Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы
1.1. Кәсіптік білім берудің бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2.Заманауи кәсіптік білім беру дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3.Кәсіптік мектеп . педагогикалық жүйенің бір саласы ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2. Кәсіптік білім беру үрдісін ұйымдастыру және педагог мамандарды даярлау
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Кәсіптік білім беру педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген. Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары мен интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы- адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін - 1,5 жыл.
«Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» пәні бойынша жазып отқан курстық жұмысым "Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы "тақырыбына арналмақ.
Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, 2 тараудан, қортынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер парағынан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Беспаева. Үлкен жауапкершілікті жүктейді.//Кәсіптік мектеп №4 (16), 2006.
2. Б. Елеусінов, О. Маханбетов Кәсіби білікті мамандар даярлау – басты мақсат. // Кәсіптік мектеп журналы №6 (36), 2009
3. Жеңіс Әбиев. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері /әдістемелік нұсқау. Республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1997ж. – 166 б.
4. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов / Под ред. В.Д. Симоненко. – М.: Вентана-Граф, 2005. –368с.
5. Қ. Құнантаева. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990 ж.ж.). – Оқу құралы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, - Алматы, 1998 ж., 138 б.
6. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: 2008. - 44 б.
7. К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 – 240 б.
8. Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы). Оқулық ҚазМемҚызПУ – Алматы, 2009. – 398 б.
9. Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика: колледж, университет студенттеріне арналған оқулық / Алматы, ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006 – 280 б.
10. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: 2005. - 192 б.
11. Қалымбетова Э.К. Еңбек психологиясы: Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2008 – 158б.
12. Қозыбай А. Топ жетекшісі (өндірістік оқыту шебері): Оқу құралы А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. - Астана: Фолиант, 2010. - 160 б.
13. Ж. Сманқұлова. Білім мен кәсіптің жоғары сапасы. // Кәсіптік мектеп журналы №4 (22), 2007 ж.
14. Сарыбаева И.С. Орта кәсіби білім: даму процесі және қазіргі жағдайы. // Саясат журналы №6, 2010 ж.
15. Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б. 42; 203 б
16. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. // Алматы, 2005.
17. Беркімбаева Ш.К. ЖОО-да Болон үрдісінің талаптарының енгізілу мәселелері. // Педагогика және психология журналы № 4, 2010 ж.
18. Батышева С. Я. Профессиональная педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999. - 904 с. 180б.
19. Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538 б., 408 б.
20. ҚР МЖМБС 3.08.270-2006 Жоғарғы кәсіби білім беру (бакалавриат).
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту; теория және тәжірибе. – Алматы, 2005-208бет,172 б.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Қорғауға жіберілді
Директордың әдістемелік жұмыстары

жөніндегі орынбасары
_____________Нуржанова Г.А.

____ _________ 2014ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы

Мамандығы: 0104000- Кәсіптік білім беру (техник-құрылысшы)

Орындаған: ГС-832 топ
студенті
Камзагалиева
Мадина Владимировна

Қабылдаған: оқытушы
Тулакбаева
Алтынгуль Акболатовна

Қорғау күні ___ ______2014ж.

Бағасы:__________________

Жетекші:_________________
(қолы)

Орал - 2014

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы
1.1. Кәсіптік білім берудің
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8
1.2.Заманауи кәсіптік білім беру
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3.Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... 13

2. Кәсіптік білім беру үрдісін ұйымдастыру және педагог мамандарды даярлау
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Кәсіптік білім беру педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие
жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Біз
кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз
деген. Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін
дамыту талаптары мен интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты
міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден,
интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке,
парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын
өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық
деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол
азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы
серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім
беруді дамытудың негізгі факторы- адами капитал рөлін арттыру, адами
ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық
толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның
қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген
сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің
ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі
туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін
оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының
білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік
педагогика курсын оқып-үйренуден басталады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын білікті кадрлар
даярлауға бағытталған. Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал
толық орта білімді жастар үшін - 1,5 жыл.
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні
бойынша жазып отқан курстық жұмысым "Кәсіптік білім беру мекемесі -
педагогикалық жүйенің бір саласы "тақырыбына арналмақ.

Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, 2 тараудан, қортынды бөлім және пайдаланылған
әдебиеттер парағынан тұрады.

1. Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
1.1 Кәсіптік білім берудің бастауы
Т. Мордың (1478-1535) Утопия және Т.Кампанелланың (1568-1670) Күн
қаласы атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік
еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне
міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен
қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген.
XVIII ғасырда жаңа педагогиканың негізін қалаған ұлы чех педагогы
Я.А.Коменскийдің(1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына,
әсіресе, дидактика саласы бойынша XI-XII ғасырларда жаңа философияның
(Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи), соның ішінде ағылшын материализмінің
негізін қалаушы Ф Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа
дәуір талабына сай қайта құрылуына арқау болды. Я.А. Коменскийдің
Суреттегі сезімдік заттар дүниесі атты оқулығында балаларды әртүрлі
қолөнермен, еңбек құралдарымен және өндірістік технологиямен таныстыруға
негізделген.
Жаңа уақыт қарсаңында ағылшын философы және педагогы Д.Локк (1632-
1704) міндетті түрде белгілі бір қолөнерін үйренуді енгізген
джентельменді (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады.
Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік
білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан Ғылым, өнер және қолөнер
энциклопедиясы атты кітабын шығарды. Сондай-ақ, I Петр тұсындағы мектепті
ұйымдастыру ұстанымдары:
1. мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық
біліммен ұштасуы,
2. оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына
ерекше
3. оқытудың қатаң режимі орнатылды.
XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін
және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі
(1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз
академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін
басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім
беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан
өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және
өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. К.А. Сен-Симон (1770-1825),
Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында
жасалған жобаларында жастарды кәсіби дайындауға келесі идеялар ұсынылды:
еңбектің жалпылығы, балалардың индустриалды ұранының дамуы, жалпы білім
беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі.
Русьта қолөнер ежелгі салт-дәстүрден келе жатты. Ежелде пайда болған
қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіби дайындаудың негізгі формасы
болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен
В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады,
сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу және
қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар жиынтығын
жасады. Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И. Пирогов (1810-1881)
қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған
кәсіптік білім беруді ойластырған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің Петербургтағы
қолөнер оқушылары, Жексенбілік мектептер, Астаналарда қолөнер
мектептерінің қажеттілігі атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын
білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын
көрсетті:
- экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді
орындау;
- әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау;
- салттық - балалар еңбегін пайдалану;
- педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбектің
арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап
беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру.
Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес
қосқан Техникалық білім беру (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы
Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен
А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім
берудің тұрақты комиссиясы ашылды.
Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс
ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта
дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу
орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім
беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және
кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік үш съезде (1889-1890, 1895-1896,
1903-1904 жж.) қаралды.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің
бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық
училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды.
Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің
негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған
Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары (1884 ж.) атты жобасы
үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев,
В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К.
Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі
талаптарын қалыптастырды:
- дамып келе жатқан экономикаға сай болуы;
- дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы;
- жалпы білім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы;
- кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әр деңгейлілігі;
- кәсіптік білім беру мазмұнында жалпы және арнайы компоненттердің
жанасуы;
- оқытудың практикалық бағыты және қоғамдандыруы;
- қолөнер мектептерінің ауысуы;
- оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру.
Осы кезде Францияның қоғамдық қайраткері К.А. Корбон (1808-1881)
өзінің Кәсіптік білім беру туралы кітабында жұмысшылар балаларына білім
беруінің жағдайына бірінші болып анализ жасады, қоғамның және тұлғаның
еркін түрде мамандық таңдауының мағынасын көрсетті, жалпы кәсіби
дайындықтың және кәсіптік мектептерді ашу, ой және дене еңбегінің
байланыстылығы міндетті түрде керек екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол
балаларды ерте кәсіптендіруге қарсы шықты.
Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның
тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып
есептеледі. Ыбырай өзінің Атымтай жомарт, Әке мен бала, Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш атты балаларға арналған әңгімелерінде балаларды еңбек
арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол еңбек тәрбиесінің жеке
адамды қалыптастырудағы рөлін Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ
Сейітқұл әңгімелерінде білімнің жаңа адамды қалыптастырудағы рөлі мен
маңызын көрсете білген.

1.2 Заманауи кәсіптік білім беру дамуы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке
саласы ретінде дамуы интенсивті процесске айналды. Осы кезеңнің
ерекшелігі,яғни бірінші орынға білім беру дамуында идеологиялық және
әлеуметтік-саяси факторлар шықты.Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай
журнал беттерінде басылды: Жұмыс мектебінің өмірі, Жұмысшы білім,
Өндірістік кадрлар және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы
педагогикаға ғана емес, сонымен қатар техника мен технологияның
жетістіктеріне сүйенеді деп есептеген. Социалистік қатынастар өндірістерде,
колхоздар мен совхоздарда ұжымдық еңбекті жүзеге асыратын болғандықтан,
қоғамдық жауапкершілік, ұжым алдындағы әрбір мүшенің жеке мүддесі үшін
саналылықты талап етті. Сондықтан қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар,
социалистік жарысты ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі
үшін, өзінің табы үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Ерікті Отан игілігіне
арналған социалистік еңбек еңбекші бұқараның тұрмыстық дәрежесінің өсуіне
жағдай жасап, оның артықшылығын көрсетті. Құлшына жасалынған еңбек, халық
шаруашылығының қарқынмен өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси
белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді.
Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының
пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған саналы көзқарас
бойынша істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты,
психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге
көзқарасы тереңдей түседі. Жұмысшы табының рухани бейнесінің өзгеруі, оның
қоғамдық және саяси қызметке белсенді қатынасуы және қоғам құру жолындағы
күресте пайда болды. Сондықтан заводтар мен фабрикалар, құрылыстар,
колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу мектебіне
айналды. Социалистік құрылыстың еңбектегі келесі бетбұрыс келбетінің бірі –
стахановшылар қозғалысы. Бұл қозғалыс халық шаруашылығын социалистік жолмен
қайта құру негізінде шығып еді. Өндіріс жаңашылдарының мұндай қозғалысын
еліміздегі әлеуметтік құрылыстың ірі жетістіктерінің заңды нәтижесі болып
табылады. Қазақcтан Республикасында бұл қозғалысқа алғашында ауыр
өнеркәсіп, тәжірибесі бар кәсіпорындар мен мекемелерде оқушылар өндірістік
әдісті, кәсіби біліктілікті игерді. Студенттер мен оқушыларды еңбекке
тәрбиелеу барлық оқу орындарының оқу процесінде, ғылыми жұмыста, өндірістік
тәжірибе барысында, әсіресе студенттік құрылыс жасақтарында жүргізілді. Жыл
сайын студенттер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ұжымшар мен
кеңшарларға көмектесіп, егін жинауға қатысты. Тек 1977 жылы өндірістік,
мәдени тұрмысқа арналған объектілердің құрылысына студенттік құрылыс
жасақтарының 10 мыңнан астамы еңбек етті.
Еліміздің өмірінде үздіксіз білім беру жаңа құбылыс ретінде
қалыптасты.
Үздіксіз білім беру әрбір адамға өмір бойы жалпы білімдік талабын
қанағаттандыру үшін шынайы жағдайды қамтамасыз етуге шақырды.
Ақырындап соған көшу білім беру жүйесінің қалыптасқан тармақтары
негізінде жүзеге асырылды: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер,
кәсіби мектептер және мамандықты арттыру мекемелері.
Осылайша үздіксіз білім беру өз бетімен білім алуды, қажетті жағдайда
кез келген уақытта білікті маманның көмегін пайдаланумен үйлестіру арқылы
жүзеге асырылды.
Мұғалім оқу-тәрбиелік жұмысында әрбір баланы, оқушының жеке
ерекшелігін есепке алып тұруы керек болатын. Егерде шығармашылық ой не
оқытушы, не әріптестері, не тұтас қоғам тарапынан қолдау таппайтын болса,
шығармашылық дарынды тұлғаларының дамуы тежеледі. Таланттарды қолдау
қарапайым мәселе емес. Мұны өмірдің өзі талап етеді. Жеке тұлғаны
қалыптастырудағы маңызды орынды , балаларды еңбекке тәрбиелей алды.
Мұғалімдер әрбір оқушыға сурет салуға деген сүйіспеншілікті сіңіруге,
өнер тарихы туралы нақты мағлұмат беруге жете қойған жоқты. Біздің
республикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты еңбекке
тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізуді талап етті.
Ең қауіптісі күштеу мен еңбектің пайдасыздығы болып табылды. Мектепте
балалар тұрмыстық сипаттағы кейбір құралдарды жасауға қатыса бастады.
Балалар еңбегі белгілі бір деңгейге қойылған мектептер де бар болатын.
Оқушылар әр түрлі кооперативтерде, оқу-өндіріс комбинаттарындағы өндіріс
бригадаларында, кәсіпорындарда жұмыс істей алды. Мектеп оқушылары
кәсіпорындармен, кеңшарлармен, ұжымшарлармен, жекелеген меншік иелерімен
шарт жасайтын мысалдар аз болмады. Тек қана мектептер балалар еңбегі дұрыс
ұйымдастырылатындығына, оқушылардың еңбегі олардың кәсібін өзі таңдауына
көмектесетіндігіне назар аударылуы керек болған.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінің
оқу орындары туралы қаулыға сүйене отырып, кәсіптік-техникалық оқу
орындарының өндірістік және оқу-тәрбиелік қызметінің мазмұнын қарастыруға
болады.
Мына мәселелерге ерекше назар аудару қажет:
- кәсіби қызметкерлерді даярлаудың мазмұнын жетілдіру: кең профильді
мамандық бойынша мамандарды даярлау жолдарын әрі қарай дамыту;
- күрделі өнімді шығаруда өндірістік оқыту рөлін көтеру;
- педагогика ынтымақтастығы туралы ойлармен принциптерді, оқыту
әдістері мен белсенді формаларын кең түрде енгізу;
- Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру
жүйесін басқаруды демократияландыру;
- алғашқы тәжірибелерді пайдалану рөлін көтеру;
- кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базаларын бекіту;
- колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқу өндірістік
қызметтеріне шаруашылық есептік принциптерін енгізу;
- базалық кәсіпорындар мен оқу орындары қарым-қатынасының келісім
жүйесін дамыту;
- үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйелерінде кәсіптік-техникалық
білім беру жүйесінің рөлі;
- кәсіби-техникалық білім берудің жалпы жүйесін шешетін шебер мен
оқытушының рөлін көтеру: кәсіби-техникалық білім берудің инженерлік-
педагогикалық кадрының квалификациясын көтеру және дайындау жүйесін
жетілдіру.
Кәсіптік техникалық білім берудің дамуына П.Р. Артуров, М.И. Махмутов,
М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды.
Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің құрылымдық
өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы Білім беру туралы
заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік училищелер,
колледждер, лицейлер ашыла басталды.
90-жылдардың аяғында академик С.Я. Батышевтің басқаруымен Кәсіптік
педагогика атты оқулығы, сонымен қатар үш томдық Кәсіптік педагогиканың
энциклопедиясы басылып шығарылды. Осы еңбектердің өзі де кәсіптік білім
беруді оқытуға көп үлесін қосты. Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей
отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына тікелей әсер еткеніне күмән
туғызбаймыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік
ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму
стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім
берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар
аударылды.
1.3 Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ, білікті
жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.
Кәсіптік мектептің құрылымдық компоненттері, педагогикалық жүйесі
іспеттес.
Оның мақсаты - азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті
мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау
және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша
оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік
шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын
орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы -оқушыларға кәсіптік білім
беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану
қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да
жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына - жалпы білім беретін орта
мектептегіден басқа оқу құрал-жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер,
құралдар мен жабдықтар, аспаптар, т.б.) нақты заттық бөлшектер, кескіндер,
макеттер, сондай-ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу
тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп
саласына кызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді
жастар үшін - 1,5 жыл.
Кәсіптік мектеп педагогі - бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін
меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық
меңгерген инженер-педагог.
2. Кәсіптік білім беру үрдісін ұйымдастыру және педагог мамандарды даярлау
2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру
мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың
басқару жүйесімен қоса жиынтығы.
Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
- бастауыш кәсіптік білім;
- орта кәсіптік білім;
- жоғары кәсіптік білім;
- жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- қосымша кәсіптік білім.
Қазақстан Республикасында Білім беру туралы Заңының 22-бабына сәйкес
мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады.
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- орта білім;
- жоғары кәсіптік білім;
- жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі
жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы
бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-
3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде – 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен
құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім
беру қайсыбір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт
мерзімінде де жұмыс істей алады.
Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу
орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде орта білім базасында
кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Жалпы орта білімі, не
бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта
кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы
алуына болады.
Колледждер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Кәсіптік білім беруде білім білік және дағдыны бақылау
Кәсіптік білім берудегі үдерісінің сипаттамасы
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
Білім беру жүйесін басқарудың теориялық аспектілері
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама
Пәндер