Рухани - адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы


Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі
Дипломдық жұмыс
Тақырып:Рухани-адамгершілік тәрбие беруде халықтық тағылымның мүмкіндіктері
Орындаған:Бейбіт А. Б.
Тексерген:
Саран-2023жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Рух адамгершілік оқу тәрбиесіндегі рөлі . . . 5
1. 1 Рух адамгершілік маңыздылығы (педагогтар айтқан сөздер А. Құнанбаев) . . . 8
1. 2 Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани - адамгершілік мәселелері . . . 13
2-тарау. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу . . . 22
2. 1 Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығы . . . 27
2. 2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері . . . 34
3-тарау. Оқушыларды халықтық педагогикамен тәрбиелеудегі ғылыми негіздері . . . 40
3. 1 Рухани-адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы . . . 45
3. 2 Адамгершілік сана сезімді және мінез құлықты қалыптастыру бірлігі . . . 50
Практикалық бөлім . . . 60
Қорытынды . . . 67
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Рухани - адамгершілік тәрбие - белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Мақсаты:Рухани-адамгершілік тәрбие беруде халықтық тағылымның мүмкіндіктерін адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; оқушыларды кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқуға, оларды өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыруға тәрбиелеу. Өзіндік ой-санасын дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
-Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығын;
-бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздерін айқындау;
-бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізі айқындалса және оны іске асырудың әдістемесі жасалса онда, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімді болады, өйткені оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі тапсырмалар оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарының нәтижелі болуына ықпал етеді.
Зерттеу пәні:
Дипломдық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау. Рух адамгершілік оқу тәрбиесіндегі рөлі
Қазақ қоғамының өмір сүру салтында рухани құндылықтарды жоғары бағалау, өскелең ұрпақты соған баулу дәстүрге айналған. Белгілі философ Н. Бердяев:«Рух-сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, жанашырлықта, әділеттілікте, шығармашылықта, еркіндікте, борышта т. б көрініс табады » деген. Рухани бай адам ең алдымен ең әділ, мейірімді және қанағатшыл болады. Оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа арналған нақты өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың төмендеуі, балалармен бос уақыттағы мәдени жұмыстарының әлсіздігі, балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие - бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым - қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы. Тұлғаның бай руханилық санасы-өмірдің мәнін сезінуге, өзінің өмірдегі орнын табуға, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсінуге, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезінуге, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындауға сара жол ашады. Жас ұрпаққа рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімдікте ұстай білуге, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етуге көмектесеміз. Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тұлға бойына сіңіреді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырамыз. Жас ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды руханилық, адамгершілік, қайырымдылық және т. б сіңіру-тәрбиенің басты мақсаттарының бірі. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы-руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап жетілдіруге ұмтылады. Рухани - адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана - баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар - тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз. Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады. Сондықтанда болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - сонда ғана оның болашағы биік деген. Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, осы тәрбие үрдісін дұрыс, жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай дамыған тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы өте әлсіз, зағып, осал болып туады. адам туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз, өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсететіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды», - деп тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. Әрбір ата-ана өз перзентінің ақылы толысқан Адам болуын тілейді. Өздері жетпеген арман-тілектерге балалары жетсін дейді. Балаларының әрбір жетістігіне олар қуанады, кемшілігіне қайғырады. Ата-ананың осындай үміт, арманы да дәстүр бойынша ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. Бала ата-ана алдындағы қарызын ешқашан толық өтей алмайды. Керісінше, бұл қарызды өз балаларына беріп құтылады. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Балаға тәрбиені өзінің шамасына, жараталысына қарай беру керек. Жас бала - жас шыбық. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеу өте қиын. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. Сондықтан бала жүрегіне адамгершілік қасиетті қалыптастыру ата-ана мен балабақшаның міндеті. Адамгершілік - жақсылыққа жетелейтін жол. Адамгершілік - бұл балаларды ауызбірлікке, ынтымақтастыққа алып келетін қасиет. Адамгершілік қасиетті отбасы мен балабақшада бірлесе қалыптастыру арқылы жүрегі таза, пәк шыншыл адам тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Балаға тәрбие беретін әрбір ұстаз салт дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің жаны таза болуы шарт. Балаға ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттер барысындағы, оқытудағы ұйымдастырушылық қасиеттер арқылы беріледі. Әрбір тәрбиеші бала жүрегінің жылуын, өзіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ата-анамен үнемі тығыз байланыста болған жағдайда ғана бала бойына адамгершілік атты асыл қасиетті қалыптастыратыны сөзсіз. Отбасы мүшелерінің бір-біріне әсері, оның ішінде әсіресе үлкендердің балаға ықпалы белгілі жоспармен, өз бетінше жүреді. Алайда осы ортаның өзінде мақсатқа бағытталған отбасы тәрбиесі деп аталатын бөлшегі бар. Отбасы тәрбиесінің маңызы ата-ананың өз балаларының кәмелеттік жасқа толып, ер жеткенде қандай болып шығатынын тілейтін ізгі мұраттарынан туындап, соған бағытталады. Әрбір отбасында тәрбие мақсаттары әр түрлі болады. Тіпті бір отбасының өзінде олар отбасы жағдайы мен ата-ананың қолы жеткен табыстарына байланысты өзгеріп отырады мазмұны тұрғысынан алғанда отбасы тәрбиесі ата-ананың, басқа да отбасы мүшелердің білімінің, мәдениетінің деңгейі, олардың мамандығы қызмет бабы, тұрмыс жағдайы да әсер етеді. Дегенмен отбасындағы тәрбиенің өзегі болып табылатын, әрқашан басты назарда болуға тиісті жалпы адамзаттық құндылықтар бар. Адамға тән мейірімділік кезден ең жақын адамын сүюден бастайды. Сондықтанда мейірімділіктің ошағы - отбасында. Өзара сүйіспеншілігі жарасқан отбасы мүшелері арасындағы үйлесімдіктің қалыптасуы оның мызғымас іргетасына айналады. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»деген халық мақалының мәні тереңде жатыр. Жеке талдай түссек, мақал отбасындағы ынтымақтастық пен өзара сыйластық жөнінде болғанмен, оның негізі өзара үйлесімділікте. Сондықтан баланың дамуына бақылау жасай отырып, оның табиғи икемділігін анықтауда отбасының рөлі зор. Баланың табиғи икемділігі отбасында анықталатын болса, оның болашағы ерте айқындалар еді. Өкінішке орай, баланың бойындағы құндылықтардың даму бағытын айқындау тәрбиешінің міндеті деп біліп, оның үлесіне ауысып кетіп жатады. Бала тек ұрпақ жалғасы емес, ол қымбат әлеуметтік құндылық. «Баланың бас ұстазы ата-ана» -дейді халық даналығы. Сондықтан ата-ана баланы өз мүддесінеде байланысты үйлесімдікте дамытуға, рухани байытуға міндетті. Өмір ең басты құндылық болып табылатыны анық. Адамдардың өмір сүру құндылықтар дүниесін анықтайды. Басқаша айтқанда, өмір болмаса құндылықтар да болмайды. Ата-ананың борышы баланың тек табиғи қажеттіліктерін орындаудан ғана емес, дұрыс өмір сүруге бағыт, бағдар беруден тұрады. Демек баланың дара және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие, білім беру. Отбасылық тәрбиенің бір шарты - балаға сенімділік пен өзін-өзі бағалау мүмкіншілігін беру. Сенім арқылы баланың бойында сыйластықты қалыптастыруға болады. Егер үлкендер баланың күшіне, адалдығына, мейірімділігіне сенім артса, онда оларда өз күшіне сенушілік жоғарылайды және онда оларда өз күшіне сенушілік жоғарылайды және одан да жақсы жақтарын көрсеткісі келеді. Сенімділікті пайдалану барысында баланың даралық қасиеттерін, жас ерекшеліктерін тануға мүмкіндік туады. Сенімділік жеке адамды тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге бейімдейді. Ата-ана мен бала арасындағы ашық, сенімді қатынастың арқасында отбасындағы адамгершілікті жағымды деңгейде жүзеге асыруға болады. Отбасының негізгі қызметтерінің ең бастысы деп бала тәрбиесіндегі сәттілікті айтуға болады. Ол үшін ең қажеттісі:
Бала тек тәрбиенің жемісі ғана емес, сонымен қатар ол өз отбасының және өзінің өмірлік орнын, отбасына және өзіне байланысты мінез-құлықты анықтайды. Нақтылап айтқанда бала өзіне тәрбиеші. Балалар өзінің аз тәжірибесінде өзіндік ойлауы арқылы айналасындағыны қабылдайды, әрі бағалайды. Олардың мінез-құлқын, эмоциясын түсіну үшін өмірге олардың көзімен қарау қажет. Балаларға тек біз айтқан нәрселер ғана әсер етпейді, сонымен қатар ата-ана баланың мінез-құлық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қорыта айтар болсақ, адам бойында құндылықтар жүйесін қалыптастыруға отбасында, қоғамдық ортада аса зор мән берілуі тиіс.
1. 1 Рух адамгершілік маңыздылығы (педагогтар айтқан сөздер А. Құнанбаев)
Рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін балалардың бойына кішкентай кезінен бастап ең маңызды адамдық сапаларды, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру қажет. Хакім Абай ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды - қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздеді. Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізеді деп есептейді. Сонымен қатар, ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін де Абайдың ой-тұжырымдарына зейін қойған абзал деп санайды. Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым -білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінезқұлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды. Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар. Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру. Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк- халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi - бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан - от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық - адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк - бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру - барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау - халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық - халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz