Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮЙЕСІ.
1.1.Оқыту техникалық құралдарының негіздері ... ... ... ... ... ...15
1.2.Қазіргі уақытта оқу үрдісінегі жаңа технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2. 1Сабақта оқу процесі негізінде оқытудың техникалық құралдарын қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Қазіргі заманда оқытудың техникалық құралдарын оқу процесінде
пайдаланудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Білім беру жүйесін дамыту¬ үшін елімізде кәсіптік білім беру саласы құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.
Заманға сай техникалық құралдарды сабақтарында қолдану -алдағы уақытта да аталмыш саланы,яғни кәсіптік білім беру мекемелерінің білім аясын кеңейту қолға алынуда.Және де жаңа технологиялар енгізі¬ліп, заман¬ талабына сай кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологиялары қолданыс табуы да күн санап көбеюде. Сол себепті өндірістерде тұрақты жұмыс істейтін білікті кадрлар қажеттілігін шегереді. Осылайша,кәсіптік білім беру ошақтарында қажетті маман даярлау жұмысы жоғары дәрежеде орын еді. Жалпы, жастардың жоғары оқу орындарында білім алумен қатар кәсіптік білім алуының да ел дамуы үшін маңызы айрықша. Бүгінгі еңбек нарығында техникалық мамандық иелері инженер-құрылысшы, энергетик, механик, жобалаушы, геолог, сметчик, жоғары дәрежелі газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, бетоншы, ағаш ұстасы секілді құрылыс мамандары тапшы. Сондықтан әлеуметтік серіктестіктер маман даярлап, оқытуға ынталы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар дайындауға қол жеткізілетін болады.Оларды даярлау – кәсіптік білім мекемелерінің міндеті.
Ел¬басының халыққа кезекті жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік ахуалды арттыру, еңбек нарығындағы мәселелерді шешу жолдары айқын көрсе¬тіліп, нақты бағыт-бағдарлар бе¬рілген.Бұл бағытта кәсіп¬тік білім беру ошақтарындағы жаңа технологиялардың жасап жатқан пайда ауқымын одан әрі кеңейтіп,игі жұмыстар жал¬ға¬сын табады деген сенім де жоқ емес.
«Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»пәні бойынша жазып отқан курстық жұмысымда кәсіптік білім мекемелеріндегі сабақта оқу процесі негізінде оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктерін толықтай ашып,айқындаймын.
Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер парағынан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абдыкаримов Б.А. Профтехшкола и рынок-Алматы,Ғылым,1995 г.
2. Батышев С.Я. Производственная педагогика:Учебник для работников,занимающихся профессиональным обучением рабочих на производстве.-3-е изд.,перераб. и доп.- 1984.-672 с.
3. Введение в научное исследование по педагогике / под ред. В.И. Журавлева, – М., 1987.
4. Волков, Б.С.Педагогикадағы зерттеу әдістері: оқу құралы / Б.С. Волков, Н.В. Волкова, – М., 2002.
5. Загвязинский, В.И. Методология и методы психолого-педагогического исследования / В.И. Загвязинский, Р. Атарханов, – М., 2003.
6. Воспитательный процесс в высшей школе России (15-17 сентября 2001г., Новосибирск): сб. матер. межвуз. науч.-практ. конф., – Новосибирск: НГАВТ, 2001. - 157 с.
7. Әбенов, С., Әбиев, Ж. Педагогика / С.Әбенов, Ж. Әбиев, - Астана: Фолиант, 2009. 336 бет.
8. Мұқанова, Б. Ильясова, Р. Этнопедагогика / Б.Мұқанова, Р.Ильясова, - Астана: Фолиант, 2008. 440 бет.
9. Құрманалина, Ш. Мұқанова, Б. Педагогика / Ш.Курманалина, Б.Мұқанова, – Астана: Фолиант, 2010. 656 бет
10. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004
11. Михеева Е.В. Информационные технологии в профессиональной деятельности: Учебное пособие для студ.пед.вузов. –М.:Изд-во «Академия», 2006.-384с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Қорғауға жіберілді
Директордың әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары
_____________Нуржанова Г.А.
____ _________ 2014г.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері

Мамандығы: 0104000- Кәсіптік білім беру (техник-құрылысшы)

Орындаған: ГС-832 топ студенті
Бақтығали Райымбек Сағидоқасұлы

Қабылдаған: оқытушы
Тулакбаева Алтынгуль Акболатовна

Қорғау күні ___ ______2014ж.

Бағасы:__________________

Жетекші:_________________
(қолы)

Орал - 2014

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮЙЕСІ.
1.1.Оқыту техникалық құралдарының негіздері ... ... ... ... ... ...15
1.2.Қазіргі уақытта оқу үрдісінегі жаңа технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2. 1Сабақта оқу процесі негізінде оқытудың техникалық құралдарын қолдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Қазіргі заманда оқытудың техникалық құралдарын оқу процесінде
пайдаланудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе
Білім беру жүйесін дамыту - үшін елімізде кәсіптік білім беру саласы құрылымдық, мазмұндық бағытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда.
Заманға сай техникалық құралдарды сабақтарында қолдану -алдағы уақытта да аталмыш саланы,яғни кәсіптік білім беру мекемелерінің білім аясын кеңейту қолға алынуда.Және де жаңа технологиялар енгізі - ліп, заман - талабына сай кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологиялары қолданыс табуы да күн санап көбеюде. Сол себепті өндірістерде тұрақты жұмыс істейтін білікті кадрлар қажеттілігін шегереді. Осылайша,кәсіптік білім беру ошақтарында қажетті маман даярлау жұмысы жоғары дәрежеде орын еді. Жалпы, жастардың жоғары оқу орындарында білім алумен қатар кәсіптік білім алуының да ел дамуы үшін маңызы айрықша. Бүгінгі еңбек нарығында техникалық мамандық иелері инженер-құрылысшы, энергетик, механик, жобалаушы, геолог, сметчик, жоғары дәрежелі газэлектр дәнекерлеуші, жол жөндеу жұмыстарына қажетті машинистер, бетоншы, ағаш ұстасы секілді құрылыс мамандары тапшы. Сондықтан әлеуметтік серіктестіктер маман даярлап, оқытуға ынталы болуы қажет. Өндіріске қажетті жаңа технологиялармен жұмыс жасай алатын білікті кадрлар дайындауға қол жеткізілетін болады.Оларды даярлау - кәсіптік білім мекемелерінің міндеті.
Ел - басының халыққа кезекті жолдауында ел экономикасын дамыту, әлеуметтік ахуалды арттыру, еңбек нарығындағы мәселелерді шешу жолдары айқын көрсе - тіліп, нақты бағыт-бағдарлар бе - рілген.Бұл бағытта кәсіп - тік білім беру ошақтарындағы жаңа технологиялардың жасап жатқан пайда ауқымын одан әрі кеңейтіп,игі жұмыстар жал - ға - сын табады деген сенім де жоқ емес.
Өндірістік оқуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқыту әдістемесіпәні бойынша жазып отқан курстық жұмысымда кәсіптік білім мекемелеріндегі сабақта оқу процесі негізінде оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктерін толықтай ашып,айқындаймын.
Курстық жұмыс кіріспе бөлімі, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер парағынан тұрады.

1. ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮЙЕСІ
1.1 Оқыту техникалық құралдарының негізі мен мәні

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- оқытудың жаңа техникалық құралдарының негіздері болып табылады. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Дүние жүзіндегі инновациялық процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкіл әлемде инновациялық процесс - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді.
Осы орайда, білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру - білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу (дидактика) құрал-жабдықтарының оқу әдістерінде қолданылуы.Ал осы оқу әдістері-біліи игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері.
Техникалық оқыту құралдары - оқуға қажет аудио -беинетаспалар, диафильмдер ,диапозитивтер треножерлер,ЭЕМ,электронды оқу қуралдары компьютер ақпараттық технология білімді тексеретін бақылау жане тесітлеу қондырғылар.

Дидактикада кең қолданылым тауып жүрген және бір түсініктер легі-бұл оқу тәсілдері және оқу ережелері.
Оқу әдістері-тарихи категория.Өндіріс күштерінң деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына,мазмұнына,құрал-жабдық тарына өз ықпалын тигізеді.Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді.
Білім көзіне орай топтастырудың және бір реті-бұл көрнекілік әдістер.Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу прцесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема),кесте,сурет,модельдер,прибо рлар,техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді.Бұлардың бәрі тікелей оқушылардың студенттердің сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп,сөздік және практикалық әдістермен бірге пайдаланылады.

1.2.Қазіргі уақытта оқу үрдісінегі жаңа технологиялар
Техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық мәселесі

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық техникаларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа техникалық құралдарды меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда жаңа техникалық құрал-жабдықтар арқылы оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа құрал-жабдықтары іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.
Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған оқу құрал-жабдықтары әдістемелік жүйелермен әдістерде жүзеге асырылады.
Оқу құрал-жабдықтары-бұл білім алу,ептіліктер қалыптастыру көздері.:Оқу құрал-жабдықтары" түсінігі кең және тар мағынада қолданылады.Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары,көрсетпе-жабдықтар,техник алық саймандар және т.б байланысты.Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жәрдемші жағдаяттардың бәрін түсінеміз,яғни оқу әдісі,формасы,мазмұны,сонымен қатар оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз.Олар,әдістер сияқты оқу,тәрбиелеу және дамыту қызметтерін атқарып,оқушыларды ынталандаруға ,оқу -танымдық іс-әрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады.Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
-көру(визуалды) құралдары-кестелер,карталар ,табиғи обьекттер жатады және т.б.,
-есіту аудио құралдары-радио,магнитафон,ән-күй аспаптары және т.б.,
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер,теледидар және т.б.,
-сөздік құралдар-оқулықтар,мәтіндер.,
-оқу процесін автоматтандырушы құралдар-тіл кабинеттері,компьютерлер,ақпараттық жүйелер,телебайланыс-қатынас тораптары.,
-сөз,сөйлеу,ым-ишара,дене қозғалыстары.

Педагогикалық қызмет әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген обьектив пен субьектив себептерге тәуелді ,атап айтсақ,олар:
-оқу заңдылықтары және оларға негізделген принциптер
-адамның оқу,тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар
-нақты білімдену-тәрбие міндеттері
-оқуға болған ынта деңгейі
-нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері
-материал мазмұны
-материал игеруге бөлінген уақыт
-оқу материалының саны мен күрделілігі
-оқушылардың дайындық деңгейі
-шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі
-дәріс түрі мен құрылымы
-оқушылар саны
-балалар қызығулары мен ықыласы
-оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас
- материалды-техникалық қамтамасыздандырылуы
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей-дәрежесі.
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып,оқытушы нақты әдіс пен құрал-жабдықты іріктеу,таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралдары біріктіре пайдалануды көздейді.

Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады.
Оқыту технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы - интерактивті технологиялар. Қазіргі уақытта оқу үрдісіне интерактивті технологияларды - жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағыт алынған. Білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік мекемелерде ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері нақты айқындалса, онда кәсіптік білім беруден бастап қазіргі бұл ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті -- қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру студенттердің кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы нақты қайта құруларды талап етуде.
Интерактивті тақта- білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйелер кешені болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті бір-екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді. Компьютердің VGA- портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар.Интерактивті тақта бағдарламалық-техникалық кешенін дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі-жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.Бағдарламалық-технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытуға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет - ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу , CD-ROM ,Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті тақта сабақтың қай түріне болса да тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе.
Интерактивті тақта дәріс сабақтарында дәріс жазуды да жойды. Интерактивті тақтадан қажет мәліметті ашып қойсақ, оқушылар өзіне керегін жазып ала алады, болмаған сабақтың дәріс немесе бейнетаспаға жазылған түрін де алады. Әр сабақта интерактивті тақтаның жаңа мүмкіндіктерін қолдану оқушының интерактивті тақтаны зерттеуге қызығушылығын арттырумен қатар, сабаққа деген ынтасын көтереді.
Кәсіптік мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері олардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда келесі механизмді: компьютерлік сауаттылық -- ақпараттық сауаттылық -- ақпараттық мәдениет анықтауға көмектеседі. Оқу үрдісінде қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдану мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасының сипатын өзгертіп, оның ынтымақтастық, өзара түсіністік, бірлескен шығармашылық жұмыс, өзара тәжірибе алмасу сипатына ие болуына себепші болады. Ал ол ең алдымен, бұл жас шамасындағы оқушылар арасында кең тараған мазасыздану, үрей, өз-өзіне деген сенімсіздік сияқты жағымсыз жайларды болдырмауда рөлі зор.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

Мультимедиялық құралдар білім беруді қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.
Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығы, жан-жақтан түсіп жатқан түрлі форматтағы мәліметтер ағыны білім беру саласындағы мамандарды да мультимедиялық құралдарға мұқият зер салуға шақырады.
Қазіргі кезде дүниежүзінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланушылар арасында мектеп жасындағы балалардың саны тез өсіп келеді. Сондықтан да технологияларға негізделген құралдардың қазіргі мектеп оқушыларының күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлігі болып отырғанын атап айтуға болады. Бұл кей кезде балалар сөйлеу тілінен бұрын технологиялардың тілі мен табиғатын ерте меңгеретінін де көрсетеді. Сондықтан да болар оқушылар мектепте де өздеріне жақсы таныс технологиялардың қолжетімді болғанын қалайды. Бұл үрдістің Қазақстандағы көрінісіне тоқталмай-ақ, еліміздегі мектептердің компьютерлермен жабдықталуы және интернетке қосылу мәселесі жалпы шешімін тапқанын атап өтейік.
Уақыт өткен сайын технологиялар ықпалының артуы мен адам миының ақпаратты қабылдап, сақтау ерекшеліктерін ескере отырып жасалған оқыту әдістемелері жаңа замандағы білім берудің негізгі қозғаушы күшіне айналмақ.

Адам миын зерттеушілердің сөзіне қарағанда, біз ақпартты екі бағытта - көру және есту арқылы қабылдаймыз. Мағлұмат осы екі бағытта қатар берілген жағдайда адам миы көбірек мәлімет қабылдап, оны тез қорыта алады. Оқушыға арналған ақпаратты осындай күйге келтірудің ең ыңғайлы жолы - қазіргі технологияға негізделген мультимедия болмақ.
Қазіргі кезде мультимедиялық құралдардың тиімділігі неде екендігін түсіндіретін зерттеулер саны артуда. Төменде мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқытудың ең маңызды қағидалары анықталып, олардың оқушыларды тиімді оқытуға қаншалықты ықпал ететіні туралы зерттеулерде айтылып жүрген кейбір мәселелер беріледі.
Мультимедиялық құралдарды оқытуда пайдаланудың маңызды қағидаларын толық және жан-жақты сипаттаған зерттеуші, осы саланың жетекші мамандардың бірі - Ричард Майер: Тек сөзді ғана пайдаланумен салыстырғанда, адамдар сөздер мен суреттерді пайдаланған кезде тиімдірек үйренеді - деп дәйектеп, сөздерге жазбаша және ауызша мәтінді, ал суреттерге статикалық графикалық суреттерді, анимацияны және видеоны қосады (Ричард Майер, 2005). Осыған дейінгі зерттеу еңбектерінің тұжырымдары сөздерді де, суреттерді де пайдалану мидың қорыту жадында ақпараттың көбірек өңделуіне мүмкіндік беретіндігін дәйектейді (Свеллер, 2005).
Осы негіздемені кеңейткен Майер (2005) мен оның әріптестері сипаттау мен видеоның сипаттау мен мәтінге қарағанда тиімдірек екендігін айтады. Сол сияқты сипаттау, видео және мәтінге қарағанда, сипаттау мен видеоның тиімділігі жоғары. Сипаттау мен мәтін ақпаратты өңдеудің бір ғана бағытына негізделген (Бадделей, 1999). Мультимедиялық құралдарды пайдаланған мәтіндік презентациялардың сипаттамаға негізделген презентациялармен салыстырғанда тиімділігі төмен болуы мүмкін.
Естеріңізде болса, оқыту үдерісі үшін ақпарат қорыту жадынан табысты түрде ұзақ мерзімді жадқа ауыстырылуы керек. Мультимедиялық мазмұнды ақпарат қорыту жадының түрлі арналары арқылы тиімді түрде ұзақ мерзімді жадыға енгізіліп, жоғалмау ықтималдығын арттыруы мүмкін. Мысалы, анимация мен сипаттама арасындағы теңдікті сақтай отырып (мүмкіндігінше мәтінді аз қолдану арқылы) жасалған презентация тиімді болмақ.
Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбей бір жерге жинақталған кезде мультимедиялық құралды пайдаланып оқыту тиімді
Оқушылардың назары бөлшектерге бөлінбеген кезде ғана мультимедиялық оқыту құралдары тиімді болып саналады. Оқушылар экранда бір-бірінен алыс тұрған ақпараттарға қараған кезде, олардың назары бөлшектерге бөлінеді. Мысалы, мазмұнды сипаттайтын суретті бейне мен мазмұнның өзі экранда бір-бірінен алыс тұрса немесе кезең-кезеңмен екі жеке нүктеде ұсынылатын болса.
Қысқаша айтқанда, суретті бейне мазмұнымен бірге ұсынылса, оқушының қабылдауына жеңіл тиіп, оқыту тиімдірек болады (Майер, 2005). Мазмұн суретті бейнесімен бірге ұсынылмаған болса, оқушының назары бөлшектерге бөлінеді. (Алдыңғы абзацта айтылған ой тағы қайталанған) Мұндай жағдайда кезең-кезеңмен қабылданған ақпаратты үйлестіру үшін миға салмақ түседі.
Сурет пен оның мазмұнының бір мезгілде бірге ұсынылуы дәл осы сурет пен мазмұнның кезектестіре берілуіне қарағанда әлдеқайда оң әсерін тигізеді (Майер және Симс, 1994). Мысалы, оқушыларды оқыту барысында әуелі сипаттаманы, кейін анимацияны (немесе анимация, содан кейін сипаттаманы) беру тәртібімен салыстырғанда бірге ұсынылған сипаттама мен анимация дұрыс нәтиже көрсетеді.
Экранда бір-біріне жақын орналасқан (немесе бір-біріне ілескен) мәтінді суреттері бар мультимедиялық қосымшалар бір-бірінен алыс орналасқан мәтіні бар суретті қосымшалармен салыстырғанда тиімдірек болып табылады.
Мәтінге қосылған видео немесе графикалық ақпараттар суреттерге жақын берілуі тиіс. Біртұтас, жинақы тұрған ақпаратты оқитын оқушылар осы ақпараттың бөлшектерге бөлінген нұсқасын оқитын оқушылармен салыстырғанда ақпаратты жеңіл қабылдап, тез түсініп, игеріп алады (Чандлер және Свеллер, 1991). Біріктірілген күрделі үлгілер (мысалы, ақпаратты бір экранда ұсыну) жеке мультимедиялық үлгіге қарағанда ұтымды болмақ (мысалы, ақпаратты экранда және жеке парақ қағазда ұсыну).
Зерттеулер қорытындысы бойынша, мультимедиялық құралдар арқылы оқыту барысында маңызды және оқу мақсаттарына сәйкес мазмұн берілген жағдайда ғана оқыту сәтті маңызды болмақ (Майер, 2003). Калюга, Чандлер және Свеллер (1999) сияқты зерттеушілер мультимедиялық құралдарды пайдаланған презентацияға артық және тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат берілмеген кезде оқушылардың көп материалды игергендіктерін жазады.
Мидың ақпаратты өңдеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, тақырыпқа қатысы жоқ ақпаратты азайту арқылы үйрену үдерісін тиімді етуге болады. Мидың мүмкіндіктерін бөтен ақпаратқа жұмсау оқытуға зиянын тигізеді, сондықтан оны оқу мақсаттарына сәйкес келетін нақты ақпараттарға жұмсау керек. Мультимедиялық құралдарды дайындаушылар мен пайдаланушылар осы негіздемені басшылыққа алса, оқыту құралының тиімділігі арта түсер еді.
Мультимедиялық презентацияда мәтінмен бірге, ақпарат мазмұнының алдында және соңында ұсынылатын, оқыту барысында мультимедиялық мазмұнды дайындау, күшейту немесе кеңейту мақсаттарында берілетін қосымша ақпараттар үлкен маңызға ие.
Мультимедиялық оқыту интерактивті және оқушы тарапынан қадағаланса,
оның тиімділігі де жоғары болады
Әр оқушының ақпаратты қабылдау жылдамдығы әртүрлі. Зерттеулер қорытындысы презентация барысын қадағалап, ілесіп жүре алатын оқушылардың әлдеқайда көп ақпаратты игеретіндігін көрсетті (Майер, Доу және Майер, 2003).
Оқушылардың презентацияны баяулатып немесе қосып, тоқтату арқылы дербес жұмыс жасау мүмкіндігі болса, мультимедиялық құралдар арқылы жасалған презентация тиімді саналады. Сонымен қатар презентацияны сегментерге бөлу арқылы, оқушылардың ақпаратты жақсы қабылдау жылдамдығына қол жеткізуге болады; пайдаланушыларға өз үлгеріміне сәйкес сегменттер таңдау мүмкіндігін беріп, қысқарақ сегменттерге бөлген кезде олардың құлшынысы артып, сырттай қадағалаумен ғана шектелуге болады.
Оқушылар білімінің құрылымы мультимедиялық мазмұнның әсеріне дейін белсенді болған жағдайда, мультимедиялық құралдары пайдаланып оқыту тиімдірек.
Ақпаратты жүйелендіруге арналған құрылымдар белсенді болған кезде мультимедиялық презентациялардың көмегімен оқыту күшейе түседі (Поллок, Чандлер және Свеллер, 2002). Материалды оқушылардың жадына түсіруге көмектесудің немесе құрылымдарды алудың (ақпаратты жүйелендіруге және түсінуге көмектесетін) бірнеше әдістері бар. Көрсетілімдер мен талқылаусыз, қайта жаңғырту мен жазбаша сипаттамаларсыз оқушылардың құлшынысын арттыру оларға алдын ала мазмұнды қарауға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асуы мүмкін. Маңызды ақпаратты және мазмұнның жүйесін көрсете отырып алдын ала қарату әрекеті - білімді белсенді етуге бағытталған шара (Калюга, 2005). Бастапқыда мазмұнмен танысуға қатысты графикалық көрнекі құралдарды ұсынып, сыныпта талқылап және баға беру алдын ала белсенді ету үшін пайдалы болуы мүмкін. Мидың ақпаратты өңдейтіні туралы жоғарыда айтып өткен тұжырымдарға сәйкес бұл

әрекеттер сызбаны (жүйелендіру құрылымдарын) белсенді жасауға көмектесіп, презентация барысында жаңа ақпараттың меңгерілуін жеңілдету үшін жаңа сызба құруға мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісін жақсартуға мүмкіндік беретін
мультимедиялық оқыту құралдары
Анимацияланған мазмұн тиімді пайдаланылса, оқыту үрдісін жақсартуға да мүмкіндік туады. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері оқытудың компьютерге негізделген анимацияланған ортада (Парк, 1994; Тверский, Бауэр-Моррисон және Бетранкорт, 2002) жүзеге асуы тиімділікті арттыратынын көрсетті. Оқушылардың түсінуіне немесе қиялымен елестетуіне қиындық келтіретін ұғымдар немесе ақпараттардың презентациясын жасау кезінде анимацияны пайдалану дұрыс шешім болып саналады (Бетранкорт, 2005). Анимация оқушыға үрдісті немесе қиялда елестетуге қиындық тудыратын басқа да бір динамикалық құбылысты көру арқылы қабылдауға көмектесе алады. Бұл, әсіресе, ажырамас үрдістер болып табылатын (мысалы, физикадағы электр тізбектері, күштер) мазмұнды түсіндіруде өте маңызды рөл атқарады.
Анимация көбінесе берілген ақпарат туралы хабары бар оқушыларға емес, ұсынылып отырған ақпаратпен енді таныса бастағандарға елеулі ықпал жасайды (Майер және Симс, 1994). Оның мазмұнды жете білетін оқушылармен салыстырғанда, мазмұнды үстіртін білетін студенттерге берер пайдасы мол. Оқушылар анимацияны қарау барысында тоқтатып және оны өзіндік қабылдау деңгейіне сәйкес қарастыру мүмкіндігі немесе анимацияның түрлі аспектілерін басқару мүмкіндіктері болған жағдайда анимация тиімділігін көрсетеді. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Педагогикалық технологияның құрылымы
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Пәндер