Дүниетануды оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Щучинск қаласы,жоғарғы педагогикалық колледжіШЖҚ МҚК

Курстық жұмыс

Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру
Біліктілігі:0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі
Пәні: Дүниетануды оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың негіздері

Орындаған:Құсайынова Н.Қ.
Жетекшісі:Султанова Г.Ж.

Щучинск-2021жыл.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім.Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың
негіздері ... ... ... ... ... 4
1.1 Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беруді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ..7
1.2 Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың
ерекшеліктері ... ... ... ... .11
2-бөлім.Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және басқа
пәндермен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16
2.1 Дүниетануды оқытудың теориясы мен
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін оқыту ҚР
білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым
негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативтік құжатқа сәйкес
жүзеге асырылады. “Дүниетану” пәніне арналған арнайы кабинет болуы тиіс.
Бұл кабинетте бүкіл көрнекіліктер. әдістемелік және техникалық құралдар
болуымен қатар. Тірі табиғат бұрышы орналасады. Дүниетану сабақтары осы
кабинетте өткізіледі. Топсаяхат кезінде жинақталатын өлкетану материалдары
да осы кабинетте жинақталып сақталады.Бастауыш мектепте “дүниетану”
кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу
құралдары мен жабдықтардың. Экрандық және баспа құралдарының өзара
сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады. “Дүниетану” пәні бойынша оқу
процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді
мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары
(департаменттері) жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқыту
барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
-дүниетану пәнін оқытудың тиімділігі;
-оқушының өмірге көзқарасын және өзіндік ерекшелігін дамыту;
Зерттеу пәні: Дүниетануды оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1-бөлім.Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың негіздері

Дүниетану оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес Адам және қоғам білім
беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып
дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.
Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы
түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге
болады.Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем
табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады. Дүниетану
сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның,
табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.Бастауыш
бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға
белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты
талабы.Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән
жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi
жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар
көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар
содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал
қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.Дүниетану
оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді
игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара
байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген
пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы,
мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған
табиғи орта және т.б.
Дүниетану пәнін оқыту:
-оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік
қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
-оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып,
тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
-Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың
себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары
туралы білім қалыптастырады;
-әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін
әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
-оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін
сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі
қалыптасады,
-оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
-қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада
қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды
дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың
танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн
жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi.
Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа
жетелейдi.Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған
адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы
басқалармен бiрге табиғатта жатады.Табиғат - адам баласының материалдық
және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта
барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш
сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда
табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды
қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен
байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.Төменгi
сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем
маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат
арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы,
қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.

1.1 Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беруді дамыту

Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға
қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда
балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке
тәрбиелеу мақсат етiледi. Дүниетану сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда
халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.Алған
білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске
асыру.Ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады. Дүниетану пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік
қасиеттерді қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып,
тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық
деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді
меңгереді;
- оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи
жағдайы туралы біледі;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың
себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары
туралы білім қалыптастырады;
- өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі
таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы
түсінеді;
- адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп,
оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;
- оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай
білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;
- қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді
және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен
танысады;
- адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады.Дүниетану пәні
бойынша бағдарлама тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша
оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін
ойлау дағдыларын дамытады. Дүниетану пәні бағдарламасының құрылымы
аталған ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу материалдары мен оқу
мақсаттарын анықтауда спираль принципін ұстану негізінде құрастырылған.
Оқу бағдарламасының мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет,
қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік
апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т.б қоршаған ортаның негізгі
аспектілерін қамтиды.Бағдарлама пән мазмұнын меңгеру, қажетті оқу және
практикалық (зерттеу, коммуникативтік, өмірлік) дағдыларды игеруге
мүмкіндік береді. Дүниетану пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау
критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.Критериалды бағалау
– нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы
жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі,
педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және
оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш
білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау
үрдісі.Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз
байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді
ұйымдастыру үшін пайдаланылады.Бастауыш мектептегі критериалды бағалау
жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ)
қамтиды.Қалыптастырушы бағалау - бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру
кезеңде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс
жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта жәненемесе
үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін
анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара
байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу
бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасыуы және
меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау
мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.Оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес 1-сыныпта тек қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық
баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың жылдық бағасы қалыптастастырушы
бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан
кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық
бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен
ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
- тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың
нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның
соңындағы баға.
- жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау
нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының
соңындағы баға. Дүниетануды оқыту әдістері білім беру, тәрбиелеу, дамыту
мақсаттарын қамтитын болғандықтан, сөздік әдіске білім беру, тәрбиелеу,
дамыту мақсаттарын қамтитын болғандықтан, сөздік әдіске тоқталғанда оны
білім беру барысында кеңінен қолдана отырып, оқушылардың қисынды ойын
дамытудағы, түрлі оқу әрекеттерін жүзеге асырудағы, ой қорытудағы маңызы
тұрғысынан қарастырамыз. Сөздік әдіске дайын мәлеметті айтып беру құралы
ретінде қаралып, оны қолдану көп сыналатыны белгілі. Мәселен, М.И Махмудов
мұғалімнің оқу барысында қолданатын сөздік әдістерінің түріне тоқтала
келіп, сабақ барысында ақпараттық баяндаудың оқушылар ойын қозғамайтынын,
дайын материалды ғана тыңдап қабылдауға душар ететінін айтады. Біздің
пікірімізше,сөздік әдіске үнемі немқұрайлы қарау, сөздік әдістің
тиімділігін ескер¬меуден тұрады. Кез-келген оқыту әдісін қолдану сөздік
қатысынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Дүниетану пәнінің оқушылардың танымдық
деңгейлерін жетілдірудегі, функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы маңызы
зор. Бұл пән арқылы оқушылар қоршаған ортамен, айналадағы құбылыстармен,
өзінің жан-жағындағы заттармен бұрынғыдан да етене танысып, олар жайлы
өзіндік ой тұжырымдай бастайды.  Бұл жағдайды, әсіресе, бастауыш сынып
оқушыларына қарасты айтқан жөн. Өйткені бұл шақ олардың, Абай атамыз
айтқандай, нағыз естісем, білсем, көрсем деп тұратын кезеңдері,
айналасындағы дүниені тануға құмар болатын шақтары. Сондықтан бастауыш
сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, олардың білім-ғылымға  деген
ынтасын арттыру, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өмірлік ұстанымдарының
қалыптасуына ықпал ету, жеке басының қасиеттерін дамытуды уақыт талабына
сай жүзеге асыру қажет. Бұл міндет сабақ барысында тиімді  әдіс-тәсілдерді
кеңінен қолдануға жетелейді.Дүниетану пәні оқушыларды жан-жақты дамытуға
бағытталған. Дүниетануды оқытудың нәтижесінде олар қоршаған орта, оның
түрлі заңдылықтары, табиғат құбылыстары, жануарлар мен өсімдіктер әлемімен
танысып, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіне отырып, оның
табиғатпен тығыз байланыстылығына көз жеткізеді. Пән мазмұны оқушылардың
тек дүниетанымдық негізін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойларында түрлі
қасиеттердің қалыптасып дамуына ықпал етеді. Дүниетану сабағы оқушылардың
қызығушылығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ сабаққа деген ынтасын
арттырып, табиғатты сүюге, қорғауға үйретеді.
1.2 Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын
кеңейтетін ұғымдар беріліп келді. Оқушылар жеке объектілерді ғана емес,
табиғи құбылыстарды, заңдылықтарды, қоршаған дүниеде болатын өзгерістерді
ұғыну нәтижесінде табиғаттың біртұтастығын, оның бір түрінің өзгерісі
екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін меңгерді.Дүниетану пәнін оқыту арқылы
оқушылар тек табиғатты оқып үйренумен шектелмей, адам еңбегі, оның жыл
мезгіліне қарай өзгеретіні және табиғат өзгерістерінің шаруашылық түрлеріне
әсері туралы да өздерінің күнделікті бақылағандарын оқулықтағы мәтін
мазмұнымен байланыстыра отырып, білім алды.Бастауыш сынып оқушыларына
өздігінен атқаратын жұмыстар нәтижесінде берілген ұғым олардың білімнің
тиянақты болуына және оқушыларды дамыта оқытуға негіз салды.Өздігінен
атқаратын жұмыстардың түрі мен мазмұны мұғалімнің қолданған әдісіне
байланысты өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі ғана
қалыптасып қоймай, оқуға ынтасы артып, іскерліктері шыңдала түсті.Оқушылар
алған білімдерін іс жүзінде, әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде
қолдануға төселді.Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың
түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс -тәсілдерінің жаңаруы,
бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой
қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Практикалық
жұмыстың кейбір түрлері — мектеп үлескісіндегі сабақ арқылы жүзеге асады.
Көктемдегі жер өңдеу жұмысымең танысқан оқушылар онда отырғызылған
көкөністерді танып, оны күту әдістерін, өніп-өсу ерекшеліктерін біліп,
өсімдікке керекті жағдайды өздері қатыса отырып түсінеді. Осы арқылы олар
өсімдіктің өсуі жайында ой қорытады, ғылыми ұғым алады. Ұғымға жетудің екі
жолы бары белгілі: ол баланың күнделікті өмірден алатын өз тәжірибесі және
оқыту арқылы берілетін ғылыми ұғым. Дүниетануды оқыту барысында оқушылардың
дүниетанымы кеңейіп, осы екеуінің де байланысы күшейеді. Дүниетану пәні
оқушыларды өзінің атынан көрінгендей, дүниені, қоршаған ортаны, өзін және
өзінің айналасындағыларды танып білуге ұмтылдырады. Пән мазмұнындағы
тақырыптарды игерту нәтижесінде оқушының жеке бас қасиеттерін дамытады,
оларды жаңа әлеммен таныстырып, құзыреттіліктерін арттырады. Оқушылардың
тек теориялық тұрғыдан білім алып қоймай, оны өмірде күнделікті қажетіне
жарата білуге дағдыландырған жөн. Функционалдық сауаттылықтарын арттырып,
өмірге бейімдей түсеміз. 1-сыныпқа арналған дүниетану оқулығында қамтылған
тақырыптар және сол тақырыптарға байланысты тапсырмалардың барлығы осы
мақсатқа жұмылдырылған. Дүниетану сабағында басты тәрбиелік мақсаттар
шешіледі. Мұғалім оқушы зердесіне бірлік идеясы мен табиғаттың әр
алуандығын жеткізеді, жекелеген элементтер мен табиғат құбылысы арасындағы
байланыс пен өзара байланысты нақты мысалдармен ашады, оқушыларды
табиғаттық әркашан өзгерісте болатын айқындалған жалпы даму идеясын
түсінуге дайындайды. Осының бәрі оқушыларда диалектикалық-материалистік
көзқарастың дұрыс қалыптасуына септігін туғызады.
Негізінде тәрбиелік оқудың төрт жағдайын белгілеуге болады:
-ғылыми көзқарастың қалыптасуы (бастауыш сыныптарда дүниенің диалектикалық-
материалистік элементтерін түсіну);
- жеке бастың моральдық қасиетін және мінездің жігерлі ерекшеліктерін
тәрбиелеу;
- қабілетті дамыту.
Дүниетану сабағында интербелсенді оқытуда мынадай әдіс- тәсілдерді сабақта
қолданған тиімді.
1.“ Ыстық орындық” әдісі - оқушыларда үлкен қызығушылық оятады.Бұл әдісті
ойын түрінде де қолдануға болады.Тәлім алушым бұл әдісті әр топтан бір
оқушыны шақырып,топқа жануарлардың аты жазылған парақшаларды таратты. Топ
ыстық орындықтағы оқушыға қимыл-әрекет арқылы қай жануар екенін жұмбақтап
сұрайды. Бұл ойын арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп,бір сергіп
қалғаны байқалды.
2.Миға шабуыл стратегиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Бастауыш сыныптарында дүниетану үйірме жұмыстары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Проблемалық оқыту жолдары мен әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
Дүниетану пәнінің санитарлы-гигиеналық тәрбие берудегі ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz