Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшелігі
Мамандығы:0105000 Бастауыш білім беру

Орындаған:Агумбаева А.Б-17
тобының студенті
Тексерген:Касимова А.Ж.

Қарағанды-2021жыл.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-бөлім. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың
ерекшелігі ... ... ..5
1.1 Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Интербелсенді әдістерді сабақта
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2-бөлім Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1 Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдердің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Интербелсенді (inter- бұл бірігу, бірге,
aсt-әрекет ету)- яғни бірлесе жұмыс жасауды, тығыз қарым- қатынаста
болуды білдіреді, яғни бұл жерде тек оқытушы мен білім алушы ғана емес,
білім алушылардың бір-бірімен жұмыс жасауы көзделген. Сонымен интербелсенді
оқыту әдісі- үйренушілер мен үйретушілердің арасындағы оқытудың өзара
белсенді жұмыс істеу әдісі. Интербелсенді әдісті қолданған кезде оқытушының
рөлі күрт өзгереді,ол реттейді және оқу –тәрбие процесімен айналысады,
жалпы бағытты анықтайды (алдын ала қажетті тапсырмаларды дайындайды және
топтарда талқылау үшін сұрақтар мен тақырыптарды құрастырады), белгіленген
жұмыс жоспарын орындау уақыты мен тәртібін бақылайды, кеңес береді,күрделі
терминдерді түсіндіреді және күрделі қиындықтар болған жағдайда
көмектеседі. Бұл ретте білім алушыларда қосымша ақпарат көздері:
кітаптар,сөздіктер,
анықтамалықтар, заң жинақтары, компьютерлік іздестіру бағдарламалары пайда
болады. Олар сондай – ақ әлеуметтік тәжірибеге- жеке және өз серіктестеріне
жүгінеді, бұл ретте бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу,
қойылған міндеттерді бірлесіп шешу, жанжалдарды еңсеру, жанасудың ортақ
нүктелерін табу, қажет болған жағдайда ымыраға келу қажет. Бұл ретте
топтың жұмысына оның барлық мүшелерінің қатысуы, бастаманы басу
немесе бір немесе бірнеше көшбасшыларға жауапкершілік жүктеу болмауы
маңызды. Сондай- ақ интербелсенді әдістер үшін топтардың тапсырмалары
арасында өзара байланыс болуы, ал олардың жұмыстарының нәтижелері бірбірін
толықтыруы маңызды. Қазіргі таңдағы технологиялардың дамыған кезеңінде
инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы
студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамыту өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі технологиялардың дамуы
барысында ұстаздардың рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндік туды, ұстаз тек
қана білімді алып, жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік
шығармашылық жұмысының жетекшісі. Интербелсенді әдістер педагогикалық
тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, білім алушылардың өздік және өзіндік
дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге
және бағалауға жетелейді. Интербелсенді дәріс сабағында оқытудың
интерактивтік тәсілдеріне:ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен дұрыс
жауапқа алдын –ала бағытталған жауапта емес, мәселе бойынша әр –түрлі
көзқарастарды айтуы);оқытушы дәріс беріп қана қоймай соныменбірге
студенттерге сабақ барысында дұрыс және дұрыс емес көзқарастарын
батыл,қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін байтарап ретінде анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Интербелсенді оқыту әдістерінің
кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктерін айқындау.
Міндеттері: коммуникативті дағды мен біліктерді дамытуды жүзеге асыру;
- ақпараттық міндеттерді шешу;
- білім алушылардың топта жұмыс істеуде, тәрбиелік міндеттерді
орындау;
-жаңа технологияның маңызды міндеттерін ескеру.
Зерттеу пәні:Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі,каллиграфия
Зерттеу жұмысының құрылымы:Кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшелігі

Жаһандану қоғамында өмір сүріп жатқан жас буынды түсіндіру, баяндау
әдістерімен таң қалдыра алмайтындығымыз кәміл. Қазақ тілін оқыту барысында
тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба
алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз
қажет.Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту
үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Басқаша айтқанда, интербелсенді
дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет
жасау, диалог құру. Ал интербелсенді оқу дегеніміз өзара қарым-қатынасқа
(коммуникацияға) негізделген оқуоқыту, диалог арқылы үйренуүйрету, яғни
үйретуші – үйренуші, үйренуші – үйренуші, үйренуші - өзімен өзі
форматтарында жасаған қарым-қатынас (әңгіме, сұхбат, пікірлесу,
бірлескен әрекеттер).Интербелсенді оқуоқыту білім игеру процесін
келесідей ұйымдастыруға ынталы:
Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік
жасау.Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін
ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың
түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек. Ғылым мен техникасы
жарыса дамыған жылдамдығы мол XXI ғасыр өзгерістеріне әр баланы бейімдеу ‒
бүгінгі ұстаздың алдына қойып отырған мақсатының бірі болмақ. Қазақ тілі
мен Қазақ әдебиеті пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының
мақсаты оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты
болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушылар кез келген
ауызша немесе жазбаша мәтіндерді сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі,
басқалармен әртүрлі тақырып төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп,
әртүрлі мақсатқа арналған мазмұнды мәтін құра білуге дағдылануы керек. Бұл
оқушыларды тіл және әдебиетке қатысты мәселелермен қатар, заманауи
тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап, олардың пікірталасқа
араласуына түрткі болады. Қазақ тілі пәнін оқыту әдісінің тиімділігін
арттыру пән мұғалімінің жауапкершілігіне, шығармашылық іскерлігіне, даярлық
сапасына тікелей байланысты. Тіл үйретуде сөздіктің маңызы зор. Әр сабақта
оқушы 4-5 сөз үйрену керек деген ұстанымды басшылыққа алу қажет.Л.Н
Толстой: Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу керек,
үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің
жеке меншігіне айналады деп жазған екен. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың
әдіс–тәсілдері алуан түрлі. Мұғалім оқу жылы басталысымен әр тақырыпқа
қарай сөздік жұмысын дұрыс жоспарлап, оқушының сөздік дәптерін даярлатуы
тиіс. Сабақта мұғалім синонимдік, антонимдік, түсіндірме сөздіктер немесе
аударма сөздіктер бойынша Мына сөздердің мәнін, мағынасын түсініп алыңдар
деген сияқты тапсырмалар беріп отыруы керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін
Сөз жарысы, Сөзтізбек,Тізбектен шығып қалма, Қайталай ғой, Ұшты –
ұшты ойындарын өткізіп отырған тиімді. Пәндердің оқу бағдарламасы біліммен
қатар, дағдыларды да қолдануды назарға алады.Қазақ тілі мен әдебиетін оқи
отырып, оқушылар негізгі төрт тілдік дағды, атап айтар болсақ, айтылым,
тыңдалым, оқылым және жазылым бойынша түсініктері мен қабілеттерін
кеңейтеді. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында белсенді әдістерді
қолдану мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған
білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін
қамтамасыз ету болып табылады. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану
оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының
идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай
ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып
бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша өз
ойларын жеткізе алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-
түсініктерін дамытуға орайластырылып құрылады. Осы технологияны қазақ тілі
сабағында қолдану барысында мұғалім жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын
қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу, оқушылардың білім түсініктерін
жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін
ұтымды және кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен
меңгеретіндігін жете түсінуі сынды басымдықтарға ие болады. Әлемдік
деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге
бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін
тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді
дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне
сүйену арқылы танымдық жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау
негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы
кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.Бiздiң ел дамудың
демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм
қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың
белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер
интербелсенді деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл
көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді –
ағылшынның өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интербелсенді оқыту әдістері
тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға
бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен
бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі
мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай
дамытады.Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу
үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте
берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту
қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі
өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін
басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар
туғызады.Интербелсенді оқыту үдерісін пайдалану — өмірлік жағдаяттарды
модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді
қарастырады. Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни,
жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл
моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.Интербелсенді
оқыту – бұл топтық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара
әрекетіне негізделген, оқу әрекетіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін
болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру.

1.1 Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісінің
тиімділігі
“Интербелсенді оқыту” – қолданысқа енгізілген жаңа ұғымдардың бірі
болып келеді. Термин алғашында 1990 жылы педагогика әлемінде пайда
бола бастаған. Бұған байланысты әртүрлі нұсқалар бар. Интернеттің
дамуымен бұл терминді көп ғалымдар өз зерттеулерінде байланыстрып жүр.
Интербелсенді оқыту әдісі басқада жаңа оқыту әдістерінің пайда болуымен
тығыз байланысты, неге десек, онлайн сабақтар, қашықтықтан білім алу
әдістері бұл жаңа әдістің пайда болуына негіз жасады дейді, кей ғалымдар.
XX ғасыр екінші жарты жылдығында интербелсенді оқыту терминінің
негізі бастау алған. 1950-1960 жылдары интербелсенді әдіс гуманистік
психология концепциясында өз нұсқасы көрсетілген. Бірақ ғалымдардың
айтуынша 1930 жылы француз ғалымы Рег Реванс “белсенді оқыту” терминін
енгізді делінген.Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім
са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам
ресурстарын дамыту мәсе­лесі күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі
мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің
ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық
күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай
экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық
шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ.Бүгінгі таңда жеке тұлғаны
емес, оның даму үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім алушының
түрлі ақпараттың толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін
оның талдау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары жетік дамытылуы
тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы тікелей жасалатын әдістерден, бас
тартылып, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне
бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты
бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды
жасау арқылы дамытуды білдіреді.Инновациялық әдістердің негізгісінің бірі-
интербелсенді оқыту әдісі. Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық
қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып
дамыту. Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену
процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер
арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет
ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не
болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы
жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға
талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім
алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.
Интербелсенді оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы
таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған
байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі
болуы тиіс. Таным процесінде білім алушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім
өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді,
білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл
мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек
қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де
дамытады.Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл
субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің
жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани
бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын;
маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін"
делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін
табады.Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне
толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар
көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім
алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі
нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім
алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім
алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың
бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде оқу үрдісінің барысында
оқушылар мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
1. Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
2. Оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында)
4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталасдебат сынып болып әлдебір
мәселені талқылау барысында);
6. Техника түрлерімен (мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс
істеуде).Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу
үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте
берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір
ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен
сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс
әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен
қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты
тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы
орындаудағы іс – әрекетінде.Интербелсенді әдістерге мыналар жатады:
проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс,
миға шабуыл әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, инсерт
әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.Интербелсенді әдіске сондай-
ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану:
интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар,
компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау,
әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
* оқушылардың қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін
және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие
үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып,
оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.

1.2 Интербелсенді әдістерді сабақта қолдану

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің
диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім
алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту –
білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі
мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: -
коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында
эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс
орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды
бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау,
жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді
қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге
үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді
оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін
азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және
т.б. мүмкіндік береді.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты
жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың
иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді
пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің кілті болатын интербелсенді
жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның
қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін
қолдану. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара
әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсіл туралы ой жинақтау.
А.Әлімов “ Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орнында қолдану ” оқу
құралында интербелсенді әдістің түрлеріне: пікірталас, ойындар (рөлдік,
іскерлік оқу, өндірістік, имитациялық), Кейс стади, тренингтер, оқытудың
компьютерлік технологияларын сипаттап көрсеткен болатын. Интербелсенді
әдістердің оқытуда қолданылу әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл – берілген тақырып
бойынша сұрақтар мен жауаптардың немесе ұсыныстар мен идеялардың ағыны,
онда дұрысдұрыс емес талдау штурм жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
Сабақта ми шабуыл туралы толығырақ оқыңыз. Кластерлер, салыстырмалы
диаграммалар, пазлдар- белгілі бір шағын тақырып бойынша түйінді сөздер мен
проблемаларды іздеу. Интербелсенді сабақ аудио - және бейнематериалдарды,
акт қолдану. Мысалы, онлайн режимінде тесттер, электрондық оқулықтармен,
оқыту бағдарламаларымен, оқу сайттарымен жұмыс істеу.
Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады.
Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі
мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар
міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады,
оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында
эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді
шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын
қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын
дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру
міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның
пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз
етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке
жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет
формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:
1.Жұппен жұмыс
2.Ауыспалы үштіктер
3.Әткеншек
4.Шағын топтардағы жұмыс
5.Аквариум
6.Аяқталмаған сөйлем
7.Миға шабуыл
8.Шешімдер ағашы
9.Рольдік (іскерлік) ойындар
10.Пікірталас
11.Дебаттар. Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады: -
топтық оқыту; - фронтальдық оқыту; - ойын барысында оқыту; - пікірталас
барысында оқыту. Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру
формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға,
әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады.
Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен
жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: Микрофон, Аяқталмаған
сөйлемдер, Миға шабуыл, Оқи отырып, үйренемін. Ойын барысында оқыту
әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі
оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені
пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай
әдістерге Ток-шоу, Пресс әдісі, Бағытыңды таңда әдістері жатады.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты
жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың
иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді
пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің кілті болатын интербелсенді
жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның
қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін
қолдану. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Интербелсенді оқыту әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі ретінде
Физика сабағын оқытудағы интербелсенді әдістер
Бастауыш сыныптарда интербелсенді әдістерін қолдану
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері
Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалауды енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz