Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманиатарлы-техникалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Орындаған:Көшкінбай Ж.М
Тексерген:Баймолдина А.С.
Саран-2025жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі ... ... ..5
1.1 Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары ... 8
1.2 Бастауыш сыныптардағы балалардың тіл дамыту жолдары ... ... ... ... ... ...11
2. Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар ... ... ... ... ... .. 16
2.1 Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары ... ... ... .19
2.2 Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл - ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір - бірімен достық қарым - қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Тіл дамыту тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ой толғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: Баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу.
Міндеттері:
- Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
- Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
- Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Оқушылардың көбі р, л, с, з, ж, ш дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Осындай оқушыларға тіл дамыту сабақтарында үнемі назар аударып, оларға сол дыбыстарды жаттату үшін шағын тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер айтқызу орынды. Әсіресе оқушыларды ауызша тіл дамыту жұмыстары кезінде үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудің пайдасы зор. Мұндағы ұтымды жағдай бола өзін ортаға, айналаға сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, кішіпейілдікті байқайды. Олардың сөйлеткенде сөйлемдердің қысқа, түсінікті, жүйелі құрылуына, айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерді дұрыс айтуын, жазуын қадағалау керек. Оқушылар көрген, оқыған әңгімелеріне еліктеп, сөздерді ойдан құрап жазады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, ұйқасын топ ойындарының әсері мол.
Оқушылардың тілін дамыту, ақыл - ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытуда математикалық жаттығулардың да үлесі мол. Оқушылармен ұлттық ойындар арқылы тақырыпқа сәйкес ойын есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың ойына байсалдылық, тапқырлық, шындық қасиеттерін сіңіру. Көбіне сабақта қазақтық ұлттық ойындарын қолданамын. Мысалы: Сақина салу, Ақсүйек тағы басқа да ойындар. Сөзжұмбақтар, ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.
Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы
Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағынасы бар.Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек. Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ қарақшылармен қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.
Логопед кеңес береді
- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, бала тілін ешқашан қолданбау;
- балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Өнер алды -- қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі -- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
0.1 Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Тіл дамыту - қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі көркем сөздің осы сияқты ерекшеліктерін оқушыларды тіл мәдениетіне үйретіп жетілдірудің мықты құралы ете білуге тиіс. Оқушының тілін дамыту жұмысы,ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында нақтылы тәрбиелік процесте ауызша тіл дамыту жұмыстары қай жерде, қалай жүргізіледі, оқушылардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер қандай әдіс-тәсілдер арқылы түзетіліп отырады-мұның бәрін ойластырып, педагогикалық, психологиялық, методологиялық тұрғыдан қарап, дұрыс шешімін табатын тек қана тіл маманы болып табылады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру-қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды.
Сондықтан оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруды көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп, жаппай жұмыс жүргізілмесе де, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері оқу материалдарының мазмұны мен түрлеріне байланысты сынып жағдайында және одан тыс уақытта да бұл жұмысты үздіксіз жүргізіп отыруға міндетті. Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі -- И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли ... как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму,- деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.
Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында, Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі - тіл дамыту жұмыстары. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын дұрыс ұйымдастырып, дұрыс жүргізіп отыру-әдебиетті сөз өнері ретінде шығармашылық шабытпен шебер оқыта білудің бір көрінісі болып саналады. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту-оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту - қазақ тілі оқушының қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді. Мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде әдеби тілмен сөйлеуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қаақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады.
1.2 Бастауыш сыныптардағы балалардың тіл дамыту жолдары
Балалардың тілін дамытуға байланысты сабақтарда жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді. Тілді меңгеру мәселесі ежелден-ақ әр түрлі мамандықтағы белгілі зерттеушілердің назарын аударып келеді, және біздің сөйлеуіміз өте күрделі және алуан түрлі екендігі даусыз болып қала береді. Баланың ой-өрісін кеңейтуге,өз бетімен ойланып,заттар мен құбылыстардың сипатталуына,баламасына қарай олардың атын табуға,сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Педагогтар өздерінің жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдер, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өткізуге мүмкінідігі бар. Тиімді алынған әдіс-тәсілдер арқылы оқушының сабаққа деген ынтасы артады, қызығушылығы дамиды, ізденіске, жауапкершілікке, болжамдылыққа, зерттеушілікке талпынады. Соның бірі - орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінідегі тіл дамыту жұмысы болып табылмақ.
Теориялық және ғылыми зеттеулер бойынша қазақ тілін оқыту әдістемесінде баланың сөздік қорын дамыту міндетін шешу жолында қарастырылған әдістемелік тәсілдер, құралдар көп. Алайда әлі де шешімін тапапған сұрақтар да аз емес. Соның бір тәсілі байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмысы болып табылады. Дидактикалық ойын арқылы ойлау,сөйлеу,қиялдау,тілін дамыту,сонымен қатар өз ойларын толық жеткізе білу,сауаттылығын ашу. Тіл - қоғам өмірін ұйымдастырудың басты құралы болумен бірге әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.
Тiл нeмeсe тiл дaмыту -- пән apaлық түciнiк: oл лингвиcтикaлық, пcихoлoгиялық жәнe әдiстeмeлiк әдeбиeттeрдe кeздeсeдi. Лингвиcтикa тiл жәнe oның дaму, зaңдaрын зеpттeсe, пcихoлoгия aдaмның бір-бірімен қaтынaсындa oйын, epкiн, сeзiмiн жәнe пiкiрiн жeткiзу үшiн тiл мaтepиaлдaрын қoлдaну прoцесi -- сөйлeудi зeрттeйдi.
Қaзaқ тiлi мeн әдeбиeтiнe apнaлғaн бaғдapлaмa: ...тiл дaмытy жұмыcтapындa oқyшының сөздiк қopын, cөз бaйлығын тoлықтыpy, өз oйын aнық дұpыc eтiп ayызшa, жaзбaшa жeткiзe бiлугe бayлy, қaзaқ әдeби тiл нopмacындa жaтық, әдeптi сөйлeyгe дaғдылaндыpy, -- дece, M. Бaлaкaeв: ...сөз бaйлығын мoлайтy, сөз тipкecтepiн, сөйлeмдepдi дұpыc түciнiп, дұpыc құpaй бiлy, сөздepдiң opфoэпиялық нopмaлapын сaқтaп, дұpыc оқy - қaзaқ тiлi пәнiн мeңгepтyдe oқyшылapдың бәpiне бipдeй қoйылaтын opтaқ тaлaптap, -- дeп aнықтaйды.
Aл К. Aхaнов тiл дaмытyды: aйтaйын дeгeндi дәлме - дәл, aшық aйқын жәнe әсepлi түpдe жeткiзiп бepy ол үшін тiлдi, әсipeсe oның бaйлығын, көpкемдiлiгi мeн үндiлiгiн, caн cыpлы мaғынacы мeн өткipлiгiн, эмoциoнaльды бoлyы мeн экcпрeсивтi қызмeтiн жaн - жaқты мeңгepy, -- дeп бiлeдi.
Оқыту жүйесінде оқушылардың тіл дамыту жұмыстарын қарастыру ерте кездерде қолға алынған. Оған дәлел ежелгі грек философтары Сократтың сократтық оқыту әдісі немесе эвристикалық әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап оқыту жүйесін жасады. Бұл әдістің негізгі мәні - тыңдаушыны әңгіме барысында қарама-қайшылықтарға әкеліп, сонан соң оң түсініктермен индукция арқылы шындыққа көз жеткізу. Әдістің маңызды жағы - бірізділік, сұрақтардың логикалық жүйелілігі; мақсаты - жаңа білімді меңгеру, шындықты іздеу. Осылайша логикалық ой-өрісті дамыту, диалектикалық пікірталас жүзеге асып, мұғалімнің сұрағы арқылы оқушы шындыққа көз жеткізеді.Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бір-біріне толық сенімділік негізінде жүргізілуі керек. Мұғалімнің міндеті - оқушының рухани күштерін ояту. Сократ үшін педагог - бұл ой туындатушы болып есептелінді.
Тілді жеке түрінде емес, сөйлем түрінде үйреткен тиімді. Тіл үйренушілердің ана тілін таяныш ете отырып, грамматикалық тақырыптарды меңгерту керек. Өз ана тіліндегі грамматикалық материалды жақсы игерген адам, өзге тілдің грамматикалық материалын салыстыра отырып тез әрі оңай игереді. Грамматикалық тақырыптар бір жүйелік ретпен берілуі керек.
Қазіргі қазақ тілі мұғалімдерінің мақсаты сөйлей білуге, өз пікірін өзгеге жеткізе білуге , тілдік қорын дамытып, қазақ тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білуге үйрету. Ол үшін мына әдістерді пайдалана отырып жұмыс жүргізу керек.
Түсіндіру әдісі - мұғалімнің оқу материалын тиянақты, сапалы түрде жеткізуі, яғни мұғалім түсіндірілетін тақырыпты айқын етіп қойып, дәйекті түрде жеткізеді. Грамматикалық тақырыпты басқа ұлт өкілдеріне түсіндірген кезде орыс тілінде салыстырмалы түрде түсіндірген өз нәтижесін береді.
Сұрақ-жауап әдісі - ауызша сөйлеуге, тіл дамытуға көмектеседі, бұл әдіс, әсіресе, мәтінмен жұмыс жасау кезінде өтілген грамматикалық тақырыптарды бекіту мақсатында қолданылады.
Мәтін бойынша тіл дамыту әдісі - белгілі бір тақырыптағы мәтінмен, мәтінде қолданылатын сөздікпен жұмыс жүргізу барысында, мәтіндегі жаңа сөздерді игеруде оқушы лексикалық қорын байыта отырып, қазақша сөйлеуге, сұхбаттасуға мүмкіншіліктері арта түседі.
Аударма әдісі - екі тілге тән грамматикалық ерекшеліктерді игерту үшін өзара салыстыра отырып қазақ тілін саналы меңгерту үшін аса тиімді әдістің бірі. Аударма әдісі сөйлем құрамындағы сөздердің орын тәртібін, қазақ тіліндегі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтардың ерекшеліктерін т.б. меңгерту үшін қолданылады.
Сөздікпен жұмыс істеу әдісі - жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударып немесе мағынасын синоним сөздер арқылы түсіндіріп, сөздердің өзара байланысын түсіндіріп, сөйлем құрып үйрету арқылы түсіндіру.
Демонстрациялау әдісі - материалды сурет, бейне фильм, схема т.б. экрандық құралдар аркылы тез, сапалы түсіндіру.
Қайталау әдісі - өткен тақырыптарды тиянақты есте қалдырудың ұтымды тәсілі. Бұл да жүйелі, үздіксіз қайталау нәтиже береді.
Жаттығу әдісі арқылы қазақ тілі грамматикасынан түсініктеме беріп, оны жаттығу жұмыстары арқылы дәлелдеп, үйренушілерге бірінші орында грамматика емес, сөйлей білуге үйрете алады.
Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топтағы оқушымен де, әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады. Басты көңіл бөлетін мәселе - тіл дамыту мен байланыстырып сөйлеуге арнайы мәтіндер беріліп, олардың үйретілетін грамматикалық тақырыптармен байланысы ескерілуі жөн.
Жаттығу материалдары оқушылардың жалпы ой-өрісін, білімін, дүниеге көзқарасын қалыптастыру мақсатын көздеуі керек. Мысалы,мәтінді алып,түсіндіру кезінде сөздерді дұрыс түсініп, пайдалану үшін оқушыларға сөздің негізгі мағынасын білдіру мақсат етілгені жөн. Ең алдымен оқушыға сөздің негізгі мағынасын түсіндіру керек. Қазақ тіліндегі бірқатар сөздердің жеке тұрған күйінде негізгі мағынасының бола алмайтынын аңғартуымыз керек. Сөздің негізгі және тура мағынасын сөйлем ішінде контекстерде тұрғанда ғана ажыратуға болатынын айтуымыз керек. Мысалы: Ананың ақ сүтін ақтау. Істің ақ пен қарасын білу. Мал семірер, ақ пен ас көбейер. Бұл сөйлемдерде "ақ" деген сөздің әр түрлі мағына білдіретінін түсіндіруіміз керек.
Мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі пәнінде тіл дамыту жұмыстарын жетілдіру үшін, ең алдымен, бұл пәнді қатысымдық тұрғыда оқыту керек.
- тұтастық (оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру);
- сөйлесімге қатысты басты ережелерді меңгеру;
- грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрену;
- сөйлесімнің түрлерін меңгеру;
- ынталандыру;
- сөйлесуге қатысты ішкі күшті пайдалану;
- орта мен жағдайды ескеру принциптерін ұсынады.
Тіл үйренудің тиімділігін арттыруда оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім әрекеттерін қатар ұйымдастырудың маңызы зор. Оқылым бойынша берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән береді.
2. Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар
Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Ал негізгі міндеті бала тілі мен ойын дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыруға, тілдің адам өміріндегі маңызын саналы ұғындыруға, баланың қатысымдық-танымдық қызметін дамытуға бағытталады. Сөйлеу әрекеті арқылы баланың тілі байиды, ойлау қабілеті жетіледі. Онда қандай әдіс тәсілдерді алуға болады.Сөздік қорды байыту, дамыту
-байланыстырып сөйлеуді
- іштей сөйлеуді
-сөз саптауды
-ойды сыртқа шығаруды
-сөзді ой елегінен өткізуді алға тартады. Осыларды меңгерген бала ішіндегі ойын бүкпесіз, ешбір қиналмастан айта алатын халге жетеді. Ең басты назар сөзге түссе, сол арқылы баланың тілі де дамитын болады. Тіл дамыту мәселесі - сөзден, сөздік қорды дамытудан басталады.Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:
1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі
Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz