Түйсіктердін өзара ықпал жасау қасиеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКҚ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сабақ беру барысында балалардың ой-өрістерін, түйсіктерін дамыту жолдары.

Мамандығы: 0105000-«Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013-«Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»

Орындады:Жансая Нурланқызы Ш-42 тобының студенті

Жетекші:Султанова Г. Ж.

Щучинск 2022

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-бөлім. Түйсіктер туралы жалпы ұғым және оның түрлері . . . 5

1. 1 Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеу . . . 12

1. 2 Түйсіктер жөнінде ғылыми көзқарастар . . . 21

2-бөлім. Бастауыш сынып балаларының түйсігін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік . . . 27

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін дамытудың тиімді әдістері. . 33

2. 2 Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту . . . 41

3-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізу . . . 46

3. 1 Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы . . . 54

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Түйсік-материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік -сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдығы - осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.

И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді.

Зерттеудің мақсаты: бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік-материалық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі.

Зерттеудің міндеті: Түйсік қарапайым психикалық үрдіс деп аталғанымен, ол - баланың шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі екендігі, физиологиялық жағынан сезімдік таным үрдісі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отыруы, сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жанурлар мен адамдарға ортақтығы, алайда, сезімдік бейнелеу түрлері - түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей еместігі, егер сезімдік үрдістер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным үрдістері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отыруы осы жұмыстың міндеті болып табылады.

Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, байқау әдісі және әңгіме әдістерін қолдану.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Түйсіктер туралы жалпы ұғым және оның түрлері

Түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне. Қарапайым келген, бірақ та өте ерекше танымдық процесс түйсік деп аталады. Ол біздің өзіміздің организмімізде дәл осы сәтте не болып жатырғанын хабарлайды. Олар біздің қоршаған орта жағдайына икемделуімізге және өз іс-әрекетімізді жинақтауымызға мүмкіндік береді. Түйсік әлем туралы біздің барлық білімдеріміздің алғашқы байлығы. Түйсік арқылы біз көлем, пішін, түс, температура, иіс, дәм, айналадағы заттар мен құбылыстар жайында әртүрлі дыбыстарды ұғамыз, қозғалыс, кеңістікті бағдарлауды да білеміз. Түйсік күрделі психикалық процестерге - қабылдауға, ойлауға, қиялға материал береді. Егер адам барлық түйсінуден мұқтаждық көрсе, онда ол қоршаған әлемді танып біле алмайды. Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын белгілейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атайды. Түйсіктер заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін ғана миымызда бейнелейді.

И. В. Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процесіне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Иә, біз өзіміздің түйсігіміз арқылы айналамыздағы заттардың қасиеттерін, қатты, жұмсақтығын, олардың бетінің тегіс немесе кедір-бұдыр екенін, салмағын, температурасын, иісін, дәмін, түсін, дыбыс шығаратынын, шығармайтынын, қозғалатын, қозғалмайтынын біле аламыз. Мұның сыртында түйсік арқылы өз денеміздегі өзгерістерді, оның мүшелерінің қозғалысын, қалпын, ішкі мүшелеріміздің жұмысын, оның бұзылуын, тағыда басқа жағдайларды біліп, қабылдаймыз. Сол себепті психолог-мамандар «Түйсік - әлем жайындағы біздің барлық біліміміздің бұлағы, қабылдау, елестеу, еске түсіру, ойлау секілді күрделі тану процестері үшін материал осы түйсік арқылы беріледі . . . », - дейді. Хайуандар да түйсінеді. Бірақ адам мен хайуанаттардың түйсінулерінің арасында үлкен айырмашылық бар. Хайуанаттардың психикалық әрекеттері де сыртқы дүниенің сәулелері болып табылады. Бірақ олардың дүниені сәулелендіру айналасындағы қоршаумен тек биологиялық байланысын ғана сәулелендіреді, екіншіден, олардың сезім мүшелерінің сезгіштігі шектеулі болады. Адамның дүниені тануы сезім мүшелері табиғи заттарды түйсінумен ғана тынбайды, сонымен бірге ол өз еңбегімен жасап шығаратын заттарды да түйсініп отырады. Адамның дүниені тануы хайуанаттардай жалғыз ғана, оның сезім мүшелері биологиялық құбылыстары мен олардың құрал-саймандар арқылы, жай сезім мүшелерімен түйсіне алмайтын заттарды да түйсіне алады. Мәселен, бүркіттің көзі қаншалықты үлкен болғанымен заттардың белгілерін айыруға келгенде ол адамның көргенінің көбін көре алмайды. Иттің иіскеу сезімі қаншалықты күшті болғанымен ол адам ажырататын иістердің мәнін ажырата алмайды. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б. ) үш бөліктен тұрады.

1) Қабылдағыш прибор (лат. сөз. - рецептор) . Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді нервтік қозуға айналдыратын жер.

2) Қозуды рецептордан миға жеткізетін жалғастырушы нерв жолдары (талшықтары) .

3) Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы үлкен тиісті клеткалар. (мидағы түрлі нерв орталықтары) . Барлық анализатор бөлімдер біртұтас қызмет атқарады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлімінің біріне зақым келсе (мыс, көзге зақым келсе) сол түйсіну бұзылады. Адамда пайда болатын түйсікті үш топқа бөлуге болады. Бұл түйсіктердің ең үлкен тобы дененің сыртқы жағында болатын сезім органдарының қозуынан болатын түйсіктер - экстерорецепторлар. (көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады) .

2. Ішкі сезім органдарынан (ішек, қарын, қан тамырлары) пайда болатын түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Мыс., ашығу, шөлдеу, органикалық түйсіктер.

3. Қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс түйсіктері кинестезиялық түйсіктер тобына жатады. Бұл қозғалыс түйсіктерінің рецепторлары - проприорецепторлар. Мыс., бұлшық ет, сіңірлер жатады.

Түйсік қасиеттері.

1. Адаптация - сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А. Р. Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия - грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация - сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.

Түйсік түрлері:

Көру түйсіктері - сәулеленуші заттардың жарық толқынынң нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді. Адам түйсінетін түстер ахроматикалық (ақ, қара, сұр) және хроматикалық ( қызыл, көк, көгілдір, күлгін, жасыл, сары т. б. ) болады. Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторынаәсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Құлақтың шамамен 24000 мембрана болады. Құлаққа жеткен дыбыс түйсік мембранасының бір талшығын қоздырады. Мембранаға әсер етеді де, миға беріледі, нәтижесінде есту түйсігі пайда болады.

Дыбыстарды екіге бөлуге болады: музыкалық және шулы.

Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Дәм түйсіктері . Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы - тілдің түбі, қышқылы - тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді.

Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады. Қазіргі ғылымның дамуы адамдардағы түйсік түрлері туралы білімін біршама кеңейтті.

Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалысттарды жасамаған болар едік.

Тепе-теңдік түйсігі - кеңістікте біздің денеміздің орналасуы. Біз алғаш екі аяқты велосипедке отырғанда, ролик, коньки, су шаңғысына тұрғанда - мұнда ең қиыны тепе-теңдік ұстау болып табылады. Тепе-теңдікті түйсіну ішкі құлақта орналасқан.

Ауырсыну түйсігінің өзінің қорғаныстық маңызы бар. Олар адамға организмдегі қолайсыздықжөнінде хабарлайды. Егер ауырсыну түйсігі болмаса, адам салмақты, жарақатты сезіне алмас еді. Ауырсыну нүктелері (арнайы рецепторлар) терінің беткі қабатында және ішкі органдарда, бұлшық етте орналасқан.

Вибрациялық түйсік тербелісті бейнелейді. Мұндай түйсіну мысалы адамның қолының дыбыс шығатын рояльдің қақпағына тигенде түйсіну алады. Бұл түйсік адам үшін үлкен ролі болмайды және өте нашар дамыған.

Органикалық түйсік - біздің организмнің жұмысы туралы айтады. Бұған ашығу, тою, шөлдеу денелердегі, ішкі органдардағы өзгерістер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. Бұл түйсік ішкі органдардың біріндегі қалыпты әрекеттің бұзылуынан пайда болады. Кейбір философтар мен психологтар адам түйсіктері заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы заттардың әсерінен сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана бейнелейді дейді. Олардың айтуынша, түйсіктердің мазмұны сыртқы тітіркендіргіштер-дің, яғни сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты емес, түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің қасиеттерімен белгіленетін болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың бейнесі емес, қайдағы бір шартты белгілер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсінік бойынша біз түйсіктеріміздің нені бейнелейтінін, оларға не сәйкес келетінін де, заттарды қалайша танып-білуге болатынын да түсіндіре алмаймыз. Мұндайда тіпті біз заттардың өзінің қандай нәрсе екенін де біле алмайтын боламыз. Өйткені белгі дегеніміз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бірақ оның өзі таңбалайтын затына ұқсас бола бермейді. Түйсік жөніндегі осы теориялардың қай қайсысы да сезім мүшелерінің көрсеткеніне сенбейді, заттар мен кұбылыстардың бізден тыс өмір сүретіндігіне күдік туғызады, егер түйсіктер заттардың объективті касиеттерін бейнелемейтін болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып білудегі табыстары мен олардың белгілі бір мақсатқа сай еңбек етуі мүмкін болмас еді. Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи - әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсік-терінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт. Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасында айқындайтын негізгі факт- олардың әуелде ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтседе, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі-олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.

1. 1 Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігінің дамуын зерттеу

Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін пайда болады. 5 айлық бала алдымен заттың түріне, түсіне, , біртіндеп көлеміне, одан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүре бастауы - түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке барғаннан кейін балада түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс. т. б. ) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қаласақ жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және соған жетуге жаттығатын болса, оның түйсігі ойдағыдай дами түседі. Түйсік адамның іс-әрекетіне байланысты дамитындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады, композиторлар мен шекарашылар естігіш, сақ құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді, шығармашылық, қызықты ұйымдастырылуы керек. Түйсіктің дамуына кері әсер ететін факторлар да бар:

-бала партада дұрыс отыра алмайтын болса

-отырғанда, жазғанда қисайып жазатын болса оның көру қабілеті нашарлайды. Ана тілі, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсіктерді дамытады. Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі-талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымының анықтауынша, адам өзін-өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен тұрады: а) шеткі (перифериялық) орган- бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады ә) өткізгіш бөлім-рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар б) мидағы орталықтар

1. Рецепторлар-түрліше құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын қызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады.

2. Өткізгіш бөлім- сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік тұралы ұғым
Түйсіктер қасиеті
Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты
Түйсіну мен қабылдаудың қасиеттері
Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Психология эмоцияны басқарып үйренейік..
Түйсік пен қабылдау
Түйсіктің түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың түйсігін дамытуға арналған жаттығулар туралы түсінік
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz