Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Бейнелеу өнері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Пәні:Бейнелеу өнері

Студент:Қалбай Ш.

Курс: 3

Мамандық:4S01140101-

«Бастауыш білім беру мұғалімі»

Біліктілік:01140100-

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

Топ:___

Парақтардың саны:

Қорғау

Баға

Қорғау уақыты

Ғылыми жетекші:Габдиев Ж. Н.

Алматы, 2021

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-бөлім. Бейнелеу өнері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы түсінік . . . 5

1. 1 Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері . . . 14

1. 2 Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері . . . 20

2-бөлім. Бастауыш сныптарда бейнелеу өнері сабақтарынан сыныптан тыс жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 27

2. 1 Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдістемелік жолдары . . . 29

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері пәнінің өзіндік ерекшеліктері . . . 38

Қорытынды . . . 42

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бейнелеу өнері қоршаған ортаны, табиғаттың әсемдігін, әдемілігін сезінуге үйретеді. Табиғаттағы жекелеген немесе болып жатқан құбылыстарды бақылап, олардың ерекшеліктерін көбірек және тереңірек ұғынуға жетелейді. Ал, бейнелеу өнері пәні сурет сала білу іскерліктерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға жол ашады. Бейнелеу өнері оқушылардың теориялық білімдерін, есте сақтау, қиялдау немесе тақырып бойынша сурет салуда ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Қабылдау, бейнелі ойлау, көркемдік шығарманы танып білу, түсіну, шығармашылық жұмыс жасау қабілеттерін арттыру, эстетикалық талғамдарын дамытуға жол ашады. Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудағы негізгі мақсат - оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау, көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылық тәжірибелерін тереңдетіп, дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерінің сыныптан оқыту бағдарламасынан көрініс тапқан қосымша материалдармен танысып оларды технологиялармен танысады көркемдік тәрбиелік мәні шексіз ұлттық өнеріміздің қыр-сырымен одан әрі танысып этномәдени танымдармен молайтады.

Мақсаты: Бейнелеу өнері жайлы мағлұматтар беру. Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі қолөнерге үйрету.

Міндеттері:

- Сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын ұйымдастырып сурет салу арқылы оқушылардың шығармашылығын анықтап, эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу.

-Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызыдылығына талдау жасау;

-Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағын оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындау;

-Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері сабағында көрнекіліктер арқылы қызығушылығын оятуды ғылыми-әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде мазмұнын, мәнін ашу;

-Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі - оның құзыреттілігін дамытуды жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Жұмыстың идеясы: мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру нәтижесінде жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Бейнелеу өнері пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы түсінік

Бейнелеу өнері және еңбек баланың ерте айналысатын ісәрекеттері. Бала өз ортасында көрген-білгенін сурет арқылы бейнелегісі келетінінен аңғаруға болады. Алғашқыда баланың салған суреті ешбір түсініксіз парақ шимайға толы болады. Білімді дұрыс жетекші ету барысында баланың алғашқы ұмтылысындағы жай шимайлары, бірте-бірте олардың суреттері пішіндік сипат алып, олар керекті біліммен қаруланады. Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес. Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек. Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек. Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер - мәдениетіміз үшін абзал болар еді.

Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек. Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.

Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді. Болашақта олардан суретші маман дайындап шығару емес, балалардың бойында әдемілік пен тани біліп, эстетикалық талғампаздықтарының жоғары болуы үшін қажет.

Баланың бейнелеу өнері мен еңбегі арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың нәтижелі болуы тыңдай білудің, тыңдап қана қоймай ұғып алуы мен белсенді іс-әрекет етуі арқылы іске асырылады. Бастауыш сынып оқушыларының жасы - шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға нағыз қолайлы кез. Бастауыш сынып оқушыларының кез-келгені (сурет салуда, ермексазбен жұмыс және т. б. ) шығармашылық тапсырмаларды табысты орындай алады, тек оқу-тәрбие үрдісінде, олардың қызығушылықтарын арттырып, ынталандыру барысында іске асырылуы қажет. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ата-ана, сынып жетекшісімен пікірлесіп сон дай -ақ оқушылардың қандай бейнелеу өнері мәселелері тақырыптары түрлері жөнінде белгілері келетіндіктен ескеріп жоспарлағаны жөн . Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады. Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан тыс жұмыс жүйесі бірнеше түрлерге бөлінеді. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясын қолдану арқылы оқушыларға көркемдік білім беру мақсатындағы әңгіме сабақ өткізу. Мұндай әңгіме сабақтар оқушылардың қызығушылықтарынан туындаған ұсынысымен немесе мұғалімнің белсенділік көрсетуі негізінде өткізіледі. Мұндай сабақтардың тақырыптары «Шоқанның суреттері», «Сөзбен сипаттау арқылы салынған портрет шығармалары» т. б. болуы мүмкін. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - бейнелеу өнерінің таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру арқылы эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтар тарихи өлкетену мұражайында немесе өнер мұражайында ұйымдастырылады. Бұл әсіресе оқушыларды мұражайдағы сәндік қолөнер бұйымдарымен, олардың ежелгі үлгілерімен таныстыру бағытын көздейді. Бұл жерде көркем бұйымдарды бір бірімен немесе кәзіргі үдгілерімен салыстырып көрсету арқылы олардың әсемдік талғамын дамытуға назар аударылады. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау. Мұндай экскурсия кезінде мұғалім оқушыларға ағаш өңдеу, металл өңдеу, жүн өңдеу, тері өңдеу, қыш арқылы жасалған заттарды көрсетеді. Сонымен қатар тоқу, кесті тігу, киім кешек тігу, ою өрнектер жасау үлгілерімен оқушыларды таныстырады. Олардың көркемдік ерекшеліктеріне назар аударады. Түстерінің формасының, тұтыну қажеттігіне талдау жасалады. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен мектепте кездесулер ұйымдастыру. Суретшілермен кездесу өткізу үшін мұғалім суретшімен алдын ала кездесу туралы келісімге келіп, уақытын, орнын, қандай туындыларды оқушыларға көрсетуге болатындығын ойластырады. Мұнан соң кездесу кезінде мұғалім суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға қысқаша мәліметтер береді. Онан соң суретшімен әңгіме онан әрі жалғасады. Суреттерінің салыну тарихы ізденістері туралы әңгіме қозғалады. Ол оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - оқушының өзі тұратын ауылындағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті безендіру жұмыстарына саяқат жасату. Бұл үшін саяқат жасау нысандары алдын ала таңдап алынады. Бұл нысан көркем мүсіндік ескерткіш немесе тарихи көлемді нысан болуы мүмкін. Бұл іс шараны ұйымдастыру арысында мұғалім белгілі нысанның тарихына, нысанның көркемдік ерекшелігіне мән беріп, оқушылардың назарын формаларының бірлігіне композициялық құрылымына назар аударады. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - суретшілердің көрмесіне, жеке суретшілердің белгілі бір мерейтойына арналған есеп беру көрмесіне экскурсия жасау. Бұл көрмеде мұғалім оқушылардың назарын суретшінің даралық сипатына аударады. Оның бейнелеу өнерінің қай саласымен айналысатына назар аудара отырып, оның шығармашылығаның даралық сипаты ашап көрсетіледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - суретшіменмектепте кездесу өткізу. Бұл кездесудің бағдарамасында, көрме, қабырға газетін шығару, сұбхаттасу, картиналарды немесе көркем бұйымды талдау, суретші әңгімесі, кино немесе видео фильмдер көру сияқты іс шаралар ұйымдастырылады.

Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - өнер шығармаларының репродукциясынан, , суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру болып табылады. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан құралған монтаж ұйымдастыру. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу. Мұндай кештің бағдарламасында, қабырға газетін шығару, көрме ұйымдастыру, өнер туралы әңгіме өткізу, фильмдер көрсету, баяндамалар жасау, викториналар ұйымдастыру жұмыстары атқарылады.

Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру. Сәулет өнерінің туындыларын оқушыларға таныстырудың ұтымды жолы - балаларды экскурсияға апару. Экскурсия кезінде архитектуралық ескерткіштерді оқушыларға таныстыру мына бағытта жүргізілгені жөн: ескерткіштің аты, көлемі, салынған уақыты туралы мәліметтер беру;

құрылыстың нобайына талдау жасау (қандай табиғат заттарына ұқсастығы бар, қандай геометриялық дене жиынтығына ұқсас) ; көркемдеу элементтері қандай. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету. Мұндай іс шарадан оқушылар суретшілердің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы терең білім алуына мүмкіндік беріледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі - мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы апталық өткізу. Бейнелеу өнері туралы апталық өткізу бір аптаға Лекция жоспарыланады. Апталық мазмұнында бейнелеу өнері туралы әңгіме өткізу, суретшілермен кездесу ұйымдастыру, мұражайға саяхатқа апару, өнер туралы киофильмдер көрсету, өнер шебері өмірі мен оның шығармашылығы туралы лекциялар оқу, бейнелеу өнері туралы кеш өткізу жұмыстары апта бойына әр күнге бөліп Лекция жоспарыланып өткізіледі. Бейнелеу өнерінің шығармашылығы арқылы орындалатын жұмыстар мұғалімге мынандай міндеттерді жүктейді:

- оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру;

- саналылық пен белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;

- еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;

- эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;

- қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;

-өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұрғысынан бағалай білуге үйрету;

- патриоттық және елжандылық тәрбие беру.

- еңбек, өнер адамдары, ғалымдар туралы түсініктерін кеңейту, талант пен еңбек туралы түсініктерін дамыту;

- суретшілер өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларға тәрбие беру;

- оқушылардың бір бірін сыйлауы, оқушы ұжымындағы мүшелердің өзара қатынастағы адамгершілік қатынастарын қалыптастыру;

- оқушыларды Қазақстан қарулы күштерінің Қазақстанның ерлік пен еңбек дәстүріне тәрбиелеу;

- мектеп мұғалімдеріне, суретші мамандығына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінен сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың бәріне ортақ мақсат- оқушылардың әсемдік сезімдерін, талғамдары мен көз-қарастарын дамыту болып табылады.

Яғни сыныптан тыс жұмыстты жоспарлауда оқушылардың еріктілігі қызығушылығы, бейімділігі ескерілуі тиіс. Сыныптан тыс жұмыстарға жетекшілік ету үшін алдын ала іс-шаралардың жоспарын тақырыптарын белгілеп құрып алу қажет. Сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі үйірме жұмыстары олар бенелеу өнерінің түрлеріне қатысты сурет және кескіндеме, саз балшықтан сомдау сәндік қолданбалы өнер безендіру жұмысы т. б. Мұғалімнің міндеті үйірме жұмыстарын көп оқушыларды тарту және жұмысты ұйымдастыра білу болып табылады . Үйірме мүшелері білім және іскерлік дағдыларын қабырға газеттерін безендіруде мектептегі театрлық қойылымдарды және сынып бөлмелерін безендіруде т. б пәндерден көрнекі құралдар жасауда қолданылады. Үйірме, кинофильмдер сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрі - үйірме жұмыстары. Олар бейнелеу өнерінің түрлеріне қатысты: сурет және кескіндеме, саз балшықтан сомдау, сәндік қолданбалы өнер, безендіру жұмысы, пино гравюра, керамика, мозаика т. б.

Мұғалімдердің міндеті үйірме жұмыстарына көп оқұушыларды тарту және жұмысты ұйымдастыра білу болып табылады. Үйірме мүшелері білім және іскерлік дағдыларын қабырға газеттерін безендіруде, мектептегі театрлық қойылымдарды және сынып бөлмелерін безендіруде, т. б. пәндерден көрнекі құралдар жасауда қолданады. Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, білім деңгейлері ескерілуі тиіс. Әдетте үйірме 10-15 оқушыдан топтастырылады, әр топ жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2 немесе 3-4 сынып оқушыларынан жинақталады. Үйірме жұмыстарының тағы бір ерекшелігі, ол сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына қарағанда үйірме сабақтарына көп уақыт бөледі. Мысалы, аптасына 1-2 сынып оқушыларынан тұратын топқа 2 сағат, ал 2-3 сыныптар оқушыларынан тұратын топтарға 3 сағат. Сабақ аптасына 1 сағаттан 2 рет немесе 3 рет, кей жағдайда олар біріктіріліп бір күнде өткізілуіне де болады.

Үйірме сабақтарында бір тақырыптық оқытылуы міндетіне 3-6 сағат мейлінше ұзақ уақыт бөлінуімен де ерекше. Сонымен қатар үйірме сабақтарында бейнелеу өнерінің акварель, гуашь, темпера, тушь, пастель, сангина, соус, көмір, сазбалшық сияқты материалдары кеңінен қолданылады. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы осы ерекшеліктер сыныптан тыс жұмыстардың оқу-тәрбие міндеттерін нәтижелі орындауға мүмкіндік жасайды. Үйірмедегі сабақтардың басты түрінің бірі ол өнер туралы әңгіме сабағы.

Бұл сабақтарда мұғалім оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен, жекелеген суретшілер шығармашылығымен, қазіргі бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдармен кеңінен таныстырып, көрсетуіне болады. Әр үйірмеде ой-пікірлері біріккен шағын ұжым көрінісін табады ол ұжымда жекелеген ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін үйірме басшысы сайланады. Үйірме мүшелерінің мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы көзделеді. Үйірме жұмысының жетістігі көбінесе оны дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға байланысты. Үйірме мүшелерінің қатысуымен 2 және 4 тоқсан соңында мектеп ішілік немесе жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады. Көрме ұйымдастыру үйірме мүшелерінің жауапкершіліктерін, одан әрі оқуға ынталарын арттырады, сонымен қатар басқа да оқушылардың бейнелеу өнеріне, үйірме жұмысына тартылуына ықпал жасап, бейнелеу өнерінің мектептегі эстетикалық тәрбие беру аясын кеңейтеді Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері білім деңгейлері ескерілуі тиіс. Әдетте үйірме 10-15 оқушыдан топтастырылады әр топ жас еркшеліктеріне байланысты 1-2 немесе 3-4 сынып оқушыларынан жинақталады . Үйірме жұмыстарының тағы бір ерекшелігі ол сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына үйірме сабақтарына көп уақыт бөлінеді . Үйірмедегі сабақтардың басты түрінің бірі ол өнер туралы әңгіме сабағы . Бұл сабақтарда мұғалім оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларымен жекелеген шығармашылығымен қазіргі бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдармен кеңінен таныстырып көрсетуіне болады. Әр үйірмеде ой пікірлерді біріккен шағын ұжым көрнісін . Ол ұжымда жекелеген ұйымдастыру мәселелеріне жауап беретін үйірме басшысы сайланады . Үйірме мүшелерінің мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы көзделеді. Үйірме жұмысының жетістігі көбінесе осы дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға байланысты.

1. 1 Бейнелеу өнерінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады. Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан жұмыс жүйесі мынандай түрлерге бөлінеді:

1. Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясын қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу.

2. Бейнелеу өнері мен таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу.

3. Сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау.

4. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен кездесулер ұйымдастыру.

5. Оқушының өзі тұратын ауылдағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасату.

6. Суретшілердің көшпелі көрмесіне, жеке суретшілердің есеп беру көрмесіне экскурсия жасау.

7. Суретшімен бейнелеу өнері сабағында кездесу өткізу.

8. Өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру.

9. Оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан қүралған монтаж ұйымдастыру.

10. Мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу.

11. Ірі қалалардағы бейнелеу музейлері мен сурет галереясына саяхат жасау.

12. Өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру.

13. Бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету. Бейнелеу өнерінің шығармаларын мұғалімнің жұмыс жүйесінде қолдану мынандай міндеттерді жүктейді:

-оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру; - саналылық пен белсенділік қабілеттерін тәрбиелеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
ГРАВЮРА ӨНЕРІНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz