Инвестициялық қызмет



1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері

1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.2. Инвестициялық қызметті басқару. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 7
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

2 «Оңтүстік» әлеуметтік.кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық қызметіне талдау

2.1«Оңтүстік» әлеуметтік.кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық қызметіне жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. .13
2.2 «Оңтүстік» әлеуметтік.кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция қызметіне талдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
2.3 Қазақстанда қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметінің ролі . . . . . .20

3 Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері . . . . . .24
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың
1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы
2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
3. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2009, №2
4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
6. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2009, №1
7. Попов В. М., «Бизнес-план инвестиционного проекта», Москва – 2001
8. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
9. Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы - 1998
10. Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2007, №2
11. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2008, №3
12. Шим Джей. К, «Финансовый менеджмент», Москва – 1997

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 3

1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері

1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .5
1.2. Инвестициялық қызметті басқару. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .. 7
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 10

2 Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық қызметіне
талдау

2.1Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық
қызметіне жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .. .13
2.2 Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция қызметіне
талдау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 17
2.3 Қазақстанда қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметінің ролі . . . . .
.20

3 Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

3.1. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі мәселелері . . . . .
.24
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .26

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 31

Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай
өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық
белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері
жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны
болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және
әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі
дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас,
акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және
қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың
барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару
механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі
олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке
қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық
кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да
кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп
ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары,
кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша
қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын
болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да
дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына,
нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет
етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық
жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап
ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды
қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды,
нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз
етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін
басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер
қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық
қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және
жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері
қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары
қарастырылады. әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық
жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектеле отырып
Үшінші тарау қазіргі таңдағы еліміздегі кәсіпорындардың инвестициялық
қызметімен, белсенділігімен және олардың инвестициялық қызметін
қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысты мәселелері және оларды шешудің
жолдарына арналады.
Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық
жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады.
Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін
де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы Заңы
инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін
анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге
кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:
ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта
қалғандығы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын
инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері

1.1 Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды
салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық
ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады.
Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік
табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары,
құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып
табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және
келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік
қызметін кеңейту;
жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра
алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Инвестициялау объектілері 1 - суретте көрстетілген.

Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Инвестициялардың жіктелу белгілері 2-суретте берілген.

Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады.
Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық)
болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында
тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты
активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын
ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар
негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық
қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды
қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар
қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі.
Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып
жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған
ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер
ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға
салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі
түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған
капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және
тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында
инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын
түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың
кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында
инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-
дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және
мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар
жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың
капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік
кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

1.2 Инвестициялық қызметті басқару

Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық
тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршеңдігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық
қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты
міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару – бұл инвестициялық қызметті
заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман талаптарына сай
әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге
асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;
жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын тарапынан
инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен
сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең
тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың
инвестицияларды басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік (3-сурет).

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі – бұл
елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей
көрсеткіштерді ескереді:
жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік тауарлардың
өндіріс көлемінің динамикасы;
ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
мемлекеттің инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы және
ынталандыруы;
инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар
нарығының, даму деңгейі.
Келесі кезең – кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере
отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде
кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз
қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын
анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық
тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген
сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Экономика салаларының инвестициялық тартымдылығын зерттеу барысында
жүргізілген талдау жұмыстары келесідей маңызды сұрақтарға жауап табуға
мүмкіндік береді:
осы саланың елдегі және әлемдегі дамуының тарихи негіздері;
бәсекелестік шарттары – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің болуы, саладағы
бәсеклестердің өзара қатынастары, солардың өнімі тәріздес тауарлардың пайда
болу мүмкіндігі;
өндірушілердің өндірістік қабілеті мен сатып алушылардың төлем
қабілеттілігі;
осы салаға байланысты қолданыстағы заңнаманың негіздері.
Аталған мәліметтер бойынша осы саладағы кәсіпорындарға инвестициялар
салудың тиімділігі мен болашағы туралы қорытындылар қалыптасады.
Келесі кезең, яғни инвестициялар салудың нақты объектілерін таңдау,
инвестициялық нарықтағы ұсынысты талдаудан басталады. Содан кейін
кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарына және экономикалық
стратегиясына сәйкес келетін жекелеген инвестициялық жобалар таңдап
алынады. Барлық таңдап алынған инвестициялық объектілер олардың
экономикалық тиімділігі жағынан талдауға алынады. Осы талдаудың қорытындысы
бойынша инвестициялық жобалар экономикалық тиімділігі (табыстылығы) бойынша
сараланып, солардың ішінен неғұрлым үлкен табыс алып келетін жобалар таңдап
алынады.
Инвестицияларды басқарудың келесі кезеңі – инвестициялардың өтімділігін
анықтау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында кәсіпорындар
жекелеген инвестициялық объектілер бойынша инвестициялық жағдайдың өзгеруі
нәтижесінде болжамдалған табыс мөлшері күрт төмендеп кетуі мүмкін екендігін
ескерулері қажет. Сондықтан да барлық өзгерістерді жан-жақты қадағалап,
инвестициялық бағдарламадан шығып кету және капиталды қайта инвестициялау
туралы шешімдерді қажет уақытында қабылдай білу керек. Осындай жағдайлардың
пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша
алдын-ала инвестициялардың өтімділігін бағалап, солардың ішінен өтімділік
деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды жүзеге асырған абзал.
Инвестицияларды басқарудың тағы да бір өте маңызды кезеңі –
инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру
көздерін іздестіру болып табылады. Бұл кезеңде кәсіпорынның жоспарлы
бағыттары бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қажетті қаржылық
ресурстардың жалпы көлемі анықталады. Инвестициялық ресурстарға деген
мұқтаждықтарға сүйене отырып, оларды қаржыландыру көздері анықталады.
Кәсіпорынның меншікті қаражаттары жетіспейтін жағдайда шеттен қаражаттар
тарту туралы шешім қабылданады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығын жүзеге асырған соң кәсіпорынның
инвестициялық қоржыны қалыптасады. Инвестициялық қоржын кәсіпорынның барлық
инвестициялық жобаларының жиынтығы болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық
тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық
инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып,
содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар
қолданылады.

1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық
саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына
кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ
маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері
қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық
бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір
инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты
дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру
арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған
шараларының жиынтығы болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді
объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен
қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің
тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз
кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып
табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық
саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша
маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі
міндеттері келесідей болуы тиіс:
кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық
жобаларды анықтау;
инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге
салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.
Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық
саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның
инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері
келесідей:
капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау
нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді
қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың
жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып
қалыптастыру;
қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың
барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті
мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен
қайтарылуы;
инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және
ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.
Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге
асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін
тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет
етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және
инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі
керек:
өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің
өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында
мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа
ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай
алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.
Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мыналарды
қамтамасыз етуі тиіс:
нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру
үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;
инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық
ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;
қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;
отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы
жағдайлар жасау;
барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар
бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек экономикалық
табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай,
сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды)
тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;
меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге,
мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың
және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;
елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі
қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық
жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.
Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуі үшін
аталған мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру
керек:
салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа
кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
Қазақстан Республикасының Тікелей инвестицияларды қолдау туралы Заңын
инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын
жетілдіру;
отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа
Инвестициялар туралы заңды жетілдіру;
Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
туралы Заң қабылдау;
инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік
нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен
қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер
жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы
факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін
анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да,
тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда
тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық
жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.
Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау
туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек
айтқанда, Инвестициялық кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық
саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын
нақты анықтауға мүмкіндік береді.

2 Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының
инвестициялық қызметіне талдау

2.1 Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық
қызметіне жалпы сипаттама

Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілген
кәсіпорындардың табысы арта түсті. Бұл туралы Оңтүстік ӘКК ұлттық
комппаниясы АҚ басшылығының еншілес және бағынышты ұйымдарымен өткізген
кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорацияның 2008 жылғы қызметіне талдау оның құрамына енген
ұйымдардың 4 миллион теңге көлемінде таза пайда тапқанын көрсетіп отыр. ӘКК
бірқатар компанияларының табыстары да арта түсті, соның ішінде: Әуежай-
Шымкент АҚ-да – 77 пайызға, Алтынтөбе ЖШС-де – 75 пайызға, Ақсу-
Жабағылы шипажайы ЖШС-де – 72 пайызға, Сарыағаш шипажайы ЖШС-де – 5
пайызға, Біргүлік шипажайы-профилакторийі ЖШС-де – 16 пайызға, Тұран-
құрылыс ЖШС-де – 13 пайызға, Тараздизайнжоба ЖШС-де – 217 пайызға өскен.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
бұйрығына сәйкес ӘКК меншігіне 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
мемлекеттік үлесі мен 3 акционерлік қоғамның мемлекеттік акциялар топтамасы
берілген. Олардың 8-і – Жамбыл облысында, 1-уі – Қызылорда облысында, 19
кәсіпорын – Оңтүстік Қазақстан облысында. Кәсіпорындардың басым бөлігі ауыл
шаруашылығы бағытында. Сонымен қатар ӘКК активтерінде жобалау-іздестіруге
мамандандырылған кәсіпорындар, шипажай-курорттық ұйымдар, базарлар, бір кен-
металлургия кешені бар. Кеңесте Оңтүстік ӘКК басшысы Қайрат Айтуғанов ӘКК
іс-қимылының басты мақсаттары – кластерлік өндірісті дамыту жолымен еңбек
өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, берілген активтерді
оңалту, қайта құрылымдау және оларды жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен
технологиялар негізінде дамыту екенін атап көрсетті. ӘКК-ге берілген
кәсіпорындар қызметкерлерімен Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде
заң бұзушылыққа жол бермеу тақырыбында үш күндік семинар өткізілді. ӘКК-
нің мемлекеттік акциялар топтамасы Самұрық-Қазына әл-ауқат қорына
берілуіне байланысты сатып алулардың бірыңғай ережелері енгізілді.
Біз арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімін 25 жылға дейін
ұзартуды және мамандандыру мүмкіндігін кеңейтуді сұраймыз",- деді Оңтүстік
Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев бейсенбіде облыстық
әкімшілікте өткен жиналыс барысында вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке қаратып
айтқан сөзінде. "Біз тоқыма өндірісінен басқа да, минералдық тыңайтқыштар,
синтетикаліқ жуғыш заттар өндіру, жеміс-көкөністерді қайта өңдеу сияқты іс-
қызметтің қосымша түрлеріне рұқсат берулеріңізді сұраймыз",- деп нақтылады
әкімнің орынбасары.
Бүгінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі 2015 жылдың 1-
шілдесіне дейін белгіленген.
Кеше аймаққа келген вице-премьер облыс белсенділеріне "Оңтүстік"
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы Асқар Мырзахметовты
таныстырған. Үш облысты - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Жамбыл
облыстарын біріктіретін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны құрудың мақсаты
мен міндеттерін талқылау барысында Оңтүістік Қазақстан облысында "Оңтүстік"
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өзі аттас арнайы экономикалық
аймақпен ынтымақтастығы ең тиімді жол екендігі туралы пікірлер айтылды.
Ө. Шүкеев жиналғандарға "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясының құрылымы мен функциясын түсіндіре отырып, былай деп атап
көрсетті: "премьер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны мемлекет пен жеке
бизнестің күшін біріктіру үшін құруды ұсынды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорация үкімет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын. Қазір екі ай
ішінде алдағы екі-үш жылға арналған жобалар жиналатын болады. Әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорацияның басшысымен тығыз жұмыс істеп, өз жобаларыңызды
ұсынуларыңыз қажет".
"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компания" АҚ
басқарма төрағасы Асқар Мырзахметов құрылымның өткен жылы атқарған
жұмыстары туралы қысқаша түсінік берді. Еліміздің оңтүстігіндегі үш облыста
сервистік-дайындау орталықтарын құру, көліктік-логистикалық және сауда
инфрақұрылымын жасақтау, корпорацияға берілген активтер базасында өндіріс
ұйымдастыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Корпорация басқарма төрағасының орынбасары Бердібек Жаңабаев біздің аймақта
әзірге Жаңақорған және Қазалы аудандарында 2 сервистік-дайындау орталығы
жұмыс істейтінін атап өтті. Қазалыда көкөніс-жеміс  өнімдерін сақтайтын
қойманы жабдықтауға, тәулігіне 3 тонна ет өңдейтін мал сою цехын ашуға
қаржы бөлінген. Жаңақорғанда күріш, жүзім, көкөніс, бақша, жем, бидай
өндірісі мен мал шаруашылығын өрістетуге көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ
корпорацияның сенімді басқаруына берілген  "Алтын қамба" элеваторын
(бұрынғы күріш зауыты) іске қосу үшін  бір жарым жылдың ішінде 2,9 млрд.
теңге инвестиция салынады.
Алдағы жылы "Алтын қамба" ЖШС базасында элеваторлық кешен мен күріш
өңдейтін өндіріс жұмысы жанданады. Сондай-ақ Қызылорда қаласында жылыжай
кешенін дамытып, онда тамшылатып суару жүйесін енгізу жүзеге асады. Бұған
"РЗА" АҚ базасында сүт-тауарлы ферма ұйымдастыруды қоссақ, инвестицияның
мөлшері 3,7 млрд. теңгеге жетеді.
Көршілес Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына қарағанда біздің өңірде
корпорацияның  қызметін пайдаланушылар өте аз. Болашақта ұйымдастыру-
үйлестіру жұмыстары қарқынды жүргізілсе, екі жаққа да тиімді ұсыныстар
туындайтыны анық. Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының "Атамекен"
одағы Қызылорда филиалы төрағасы Асқар Махамбетов осы орайдағы бірқатар
мәселелерді алға тартты.
Басқосудан соң  Болатбек Қуандықов "Оңтүстік" ӘКК-ның негізгі
жобаларының бірі – "Алтын қамба" элеваторының қызметін жандандыру
жоспарымен танысты. Бұнда 2009 жылдың соңына дейін  тәулігіне  3000 тонна
дәнді қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеу пункттері іске
қосылады. Жобаның екінші кезеңінде күріш өңдеу кешенінің  жұмысы жолға
қойылып, келесі кезеңде ұн, жем өндірісі өркендейді. Элеватор ғимараттарын
аралап көрген облыс басшысы қолға алынған  жарқын бастамаларға қолдау
білдіретінін жеткізді.
"Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ауылдық жерлерде
желілік жобаларды ұйымдастыру тәжірибесі барлық өңірлерге таратылуға тиіс.
Бұл туралы еліміздің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев кеше Шымкентте өткен
"Агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік" атты өңірлік форум барысында мәлім
етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Кейбір Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар дұрыс іспен шұғылдана
алмай отыр. Бірнеше миллиардтаған долларға бағаланатын ірі жобалар мен
кеніштерді алды. "Алыпқа ұмтылудың" аяғы немен тынғаны өздеріңізге мәлім.
Ірі кеніштерге қатыстының бәрі ірі инвестициялармен сабақтас. Дағдарыстың
салдарынан бәрі де мәнінен айрылды. Қазір ешбір инвестиция жоқ. Ірі өңдеу
зауыттарында да келешек жоқ. Құрылыс саласының келешегі де бес жылға
созылады", - деді Ө. Шүкеев.
“Оңтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Қызылорда облыстық
филиалы облыс орталығындағы базарларға арзан бағалы көкөніс-бақша өнімдерін
жеткізуді қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өнімдер негізінен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қызылорда
облысының Шиелі, Жаңақорған аудандарынан әкелінуде. Олар қазір дария
жағасындағы басты қаланың “Мерей”, “Ақмешіт”, “Сәулет”, “Шұғыла” деп
аталатын шағынаудандары мен теміржолдың терістік бетіндегі махаллалардағы
сауда нүктелерінде сатыла бастады. Осы күні қаланың Тасбөгет кентінде де
осындай сауда ұйымдастырылды.
Түстік өңірлерден әкелінген қауын мен қарбыз, картоп пен пияз, сәбіз
бен баклажан өнімдері қала базарларындағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан
сатылып жатыр. “Біз бұл шаруаны жылдың соңына дейін жүргіземіз. Тұтынушыға
ешқандай делдалсыз жететін бұл өнімдерге деген сұраныстың көп болатыны
қазірдің өзінде байқалып тұр. Жалпы, ағымдағы жылы 35 мың тонна өнім әкеліп
сатқызу жоспарланды”, дейді корпорация филиалының басшысы Дәуірбек Әбуов.
Шымкентте өткен инвестициялық түрік-қазақстандық бизнес форумы аясында
кеше Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) басшылығы
қазақстандық даму институтының өкілдерімен кездесті, Маркетинг, сараптама
және мониторинг департаментінің директоры Рауза Дүйсенбаева кездесу
қатысушыларына корпорация жұмысының негізгі бағыттары, ұстанымдары мен
басымдықтары, сондай-ақ ӘКК-нің инвестициялық жобалары жайында айтып берді.
Бизнес форумға қатысқан даму институттарының өкілдері корпорацияның
жұмысына қызығушылық танытып, ӘКК-де болып қайтты.
Қазына орнықты даму қоры АҚ, БРК-Лизинг АҚ және Экспорттық
несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік корпорация АҚ
мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекеттесу жөніндегі департаменттің
өкілдері Оңтүстік ӘКК АҚ-ның басшылығымен өзара іс-әрекеттесудің және
ӘКК Қазақстанның өңтұстік өңірінде жүзеге асыратын инвестициялық жобаларына
бірлесіп қатысудың мүмкін тетіктерін талқылады.
Оңтүстік ӘКК-нің даму институттарымен ынтымақтасуы басталып та үлгерді.
Осылайша, Оңтүстік өңірлік агрокешен инвестициялық бағдарлама аясында
бірқатар еншілес компания құрылды.
Осы бір-екі жылдықта азық-түліктің күрт қымбаттағаны бар. Қымбатшылық былай
тұрсын, кейбір күнделікті тұтынатын азық-түлік қат болып қалғаны есімізде.
Мұның бәрі қаржы дағдарысының салдары екені түсінікті. Бұл жағдай билікті
едәуір әбіргерге түсірді. Қауырт шаралар қабылданып, жағдай ушығудан аман
қалды. Ең бастысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Берекет
кәсіпорыны құрылды. Көп ұзамай берекелі мекеменің ісі алға басып, өрекпіген
көңілдер сабасына түскен-ді.
Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты Берекет кәсіпорыны 2007 жылдың
қыркүйек айында құрылған болатын. Оның басты міндеті - бірінші
қажеттіліктегі азық-түлік түрлерін базардағы бағадан арзан сатуды
ұйымдастыру. Осы мақсатта кәсіпорын басшылығы еліміздің өзге өңірлерімен
және іргелес республикалармен келісім-шарттар жасасып, қажетті азық-
түліктің облысқа тасымалдануына қызмет ете бастады. Жеткізілген өнімдер
кәсіпорынның өз сауда нүктелерінде сатылады. Баға базардағыдан 10-15
пайызға төмен. Сонымен қатар, әр сенбі сайын тауар өндірушілер мен тауар
өңдеушілердің жәрмеңкесін ұйымдастыра бастады.
Екі жылдың ішінде кәсіпорын кәдімгідей аяғынан нық тұрды деуге болады.
Облысқа тасымалданатын азық-түліктің үш айлық қоры үнемі сақталады. Бұған
қажетті өндірістік база, мұздатқышы бар қоймалар жасақталды. Бүгінгі таңда
кәсіпорын сауда нүктелеріндегі баға 30 пайызға дейін арзан болып отыр.
- Қазіргі кезде кәсіпорынның облыс аудан, қалаларында 63 сауда нүктесі бар
және 7 оператор жұмыс істейді. Кәсіпорын қоймасында ұн, қант, макарон
өнімдері, сиыр мен қой еттері, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және дәнді
дақылдардың түр-түрінен үш айлық қор жасақталған.
Кәсіпорын өзге аймақтармен арадағы іскерлік байланыстарын дамыта
түсуде. Атап айтқанда, Оңтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының
Мырзашөл дайындау сервистік орталығымен, сондай-ақ Мал өнімдері
корпорациясы акционерлік қоғамымен, GAS Devolopment, Батыс Қазақстан
облысындағы Желаево нан өнімдері комбинаты, Павлодар облысындағы
Қазақстан астығы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен
байланыстамыз. Сонымен қатар, нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру
мақсатында жасалған меморандум бойынша Қазақстанның Астық Одағы заңды
тұлғалар бірлестігінің Көкшетау Мельинвест серіктестігімен келісім-шарт
жасалып, бірінші сортты ұн жеткізіліп, сатылуда. Облыс халқын астық
өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қостанай, Ақтөбе және Павлодар
облыстарындағы кәсіпорындармен келісімге келіп, жұмыстанудамыз. Сондай-ақ,
күріш, өсімдік майы, жеміс-көкөніс жеткізу мақсатында Қызылорда, Батыс
Қазақстан және Қарағанды облыстарымен іскерлік қарым-қатынас орната алдық.
Тауар өндіруші және өңдеуші кәсіпорындармен арадағы іскерлік байланыстар
нығая түседі. Бұл жұмыстарды өз дәрежесінде ұйымдастырып, кәсіпорынға
жүктелген мақсат-міндеттерді орындау жолында ұжым болып, ұйымшылдықпен
қызмет етіп, халықтың талап-тілегін орындау басты мақсатымыз деп түсінеміз,
- дейді Берекет мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қаржаубай
Аққұлов.
Бүгінгі таңда кәсіпорын тұтынушыларға ұсынатын азық-түлік түрлерін
кеңейтуге арналған шаралар жоспарын жасақтауда. Осының өзінде 1224,0 дана
жұмыртқа саудаға шығарылды. Ендігі мақсат - сары май және сүт өнімдерін
жеткізу. Алғашқы лекте жеткізілген өнімді облыс тұрғындары тұтынып та
үлгерді.

2.2 Оңтүстік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорының ережесінде
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Бағалы қағаздардың коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіндегі рөлі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Банктердің инвестициялық қызметінің экономикалық мәні
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Өзара инвестициялық қорлар
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Қазақстан Респуликасының инвестициялық жобаларды қаржыландыру
Пәндер