Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру


Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру әдістері
Орындаған:Тажеякова А. Б.
Жетекші:
Орал-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I-Теориялық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру . . . 5
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын орындаудағы негізгі мақсаттары мен міндеттері, оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары . . . 10
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен үй жұмысын орындатуда ата-ана ықпалы . . . 14
II-Практикалық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері . . . 20
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына үйге берілген тапсырмаларды ұйымдастыру және тексеру әдістері . . . 29
Қорытынды . . . 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды елемейді. ХХІ ғасырдың жас құрылысшысы қазіргі мектеп оқушыларына тиянақты білім беру мен саналы тәрбиелеу жұмысы мектеп мұғалімдерімен қатар ата-аналарға да үлкен міндеттер жүктеледі. Бастауыш мектепте оқитын оқушыларды оқуға деген ынтасымен ұмтылысы жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда анағұрлым жоғары болады. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің басты мақсаты оқушылардың оқуға деген қызығушылығын одан әрі нығайта түсу. Осы мақсатта орындауды талап ету жұмыстары екі жақты яғни мұғалім мен ата-ананың тарапынан жүргізіп отырса ғана оң нәтиже береді. Сондықтан ата-ана баласының бірінші сынып табалдырығын аттаған күннен бастап, оның оқуына немқұрайлы қарамай, ондағы жетістігіне қуанып, тәртібі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге жиі назар аударып отыруы тиіс. Жас жеткіншек отбасынан басқа енді мектептегі өзі оқитын сынып оқушыларының бір мүшесі болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағынан үй тапсырмаларын ұйымдастырудың тиімді әдістерін, білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау, курстық жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру әдістері»деп атадым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқу тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылардың қазақ тілі сабағынан үй жұмысын ұйымдастыруда түрлі формалар мен оқыту әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, мұғалімнің оқушылармен үй жұмысын жасаудағы қарым-қатынасын анықтау, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
-бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағынан үй жұмысын орындауда қолданылатын әдістерді анықтау;
-бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында үй тапсырмаларының дұрыс орындалуына бағыт беру жолдары;
-бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағынан үйге берілген тапсырмаларда қолданылатын көрнекілік әдістер ерекшеліктерін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I-Теориялық бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үйге берілген тапсырманы ұйымдастыру
Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек. Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге бастауыш сыныпта үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді. Білім беру саласындағы бірегей сарапшылардың бірі Альфи Кон “Үй тапсырмасы туралы мифтер” кітабында төменгі сыныптағылар үшін үй тапсырмасының ешқандай маңызы жоқ екенін, жоғарғы сыныптарда да оның пайдасы аз екенін жазады. Алайда онымен бәрі бірдей келіспейді. Том Шеррингтон деген оқытушы бастауыш сынып оқушысына тапсырманы үйге бергеннен пайда аз екенін растады, дегенмен 11 жастан асқан оқушы үй тапсырмаларын орындау арқылы елеулі жетістіктерге қол жеткізетінін айтты. Ал, TMISS зерттеу орталығы әр елдегі оқушылардың үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақытын зерттеді. Нәтижесінде төртінші сыныптағы оқушылардың тек 7 пайызы ғана үй тапсырмасын орындамайтыны белгілі болды. Көптеген ата-аналар үй тапсырмасын баласымен бірге немесе баласы үшін орындайды. Мектеп бағдарламасы ауысып кеткен, ал ата-ананың білімі “ескірген”. Немесе бала тапсырамын орындағысы келмейді, ата-ана оған дұрыс мотивация бере алмайды. Нәтижесінде келіспеушілік, ұрыс-керіс туындайды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үй тапсырмасын ұйымдастыру мәселесі әлі де өзекті болып табылады. Оқушыларға жүктемені азайтатын және олардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін үй тапсырмасының жаңа түрлерін іздестіру маңызды. Мұғалімдер «1-сынып оқушыларына үй тапсырмаларын тапсыруға және қандай тапсырма беруге болады?, үй тапсырмасын орындау барысында оқушылардың дамуын қамтамасыз ету үшін не істеу керек?, сабақ үстінде үй тапсырмасын тексеру қажет пе және қандай тәсілдер арқылы тексеру керек?» деген сұрақтардың жауаптары қызықтырады. Оқыту тәсілдерінің өзгеруіне байланысты үй тапсырмаларын ұйымдастыру мен орындау әдістемесі де өзгереді. Үй тапсырмасының маңыздылығына оқушылардың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау, ішкі қызығушылықтары мен жеке дамуын ынталандыру ретінде назар аударылады. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй тапсырмасын орындау барысында тұлғаға-бағдарланған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау және саралау тәсілдерін қолдану өзекті болып табылады. Екпін үй тапсырмасының репродуктивтік сипатынан алынып тасталады, яғни әр түрлі үй тапсырмаларын, мысалы сараланған, шығармашылық және кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану белсенділігі артады. Мұғалімнің дайындығы үй тапсырмасы тиімділігінің басты шарты болып қала береді: оқушылардың қалаулары мен жеке бейімділігін ескере отырып және қызығушылықтарын дамыту мен оқытуға деген ынталарын, оқу іс-әрекетін жақсарту құралы ретінде әртүрлі бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй тапсырмаларын құрастыру білігі. Бастауыш сыныпта үй тапсырмасы туралы дәстүрлі қалыптасқан түсінік сыныпта ұйымдастырылған оқу үрдісінің жалғасы және құрамдас бөлігі болып табылады:
-сабақта алынған білім мен дағдыларды кеңейту және тереңдету, олардың ұмытылуына жол бермеу, жеке бейімділікті және қабілеттерін дамыту мақсаты болып табылатын оқу үрдісінің құрамдас бөлігі.
-мұғалім оқушының сабақта алған білімін, сөйлеу дағдысын, білігін бекітуге және тереңдету мақсатында ұйымдастыратын өзіндік жұмыс формасы және кейде оқу материалдарының бағдарламалары анықталған танымдық тапсырмаларды дербес шешуге арналған.
-сабақта алынған бағдарламалық білімі мен дағдыларын кешенді түрде қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының процессі. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй тапсырмасының заманауи түсінігі кеңейтіліп, оған жаңа функциялар қосылды: бұл білім алушының оқу материалын бекіту және тереңірек игеру, сондай-ақ оны практикада қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту және білім, білігі мен дағдыларын жетілдіру. Әртүрлі оқыту мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін үй тапсырмаларының ауқымы жеткілікті кең :
-сабақта меңгерілген материалды қайталау, бекіту;
-тапсырмаларды өздігінен орындау барысында оқушылардың белгілі бір дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру;
-оқушының дербестігін дамыту, оның табандылығы және орындалатын оқу тапсырмалары үшін жауапкершілігі;
-оқушылардың ұйымдастырушылық және уақытты басқару дағдыларын дамыту;
-жаңа тапсырмаларды мектепте мұғалімнің жетекшілігімен орындау үшін теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуде белгілі бір білімді меңгеру;
-берілген пән бойынша тақырыптағы бағдарламалық материалдардан тыс, бірақ жеке оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін көлемде жеке теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ойлау мен іс-әрекеттерді дамыту;
-оқушының ұзақ ауруына байланысты қалыптаспаған жағдайда баланың білімі мен дағдыларын теңестіру;
-оқушылардың танымдық қызығушылығы мен уәжін ынталандыру;
-сабақта жаңа тақырыпты меңгеру негізінде оқу материалдарын жинау.
-Үй тапсырмасының ұзақтығы гигиеналық талаптарға сай болу үшін: 2-ші сыныпта - 50 минуттан, 3-4 сыныптарда - 70 минуттан аспайтын тапсырмалардың көлемін қатаң реттеу және басқа пәндер бойынша тапсырмалары бар бір пән бойынша үй тапсырмасы үйлестіріледі.
Үй тапсырмасын ұйымдастырғанда келесілерге жол бермеу:
-жаңа тақырып бойынша сабата аяқталмаған тапсырманы толықтыруға және оған арналған жаттығуларды талап ететін үй тапсырмасын орындауға;
-оқушыға мазмұны және орындалу тәсілі таныс емес тапсырмаларды орындауға;
-үй тапсырмасын жазалау ретінде пайдалануға (әріптерді жаза беруге, адамгершілікке тәрбиелеу сипатындағы мәтіндерді көшіре беруге немесе есте сақтауға т. б. ) ;
-оқушыға қиындық тудыратын үй тапсырмасын ата-анасының көмегімен орындайтына сеніп тапсыруға;
-Оқушылардың шамадан тыс мөлшерде үй тапсырмасын орындамауын ескеру: орындалуына көп уақытты қажет ететін механикалық жұмыстарға арналған тапсырмаларды алып тастау, оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалармен аламсытыру (жоспарлау, уақытты ұтымды пайдалану, өзін-өзі бақылау) .
Кейбір оқушылардың үй тапсырмасын орындай алмайтыны үшін жазаламай, көмектесу мүмкіндігін ескеру керек. Бастауыш сыныпта қазақ тілінен үй тапсырмасын орындауға қатысты негізгі гигиеналық талаптармен оқушылардың ата-аналарын таныстыру: жұмыс орнын ұйымдастыру, орындау тәртібі мен ұзақтығын. Үй тапсырмасын сабақ барысында арнайы тексермей, сабақтың басы «ширату» жаттығуы ретінде іске асыруға болады. Кіріктірілген үй тапсырмасы - шығармашылық және өмірлік сипатқа ие, оқушылардың мүдделерін қанағаттандыруға және қабілеттерін анықтауға бағытталған өмірлік проблемаларды шешуді қамтитын, пәнаралық байланыстарын пайдалануға негізделген үй тапсырмасы. Кіріктірілген үй тапсырмалары үшін келесі талаптарды анықтауға мүмкіндік береді:
-тоқсанына 2-3 реттен аспайтын мөлшерде беру;
-кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеу үшін 2-3 пәннің оқу мақсаттарын кіріктіру;
-тапсырманы орындау мерземі 1 аптадан 1 айға дейін. Бастауыш сынып пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары пәндердің кіріктірілуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, олар «шиыршық» қағидасына негізделеді, соған сәйкес әр оқу мақсаты және белгілі бір академиялық кезеңнен кейінгі әрбір тақырып біртіндеп тереңдете отырып, күрделене түседі және білім мен дағдылардың көлемін арттырады. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану нәтижелері бойынша ұсынылады:
Оқушылардың жүктемесін қысқарту үшін үй тапсырмасын кіріктіру
-Кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеу:
-таңдалған пәндердің әрқайсысының бағдарлама материалдары мен оқу мақсаттарынан шығуы;
-пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келетін тиісті тәсілдерді қолдануға және оқу мақсаттарына жетуге үлес қосуға;
-сабақта орындалаған тапсырмалардың қайталануын болдырмау;
-саралау мүмкіндіктерін қарастыру. Оқушылардан көп уақыт пен күшті талап етпейтін үй тапсырмаларын әзірлеу. Тексеруден кейін оқушыларға өз уақытында және сапалы кері байланыс ұсыну. Кіріктірілген үй тапсырмасы өмір жайлы көзқарасын жүйелеуге және кең ауқымды дағдыларды дамытуды қажет етеді. Әр түрлі үй тапсырмасының біріктірілуі, механикалық есте сақтаудан бас тарту, типтік жағдайларды қайталау, үлгі бойынша стандартты іс-әрекеттер, көптеген тапсырмалар мен балалардың мүдделеріне бағдарлау және олардың денсаулығын сақтау - бұл заманау мектептің үй тапсырмасына қойылатын талаптары болып табылады.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын орындаудағы негізгі мақсаттары мен міндеттері, оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен үй тапсырмасын орындаудағы негізгі мақсаттары:
-мұғалімді мұқият тыңдап және ауызша түрде ұсынылған тапсырманы нақты орындай алуы ;
-талап етілген тапсырманы көру, оқу өз еркімен орындай алу қабілеті;
-баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.
Міне осы қабілеттерге мектепке келген күннен бастап мұғалім тарапынан жүйелі үйретіліп, баулу әрекеттері арқылы жүзеге асады. Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырманы күнбе-күн тексеріп отыру қажет. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар: қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту; оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру; оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану; жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау) ; өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру; тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу; түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру; өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау; «Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату; оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу; оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу; оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету. «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу; таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу; алдын-ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру; белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?) бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу; ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу; берілген тақырыпқа диалог құрастыру; экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу. «Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:
-мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.
-қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;
-қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
-сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құрау, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;
-жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;
-тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;
-меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;
-қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
-тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының үй тапсырмасын өз бетінше орындау жауапкершілігін қалыптастырудың тиімді жолдары:
1. Оқушының үй тапсырмасын дұрыс, өз бетінше орындауына мұғалім мектепке келген күннен бастап бағыттап, талап қоюы;
2. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым тапсырма қызық болуы керек;
3. Берілген тапсырма ойын оятып, қабілетін дамытатын, талдап, жинақтап, салыстыруға берілетін болу қажет. Үйге берілетін тапсырманы сынып оқушыларының барлығы орындай алатынына мұғалім сенімді болуы керек. Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұтымды үйлестіру мен ойлау қабілетін есепке алу бірімен-бірі қатар жүргізіліп отыруы тиіс. Үйлестіру мен есепке алудың бірізділігі сабақтың құрылымын анықтайды. Мектептерде ұзақ уақыт бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету және оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан. Мұндай типтегі сабақтардың өзіндік кемшіліктері анықталған. Шынында, мұндай сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі -мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін іс жүзінде қолданып жаттығулар орындауына уақыт аз қалады. Оның үстіне оқушылардың зейіні мен жұмыс істеу қабілетінің ең өнімді кезеңі сабақтың алғашқы 20-25 минут мөлшерінде өтеді. Ал нақ осы уақыт үй тапсырмасын сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген кезде беріледі. Сондықтан сабақ құрылымының неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек. Үйде орындауға берілген тапсырма өте қиын да болуы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасының мәні неде екенін, мақсатын, оны орындауда қолданылатын негізгі ережелерді қайдан оқуға болатынын, орындалу тәртібін түсіндіругеміндетті. Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, бағалану жағдайы да қарастырылады. Бастауыш сыныпта үй тапсырмасына көңіл аударылмаса оқушылардың өз бетінше білуге, үйренуге деген танымдық қызығушылығы жойылады.
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен үй жұмысын орындатуда ата-ана ықпалы
Ата-ана баласының оқуына көңіл бөлгенде оның әрбір сөзді дұрыс жазып, дұрыс оқуына назар аударып отырулары қажет. Ата-ана баланың оқуына толық жағдай жасауы керек. Ғұлама ғалым Х. Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу - адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады. «Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл» -дейді. Баланың алғаш мектеп табалдырығын аттауы - оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әрі үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді. Бұл жастағылардың негізгі әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқу психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында . Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мынандай қиындықтарға кезігеді:
1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі;
2-ші: мұғаліммен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz