Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары

Пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Орындаған:Маратова Н. Б.

Жетекші:Темрешева А. Ж.

Орал-2021жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I Теориялық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланып оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшеліктері . . . 6

1. 1 Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда пайдаланудың дидактикалық негіздері . . . 10

1. 2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс-тәсілдері . . . 12

II Практикалық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары . . . 18

2. 1 Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі . . . 26

2. 2 Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік түрлері . . . 28

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

КІРІСПЕ

Дипломдық зерттеудің өзектілігі: Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен. Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

1. Психология, педагогика, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.

2. Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісінде көрнекіліктің маңызын анықтау.

3. Көрнекілік ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау.

4. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарын түрлеріне сипаттама беру.

5. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесін талдау.

Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай көрнекі құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т. б. ) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеу әдістері:

- Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, көрнекілік ұғымының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды;

- әлеуметтік-педагогикалық әдіс (озат мұғалім тәжірибесін зерттеу) ; эксперимент әдісі (анықтау, оқыту, бақылау) ; оқушы әрекетін талдау (салыстыру, жіктеу) .

Дипломдық зерттеу жұмысы : кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Теориялық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланып оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта қазақ тілінен білім беру, бастауыш мектеп өміріндегі

жаңартулар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, бастауыш сынып мұғалімінің қазақ тілін оқыту процесінде дидактиканың принциптері мен заңдылықтарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап алып көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушылары білімін жоғары нәтижеге жеткізу. Бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілін оқыту, кезінде оқытудың әдіс -тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып қазіргі заманғы педагогикалық озық технологияларды меңгерту арқылы білім берудің ұлттық моделін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты тұр. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мектеп оқушыларын бұрынғыдай мұғалімінң өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бастарқызып, бастауыш сынып оқушыларының қабілеті, сұранысына, қызығушылығынақарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі жолындағы ілгерілеу екендігін пайымдаған әдіскер ғалымдар оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалануға ерте кезден баса назар аударуда.

Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский болды. Я. А. Коменский оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалануды оқыту материалдарын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактикалық алтын ережесі деп аталған. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы білімді дамыта келіп, көрнекілік -балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішін, дыбысы, бояуы, арқылы ойлайды деп көрсетті. Оқыту процесінде сөз бен іс, телрия мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекі құралдарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың нәтижесінде қазақ тілі сабағы әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтетінін айтқан ғалымдар А. Бәкірова “Көрнекі құралдарды бастауыш сыныпта пайдалану жолдары”, Н. Оралбаева “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Б. Құлмағанбетова “Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану”, С. Рахметова “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Ә. Қасымбекова “Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары” т. б. еңбектерде бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектесетінін айта келіп, көрнекі құралдарды пайдалану соңғы ғылыми жетістіктер деп дәлелдеді. Ж. Әбиев “Педагогика” деген еңбегінде көрнекі құралдардың сан емес сапасына көңіл аудару керек екеніне тоқтала кетіп, оқушылардың көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді, көз арқылы алғаш мәліметтерді оқушы тез, жеңіл, берік есте сақтайтынына тоқталды. Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылатынын көрсеткен әдіскерлер Б. Баймұратова, Л. Әуешова “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар”, М. Бүрлібаева “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар” т. б. еңбектерінде талқыланды. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік әдісі -бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын саналы түрда түсініп,

есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекі құралдардың мәні зор.

Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады. Көрнекі құралдар оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мәні ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолданып, бастауыш сынып оқушыларының білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін пайдаланудың әдістемесін жетік біліп, жетілдіріп отыруы қажет. Тақырып бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында жоғарыдағыдай ережелер мен талаптарды ескере отырып, оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді тілдік материалдарды терең оқыту, берік есте сақтау ролін зерттеп, бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыныс беруді, әдістемесін көрсетуді негізге алады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды, артына мол қалдырды. Қазақ тiлi - кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн көрсететiн негiзгi белгiлердiң барлығы да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен толық табылады . Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл - елдің барлық аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті. Тәуелсіз Қазақ елінің қазіргі уақыттағы экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Еліміздің кез келген азаматы өз елі мен жерінің тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады. Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың мемлекеттік тілді толық меңгеру екені даусыз. Қазақ тiлi - өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері сөзсіз. Қазақ тiлi - құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi.

  1. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда пайдаланудың дидактикалық негіздері

Қазақ тілі сабағы қазақ тілі туралы білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, сөйлегенді ұғу, дұрыс жазу, жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципі оқушыларға таблица, схема, дидактикалық карточкалар, және әрбір техникалық құралдар қолдану сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады. Бұл принципті жүзеге асыруда, көрнекі құралдардың мүмкіндігі мол. Қазақ тілі сабақтарында түрлі көрнекіліктерді қолдану барысында оқушылар тәрбиелеу мақсатына айрықша көңіл бөлінеді. Демек оқыта отырып білім берсек, білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетіне де орындап отырамыз. Сабақ барысында оқушылар бірлікке тәрбиеленеді, яғни жарыс сабағы кезінде топтың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміз деп санап, жауапкершілікпен қарап оны тындыруға үлесін қосады. Ал, грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін көркем плакатқа жазылған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркемдік және ғылыми мазмұн мәндері арқылы оқушылар адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді. Қазіргі уақытта сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалыққұралдарды пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін арттыру дағдыға айналып отыр. Күнделікті сабақта қолданылатын түрлі көрнеіліктер оқушылардың әртүрлі ойлау әрекеттеріне бейімделеді. Түсіндірілген материалды саналы меңгеруге ықпал жасайды. Оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуде көрнекілік пен техникалық құралдардың әсері өте күшті екені дәлелдеуді керек етпейді. Алайда оқушылардың сезім мүшелерінің бәрін іске қосу арқылы тіл үйретудің мәні зор. Көру, есту мүшелері, ойлау, жазу арқылы моторлы қимыл жасаушы қолды іске қосып, тілдік материалды түсіндіруде оқушының зейінін бір мәселеге аударудың бәрі оқушы сезіміне жан-жақты әсер етуді жүзеге асыруға тиісті. Ол үшін оқушының барлық мүшелерін іске қосатындай амал-тәсілдер құралдар қолдану арқылы сабақты жоспарлаудың маңызы ерекше. Бастауыш мектепте көрнекі құралдарды пайдалану сабақтарында ең қасиетті нәрсенің бірі - әр мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы негізінен, қазақ тілін оқытуда мұғалім оқушының мынадай психологиялық ерекшелігін ескеруі қажет:

1. Сөйлеу процесіндегі ерекшелігі

2. Көру мүшелеріндегі қалыпты жағдайын

3. Есту мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуін

4. Оқушының ана тілін меңгерудегі қабілетін ескеру. Қазақ тілі мұғалімі сабақты психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін, төмендегі жағдайларды ескеруі шарт:

1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Атап айтқанда, бұл мынадай мәселелер: мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегі қарым-

қатынасы, өнегесі, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатал талап қоюымен

бірге, сыйлай да білуі.

2. Көрнекі құралдардың нақтылығы, түсініктілігі оны мұғалімнің

түсіндіру шеберлігі.

3. Мұғалімнің білім деңгейінің терңділігіне оқушылардың сенімділігі.

4. Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы.

5. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа

аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.

6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.

  1. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында көрнекілікті қолданудың әдіс-тәсілдері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz