Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент қаласы Білім басқармасы

№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты

Қаныбек Әмина

7-сынып

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні

Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»

Секциясы: қазақ әдебиеті

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Ж. Мауленова

Кеңесшісі: SILKWAY халықаралық университетінің

ф. ғ. к., доцент Бейсенбаева Р. Х.

Шымкент - 2020

Жоспар

І. КІРІСПЕ

1. 1. Б. Момышұлының нақыл сөздерінің зерттелуі

ІІ . НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

2. 1. Б. Момышұлының нақыл сөздері және дәстүр жалғастығы

2. 2. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздеріндегі патриоттық тәрбие

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мазмұны:

І. КІРІСПЕ

1. 1. Б. Момышұлының нақыл сөздерінің зерттелуі . . . 10

ІІ . НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

2. 1. Б. Момышұлының нақыл сөздері және дәстүр жалғастығы . . . 12

2. 2. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздеріндегі патриоттық тәрбие . . . 19

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 7«Ә» сынып оқушысы Қаныбек Әминаның

ғылыми қоғамда атқаратын жұмыс жоспары

Қ/с
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері
Жұмыс істеу дәрежесі
Қ/с: 1
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіру жолдары
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 2
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 3
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыда бағыт-бағдар беру
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 4
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 5
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принципін тиімді пайдалану
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 6
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Айналысу принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 7
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 8
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру (яғни оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеруге байланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу)
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 9
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен демалуына мүмкіндік жасау, тәжірибені игеру
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 10
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Көсемпаздық педагогиканы жандандыру, білім беру тиімділігіғ яғни идеялар мен жаңалықтар жасалынып, тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
Жұмыс істеу дәрежесі: Әр аптада
Қ/с: 11
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Интернетпен жұмыс
Жұмыс істеу дәрежесі: Аптасына 2 рет

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын

мектеп-интернаты директорының

ғылыми-инновациялық жұмыстар

жөніндегі орынбасары: Ф. Қ. Кемерова

Жетекшісі: Б. Ж. Мауленова

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми жұмыста Б. Момышұлының өсиет, нақыл, қанатты сөздердің тәрбиелік мәні мен ерекшелігін және ондағы дәстүр жалғастығын арнайы сөз етіп қарастырамыз. Бүгінгі мәліметтер бойынша Б. Момышұлының айтқан отыздан астам мақал-мәтелдері және берген баталары мен ел аузында аңыз болып, халықтық нақылға айналған қанатты сөздерін саралай отырып, зерттеу болып табылады. Бауыржан Момышұлының аузынан шыққан әрбір сөзі қазақ баласының жүрегіне патриоттық сезім ұялатады. Ол - қазақ халқының феномені. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы кезінде жеке басының қаһармандығымен және ұрыс жүргізудегі шеберлігімен ерекше көзге түскен, батырлық, атақ-даңқы алысқа тараған. Мінезінің артық-кемі, кедір-бұдыры мол болғанымен, туған халқының үлкенге ізетін, кішіге құрметін ұмытпай, қастарлеп өткен аяулы тұлға. Бұл жобада Б. Момышұлының нақыл сөздерінің зерттелуі және нақыл сөздерінің дәстүр жалғастығы қарастырылған.

АННОТАЦИЯ

В данной научной работе мы рассматриваем как особое слово воспитательное значение и специфику заповедей, пословиц, изречений Б. Момышулы и продолжение в них традиций. По сегодняшним данным, это изучение более тридцати пословиц и благословений Б. Момышулы, анализ крылатых слов, ставших легендами и народными пословицами. Каждое слово Бауржана Момышулы вызывает патриотическое чувство в сердце казахского ребенка. Это феномен казахского народа. В годы Великой Отечественной войны Б. Момышулы был известен личным героизмом и боевым мастерством, его героизм и слава распространились повсюду. Несмотря на свой более-менее грубый характер, он любящий человек, уважающий старших и младших. Этот проект предусматривает изучение пословиц Б. Момышулы и продолжение традиции пословиц.

Annotation

In this scientific work we consider as a special word the educational value and specificity of the commandments, proverbs, sayings of B. Momyshuly and the continuation of traditions in them. According to today's data, it is a study of more than thirty proverbs and blessings of B. Momyshuly, analyzing the winged words that have become legends and folk proverbs. Every word of Baurzhan Momyshuly evokes a patriotic feeling in the heart of a Kazakh child. It is a phenomenon of the Kazakh people. During the Great Patriotic War, B. Momyshuly was distinguished by his personal heroism and fighting skills, heroism and fame spread far and wide. Despite his more or less rough character, he is a loving person who respects the elders and the younger ones. This project provides for the study of proverbs of B. Momyshuly and the continuation of the tradition of proverbs.

Зерттеудің өзектілігі.

Қаруы мен қаламын қатар ұстаған жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының ел арасындағы айтылып жүрген қанатты, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерінің тұлғаны әскери және патриоттық сезімге тірбиелеуде алатын орны ерекше. Олардың тақырыптары адамгершілік, тәртіп, батырлық, ерлік отансүйгіш, ептілік, саналылық т. б. философиялық терең мағынада келеді. Батыр шығармашылығына қарасақ, ең алдымен тек пен арды ең жоғары сатыға қояды. Сол үшін Бауыржан Момышұлының шығармашылығымен, ізгі өзіндік қасиеттерін танудың ұлтымыз үшін үлкен стратегиялық маңызы барын ұғынуымыз керек. Сондықтан майдангер-жазушының қаламынан шыққан әрбір сөзі, туындысы келешек ұрпақ үшін құнды болмақ. Даналық, қанатты сөздерін жинақтап, құндылығы мен тәрбиелік мәнін талдай отырып, көпшілікке ұсыну - зерттеу жұмысының басты өзекті мәселесі болмақ.

Зерттеудің нысаны.

Б. Момышұлының өсиет, нақыл және мақал-мәтелге айналып кеткен қанатты сөздерінің зерттелуі және олардың патриоттық, әскери тәрбиедегі алатын орны, даралық сипаттары, мән-маңызы және қазіргі таңдағы қоғамда алатын орны.

Зерттеудің мақсаты.

Б. Момышұлы еңбектерін саралай қарастырып, ондағы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің мән-маңызын, тәрбиелік тұстарын айқындау, бүгінгі қоғамда алатын өзіндік орнын нақтылай ашып көрсету.

Зерттеудің міндеттері.

  • Бауыржан Момышұлының еңбектерін қарастыру арқылы қоғамдық, әлеуметтік, танымдық көзқарасының қалыптасу жолдарын анықтау, қарастыру;
  • Қазақ ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлері мен зерттеушілерінің еңбектері мен естелік сөздерін қарастыру, нәтижесінде Бауыржан Момышұлының тұлғалық ерекшелігі мен айтқан қанатты сөздерін жинақтау;
  • Жинақталған қанатты, нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін маңызын, мәнін саралау;
  • нақыл сөздеріндегі дәстүр жалғастығын айқындау.

Зерттеу әдістері.

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында жалпы зерттеу жұмысына тән салыстырмалы тарихи тарихи функционалды талдау, сипаттау, жүйелеу, жинақтау, қорыту, т. с. с. әдіс-тәсілдер пайдаланылды.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері.

Жұмысты жазу барысында әдебиеттану ғылымының зерттеушілері мен қазақ ақын-жазушыларының озық ой-пікірлері, еңбектері, баспасөз материалдары жетекшілікке алынды.

Зерттеудің дерекнамасы.

Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері әдебиеттану, ақын замандастарының естелік шығармалары, зерттеулері мен баспасөз материалдары, ғылыми-зерттеу еңбектері болып табылады. Сонымен қатар, Ә. Нұршайықов, М. Мырзахметұлы, Сыздықова Р., Қ. Ергөбек, Ш. Мұртазаның пікір-тұжырымдары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімі бір тақырыпшадан, негізгі бөлімі екі тақырыпшадан, қорытынды бөлім және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдағы қазақтың талантты қолбасшысы, жазушы қайраткер тұлға Бауыржан Момышұлының шығармашылығын зерттеу бүгінгі заманның сұранысы. Кеңестік тоталитарлық дәуірде халқының болашағын ойлаған батыр - ұлт мүддесі үшін көптеген істер атқарды. Майданда жауға найзамен қарсы соғысып ерлік көрсетсе, бейбіт өмірде қаламын қару етіп ұлт мүддесі мен адалдықты ту етіп көтеріп өмір сүрді. Сондықтан да Б. Момышұлының шығармашылығы шыжғырлыған шындық, ерлік, өрлік, адамгершілікпен өріліп жазылғандығымен ерекшеленеді. Біз бүгінгі жазып отырған зерттеу жұмыста өсиет, нақыл, қанатты сөздердің тәрбиелік мәні мен ерекшелігін және ондағы дәстүр жалғастығын арнайы сөз етіп қарастырамыз. Бүгінгі бізге белгілісі - Б. Момышұлының айтқан отыздан астам мақал-мәтелдері және берген баталары мен ел аузында аңыз болып, халықтық нақылға айналған қанатты сөздері бар. Б. Момышұлының айтқан нақыл сөздері тыңдаушысына рух беріп, оның бейжай отыруына мүмкіндік бермейді. Батырдың мақал-мәтелдерін жай отырып тыңдау мүмкін емес. Айтар болсақ: «Көп тұрған су сасиды, ойланбаған ми сасиды» деген нақыл сөзін естіген кезде, естіген адамның алғаш езу тартып, соңынан өмірге жайбарақат қарамай ойлы көзбен қарап, көп нәрсенің байыбына баруға үндейді. Осыны есекере отырып, біз зерттеу жұмыстың тақырыбына батырдың нақыл сөздерін негізгі арқау етіп алдық.

Жазушының халық арасында айтып, кейіннен ел арасына аңыз болып тараған сөздері мен естеліктерді оқи отырып, зерделеп, автордың өзіне қайтаруды негіз еттік. Соның бірі «Жамбылдың жасын берсін, Абайдың басын берсін, Күләштің әнін берсін, Сәкеннің сәнін берсін» деп жас нәрестеге берген батасы бүгінге дейін ел арасында айтылып келеді. Осындай айтылып жүрген нақыл сөздер мен берген баталарын саралай отырып, оның көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін анықтау болып табылады. Батырдың шығармашылығының осындай бір саласы мақал-мәтелдер мен баталардың өз алдына тақырыпқа арқау болуы жоғарғыдай себептерге байланысты. Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Ол - «Халық батыры», ол - «даңқты әскери қолбасшы», ол - «көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ санасында біте қайнасқан. Ол, тұтас алғанда, «Нағыз Қазақ» деген аса қастерлі, биік мәртебесімен танылған.

Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды. Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.

«Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады. Бакең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру. Бауыржан үйреткен тағлым - Ұлт ар - намысына, Ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді. Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық асыл қасиеттің қадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам мұны біледі. Ал, тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б. Момышұлы өнегесі сол баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды, адамдыққа тәрбиелейді. Алаштың аты аңызға айналған аяулы перзенті Б. Момышұлының асыл әруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның елі үшін еткен ең ересен еңбегі, ең қасиетті еңбегі алдымен оралады.

Б. Момышұлы жөнінде көркем дүние де көп жазылды. Мәселен, Баукең хақында көзі тірісінде - ақ жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар. Қазақтың қасиетті топырағы - Жуалы жұрты өз перзентіне тағзым етті. Бауыржан аға ғибраты санаға сіңіп, көңіл көгіне жетті. Осы уақытқа дейін Бауыржанға таңдану басым да, оның болмысын ашу кем болды. Әрине оның өзіндік себебі бар еді. Кеңестік империя Момышұлын тек соғыс батыры, Москваны қорғаушы, қолбасшы ретінде ғана көргісі келді.

Алматыдан жасақталған 316- шы атқыштар дивизиясы 1941 жылдың күзі мен қысындағы Кеңестер одағы үшін ең қысылтаяң кезеңде Москваны қорғау шайқастарында орасан зор міндеттер атқарды. Сөйтіп, Қазақстанның, қазақтардың атағын айдай әлемге шығарды. Әсіресе, дивизия командирі, генерал Панфиловтың айрықша тапсырмаларын орындап батальонмен жау қоршауын бес рет бұзып шыққан аға лейтенант Б. Момышұлының ұрыс тактикасына енгізген жаңалықтары соғыс мамандарын таң қалдырды. Ақ теңіз бен Қара теңіз арасындағы мыңдаған шақырым майдан шебінде одан даңқы асқан батальон командир болған жоқ.

Ол Отан қорғау мәселесіне кең тұрғыда қарады. Өзін Кеңестік Армияның командирімін деп қана есептеген жоқ, қазақ халқының перзентімін деп есептеді. Сондықтан да ұрыс алдында тек бұйрық беріп қана қойған жоқ ұлт тағдыры туралы ұлағатты сөздер айтып, әр жауынгердің отаншылдық сезімін оятты. Жауынгердің парызын өтеу үшін ғана қолына қару ұстамай, халқы алдындағы парызын өтеу үшін қолына қалам да ұстады.

2. 1. Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Батыр Бауыржан қазақ салт-дәстүрін тек қорғап қана қалған жоқ, оны Кеңес дәуірінде, яғни ХХ ғасырда, заманға икемдеп, жаңа сатыға көтерді. Қазақтың сонау билер дәуірінен бастау алатын бата алу салты бойынша сынақтан өту 1944 жылдың алғашқы айларында болған еді. 1943 жылдың желтоқсан айында батыр үш айлық демалыс алып, Алматыға келді.

Демалыс уақытысы бітіп, Бауыржан майданға қайтарында жыр алыбы Жамбылға жазушы ағасы Сәбит сәлем беруге келді. Сәлемдесіп жатып Сәбит жүз жасаған қарияға Бауыржанды таныстырады. Бауыржанның атын естіген Жамбыл қазақи ежелгі салт-дәстүрмен сынай қарайды. Мұны байқаған Буыржан қарт ақынның өзін сынап отырғанын сезіп түсін суытып жіберді. Сонда қарт ақын: «Патшағардың түсі суық екен, батыр болса болар» [1. 326] -дейді. Жыр алыбы Жамбыл Бауыржанның адамгершілік кейіпін білу мақсатында «Сен осы Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы?» [1. 326] - деген сұрақ қояды. Сұраққа Бауыржан мүдірмей «Өтеген қаптай соққан өрт, Сұраншы сарқырап аққан батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен екеуінің ешқайсысына келе алмаймын. Мен - оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке [1. 327] - деп жауап береді. Бұл жауапқа өте разы болған дана қарт Сәбитке «Мынауының түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, қоныңдар» [1. 327] - деп айтады. Содан Жамбыл ақынның қонағысына сойған ақ қошқарының етінен сыбаға жеп, ақынның сырқатын ішіп:

«Батырдың жолы болсын!

Самсаған қолы босын!

Түсі де суық екен,

Ісі де долы болсын, алоәкпар! [2. 327] -

деген батасын алып майданға аттанады. Халқымыздың «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» дегендей майданға барған батыр дивизия командирі, яғни қазақша айтқанда түменбасы болады.

«Опасызда Отан жоқ», «Арсыздан айуан артық», «Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық», «Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам, дүниенің қадірін білмейді». «Ардақты ананы қадірлеймін, ары бар азаматты ардақтаймын, талабы бар жасты құрметтеймін, маңғазсыған ағаны,

көлгірсіген ініні жек көремін». «Мақтады деп тасыма, жамандады деп жасыма, қара қылды қақ жарғанды мақтайды да, боқтайды да». «Мінез деген бас бермес жүйрік қой, әр адамның мінезі - астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден өтіп жатады». «Шақырғанға бар, шалғанмен тірес, құлшынғанмен күрес, жығылсаң жер көтереді. Бірақ опынғаныңды айтпа, одан кейін ойлағаныңды айт. Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ықыласыңды жеткіз. Жақсының басынан дау кетпейді, тірі тұрғаныңда талай дауың да, жауың да болады». «Жақсы бастық жарты бақыт қой, шіркін, өйткені ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді, ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді. Ұғысып істескен қызметтен тәтті тіршілік жоқ». «Кей адамның мінезі тікенге ұқсайды, ал тікенекті шеңгелге аң да жуымайды. Кей адамның мінезі қоғаға ұқсайды, ал қоғаны шошқа да шарлайды, сиыр да жапырады. Қоға болып көрінгеннің аяғына тапталғанша, шеңгел болып шіреніп тұрған артық». «Аш болсаң да бүгілме, кісі қолына үңілме, ағайыннан түңілме, орны толмас өкінішке егілме, еңбек еткенде ерінбе, өз есігіңді төрім де, өз туысыңды бегім де, бас саулығын бақ сана, өз ошағыңды тақ сана, қас алдында жерге қарама, жауыңда ешқашан досқа санама». «Үлкенді сыйлағанның қадірін, кәртейгенде білерсің».

Батыр өз әлеміндегі бай өмір тәжірибесінен алған философиялық ой қорытындыларын нақыл сөз ретінде мақал- мәтелдеп келешек ұрпаққа ұсынды. Бұл мақал-мәтелдердің қазіргі жас ұрпақ тәрбиелеуде маңызы ерекше. Баукеннің осы кезде бізге белгілі қырық шақты мақалы бар. Олардың тақырыптары адамгершілік, тәртіп, батырлық, ерлік отансүйгіш, ептілік, саналылық т. б. философиялық терең мағынада келді.

Батыр ең алдымен тек пен арды ең жоғары сатыға қояды.

Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық- [2. 41] -

деп тексізді малдың нәжісіне, арсызды айуанға теңейді.

Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде «Жарлы болсаң арлы болма» деген қазақ мысалдарын сынап «Ардан кеткен соң, тірі болып жүргенің құрысын. Егер онысы жалға жүргенде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол -ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреулерден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек- ол арлы адамның ісі» - дейді. Жоғарыдағы Баукеңнің нақыл сөзі Абай ойын толық құптап, өзіне сабақ етіп, ұрпаққа өсиет еткендей. Бауыржанның намыс туралы айтқан мақал-мәтелдеріндегі философиялық ойлардың мәні ерекше. Батыр намысты нанға сатпа дейді ұрпаққа. Ол үшін ұрпақты төмендегідей ерлікке үндейді.

  1. Жанын аяған тәніне жау.
  2. Өмір үшін өлгенше күрес.
  3. Ердің Еділ тобығынан келмейді,

Қорқақ қаққа шөгіп өледі.

  1. Тіріскеннің тізесін бүктірген ер,

Белдескеннің белін сындырған ер,

Жағаласқанның жанын жаһаннамға тапсырған ер [2. 41-45]

дей келе оқырманды дұшпанмен тек аянбай жалаң шайқасуға үгіттемейді. Автор жабайы соғысқа, ұрысқа қарсы. Ол үшін қайратқа ептілікті, ептілікке қырағылықты, қырығылықбы әдісті, әдіске ақылды жолдас ет дейді. Мысалы:

  1. Қайтарыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе қайратыңды жолдас ет.

  1. Әдіссіздік- әлсіздік,

Ептілік те ерлік.

  1. Қырағының өзі де көзі де батыр [2. 41-45]

деп дәл тауып айтқан.

«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет, жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет» [2. 41-45] . Мұнда еліңді шексіз сүйіп, ынтымақпен жұмылып, еңбекке аянбай, халқыңа жаныңды беріп қызмет

етуге шақырады. Баукеңнің әр бір мақал- мәтелдеріне осындай үлкен пәлсапалық ой үрдісі және терең мағына жатады. Бұл нақылдардың күн өткен сайын құны артып, ұрпақ кәдесіне жарары хақ.

Қорыта айтқанда:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
Қазақ халқының мақалдары
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлы және оның соғыс өнері
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бауыржан Момышұлы туралы деректер
Бауыржан момышұлының өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz