Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Мазмұны
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері.
1.1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні,
мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II.тарау.Оқытудың әдістері мен тәсілдері.
2.1.Оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.Оқытуды ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3.Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.4.Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қоғамның мүлдем жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлар негізінде түбегейлі қайта құрылуы жоғары білімді, шығармашылықпен іс қылатын адамдар тәрбиелеуді, жан-жақты дамытуды көздейді. Оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, әр пәннің ғылыми дәрежесін сақтау, ғылым негізін мұқият меңгерту міндеттері қойылған. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы аса маңызды мәселелердің бірі - олардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындықтарын қалыптастыру болып табылады.
Теориялық оқу материалын үйренуге дайындықты қалыптастыру - оқу жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі жұмыс.
Қоғамның қойып отырған міндеттерін орындау оқыту әдістерін қайта құру қажеттілігін талап етіп отыр. Дидактикалық әдістер жүйесінің ішінде оқушылардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындығын есепке ала отырып түсіндіру ерекше орын алады. Теория жүзінде бұл әдістің мүмкіндіктері, оның құрылымы, әртүрлілігі, тәжірибеде қолданудың шарттары толық ашылмаған. Бұл бағыттағы түсіндіру тек эмпирикалық сипаттан шығармашылық деңгейге, қалыптасқан жағдайдан ғылыми түсінікке жетелейді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Орта мектептердегі теориялық оқу материалдарын оқып үйрену тақырыбы, Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің өзекті тақырыптарының бірі.Бұл тақырыпты бұл салада еңбек еткен ғалым-тарихшылардың, ішінара педагогтардың еңбектерінен кездестіре аламыз.Бұл тақырыпқа әсіресе көрнекті тарихшы Тұрсын Хазіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістері (Алматы.Дарын.2004.)атты еңбегінің Теориялық оқу материалын оқып үйрену деген тарауында біршама бағыт береді.Онда түсіндіру,пікір, салыстыру мен сипаттама ұғымдарына тоқталып өтілген.Аталмыш тақырыпты Тұрлығұл Т.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі (Алматы.Ғылым.2003.)деген еңбегінің Қазақстан тарихын оқытудың әдістері атты тараудан кездестіре аламыз.Мұнда теориялық оқу материалдарын оқып үйрену, жаңа материалдарды игеру тақырыбымен байланыстырылған.Бұл еңбектерді Жанысбекова Г.Тарихты оқыту әдістемесі (Шымкент.2004.) мен Абдугулова Б. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері(Алматы.2004) атты шағын жинақтар толықтырып отырды.Ал Кеңес тарихшыларына келер болсақ., бұл тақырыпты көрнекті ғалым-тарихшылар Кревер Г.А Изучение теоритического содержания курсов истории в 5-9классах. (Москва.Просвщение. 1990.), Полторак Д.И. Методика использования средств обучения впредподавание истории.( Москва.Просвещение.1987.)Грицевцкий И.М. Работа учителя с учебникам при подготовке к уроку истории.атты еңбектер бар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Тұрлығұл Т.Т.Қазақстан тарихын оқытудың әдістері.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы.Ғылым. 2003 ж. 256 б.-116-117 б.
2. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-52-53 б.
3. Көрсетілген еңбек.-53-58 б.
4. Жанысбекова Г. Тарихты оқыту әдістемесі. Ш.,2004 ж, 104 б.-80-86 б.
5. Тұрлығұл Т.Т.Қазақстан тарихын оқытудың әдістері.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы.Ғылым. 2003 ж. 256 б.-131-132 б.
6. Көрсетілген еңбек.-133 б.
7. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-59-60 б.
8. Аманжолова К.Қазақ КСР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. Алматы. Мектеп 1989 ж. 84 б.-58 б.
9. Кревер Г.А.Изучение теоритического содержание курсов истории в5-9. Москва.Просвещение. 1990 ж.192 с.-67-72 б.
10. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-52-53 б.
11. Грицевский И.М. Работа учителя с учебником при подготовке к уроку истории. Москва.Просвещение. 1987. 80 с-10-12 б..
12. Көрсетілген еңбек.35-39 б.
13. Полторак Д.И. Методика использование средств обучения в предподавание истории. Москва.Просвещение.1987.-308 б.-125-126 б.
14. Тыныбаева Б.Материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптаудың тиімділігі.//Қазақстан мектебі.2005.№4 67 б.
15. Абдугулова Б.Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері.Алматы. 2004 ж. 50 б

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Қорғауға жіберілсін ___________ж.
Жетекші _____________________
пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Орындаған:
Тексерген:
Орал 2013
Мазмұны
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері.
1.1.Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні,
мазмұны, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..9
II.тарау.Оқытудың әдістері мен тәсілдері.
2.1.Оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2.Оқытуды ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3.Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 29
2.4.Өндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .30
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қоғамның мүлдем жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлар негізінде түбегейлі қайта құрылуы жоғары білімді, шығармашылықпен іс қылатын адамдар тәрбиелеуді, жан-жақты дамытуды көздейді. Оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, әр пәннің ғылыми дәрежесін сақтау, ғылым негізін мұқият меңгерту міндеттері қойылған. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы аса маңызды мәселелердің бірі - олардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындықтарын қалыптастыру болып табылады.
Теориялық оқу материалын үйренуге дайындықты қалыптастыру - оқу жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі жұмыс.
Қоғамның қойып отырған міндеттерін орындау оқыту әдістерін қайта құру қажеттілігін талап етіп отыр. Дидактикалық әдістер жүйесінің ішінде оқушылардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындығын есепке ала отырып түсіндіру ерекше орын алады. Теория жүзінде бұл әдістің мүмкіндіктері, оның құрылымы, әртүрлілігі, тәжірибеде қолданудың шарттары толық ашылмаған. Бұл бағыттағы түсіндіру тек эмпирикалық сипаттан шығармашылық деңгейге, қалыптасқан жағдайдан ғылыми түсінікке жетелейді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Орта мектептердегі теориялық оқу материалдарын оқып үйрену тақырыбы, Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің өзекті тақырыптарының бірі.Бұл тақырыпты бұл салада еңбек еткен ғалым-тарихшылардың, ішінара педагогтардың еңбектерінен кездестіре аламыз.Бұл тақырыпқа әсіресе көрнекті тарихшы Тұрсын Хазіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістері (Алматы.Дарын.2004.)атты еңбегінің Теориялық оқу материалын оқып үйрену деген тарауында біршама бағыт береді.Онда түсіндіру,пікір, салыстыру мен сипаттама ұғымдарына тоқталып өтілген.Аталмыш тақырыпты Тұрлығұл Т.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі (Алматы.Ғылым.2003.)деген еңбегінің Қазақстан тарихын оқытудың әдістері атты тараудан кездестіре аламыз.Мұнда теориялық оқу материалдарын оқып үйрену, жаңа материалдарды игеру тақырыбымен байланыстырылған.Бұл еңбектерді Жанысбекова Г.Тарихты оқыту әдістемесі (Шымкент.2004.) мен Абдугулова Б. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері(Алматы.2004) атты шағын жинақтар толықтырып отырды.Ал Кеңес тарихшыларына келер болсақ., бұл тақырыпты көрнекті ғалым-тарихшылар Кревер Г.А Изучение теоритического содержания курсов истории в 5-9классах. (Москва.Просвщение. 1990.), Полторак Д.И. Методика использования средств обучения впредподавание истории.( Москва.Просвещение.1987.)Грицевцкий И.М. Работа учителя с учебникам при подготовке к уроку истории.атты еңбектер бар.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:Орта мектептердегі Тарих пәнінің теориялық оқу материалдарын оқу әдістері.
Курстық жұмыстың мақсат- міндеттері:
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты бағдарламалық материалды өту барысында, оның күрделенуін сезе отырып, оқушыларға біртіндеп күрделі тақырыпты түсіндіріп, оны меңгеріп кетуге ыңғайлау. Мұғалім материалдарды оқулықтардан, кейде қосымша әдебиеттерден алып, тірек схемаларды, түсіндірмелі баяндау әдістерін,пікір мен салыстыруды қолдану арқылы уақытты ұтымды пайдалану болып табылады.
Осыдан мынадай міндеттер келіп шығады:
::Теориялық терминдерге анықтама беру;
::Тақырыптың өзектілігін айқынауд;
:: Теориялық оқу материалын оқып үйренудегі қолданылатын әдістерге сараптама жасау;
:: Жаңа сабақты түсіндіру барысында қолданылатын әдістерге талдау жасау;
:: Теория мен практиканың байланысын және арақатынасын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс Кіріспеден, негізгі мәселелер қаралған ІІ тараудан және Қорытынды мен Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сынақ жүмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат -бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.Сынақ жүмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақьлау және топтық, практикалық - лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады.Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Оның маңызы оқыту жүмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов : оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын.Жалпы білімге деген құштарлық- кез келеген сыныптағы балаға тән қасиет.Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің пікірінше,өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
* жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
* жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
* жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.
Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ,сөзсіз,ой еңбегінің мәдениетімен байланысты.Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық еске сақтау,кітаппен жұмыс,байқау және жазба жұмысын жүргізе білу,ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру,өзін бақылай білуі керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
* мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;
* жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
* мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
* олардың жүмысты өз еркімен және қалауымен істеу,оған әсер ететін
мотивтер.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2.0қуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру 4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5.Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу,бақылау,жаттығу,экперимент жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.Репродуктивтік жұмыстарға- оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары(көшіріп жазу,жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама , реферат, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады,ойлауды жандандырады және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.Оқыту процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу,жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету,бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXIғ. іске асыруға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.Р.Г.Лемберг , Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жүмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру,ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:
-оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
-оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов);
-дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде ;
-дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова, К.КПлатонов);
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемасын ғалымдар А.Х.Аренова, А.Я.Савченко айналысты.Өзіндік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік
шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Өзіндік іс-
әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік
ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз:
* іс- әрекет - бұл жалпыға ортақ;
* танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;
* оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;
Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды.Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:
* оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің
тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады (Б.П.Есипов);
* оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз
орындауы (Р.М.Микельсон);
* өзіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз- бұл дидактикалық ұғым, ғылыми
практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы,өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративт білімі(А.Х.Аренова);
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:
* өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
* өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе
жасалынуы;
* тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып
тэжірибелік сынақтан өтілуі
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына:өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатды.
Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады.Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу,түзету,өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады.Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.
Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.(1 сурет)
Өзіндік әрекет қимылдары
Мазмұны
1 .Оқушының өзінің оқу-танымдық әрекетінің күйін анықтап талдай білу
- бастапқы жағдайды және алға қойған мақсатпен немесе берілген үлгілермен салыстырып өзінің оқу- танымдық әрекетінің нэтижелерін белгілеп бағалау; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің нәтижелерінің өзіндік жұмыстың қалай үйымдастырылғандығына тэуелділігін анықтау; - өзінің оқу- танымдық әрекетін эдіс- тәсілдер, мазмүл, тиімділікті жүзеге асыратын технологияны орынды бағалау, талдау, бақылау.
2.Өзінің оқу-танымдық әрекетінің процесін жоспарлай алуы және қү-растыра білуі
-өзіндік жріыс және бақылауды жүзеге асыру әрекетінің оқу материалын жоспарлау; -өзіндік жұмыс пен өзіндік бақылау үшін оқу материалының мазмұнын іріктеп алу; -өзінің оқу-танымдық әрекетінің жоспарланған нэтижелерін тексеру; -өзінің жеке басының және оқу-танымдық әрекетінің перспективасын, қажетті уақытты жоспарлау;
З.Өзініңоқу танымдық әрекетін реттеп түзету және жетілдіру
-жіберілген қателерге және олардың себептеріне талдау жасау; -жіберілген қателерді жөндеу жолдарын анықтау; -алынған фактыларды қорытындылап, өзінің оқу әрекетін теориялық тұрғыдан ұғыну және өзіндік жү-мыс және бақылау бойынша білімін, білігін және дағдысын шығармашылықпен қолдану негізінде болашақ перспективаларын анықтап әрі қарай жетілдіру;
Осы айтылғандарды қорытындылай келіп аталған әрбір қимылдың өзіндік мазмұны- оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн.Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады.Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады.Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны қалыптастыру.Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады.Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау,бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады.
Өзіндік жұмысқа бейімдеу негізінен оқушы тұлғасы арқылы жүзеге асырылғаны мен оған бейімделу мұғалімнің қатысуымен жүретін процесс.Біз анықтаған өзіндік жұмысқа бейімдеу жүйесі толығымен субьектінің өзіндік байланысты өзгерістерді байқауына мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс және оның құрам бөлігінің біріне жататын өзіндік басқару тұтас бір дидактикалық жүйе құрайды.Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше өзіндік басқару мен өзіндік бақылау ұғымдарын ішкі процестері жағынан қарастыру оқушының оқу- танымдық әрекетінің көкейкесті күйін талдауға, оның дамуын болжауға мүмкіндік береді.Енді осы мәселені теориялық түрде негіздейік.Бүл тұрғыдан бірінші ретте оқушының өзінің оқу- танымдық әрекетін ұғынуы, оны реттеу және жетілдіруімен көрінетін өзіндік бақылау негізделеді және оған өз тұлғасының дамуы жағдайында өзіндік жүмысқа бейімделуге алғашқы сатысына баса назар аудару қажет.Өзіндік бақылауға бейімдеудің алғашқы кезеңдерінде өзіндік басқару әрекеті жеткілікті болмайды.Өзіндік бақылауға бейімдеу мақсатын жүзеге асыратын өзіндік басқару оқушылардың теориялық білімді терең игеруге , оның көмегімен өз білімін тұрақты түрде толықтырып және жаңартып отыруды қажетсінуді әдетке айналдыруды және ойлау әрекетін дамытып, өзіндік бақылауға бейімдеудің тиімді әдіс, тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.Оқушыны өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық концепциясының басты мақсаты баланың өзіндік еркін дамуында педагогтың кәсіби көмек көрсетуі болып табылады.
Өзіндік жұмыс әдістері.
Өзіндік жұмыстар барша әдістер жүйесінің қай-қайсысына да тән оқу шарты.Мектеп тәжірибесінде ежелден келе жатқан тәсіл- оқу жұмысының бір бөлігі сабақта орындалады, ал ұмытып қалмас үшін , оқушы оны үйде қайталап , берілген тапсырмаларды орындап, бекітеді.Өзіндік оқу жүмысы ұйымдасу, орындалу формасына орай сыныптық және үйдегі болып , екіге бөлінеді.Сынып жұмыстарының басты міндеті - бақылау, ал үй жұмыстарының міндеті - бекіту, қорытындылау, бақылау реттестіру.Сыныпта ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар оқушылардың ырықты зейіні мен өзбетінше ойлау қабілетін дамытады, мінезіндегі дербестік қажетін қалыптастырады.
Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып,пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі.Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру,әрекет тәсілдерін еске түсіру.Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.
Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.
Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн.Мұндағы мақсат - оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу.Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді.Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ.Олардың
арасында аса маңыздысы - өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға
қажет тіректердің жеткілікті болуы.
Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы
ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме,мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба,бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б.
Өзіндік жұмыстың бір түрі - жаңа материалмен оқушыларды оқулық
бойынша таныстыру.Таныса отырып оқушы өзбетінше мақсат белгілейді,
белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп,
олардың орындалуына бақылау қояды.
Сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып,
мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:
* сабақ құрылымындағы өзіндік жұмыстар орнын күні ілгері байыптау;
* өзіндік жұмыстардың оқу іс- әрекетінің басқа оқу әдістері және
формаларымен үйлестіру жолдарын қарастыру;
* өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін
қиыншылықтарды алдын ала көре білу ;
* тапсырма формаларын анықтау;
* қажетті дидактикалық материалдарды іріктеу;
* оқушы жүмыстарын тексеру мен өзіндік тексерудің тиімді тәсілдерін
ойластыру.
Жалпы қорыта айтқанда өзіндік жұмыстың мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.Мұғалім сабақта әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ окушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Выготский: Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек- деген екен.
Негізгі мақсатымыз баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой- өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман : мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан- дүниесіне үңілуден бастайды.Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру- сезімталдық- көрегендік- сергектік-білімпаздық- ізденімпаздық- шығармашылық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң,
әдіс- тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады.Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына , кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"- деп айтқан екен.
Олай болса, қызықты сабақтар- мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.Ұстаз көкейінде шәкірттерді өзіне баулып алу үшін Не істей аламын, Не істеу керек- деген сұрақ сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына , ал нәтижелер жобасы - практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі- білім сапасы болмақ. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады.Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Оқыту үрдісі екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері - олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді.
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының қабілет дәрежесін ескеру керек.Күрделі танымдық міндеттерді танымдық қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады.Оқушыға таным күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді.Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар,пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
1. шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру;
2. шығармашылық тапсырмалыр түрлі деңгейде болуы;
3. кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;
4. білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
5. тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
6. оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек;
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.
Шығармашылық - оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады.Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп , танымдық белсенділігі арта түседі.Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.Шығармашылық дербестік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін.Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына үңіле отырып, оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың мәні мынада деген тұжырымға келдік;
7. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz