Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән:Бастауыш мектептегі ана тілі
Тақырыбы: С.Сейфуллин-балалар әдебиетінің негізін салушы
Орындаған:Жанизахова Д.Т. ШТ-17-1
тобының студенті
Ғылыми жетекші:Абельдинова Ш.М.
Тіркеу нөмері:_______________
Баға:_______________________
Қолы:______________________
Қарағанды 2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім С.Сейфуллин-балалар әдебиетінің негізін
салушы ... ... ... ... ... ... ... . ...5
1.1 С.Сейфуллиннің өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 14
1.2 С.Сейфуллиннің өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 18
2-бөлім С.Сейфуллин шығармасының балаларға берер тәрбиелік мәні ... ... ..23
2.1 С.Сейфуллиннің Маузер поэмасы
жайлы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Зерттеу
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы С.Сейфуллин-балалар әдебиетінің негізін
салушы.С.Сейфуллин бастаған бір шоғыр ұлт зиялылары бірден заманның бет
алысын байқады да,оның ағымына қарсы келмей ,соған бейімделіп,қоғамға деген
көзқарастарын танытты.Сәкеннің асыл арманы жүзеге асқандай. Сәкен Сейфуллин
қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті
жазушысы.ОныМаузер (1929), Бандыны куған Хамит (1922), Бұлшық ет
(1923), Балалар (1925), Келіншектің бесік жыры (1926), Пионерлер
(1929), Октябрь күні (1929), Біз комсомол (1935), Ананын хаты (1925),
Анаға жауап (1926) деген социалнстік реализм әдісі-мен жазылған өлең-
әңгімелері кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-ақ өзінің
жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл
шығармалары — балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен қайта дамыған
жаңа дәуірінің бет ашары болды. Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы,
сондай-ақ олардың әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып
кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, Оларды тентек мінезділіктен арылтып,
саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық
іскерліктер мен сапалы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр
нәрсені білуге талаптандырып, қазіргі материалдық дүние жөнінде реальдық
ұғым берді. Сондықтан Сәкен еңбек еткен азаматтардың кұлшына кіріскен ерлік
істеріне сүйсініп, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретін. Сәкеннің
балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы енбектсрімен ғана
шектелмейді. Сәкен шығармалары балалар,әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн
әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары
жас өспірімдерге, пионерлерге Отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің
қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен
қатар, еңбек ету — адам баласы болашағынын бақыты екені түсіндіруге күш
салды.
Жұмыстың мақсаты:С.Сейфуллин өмір жолы мен қоғамдық қызметтеріне
шығарамшылық жолына шолу жасай отырып ,көркем образ ретінде сомдалу
,тұлғалану ерекшеліктеріне талдау жасау болмақ.
Міндеттері:
-ақынға қатысты өлеңдерді оның шығармашылық өмірбаянымен байланыстыра
қарастыру;
-С.Сейфуллинге қатысты өлеңдердің жанрлық сипатын анықтау;
-қаламгер жайлы жазылған өлеңдерінің көркемдік сипатына талдау жасау;
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,екі
бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімімен зерттеу жұмысынан
тұрады.
1-бөлім С.Сейфуллин-балалар әдебиетінің негізін салушы
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа
ауданында шағын дәулетті, орта шаруанын семьясында туды. Сәкеннің ата-анасы
ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге
өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой,
домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар
болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген
құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.Сәкен бастапқыда ауыл
молдасынан оқып, тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын,
зейінділігін, ой-талабынын күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша
білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс
заводындағы мектепке береді. Сәкен мұнда үш жылдай оқыды. Онан кейін
Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (приходская школаға) түседі. Мұны
бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілдес
бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің
шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына
мүмкіндік береді.1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар
семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп
шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол —
Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы
қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің Бірлік атты әдеби үйірмесіне
қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлендер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914
жылы Өткен күндер деғен атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап
Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыкка танытады.Сәкен
оқытушылар семинариясын бітірісімеп, Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық
мектепке мүғалім болып орналасады. Бүл кез (1916 жыл) патша өкіметінің
майдан жүмысына қазақтан солдат алу жөнінде жарлық шығарып, халықтың оған
қарсы наразылығы ұлт-азаттық күресіне ұласқан уақыт болатын. Қазақ
қоғамының тантық жігі айқын ашылып, халық ашық күреске шыққан бұл шақта
Сәкен түгелдей еңбекші бүқара жағында болады. Ұлт-азаттық күресіне қолынан
келген жәрдемін береді. Көтеріліске қатысушылармен байланыс жасап, оларға
ауыл арасынан күш-көмек жинау ісіне көмекте-ссді. Көтерілісті қолдаған
бірнеше өлеңдерін жазады.1917 жылғы февраль революциясы тұсында Сәкен
Акмола қаласына келіп, алғашқы Совдептерді құру ісіне араласады. Тіршілік
атты бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып, оның бетіне халықтың қас
дұшпандары — ел жуандарын, оларды жақтаушыларды әшкерелейді. Сәкеннің Қел,
жігіттер, Жолдастар, Жұмыскергет. б. осы сияқты революциялык мазмұнды
өлеңдері осы тұста жазылады. Ол Бақыт жолына атты пьеса жазып, еқбекші
халыққа Октябрь революциясының жеңісін уағыздайды.Сәкен Ақмола қаласында
Кеңес өкіметін орнатушылардың алдыңғы сапында болады. Ол Акмола уездік
Совдепінің президнум мүшесі, оның халық ағарту жөніндегі комиссары болып
қызмет істейді. Сэкен 1918 жылы Коммунистік партиянын, қатарына өтеді. Осы
жылы жазда контрреволюцияшыл күштердің әлегімен Акмоладағы Кеңес өкіметі
уақытша сәтсіздікке ұшырайды.Сәкен Совдептік басқа да мүшелерімен бірге
тұтқынға алынады. Әуелі Ақмола түрмесінде, кейін Петропавл, Омбы
қалаларынын түрмелерінде, кыстың калшылдаған қатты аязында аш-жалаңащ, кол-
аяғы кісепдеулі күйінде атаман Анненковтын азап вагонында болады. Жалынды
революционер акын мұның бірде-біріне мойымайды.Академик жазушы Сәбит
Мұкановтың сөзімен айтқанда: Сәкен таза ғана әдебиетші емес, ол
әлеуметшіл, саясатшыл адам. Октябрь революциясын ол жаудан қаламмен ғана
қорғаған жоқ, найзамен де қорғады. Ол қазақ аулында бірінші кеңесті құрды,
бірінші партия ұясын ашты, бірінші партизан боп жазылды, кеңес өкіметін
қорғау жолында бірінші боп жаумен майдандасты, бірінші рет алашорда мен
Колчак бандаларының айуандық азабын тартты, қалам мен найзаны жауға бірдей
сілтеп, кан майданда жауды жеңісіп, еңбекші бұқараға мәңгілік бостандық
әперушінің біреуі болды. Сәкенді бүгінгі күні екбекші елдің ардақтайтын,
сыйлайтын, әдебиетке істеген 20 жылдық еңбегін тойлайтын ссбебі — сол. Ол
аты ғана ақын емес, революционер, большевик ақын. Ол — еңбекші бүқараның
ақыны ғана емес, октябрь майданында жауын жеңіскен батыр.1919 жылы Сәкен
Омбыдағы Колчак түрмесінен жолдастарының көмегімен қашып шығып, жасырын
атпен бетпақ даланы басып өтіп, Түркістан жаққа барып, ондағы Кеңес
өкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, қуғында жүрген кезінде де өлең
жазуын бір токтатқан емес. Ол өлеңдёрінде ақын өзінің халық үшін, оның
жарқын келешегі үшін күреске бел буғандығын ашық айтады. Әсіресе осы тұстың
туындысы — Жас казақ марсельезасы өлеңі қазақ жастарының революцнялық
гимніне айналды.1920 жылы Сәкен Ақмолаға келіп, жаңа құрылған совет
өкіметінің оқу-ағарту, баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол Қазақстан
Орталык Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Қоғамдық
қызметпен қатар, жазушылык еңбегі өрлеу үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы
Қызыл сұнкарлар атты әнгілі пьесасын жазады. Сонымен бірге оның кеңес
тақырыбына жазған көптеген өлеңдері осы кезде жарық көреді.Сәкен Сейфуллин
қызмет бабында осыншалықты аса жауапты, сан-салалы жұмыстарды атқару
үстінде де жазушылық еңбегін әсте доғарған емес. Жиырмасыншы жылдарда
Сәкеннің Асау тұлпар, Домбыра, Экс-пресс атты өлеңдер жинағы, оның өз
өміріне байланысты жазылған Тар жол, тайғақ кешуроманыжарық көреді. Бұдан
кейінгі жылдарда ол Жер қазғандар, Бандыны куған Хамит повестері мен
көптеген әңгімелерін, Кеңесстан, Кызыл ат, Көкшетау, Маузер
поэмаларын жазды. 1936 жылы Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің
әдеби қызметінің жиырма жылдығын тойлады. Жазушының қазақ кеңес
әдебиетіндегі зор еңбегін жоғары бағалаған партия мен үкімет оны Еңбек
Қызыл ту орденімен наградтады. С. Сейфуллин 1938 жылы қайтыс болды.Сәкен
Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың
сүйікті жазушысы. Онық Маузер (1929), Бандыны куған Хамит (1922),
Бұлшық ет (1923), Балалар (1925), Келіншектің бесік жыры (1926),
Пионерлер (1929), Октябрь күні (1929), Біз комсомол (1935), Ананын
хаты (1925), Анаға жауап (1926) деген социалнстік реализм әдісі-мен
жазылған өлең-әңгімелері кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-
ақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды.
Сәкеннің бұл шығармалары — балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен
қайта дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.Сәкен Бұлшық ет деген
өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас
өспірімдерге үлгі етіп ұсынады. Қайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам
сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп,
әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті.
Еңбекке жаңа көзқарас 20 шы жылдар әдебиетінің қолға алған ең күрделі де
ұтымды бет алысы болды. Осыған орай мектептерде еңбек тәрбиесін колға алу
кеңес педагогикасы-нын басты міндетіне айналды. Коммуналар мен
интернаттарда және шаруа жастар мектептерінде политехннкалық оқудың іске
асуыиа байланысты балаларды еңбекке социалистік көзқараста болуын
үйретті.Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр түрлі
ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып кетуі балалардың ой-өрісін
кеңейтеді, Оларды тентек мінезділіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам
болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен сапалы
дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге
талаптандырып, қазіргі материалдық дүние жөнінде реальдық ұғым берді.
Сондықтан Сәкен еңбек еткен азаматтардың кұлшына кіріскен ерлік істеріне
сүйсініп, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде
суреттеді:
Шаттық, қызық енбекте, іс істейміз сүйсіне. Темір қалақ үн қосар, күшті
колдың биіне.
Көкке өрлетіп калаумен,
Қышыл кышты тізілту. Қызыл күннің астына, Орпатамыз кызыл ту...
Бұл елеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социалистік
қүрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардын еңбегін,
Отанға бсрілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқьш
болашағы үшін істеліп жаткандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат
салысуы керектігі айтылған. Балаларды еқбек тәрбиесіне баулудағы бүл
елеңнің күшті де әсерлі болатыны осынысында.Сәкен Маузер поэмасында
1917—1922 жылдар арасындағы революциялық күрестерде ерлік, табандылық
көрсеткен қазақ еңбекшілерініқ жарқын бейнесін жас өспірімдерге әсерлі
түрде суреттеп берген. Отаны, елі, өз халқының азаттығы үшін қан майданда
ауыр жараланып, әл үстінде жатқан азамат өзінің ақтық сөзін анасына, жас
жарына, баласына, еркіндік жолында күрескен майдандас достарына
арнайды.Тастамады қолынан Қан аққан ер маузерін Босамандар деді де қанын
сүртті аузының дегендері В. И. Ленин идеясын іс жүзіне асыру жолында қан
майдан күрестерінде жүрген басты кейіпкердің сондайлық беріктігін,
табандылығын көрсетеді. Мұнда халық азаттығы үшін революциялык күрес
үстінде ауыр жараланған азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі, өлім халінде
жатса да жауға деген қаталдығы, оған берілмейтін қайсарлығы жас өспірімдер
санасына козғау сала-тындай дәрежеде әсерлі суреттелген.Анама сәлем
дегейсін, Егілмесін күйініп, Тап үшін өлді баласы, Болаттай болсын түйініп.
Бұл поэманы социалистік реализм әдісі негізінде туған қазақ кеңес балалар
әдебиетіндегі революциялык дастан дәуірімізге де болады. Өйткені мұнда
Кеңестік революцияның жағымпаздық идеясы күштарлықпен, партиялық пафоспен
бейнеленген еді. Ондағы Анама сәлем дегейсің деген бір ауыз сөз Бүкіл
оқырмандар жүрегін дір еткізіп, бірге соқтырып тұр. Маузер поэмасының
табысқа жету құпиясын ең алдымен оның осындай жаңа формада жасалуына себеп
болған мазмұнынан іздесек керек. Жаңа өнер жана кейіпкерден басталады,—
деген М. Горький сөзінің ақиқаттығы міне осыдан көрінеді. Маузер
поэмасында кейіпкерді қуанышта да, қиыншылықта да өмірмен, халықпен,
коллективпен байланыстыра көрсету жаңашылдығы бар. Маузер кейіп-керінің
бейнесінде оның өзге адамдармен ортақтығы және сонымен бірге оның жеке
басының қайталанбас ерекшеліктері тайға таңба басқандай боп қалыптасып
қалған, Мұндай көркем бейнені типтік бейне деп атайды.Айтқайсың жолдас,
жарыма, Жас бала қалды колында. Көз қырын салар ерлер көп, Екбекші тап
жолында.Өзі өлсе де ол жалғыз емес екенін, әкесіндей қамқоршы Лениндік
Коммунистік партияның барлығын, бала-шағасының жетімдік көрмейтінін, оларға
өз қолымен ұлт азаттығын, бостандықты әперіп кеткенін естеріне салып, соны
өзіне берік сүйеніш етеді. Ол езі өлсе де арманына жетіп өлгеніне риза,
өйткені өз ұрпақтарына еркіндік тұрмыс орнатты, бас бостандығын әперді,
оларды шаттық өмірге кенелдірді. Сондықтан да шығармаңың бас каһарманы:
Бесіктегі жас ұлым,
Ер жетсе өсіп балдырған,
Мына кекті маузерім,
Соған мұрам қалдырған. Октябрьдің күнінде, Туғандығын ақтасын! Мына кекті
маузерді, Дұшпанға арнап сақтасын!—
Революция жауларының қолынан құрбан болған азаматтың жауынгерлік образын
жасай отырып, оған карсы күрестерді жалғастыра беру керектігін Сәкен жас
өспірімдерге көбірек ескертеді. Ол өлсе де өз ізін суытпайтын, оның ой-
арманын болашақта іске асырып, ілгері дамыта беретін ұрпағына, өмірінің
жалғасына, мыиа біздерге тапсырган. К,ан мен тер төгіліп, жеңіспен
орнатылған кеңес екіметін, өз Отанын ішкі, сыртқы жаулардан көздің
қарашығындай сақтай білсін деп өзінің акырғы сөзің санатын жас нәрестесінің
колына зор сеніммен, үміт іттыра тапсыруды өтінеді. Өйткені жас ұрпақ
болашақ екендігі дүниесінің қожасы деп біледі. Маузер поэмасында таптық
күрестің жанды картицалары жасалуы арқылы оқиға бірден-бірге күрделене
береді.Тап жауының қолынан каза тапқан қаһарманның ерлігіне сүйсінген
оқырман оның оптимистік сеніміне ризалық білдіреді.Корыта айтқанда,
балаларға арналған Сәкен әңгімелері жас өспірімдерді, пионерлерді
коммунистік рухта тәрбиелеудің және оны Кеңестік реализм бағытында жазудың
үлгілерін көрсетті. Сәкен балалар әдебиеті тақырыптарына қалай жазу
керектігін, қандай тақырыптарға жазуға болатынына жол салып берді.Сәкеннің
балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы енбектерімен ғана
шектелмейді. Проза жанрында 1922 жылы жазған Бандыны куған Хамит атты
әңгімесі бар. Бұл әңгіме Октябрь революциясынын жеңісінен соң кеңес
өкіметіне қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың
берекесін кетіріп жүрген бандылардың қарақшылықәрекетін әшкерелеуге
арналған. Мұнда да автор жаа орнаған кеңес өкіметін оның ішкі жауларынан
тазартып, көздің карашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас
өспірімдерімізге, пионерлерге социалистік реализм негізінде түсіндіруі
көзделген.Әңгіменің композиялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да
оқиға желісі салған жерден бірден сондағы жаратылыстың әсем көріністерін
мөп-мөлдір сәулелі күнді, таңертеңгі түскі, кешкі мезгілдегі бұлттарды,
айнала төңіректі оқиғаға байланыстыра суреттейді. Табиғаттың әсем
көріністерін суреттеген соңғы жолдарында табиғат бояулары туралы, жан-
жануарлар туралы, ауа туралы және егіншілер мен шөп орған шалғыншылардыц
шаруашылығы жаблы, тиімді күн райы туралы суреттеу әңгіменің негізгі
түйіні, арқауы болып отырған оқиғаға байланысты алынған. Табиғаттың бұл
көріністері әцгімеленіп отырған оқиғадан оқшау тұрған жоқ, қайта осылай
суреттеу арқылы жас өспірімдердің көңіл күйін аулауға, оқиғаның себептерін
ашып айқындай тусуге көп жәрдем ететінін жарыстыра айта отырады. Табиғаттың
адамды таң-тамаша ететін осындай эстетикалық сұлу да әсем болмысын әсерлі
суреттеген Сәкен әңгімесіндегі пейзаждық көріністер негізгі кейіпкерлердің
мінезі мен типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет етіп отырғанын
байқаймыз.Дәуір шындығьш және басты кейіпкерлерді психологиясын, таптық
көзқарастарын ашу үшін жазушы табиғат суреттерін параллелизм жасай отырып
айқындайды. Бұл тек табиғаттың сұлу картиналарын суреттеу ғана емес. Пейзаж
адамның түйсігі арқылы беріледі де, сол адамның сезім, ой, көңіл күйін,
оның өмірге қарым-қатынасын түсінуге жәрдемдеседі, Бандыны куған Хамит
әңгімесіндегі орман сұлулығын суреттегеңдегі табиғат образы Хамиттің типтік
образымен ұштасып, ұлғая түседі. Осы көріністе Хамиттің гуманистік мораліне
қасқыр мінез, қара ниет Кудряның ішкі дүниесі қарсы қойылған. Хамит пен
Кудря арасындағы тартыс көрінісі дауылда жаңбырмен жуылып, тазарған жаңа
өмірдің басталуымён, таңмен, болашацпен үштасады.Хамиттің бандыны іздеп
бара жатқан бағыты осындай қалың орман. Бірақ бүл жерде жайылған мал да,
қөрші тепкен үйлер де жок. Хамит келе жатқан орман іші қанша көркем
болғанмен жалғыз-жарым адамға қоркынышты, үрейлі. Оқушы осы жағын да ерекше
сезініп отырады. Өйткені жалғыз жолаушыны бандылар қай жағынан қоршап алар
екен деген ойлар оқушысын әлсін-әлі үрей-лебдіре береді.Мұның үстіне
әңгіменің басынан аяғына дейін өзінін қарақшылық пиғылымен жексұрын керініп
отырған Кудрянык Хамитқа қарсы жасырын келе жатқандағы шын амал-айла
тәсілдері мен сыртқы портретін суреттегенде Хамиттін ендігі жердегі тағдыры
немен тынар екен деген жан шошырлық ойлар окушыны еріксіз тынымсыз халге
қалдырады. Автор бұл жерде Кудряны былай суреттеген: Лесниктің үстінде
қара шинелі бар, басында құлақшың. Құлақшынның бауын байлаған. Аяғында
қалың ұлтанды қара етік. Сақал-мұртын қырған, жасы отыздың ішінде, шаналы
кара торы жігіт, еңгезердей, ұзын бойлы, жауырынды, қолында шыбыртқы
камшысы бар, көк аттың үстінде тіптік қаққан қазықша отырып келеді,—
дейді. Әңгіме композициясынық шебер құрылуы осы жағынан көрінеді. Оқиға
өзінің шарықтау шегіне жеткенге дейін пейзаждық көрінісімен де, кейіпкердік
сырт тұлға, мінез өзгешеліктерімен де окушысын әр алуан ойға салып, оның
жан-жүйесін, психологиялық еркін билеп алады. Кудряны бұрын кермеген Хамит
оны шын мәнінде леоник деп қалуы да оқушыны қобалжытады, өйткені оқиғаның
немен тынарына көз жетпей, оқушы әқгіменін аяғына жеткенше асығып, әр алуан
ойға кетіп отырады. Жазушынық даралық қасиеті мен шеберлігі оқиғаға толы
осындай драмалық егестерге құрылған ерекшеліктерімен көрінеді.Екіншіден,
жазушы мұндағы әңгіме оқиғасын шашыратпай түгелдей екі-ақ адамның басына
жинақтағандықтан кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарындағы халық
арасына іріткі салуға тырысқан жаулардың, басқыншы бандиттердің барлық сыр-
сипатын, зұлымдык әрекеттерің Кудря образы арқылы әшкерелеген. Кішкентай
әңгіменің өзімен-ақ Сәкен басты кейіпкер Хамит пен Кудря образдарын
типтендіріп бере алған. Екеуінің жек-пе-жек алысқан жердегі өмір үшін
күрескен жан түршігерлік шайқастары арқылы автор тозығы жеткен ескі өмір
мен өресін кең жайған кеңестік социалистік жаңа құрылыстың арасындағы
тартыс күресін танытқан.Үшінші жағынан, әңгіме белгілі мақсат пен айқын
идеяға құрылғандыктан, соны бейнелейтін сөздердін де тізген моңшақтай қисын
тауып, өзінің көркемдік сипатқа ие болғанын көреміз. Адам портретін беруде
болсын, не жаратылыстың әсем көріністерін шаруашылық және өмір тіршілігімен
байланыстыра мәнерлеп суреттеуде болсын, Сәкен түрлі бейнелі сөздерді,
эпитеттерді, теңеулерді, метафораларды кеңінен пайдаланады.
1. С.Сейфуллиннің өмір жолы
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда бүгінгі Қарағанды облысының Ортау
мекенінде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Сәдуақас. Бірақ әке-
шешесі еркелетіп, "Сәкен" деп атап кеткен. Руы – Арғын, Қуандықтан
тарайды.Сәкеннің әкесі Сейфолла сөзге шешен, домбырашы, саятшы болған. Ол
тұңғышынан үлкен үміт күтті. Ал анасы Жамал баласына ертегі айтып беруден
жалықпайтын. Сәкеннен кейін екі ұл – Мәлік пен Әбен, одан кейін үш қыз –
Рахима, Сәлима мен Қалима дүниеге келген. Бірақ қыздың үшеуі де 11-13
жасында көз жұмды. Әбен де жас кетті. Сәкен ауыл молдасынан тіл сындырып,
арабша хат танығаннан кейін орыс-қазақ мектебінде білім алды. Ал оқуды
үздік бітіріп, Ақмолада приходская мектебіне түседі. Одан кейін тағы екі
жылдық мектепте оқып, ары қарай Омбы педагогикалық семинариясына аттанады.
Омбыда оқып жүргенде "Айқап" журналына алғашқы мақаласы жарияланды. Содан
бастап жас Сәкен патшалық "охранканың" назарына ілігеді. Дегенмен, өзінің
белсенді жұмысын жалғастыра берді. 1914 жылы қазақ жастарының "Бірлік" атты
мәдени және білім беру қоғамын құруға атсалысты. Тура сол уақытта "Өткен
күндер" атты өлеңдер жинағын жариялады.Оқуды бітіргеннен кейін Сәкен
Сейфуллин елге келіп, шамалы уақыт мұғалім болып істеді. Ал 1916 жылы ұлт-
азаттық көтерілісі бұрқ ете түседі. Ақын халық жағына шығып, патшаны тақтан
тайдыратын ақпан төңкерісін қуана қарсы алады. Қазақ елі бостандық алып,
бодандықтан құтылады деп сенеді. Сөйтіп, дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман
жолындағы күреске бел шеше кіріседі. Сол кезде ақын Амангелді Иманов
бастаған көтеріліске арнап "Толқулар" атты өлеңің жазды. Сәкен ұлт-азаттық
көтеріліске дейін қаладағы ірі байдың қызы – Рахимаға үйленген еді. Сонда
оның жары жаңа заманның тәртібін әкеме қолданба деп шарт қояды. Сол кезде
кедей өкіметінің жаршысы болып жүрген ақын екі оттың ортасында қалады.
Отбасының берекесі қаша бастайды.Дегенмен Сейфуллин өз бағытынан тайған
жоқ. Шығармашылығын да жалғастырды. Ақмолада жүргенде "Біз асығыс жиналдық"
деген өлеңін жазды. Ал 1917 жылдың сәуір айында "Жас қазақ" ұйымын
құрды.Бір жылдан соң Ақмолаға ақтар келіп, сол жердегі кеңес үкіметін
құлатады. Сейфуллин тұтқындалып, түрмеге қамалады. Одан кейін атаман
Анненковтың "өлім пойызымен" Колчак түрмесіне жеткізіледі. Осының бәрін
"Тар жол, тайғақ кешу" романында жазған. Колчак түрмесінде отырғанда Сәкен
екі жолдасымен бірге қашуды жоспарлайды. Бірақ екі досы сүзекпен ауырып
қалады. Содан амалсыз жалғыз өзіне қашуға тура келеді. Ол кезде Колчак
түрмесінен қашып шығу қиын болатын. Ондай әрекеттер өте сирек
кездесті. "Лагерьде қазақ пен орыс тіліндегі газеттер бар. Карта ойнайды,
әрі қолдан даярланған дойбының қызығына түседі. Көркем өнерпаздар да
табылды. Кешке ән шырқайды. Тұтқындардың саны бір жарымдай, тұтастай
интернационал – мажарлар, орыстар, қазақтар, немістер, татарлар. Лагерьді
чехославактар күзетті", - деп жазды Сейфуллин.Түрмеде дұрыс тамақ болған
жоқ. Кейбір тұтқындар қаңғыбас иттерді жеді. Қамауда отырғандарды қар
тазалауға шығарып тұрды. Осыны пайдаланған Сәкен күл-қоқысқа толы шанаға
тығылып, қашып кетті. Сәкен Сейфуллиннің көрген қиындықтары, Колчак
түрмесінде отырғаны – бәрі-бәрі оның большевиктер арасындағы беделін
көтерді. Содан Ресейдің адамдары оны Қазақстанның басшылығына ұсынады. Ал
1922 жылы ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz