Сөзден сөз тер ойыны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Щучинск қаласы,жоғары педагогикалық колледжі ШЖҚ МКК

Курстық жұмыс

Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі:0105013 Бастауыш сынып мұғалімі
Пән: Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық материалдар кешені

Орындаған:Ерғалиева Д.М.Ш-42
тобының студенті
Тексерген:Темирова Ғ.К.

Щучинск қ. 2021жыл.
Мазмұны
Абстракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I.Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1-бөлім.Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық материалдар
кешені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны
дамыту ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық материалды қолданудың теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2-бөлім.Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдаланудың әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Қосымша

Абстракт

Тақырыптың көкейкестілігі:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне
орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық
саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада
да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның
айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын
нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ
жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне
байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Мектепте аса маңызды міндетті
шешуде Дидактиканың атқаратын қызметі айрықша.
Білімді игерудегі мектептептің негізгі міндеті – оқушылардың
машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қақабілеттерін,
ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында бар
қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, т.б.
жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері
қолданылады.Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан бола
алады: баяндап жазу, есеп құрастыру және шығару, конструкциялау,
тәжірибиелік жұмыстар, т.б. Оқытудың алғашқы жылдары оқу материалдарын
игеруге көп көңіл бөлінеді, бірақ бұл үрдісте де оқушылардың
шығармашылықпен келуі едәуір орын алады. Балалардың есепті басқа амалдармен
шығаруға, мақалаларды өзінше атауға, материалды өзінше баяндауға, суретке
жапсыруда, қайсыбір қолдан жасалған бұйымдарды даярлауда өзіндік
элементтерді негізуге тырысуларын мақтаудың өзі – мұның бәрі балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың ықпалын едәуір күшейте
түседі.Мектеп дербес ойлап әрекет жасай алатын жас ұрпақты баулуы
тиіс.Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру
жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.
Әр таруға, әр тақырыпқа әр қырымен келуге болады.Бұл курстық жұмыста
ол мәселелердің бәрін қамту қиын, мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің
сабақ өту барысында дидактикалық принциптерді, ережелерді, әр түрлі
дидактикалық ойындарды тиімді қолдануда оқушылардың өзіндік ойлауға
қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз.Оқушыларды ойлай білуге
дағдыландыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, еліміздің керекті мүшесі
болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу мақсатымен осы зерттеу
жұмысымды таңдадым.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту
принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.
Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Зерттеудің объектісі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі бастауыш
сыныпты оқыту және тәлім – тәрбие беру сапасын жетілдіру.
Зерттеудің мақсаты. Республика экономикасының өркендеуі кезеңіндегі
жалпы білім беретін мектептерінің педагогикалық проблемаларын айқындау, жас
буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны
іске асыру.
Зерттеудің міндеттері:
-Оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.
-Дәстүрлі емес оқыту жүйесін дәстүрлі оқыту жүйесімен салыстыру.
-Дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы --
өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын; дидактикалық принциптердегі
өзгешеліктерін; әдіс-тәсілдеріндегі өзгешеліктерін; мұғалім еңбегінің
нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I.Кіріспе бөлім.

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту
және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім
мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен
ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын
саласы.Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің Ұлы
дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің
мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және
табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары
XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы
Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі
дамытылды.Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық,
әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазуында, Қорқыт ата
кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ
тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің
философиялық трактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті
қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның
өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге
болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі мен
Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге
қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни,
Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала
тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты
тоқталған. Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып
табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен
принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі
бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-
тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің
қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.

1-бөлім.Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық материалдар кешені

Педагогика ғылымының Дидактика саласында белгілі қазақ педагог-
ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәрапи Әлжанов
т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін
қосты.Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын
оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның
ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балалардың
сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін
оятатын жол.Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының солардың ішінде орыс
тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу
жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтармен оқу
құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануда ұйымдастырған алғашқы қазақ
педагогы. Дидактикалық материал - сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу
үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнін
көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар,
кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер,
өсімдіктер, жануарлар және т.б.) Қазақ тілі сабағында өзге ұлтты балаларға
сабақ қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары. Оқушылрдың
білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу
үдерісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін
тәжірибеде, яғни сабақ барысында жаттығу орындауда қолдану дағдыларын
қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.Оқушылар
сабаққа қарағанда ойынды ұнататын белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп,
шаршаған кездерінде сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым,
түсініктерді толық меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы
өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты-
баланы қызықтыра отырып, өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында
сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда
болуы керек. Тек сол жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,
білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. Ойын нәтижелерін
есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай
есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған
тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол
сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған
карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген
уақытты есепке алу. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және
оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік
ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Түймедақ ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі.
Таблицаның басына Түймедақ деп жазылады да, оның астына дөңгелек
сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік
жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге,
гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар
жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған гүл сөзі бар, бала оны
дөңгелек тіліне іледі.Суретті билет ойыны. Сан есімді өткенде оқушыларға
суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы:
оқушыларға гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі
мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді тез, дұрыс құрап, ондағы
заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып
тұрғанын айтып айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр.
Бір торғайға ұя жасадық. Білім мен дәстүр сыны ойыны.Ойынның шарты: 1-
сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2-сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол
сабақпен байланысты тұстарын алу.Қонақ ойыны.“Синонимін табайық”
ойыны.Ойынның мақсаты: Оқушылардың “Синоним” тақырыбынан меңгерген
білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.Ойынның
шарты: оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу
тапсырылады.Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде Орамал тастау қазақтың
ұлттық ойынын ойнатуға болады. Мұғалім қай жерде қателесті? ойынын да
жүргізуге болады. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады,
ал балалар жұрнақ болмай тұрған сөздерді табады.Мұғалім енді тақтаға
бірнеше жалғау жазады, ал балалар жалғау болмай тұрған сөзді табады.Кім
тез? ойыны. Интерактивті тақтада он екі суретті көрсетіп, әр қатардан 4
оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді
(қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып
тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан, т.б. сөздердің дыбыс құрамын, буын
санын айтады. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын
балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық
балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа
түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп,
жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек
бағалаушы болады.

1.1 Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту

Әр адамның болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана
тәрбиесінен бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында алған тәрбиесі
мен білімнің маңызы зор. Баланы ұлттық рухта қалыптастыруда басты нысана
жас ұрпақтың кішкентайынан өз тілін меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына
сіңіріп, қазақы болмысты сезіне өсуі. Ұлт болып қалыптасу жолында барлық
соған апарар мүмкіншіліктерді пайдалана білу қажет. Әрбір педагогтың
белсенді іс - әрекеті, түйінді шешімі, үлкен ізденісті рухани дамыған,
бәсекелестікке дайын, құзыретті қабілеттері дамыған жеке тұлға ретінде
жетілдірген ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жөн. Жеке тұлға белгілі бір
әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Тұлға үнемі даму үшін әрекет
шығармашылықпен байланыста болу керек. Менің ойымша, жеке тұлға
қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын,
логикалық есеп - тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар,
құзыретті қабілеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар).
Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді.
Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен
тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін
арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа
жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті
үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері,
эмоционалдық көңіл - күйі және ерік - жігері бүршік атып, білінеді.Ойын –
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға
жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.Дидактикалық
материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен
қатысуына әсерін тигізеді.12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мұғалім
құзыретті болуы тиіс. Осыған байланысты оқушылардың да құзыретті
қабілеттерін дамыту қазіргі заман талабы. Құзыретті тапсырмалар арқылы бала
өмірге бейімделіп, ақпаратты қабылдап, қарым - қатынас жасай білуді
үйренеді.
Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында
ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті
қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.
Ойындар және шарттары.
Дыбыстар әлеміне саяхат ойыны.
Ойынның мақсаты: әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Ойынның шарты: Әр балаға жеке - жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы
айту. Сөз құрау.
Сөз ойла, тез ойла!
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік
қорларын молайту.
Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.
Достасқан буындар
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау
тәртібі бойынша бірінші оқушы қай буынын айтса, екінші келесі буынын тауып
сөз құрауы керек
“Жоғалған сөз”
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін
дамыту.
Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді
қою
... келді ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... Ағаштарда... жарылды.
Гүлдер ... Адамдар... киінді. Малдар ... ...
Кім көп біледі? ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты:
1. Б дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған
балықтарының атында б дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай
балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс
таңдау ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.
Жоғалған әріп ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті
таңдап қою керек.
... ор,... алық,... ота, та... а,... оран.
Кім тапқыр?.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал - мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу -..., ақыл -...
Жалғасын тап ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Оқушылар мақал - мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін
ауызша айтады.
1. Отанды сүю ... ... .
2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ...
Сөзден сөз тер ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі
әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бауырсақ сөзі - бауыр, бал, су,
ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.
“Сөйлем қуаласпақ”
Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша
тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер
үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір - бір сөйлемнен айтып, сол сурет
бойынша ауызша мәтін құрастырады.
Синтаксистік касса ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.
б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне
сұрақтары айтылып қойылады.
Кедергіден өту ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан кедергілер көрсетіледі. Әр
кедергінің өз тапсырмасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі.
Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
Шашылған әріп ойыны
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден
оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар);
ғаша (ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).
Вагон құрау ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1
вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен
тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске
жетеді.

1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық материалды қолданудың теориялық
мәселелері

Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән
әдістемесінің негізін салушылар Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін
қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.Ол
орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде
көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин
орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі
қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз
сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.1879 жылы оқу құралы "Қырғыз
хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз
әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін
салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты
құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске
асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі
жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер
оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау,
қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда
әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін
"Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім
беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы
керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп,
ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге
асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру
қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында
"бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік
ғылымды жақсы білу керек", - дейді.Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)-
"Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін,
заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын
көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде
тұңғыш ғылыми анықтама берген.Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-
жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің
салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға
ерекше көңіл бөлді.Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу
жолдарын көрсетті. Олар:
• мұғалімнің қатты сөйлеуі;
• суреттердің бояуының ашықтығы;
• әсердің күштілігі;
• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.Баланың
ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі
келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев
сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-
10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан
алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.Сонымен дидактика бойынша
көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде.
Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
• І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды
мектепке енгізу;
• аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу
процесін жетілдіру;
• білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
• мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;
• мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды
кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
• ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
• білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері. Оқыту процесінде кездесетін
қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.
Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын
мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері,
іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-
қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі
арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және
оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын
дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық
баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.Мысалы,
ынтымақтастың педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп,
ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты.Оқушылардың
пікірінше мұғалімдерімен жан-жалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4. Үй тапсырмасын орындамау.
5. Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі,
заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді
жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау,
синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы
ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып
оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды
өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге
үйрету.Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті
жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді
меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң
парасаттылық пайда болады"- деген.Қазіргі оқыту тек білім берумен
шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға
бағытталған.
“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

2-бөлім.Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асық ойынының түрлері және мәні
Бастауыш сынып, логикалық есептер
Зиятында ауытқуы бар балалар
Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру
Дамыта оқыту теориясы
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Интеллектуалдық ойын құралдары арқылы танымдық белсенділікті дамыту технологиясы
Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық – танымдық ойындар
Қазақтың ұлттық спорт ойындары
Сауат ашу кезеңіндегі көрнекіліктердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz