Тіл білімімен байланысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1-тарау. ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ
ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Оқу сабақтың мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Оқу жұмыстарына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2-бөлім. ОҚУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін
жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік
ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі —
оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға
танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің
басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке
көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады. Еліміздің білім беру жүйесі
қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді
қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне
біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары
деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында
әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер
зерделенуде. Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге
бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге
қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды.
Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін
анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.Сол себепті
мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс -
тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке
тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына
баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау
қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл
бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты
білімнің дәстүрлі тәсілдері- ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік
құралдармен байытылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Бастауыш сыныптағы оқыту нәтижесі барлық пәндік
түйінді жиынтық түрінде беріліп, оқушылар білімін өлшеу, яғни бақылап-
бағалау, тақырыптық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бақылау, тест жұмыстары
түрінде көрсетіледі. Оқушыларды  жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін оны жан-
жақты дамытуда олардың дербес ерекшеліктерін ескеру қажет.
Міндеттері:
- баланы оқи білуге үйрету
- баланы ойлауға үйрету
- баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Зерттеу пәні:Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі,каллиграфия
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі
тараудан,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қоымшадан
тұрады.

1-тарау. ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту,
дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен
құралдарының жиынтығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының
бір саласы болып табылады. Бaстaуыш мектеп-бaлaны оқуғa үйрету мен
тәрбиелеу,оның тұлғa ретiнде өзiн-өзi aшуғa,жaлпы дaмуының қaлыптaсуынa
жaғдaй жaсaйтын негiзгi сaтысы.Мектептегi кез-келген жaңaрулaр бaстaуыш
сыныптaн бaстaу aлaды.Сондықтaн бaстaуыш сынып мұғaлiмдерiне қойылaтын
тaлaп пен жaуaпкершiлiк те сaлмaқты болмaқ.Пaжaрес ( 1992 ) оқыту стилiн
тaңдaу кезiнде мұғaлiмнiң бiлiмдiлiгiнен гөрi сенiмге негiзделген ой-
тоқтaмдaрының ықпaлы күштiрек деп сендiредi.Бaлaның кейiнгi және
болaшaқтaғы бiлiмi бaстaуыш буындaғы бiлiмнiң сaпaлылығынa тікелей
бaйлaнысты.Kiшi мектеп жaсындaғы оқушының негiзгi ерекшелiгi-бiлiмдi
қызығушылықпен aлуы. Ол үшiн оқу үрдiсiн бaлa тaлпынaтындaй және
қызығaтындaй ұйымдaстыру қaжет. Мұғaлiм бaғдaрлaмaны, оқыту құрaлдaрын,
әдiс - тәсiлдердi пaйдaлaнып , оқушылaрды бiлiммен қaрулaндырaды. Бұл жaңa
технологиялaр- оқyшылaрдың шығaрмaшылық қaбiлеттерiн ,терең ойлaй бiлyiн ,
теориялық негiздерiн , эстетикaлық көзқaрaстaрын пaйымдayын, бaғa берyiн,
тaнымдық белсендiлiгiн дaмытyғa бaғыттaлғaн.Ол өз алдына дербес ғылым.
Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен
тәсілдері бар.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту
жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика,
психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық
тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан
шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді
зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту
керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің
көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру
деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын
белгілейді.Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта
мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін,
құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу
материалын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және
тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен
оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі
жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3)
қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін)
оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни
материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің
шарттары туралы мәселелерді талдау. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді
жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған.
Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге
бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының
және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі
деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін
орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара
байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық
қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Осы тәрізді басқа да пікірлерді
саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің
анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында
түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер,
иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық,
практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер
қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам
түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу
құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер),
көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және
техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері
oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді. Сонымен
қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен
тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім,
дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы
ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.Тіл
білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты
нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне
арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл
білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте
оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде
ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту
әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ
тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ,
мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік
тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше
қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек
педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та
қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар
дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету
сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-
бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педаго¬гика жас ұрпақтарға білім,
тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру
түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды
бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің
негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне,
оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында
ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі
сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес
материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.)
тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.Психологиямен
байланысы. Психология оқушының психоло¬гиялық ерекшеліктерін сипаттайды:
жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың
әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп
қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп,
практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.Мұғалім өзінің әрбір оқушысын,
оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының
дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен
қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі
ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер
мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің
даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.

1.1 Оқу сабақтың мақсаты мен міндеттері

Қaзiргi әлемдiк тәжiрибеге негiзделген бaғдaрлaмa оқушылaрдың қaлaй оқу
керектiгiн үйренiп, соның нәтижесiнде еркiн, өзiндiк тәжiрибесiн
дәлелдей aлaтын, сенiмдi, сыни көзқaрaстaры жүйелi дaмығaн, тaнымдық
қызығушылығы мен мүмкiндiгi жоғaры оқушы қaлыптaстыруды мaқсaт
етедi.Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету,соның нәтижесінде,еркін өзіндік
дәлел-уәждерін жеткізе алатын,ынталы,сыни ойлай алатын,сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.Қазіргі білім беру
қарым-қатынасқа негізделген, мұғалім – оқушы, оқушы - оқушы, оқушы -
мұғалім үлгісіндегі өзара байланыс, белсенді зерттеулер, ассосация,
имитация, нұсқаулық беру, диалог яғни, әңгіме, талқылау, дебаттар сындарлы
оқытуға әлеуметтік сипаттама беріп, білім мазмұнын тереңірек түсінуге, өз
ойын дәлелдеуге, өзіндік қарым - қатынас қалыптастыруға, теориялық білімді
шынайы өмірде қолдана білуге, өзін-өзі реттей отырып, өз бетімен оқуға,
өзін және өзгелерді әділ, шынайы бағалауға жол ашады. Бұл әдіс - әрекет
нәтижесінде білім алушының яғни, баланың белсенділігі артады, күтілетін
нәтижеге сай бағалы білім, білік дағылары дамиды; кері байланыс орын алып,
білім алуда кеткен олқылықтар дер кезінде анықталып, оны уақытылы түзетуге
мүмкіндік беріледі. Білім мен тәжірибенің ықпалдасуына жол ашып, өмірге
қажет дағдылар қалыптасады.Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа
біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін
беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің
өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана
тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы
екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың
ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл
мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын
қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам
үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты
дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру
актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында
еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы
еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты
арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу
қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше
алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты,
жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін
қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2)
оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс
істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық
құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана
тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды;
әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген,
грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды
жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту
міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін
оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің
жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан
мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне,
екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін
қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар
жатады: а) бағдар¬ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны
мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді; ә)
оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен
оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде
пайдаланады; б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп
жасалған пәнді оқыту әдістемесі. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқыту да
ғылыми фактілерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми
принципке негізделеді. Профессор Ә.Исабаев: Оқушыларға берілетін тілдік
мәліметтер төмендегі өлшемге сәйкес болуы қажет:Меңгерілетін объектінің
термині анық болуы қажет, мәселен төртінші және бесінші сынып оқушыларына
берілетін және онымен таныстырылатын терминнің аясын аса ғылыми дәрежеде
кеңейтіп беруге болмайды: айталық дауысты дыбыстарды – вокализм деп,
дауыссыз дыбыстарды – консонантизм деп түсіндіруге келмейді. Сондай-ақ
қосынды дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды. Сондықтан да
қазақ тілінен нақтылы білім беруде, сол сынып деңгейіне ғана сиятын
терминдерді ғана пайдалануға болады, - дейді. Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін
оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен
білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан
үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп,
оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.Оқытудың теориясын зерттеген
ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген.
И.Д.Зверев: "Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекетінің барысында білім алу жолдары", - десе, Ю.К.Бабанский: "Оқыту
әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру", - дейді. Д.Әлімжанов,
Ы.Маманов өз еңбектерінде: "...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - казақ тілін
оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген
оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.Профессор Ә.Исабаев:
"Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде
жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін
білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі
нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді... Оқушылар
тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық жағынан меңгереді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер "Диалог негізінде оқыту және
оқу" және метасана немесе " Қалай оқу керектігін" үйретудің қозғаушы күші
метатану болып табылады.Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және
ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу болып табылады.Мұғалім оқушыға:білім
міндеті қоятын талаптарды түсінуге;жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс
қағидаттарын зерттеуге;міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және
ойластыруға көмектеседі.Қазір топқа бөлуден басталған әр сабақ сәтті өтеді
және әр тренингтен кейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып
отырады.Бұрын оқушы жыл бойына бір оқушымен бір партада отырып жұмыс
жасаса,қазір әртүрлі тренингтер арқылы топқа бөлінген уақытта оқушылардың
орындары ауысып,барлық оқушылармен бірлесіп жұмыс жасайды.Топтық жұмыстар
кезінде оқушылар тапсырмаларды жеке,жұпта,топта орындай отырып,тапсырманы
әбден талқылайды..Бұл берілген ақпарат оқушылардың есінде ұзақ
сақталады.Сонымен бірге, оқушылар жұпта,топта өзара диалогты жүзеге
асырады.Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда рөлдік ойын,зерттеушілік
әңгіме,пікірталас әдістерін қолдану тиімді.Бірлескен сұхбат арқылы оқушылар
тақырып бойынша өз ойларын білдіреді.өз ойларын дәлелдеуіне,басқаның ойын
тыңдауға үйренеді.Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру
әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді", - дейді.Нұржанова Ж.
өзінің Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары атты әдістемелік құралында оқыту
әдістерін бес түрге жіктейді:
1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-
жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау -
анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен,
т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану
т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс:
экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен
жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен
жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз
бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану
жұмысы.

1.2 Оқу жұмыстарына қойылатын талаптар

Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады.
Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты
ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды
белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің
көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін
оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-
қарсы көзқарас болу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Тіл - мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал
Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер
Пәнаралық байланыс пен бағыттылық
Пәнаралық байланыс ұғымы
Тіл - тіршіліктің бастауы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz