Бауыржан Момышұлы және оның соғыс өнері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ
Бауыржан Момышұлының соғыс шындығы адам тағдырының көркемдік танымы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған:Қабдылкәрім А.
Тексерген:Қасымова Б.
Саран-2022жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-БӨЛІМ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМIРI МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бауыржан Момышұлының соғыс шындығы мен адам тағдырының көркемдік танымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 "Москва үшiн шайқас" романындағы соғыс шындығы ... ... ... ... ... ... ... ...12
2-БӨЛІМ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӘСКЕРИ-СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Бауыржан Момышұлы және оның соғыс өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18
2.2 Бауыржан Момышұлының соғыс психологиясы мен соғыс философиясы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бауыржан жаратылысында ақын, суреткер адам. Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді.Ол таусылмас қайраттың, үлкен шабыттың адамы. Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай тарихи тұлға. Бұл оның жауынгерлік, әсіресе командирлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай көрініп отыр. Бауыржан Момышұлы - соңғы панфиловшы. Бауыржан Момышұлы әділет жолында һәм шындық үшін өзін де, өзгені де аяған емес. Ащы да болса шындық артық деген жолды ұстанды. Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.
Мақсаты: Бауыржан Момышұлының адамгершілік қасиеттерін, соғыс кезіндегі дам тағдыры мен оның көркемдік және патриоттық сезімін оятып, келешек ұрпаққа батырлық, ізгілік, адамгершілік ұғымын ашып көрсету.
Міндеттері:
- Бауыржан Момышұлының тұлға ретінде, образын ашып суреттеу;
- Б. Момышұлының шығармаларын талдау;
Зерттеу пәні:Қазақ әдебиеті
Зерттеу нысаны: Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының соғыс шығармалары туралы жазылған естеліктер.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-БӨЛІМ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМIРI МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Б. Момышұлы майдан даласында жазған хаттарының мәні ерекше. Бауыржанның бір ерекшелігі - жеке бір жалқы адамдардың дара ерлігін ғана емес, жалпы кеңес жауынгерлерінің жаппай ерлігін де жақсы бейнелей алуында, ерліктің қайнар бұлақ көзі -- социалистік Отанды сүю, жеңіске шексіз сену сезімі екенін айқындай білуінде. Қітаптың үлкен тәрбиелік мәні де осында.Оның өмір мен өлім, оқ пен оттың арасында жазған хаттары сол жылдардағы көкейтесті мәселелерге арнаған. Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі, Қазақ тілі. Қазақстан жазушыларына, Кенесары туралы, Қойын дәптеріндегі жазбалар сынды хаттары осының дәлелі. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі батырым деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі сынды орден-медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Халық қаһарманы атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады. Б.Момышұлы шығармаларының маңызы - оқиғаларды шыншылдықпен бейнелеуінде, сондай - ақ борыш, ар - намыс, сенім, патриотизм сияқты моральдық - этикалық мәселелерді шешуге құралады. Бауыржан өз шығармалары арқылы адам рухының асқақтығын, оның Отанын сүйген патриоттық рухын аша білді. Сонымен қатар жазушы шығарма қызығу басты ерекшеліктері ретінде - орыс тілі мен қазақ тілінде жаза алуымен әр шығарманың басты кейіпкері де, авторы да өзі екендігінде. Бұл ерекшелік қандай да бір шығармаға өзіндік сипат дарытады. Сондай-ақ жазушы шығармалары әр кез жастарға бағытталып отыруы да, оның шығармасының жазылуы осы өскелен жастарға аға ұрпақтың ерліктерін паш ету мен арды жоғары ұстаған ұлттық рухтың көрініс алуымен ерекшеленеді. Демек, қазіргі жас ұрпақ Бауыржанның өмірлік тәжірибесінен алынған мақал-мәтелдерінен үлгі өнеге ала отырып оны өмір тәжірибесінде қолданғандар, ізін басушылар баршылық. Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетінде алатын орны айрықша. Ол бірінші бой көрсеткен әскери жазушы. Оның қызық ерекшелігі - әрі даңқты командир, әрі белгілі жазушы, әрі өз шығармаларының авторы мен кейіпкері, әрі басқа жазушылардың да басты кейіпкері. Бауыржанның екінші ерекшелігі - ол екі тілде жазады, және орыс тілінде жазғанда да өзінің ұлттық ойлау, сезіну, сөйлеу өзгешеліктерін сақтайды. Үшінші ерекшелігі -- әдебиетке кеш келгендіктен, жазушының жара тылысындағы суреткерлік дарын өзінің барлық қаблет мүмкіндіктерін әлі көрсетіп үлгірген жоқ. Бұл ерекшелік әскери жазушының жаңа құнды туындылар беруінің кепілі сияқты.Бауыржан творчествосын дербес көркем өнер тұрғысынан алып қарасақ, әрине, көп сын айтуға болады. 2020 жылдың 24 желтоқсанында Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты әскери қолбасшысы, стратег, Кеңес Одағының батыры, жазушы, суретші, ақын өзінің отты өмiрi мен өшпес мұра етіп қалдырған бай шығармашылығы арқылы көзінің тірісінде төрткүл дүниеге танылған, өскелең ұрпаққа үлгі болған, бабамыздың бірі - Бауыржан Момышұлы биыл 110 жасқа толады. Қазақ халқында жағымпаздыққа жаны қас, адалдықтың символына айналған Бауыржан Алатаудың етегінде күзі ерте түсіп қоңыр салқынымен қары қалың боранды қысына ұласатын, көктемі табиғат ертегісіндей сай-саланы бәйшешек пен қызғалдақ, гүлдің түр-түрімен жұпар иісі аңқыған, найзағайлы көк нөсерлі, жазы көкорай отты, шалғынды, шыбын-шіркейсіз самалды, жер астынан шығып жататын мөлдір қайнар мың бұлақтың отаны Жуалыдай жер жәннәтында Көлбастау (Талапты) ауылында 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген екен. Сол кезеңде Әкесі Момыш 53 жаста, анасы Рәзия 43-ке келген төрт қыздан кейін дүниеге келген, көптен күткен, көктен тілеген ұл болыпты. Жаудың шебінде қалған 690-ға жуық жауынгрелерді өз жасағына қосып, аман алып, рухтарын көтерді. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада ошақты және икемді қорғаныс ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады.Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Атақты филология ғылымдарының докторы, профессор, Бауыржантану орталғының негізін қалаған Мекемтас Мырзахметовтың Өмір жолы Бауыржан Момышұлы атты деректі фильмдегі сұхбатында Бауыржан сол заманның талабына қарай атейст болмаған. Арабша хат танып. Аллаға сеніп Құранды жақсы білген. Соғыста Партийнный билетінің ішінде ағасы Момынқұлдың жазып берген сүресі болған екен. Жазушы Бекен Момынқұлов батырдың естеліктерінен мынадай деректер келтіреді-Москва түбіндегі шайқастардың бірінде соңдарынан жау қуып келеді, алды миналанған дала. Бір-екі жауынгер минаға жарылады. Сол кезеңде Бауыржан Момышұлы АруақІ - деп атын тебініп алға шығып, менің ізіммен жүріңдер деп бұйырады. Жауынгерлер шығынсыз аман-есен мина даласынан шығады. Бұл естеліктен байқайтынымыз ата-баба дәстүрін сүйетін, нағыз ұлт батырының көзсіз ерлік ісі. Бауыржан Момышұлы әскери психологияны жақсы білетін, стратег, тактик, философ, тапқыр, нағыз қолбасшылық қасиетке ие тұлға болды. Сан қырлы Бауыржан Момышұлының еңбектерінен қазақ болмысы, ұрпақ тәрбиесі туралы жазғандары ерекше.
1.1 Бауыржан Момышұлының соғыс шындығы мен адам тағдырының көркемдік танымы
Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерді оқи отырып, ол кісінің жан-жақтылығына таң қаласың. Бір адамның басына осыншама даналықты берген Алла тағалам не деген шебер. Оның батырлығынан басқа - таза этнограф, психолог, философ, ақын, жазушы, суретші, биші нағыз сезіз қырлы, бір сырлы жан дерсің. Оның нақыл сөздерінің философиялық мағынасы ұлттық әдебиеттің қаймағы. Қаймағы дерсің ия, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ болмысының өзі. Бұл туралы Шерхан Мұртазаның айтқан бiр сөзi бар: Бауыржан Момышұлын бiз тек қана батыр деп қабылдамауымыз керек. Үңiлiп қарасақ, оның тұла бойы тұнып тұрған ақыл. Бұл сөздiң, әрине, жөнi бөлек. Бәукең неге ерекше батыр, Бәукең неге дара батыр дегенде Бәукеңнiң батырлығы мен ақылдылығы халық даналылығымен үндесiп, ұштасып жатқанын айтуымыз керек. Үш рет генералдыққа, үш рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылған тау тұлғаның болмысы қазақ үшін ірілене түсті. Атақ пен даңқ оған құлақ кесті құл болды. Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында Бауыржан айтқан екен деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің Арпалыс (Волоколам шоссесі) повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған Бір түннің тарихы, Ұшқан ұя сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған Мәскеу үшін шайқас, Жауынгердің тұлғасы, Майдан сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды. Осы ретте, Егемен Қазақстан газетінде 2008 жылы сәуірдің 4-інде жарияланған Көсемәлі Сәттібайдың Аңыз бен ақиқат атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн көрдік. ...Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та, жазылып та біткен жоқ. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Ұлы Отан соғысы - бүкiл кеңес халқымен бiрге қазақ ұлтының қаһармандық күресiнiң отты шежіресі. Қазақ деген ұлттың ақыл-ойының, ар-намысының, сенім-нанымының жәдiгерi. Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының шежірелі ерлiгi қаншама жыр тудырып қаһарман ұл-қыздарының қолымен жасалған, адам сенгiсiз батырлықтары жырланып келеді, жырлана бермек. Бiрақ ол жеңiл өлең, орта қол дүниеге азық болмақ емес. Ол - өте күрделi дүние.
1.2 "Москва үшiн шайқас" романындағы соғыс шындығы
Москва үшін шайқаста командирлердің өз қарауындағыларға қаталдықпен, мейірімсіздікпен қарағанына айғақ болатын эпизодтар бар. Мұндай эпизодтар автордың ар-ожданына ешқандай да қаяу түсірмейді, керісінше, басты кеіпкердің мінез-құлқын əр қырынан қамтуға жəрдемдеседі, оның қилы-қилы өмірдегі жағдайлар мен қиындықтар тұсында табиғи сол қалпында қарастыруға мүмкіндік береді. Кітапта комбаттың артық ашуын əзілге сүйеп, сыпайылықпен сездіретін адам-ақжарқын, кішіпейіл іні Жолтай Бозжановты, сабырлы, ақылды Хаби Рахимовты да автор түрлі тартымды эпизодтардағы нанымды юмор сазымен ұтымды бейнелейді. Бозжанов, Рахимов, Толстунов сияқты қарулас достарына, кейде қатты ренжіп, қатты кеткен тұстарда еріксіз ашуға егіле тұрып соңынан сабасына түскен сəттер бар. Сол жағдай туғызған мінезге өз бағасын беруі оның адамдық-азаматтық тұлғасын айқындай түседі. Егер жазушы-қаһарман тек əрекет пен бұйрық-жарлық, айғай-ұрыс көріністерін суреттеп, лирикалық шегініске жол бермегенде, немесе, Бауыржан Момышұлының жан дүниесі мен арман-мұратындағы ақ та адал, мөлдір сырлар ықшам да сыйымды түрде қамтылмағанда, бұл туындының тəрбиелік, моральдік-этикалық мəні жоғары болмас еді. Бауыржан Момышұлының тұлғасы характер тұрғысы нан аса бай, көп қырлы, өзіндік қасиеті де мол. Оның шығар шыңдары биік, түсер еңістері тік. Бұл характерде соғыс командиріне мінездік сапалар жинақталып, оқиға қоюлана түсіп, сюжет ширыққан сайын олар айқынырақ көзге түседі.Бір түннің оқиғасында алғашқы үш кітапқа қарағанда оқиға қою, əрекет те көп, характерлер де кеңінен ашылған. Мысалы, үш танкімен оқ жұлып кетіп, жекпе-жекке шығып тайсалмаған Жиенішбаев, шабуылға шыққанда терісіне ілінген бір қолын ашумен жұлып алып, лақтырып тастайтын Алатау сұңқары Бүркіт Әлішеров, бұйрықты орындадым, меня убли-деп, соңғы сөзін айтап мерт болған тəжік Щирван-Заде неміс басқыншыларының танктерін өрттеп қаза болған Петр Угрюмов оққа ұшқан лейтенант Танков,Краев, Попов, Исламқұлов іспетті жауынгерлер мен командирлердің жанкешті қимылдары, көзсіз батырлықтары оларға деген құрметтен туған жылы сезіммен баяндалады. Сюжетсіз қаһарман мінез-құлқын берудің қиын екені даусыз. Кейде бір сəттік эпизодты ақ шынайы мінездің ашылуы немесе сюжет желісіндегі образдардың жан-жақты суреттелуі, ығысып жатуы шығармалардағы басты ерекшелік болып табылады. Бұл академик З.Қабдоловтың: Бір жазушы, айталық адам мінезін қимыл - əрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл күйін, сезім сырын, ой - арманын əр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер... деген ойымен үндес. Автор кісі жалықтырарлық баяндаудан, қарпылмаған киіздей болбыр композициядан қашып, кейіпкер өміріндегі ерекше маңызды оқиғаларды саралап алып, оқырманның көңілін соған аударады. Бұл қаһарманның мінез-құлқының басты белгілерін алу үшін маңызды.Москва үшін шайқас романында Б.Момышұлы мен Брудныйдың өзара қатынастарына жеке тарау арналған (Брудный қорқақтығы, əлсіздігі үшін жазаланады, кейін ақталып, ұрыс кезінде қайтыс болады). Командир Б.Момышұлы күзеттен өз бетімен кетіп қалған Брудныйға қарсы əдеттен тыс əдіс қолданады. Ол Брудныйды байқаса да, байқамаған сыңай көрсетеді. Оған бұрынғыдай іні есебінде емес, бағынышты адам ретінде қарайды, оған сенімсіздік білдіреді. Онсызда іштен тынып жүрген Брудный бұрынғыдан да күшті күйзеліске түседі. Ауыр жағдайдан шығудың жолын өзінше іздестіріп көреді. Автор жағдайда егжей-тегжейлі баяндап жатпастан, рота командирінің əлсіздігін (жауынгерлік күзетті өз бетімен тастап кетуін) жəне оның жан дүниесінің өзгеруіне ықпал еткен (бірлескен күрес, команидирлер мен жауынгерлермен тығыз байланыс, батальон командирінің қайта білдірген сенімі, онымен достықтың орнауы) жағдайдың атқаратын рөлін дəлелді түрде бейнелейді. Қорқақтығы, жақсы командир бола алмағаны үшін айыпталған Брудный батальон командирінің батыл жəне орнықты көмекшісі болу сеніміне қайта кіреді. Сөйтіп автор қаһармандыққа ішкі толқудың, тебіреністің жат емес екенін көрсетеді.Майдандағы полкта Бауыржан Момышұлының адамдары осылай мағыналы тіршілік етеді. Өзіне əбден берілген сенімді адамдардың тағдыры қыл үстінде тұрғанының өзінде командир кешірім жасауды, тіпті Брудныйдың өзін кешіре салуды жөн санамайды. Оның жеке өзіне қарсы бүлік жасалып, оның жеке өміріне қатер төнген жағдайдың өзінде командир Бауыржан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz