Мақал - мәтелдер туралы түсінік


М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдерді оқытудың тәрбиелік мәні
Орындаған:Қайыржанова Д. Қ.
Тексерген:
Петропавл қаласы-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-бөлім. Қазақ мақал-мәтелдерінің мазмұны және олардың
педагогикалық міндеттері . . . 5
1. 1 Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылықтары . . . 12
1. 2 Мақал-мәтелдер - тәрбие құралы . . . 19
2-бөлім. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдердің зерттелуі . . . 22
2. 1 Бастауыш сыныпта тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану . . . 24
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін, адамгершілік
құндылықтарын мақал-мәтелдер қолдану арқылы жетілдіру . . . 27
3-бөлім. Практикалық бөлім . . . 31
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы дүние жүзі әдебиетінде бар, сондықтан әр елдің ақын-жазушылары оның алтын қорынан рухани мол қазына алып, өз жеміс елегіне нәр етеді. Осы ауыз әдебиетінің түрлерінің ішінде менің тоқталып отрғаным мақал-мәтелдер жайлы сөз қозғау. Қай халықтың ауыз әдебиетінде болса да мақал мен мәтел көлемі шағын, тілі көркем, мазмұны бай жанрға жатады. Мақалдар мен мәтелдер ғасырлар бойы халықпен бірге жасап, біреулері ескіріп қолданудан шығып қалып, екіншілері жаңарып, жаңадан пайда болып отырады. Халық шығармаларынаң басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелдерді де әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп жаттап жаңғыртады, әндейді, өзгертеді. Сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы ортақ мұраға халық шығармасына айналады. Демек, мақал-мәтелді халықтың өмірден жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйін деуге болады. Мақал мен мәтелдердің өмірмеңдігі, ұмытылмай ұзақ жасайтындығы - тілінің көркемдігі мен мазмұның тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, жаттауға, жадында сақтап керек екенінде еске түсіруге қолайлы екендігінде. Мақал мен мәтел халық өміріндегі алуан түрлі оқиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен жеткізеді. Айтылмақ ойды ажарлайды, айқындайды. Мақал мен мәтел халықтың өзі қолдан жасалған заңы, тұрмыста кесздескен әртүрлі жағдайларды түсіндіретін оқу құралы іспетті, Мақал-мәтелдерде көбінесе, ортақ ой жалпы ереже, анықталмаған қағидалар айтылады, тұлғасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ұйқасқа құрылады, мағынасына лайық көркем тілмен өлеңмен жасалады. Мақа-мәтел халық шығармасының ең шағын түрі; көркем сөзбен көмкерілген дербес шығарма. Мақал-мәтел мағыналы шығарма. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірде, табиғаттан көрген- білгенің бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері. Мақал- мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой сананың өсуіне бөліп қарауға болмайды. Мақал-мәтелдер тек ауызекі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да жиі қолданылады. Ақындар мен жазушылар өз шығармаларында халық даналығынан туған дайын нұсқаларды пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал- мәтелдер жасайды.
Мақсаты: Мақал мен мәтелдің айырмашылығын ажырату, күнделікті өмірде қажеттілігін анықтау. Мақал-мәтелдердің құрылымын, ұқсастығы мен айырмашылығын зерттеп, ауызекі тілде алатын орнына шолу жасау. Мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу және ғасырлар шежіресі екенін, сөздік құрамды молайтатын, тіліміздегі сөздің көркі екенін, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке, ұлттық тәрбие беруге, отаншылдыққа, елжандыққа тәрбиелеп баулу.
Зерттеу міндеттері:
1. Мақал-мәтелдер туралы түсінік;
2. Мақал мәтелдердің тәрбиелік мәні;
3. Мақал мәтелдердің шығуы және оны қазақ әдебиетінде оқытылуы
туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Қазақ мақал-мәтелдерінің мазмұны және олардың
педагогикалық міндеттері
Мақал-мәтелдер бір ғасырдың, ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. Қазақтың мақал-мәтелдері -көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні. Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген. Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек. Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанырға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады. Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады. Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген -білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады. Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады. Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі - тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында. Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтан да халық сөздің көркі - мақал деп бағалаған. Мақал-мәтел - қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы, Тырнадан қалауыл қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес. Мақал-мәтел, әдетте бүкіл адам баласына ортақ. Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды, әлденеще ұрпаққа, қоғамға қызымет етеді. Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы; Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ, елдегі ембеккерлерді, майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге, ұранға айналды. Мақал-мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін», «Ісінің ағына қарама, маңдайыңның бағына қара», дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе, «Талапты ерге нұр жауар», «Еңбек етсең емерсің», дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді. Ал «Оқу-өмір шырағы, кітап-білім бұлағы», «Отан үшін отқа түс-күймейсің», дейтін мақалдар жаңа заманның, біздің қоғамның ой-санасынан туған. Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да көп қолданылады. Ақын жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Ыбырай Алтынсариннің «Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды», дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас. Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі. Мысалы «Ата балаға сыншы», деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір. Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз. Бала өсіруде, тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады. Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған. Бала-бауыр еті, көздің нұры деп босқа айтпаған. Кім болса да өз баласын білімді, өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен. Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу білім-өмір шырағы», деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
«Оқу білім азығы, білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімиділіктен туатынын айтады. «Ақыл-тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен»- деп оның болашағы да соншалық босымды, мығым болатынын сан рет ескертеді. Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа емес. Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесіне жетуге болатынын ескертеді. «Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жас өспірімдерге әдейі айтылған. «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра», қалайда соның уәдесіне жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді. Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың. Өкініш естен кетпейді, бір тойғаның түске жетпейді, «Өнерлі жігіт өрге жүзер, өнерсіз жігіт жер соғар», - деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі. «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», - деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған. Адам болатын баланың талабы, ынтасы жас кезінен танылады. Көпшілікке, оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды. Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл, парасатқа бой ұрып, игі жұмысқа тез үйренеді. Өзге тілді үйретуде оқытушы алдында отырған әр оқушының қабілетін, жеке ерекшелігін ескере отырып, педагогтік мақсаты мен тәжірибесіне, шеберлігіне байланысты оқытудағы тиімді әдіс- тәсілдерді таңдап алатыны белгілі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін үйренушімен сауаттылықты қалыптастыру, сөз мағынасын ұғындыру, мәдениетті әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету, шығармашылық бағытта жұмыстанады. Мемлекеттік тілді меңгертуде шұрайлы қазақ тілінің мол сөздік қорымен қатар, философиялық мағынасы терең мақал-мәтелдерін молынан пайдалануға болады. Мақал-мәтелдер - образды, ұйқасты, тұжырымды әрі үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал қай халықта да оның сан жылдар бойғы іс-тәжірибесінен туындайтын даналық тұжырымдар екені белгілі. Ұлттық қазынаның бұл түрі қай кезде де өзекті, ендеше біздің заманымызда да мақалдар құнды әрі қажет екеніне дау жоқ. Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бар. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығына қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақал-мәтелдерді үйрету тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білу, тілді дамытып, баланың ой-өрісін кеңейтуге көп әсер етеді. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне, орыс тілді бөлім оқушыларына оқытқанда, фонетика мәселесіне жеке көңіл бөлу керек. Қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстары бар мақал-мәтелді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін мына жұмыстар жүргізіледі:
1. Оқытушының мақал-мәтелді, мәтінді оқып көрсетуі;
2. Магнитофоннан мәтін тыңдатып, одан мақал-мәтелдерді тапқызу;
3. Мақал-мәтелдерді тыңдату, қайталау, өз қатесін өзіне түзеттіру;
4. Мәтінді, мақал-мәтелдерді қайта оқыту жұмыстары;
5. Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқытуға жаттықтыру жұмысы;
6. Мақал-мәтелді өзінше айта білуге жаттықтыру жұмысы;
Мақал-мәтелдің дұрыс орфоэпиясын қалыптастыруда мәнерлеп оқытудың мәні зор. Мақал-мәтелдерді дұрыс айта алмау оның тыңдаушыға түсініксіздігін туғызады, әрі тыңдаушыға дұрыс әсер етпейді. Мақал-мәтелді мәнерлеп айтуға үйрету үшін, ондағы әр сөзді үндестік заңына бағына отырып, дұрыс айта білуге жаттықтыру қажет. Мұнда мақал-мәтелдегі әр сөздің анық айтылуымен жұмыс жасалады. Сонан соң мақал-мәтелдегі қиын сөз тіркесін айтқызып жаттықтыру да пайдалы. Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да, оқушылардың сөздік қорын молайтуда да теңдесі жоқ мұра екенін мойындай отырып, қазақ тілі сабақтарында олармен жұмыстың сан түрін жүргізуге болады. Ескерер нәрсе, тапсырманың барлық түрінде де мақалды тіл үйренушінің өзіне аудартып немесе орыс тіліндегі мағынасы ұқсас баламасын мысалға келтіре отырып, мағынасын ашып түсіндіріп отырған дұрыс. Мақал-мәтелдерге байланысты жүргізілетін мынадай жаттығу түрлерін атауға болады:
а) мақал-мәтелдің ішіндегі бір сөзді ауыстырып беріп, яғни қатесін оқушыларға түзеттіру;
ә) мақал-мәтелдің кейбір сөзінің, сөздегі дыбысының орнына көп нүкте қойып, оны толықтырып жазғызу;
б) қарапайым сөйлем мен мақалды қатар беріп, ажырату; екі топқа бөліп, әр топқа белгілі бір тақырыптағы мақалдар айтқызып жарыстыру;
в) сөздерді орындарына қойып мақалды дұрыс құрастыру;
г) мақал-мәтелдің жартысы беріліп, оны аяқтау тапсырылады. Мысалы, мына мақал-мәтелдердің екінші бөлімін тауып жазыңыз:
Білекті бірді жығар, ………2. Өнерлі жігіт өрде озар, ….
Көре-көре көсем боларсың, ……
ғ) мақал-мәтел құрамындағы бір сөзді ғана атап, ол сөзі бар мақал айтқызу. Мысалы, «білім» немесе «ана» сөзі бар мақал-мәтелдің мағынасы түсіндіріліп, қайталанады. Мұндай жаттығуларды бұрын өтілген мақал-мәтелдерді бекіту, қайталау үшін қолдануға да болады. Кейбір тапсырмаларды оқушылар мақалдың мағынасын түсініп, айтылуын меңгерту жұмыстары жасалғаннан кейін ғана жүргізген дұрыс. Септіктерді өткенде қарапайым сөйлемдерден гөрі, мағыналы мақалдарды қолданған әрі пайдалы, әрі қызықтырақ дер едім.
А. с. Денсаулық - зор байлық
І. с. Дарақының күлкісі қанбас, жалқаудың ұйқысы қанбас
Б. с. Жалқауға мың сылтау
Т. с. Темірді қызған кезде соқ
Ж. с. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Ш. с. Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра
К. с. Еңбекпен тапқан мал тәтті
Мақалдар түрлі тақырыпты қамтиды, соның ішінде достық, ерлік, еңбек туралы мақалдарда сын есімдердің тұнып тұрғанын осы тақырыпты өткенде шебер пайдалануға әбден болады: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Арсызға алты күн мейрам. Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дейді т. б.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы жазбаша жұмыстардың бірі - шығарма жаздырту. Сын есімдерді өткен кезде көбінесе оқушыларға дос туралы шағын шығарма немесе біреуге мінездеме жазып келуге тапсырма беремін. Адамның жақсы-жаман қасиеттерін сипаттайтын мақалдардың тілімізде өте көп екендігін мысалмен түсіндіре отырып, оқушының үйде орындайтын жұмысында да міндетті түрде кемінде бес мақалды пайдалануын талап етуге болады. Мақал-мәтелдерді мазмұндама, шығарма құрамында орынды қолдануға да үйреткен дұрыс. Жыл бойы мақалдарды үйрету жұмыстарын белсенді жүргізудің нәтижесінде, оқушы кез келген шағын мәтінге жоспар құруда немесе мәтіннің мазмұнын түйіндеуде ойын мақалдап айтуды үйренсе, оқытушының еңбегінің еш кетпегені деп бағалауға болады. Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер арқылы сөйлеу тілін дамыту, ол үшін мақалдарды сабақта тиімді пайдалану мақсатында сауатты қолданылған әдістемелік тәсілдер мен жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері, тиімді ұсынылған ақпарат жақсы нәтиже береді. мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақты тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Мақал-мәтелдер - халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады.
1. 1 Бастауыш сыныптарда мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылықтары
Мақал-мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мен ерекшеліктер мақал-мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz