Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Кәсіби оқыту . білім берудің негізгі жолы
1.1. Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Кәсіптік.педагогикалық білім беруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
2.1. Кәсіптік оқыту педагогінің жеке тұлғасының кәсіпқойлығы ... ... ... ... ... 13
2.2. Пәндік.кәсіби біліктілікті жоғарылату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Қазақстанның қоғамдық - экономикасында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің дамып, жетілуіне маңызды ықпал етуде. Қоғамның жаңа әлеуметтік мәдени жағдайында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде өздігімен дербес тиімді педагогикалық жолдарды таба білетін, алғыр да қабілетті педагогқа деген сұраныс жылдан - жылға өсуде. Тұлғаның ерікті түрде, шығармашылықпен дамуына, өзін - өзі көрсете білуіне, өз өмірін дұрыс бағдарлауына осы қасиеттерді жетік меңгерген мұғалім ғана жәрдемдесе алады. Осыған орай арнайы пән оқытушыларының кәсіби - шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мен дамыту мәселесінің көкейкестілігі күннен - күнге арта түсуде. Бүгінгі жоғары педагогикалық оқу орындарының музыка - педагогикалық факультетінде кәсіби біліктілігі жоғары, іскерлік қабілеті жетілген музыка мұғалімі даярлануы қажет.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын-өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.
Соған сәйкес соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үдеріс-педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Егоров В.В., Готтинг В.В., Самашова Г.Е., Нурмаганбетова М.С. Педагогическая система формирования информационно-технологической компетентности педагога профессионального обучения // Совет ректоров. – 2011. - № 2. – С. 87-95
2. Егоров В.В., Смирнова Г.М., Готтинг В.В. Роль компетентностного подхода в подготовке педагога профессионального обучения // Дистанционные технологии в образовании: материалы междунар. научно-практ. конф. – Караганда: Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, 2009. – С. 210-213.
3. Иваненко В.П. Формирование профессионального мастерства учащихся при обучении в учебных мастерских. М., 1980
4. Калугин Н.И. Профессиональная ориентация учащихся.-М:2001
5. Кравцов Н.И. Организация методической работы в среднем профтехучилище и руководство ею. М., 1989.
6. Кругликов Г.И. Настольная книга мастера профессионального обучения: Учеб. Пособие .-М:Изд.центр «Академия»,2006.-272с
7. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы. – Алматы. – 2008. – 11 б.
8. Моминбаев Б.К., Егоров В.В., Нартя В.И. Совершенствование одготовки инженерно-педагогических кадров профтехшколы Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 179 с.
9. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. — 2007, 1 наурыз.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1992. - 56 б.
11. Ниязбекова А. Өндірістік оқытдың зертханалық сабағында жаңа технологияны қолдану ерекшеліктері және оның білім беруге әсері // Кәсіптік мектеп.-2009.-№3.-23-25б
12. Өстеміров К. Айтбаева Қазіргі білім бері техникалары.-Алматы:АГТУ,2006
13. Практикалық сабақ беру тиімділігін артгыру/Қүрастырган Б. Сманов. -А, 1989.
14. Профессионально-технические школы РК в 2005-2006 учебном году: Агенство РК по статистике // Финансы и кредиты. -2006. №2. -40.
15. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.
16. Серіков А. Техникалық мамандықтар бойынша өндірістік оқу сабағын өткізу ерекшеліктері// Кәсіптік мектеп.-2008.-№5-6.-5-6б
17. Скакун В.А. Ведение в профессию мастера производственного обучения. М., 1990.
18. Скакун В.А. Преподавание курса «Организация и методика производственного обучения». М., 1989.
19. Скакун В.А. Преподавание общетехнических и специальных предметов в училищах профтехобразования. М., 1989.
20. Смайылова М. Практикалық жүмыстарды жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі, №10, 1988. 29-30 бетгер.
21. Сманқұлова Ж,Е. Техникалық және кәсіптік білім беруді оқытудың жолдары // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. – 2007. – № 4(4). – 39-43-бб.
22. Сманқұлова Ж.Е Кәсіби лицейлер еңбек нарығы жағдайында // Кәсіптік мектеп профтехшкола. -2007. № 5-6 (24), - 3-4-бб.
23. Сманқұлова Ж.Е. Білім мен кәсіптің жоғары сапасы – еңбек нарығының талабы // Кәсіптік мектеп профтехшкола. -2007. № 4 (22). –3-4-бб.
24. Труханов И.И. Организация и проведение производственной практики. М., 1990.
25. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова. -Алматы, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазастан облыстық Білім басқармасы
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны

Орындаған:Мулдашева Д.С
Тексерген: Тулакбаева А.А

Орал-2014ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Кәсіби оқыту - білім берудің негізгі жолы
1.1. Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Кәсіптік-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2. Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
2.1. Кәсіптік оқыту педагогінің жеке тұлғасының кәсіпқойлығы ... ... ... ... ... 13
2.2. Пәндік-кәсіби біліктілікті жоғарылату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...27

Кіріспе
Қазақстанның қоғамдық - экономикасында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің дамып, жетілуіне маңызды ықпал етуде. Қоғамның жаңа әлеуметтік мәдени жағдайында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде өздігімен дербес тиімді педагогикалық жолдарды таба білетін, алғыр да қабілетті педагогқа деген сұраныс жылдан - жылға өсуде. Тұлғаның ерікті түрде, шығармашылықпен дамуына, өзін - өзі көрсете білуіне, өз өмірін дұрыс бағдарлауына осы қасиеттерді жетік меңгерген мұғалім ғана жәрдемдесе алады. Осыған орай арнайы пән оқытушыларының кәсіби - шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мен дамыту мәселесінің көкейкестілігі күннен - күнге арта түсуде. Бүгінгі жоғары педагогикалық оқу орындарының музыка - педагогикалық факультетінде кәсіби біліктілігі жоғары, іскерлік қабілеті жетілген музыка мұғалімі даярлануы қажет.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция, семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге енгізіп отыру. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын-өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті.
Соған сәйкес соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үдеріс-педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде инновация ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.
Біздің пікірімізше, педагогикалық үдеріс технологиясы - мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны. Оқыту технологиясы оқу үдерісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде кәсіптік білім оқытушысына қойылатын талаптар күшейтілді. Олардың оқу материалдарынан, әрекет етудің әртүрлі әдістемелік тәсілдері мен ұйымдастыру формаларынан терең білімі, эрудициясы, идеялық сенімділігі, балаға деген сүйіспеншілігі, өзінің көзқарасын ұдайы кеңейтуге, оқушыларда жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қажетті сапаны тәрбиелеуге ұмтылысы-сияқты негізгі талаптар оқытушыны және оқу шеберін, сондай-ақ студентпен бірге жұмыс жасаушы квалификациялы жұмысшыны да қамтуы қажет.

1.Кәсіби оқыту - білім берудің негізгі жолы
1.1. Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
Кәсіби оқытудың басты мақсаты - білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.
2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.
Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
:: Бастауыш кәсіптік білім;
:: Орта кәсіптік білім;
:: Жоғары кәсіптік білім;
:: Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей - кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты - азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз - инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.
Кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы - сабақ. Сабақтың жалпы барысы:
1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.
2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.
3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.
5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.
6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.
7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.
8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.
Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.
Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.
Тізбектілік - түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.

1.2. Кәсіптік-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру
Кәсіптік-педагогикалық білім берудің басты айырмашылығы - кәсіптік-педагогикалық оқыту бастапқы және орта кәсіптік білім беруде қабілеттіліктерді тиімді пайдалана алатын, қызметкерлер мен мамандарды дайындауда кәсіптік-білім беру қызметтерін орындауға, ұйымдарда, кәсіпорындарда маман дайындаумен айналысуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Кәсіптік-педагогикалық мамандық. Білім беру саласында, басқа да материалдық және рухани өнім аясындағы сияқты, ішкі кәсіптік дифференциацияның даму бағыты байқалады. Осыған байланысты, кәсіптік-педагогикалық білім беру мамандарды дайындаудың дербес саласы ретінде қарастырылады.
Педагог қызметінің шығармашылық деңгейіне қойылған мақсатқа жету үшін оның өзіндік мүмкіншілігін пайдалану дәрежесімен айқындайды. Сондықтан педагог қызметінің шығармашылық сипаты оның басты ерекшелігі болып есептеледі.
Педагог шығармашылығының басқа сала шығармашылықтарынан (медицина, техника және т.б.) айырмашылығы оның мақсатында, яғни жаңа құнды, өзіндік әлеуметтік жаңалық жасау емес, оның мақсаты - жеке тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себеп -ол педагогтің жеке басының қасиеттері. Олардың бәрінің кәсіби мағыналары бар. Жақсы педагог - ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді адам. Сонымен қатар, өз жұмысын табысты орындау үшін, мамандықтың әр қызметкері жеке қасиеттеріне өз талаптарын қояды, ал ондай қалыптасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмендейді. Ал педагогті сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең қарау.
Әр педагог өз ісінің шебері бола ала ма немесе педагогикалық жетістікке жету үшін ерекше дарындылық керек пе? Немесе кәсіби шеберлікқалыптасуы үшін, педагогикалық қызмет жемісті болуы үшін қандай себептер әсер етеді: табиғи және әлеуметтік.
Ұзақ уақыт бойы педагогика тарихында өмірге педагогикалық таланты бар тәрбиеші дайындайды деген көзқарастар көбірек болған; оның жұмысындағы негізгі жетістікке жетудің шарты арнайы қабілеттілігі болу керек деп саналады. Әрине, бұл сұрақтардың төңірегінде басқа да көзқарастар бар.
Қазіргі таңда ғылым да педагогикалық қабілеттілік жөнінде біржақты жауап бере алмайды. Негізінен қабілеттіліктің қалыптасуына әсер ететін төрт факторды баса айтады: талап (бейімділік), тәрбие, орта, өздігінен жетуге талаптану.
Педагогикалық негізгі қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады:
экспрессивтік, дидактикалық, перцептивтік, ғылыми-педагогикалық, авторитарлық, конструктивтік, мажорлық, гностикалық, психомоторлық және назар аударып жинақтай білу қабілеттілігі.
Экспрессивтік қасиеттер - педагогтің сөзбен немесе сөзсіз әдістәсілдермен, құрал-жабдықтармен өз ойын көрнекті түрде әдеппен, айқын айта білуі.
Дидактикалық қасиеттер - оқу материалын түсінікті және терең меңгеретіндей түсіндіре білу және оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыра білу.
Ғылыми-педагогикалық қасиеттер - педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
Перцептивтік қасиеттер - оқушының ішкі дүниесін түсініп, әр уақытта оның психикасын сезіне білу, оның сабаққа, педагогке деген ойын айқын таба білу.
Конструктивтік қасиеттер (немесе педагогикалық қиялдау) - тәрбиеленушілердің болашағын болжай білу, алдағы жұмысты мұқият жоспарлау, өзінің жұмысының нәтижесін көре білу.
Авторитарлық (әмірлік, өктемдік) қасиеттер - оқушыларға жігерлі әсермен тез уақытта қадірлі, сыйлы бола білу, нәтижесінде жоғары беделді, абыройлы болу.
Коммуникативтік қасиеттер - бұл басқа адамдармен, әсіресе, оқушылармен жеңіл қарым-қатынас құра білу (тіл табысу) және әрмен қарай дұрыс қарым-қатынаста болу.
Мажорлық (сергек көңілді) қасиеттер - бұл оқу процесін, жұмыстың кез келген түрін және демалысты жандандыруға, күрделі дау-жанжалдың алдын алып және дұрыс шешуге, шаршаудан айықтыруға көмектесетін педагогтің дүниеге сеніммен қарауы және зиянсыз әзіл-оспағы.
Ұйымдастырушылық қасиеттер - кез келген оқу-тәрбие жұмыстарын, сынып сағатын, демалыс кешін, ата-аналар жиналысын және т.б. жұмыстарды дұрыс, тез ұйымдастырып, өткізе білу.
Психомоторлық қасиеттер - бұл педагогтің оқушылардың әрқайсысына практикалық оқу, тәжірибе жасау және басқа да жұмыстарды орындаудың жеке әдістерін қарастыру қасиеттері, яғни оқушыларды әрқашан ойланып, орынды жұмыс істеуге үйрету.
Гностикалық қасиеттер - бұл құбылыстарды, пәндерді тез, дұрыс түсініп, талдау жасап және осыған сүйеніп, оларды түсіндіріп айта білу қасиеттері.
Жеке адамдық қасиеттер - бұл қоршаған ортаны түсініп, оған көңіл бөле білу қасиеттері, сонымен қатар оқушыларды сыйлап, қамқорлықпен қарап, оларға талап қоя білу.
Педагог өзінің атқаратын, өзін көрсететін тәрбие жұмысын орындау кезінде оның педагогикалық қасиеттері айқындалады. Сонымен, педагогтің оқушылармен қарым-қатынастың қасиеттері: экспрессивтік, дидактикалық, авторитарлық, ғылыми-педагогикалық, коммуникативтік, жеке адамдық, ұйымдастырушылық, мажорлық, конструктивтік; оқушыларға арналған қасиеттер: перцептивтік, гностикалық; ал қоршаған ортаға қатысты қасиеті - ойын жинақтап, көңіл бөле білу.
Педагог кәсіпқойлығының белгілік сипаттамалары. Педагог кәсіпқойлығын қарастыра және бағалай отырып бұл кәсіпте не жетелейтінін, қандай құндылық бағдарлардан бастау алатынын, бұл іспен не үшін айналысатынын, өз еңбегіне қандай ішкі мүмкіндіктерін жұмсайтынын анықтап алу маңызды.
А.К. Маркова педагог кәсіпқойлығының мынадай белгілерін жасап шығарған:
- объективті белгі мұғалім таңдап алған кәсіпке қойылатын талапқа қаншалықты сай келетінін анықтайды. Объективті белгілер қатарына жоғары еңбек өнімділігі, сан мен сапа, еңбек өнімділігінің сенімділігі, кәсіпте белгілі бір мәртебеге ие болу, тәрбиелеу мен оқытудың әр алуан мәселелерін шеше білу іскерлігі;
- субъективті белгілер: педагог мамандығы адамның талаптарына, оның мотивтеріне, қабілеттілігіне қаншалықты сай келеді, адам бұл кәсіп бойынша еңбегіне қаншалықты қанағаттанады, тұрақты кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптік құндылық негіздерін түсіну, жеке тұлғаның қажетті кәсіби-психологиялық сапаларының жиынтығы және т.с.с;
- нәтижелік белгілер: педагог өзінің педагогикалық еңбегінде қоғам қалайтын нәтижелерге жете ме? Педагог еңбегінің басым нәтижелері сапалық өзгерістер, қозғалыстар, оқушылардың психикалық дамуындағы өсулер (ақыл-ой және жеке тұлғалық) болып табылады. Педагог оқушылардың даму көрсеткіштерін, олардың бойларындағы және потенциалды деңгейлеріне диагностика жасай білуі, оқушылардың жақын даму аймағын және т.б білуі керек;
- процессуалды белгі: педагог өз жұмысының нәтижелеріне жетуде әлеуметтік тиімді тәсілдерді, әдістерді, технологияларды қолдана ма?
Педагогтің қалай жұмыс істегені, қандай кәсіптік білімдер мен іскерліктерді, жеке тұлғалық психологиялық қасиеттерді (педагогикалық ойлау, педагогикалық эмпатия) қолданды, мұғалім мен оқушының күші мен уақытын жұмсау түріндегі нәтиженің психологиялық бағасы қандай, т.с.с;
- нормативті белгі: педагог таңдап алған кәсіп бойынша құжаттарды, ережелерді меңгерді ме және оның жоғары эталондарын шеберлік деңгейінде жаңғырта ала ма? Ғылымда жасалып, практикада байқаудан өткен кәсіптік іс-әрекет және қарым-қатынас нормаларын меңгеруі;
- жеке-дара вариативті белгілер: адамның өз еңбегін даралауға ұмтылуынан, онда өз қажеттіліктерін өздігінен жүзеге асыруынан, өзін кәсіп құралдары арқылы дамытуынан байқалады. Педагогикалық даралық, әдетте, өз-өзімен тынбай жұмыс істеу, өзіне диагностика жасай білу, өзінің күшті және әлсіз жақтарын оқушылардың психикалық дамуы бойынша анықтай білуінің нәтижесінде қалыптасады.
- педагог бойындағы деңгейлік белгі: педагог кәсіпқойлықтың жеткілікті жоғары деңгейіне жетті ме? Педагогтің бойында белгілі бір деңгей, өзекті деңгей және кәсіби дамудың жеке тұлғалық мүмкіндіктері болады;
- болжамдық белгі: маман жұмысының болашағы бар ма, өзінің жақын даму аймағы бар ма, басқалардың кәсіптік тәжірибесін меңгеруге дайын ба, кәсіби айқындығын байқата ма?
- шығармашылық белгі: педагог өз кәсібінің шеңберінен шығып, оны тәжірибемен өзгертуге, өзінің жеке тұлғалық шығармашылық үлесімен байытуға тырыса ма? Кәсіби айқындықтың, оқытуға бейім болудың және өзіндік шығармашылық ізденістің үйлесімділігі педагогикалық кәсіпқойлық үшін маңызды болып табылады.
- әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттілік белгісі: педагог өз еңбегінің нәтижесімен қоғамды қызықтыра ала ма, білім беру қызметі нарығында бәсекелік қарым-қатынасқа түсе ме?
- кәсіптік жол қуу белгісі: педагогикалық кәсіптің ар-намысы мен абыройын сақтай ала ма? Өз-өзімен тұйық болмау, мұғалім мамандығын басқаларға қарсы қоймау.

2. Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
2.1. Кәсіптік оқыту педагогінің жеке тұлғасының кәсіпқойлығы
Жеке тұлға мен іс-әрекет кәсіпқойлығы - бұл бір құбылыстың екі беті тәріздес. Кәсіпқойлық дамуының әр кезеңдерінде оның біреуі басым болуы мүмкін. Егер кәсіби маңызды психологиялық қасиеттердің дамуы іскерліктерді меңгеруге және бұрыннан барларының деңгейін жоғарылатуға ықпал етсе, онда іскерліктердің қарқынды дамуы тежеледі. Олар бір-біріне сәйкес келгенге дейін солай жалғаса береді.
Жеке тұлға кәсіпқойлығы, В.А. Сластениннің айтуы бойынша, кәсіпқойлықтың кәсіби маңызды және жеке тұлғалық іскерлік, акмеологиялық көп нұсқалардың дамуының жоғары деңгейін, креативтіліктің жоғары деңгейін, талаптанудың адекватты деңгейін, мотивациялық орта мен маманның прогрессивті дамуына бағытталған құндылық бағдарларды бейнелейтін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.
Кәсіпқойлыққа тек өз іс-әрекетін дамыту арқылы ғана емес, тұлғалық-кәсіби қасиеттерді дамыту арқылы да жетуге болады.
Сондықтан нағыз кәсіпқой мен оның кәсіпқойлығының қалыптасуы маманның жеке тұлғалық кәсіби дамуымен қатар жүруі заңды. В.А. Сластениннің ойынша, жеке тұлғалық кәсіби даму - бұл жоғары кәсіби жетістіктерге бейімделген жеке тұлғаның қалыптасу процесі, кәсіпқойлықты меңгеру жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуында, кәсіби іс-әрекет пен кәсіби өзара қарым-қатынаста жүзеге асады.
А.К. Маркованың ойынша, кәсіпқойдың жеке тұлғасының сипатына мыналар кіреді: мотивация (жеке тұлғаның бағыты мен оның түрлері), жеке тұлға қасиеттері (қабілет, мінез және оның бітістері, психикалық процестер мен жағдайлар), жеке тұлғаның интегралды сипаттамалары (өзін-өзі ұғыну, жеке дара стиль, шығармашылық потенциал ретіндегі креативтілік).
Педагог кәсіпқойлығының шешуші белгісі педагогикалық мәселелерді шығармашылықпен шешуге даярлығы болып табылады. Нақты педагогикалық іс-әрекетте норманы шығармашылықтан бөліп алу қиын. Шығармашылық қабілет барлық педагогтер үшін тән емес. Бұл - жеке тұлғаның ерекше қасиеттерінің бірі. Жеке тұлғаның кәсіпқойлығын көтеруде кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өз-өзімен жұмыс істеу үлкен рөл атқарады. Өз-өзімен жұмыс істеу тәжірибесі кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің алғышартын құрады, ол өзінің жеке тұлғасын кәсіпқой ретінде дамыту бойынша сапалы жұмысты болжайды: өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін педагогикалық іс- әрекет талаптарына бейімдеу, кәсіби құзыреттілікті үнемі жоғарылату және жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік және басқа қасиеттерін үздіксіз дамыту.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде мақсат пен мотив арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр. Мотивтің мақсатқа қарай жылжуы өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілікті қамтамасыз етеді, ол өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші және көзі болып табылады. Бұл қажеттілік өзінің кемшіліктерін түсінуден, оларды жойғысы келетіндіктен, олардың себебіне талдау жасаудан шығады. Педагогтің өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілігі, ары қарай белсенділігі, жеке тұлғалық көзқарастардан қолдау табуы (сенім, борыштың сезімі, жауапкершілік, кәсіби ар-намыс, өзін-өзі жақсы көру және т.с.с). Мұның бәрі өзін-өзі жетілдіру бойынша іс-әрекеттер жүйесін қалыптастырады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны жеке тұлғаның кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері болуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізін өзін-өзіұғыну немесе Мен концепциясы құрайды, яғни адамның өзі туралы түсініктерінің тұрақты жүйесі, оның негізінде ол өз-өзіне баға беруді және басқа адамдармен өзара қарым-қатынасын қалыптастырады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесі үш кезеңде жүзеге асады: өзін-өзі тану, өзін-өзі бағдарламалау және өз-өзіне ықпал ету. Бірінші кезең - өзін-өзі тану болашақ педагогтің таңдап алған кәсіпке қойылатын талаптарды тереңінен зерттеуімен, бұл талаптарды ұғынуымен, өзінің жеке тұлғасы мен өзінің кәсіби іс-әрекетіне талдау жасауымен байланысты. Кәсіби өзін-өзі тану ерік-жігердің даму ерекшеліктерін, оның аясын, темперамент пен мінез-құлық, таным процестерінің (қабылдау, ес, қиял, ойлау) ерекшеліктерін анықтауды болжайды. Өзін-өзі тану кезеңінде психология курсындағы әр алуан тестілер мен әдістемелер қолдану мақсатқа сай болады. Өзінің жеке тұлғасындағы өзгерістерді өзін-өзі бағдарламалау процесі өзінің жеке тұлғасын жетілдіру мүмкіндігі жөніндегі өзіндік болжамды жүзеге асыруды қарастырады. Даму деңгейіне практикада өзін-өзі бағалау, педагогикалық іс-әрекет үшін ерекше құнды қандай да бір көзқарастардың қалыптасуы негізінде педагог өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын жасайды. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасымен қатар өз-өзімен жұмыс істеу жоспарын құруға болады: ұзақ уақыт көлеміне - максимум және минимум жоспар (бір күнге, аптаға, айға). Әрмен қарай өзін-өзі өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер кезеңі жалғасады. Өзіне әсер ету құралдары мен тәсілдері әр алуан және жеке тұлға ерекшелігі мен нақты жағдайға байланысты. Өзін-өзі тәрбиелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Педагогикалық озат тәжірибе
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Әлемдік тәжірибедегі білім беру жүйесі
Пәндер