Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы жазу әдістемесі
Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру

Орындаған:Муханбеткалиева А.М. Б-17
тобының студенті
Тексерген:Касимова А.Ж.

Қарағанды-2021жыл.

Мазмұны
Кіріспе
1-тарау.Бастауыш сыныптағы жазу әдістемесі
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
1.2 Бастауыш сынып оқушыларын қатесіз жазуға үйрету
2-тарау.Сауатты жазуға үйрету жолдары,жұмыс түрлері
2.1 Жазу сабақтарының мақсаты,міндеттері,қойылатын талаптар,олардың сипаты
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Бастауыш сыныптағы жазу
әдістемесіБастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру үшін оның теориялық-әдіснамалық негіздері анықталуы керектігі
белгілі. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс
қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу
сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары
сауаттылықтың нышаны.Ол теориялық-әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған
келелі мәселенің бастау көздерін танытады. Бастауыш мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мынадай мәселелердің басы ашық
болуы тиіс: - бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе
ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек; -
бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және осы
бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап-тану керек; - бастауыш
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы қалыптасуының межелерін,
белгілері мен шарттарын айқын анықтап алу керек. Негізінде, берілген мәселе
бойынша осы кезге дейін жарық көрген әдебиеттерді талдау барысында, көп
ретте, функционалдық сауаттылық, функционалдық сауатты тұлға, негізгі
құзыреттер, жалпыбілімдік біліктер сияқты ұғымдардың көбірек талдауға
түсірілетіні байқалады. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп
тоқталып кету жөн болмақ. 1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және
құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары. 2) Минималды сауаттылық дегеніміз –
қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары. 3) Функционалдық
сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік
ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін
қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және
сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын
сауаттылық деңгейі. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып
табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір
білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам
нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім
белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-
әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.

1-тарау.Бастауыш сыныптағы жазу әдістемесі

Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі
пәнімен тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза
алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс
ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға
үйрету қажет.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі.Қатесіз
жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс,
неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: ана, домбыра, асық
сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен
бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп, әрбір
сөз, сөйлемді дауыстап оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап
жазуға үйрету керек.Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге
пайдалы болса, екіншіден, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға,
үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі.
Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне
жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы
балаға тексеремін.Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне
намыстанып, сауатт ыжазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-
бірінен көшірмейтін болады.Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі
әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану.Ойын оқушыларды
сабаққа қызықтырады, маиериалды тез қабылдап, есінде ұзақ сақтауға
көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде сауатты жазуға
үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.Мысалы, Есімсе жаттап сақтайын
ойыны.Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен тый-
бұлар түбірлестер.оған мысал: Сыйға – сый. Көзің ауырса, қолыңды тый,
қалған сөздерінде жалаң а жазылады. Егін, шөпті уақытында жи. Оюды
қайшымен қи-деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз
дыбыстардан кейін жалаң ң жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.Я әрпіне
жүргізілген ойында и + а =я; қоян, аяқ, таяқ т.с.с. құраған сөздерін
қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге қатысты
жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды, үш
буынды сөздерді дұрыс жазуға, Кім көп сөз тауып жазады? ойынын жарыс
түрінде жүргізген тиімді.Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі.
Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.Ұлттық ою-
өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз
жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке,
сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп,
дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен
бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді тақпақтарды жатқа жаздыртып,
сауаттылығын тексеріп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет-
ғұрыпқа байланысты алынады.Мысалы, Аттан биік.Қойдан аласа.(Ертоқым)
Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. (домбыра)
Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ
қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға,
дұрыс жазуға дағдыланады.Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға
қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін
түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп
отыруы қажет.Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта
дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да
өз нәтижесін береді.Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған
дұрыс.
1.Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға
үйрету.
2. Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3.Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жатғызу пайдалы. Себебі өздері жазған
сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан
сыздырып, талдау жүргіземін.Күнделікті сабаққа оқушының жазу сауаттылығына
үнемі ән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі.
Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнектіліктің алатын орны
ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған
таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық материалдардарды
пайдалануға көңіл бөлемін.Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді
іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой
басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.Бұл бас әріп, кіші әріп
түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс
айтып үйренбейді.Мысалы:кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-
ды н деп айтады. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және
оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем
аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай,
жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі сөз мағынасын
түсінбей жазудан болады. Мысалы : тастама кішкентай сөзін киттей,
ештеңе сөзін іштеме деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап
кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кетуі жиі кездеседі.Көркем жазу
оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды
меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі,
әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты –
дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін
қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.Мектептегі
оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі
мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Бала мен
партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30
см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек.  Жазу ұзақтығы 1 сыныпта – 5
минут, 2 сыныпта – 8 минут, 3 сыныпта – 12 мин, 4 сыныпта – 15 минут. Одан
ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту
жаттығуларын жасаған дұрыс.Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті
ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін,
геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның
сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет
альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар
заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң,
сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т.б.  ұғымдарды
меңгереді.Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының
(қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын
білу міндетті.    Көркем жазу  ережесі:
Жазудың құралдарын пайдалана білу;
1.Дәптердің дұрыс орналасуы;
2.Дұрыс отыра білу;
3.Қолдың дұрыс қозғалысы;
4.Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
5. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;
6.Әріптің дұрыс жазылуын білу;
7.Әріпті байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан );
8.Әріптің біркелкілігін сақтау;
9. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;
10. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
11.Жазудың бағытының дұрыстығы.
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес, біртіндеп 2-3 жылда барып қалыптасады.
Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындауы қажет. Көп жағдайда
оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру,
қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар
күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады,
бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу
мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады.
Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді.
Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан
немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын
бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып
кетеді.Жазу сабағында ми ғана емес, сондай-ақ көптеген бұлшықеттер де
жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар гигиеналық талаптар
қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді),жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама-қарсы түсті
сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген
жазу техникасы ( әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) қажет.Жазу жұмысы,
әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп
есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің
жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз
ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да
сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт
жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады.
Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде
қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын
бұзады.Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер
парағындағы сызықтардың арасына дәлме – дәл келтіріп жазу талап етіледі:
зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі
жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда
бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның
ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен
саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек. Парта
оқушының бойы сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі (12-150)
сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.Қиғаш жазу кезінде дәптер
денеге қарама-қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30-
400 болып орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен
тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір- біріне параллель түсіреді
немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық
буынын байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара,
сондай-ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты
сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе-келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның
бір жағына қарай қисаюы – сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеліп
соғады.
 Көркем жазуға үйретудің негізгі әдістері:
1.Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта-қайта жазып көрсетуі тиіс.
2.Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан
әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3.Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4.Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың
жазғанымен салыстырады.
5.Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір
ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды
пайдаланған дұрыс:
1.Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір
элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін
айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті
өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2-ші сағатында өткен өте тиімді.
2.Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған
элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың
басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың
мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3.Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады.
Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді.
Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған дұрыс.Мұндай жаттығулар жас
жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады.
Жалпы оқушының каллиграфиялық дағдысының қалыптасуына  алғашқы рет қаламсап
ұстап, әріп жазған кезіндегі әдіс-тәсілдер көп әсер береді. Әдемі, сұлу
жазудың негізгі дағдылары 1-2 сыныптарда қалыптасады. Сол кезде көркем
жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейіннен жазу дағдыларын
жөндеу мұғалімге де оқушыға да қиындық келтіреді. Сондықтан оқушылардың
көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ерте жастан бастап
пайдалану оң нәтиже беретіні тәжірибеде дәлелденіп келеді. 

1. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне
ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға, бірсыпыра
көмектеседі. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің
болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады.
Сондықтан да баланың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі керек. Әдемі жазу –
әдеміліктің белгісі демекші біз ұстаздар қауымы көбіне оқушының оқуына,
сөйлеу дағдысына жіті мән береміз де, каллиграфиялық дағдысына көңіл бөле
бермейміз. Осы ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың Бәсекеге қабілетті дамыған
мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі
әлемге жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Сондай-
ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға
бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды, - деген сөзі еске
түседі.Мектептегі оқыту үрдісін сауат ашу пәнінен бастап жүргізу аса
маңызды да күрделі жұмыс. Өйткені, сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты
әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды,
сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек,
сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін
дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі
көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды
орындау негізінде көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады. Сауат ашу
кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген
әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ
уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да,
сабаққа зейін қоюдан қалады. Сондықтан 3-5 минут жазғаннан кейін қолдарына
демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға
көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға
үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық
жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы)
берілген. Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу
аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы
жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа,
буынға талданады.Сауат ашу жұмысының мақсатын бағдарлама белгілейді.
Бағдарлама бойынша, сауат ашудың мақсаты оқушыларды дұрыс оқи, дұрыс жаза
білуге үйрету және оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін, ойын дамыту. Сауат
ашу жұмысының басты шарты  - әріпті таныту. Әріпті танып, оқып, оны жазып
үйренбейінше, сауатты азамат болып өсу мүмкін емес. Алайда сауат ашу жұмысы
бірден әріп танудан басталмайды.Өйткені әріптер тілдегі дыбыстардың шартты
белгілері ғана. Демек, әріптерді дыбыстармен ұштастыра білсе ғана, сауат
ашу сабағы саналы өтпек. Ал тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысы жеке күйінде
кездеспейді, олар сөз ішінде бір-бірімен тіркесіп келеді. Осыдан барып, тіл
дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге, сөздерді
буындарға, буындарды дыбыстарға талдау қажеттігі туады. Осындай жұмыстар
нәтижесінде оқушылар іс жүзінде сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген
ұғымдарды меңгеруі керек.  Тіл дыбыстары біркелкі болмайды (дауысты,
дауыссыз, жуан, жіңішке, қатаң, үнді, ұяң т.б.) сауат ашу кезеңінде
оқушылар тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін біліп, тәжірибе
арқылы меңгеруі қажет. Дыбысты естіп, ажыратқаннан кейін, сол бөліп алған
дыбысты дұрыс дыбыстай білуі қажет, тек содан кейін ғана әріп таңбалары
таныстырылады.Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу
керек:

біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра
білу;
екіншісі – әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру;
үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру.      
Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Осы орайда
оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білу керек. Түрлендірілген
жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады.
Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу
қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және
сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау
жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші
әрекеті – ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат
бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың  қолын жаттықтырмайды,
оның сөйлеуі мен ойлауын жетілдіреді. Штрихтау арқылы сурет салу
жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу
сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей
орындалады.Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын
еркін қабылдап, оң, сол, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарын
меңгереді. Ал, сауат ашу кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Демек, әрбір
әріпті жазып шығу дегеніміз – көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз.
Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс-
әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен
тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне
септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды
үзбей жазуға дағдыландыру қажет.Сауат ашу кезеңінде оқушы сөйлем, сөз,
буын, дыбыс ұғымдарын дұрыс меңгеругенде ғана сауатты жазу орын
алады. Сауатты жазу дегеніміз – әріптерді тастамай, шатастырмай жазу.
Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс
меңгерген оқушы сауатты жазады.Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер ХІХ-
ХХ ғасырдың бас  кезінде-ақ мектептерге енгізіліп, қазіргі кезде кеңінен
қолданылады. Бұл әдістерге: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық
әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі жатады.
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп
таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. ХІХ
ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Алайда, бұл әдісті пайдалану
барысында кемшіліктерді ескере отырып, оны қолдануға шек қойыла бастады.
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын,
көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнайы
торкөздер пайдаланған екен. Кейіннен бұл торкөздерді көздің жанарына және
оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына байланысты алып тастады.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап
етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен
оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді
таңбалауға үйретеді.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты
үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) – қозғалысты бір
қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу
процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады,
сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл әдістің
бірнеше кемшіктері бар екендігі дәлелденді.
Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жүйесі.
ХІХ ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген бұл әдіс ең алдымен 19
элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға
үйретеді. Бұл әдісті ересектерге каллиграфиясын түзеу үшін пайдаланған
тиімді.Оқушының көркем және сауатты жазуы үшін бірнеше жаттығулардың
түрлерін ұсынамын. Бұл жаттығулар балалардың көркем жазу дағдысын
қалыптастырады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларын қатесіз жазуға үйрету

Көркем жазу оқушының келген күнімен жазымен басталады. Әдемі жазуды
меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі,
әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты -
дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін
қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.Мектептегі оқыту
үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі
мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу -
аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты
әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп
қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.
Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір
элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай,
біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды
орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия)
қалыптасады.Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай
жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп
салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы
қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап,
баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ
қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап
ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке
тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы
мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Сауат ашу кезінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта
берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргіземін.Қатесіз жазу
дегеніміз ˗ әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту,
сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты
жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1-ші сыныптан-ақ дұрыс
қалыптастыру қажет. Мысалы: Оқушыларға сөздердің құрамын ұғындыру және
сөздердің дыбыстардан құралатынын білгізу мақсатында Баспалдақтан кім
бұрын түседі? ойынын жүргіземін.
Ор     ұл
Ора   ұлы
Орақ   ұлан
А Т  
А Т а  
А Т а қ

Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей бола бермейді. Мысалы, ащы (а˗ш-щ-ы),
аяқ (а-и-а-қ) сөздерінде әріп санынан дыбыс саны артық, ал лагерь, альбом
сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп
кетемін.2-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін кеңейтіліп,
күрделене түседі. Атап айтқанда, у дыбысы, Е, Я, Ю әріптері жеке-
жеке қарастырылады. Мысалы: олардың жазылуы тақырыбында ˗ ы, і әріптеріне
аяқталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазбаша және ауызша сөйлеуге оқыту
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Сөзді айта білу
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген жаттығулардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Шет тілінде сөйлеушілермен кездесулер мен талқылаулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz