Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі

Орындаған:Шабанбаева М.Ж.
Тексерген:Денеева А.Р.

Саран-2025жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы дамыту ... ... .5
1.1Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілін оқытудағы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ..19
2.2 Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді.Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеу керек екендігін түсіндім.Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.
Мақсаты: Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында әр түрлі қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабағына деген қызығушылығын, тіл байлығын, ой өрісін, ынтасын дамыту.
Міндеттері:
-бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану мүмкіндігі мен тиімділігін негіздеу;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының сабақта қолдануының әдістерін ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы дамыту

Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементтерін қолдану арқылы балада: Тыңдасам, есімде қалмайды, өзім жасасам, ұмытпаймын, өзім оқысам түсінемін деген пікір қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады:
-Қызығушылықты ояту
-Мағынаны ашу
-Ой толғаныс
Кезеңдерге қысқаша тоқтала кетсек.
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылығын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы қызығушылықты ояту - үйрену процесі бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ой қозғау мен миға шабуыл арқылы жүзеге асады.Бұл кезеңнің Топтау, Түртіп алу, Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, Әлемді шарлау т.б. сол сияқты стратегиялары бар. Бұл кезеңнің тағы бір мақсаты - оқушының белсенділігін арттыру. Жаңа материалдарды оқып-үйрену үшін оқушы белсенділік таныту қажет, сонда ғана мұғалім нәтижеге жетеді. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны өзінде бұрыннан қалыптасқан білімімен ұштастырады.
Мағынаны тану кезеңі - оқушының ойлануы мен жаңа материалды үйренуіне бағытталады. Тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұл кезеңде оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушының оқығанын терең түсінуде, ойына басшылық етуде, өз ойын еркін білдіруде тиімді үйретуші құрал болып табылады.
Үшінші кезең ой толғаныс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңнің мақсаты күнделікті оқыту процесінде оқушылардың толғанысын ұйымдастырып, оқушыны өзіне және өзгеге сын көзбен қарап, баға беруге үйрету.Оқушылар не үйренгендерін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін, ой елегінен өткізеді. Бұл кезеңде оқушылар өз ойларын қайта түйіп, саналары жаңа өзгерістермен толығып, білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады.Мұғалім үшін нағыз сабақты өткізу - әрдайым ізденістер мен шәкірт болашағын ойлап жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.Білім алушылар пәнді терең түсінеді, қабілетін дамытады, алған білімдерін кез-келген жерде тиімді пайдаланады. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселенің шешу жолдарын іздей отырып, қиындықтарды жеңуге баулиды.

1.1 Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану жолдары

Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша оқушыларды ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, өздігінен ізденіп,жұмыс істеуге,бір-бірінің еңбегін бағалауға тәрбиелейді. Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия - ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық.Сыни ойлау-өзіндік және жеке ойлау. Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін ашық айта алады.Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп, ұмтылып қалатын іс емес. Сын тұрғысынан ойлауды үйрететін нақты қадамдар жоқ. Бірақ бұл технологияны пайдалану үшін мына шараларды орындау шарт:
1. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6. Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау.Бұл технология кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігі, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігі.Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешім табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлау жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолдану. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді,өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, ойлауды, қызығушылықты арттырады.
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында оқыту барысында оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді жүзеге асырудың оңай және қиын тұстары да жетерлік. Мұндағы негізгі ойы: Тіл- адамға берілген керемет қасиет, тіл құдіреті арқылы ғана одан - адамдық қалыпқа ие болады. Тіл арқылы ғана жақсылық пен жамандықты айырып, таниды, тәрбиеленеді. Тіл арқылы ғана тәрбиелік мақсаттар шешімін тауып, оқушыға өмір баспалдақтары қаланды. Тіл - ойлаудың, дүниетанудың, қарым-қатынас жасаудың, сезімді сыртқа шығарудың құралы. Адам қызметінің қай саласы болса да, оның жоспарлануы мен реттеліп отыратын тәсілі ретінде сананың барлық көрінісінің шарты бола отырып, тіл коммуникативтік, маңызды қызметті атқарады.Баланың жанына берілетін азықты -білім мазмұнын әдістемелік сын тұрғысынан ойлау ғана емес, оқушының жан болмысымен байланыстыра отырып даярлау қажет. Оқушының қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан, ойлау тұрғысынан оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі.Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында әрбір жұмыс түрлері мәтінмен жұмыс, жаттығулармен жұмыс, суретпен жұмыс, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық талдау тағы да басқа.Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.Қорыта келе сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал қалыптасты. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, бір-біріне құрметпен қарауға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артты. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеттері артты.

1.2 Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі

Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушының ізденіске баулып, үйренген сөздерін дұрыс айтып, сауатты жаза, қолдана білуі үшін 4 дағдыны қатар қолдана отырып, әсіресе, айтылымға ерекше мән берген жөн. Мұнсыз ешқандай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Қазіргі уақытта мектептерде жиі қолданылып жүрген жаңа модульінің бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер болып отыр. Оқытудың мұндай жаңа педагогикалық технологияларын сабақта пайдалану қазіргі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек деп санаймын. Өйткені, елімізге заман талабына сай сыни тұрғыдан ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдап, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балалардың даралық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланып оқытудың арасы алшақ. Мұғалім бұл технологиямен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отырғаны дұрыс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады сонымен қатар сабақта сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құрар еді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы басқа сыныптастарының көзқарастарымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта едәуір нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.
Ол үшін баланы алдымен әр сөзді, сөйлемді, сұрақты ыждағаттылықпен тыңдай білу дағдысын қалыптастырған жөн. Сөзді есте сақтау бар да, оны дұрыс дыбыстай білу, яғни дұрыс айта білу бар. Соған қарамастан, балаға сын тұрғысынан ойлау арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, өздігінен алған білім бойынша өзіндік ой-толғау жасау, өтілген тақырып бойынша талдау жұмыстарын жасауға үйрету -- мұғалімнің тікелей міндеті. Мұны бастауыш сыныптың өзінде-ақ қолға алған жөн. Себебі бастауыш сынып - баланы оқуға үйрету, реттілікке тәрбиелеу, ерте бастан тұлға ретінде қалыптасуына бағыт-бағдар беру үшін алғашқы баспалдақ болып табылады. Неғұрлым ерте басталған әрекет соғұрлым баланың тезірек қалыптасуына, қызығушылығының артуына, өз бетінше әрекет жасауға талпынуына мүмкіндік береді. Алайда бұл жұмыс мұғалім тарапынан жан-жақты ізденісті, қажымай-талмай бала жасына сай өтілетін тақырыптың қызықты болуымен қатар, не ауыр, не тым жеңіл болуына жол бермеуді, әр баланың білімді қабылдау қабілетін ескеруді қажет етеді. Сабақ барысында ұстазға мынадай талаптар қойылады:
-Баланы ойлана білуге үйрету;
-Басқалармен бірлесе отырып,ынтымақтастықпен жұмыс істей білуге баулу;
-Білімнің қажет екендігін сезін білуге баулу;
-Алған білімін қолдана білуге дағдыландыру;
-Баланың өзін тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;
-Еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа,әр істі соңына жеткізе білуге баулу.
-Тілді үйретуде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қатар алып жүрумен бірге тіл сабақтарында сөздерді дұрыс айту мен жазу, сөздік қорын байытып отыру, сөз тіркесі, сөйлем құрау, сұрақ қоя білу, сөздің құрамы жасалу жолы т.б. ескеріп отыру мұғалім жұмысының басты қағидасы болып табылады.
Тіл үйретуді фонетикадан бастаған жөн. Себебі тек басқа ұлт балалары ғана емес, орыс тілді қазақ балаларының өзі сөзді дұрыс айтып үйренбейінше, ойды нақты жеткізе қиналады, мағынаны толық түсінбейді, сауатты жазуға қол жеткізе алмайды. Әсіресе, басқа тілді мектеп оқушылары қазақ тілінің төл дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс дыбыстап айтуда, жуан, жіңішке дыбысталатын сөздерді бір-бірінен ажыратуда көптеген қателіктерге ұрынып жатады.
Сондықтан әр сабақтың басында фонетикалық жаттығулар жасату, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды меңгертуге басымдық берген жөн. Сөздерді дұрыс дыбыстай білгенде ғана бала сауатты жазуға қол жеткізеді. Ол үшін әр сабақта Жүнісбеков методикасы бойынша фонетикалық жаттығуларды түрленте отырып жүзеге асыруды дағдыға айналдырған дұрыс.
Баланың әр қате айтылған сөзін түзетіп отырғаннан гөрі топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырып, көбінесе ойын түрінде бір-бірімен жарыстыра отырып, қателікті өздеріне іздетіп таптыру әлдеқайда тиімді.
Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздерді қайталатып отырумен қатар жазылу емлесін де меңгерте білген жөн. Мысалы,ә дыбысының емлесін меңгертерде, жіңішке дауысты дыбыс екендігі, сөздің алғашқы буынында жазылатыны, соңғы буында, біріккен сөздерде сөз ортасында кездесетінін (бастауыш сыныпта оларды айтпаса да болады) түсіндіреміз. Бұған мысалдар келтіру арқылы көз жеткізіледі (Әке, әже, әдемі, әліппе, дәптер, кәрі, сәлем т.б).Жіңішке дауыстыға жататыны, жуан дыбысталатын сыңары а дыбысы екендігі кесте арқылы көрсетіледі.Көру арқылы есте жақсы сақталатындықтан, кез келген сабақта қолданылатын кесте үнемі оқушының көз алдында тақтада ілулі тұрғаны дұрыс. Тіл дыбыстарының жуан, жіңішке болып екіге бөлінетіні, олардың сөз құрамында бірыңғай жуан немесе жіңішке болып жазылатыны әртүрлі жаттығулар арқылы оқушы санасына берік бекітілуі керек.
Ң дыбысы туралы айтатын болсақ, ң дыбысын дұрыс айту мен сауатты жазуды меңгерту тек оқушыдан ғана емес, мұғалімнен де үлкен ыждағаттылықты талап етеді. Басқа төл дыбыстарға қарағанда ң дыбысының айтылуы мен жазылуын меңгерту күрделі. Ң дыбысын дұрыс айтудың өзі де жеңіл емес. Ал бұл дыбысты дұрыс айта алмаған адам құрамында ң әрпі кездесетін сөздерді ешқашан сауатты жазуға қол жеткізе алмайды. Тіпті қазақ тілінде оқитын кейбір балалар осы дыбысты дұрыс айта алмағандықтан, қателіктерге ұрынып жатады. Себебі ң дыбысын айтып, жазуда белгілі бір ереже жоқтың қасы. Қорыта келе айтарымыз, тіл үйрету мен оқушы сауаттылығын арттырудың сан түрлі амал-тәсілдері бар бола тұра, мұғалімнің бағыт-бағдарынсыз, оқушыны сын тұрғысынан ойлануға дағдыландыра отырып, өз бетінше ізденуге бағыт-бағдар бермейінше, кез келген сабақ табысты бола қоймасы анық. Тіл үйрену, сауатты жазу мен ойды жүйелі жеткізе білуге қол жеткізу, сындарлы ойлауға қол жеткізу екі жақтан да - мұғалім тарапынан зор ыждағаттылық пен оқушы тарапынан талмай ізденіс, ынта болса ғана жүзеге асады. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға- деп ұлы дана Абай айтқандай ұстаздың ерінбей-жалықпай үздіксіз жүргізген жұмысы, баланың қызығушылығын арттыру үшін төккен тері қай кезде де, қандай жағдайда да өз жемісін берері сөзсіз.

2. Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілін оқытудағы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолданумын. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, кез-келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.Осымен де байланысты, баланың жанына берілетін азықты - білім мазмұнын әдістемелік бастауыш сынып оқушыларға сын тұрғысынан ойлау жағынан ғана емес, оқушының жан болмысымен байланыстыра отырып даярлау қажет. Оқушының бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан, ойлау тұрғысынан оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Қазақ тілі сабақтарында әрбір жұмыс түрлері мәтінмен жұмыс, жаттығулармен жұмыс, суретпен жұмыс, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық талдау т.б. Мәселен, мәтіндермен жұмыс істеу кезінде оқушылар әр мәтін мазмұны мен ондағы негізгі ойды талдап, талқыға салу мәселесін көтере отырып, жақсы мен жаман жақтарын жан-жақты таратып айта алады. Мәтін мазмұны оқушысының кең дүниетанымын қалыптастыруға толығымен қызмет атқара алады. Өздерін толғандырған мәселе жайында түрлі сұрақтар қоя отырып, ой қозғай алады.Бастауыш сынып оқушыларға қазақ тілінің грамматикасының сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқытуда нақты тәрбиелік мүмкіншіліктер қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тіл дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік тұлғаның қалыптасу үдерісіндегі грамматика сабақтарының салмағы қандай? Деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы бастаудан аламыз. Бұл мәселе туралы қарастырған кезде төмендегідей мәселелер ескерілуі тиіс: қазақ тілін оқытудың тәрбиелік ықпалы, жалпы тәрбиелік мазмұнының құраушы бөлігі болып табылады. Өйткені, әрбір сабақтың, оқушының өз бетімен орындайтын жұмыстарының, сабақтан тыс жұмыстарының ішкі тәрбиелік мүмкіншіліктері болатыны және олардың мол потенциалы болатыны белгілі. Мәселе солардың көзін ашып тануда.Бастауыш сынып оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Бұған сын тұрғысынан ойлау сабақ құрылымы да әсер етеді.Сабақ құрылымы үш кезең бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz