Дауысты дыбыстарды оқыту

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВАТЫНДАҒЫ
САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Бастауыш сыныптарды фонетикалық жаттығуларды орындаудағы әдіс-тәсілдер.
Орындаған:Ерген Р.
Ғылыми жетекші:Күленбаева А.И.
Саран 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-БӨЛІМ.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ..5
1.1 Бастауыш сыныптарда фонетиканы оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
1.2 Бастауыш сыныпта фонетикалық талдау жүргізудің әдіс-тәсілдері ... ... ..15
2-БӨЛІМ.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Бастауыш сыныпта сөйлеудің фонетикалық бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ..28
2.2 Бастауыш сыныптағы жазудағы фонетикалық принцип ... ... ... ... ... ... ... .31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетиканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес.Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетикалық жаттығуларды орындаудағы тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Міндеттері:
- Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту әдістемесі туралы толық мағұлмат беру;
- Қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби жазу дағдысын қалыптастыру;
- Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-БӨЛІМ.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
-физиологиялық (жасалу);
- акустикалық (естілу);
- қызметі (сез жасау).
Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отығуға тиіс. Мысалы физиологиялық тұрғыдан дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі,яғни тілдің, еріннін қалпы, жақтың ашылу қалпы т. б.Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі.Бірақ дыбыстардыд жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстын мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді,- бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі -- оның құрамында 12 дыбыс бар;
2) дауыссыз дыбыстар тобы -- оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып тұрады;
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу және құлаққа естілу әуені бар;
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сняқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері - сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.Фонетиканы оқып біткеннен кейін, оқушылардың мынандай дағдыларды игеруге қабілеттері жетуге тиіс.
1.Тіл дыбыстарының тілдің негізгі құрылыс материалы екенін біледі.
2.Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың негізгі белгілерін, құрамын игереді.
3.Кейбір сөздердің айтылудағы және жазудағы ұқсастықтарын ажыратып, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық өзіндік ерекшелігін танып, өз ойын дәлелдеуге шама-шарқы жетеді.
4.Дыбыстардың акустикалық, артикуляциялық ерекшеліктерін түсіне біледі.
5.Қазақ тілінің байырғы сөздер мен термин сөздерін орфоэпиялық жақтан дұрыс айтылуына ерекше назар аударып, оқушының дұрыс сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сөз екпінін қоя біледі.
6.Сөздің графикалық таңбасы мен айтылудағы айырмашылығын, сондай-ақ әдеби тіліміздегі сөздердің кез-келгеніне әрі дыбыстық, әрі әріптік талдау жасауға шамасы жетеді.
7.Сөздің айтылуындағы және жазылудағы буындық ерекшелігін ажырата алады.
8.Буын мен тасымалдың арақатынасын жақсы ажыратумен қатар, өзінің сауатты жаза білуіне де ерекше назар аударады.
9.Алфавит тәртібін дұрыс меңгеру арқылы түрлі сөздіктер мен анықтағыштарды пайдалануға мүмкіндігі мол болады.
10.Өзінің ана тілінің дыбыстық жүйесін жақсы білу екінші бір тілді меңгеруге көп көмек етеді.
11.Дыбыс заңдылықтарын жақсы білген оқушы кез-келген поэзиялық, прозалық шығармаларды дұрыс мәнерлеп оқи алады.
Қазақ жазуындағы фонетикалық приницпке қатысты ізденістер нәтижесі жазуда таза күйінде фонетикалық принциптің болмайтыны туралы білім қалыптастырды. Жазуы дыбыс-әріптік әліпбиге сүйенген тіл-тілде фонетикалық деп аталып жүрген принциптің атауының өзі шартты түрде екені анықталды. Себебі фонетикалық жазу, сайып келгенде дыбыстарды табиғи түрде таңбалау дегенді білдіреді, яғни, басқаша айтқанда, фонетикалық жазу мен фонетикалық транскрипция тең дегенге саяды. Мәселен, отандық жазу теориясының маманы профессор Қ.Күдеринова
1) төл түбірлер мен туынды сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке, 2) оларға жалғанатын қосымшаларының үндестігі, 3) қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысымен үйлесуі, 4) біріккен сөздер жігінде қ, к, п дыбыстарының ұяңдануы, 5) қысаң езуліктердің естілуінше түсіріліп таңбалануы, 6) шылаулардың негізгі сөзге үндесіп, үйлесіп жазылуы қазақ жазуының фонетикалық принципке сүйенгенін көрсетеді. Дегенмен қазақ жазуы теориясының ғылыми негіздерін зерттеген белгілі ғалым, профессор Н.Уәли бұл принцип қалай айтылса солай жазылады деген ультрафонетикалық принципті меңземейді, фонетикалық принциппен жазады деген тұстар фонеманың позициялық түрленімі емес, негізгі реңкі таңбаланады деген фонематикалық приинцпике сай келеді дегенді айтады. Мәселен, біздіңше, Я, Ю әріптенің орыс сөздерінде дауыссыз дыбыстан кейінгі жазылуы мына кестедегі бас әріппен және, қою қаріппен берілген нұсқадағыдай, жіңішке дауыстылар арқылы берілуі, бір жағы, фонетикалық приницпке жауап беріп, сөздің барлық буынын жіңішкертуге, бір сингармотембрмен айтылуына септігін тиігізсе, басқа бауындардағы дауыстылардың түпнұсқа тілдегідей сақталуы мәтінде осы сөздердің графикалық тұрқын бірден тануға көмектеседі.
1.1 Бастауыш сыныптарда фонетиканы оқыту әдістемесі
Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды. Оқушылар білуі тиіс:
-Дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажырата білу керек;
-Дауысты , дауыссыз дыбыстардың жіктелісін білуі тиіс;
-Буын, екпін түрлерін білуі керек;
-Дыбыстардың өзгерістерін білуі қажет;
-Графика, орфографияның негізгі мәселелерін білуі керек.
Оқушылар істей білуі тиіс:
-Дыбыстарға анализ жасау кезінде оқушы фонетикалық терминдердің мазмұнын міндетті түрде ойлап, түсініп қолдана алуы қажет;
-Фонетикалық, графикалық, орфографиялық материалдарды жүйелі түрде талдап, қорытындылай білу;
-Фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық талдау жасай білу.Адам баласы бірімен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол - тіл дыбыстары. Дыбыс - тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз-сөз немесе тал-сал, бал-қал, зал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл - дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.Тіл - ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс "Тіл - ақиқат шын сана" деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл - ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі.Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің тікелей іске (жұмысқа) кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Тіл - қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл - қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады. Бала тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр саласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау - адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланысты.Алфавит, дыбыс пен әріп. Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді у, в ве, гге, дде, жже, ззе, ппе, тте, цце, чче түрінде немесе ғға, кка, ққа, хжа, һһа, шша, щща, түрінде, немесе лэл, мэм, нэн, рэр, сэс, фэф айтылатынын түсіндіру қажет.Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік (ь) белгілердің бар екендігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана жазылатынын ерекше атау жөн.Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе. Әріптің таңбасы ыңғайсыз болса, оны қолдануға ыңғайлы таңбамен өзгерте аламыз. Мысалы, қазақ тіліндегі дауысты- ұ әрпін 1951 жылдың 15 тамызына дейін у әрпімен таңбалап келдік.Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаева).Дауысты дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і ). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді.Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн. Фонетиканы оқытудағы іскерлік пен дағды. Фонетиканы оқу арқылы оқушы әдеби тіліміздің дыбыстық жүйесін білумен қатар, көптеген дағдыларды игереді. Бастауыш сыныпта тіл дыбыстарының құрамы, олардың жіктелуі жөнінен ең алғашқы мағлұмат алады. Сонымен, қазақ тілінің бүгінгі күні ұсынылған негізгі емле ережелерінің жобасында шеттілдік сөздердің емлесі әлемдік озық жазулар тәжірибесіне сәйкес ұлттық жазу жүйесіне үйлескен түрде, бір жағынан, фонетикалық принципке, екінші жағынан, дәстүрлі жазу принципімен үйлестіріліп беріліп отыр.
Қазақ тілі сабағында тапқырлық ойындарды қолдану арқылы фонетиканы меңгерту.Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
1. Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;
2. Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
3. Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
4. Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
5.Дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
7.Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.4 сыныптарда тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білумен қатар, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу нормаларында жаттығып, ол заңдылықтарды күнделікті өмірде пайдалануға дағдыланады, тілдің дыбыстық жүйесін саналы түрде меңгереді. Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау,күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау , орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.Тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы- сатылай комплексті талдау . Талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен әдеби тіл нормасын үйретіп, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, тілден алған білімдерн басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал етіп, білім беру үстінде пән мен пәнді байласныстыра меңгеріп, өз беттерінше іздеп біліп, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды. Өтілген тілдік материалды оқушылардың түсінігіне балап, одан сапалы және терењ білім алу үшін және өтілген материалды тиянақты меңгеріп, оның ғылыми-практикалық негізін дұрыс түсіну үшін де сатылай комплексті талдаудың маңызы зор. Сатылы комплексті талдауды жүргізуде басшылыққа тілдік материалды белгілі бір жүйемен орналастыратын сызба басшылыққа алынып, тілдің әрбір саласы оқулықта болсын, ғылыми еңбекте болсын белгілі бір жүйемен беріледі.
1.2 Бастауыш сыныпта фонетикалық талдау жүргізудің әдіс-тәсілдері
Қазақ тіл білімінде фонетика саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген ғалымдарды атап өтуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу тарихы сонау түркі тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де байқауға болады. Бастауыш сыныпта фонетикалық талдау - жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан бастап тексереді.Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру, көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін үйретуге әрекет жасап көру қажет. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда қазақ тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар ескеріледі: 1) қазақ тіл білімінің фонетика саласының орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары; 2) қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар; 3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып, және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар; 4) оқушылардың ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасының материалдары деген ғалым Әбдірахман Исабаевтың негізгі сілтемелері мен бағыттары өз құндылығын жоймаған деп атауға болады
Фонетикалық ойындар:
АДАСҚАҚ ойыны
Жіңішке дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Жуан дауыстылар: ә,
е, ө, ү, і, и.
Еріндік дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
Езулік дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.
Ашық дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Қысаң дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
Қатаң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.
Ұяң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.
Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.
КІМ НЕ ЕСТИДІ?
Дидактикалық міндеті: қоршаған әлемдегі дыбыстар туралы түсінік беру.
Құралдар: шымылдық, қоңырау, барабан, стақан, кәстрөл, ағаш қасық немесе ағаштан жасалған зат, шай қасығы.
Мазмұны: Педагог немесе балалардың біреуі шымылдықтың артында тұрып, қоңырау соғады, қасықпен шыны стақанды, металды немесе ағаш затты соғады және т.б. Балалар дыбысты және дыбыс арқылы затты анықтайды.
ДАУЫС АРҚЫЛЫ
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: орамал.
Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші орамалмен көзін байлайды. Балалар шеңбермен жүріп, мынадай сөздерді айтады: Сен жұмбақты шешіп ал, кім сені атады, соны біліп ал. Содан кейін балалардың біреуі жүргізушінің атын атайды. Егер ол дұрыс айтса, шеңберге тұрады, ал атын айтқан бала жүргізуші болады.
КІМ ЕҢ МҰҚИЯТ?
Дидактикалық міндеті: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту; сөздердегі керекті дыбысты есту біліктілігін қалыптастыру.
Құралдар: жетондар.
Мазмұны: Балалар педагогтың қысқа әңгімесін немесе жаңылтпашты тыңдап алғаннан кейін, керекті дыбыстан басталатын сөздерді айтып береді. Көп сөздерді айтып берген бала, жеңімпаз болады. Тапсырманы өзгертуге болады.
Шығармашылық үзіліс.
33-жаттығу. Ерекше сыйлық тақырыбында тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер:сыйлық,таңдау,кітап,сыйлау,А йдос,қуану.
Жазу мен оқу процесін сәтті меңгеру үшін фонематикалық жүйенің деңгейінің жеткілікті қалыптасқандығы қажет. Ол ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің негізі болып табылады. Фонетикалық жүйе тіл фонемасының жүйесін құрайды. Онда әрбір бірлік мағыналы белгілер кешенімен сипатталады. Фонетикалық жүйе мына компоненттерден құралады:
- фонетикалық қабылдау;
- фонетикалық түсінік;
- фонетикалық талдау мен жинақтау.Бұл аталған компоненттердің бірінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz