Қазақ тіліне тән дыбыстрда дұрыс айтуға жаттықтыру


Жоспары
Кіріспе. .
1. Ойын түрлері . . .
1. 1 Танымдық ойындар . .
1. 2 Іскерлік ойын туралы
II. Негізгі бөлім
2. 1. Ойын бала дамуының басты құралы
2. 2. Сабақ беруде ойын элементтерін пайдалану
2. 3. Ойынды сабақта пайдалану тәжірибелері
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің бара бар талабы болып табылады. Қазіргі заманның даму қарқыны ұстаздардан жаңаша ойлауды, көбірек ғылыми зерттеу бағытында жұмыс жасауды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың әрбәр мұғалімі үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек еткені жөн.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертіңгі жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне күмән жоқ.
Бала мектеп табалдырығын білсем деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта менен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет, оны атқару барысында ұстаз балалардын танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.
Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі және бәләктәләктәі танымдық маңызы да зор болады.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршаушы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап, (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. Ойын - пән ортасы деген ұғымның мағынасы оның құрылымы оқу пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:
әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
бастауыш сынып балаларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
әр түрлі жастаға балалардың оқу пән ортасында қолданылатын технологияларды зерттеу. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Тәжірбиелік практика барысында оқу пән ортасының тиімділігін анықтау.
Зерттеудің әдісі: анкета, сұхбаттасу, бақылау,
Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперемент, математикалық және статистикалық материалдарды зерттеу әдістері. IV. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы; Ойын пән ортасында субъекіттің әрекетін ұйымдастыр технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезендермен беріледі: дайындық, репрадуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қорғаушы ретіннле оқу пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциясын дамытады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ойынның педагогикада, оқыту үдерісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. XVIII ғасырдың өзінде-ақ Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы баларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы не үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады.
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Седік қоры баиды, тілі дамиды
Байқампаздығы артады
Зейіні қалыптасады
Өзара сыйластыққа үйретеді
Ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке баулиды
Бір-біріне оқушы сенімі артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана танағып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады, деп атап көрсеткен.
Ойын - бала үшін өмірлік тәжірбие, - деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, Ойын баланың рухани дамуының негізі-деп Ж. Пиаже, К. Левин, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұйымдастырылған ойындардың берері мол.
Қазіргі педагогикада ойын арнайы технология ретінде қаралады. Ойын педагогикалық технологисы деген түсінік педагогикаылқ процесті ұйымдастырудағы түрлі әдістер мен формаларды құрайды. Педагогикалық процестің сипатына қарай ойындар:
А) оқыту ойындары, жаттығу ойындары, тексеру және жалпылау ойыны;
Ә) танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ойындары; қимыл-қозғалыс ойындары;
1. б) коммунативтік, диагностикалық, кәсіби бағдарлық, психотехникалық т. б. болып топтастырылып тиімді қолданылып келеді. Соларды біздер де өз жұмысымызда тиімді қолдануға міндеттіміз. 12жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. (Пәндік сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен алмасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйретуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегіміен білім алушылардың коммунативтік құзіреттілігін қаліптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-мәдениетәне тәрбиелейді деп атап керсетілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімі, жеке тұлғалық қадір-қасиеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу, ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сездік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі Керекті сөзді тауып айт. Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында Заттың атаулары деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды.
Жауаптарды жазады. Сондай-ақ, оқушы зейінін қалыптастыруда Кім тез, шапшаң ойынын өзгеруге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, іздемпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дарланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т. б.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзіреттерін дамытатындай ролдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылардың алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнау отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: Біздің үйіміз ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын немесе суретін салады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзіреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Сонымен ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммунативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интелектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Оқытудағы рөлдік ойындардың орны
Тіл үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Релдік ойындарда барлық балаларға бірдей рел тиеді де, бір рімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сейлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бірін-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Релдік ойындардың негізгі талаптары төмендегідей:
Ойын балалардың тілге идеген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлід өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де танымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
Оқушы релде өзін не ғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады
Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Релдік белу. Ролдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе:
ақ кеңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты жақсы және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудын кажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шыңармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Релдерді мұғалім бөледі, кейде балалалардың қалауына ерік берген жон себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, сонан орай өздеріде рөлдерді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болған жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет. Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе микрофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындар да осындай кемшіліктергі жол бермейді, есте сақтайды.
Драматизацияланған ойындар
Пән сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгертуді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамутуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнаса.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылды. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;,
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстрда дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту. Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді. Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.
Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды. Қазақтар Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттың тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Ата-бабаларымыздың Баланды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досындай көр деген дана сөзінен баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана- сезімінің тұрақсыздығы, танымдық ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез құлықтарына еліктеушілігі көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.
Тәрбиенің табиғилық принципі - кез келген тәрбие әрекеті мен педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейі мен ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білі беру табиғи және әлеуметтік мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальді ерешеліктерін есепке алу және жыныстық жас ерекшелік сараануынан тұрады.
Қазақ халқының материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпағымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендеріне барлау жасауына, ата-бабалардың психологиялық болмысы ойлау жүйелеріне зер салуна, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгі байланыстары білулеріне, сөйтіп мәугірттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де куатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. А. А. Давиев Қазақ балаларының ойындары мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтардың киімін тігу қабілеттері көрсетіліп, Соқыр теке, көк сиыр, Берік жасырмақ, Қыз қуу, Көкпар, Аударыспақ т. б. ойындары жайында мағлұматтар бере келіп, жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
1. Бір жастан жетіге дейін нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осыған орай ойындар да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа белген, Диваевтің ойынды үш топқа бөлгендегі ескергені біріншісі ежелгі қазақ ойындары; екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ, А. Диваев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақтарымен ер баланың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқты жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жоқ, . . . Бірақ та антропологиялық көзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықтары баланың өз творчествалық қиялмен туғандықтан құнды болып есептеледі. Шынында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып білуіне мүмкіндіктерінің бәрі ойын арқылы іске асатыны күмән тудырмаса керек.
Басқа бір зерттеуші Сәкен Сейфуллин өзі Біздің ауылда барлық жерде өнді де, ертегіні естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды, деп балалар ойындарын әндерін, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонудада жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. Бұл елдін ескі бір салты бойынша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді деп жазған екен Ғабит Мүсрепов Ұлпан повесінде.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А. Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланың, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық салу ешкімнің қолынан келмейді. -деп таң-тамаша болған.
Сәбит Мұқанов өзінің Өмір мектебінде кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: Хандеген сезді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да ханы болады. Ол ері оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. Ханды балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей қылып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар ханды жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ғана ату . . . бала ең алдымен ханды атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді . . . Асықты алғаш шашқанда хан алшы түссе, ханталапай болады, онысы-шашылған асықты үлгергенше талап алу . . . Бұл талапайда, әр бала қолына ханды түсіруге тырысады . . . Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына үйлесімді жасағандай әсер береді. Олай дейтініміз, ойындардың көпшілігі сол кешпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалды әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, санмен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында. Ойын барысы бала дамуының басты құралы ретінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді. Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән. берген сондықтан, халық оған тек ойын сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тек еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, Сегізаяқ өлеңінде бойдағы, денедегі күш қуатты ойсыз, ақылсыз іс- әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре отырып, өзінді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттілігін ескертеді. Әсіресе, қара сөздер адам тәлім-тәрбиесіне бағыт бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізіне сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz