерінің әдістері;
-нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістерді атқаратын қызметіне қарай
топтастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

Қазақ тілі пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін
халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған
іргелі міндеттеріне сай, және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық
үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру
саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып мемлекеттік тілді
оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.Бастауыш сынып
оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым
құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын
қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-
мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік
туғызу - негізгі ұстаным болып табылады.Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі
тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу
үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс
жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс
істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында
оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі
пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға
қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Сондықтан да орыс тілді мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру
бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың
тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің
шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Оқу орыс тілінде жүретін
мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу
дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік
тілді меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың
озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.Қазір білім саласында
оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру
өте – мөте қажет деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту
әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір
шарты.Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау,
өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне
оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын
пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері
өзара тығыз байланыста болу керек.
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша
жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде
еркін қарым - қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым - қатынас
жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ф. Ш. Оразбаева өзінің
Тілдік коммуникация негіздеріатты еңбегінде: Коммуникация – қарым -
қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре
келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін,
тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым -
қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді,- деп атап өтті.Ал осы
коммуникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген жөн.
Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым - қатынасты қамтамасыз ететін,
белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды
хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым - қатынастық мәні бар бірліктер.
Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға
стандартында бұл қатысымдық тұлғалар - тілдік дағдылар деп аталған.
Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу
әрекетін қалыптастырады.Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім
деңгейі, ой - өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын,
туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ
тәрбиелейміз.Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын
қалыптастыра отырып, еркін қарым - қатынас жасауға, сын тұрғысынан
көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ
тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне
қажетті мәліметті ала алады.

1.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқудың мақсаттары, маңыздылығы туралы
студенттерге мағұлмат беру. Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқудың
жолдарын,оқыту үдерісін дамыту. Қазақ тілі пәнін оқытудың түпкі мақсаты –
мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл
нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру Қазақ
тілі пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын,
басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен
дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны
қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани
мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ
әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің
қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді. Аудио-визуалды оқу
материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі
ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде
білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің
оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой
қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады. Қазақ
тілі пәнін оқу арқылы оқушылар: мемлекеттік тілге құрмет сезімін және
Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады. қазақша сөздік
қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді; қазақша сауатты сөйлеу
дағдыларын қалыптастырады; сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құрау,
айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады; жалпы
дүниетанымдық қабілеттерін дамытады; тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық,
әлеуметтік-мәдени салаларда ьтуындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай
қарым-қатынас жасауға дағдыланады; меңгерген қазақша тілдік білім мен
коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-
қатынасқа түседі; қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады. Қазақ тілі пәнін
оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар: қазақ тілінен оқушылардың ауызша
сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; оқушының
қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту; оқушы мен
мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет
түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану; жоба
әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ
мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді
мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау); өз ойларын еркін айтуға,
жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру; тапсырмаларды өмірлік шынайы
жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін
жетілдіруге баулу; түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды
қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру; өзіндік ізденіс пен қосымша материал
пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау; Не білемін? Не білгім
келеді? Нені үйрендім? түріндегі кері байланысты жүзеге асыру;
рефлексиялық жаттығулар орындату; оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг
жүргізу; оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын
мүмкіндіктер туғызу; оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.

1.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс-
тәсілдері

Қазақ тілі сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды пайдалану барысында
саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту
процесінде төмендегі оқытудың ережелерін басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді оның түсінуі саналы оқытудың
шарты боларын назарға алу
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән мағынасын
терең түсінуін қамтамасыз ету.Қазақ тілі грамматикасынан сын есім тақырыбы
сөз табы ретінде бастауыш үш сыныпта да оқытылады. Бірінші сыныпта
грамматика термині аталмай-ақ, заттың сынын білдіретін сөздер деген ұғым
беріледі.“Қандай?” сұрағына жауап болатыны үйретілді. Оқушылардың сын
есімнен алған осы білімі енді олар екінші сыныпта, “Сын есім” тақырыбын
өткенде еске түсіріледі, қайталанады. Сөйтіп екінші сыныпта таныстырылған
сын есімнің мағынасы және “Қандай?” деген сұрағы жаңа түсінік айтпай-ақ
сұрақ-жауап әдісі бойынша балалардың бұрыннан білетін мағлұматына сүйеніп,
жеңіл таныстырылады. Үшінші сыныпта сын есім туралы жалпы түсінік
беріліп,анықтамасын таныстырғанда да индуктивтік әдіс қолдану жолымен
мысалды оқушыларға схема арқылы талдата келіп, олардың бұрыңғы білімін
сабақтастыра отырып, қорытынды шығару қиын емес. Осылайша, грамматиканың
көптеген материалының өзара байланыстылғының дұрыс таба отырып, сабақтастық
принципіне негіздеп түсіндіру немесе жаңа тақырыпты түсіндірумен бірге
оқушының бұрын үйренген материалын қайталап отыру – ұтымды әдіс. Көрнекі
құралдарды пайдалануда сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін рындалатын
ережелер:
- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп отыру
- Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескеріп
отыру
- Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру
Әрбір бастауыш сынып мұғалімдері көрнекі құралдарды пайдалану барысында
білімді беру, тәрбиелу және дамыту қызметінде аталған дидактикалық
принциптерді басшылыққа алып пайдаланса, мақсаттың орындалғандығы деп
білуімізге болады. Қазақ тілі сабағында өтіліп отырған материалдың ішіндегі
ұғымға,құбылысқа, ой өрісіне оқушының көңілін баса аударту арқылы оны дұрыс
таныту, танымын қалыптастыру, түсінігін тұрақтандыру, ойын жетілдіру,дамыту
үшін мұғалімнің тарапынан көрсетілетін ұсыныстың, берілетін нәрселердің,
заттардың көрінісін көрнекілік дейміз де, соның жеке алынып,даярланып,
ретке келтіріліп, арнайы жабдықталып, формаға түсіріліп, оқушыға ұсыныстың
түрін, материалды көрнекі құрал дейміз.Сабақ олардан бұрын өткізілетін
тақырыбына арнайы жаңа материалдарына схема, таблица, плакат даярлап, соны
сүйеніш ете отырып, жаңа материалды түсіндіруге не қайталап пысықтаса,
практикалық жұмыстар жүргізсе, ол көрнекі құрал болып есептеледі. Сонымен
бірге бұл көрнекілік деп те аталады. Бұдан аңғарғанымыздай көрнекілік ұғымы
кең де, ауқымды.Бастауыш сыныпты қазақ тілі сабақтарында өзге де пәндер
секілді оқу процесінде пайдаланылатын көрнекіліктерді қарастырған әдіскер
ғалымдар (Б.Құлмағанбетов “Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды
пайдалану”
А.1984, 18-32, Ж. Адамбаева “Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау”
А.1988) У. Уәисова “Бастауыш кластарда морфологиялық ұғымдарды оқыту”
1994,Қ. Бадираков, М,. Қараев.Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті.
Алматы – 1973, Р. Әміров “Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау”
А.1994, О. Байқуатова “Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту”
Н. Өренбаева “Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алты еңбегінде негізінен
көрнекі құралдарын көрсетеді”
1.Көрнекі құралдар
2. Техникалық құралдар
Көрнекі құралдардың төмендегідей түрлері бар: затты көрнекілік,
графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация
жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, альбом, лото, түрлі
дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар.Бастауыш сыныпта қазақ тілі
сабақтарында бағдарламалық тақырыптарына арналған сабақтардың қай-қайсысы
болса да, көрнекіліктерді қолданып,табысты өткізуде, оқытуды, жиі қолданып
жүрген көрнекі құралдардың түрлері өте көп. Сондықтан қазақ тілі
мұғалімдері оқытуда жиі қолданылатын көрнекі құралдарды зерттеп, оларды
сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда тиімді пайдаланып, отыру үшін, олардың
қандай түрлері бар екенін жақсы біліп, кей жағдайларда қолдан жасап
пайдалануға көңіл бөлу керек. Әрине, сабақта қолданылатын көрнекіліктердің
барлық түрлерін қолдан жасау мұғалімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен
мұғалімдер сабақты жиі қоданатын, қазақ тілі кабинетіне ілінетін көрнекі
құралдардың кейбір түрлеріне тоқтала кетпекпіз.Қазақ тілі сабақтарында жиі
қолданылатын көрнекі – кесте. Ол не схема,бұрын таныс емес граммматикалық
материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.Қазақ
тіліндегі кетелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық,фонетикалық,
орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді.Қазақ тілі
сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфографияларды дұрыс жазып үйрену
үшін пайдалы. Мысалы жұрнақ – жалғау жалғанғанда өзгерістерді графикалық
схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға тыныс тілдік материалдарды схема
арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз
немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге болады.Кейбір
грамматикалық тақырыптарда қазақ тілін оқытуға байланысты динамикалық
көрнекіліктер де қолданылып жүр. Мысалы, сөз тудыру,синтаксистік синонимдер
тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы көрсетіп
жүр.Жылжымалы динамик арқылы көрсету бастауыш мектеп мұғалімдеріне үлкен
жеңілдік жасайды.Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты,
көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа (тұтас
қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта
жасалады.Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық
білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.Оқушылардың өзге пәндермен байланысты
оқытуды негізге алып, бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында
қазақ тілі сабақтарында түрлі
түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ
оқушының белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі-түсті
сериялы суреттер магнит тақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем
құрату, мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді.
Текстік таблицалар. Олардың – міндеті шебер құрылған сөйлеммен немесе
таңдап алынған ықшам мәтінмен мазмұнын ашып беру, ойды соған
шоғырландыру.Таблицаны қолдан жасап, сабақта пайдаланып мектеп
тәжірибесінде жиі қолданылады. Қазақ тілінің таблицалары алынған мәтіндегі
ойдың топталуына қарай жай таблица және күрделі таблица болып келеді. Жай
таблицада белгілі бір объектіге назар аударылатын болса, күрделі
грамматикалық таблицада топтап берілген бірнеше объектіге көңіл
аударылады.Таблицалық көрнеклікте мәтіндер грамматикалық категориялардың
мазмұнын аша отырып, сонымен іштей байланыста болады. Осылайша таблицадағы
мәтіндердің төңірегінде әңгімелесу, оны оқушылардың түсінігіне жеткізу, сөз
жоқ, үйретіп отырған фонетикалық немесе морфологиялық ұғымдарын тез
қабылдауды және ойландыруды жеңілдетеді, бекіте және тереңдете
түседі.Плакат көрнекілігі сабақта талдау жүргізгенде, өткен материалды
қайталау кезінде, оқушы білімін байқау үстінде көбірек қолданылады. Тақтаға
бірнеше сөйлемдер жазып, мысалдар теріп жатқаннан гөрі, алдын ала плакатқа
әдемілеп жазылып қойған сөйлемдерді талдаудың тиімді екені даусыз. Плакат
жасауда бірнеше түрлі мақсаттар кездесетін болғандықтан, соған орай олардың
түр-түрі белгіленеді.
а) оқушылардың сөз байлығын молайту мақсатында тиімді жасалатын плакат
ә) грамматикалық белгілерді анықтауға арналған плакат
б) теріп жазу диктантын ұйымдастыратын плакат
в) жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат т.б.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді берілутәртібімен көрнекі плакат етіп
жазып, сабақта оқушылардың әріптердің түзілу ретін, баспа түрін (бас әріп
пен кіші әріпті) әріптердң қалай аталатынын түсіндіруге болады.Үлестірмелі
карточка да көрнекіліктердің бір түріне жатады. Қазақ тілі сабағында
үлестірмелі карточкалар жиі қолданылады. Бұл – оқушылардың ынтасын
арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, жеке сөздерді ауызша және жазбаша
талдап, дағдыландыратын белгілі бір грамматикалық форманы практикада
қолдана білуге үйрету мақсаттарын көздейтін көрнекі құралдардың
бір түрі. Үлестірмелі карточкалар жеке оқушылармен жұмыс істеуге өте
ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды “Мнила”, “Сөз құрамы”
тақырыптарын оқуыға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген қима
карточкалар арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулер нақты лексикалық
мағынасын түсіндіру тиімді.Берілген материалдағы тапсырмалар суретке сай
болуы керек. Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық және
пунктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге пайдаланып
жүр.Тақырыпқа арнайы түрде жазылған карточкалар мұғалімнің күнделікті
жұмысын жеңілдетіп, оқушыларға аз уақыттың ішінде әртүрлі тапсырмалар
беруге көмектеседі. Сонымен қатар, оқушыларға сан алуан практикалық
дағдыларды меңгертуге, олардың ой-өрісі мен сөйлеу тілін үздіксіз дамытып
отыруға жәрдемдеседі. Карточкаларды кезкелген бастауыш сыныпта қазақ
тілінен бағдарламалық тақырыптар бойынша жасап алу қиыншылық тудырмайды.Г.
Уәиісова “Бастауыш класстарда морфологиялық ұғымдарды оқыту” атты
еңбегінде бастауыш сыныптарда тілдің морфологиялық жүйесін оқытуда
қолданылатын көрнекі құралдарды (кесте, сызба, компьютерге арналған
перфокарталарды т.б.) қолдану мақсаттарына қарай үш топқа бөлуге болады деп
көрсеткен.
1. Жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға тілдік құбылысты байқатуға
проблемалық жағдай туғызуға арналған құралдар.
2. Берілген ұғымды пысықтауға балалардың іс-жүзілік дағдыларын дамытуға
арналған құралдар.
3. Берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар т.б.
Бастауыш сыныпта пайдаланылатын көрнекі құралдарды С. Рахметова
1. Сауат ашу кезінде пайдаланылатын көрнекі құралдар.
2. Грамматика сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар деп бөліп
көрсеткен.Сонымен бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында биыл есік ашқан
күнінен бастап жоғарыда көрсетілген көрнекі құралдардың түрлері қолданылып
келеді.Көрнекі құралдар қазақ тілі сабақтарының мазмұнына, сабақтың
мақсатына,оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне , байланысты
көрнекіліктер түрлері таңдалып, қолданып келеді.Негізінен көрнекі құралдар
қандай мақсатқа арналса да, олардың көздеген
мақсатқа сай болуы керек. Қазақ тілі материалдарын оқыту барысында оқу
таблицаларын қолданатын боламыз. Бұл оқылып отырған материалды қажетті
детальға бөле отырып, принципті, керекті мәселелерді айқындап, саралап,
жіктеп, нақтылап көрсету үшін қажет.Тіл материалдарын салыстыра отырып,
талдап түсіндіруде, олардың өзара жақындығын, даралық ерекшелігін, өзара
қатынасын, белгісін көрсету, байқату кездеседі. Педагогикалық тұрғыдан
алғанда оқу таблицасы бейнелеу өнерінің
шығармасына жататындықтан оқушылардың сезімін ерекше әсер ете отырып, оқу
материалын жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу таблицасын
жасауға ерекше мән беруіміз керек. Ол тек, біріншіден көрсетейін деп
отырған объектінің жоғары сапалықпен, оның қажетті детальдары мен
бөлшектерін жан-жақты көрсете білетін болғанда ғана тиімді.

1.3 Бастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту

Қазіргі қоғамда адамдардың ақпараттық сауаттылық деңгейін
жоғарылатумен қатар, қоршаған ортаның әлеуметтік, ақпараттық,
технологиялық өзгерістеріне тез бейімделетін, жаңаша ойлайтын тұлға
қалыптастыру маңызды проблемалардың бірі. Себебі, білім беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас
пайда болды.Әлемде болып жатқан заманауи үрдістерден қалмау үшін, еліміз
барлық жаңалықтарды игеруде. Оған дәлел елбасы Н.Ә.Назарбаевтың пікірі:
Индустрияландыру- бұл бүгінгі бренд, біз ілесіп жүруге тиіс жаңа бағыт.
Мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Бізде электронды үкімет бар, халыққа қызмет
көрсету орталықтары бар. Мұның бәрі Цифрлы Қазақстанның элементтері.Демек,
қоғамдағы қарқынды даму қадамдарының жыл сайын жаңа өмір салтын құруына
орай, мектеп мұғалімдері де орын алған өзгерістерді дұрыс қабылдап, өз
әлеуетін көтеруге ұмтылуы қажет. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісі осы
мүмкіндіктерді дамытуға септігін тигізеді.Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті
білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының
басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып,
оқушының шығармашылығын дамытуға мүмкіндік жасау.Педагогикалық технология
ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің
тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады.Ақпараттық
технология ұғымын ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі В.М.Глушков
ақпараттық технология-ақпарат өңдеумен байланысты ұғым – деп
дәлелдеген.Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков Білім беруді ақпараттандыру
білім беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық -коммуникациялық
технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-
педагогикалық мүмкіндіктерін қолдану үрдісі -деп айтқан болатын. Біз
қарастырып отыған Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
оқушылардың төмендегі мүмкіндіктерін ашады:
-Коммуникациялық қабілеттерін дамыту;
-Ақпарат көздерімен жұмыс жасау;
-Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-Оқу үдерісіне белсене қатысу;
-Оқу мотивациясын арттыру;
-Ақпараттық қоғам жетістіктеріне жақындау.Педагогикалық әдебиеттерде оқыту
технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады.
Әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту
керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы Қалай нәтижелі
оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни
оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Қазақ тілі сабағында кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі –
деңгейлік оқыту технологиясы. Бұл технология оқушылардың ізденушілік,
өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра
түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін
анықтайды.В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:
1-деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей
болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2-деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі
кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін,
қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім
алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау
үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3-деңгей Өз бетінше жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа
тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа
білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне
жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4-деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыланады. Реферат,баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру
тапсырмалары беріледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту барысында мұғалім
оқушыларға әртүрлі тапсырмалар ұсынады. Ол оқушының қабілетіне қарай
іріктеліп жасалады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы ақпаратты өз бетімен
өңдейді, талдайды және шешім қабылдайды.Қазақ тілі сабағында жиі
қолданылатын технологиялардың бірі ойын технологиясы. Оқушылардың тілдік
дағдысын қалыптастыру барысында грамматикалық ойындар қолданылады. Ойын
технологиясы оқушының іскерлік қасиетін қалыптастырады. Әртүрлі
грамматикалық тапсырмалар арқылы ойын сюжеті құрылады. Ойын оқушының тез
ойлай білу дағдысын қалыптастырады. Ойын шарты алдын-ала белгілі болғанмен,
ойын барысындағы күтпеген жағдайларда оқушы тез шешім қабылдай білуге
жаттығады.Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша,
жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас
жасау, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
мәселелерін шешу маңызды.Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті,
мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Мәдени
мұраларды меңгеру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәдени болмысы
қалыптасады. Мәдени мұраларды игеру, әрине тіл мүмкіндіктері арқылы жүзеге
асады.Тіл -ұлт пен ұлттың, мемлекет пен мемлекеттің, адам мен адамның ара
қатынасының негізгі құралы болып табылады. Сондықтан да мектепте қазақ
тілін оқыту маңызды. Ол интеграциялық пән ретінде барлық ғылымдардың
тоғысында дамиды. Қазақ тілін жаңа технологиялар негізінде интерпретациялау
мен модернизациялау заманауи педагогика үрдісінің кешенді
проблемасы.Қазіргі таңда мұғалімдер іс-тәжірибеде инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетіп жүргені аян.
Солардың бiрi – сын тұрғысынан ойлау.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерiнен түзiледi. Осы
технологияны мұғалімдер әр сабақтың ерекшелiгiнет қарай лайықтап қолдануына
болады. Олар: бес жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркiн жазу,
Семантикалық карта, т.б.Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын
байыту арқылы тілін дамытуға болады. Қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда
басты мәселе болып отыр. Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу,
ширау, даму дәрежесі,-дейді ғалым М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты
міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:
1.Сөздік қорын дамыту.
2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру.
3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
4.Әңгімелеуге үйрету.Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының
бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу.
Сабақта оқушылардың тілін диалог, монолог арқылы дамытуға болады.
Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:
-Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден
түсінуі қажет.
-Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруі тиіс.
-Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен
сабақтастыра меңгеру керек.
-Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын,
көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек.
-Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:
-белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді
-белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі
сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне
байланысты.

2-бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін
пайдалану жолдары

Бастауыш сыныпта қазақ тілінен көрнекілік оқушылардың материалды тез
және саналы түрде түсінуін ұйымдастырушымен бірге, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға көмектеседі.Бастауыш сыныпта қазақ тілінен көрнекілік
арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру және тексеру әдістері
Көрнекі құралдар
Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру әдістерінің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz