Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру


Кіріспе
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т. б. ) . Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
- Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда туризм дүние жүзі бойынша маңызды салалардың бірі болып табылады. Ал елімізде туризмді дамытуға рекреациялық ресурстардың және потенциалдың мол қоры орналасқан. Ал оны тиімді пайдалану үшін ең алдымен рекреациялық аудандастыру қажеттігі туындайды. Сондықтан да, қарастырылып отырған жұмыстың тақырыбы өте маңызды әрі өзекті болып келеді.
- Жұмыстың мақсаты:Қазақстандағы туризмді дамыту үшін рекреациялық ресурстарға баға бере отырып, рекреациялық аудандастырудың әдістері мен принциптері арқылы Қазақстанда рекреациялық аудандастыруды қарастыру.
- Зерттеу нысаны:Қазақстанды рекреациялық аудандастыру
- Жұмыстың міндеттері:
- рекреациялық ресурстарға жалпы сипаттама бере отырып, территориялық ресурстар жайында жалпы мәліметтер қарастыру;
- табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру әдістемесін негізге ала отырып, жалпы рекреациялық сыйымдылық жайында, рекреациялық аудандастыру мәселесі бойынша мәліметтер жинастыру;
- Қазақстанның жалпы туристік ресурстарына баға бере отырып, оның талдамасы арқылы өзіндік туристік ресурстарын аудандастыруды қарастыру.
5. Зерттеу жұмысының әдіснамалы және теориялық негіздері.
Ғылыми зерттеулерге қойылатын теориялық талаптарға сай ғылыми деректер топтамаларына және осы бағыттағы арнайы мерзімдік басылымдарды, жарияланған материалдар мен ресми құжаттарға, келісім-шарттарға арқа сүйей отырып зерттеудің теориялық тұжырымдарын жасау. Әдістемелік негіздері ғылыми дәйектілік, обьективті дәлдік және диплом жұмысының тақырыптары мен талаптары.
Жұмыстың дерек көздері. Дипломдық жұмыста география, туризм, экономика, рекреациялық география, физикалық география бағыттары бойынша ғалымдардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген әдебиеттері, картографиялық және әр түрлі ғылыми зерттеудің, газет-журнал басылымдарының қор материалдары негізгі дерек көздері болды.
6. Зерттеудің базасы. Қазақстанның рекреациялық аудандары.
7. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде қазіргі дүние жүзі бойынша және өз елімізде реркеациялық аудандастырудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді зерттеу алынып, зерттеу барысында :
Қазақстанның рекреациялық ресурстарына сүйене отырып, Қазақстан рекреациялық аудандарға бөлініп қарастырылды.
8. Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, алынған мәліметтер туризмді дамыту мекемелері үшін қажетті материал. Ал көрсетілген іс-шаралар тізімін практика жүзінде іске асыруға болады. Сонымен қатар, аталған дипломдық жұмыстың мәліметтерін мектеп және ЖОО-ы бағдарламаларында қолдануға ұсыныс беруге болады.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 25 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 5 кестеден, 2 cуреттен, 2 қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыстың көлемі 64 бет.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері тұжырымдалып, оларды шешудің маңыздылығы айқындалады. Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы баяндалады.
«Рекреациялық ресурстар және оның сипаттамасы» деп аталған бірінші тарауда жалпы рекреациялық ресурстар жайлы, территориялық рекреациялық жүйелер туралы, Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық потенциал жайлы айтылады, талдау жасалынады.
«Табиғат ресурстарын рекреациялық баға беру және рекреациялық аудандастыру» деп аталатын тақырыпты ашатын тарауда территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі, рекреациялық сыйымдылық туралы түсінік, демалыс пен туризм үшін территорияны аудандастыру жайлы баяндалады.
Ал «Қазақстанның туризм жағдайы мен рекреациялық аудандастыру» бөлімінде еліміздің қазіргі туризм жағдайына баға беріліп, рекреациялық ресурстарды аудандарды аудандастырып, авторлық карта жасалынды.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, қысқаша ұсыныстар келтірілген.
1 Рекреациялық ресурстар және оның сипаттамасы
1. 1 Рекреациялық ресурстары туралы түсінік
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм территорияны игерудің фундамнтальдық процестерінің құрамына жатады.
ҚСРО кезінде рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды орын алады.
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio - қайта қалпына келу деген, яғни адамның қара (физикалық) және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта қалпына келтіру, оның ден саулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын рекреациялық ресурстарға негізденеді. Рекреациялық ресурстар деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауқтыру маңыздылық қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді (Максаковский, 2004) . Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады (Реймерс, 1990)
Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері.
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекреациялық жүйедегі өзара байланысында демалушылардың тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету, өндірістік сала, еңбек ресурстары қатысады.
Рекреациялық мәселелердің зерттелуі, ғылыми білімдердің тенденциялардан оның заңдылығына ауысуы және пәннің негізінде пайда болған географияның жаңа мәні «рекреациялық география» саласының пайда болуына өзінің әсерін тигізді.
Алғашқыда географиядағы рекреациялық проблемалардың құрастыруында физикалық географияның жеке бөлімі (бөлімнің меңгерушісі В. С. Преображенский) және КСРО-ң Ғылым академиясының География институтының экономикалық географияның бөлімі (бөлімнің иеңгерушісі А. А. Минц) қатысты.
Ал 60-жылдардың ортасынан бастап рекреациялық география теориясын дамуының ережелерімен Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеулік мемлекеттік университет) айналысады.
Рекреациялық географияның пайда болуында мен дамуында алғашқы қадамын Преображенский жасады. Ол рекреациялық жүйесін «өзінің қызметіне байланысты әлеуметтік және объективті құрылымы» деп қарастырды.
Сондықтан рекреациялық географияның пәні - территориялық рекреациялық жүйелерді қарастыру болып табылады.
Рекреациялық географияда әлеуметтік сипаты бар адамның қызметі қарастырылады. Бірақ сонымен бірге рекреациялық география «шекаралас ғылым» ретінде анықталады, өйткені оның негізі географиямен, экономикамен және мәдениеттанумен байланысты.
Рекреациялық географияда зерттемелердің үш негізгі әдістерін қарастыруға болады:
1. Ортаның негізіндегі әдісі (физикалық-географиялық бағыттары зерттеледі және қарастырылады) ;
2. Қызметтік әдіс (адамдардың мінез-құлықтары мен қызметтері қарастырылады) :
3. Субъективті әдіс (адамдардың тану қабілеттігі мен оның ерекшеліктері зерттеледі) .
Соңғы жылдары жоғары аталған әдістерге қарама-қайшы келетін көзқарастар кездеседі. Сондықтан рекреациялық географияның пәнің мен объектісін анықтағанда келесі тезистерді ескеру керек:
1. Географиялық таным - әмбебап бола алмайды, ол негізінен әлеуметтік-мәдени құрылымдармен байланысты болады. Оның нәтижесінде, жеке әлеуметтік-мәдени құрылымдардың шегінде рекреациялық географияның пәні мен объектісі туралы басқа көзқарас туындайды және құрылады;
2. Географиялық таным - әмбебап бола алмайды, өйткені ол өзінің логикалық тұжырымдардан мен әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардан тұрады. Сондықтан рекреациялық география ғылыми танудың барлық құрылымдарда бола алмайды. Ол дамудың немесе дамымағандығының және сонымен бірге басқа әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардың көрсеткіші емес, ол тек ғана рекреациялық география саласындағы танудың және білудің қажеттілік көрсеткіші болып табылады.
Аталған екі тезистің маңызы рекряциялық географияны түсінуде ерекше орын алады. Рекреациялық географияның түсінігі универсалды, яғни әмбебап бола алмайды.
Рекреация (поляк тіліне аударғанда rekreacja - демалу, латын тілінен аударғанда recreation - қалпына келтіру) - ол:
1) мейрамдар, демалыстар, мектептегі қоңырау (ескірген) ;
2) оқу орнындарындағы демалуға арналған жерлер;
3) жұмыс орнындағы күшті қалпына келтіру орталығы;
Рекреациялық география - адам қызметі жұмыс уақытынан тыс территориялық жүйелердің ұйымдасуы және дамуын география заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Рекреациялық география - жеке әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдағы пайда болған жағдай болып табылады.
Рекреалогия - рекреациялық жүйелердің пәнаралық ғылым саласы басты мәселесі адам экологиясы болып табылады. Ол адамның табиғи күшін қалпына келтіру әдістерімен айналысатын ғылым [1] .
Әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымның белгілі бір эволюциялық деңгейде рекряциялық география саласындағы танудың мен білудің қажеттілгі пайда болуы мүмкін.
Осының бәрін ескере, рекреациялық географияның зерттеу объектісіне әр түрлі әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардағы рекряциялық объектілері мен субъектілері жатады.
Туристік-рекреациялық ресурстар - туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады [2] .
1. 2 Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінік
Қазіргі рекреациялық географияның зерттеу предметі территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың түйскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көз қарасы ажыратылады:
- қоршаған орта көз қарасынан (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі) ;
- әрекеттік көз қарасынан (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі) ;
- субъективтік көз қарас (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың ерекшеліктерін зерттейді) .
Материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар
рекреацияның объектілері болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көз қарасынан өзінің әлеуметтік мәдени біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әркет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді.
В. Б. Николаенко бойынша, рекреациялық география жүйелердің оптимальдық функциолануы бойынша түрлі үсыныстарды жасап шығарады; белгілі бір көрсеткіштерімен жүйелерді проектілейді; рекреациялық қажеттілікті анықтайды; жүйелердің жасау және функциолау саладарына болжам береді; территориялы-дифференциацияланған нормаларды және территориялық рекреациялық жүйелерді проектілеудің және оны зерттеу әдістер жүйесін жасап шығарады; территориялық рекреациялық жүйелердің аймақтық ерекшеліктерімен таныстырады. Демек, рекреациялық география қоғамдық арнайы географиялық ғылымдарға жатады, оның зерттеу объекті мен предметінің мақсатты функциясы әлеуметтік деп анықталады. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесеніде қолданылатын тарихи, салыстырмалы, картографиялық, талдау-статистикалық, экспедициялық зерттеу, математикалық модельдестіру әдістерін пайдаланады. Рекреациялық географияның зерттеу предметі әлеуметтік сипатқа ие болғандықтан бұл ғылымда басқа да қоғамдық және медикалы-биологиялық ғылымдарының әдістерін қолданыдаы, мысалы, баланстық, социологиялық т. б. Рекреациялық географияның басты мәселесі территориялық рекреациялық жүйелердің даму және қалыптасуының объективті заңдылықтарын айқындау және белгілі бір елдің немесе ауданның әлеуметтік-экономикалық және табиғи жағдайыда олардың әрекеттеу механизмдерін.
Аумақтық рекреациялық жүйе - өзара байланыстағы жүйешіктерден (табиғи және мәдени кешендер, демалушыларға кызмет көрсететін техникалық имараттар, басқару органдары мен демалушылар) тұратын, функциялық және аумақтық тұтастығымен сипатталатын әлеуметтік геожуйе. Аумақтық рекреациялық жүйе - рекреациялық шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі нысаны, рекреациялық географияның зерттейтін пәні. Аумақтық рекреациялық жүйені экономикалық және физикалық география, халық географиясы, климатология және тағы да басқалары зерттейді.
Рекреациялық географияның басқа бір маңызды мәселесі рекреациялық іс-әрекет жүргізу үшін жүй тармақтары арасындағы оптимальдық өзара байланыстар және өзара тәуелділіктерді орнату, территориялық рекреациялық жүйелердің шоғырлану деңгейін және олардың мамандануын негіздеу мақсатында әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі типтерін зерттеу маңызды болып табылады. Одан басқа рекреациялық географияның маңызды мәселесі өз өлкенің, Қазақстанның, шет елдердің рекреациялық жүйелер туралы ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізу.
Н. Ф. Реймерс бойынша, адамның ден саулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу үйлерінде т. б. Мұндай пікір, рекреация демалудың, синонимі ретінде қарастыруға себеп береді. Осы көз қарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарды. Ал пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу.
Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұймдастырылмаған және ұйымдастырылған демалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі уақыт, кеңістік т. б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды, яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу.
Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде табиғи және антропогендік түрлеріне бөледі. Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т. б.
Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, емдеу ресурстары т. б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, спорттық және экскурсиялы-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары.
Ғылыми географиялық әдебиетте «рекерациялық объект», «рекреациялық территория» және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ) » деген терминдер қолданады. Қазіргі таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша шектелген кез келген орын - рекреациялық объект болып табылады, Ниагара сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т. с. с. Адамның ден саулығын және еңбек қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе құрлықтың учаскесі - рекреациялық территория болып табылады, ұлттық парктер, ормандар, көлдер т. б.
Үшінші термин жүйелі көз қарастан қарастырылады, сондықтан, территориялық рекреациялық жүйе деп өзара байланысқан жүйе тармақтарынан тұратын (табиғи және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан, қызмет көрстеу персоналдан, басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып табылады.
Территориялық рекреациялық жүйе концепциясы 1969 жылы В. С. Пребораженский негіздеді. Оның ойыларын дамыта отырып бірнеше авторлар рекрациялық жүйенің адаптациялық моделін жасап шыққан. Берілген модельдің құрылымында демалушының рекреациялық ортаны қабылдаудың үш негізгі стадиясын ажыратады: әрекет алды (ортаның «көрінісі»), әрекеттегі («ситуация») және әркеттен кейін («із») .
Қабылдаудың бірінші фазасы (әрекет алды), рекреациялық шұғылдану циклдерге қатысты рекреациялық қажеттілігінің сипаты мен құрылымын сәулелендіреді. Екіншісі (әрекеттегі) - демалу ортамен адамдардың өзара әрекеттесудің ерекше формалары түрінде рекреациялық шұғылдануды орындау процесі. Үшінші (әрекеттен кейін) - рекреацияның эффективтілігі, яғни естелік, басқа адамдарға мәлімет жеткізу, және сонымен қатар экономикаға, мәдениетке және экологияға жанама ықпалы.
Кеңес кезеңінде, рекреациялық ресурстарды, территориялық рекреациялық жүйелердің функциолануын, құрылымын және құрамын, рекреациялық территориялардың қасиеттерін зерттейтін ғылыми бағыт ҚСРО-да ХХ ғасырдың 60-ші жылдары «рекреациялық география» деп аталды. Еуропа мен Американың көптеген елдерінде рекреациялық географияны «туризм және демалу географиясы», «бос уақытының географиясы», «демалу географиясы» деп аталады.
Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т. с. с., сонымен қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер - ескі паркттер, тоғандар т. с. с. табиғи ескертіштер деп жарияланады.
Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада ұқсас объектілер жатады. Ескерткіштерді бағалылығына және біргейлігіне қарай дүние жүзі мұралар ескерткіштердің категориясына немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштерге жатқызады.
Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады:
1) археологиялық ескерткіштер;
2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайртакерлерімен байланысты) ;
3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың қалдықтары, діни архитектура т. с. с. ) ;
4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т. с. с) ;
5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т. с. с. ) .
Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір ландшафтға келуінің негізгі себептері болу мүмкін
Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, ормандар, елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде пайдалануда [3] .
Табиғи және мәдени объектілерімен қатар рекреациялық территориялар шегінде көпфункционалды рекреациялық әрекетті жүргізуді қамтамасыздандыратын (емделу, сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелер түріндегі территориялық рекреациялық жүйелерде бар. Мұндайларға санаториялар, курорттар, жасалыңған маршруттар жүйесі бар экскурсиялық орталық болып табылатын қалалар, туристтік базалар, альпинисттік және тау шаңғы лагерлері.
Белсенді демалу көлемінде туризм деген рекреациялық іс-әрекетінің түрі ерекше дамыды. Қазіргі ғылыми әдебиетте «туризм» деген түсінікке бірнеше көз қарастан түсіндірме береді. Анықтамалардың бірі бойынша туризм деген бос уақытындағы белгілі бір мақсатпен саяхат жасау. Басқа бір пікір бойынша шаруашылықтың, тұратын жерінен уақытша тыс орналасқан адамдарға қызмет ету саласы немесе туристтерге тауар мен қызмет етуін қамтамасыздандыратын рыноктың бір сегменті болып табылады.
Жүйелі көз қарастан туризм географиялық элементтерден, туристтерден, туристтік индустриядан құрылған жүйе деп анықталған.
Географиялық элементтер туристтер аймағы, транзиттік аймақ және туристтік дестинация болып бөлінеді. Туристтердің тұтынуна жауап беретін және тасымалдау, түнеу, азықтану, демалу тағы сол сияқты сұраныстарды қамтамасыздандыратын территорияны дестинация деп атайды. (ТМД елдеріндегі туризм бойынша еңбектерде мұндай термин жоқ, оның орнына «курорт» термин қолдануда) .
В. Б. Николаенко бойынша, туризм саяхаттанудың басты мақсатына қарай курорттық-емдеу-, сауықтыру-спорттық, тану, конгресстік, діни, білім алу, ойын-сауықтыру, ғарыштық т. б. ХХ ғасырдың 90-ші жылдарында экотуризм жақсы даымп бастады. Туризмнің мұндай түрінің басты маңыздылығы адамның табиғатты қорғау мәселелерін қарастыру.
Саяхат жасаудың орнына және көлік түріне қарай түризм жаяу жүру, сулы, автокөлікті, шаңғы, велосипедттік, мотоциклеттік, тау шаңғы, таулы, спелеотуризм, альпинизм, құзға шығу (скалолазание), сонымен қатар авиа мен теңіздік турларға бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz