Бес тас ойыны

Батыс Қазақстан облысы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық
колледжі
Дипломдық жұмыс
Пәні: Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі, ырғақ
Тақырыбы: Сабақта ұлттық ойындарды қолданудың маңызы
Орындаған:Смағұлова М.М.
3пКШО-11 тобының студенті
Ғылыми жетекші:Тулеутаева Ж.Г.
Орал-2021жыл.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Ұлттық ойындардың педагогикалық-психологиялық зерттелуі ... ... ..5
1.1 Бала тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 16
1.2 Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен
мақсаты ... ... ... ... ..27
2-бөлім. Сабақта ұлттық ойындарды қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ..29
2.1 Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2 Қазақтың ұлттық
ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...38
3-бөлім. Сабақта ұлттық ойынның белсенділігіне тигізер
ықпалы ... ... ... ... ..48
3.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..66
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ұлттық ойындар қазақ халқының мәдени
мұраларының ішіндегі ең маңызды орынға ие түрі болып табылады. Қазақтың
ұлттық ойындары ептілікті, ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдықты,
тапқырлықты, табандылықты қажет етеді. Сондай-ақ ұлттық ойындар әділдік пен
адамгершіліктің жоғары ұстанымдарына негізделген. Қазақтың көкпар, сайыс,
күрес, теңге алу, қыз қуу сияқты ұлттық ойындары спорттық сипатпен бірге
үлкен тәрбиелік маңызға да ие. Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының
түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, сондай-ақ оның игілігіне
қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени құндылықтардың бірі
ұлттық ойындар. Мазмұны жағынан барлық ойындар түсінікті, жалпы дамытушы
мүмкіндіктері бар, әралуан педагогикалық қызметі бар, ұжымға деген
қатынасты тәрбиелейтін, эстетикалық талғамды дамытуға бағытталған, қоршаған
орта туралы түсінікті нақтылайтын, психикалық үрдістерді жетілдіретін,
дамудың жоғары деңгейіне өтуді ынталандыратын және тұлғаның әлеуметтенуіне
ықпал ететін болып келеді. Ойын өте эмоциялық ісәрекет, сол себепті ол
бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде құнды нәрсе болып табылады. Ойын
тұлғаның дамуы мен қалыптасуында маңызды орын алатын ерекше іс-әрекеттердің
бірі. Ойын барысында балалар жинақталған тәжірибені бейнелейді, өмір туралы
өздерінің түсініктерін тереңдетеді. Сондай-ақ баланың түсініктерінің
көлемін арттырады, байқампаздылық қасиетін, талдау, салыстыру және жалпылау
сияқты іскерліктерін дамытады. Дене тәрбиесі оқушыларды жан-жақты
жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға,
оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Дене шынықтыру
сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен
жаттығып, ұйымдасып шынығуға машықтанады. Бұл сабақтарда оқушылар әртүрлі
қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шапшаң,
төзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан
тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан
тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген
икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Төзімділік,
шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін
алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды сабақ
үстінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу жолдарын анықтау.Оны теориялық
тұрғыдан негіздеу және оқу үдерісінде қолдану әдістерін көрсету.
Міндеттері:
-ұлттық ойындарды сабақ үстінде пайдалану;
-сабақта ұлттық ойындарды қолдану маңызы;
-сабақта ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары.
Зерттеу пәні: Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі, ырғақ
Зерттеу болжамы:Егер сабақта ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса,дене
тәрбиесі пәнінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден,үш бөлімнен,қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Ұлттық ойындардың педагогикалық-психологиялық зерттелуі
Ойын ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.Ойын сөзі мағынасының
түп–төркіні қуаныш, әзілге сәйкес келеді. Мысалы, Ежелгі Рим халықтарында
ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып
жатыр, еврей тілінде әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас
баланың іс – әрекетін, ересектер арасындағы әзілді, қалжыңды меңзейді.
Бұл қазақ халқының мақал – мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы, Асық
ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар, кітап оқыған – озар нақыл сөзінде
ойын сөзі балалардың іс–әрекетін білдірсе, Әзілің жарасса, атаңмен ойна
мақалында ойын сөзі әзіл–қалжыңға сәйкес келеді.Ойынның пайда болу тарихын
зерттеу мәселесі ұзақ жылдар бойы ғалымдардың басты назарында болды.Өте
ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды
деген пікір бар. Ежелгі уақытта ойынға діни-саяси жағынан мән берілді.
Ежелгі гректер құдай ойынға қатысушыларды қорғайды деп ойлады. Сондықтан
Ф.Шиллер ежелгі ойындар адамның бос уақытындағы қызметі деп тұжырымдады.
Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды әмірші өзі ашып, оған өзі
қатысқан.Кеңестік кезде ұлттық ойындардың сақталуы және дамуы тоталитарлық
тәртіппен байланысты болды.Әлемдік педагогикада ойын нақты мақсатқа жетуге
бағытталған және белгілі шарттары (ережесі) бар әрекеттерден тұратын,
ойынға қатысушылар арасындағы жарыс немесе сайыс ретінде
қарастырылды.Ойындардың шығу тарихына үңілсек, алдымен көз алдымызға
шахмат және карта ойындары келеді. Көне Үнді елінде дүниеге келген,
кейінірек бүкіл әлемді жаулап алған шахмат ойыны о баста соғыс жүргізу
тактикасы мен стратегиясын үйрету құралы болған. Шахмат ойынында патша
(король), патшаның таңдаулы әскері (ферзь), атты әскер (ат), піл әскері
(офицер), кеме әскері (ладья) және жаяу әскерлер бір–біріне соғыс
жүргізеді. Бертінге дейінгі шахмат ойыны соғыс өнерін үйрететін
бірден–бір құрал ретінде саналып келді. Тек ХVІІ ғасырдан кейін ғана бұл
ойын бүкілхалықтық сипат алып, өзінің бұрынғы кейпін жоғалтып, адамзаттың
қисынды ойлауын дамытатын сүйікті ойын түріне айналды. Карта ойындарының
қай ғасырда пайда болғанын ешкім дәл кесіп айта алмайды. Бұл ойын
адамдардың тарихымен құрдас болып есептеледі.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.
Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюллер, В.
Фриге, Р. Ван дер Коэй, В. Демин, М. Каган, К. Исупов, т. б. ғалымдар ойын
теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетінің әлеуметтік жақтарын
айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін
анықтаған.Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен
тығыз байланысты. Сонау ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар
өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына
жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Ойындар арқылы жас
ұрпаққа соғыс өнерін үйреткен, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардың
жастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктеріне аса зор мән берген.Мәселен, сол
дәуірде өмір сүрген грек ойшылдары Гераклит пен Платон ойынның философиялық
жақтарын ашқан және олардың көзқарастары бірін-бірі толықтырған. Гераклит
ойынды шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас
өскінге өмірлік қажетті іс–әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге,
трагедияға, сезімге жалпы ғарыштық әлемге теңеген.Антик ойшылдары ойынды
адам мен өмір арасындағы байланысқа балайды. Себебі, философия Дүниені,
оның құрамына енетін бөлімдерін жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде
қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін, жалпы заңдылықтарды ашуға
тырысады.ХVІІ–ХХ ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар,
пайымдаулар орнықты. К. Гросс адамдар мен жануарлардың ойындарын олардың
бойында ген арқылы қаланған инстинкттің әсері деп түсіндіре келе, олар
келешек өмірге қажетті дағдыларды ойын негізінде меңгереді деп пайымдаса,
Г. Спенсер ойын балалардың ағзасындағы басы отын энергияның әсерінен,
күшінің тасуынан пайда болады деп түсіндіреді.
Ойын — өмірдегі, іс-әрекеттегі пайдасыз және сонымен қатар аса қажетті
маңызды құбылыстардың бірі болып табылады. Кеңестік педагогика және
психология ғылымдарында ойын К. Д. Ушинский, П. П. Блонский,
С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин еңбектерінде қарастырылды.
Ойынды шетел зерттеушілері — К. Гросс, Ф. Шиллер, Г. Спенсер, З. Фрейд, Ж.
Пиаже және т. б. зерттеді.Осы теориялардың арасында К. Гросстың теориясы
көпке белгілі. Ол ойынды баланы болашақ іс-әрекетке даярлау қызметін
атқарады, сондай-ақ сол ойында жаттыға отырып, өз қабілетін жетілдіреді деп
қарастырды. Бұл теорияның құндылығы, ойынды дамумен байланыстыруында, ал
кемшілігі –ойынға итермелейтін себеп, мотивтерді ашпайды. Ол адам ойынын
жануарлар ойыны тәрізді түсіндіре отырып, оны биологиялық факторлармен,
инстинктпен байланыстырып қателік жібереді.Ф. Шиллердің ойын жалғастырған
Г. Спенсердің теориясы бойынша ойын барысында бала өзіндегі артық күшін
сыртқа шығарады. Ойынның мотивін ашуға талпына отырып, К. Бюллер ойынның
негізгі мотиві ретінде қанағаттан (нәтижесіне қарамай-ақ әрекеттің өзінен
қанағат алу) теориясын ұсынды.Г. В. Плеханов ойынды еңбекпен
байланыстырды. Г. В. Плехановтың пайымдауынша, ойын еңбекке еліктеуден
пайда болған еңбектің нәтижесі.Ойын — балалардың еңбегі. Сондай-ақ еңбек
оның мазмұнын анықтайды, дәл тұжырым жасайды. Ертедегі ойындардың
мазмұнынан соғыс, аңшылық орын алды. Ең әуелі соғыс, содан кейін осы
соғысты бейнелейтін ойынның болғаны еш күмәнсіз. Сөйтіп, Г. В. Плеханов
ойынды балалармен біріге отырып, ойын міндеттерін шешу барысында тиісті
жағдайларды қалыптастыра білуді де ойластыруы қажет деп тұжырымдайды.
Г. В. Плехановтың осы ойын кеңестік кездегі ғалым Д. Б. Эльконин ойын,
ең әуелі, үлкендердің іс-әрекеті ретінде пайда болды деп жалғастырады.
Зерттеушілердің пікірінше, балалар ойыны осылай пайда болған.З. Фрейдтің
теориясы бойынша ойында өмірде нені жүзеге асыру мүмкін болмады, соны
бастан өткізуге, көруге болады.С. А. Шмаковтың пайымдауынша, ойынның
табиғаты — бұл оның құндылығы, яғни қуанышты сезімі, сергектік, өмірге
белсенді кірісу, қиялы, эмоциясы.И. Хейзинга ойынды бүкіл мәдениетке,
өнерге теңеп, оған поэзияны, би өнерін, салт–дәстүрлердің барлығын
енгізеді. Ал неміс философы И. Кант ойынды қоғамға тән құбылыс ретінде
танып, Г. Спенсердің көзқарасын ұстанады.Р. Ван дер Коэй мен Г. Мейес
ойынның когнитивтік және эмоционалдық аспектілерінен басқа оның әлеуметтік
аспектісін айқындаған. Балалардың ойынына жолдастары, ата–аналары,
мұғалімдер мен ойыншықтары әсер ететіндігі дәлелденген. Олар үш
аспектілердің ішінде әлеуметтік (қоршаған орта) аспектісі басым деп
тұжырымдайды.Кеңес философтары М. Каган, В. Демин ойынды адам әрекетінің
құрамдас бір бөлігі деп қарастырғаны белгілі.Жеке тұлғаның дамуындағы
ойынның әсерін ерте заманның өзінде–ақ атақты ғұлама ойшылдар, педагог,
психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Ертедегі
ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Пестолоцци ойын арқылы
балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.Я. Коменский ойынды
баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға
ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс – әрекетін бақылау
керектігін ерекше атап көрсетеді.
Дж. Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа, ынталы келетіндігімен
санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж. Руссо дамытқан еркіндік
тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оқытудың әдістері мен құралдары
жөнінде мәселелерді қарастырған. Дж. Локк та, Ж. Руссо да ең бірінші
орынға баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асырылуын
қойған.Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф. Фребель дидактикалық
ойындардың негізін салушы болып есептеледі, ол қимыл–қозғалыс ойындарының,
құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған
дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ, Ф. Фребель ойындарының
мазмұны баланың ой–өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.Қазіргі кезде ойын
мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы
дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін
тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы
К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның
алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз
пікірін білдірген.К.Ушинский : Сабаққа ойын элементтерін енгізу
оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен
ерікті атқаратын іс-әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық
қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады,- деген ой айтады.Н.
Крупская: Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау
үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген,-
деген пікір айтады.В. Сухомлинский: Ойынсыз ақыл–ойдың қалыпты дамуы да
жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып,
өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге
құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты,- деген ой айтады.А.
Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық
үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға
қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік
береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін
өзгертуді қажет етеді.Ал, Бабанский: Ойын бастауыш сынып оқушыларының
барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі,- деп қараған.С. А. Шмаковтың
анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
-еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес,
баланың қанағаттануына байланысты;
-әрекеттің эмоционалды жағынан көтерінкі болуы, яғни жарыстың орын
алуы;
-ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.Ойынның, әсіресе балалардың
психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен
қарым–қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез–құлқы қалыптасады,
ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа,
шапшаңдыққа баулиды.Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен
көрнекті психологтар: Л. Занков, Л. Выготский, Д. Узнадзе, С. Рубинштейн,
А. Леонтьев, Д. Эльконин, А. Люблинская, В. Мухиналар айналысты.Д. Эльконин
төменгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды жетекші іс–әрекет сөз
тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік
табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің
қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының
бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлттық ойынның
тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. А. Покровский, А. И. Ивановский,
Н. И. Гродеков,Е. А. Алекторов, Ә. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф.
Лазаревский,П. П. Пашин, Г. С. Запряжский, А. Шиле, А. Харунзин, А.
Горячкин,П. Ходыров, Е. Букин, О. Әлжанов, т. б. болды делінген.Егер адам
өмірінде қарым-қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі
дәлелденсе (Божович Л. И., Запарожец А. В., Лисина М. И., Любминская А. А.,
Шерьязданова Қ. Т. және басқалары), онда қарым-қатынас дара түрде
қарастырылып оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан
мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды
қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі.
Артемова Л. В., Кушина В.Ф., Иванова Р.А., Тетлицкая И.Б., Щербакова Е.И.,
зерттеулерінде ойын әрекетіне (жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен
тығыз байланыста) қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз
қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасты тиімді жасаудың алғы
шарты деп қарастырылады.Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетте балалық
шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады.
Ойынның элементі барлық белгілі мәдениеттерде кездеседі.Балалықты танудың
оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол —
ойын.Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең
алғаш рет оны Анна Фрейд II-ші дүние жүзілік соғыс кезінде Лондонды
бомбылауды бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер
бала өзінің қайғы-мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады
және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.Ойын арқылы
әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Дэвид Левидің
жұмысында алдын-ала құрылған ойындар мен әсер етудегі қандайда бір
психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс істеу
кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Леви ойын балаларға әсер ету
мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасайды.Джесеп Тафт пен Фредерик
Аленнің көңіл қою ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты
ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады.Ойын әсерінің
төртінші ірі бағыты болып Вержинин Экслайп жұмысы табылады. Ол ойынның
принципін жақсы қолданады (мысалы, индивидтің өсуге талпынуы, индивидтің
өзінің дамуын басқара алу қабілеті).Ә. Диваев Игры киргизских детей атты
еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады.Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір
мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады.
Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар,
деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.Ұлттық
дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын
орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы
ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге
байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай
бірнеше топқа бөліп қарастырамыз:
-орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері
мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
-кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық
ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
-мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар;
-тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)
аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық
тізгінін Ә. Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры
киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық
ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.Ә. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне
рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші
топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық
ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары
балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын
шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә. Диваев: Как киргизы
развлекают детей деген мақаласында: Бала бас бармағын көтеріп оған
пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат
сұраған, — дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ атауларын алға тартады
және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде
баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы
жатқандығы сөз етіледі .Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың
бірі – орыс ғалымы А. Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании
детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін
атауға болады.Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру
салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін
ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың
денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының
қажетті жақтарын ашып көрсетеді.ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.
Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
-жалпы ойындар;
-қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
-ашық алаңқайдағы ойындар;
-қыс мезгіліндегі ойындар;
-демалыс ойындары;
-ат үстіндегі ойындар;
-атракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш
рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай
отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл
жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі М. Гуннердің толықтырып,
өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек,
қырғыз, түркімен, қалмақ, т. б. отар елдері туралы этнографиялық деректер
жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның
ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-
губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген.Орыс
ғалымы А. Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және
Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.Ізденіс барысында автор
Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі
Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес
екендігін айтады. Ал М. Гавриловтың авторлығымен жазылған Перепелиный
спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің
айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында Құстар ойынын
(тауық, қаз, т. б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі
зерттеледі.Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-
әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол
ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша, Шынайы өмірде баланың аты –
бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір
ағысына ілесіп кете барады. Ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді
өз күшін сынап көреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы
спорттық жаттығулар И. Давыдов, Л. Былеева, В. Яковлев, Н. Поддьякова,Н.
Михайленко, Д. Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған.И. Давыдов
ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке
дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау
кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. И. Давыдов ойын-ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектепке дейінгі барлық кездерге
заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну
қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.Д.
Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған
сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі,
сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың,
шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.М. Контарович, Л.
Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс
айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған
далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген.
Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп сыныпификация жасап,
бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде Қояндар (5-6 жасарларға),
Аңшы мен ит және қояндар (6-7 жастағылар үшін), Торғай мен мысық (7-8
жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа
түсірген.Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да, бала ойынның
мәнін айқын түсінеді. Ол былай деп жазды: Біз бала басынан елестің алғашқы
белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс-әрекеті –
ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұқсас келеді: ол өзінің жеке жұмысын
жасайды, келмесе жұмысын өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін
шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға
шын беріледі және барлық эмоциясын салады.Фрейдтің тұжырымы бойынша, бала
үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл
шын өмірдегі; кеңістік пен уақыттағы; заттардағы, жануар құрылымындағы және
адамдардағы зерттеу және ориентациялау әдісі. Ойын процесіне араласа отырып
балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді.
Уолтман былай деп жазады: Баланың өзінен туындайтын іс-әрекет өз
тәрбиесін және соған байланысты сезімін құруға мүмкіндік береді. Ойын
сонымен бірге балаға өзіне жағымсыз жағдайларға жауап қайтаруға мүмкіндік
береді. Кішкентай балаға семантикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну
қабілеті енді ғана қалыптасып келеді.
1. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа
әдістері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу
арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын
ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса,
жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да,
оны ойнай біледі. Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында
қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер
заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын
іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да
дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында,
жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз
бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін
шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи
әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның
элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне
психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап
етеді.
Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның
бір түрі – асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық
ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты –
асық ұтып алу.
Асық ойынының түрлері өте көп.Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.
Алшы ойыны.
Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап,
сомдайтын қасиеттер, баланың бұзылып кетпеуі үшін, оны өзара әркетке
жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір
салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап,
бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене
мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды.
Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар
арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазір
ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар
көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы
көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде
қалыптастырамыз. Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін
ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық,
философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.
Тоғыз құмалақ ойынының тақтасы.
Тоғыз құмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі
заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа
әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде
пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны
тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады. Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге
спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға
оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. Бұл
ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі
қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар
үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара
түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі.
Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны
болады, олар солдан оңға қарай есептеледі.Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың
партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды
бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін
қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне
қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен
бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы
сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің
ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін
тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін тұздыққа айналады. Әр ойыншы өз
қарсыласының жағында тек бір ғана тұздыққа ие болады. Қазанына 82 құмалақ
жинаған ойыншы ұтады.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл – ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген мал – жайы,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
Бар он сегіз ұясы оның – кіші отау,
Екі қазан үлкен келген – іші отау.
Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ,
Сексен бірден – екі ойыншы тұр қамап.
Әрқайсысының сегіз ұя – ойы бал,
Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.
Екі ойыншы – екі қойшы кезекпенен,
Түсіреді ұяға қой есеппен.
Бір-бірінің ұясына айдайды,
Қой – құмалақ, санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса қой - құмалақ ,
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ .
Солай талай қой қазанға түседі,
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде-кімнің қазаны тез толады,-
Сол ойыншы ұтып шыққан болды.
Қызықтырған бүгінде де ойлыны,
Міне, осындай бабалардың ойыны.
Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп
атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып
қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер
қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе
(дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп
үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен
атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа
үйретеді.
Дротик құралы.
Соқыр теке – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі.
Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға
болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған
бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп
қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын
солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа,
жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.
Жамбы ату.
Қазан – ойыны. Ойынға 5-10 адам қатысады. Ойынға қажетті заттар, адам
санына қарай ағаш таяқ, ағаштан ойылған шар, ия болмаса шағын доп. Қазіргі
кезде крокет заттарын да пайдаланады. Ойыншылар дөңгелене ара қашықтығын
бірдей қылып, бір-бір ағаштан ұстап тұрады, ағаштары ұяда тұруы керек. Дәл
сондай ұя ортада да болады. Ойынды бастаушы дөңгелене тұрған адамдардың
арасынан, ортада тұрған ұяға өзінің ағаштан жасалған шарын, ия болмаса
шағын допты салуы керек. Өзге ойыншылар ол шарды ағаштарымен қағып,
жолатпаулары керек. Егер бастаушы ойыншыға кедергі жасай алмай, ол шағын
ортаға салып үлгерсе, екеуі орын ауыстырады. Шарды ортадағы ұяға салған
уақытта, дөңгелене тұрғандары орындарын ауыстырады. Бұл ойын баланы
жылдамдыққа, ойлауға, ептілікке баулиды.
Жүзік тастау – ойыны. Бұл ойында кез келген жерде ойнала береді.
Ойыншылар дөңгелене отырады да бір жүргізуші алақандарына өзінің қолын
жүгіртіп өтеді, біреуіне жүзікті тастап кетеді. Ойын жүргізуші жүзігімді
бердеп дауыстаған кезде, алақанында жүзік бар бала, екі жағындағы
көршілеріне ұстатпай, тұрып кетуі керек. Ұсталып қалса, айыбын өтейді, ия
болмаса ән салады, би билейді. Бұл ойын баланы сабырлыққа, жылдамдыққа,
ептілікке баулиды. Осындай ойындарды ойнату арқылы біз баланың бойына әр
түрлі қасиеттерді баулимыз. Осы ойынды дене тәрбиесі сабағының қорытынды
бөлімінде тынысты қалпына келтіруге пайдалануға болады.
Күміс алу-ойыны. Бүл ойын әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында
көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында
ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет
етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін
белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс. Бұл
ойынды біздер жарыс түрінде ойнауға болатынын дәлелдейміз. Оқушылар қатты
жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған тиындарды іліп
ала жүгірулері керек. Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға
пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау
қабілетін арттырады.
Білектесу-ойыны. Ойынға қатысушылар тек оң қолдарымен білектеседі.
Білектесу 3 рет орындалады,ойыншының біреуі 2 рет жеңіске жеткенше.
Білектесу кезінде шынтақты орнынан қозғауға болмайды. Орнынан ойыншыға
көтерілуге, тұтқаны босатуға болмайды.
Білектесу техникасы.
Батпан көтеру – ойыны. Бұл ойынды көбінесе 9, 10, 11 сынып
оқушыларымен өткізеді. Оны жарыс түрінде де, сабақ барысында тест ретінде
де пайдалануға болады. Неше адам қатысамын десе де бола береді. Жеке-дара
да, команда болып та өткізуге болады. Бұл ойын баланы күштілікке баулиды.
Арқан тартыс-ойыны. Ұзындығы 8-10 метрдей жуан кендір арқан керек.
Арқанның тең ортасынан орамал немесе шүберек байланып белгі жасалынады. Осы
орталық белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да
жоғарыдығы тәртіппен белгі жасалынады. Ойнаушылар (ойынға 10-15 адамнан)
екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі: ойнаушылар бойларының
биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын жүргізушінің берген
командасы бойынша тізбекте тұрған ойнаушылар оң жақ шетінен қатар санды:
бір, екі, үш... деп бастап, сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп, бұл
топ тақ, жұп болып екіге бөлінеді. Қатысушылардың саны он адамнан кем
болмауы керек.
Арқан тартуда арқанды ұстау техникасы.
Бес тас ойыны. Ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады.
Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас керек. Өйткені
сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей
біріне бірі бөгет жасайды және қолға ұстауға да ыңғайсыз. Ойын ережесі.
Балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындығын бес тасты жоғары
лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек
алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете
береді. Бірінші кезек алған ойыншы бес тасты ойынның шартын бұзғанға дейін
қаға береді, одан кейін екінші кезектегі ойыншы ойнайды, одан үшінші
кезектегі ойнайды, тағысы тағы, кезектесіп ойын жаслғаса береді. Ойын
бірліктен басталады. Бес тасты иіргеннен соң біреуін қақпа тас етіп алып,
қалған төрт тасты жеке-жеке бір-бірлеп қағып алады. Екінші рет иіріп
екілікті ойнайды, онда жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады. Үшінші
рет иіріп үш тасты бірге, бір тасты бөлек қағып алады. Төрттікте қақпа
тасты лақтырып төрт тасты жерге қойып, тағы лақтырып төртеуін жерден қайта
алуы керек. Бесінші ойын – жалақ. Жалақты үш жалау, немесе бес жалау
болады. Қақпа тасты лақтырып жіберіп сұқ қолымен жерді үш ре жалауы керек,
немесе ойынның шарты бойынша бес рет жалауы керек. Ұш жалау немесе бес
жалау ойыншылардың өзара келісімдері бойынша тағайындалады. Алтыншы ойын –
алақан. Мұнда қақпа тасты лақтыра отырып қалған төрт тасты бір-бірлеп
екінші қолдың алақанына жинаулары керек. Жетінші ойын – төртбұрыш.
Төртбұрышты төрт тасты төрт жерге қойып, яғни төртбұрыш шығарып, қақапа
тасты биіктете лақтырып төртеуін де жинап алып қағулары керек. Төртбұрыштың
үлкендігі ойыншылардың өзара келісімдері бойынша қойылады. Сегізінші ойын –
арттан тастау. Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып алып, енді екінші
тасты алғанда бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек, одан үшінші
тасты алғанда екінші тасты арттан тастау керек. Содан кейін жерден
тастардың бәрін жинап қағып алу керек. Тоғызыншы ойын – үндемес. Бұл
ойында қақапа тасты қағып алғанда қолдағы жерден алған тасқа соғыстырмау
керек. Ойынның шарты бойынша үндеместі ойнаған кезде тастардың даусы
тұрмақ, ойыншының өзі де үндемей отырғаны абзал. Басқа балалар ойынның
осындай сәтін пайдаланып қалғысы кеп үндеместі, яғни ойнап отырған баланы
күлдіруге тырысады. Бұған ойыншының берілмеуі керек, себебі дыбысы шығып
қалса, онда ойын шарты бұзылды деп есептелінеді де, бес тасты келесі
кезектегі ойыншы алады. Оныншы ойын – сарт-сұрт. Бұл ойын да бірлік
сияқты, әр тас жеке-жеке қағылып алынады. Бірақ қақпа тас пен жерден
алынған тастың сартылдаған дауысы естілуі керек. Он бірінші ойын – қаршу.
Ойыншы бес тасты иіріп жерге тастайды. Содан кейін қақпа тасын алады. Оны
алып болғаннан соң қалған төрт тасты бір-бірлеп қаршып алуға тиіс. Он
екінші ойын – нәби. Бұл ойында сол қолдың бас бармағы мен сұқ қолын жерге
тұрып, оң қолымен сол қолдың сыртынан тастарды алдыға иіріп тастайды. Ал
қақапа тасты алғаннан кейін нәби сайланады. Нәбиді басқа ойыншылар
сайлайды. Нәби ойыншылардың келісімі бойынша не алдыдан, не артынан, не бір
тастың екіншісіне тиіп тұрғаны, әйтеуір қиын жердегісі сайланады. Ойыншы
нәбиді басқа тастарды өткізіп болғаннан кейін ең артында өткізеді. Ең
ақырында бәрін ойнап біткеннен кейін ойыншылар біріне бірі ұпай салады.
Ұпай салудың бірнеше түрлері бар. Біріншіден, бес тасты қолын айналдырып
лақтырып қағып алу керек. Екіншіден, бес тасты тұгел лақтырып, алақанның
сыртына түсіріп, одан қайта лақтырып қаршып алуы керек. Содан қанша тас
қағып алса, сонша ұпай салады. Әр тас – он ұпай. Егер бес тасты тұгел
қақса, онда 50 ұпай алады. Осылай ойын жалғаса береді. Ұпай салушылар
ұпайды тек өзінен кейінгі кезектегі ойыншыға ғана салады. Ойынның шарты
бойынша тастарды қаққан кезде басқа тастарды қозғалтпаулары керек.
Қазақша күрес.
Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша
күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе
жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық
куресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары
болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын
жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді. Тек соларға дұрыс жөн
сілтей білуіміз керек. Ұлттық өнердің шынайы қамқоршылары болса онда ол
міндетті түрде өмірден өз орнын табар еді. Әлемдік аренаға шықпайтын спорт
түрінің бәрін іске жарамайды деп, ешкім біле бермейді деп жылы жауып қоюға
болмайды. Қазақша күреске мектептегі дене тәрбиесі сабағында көп көңіл бөлу
керек. Ұлттық спорт түріне кішкентайынан баулыған жөн. Өзіндік аса бір
ерекшелігі бар, қашанда көпшіліктің көңілінен шығатын ұлттық өнердің бірі-
қазақша күресте халықтың бойындағы қасиетін көрсететін үлгісі бар десек,
онда неге осының белгілі бір жүйеге келтірілген киімін жасамаймыз. Үстіне
киетін киманоға ұлттық оюларымызды, аяқтарына мәсіні пайдалануға әбден
болады. Қазақша күрестің кейбір ерекшеліктерін айта кетсек, балуанның
аяқтары ғана еркімен қозғалып жұмыс істейді. Аяқтарына қандай айла-тәсіл
қолданса да еркі өзінде. Тебуге болмайды, жеңіске жету үшін астыңғы
балуанның жауырыны жерге тигізіптұрғанда, үстінен аттап кету міндеттелген.
Қазақша күресте қолданатын айла-тәсілдердің негізгі түрлері:
- иықтан асыра лақтыру әдісі. Лақтырған палуан құламай орнында қалады;
- әдіс қолданған палуан өзі құлап барып қарсыласын астына түсіру;
- қарсыласын жамбасқа салып жығу;
- іштен шалып жығу;
-сырттан шалып жығу;
Күресте қолдануға болмайтын айла-тәсілдер қолды белбеуден босатып
жіберуге болмайды, қарсыласын ұрып не болмаса итеруге, тамақтан, саусақтан,
құлақтан ұстауға болмайды. Белбеуден басқа киімнен ұстауға, уақыт
белгіленбейді. Белдесу барысында тең түсу, ия болмаса ұпай санымен ұту
деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен міндетті түрде
қарсыластың біреуі жеңіске жетеді.Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін
қазіргі заманға сай етіп, жаңаша үйретуге болады. Қазақтың ұлттық ойындарын
балаға жеткізудің бірі – сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі
көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып
салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін
жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық
ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары
еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ.
Қазақтың ұлттық ойындары пайдаланылған ашық сабақтарды бейнетаспа арқылы
көрсетсек, балалар қызыға қарап танысар еді. Әрбір мектеп өздерінің сабақ
жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп
отырса біздің балаларға жасаған азғантай пайдамыз сол болар еді.Аударыспақ
ойыны басқаша болып та ойнала береді. Бөрене бревно үстінде ішіне
тығыздалып мақта салынған қаппен оқушылар бір-бірін жерге түсіру керек.
Бұл ойынды командамен де, жеке де ойнауға болады. Мектепте жарыс түрінде
өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері-қазақша күрес, тоғыз құмалақ,
дойбы, асық ойыны, оның да әр түрлері, арқан тарту, бестас, аударыспақ, гир
көтеру тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін табуға болады. Ұлттық
ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану педагогикалық жүйенің жалпы
заңдылықтарына бағынады. Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында
пайдалану – мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін
көруге деген құштарлықты қажет етеді.
Әсіресе, дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар отырып
осы тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Үйірмелер көптеп жасауда. Бұл ойынның бір
қасиеті оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа,ойлау қабілетінің артуына
үйретеді.Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып
қолдануға болады.Мысалы, бізде мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика,
спорттық ойындар,гимнастика түрлері ғана ғой.
Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке,
ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген
ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, қуып жет, Айгөлек,
қуаласпақ, бірізді эстафета деген ойындар жүгіруге қабілетін
арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру
сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын
ойындар.Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та
көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады.Қазақтың ұлттық ойындарын
көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.Мысалы, компьютерде шахмат, дойбы
ойнап отыратын адамдар көп кездеседі ғой, сол сияқты қазақтың ұлттық
ойындарын да, мысалы тоғызқұмалақты да дәл солай ойнап отыруға болады ғой.
Қазір мемлекетіміз қазақ тілін насихаттап заңдар шығарып қойды, қазақ
тілін қолға алды десе болады. Сол сияқты ұлттық ойындарға да бетбұрыс жасау
керек деп ойлаймын. Қазір көп дамығаны – қазақшакүрес,жарыстар өтеді, спорт
мектебі бар. Мереке күндерінде ат шабыс, қыз қуу болып тұрады. Көкпардан
республика біріншілігі өтуде, ол да көп дамыған түрі. Бары-жоғы 3-4 облыс
қана бар. Ал, біздің облыста ат спорты, спорт мектебі, көкпар ойнаушылар
мүлдем жоқ, облыста жүзу, шаңғы, коньки деген атымен жоқ.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де
пайдалануға болады.Бұл ойындар адамның ой-өрісінің,өмірге көзқарасының
дамуына,сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене
дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.Ұлттық ойындарда
адамгершіліктің,мінез-құлықтың нормасына бағыт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz