Бизнес жоспар. “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау



1 Бизнес жоспардың теориялық аспектілері

1.1Бизнес.жоспардың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бизнес.жоспардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Қаржылық бизнес жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.“Апрель” ЖШС.ң бизнес жоспарын талдау

2.1 “Апрель” ЖШС.ң қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 “Апрель” ЖШС.ң бизнес жоспарлауына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3“Апрель” ЖШС бизнестегі нарықты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3. Кәсіпорынның бизнес жоспарын жетілдіру жолдары

3.1 «Апрель» ЖШС құрылған кездегі проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.2Қазақстан нарығындағы бизнес жоспарын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе

Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып, өзінің даму жолын өз жоспарлап жатқанда, оның алдынан мың ойлап шешім қабылдауды қажет ететін көптеген мәселелер пайда болды. Оның ішінде кәсіпкерлік өте маңызды орын алады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшкендіктен, кәсіпкерліктің мәні арта түседі, өйткені барлық ақша-қаржы ресурстарына, өндіріс қорларына және жұмыс күшіне айналым қозғалысын бере алатын мен ынталандыра алатын тетік – бұл кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті болып, бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды.
Бизнес жоспар сатып алушы мен сатушының ұйғарымдық келісімі арқылы (сұраныс пен ұсыныс арқылы) нарықтық экономика үнемі мына үш мәселелерді шешіп отырады:
1) Не өндіру? — сатып алушы өз ақшаларымен «дауыс беру» арқылы шешіледі (басқаша айтқанда тұтынушының тауарды таңдап оны сатып алуымен);
2) Қалай өндіру? — өндірушілердің арасындағы бәсекелестікпен (бәрі де ең жаңа технологияны қолдануға құштар, себебі сонда ғана баға бәсекесін ұтып пайданы ұлғайтуға және шығындарды азайтуға болады);
3) Қанша өндіру? — нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және өндіріс факторлары (жұмыс күші мен өндіріс құралдары) арқылы анықталып отырады.
Сонымен қорыта айтқанда нарық табысты құрайтын барлық бастаулардың бәрін де анықтайды (жалақы деңгейі, рента, пайыз, пайда). Пайда – фирманың нарықта қалыпты әрекет етуінің бірден бір шарты.
Курстық жұмыста қызметін ұсынатын “Апрель” ЖШС бизнес жоспарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы зерттеулердің нәтижелі болу үшін, біз курстық жұмыстың бірінші бөлімінде бизнес жоспарын құрылымының мәнін және мағынасын, сонымен қатар, кезеңдерді, қолданылатын әдістерді және Қазақстан нарығындағы фирмалардың мәселелері қарастырдық.
Екінші бөлімде,“Апрель” ЖШС бизнес жоспар қызметіне талдау беріледі.
Ал үшінші бөлімде “Апрель” ЖШС құрылған негізгі проблемалары мен дамыту жолдары жалпы Қазақстан Республикасы нарығында бизнес жоспарды дамыту мәселелерін шешу жодарын қарастырылд .
Курстық жұмысты жазу барысында біз отандық және шетелдік экономистердің “Апрель” ЖШС еңбектерін және олардың мәліметтерін қолдана отырып, кәсіпорынның бизнес жоспарына талдау жүргіздік.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Астана. 2003.
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2011 жылдарға арналған индикативтік жоспары. Астана. 2007.
4. Под редакцией Осипова Ю.М. - “Основы предпринимательской деятельности”, Москва, 92г.
5. Стэплейк Дж.Ф - “Экономикс для начинающих”, Москва, 2004г.
6. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стенли Л.Брю - “Экономикс”, Москва, 2003г.
7. Под редакцией Булатова А.С. - Учебник по курсу “Экономическая теория”, 2-е издание, Москва, 2006г.
8. Под редакцией Перхунова А.П., Сорокина В.П. - “Сборник предпринимателя”, часть 1, Москва, МНПП “РИД-7”, 2008г.
9. Райзберг Б.А. Основы экономики и предпринимательства.
10. М.: ТОО ”Вес”, 2008г.
11. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории М. : Высш.шк.,2001г.
12. Мухамбетов Т.И., Нукушев А.Г. « Банкротство и антикризисное управление » (Учебное пособие) Алматы. 2000 г
13. Бедников М.А. Джамай Е.В. « Совершенствование диагностики финансового состояния промышленного предприятия » // Менеджмент в Росии и зарубежом, 2008, №5
14. Бригхэм Ю. Эрхард М. « Финансовый менеджмент »: 10 – е издание. Перевод с англииского под ред. Дорофеева Е.А. – СП б Питер. 2008
Калымбетова Д.Ж. « Особенности методическихподходов к диагностике аентикризесного управлением предприятием » Материалы международной научно – практической конференции « Бизнес и образование : вектор развития » Алматы , 2007г

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Бизнес жоспардың теориялық аспектілері

1.1Бизнес-жоспардың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бизнес-жоспардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7
1.3 Қаржылық бизнес
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13

2.“Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау

2.1 “Апрель” ЖШС-ң қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...19
2.2 “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарлауына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .21
2.3“Апрель” ЖШС бизнестегі нарықты
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .24

3. Кәсіпорынның бизнес жоспарын жетілдіру жолдары

3.1 Апрель ЖШС құрылған кездегі
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2Қазақстан нарығындағы бизнес жоспарын дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланылған әдебиеттер
тiзiмi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34

Кіріспе

Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып, өзінің даму жолын өз
жоспарлап жатқанда, оның алдынан мың ойлап шешім қабылдауды қажет ететін
көптеген мәселелер пайда болды. Оның ішінде кәсіпкерлік өте маңызды орын
алады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға
көшкендіктен, кәсіпкерліктің мәні арта түседі, өйткені барлық ақша-қаржы
ресурстарына, өндіріс қорларына және жұмыс күшіне айналым қозғалысын бере
алатын мен ынталандыра алатын тетік – бұл кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады.
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті болып, бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап
шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды.
Бизнес жоспар сатып алушы мен сатушының ұйғарымдық келісімі арқылы
(сұраныс пен ұсыныс арқылы) нарықтық экономика үнемі мына үш мәселелерді
шешіп отырады:
1) Не өндіру? — сатып алушы өз ақшаларымен дауыс беру арқылы
шешіледі (басқаша айтқанда тұтынушының тауарды таңдап оны сатып алуымен);
2) Қалай өндіру? — өндірушілердің арасындағы бәсекелестікпен (бәрі де
ең жаңа технологияны қолдануға құштар, себебі сонда ғана баға бәсекесін
ұтып пайданы ұлғайтуға және шығындарды азайтуға болады);
3) Қанша өндіру? — нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы және
өндіріс факторлары (жұмыс күші мен өндіріс құралдары) арқылы анықталып
отырады.
Сонымен қорыта айтқанда нарық табысты құрайтын барлық бастаулардың
бәрін де анықтайды (жалақы деңгейі, рента, пайыз, пайда). Пайда – фирманың
нарықта қалыпты әрекет етуінің бірден бір шарты.
Курстық жұмыста қызметін ұсынатын “Апрель” ЖШС бизнес жоспарын
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы зерттеулердің нәтижелі болу үшін, біз
курстық жұмыстың бірінші бөлімінде бизнес жоспарын құрылымының мәнін және
мағынасын, сонымен қатар, кезеңдерді, қолданылатын әдістерді және Қазақстан
нарығындағы фирмалардың мәселелері қарастырдық.
Екінші бөлімде,“Апрель” ЖШС бизнес жоспар қызметіне талдау беріледі.
Ал үшінші бөлімде “Апрель” ЖШС құрылған негізгі проблемалары мен дамыту
жолдары жалпы Қазақстан Республикасы нарығында бизнес жоспарды дамыту
мәселелерін шешу жодарын қарастырылд .
Курстық жұмысты жазу барысында біз отандық және шетелдік экономистердің
“Апрель” ЖШС еңбектерін және олардың мәліметтерін қолдана отырып,
кәсіпорынның бизнес жоспарына талдау жүргіздік.

1. Бизнес жоспардың теориялық аспектілері

1.1 Бизнес-жоспардың мәні мен мазмұны

Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің
әр түрлі сферасында қолданылатын іс-әрекет құралы болып табылады.
Бизнес- жоспар фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін
алдына қойған мақсаттарына қалай жету керектігін көрсетеді. Дұрыс
жасалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта позицияларға ие
болуына, инвестициялар мен кредит ресурстарын тартуға өз септігін
тигізеді.
Бизнес-жоспар жүйелі түрде жаңарып отырады, оған фирма
ішіндегі және фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер әсер еріп
отырады. Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге өз ісінің жетістігін
фирма ішілік және макроэкономикалық зерттеулер негізінде бағалауға,
сонымен қатар ағымдық операцияларды қадағалауға, көмектеседі. Бизнес-
жоспар нарық жағдайындағы ең қажетті құрал болып табылады. Оның
себебін төменде келтірілетін бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын
қызметінен көруге болады.
Бизнес-жоспар құрудың негізгі мақсаты - фирманың қысқа
мерзімге және ұзақ мерзімге нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес
шаруашылық іс-әрекетті жоспарлау және қажетті ресурстарды тарту
болып табылады. Бизнес -жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі
болуы мүмкін, мәселен:
- белгіленген нәтижелерге жетудің жүзеге асу дәрежесін анқтау;
- белгілі бір тұлға топтарына жұмыс атқарып тұрған фирманың іс-
әрекетін қайта ұйымдастыру немесе жаңадан құрудың мақсаттылығын
дәлелдеу
- компания қызметкерлерін жобада көрсетілген сапалы немесе сандық
көрсеткіштерге жету мүмкіндігіне көндіру;
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирманың қызмет етуімен байланысты
келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі :
- іс-әректтің наақты бағыттарын анықтау
- өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды анықтау, ол
шығындарды жобаның потенциялды пайдасын анықтау үшін өнім
сатылатын бағамен салыстыру ;
- фирма кадрларының фирмаға сай келетіндігін және алға қойған
мақсаттарға жету үшін жұмысшылар еңбегінің мотивизацияларын
анықтау;
- фирманың матиралдық және қаржылық жағдайын зерттеу және
белгіленген мақсатқа жету үшін фирманың материялдық және
қаржылық ресурстары сай келетінін, келмейтінін анықтау;
- биснес-жоспардың іске асуына кедергі болатын қиындықтарды алдын-ала
анықтау және тәуекелдерді есептеу;
Қазіргі практикада бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады.
Оның бірінші қызметі бизнестің стратегиясын құруға бизнес жоспарды
қолдану мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызметті кәсіпорынды құрған
кезде және іс-әрекеттің жаңа бағыттарын ойлап тапқан кезде өте
маңызды роль атқарады.
Бизнес-жоспардың екінші қызметі – жоспарлау. Ол жаңа іс-әрекет
бағытының даму мүмкіндіктерін бағалауға және фирма ішіндегі
процестерді бақлауға мүмкіндік береді.
Үшінші қызметі ақша ссудалар және несиелер тартуға өз септігін
тигізеді. Қазіргі кезде көп жағдайда белгілі-бір жобаны несиесіз
жүзеге асыру мүмкін емес . Ал несие алу оңай емес . Сондықтан
дұрыс құрылған бизнес-жоспар несие алуда шешуші фактор болып
табылады.
Төртінші қызметі компания жоспарын жүзеге асыру үшін өндіріске
өз капиталын немесе өзінде бар технологияны салғысы келетін
потенциялды әріптестер тартуға мүмкіндік береді. Әріптестер өз
капиталын немесе технологиясын өндіріске компанияның белгілі-бір
уақыт мерзіміндегі даму бағытын көрсететін бизнес жоспардың
болғанында ғана салады.
Фирма ішілік жоспарлау кез-келген кәсіпорынның көлеміне
қарамастан оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар нақты
жағдайда бизнесті бастауға немесе кеңейтуге керекті талдау
мүмкіншіліктерін көрсетеді және іскер әріптестерді тартуда , біріккен
кәсіпорындар құруда үлкен рольге ие, яғни, бизнес-жоспарды дайындау
және тиімді қолдану ең маңызды іс-әрекеттердің бірі болып тадылады
. Бұл жоспар менеджермен , жетекшімен, фирмамен немесе фирма
топтарымен құрылуы мүмкін. Көп жағдайда бизнес жоспарды дайындау
барысында потенциялды әріптестер және инвесторлар анықталады.
Бизнес-жоспар екі негізгі жолмен құрылады. Бірінші түрінде
бизнес-жоспар жалдамалы мамандар тобымен құрылады, ал жобаның
иницияторлары мен алғашқы тек алғашқы мәліметтерді дайындайды.
Екінші түрінде бизнес-жоспарды инициатордың өзі құрады, ал
методикалық ұсыныстарды мүмкін болатын инвесторлардан алады.
Бизнес жоспарды фирмаішілік және оның сыртындағы преспективті
жағдайлар бағаланады. Бизнес-жоспар, әсіресе, басшылыққа акционерлік
меншік жағдайында дұрыс дұрыс бағыт таңдауға өз септігін тигізеді.
Себебі, бизнес-жоспардың көмегімен компания жетекшілері пайданың
жинақталуы және акционерлер арасында дивиденттер түрінде бөлінуі
туралы шешімдер қабылдайды. Бұл жоспар фирманың ұйымдастырушылық
-өндірістік құрылымын дамыту және жетілдіру туралы іс- шараларды
жүргізуде қолданылады.
Фирмаішілік қызметімен бірге бизнес-жоспарлау макродеңгейдегі
жоспарлау стратегиясын анықтауда үлкен мағынаға ие болып келеді.
Кәсіпорындардың ұзақ мерзімді бизнес-жоспарлары экономиканы
мемлекеттік реттеу шеңберінде ұлттық саяси жоспарлауды құрудағы
негіз болып табылатын информациялық базаны құрайды. Яғни, көп
жағдайда бизнес-жоспар фирма ішіндегі немесе фирма сыртындағы
жағдайларды бағалауға және инвестициялар іздеуде қолданылады. Ол ірі
кәсіпкерлерге басқа фирманың акциясын сатып алу көмегімен өз
жұмысын кеңейтуге көмектеседі , сонымен қатар жалпы мемлекеттік
жоспарлау стратегиясын құруға негіз болып табылады.
Практика жүзінде бизнес-жоспарды процесс ретінде жүзеге асыру
үшін оның принциптерін білген жөн:
-Икемділік. Яғни, ұйым өмір сүретін ортада болып жатқан өзгерістерге
оңай бейімделгіштігі;
-Коммуникативтік – барлық іс-әрекеттердің үйлесімділігі мен бірлігі;
-Көпварианттылығы – белгіленген мақсатқа жету үшін альтернативті
мүмкіншіліктердіңішіндегі ең жақсысын таңдау;
-Қатыстығы – жоспаролау процесін ұйым жұмысшылары көзқарасымен
сәйкестендіру;
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың формасы , мазмұны , құрылымы
бойынша жіктелуі төмендегі суретте көрсетілген:

Сурет-1 Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың формасы , мазмұны,
құрылымы бойынша жіктелуі.

Бизнес-жоспар келтірілген суретке сәйкес әртүрлі модификацияда
құрылады. Яғни, бизнес бағыты бойынша (өнім, жұмыс, қызмет), жалпы
кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс атқарып тұрған).
Қаржылық сауықтыру бизнес–жоспары қаржыны төлеуге қабілетсіз
кәсіпорындарға арналып жасалады. Ол кәсіпорынның негізгі құжаты
болып табылады және:
–кәсіпорынның нарықта өз орнын сақтап қалу стратегиясын құру
үшін;
–қайта ұйымдастыру жоспарын жасау үшін;
–дағдарыс жағдайында кәсіпорынды басқару үшін;
–мемлекеттік көмектің керек екендігін түсіндіру үшін қажет.
Жоғарыда айтылғандай бизнес–жоспардың негізгі
мақсаты–инвесторлар, жаңа акционерлер, кредиторлар тарту болып
табылады. Сондықтан инвесторлардың ұнататын 1–2 бетті
бизнес–жоспардыңқысқа мазмұнын дайындау маңызды іс болып саналады.
Осы 2 бетте жобаның ерекшелігі мен артықшылығы нақты көрсетілген
жөн. Қысқа мазмұн инвесторларды тартатын алғашқы құрал болса,
келесі ұсынылатын нәрсе фирма туралы жалпы мәлімет болуы керек:
I. Фирманың құрылуы:
–фирманың құрылған күні (тіркелуі, орналасқан,жері, фирма қайда
және кіммен тіркелген);
–фирманың ұйымдастырушылық–құқықтық формасы;
–фирма капиталының құрылымы (шығаруға рұқсат етілген акциялар
саны, шығарылған және айналымдағы акциялар саны, олардың биржалық
бағасы)
–фирманың есеп–шоттары бар банктер;
–фирманың жетекшісі, төрағасы, директоры;
–фирма бухгалтері;
–фирма юристі;
–негізгі менеджерлер, олардың білімі, тәжірибесі;
II. Фирманың ұйымдастырушылық құрылымы
III. Фирма имиджі:
–Фирма несімен белгілі;
–оның басқа фирмалардан айырмашылығы неде?
–фирманың саудалық белгісі қай жерде белгілі?
–кім негізінен бұл фирманың тауарын сатып алады? Сонымен
қатар осы жерде фирманың негізгі тұтынушыларын көрсеткен жөн.
Қорытындыда керекті қыржыландыру көлемін және фирманың
қаржыландыру көмегімен капиталды өсіруі үшін қандай іс–әрекеттерді
жүзеге асырайын деп жатқандығын айта кеткен дұрыс.

1.2 Бизнес–жоспардың құрылымы

Күрделі құжат болып табылатын бизнес–жоспардың құрылымы үлкен
рольге ие. Себебі онда компания сипаттамасы, оның потенциялы,
өндірістік жоспары және фирманың дамуы туралы нақты мәліметтер
көрсетіледі. Бизнес–жоспар құрылымы төменедегіше сипатталады:
–бизнес концепциясы;
–қазіргі кездегі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша
мәлімет ;
–бизнес обьектісіне сипаттама;
–нарықты зерттеу және талдау;
–ұйымдастырушылық жоспар;
–персонал және басқару;
–өндіріс жоспары;
–маркетингтік іс-әрекеттердің жоспары;
–потенциялды тәуекелдер;
–қаржылық жоспар және қаржылық стратегия;
Енді осы айтылғандарға сипаттама бере кетейік.
1) Бизнес концепциясы–ұсынылып оырған бизнес туралытез оқылатын және
қысқартылған мәлімет.
Негізгі назар аударатын мәселелер–бизнестің жүзеге асуы үшін
мүмкіндіктер, оның кәсіпорын және халық үшін маңыздылығы, керекті
қаражаттар, мүмкін болатын несиені қайтару уақыты, күтілетін пайда
және оның бөлінуі.
Ұсынылып отырған бизнестің негізгі мақсаты-нарықта бәсекеге
қабілетті тауар шығару арқылы пайда табу болып табылады.
Концепцияда бизнес–жоспар бағыты көрсетіледі:
–потенциялды кредитор немесе инвестор үшін;
–мүмкін болатын әріптестер немесе акционерлер үшін;
–кәсіпорын басшылығы және кәсіпкер үшін;
–мемлекет немесе жергілікті жергілікті басқару органдары үшін;
Концепция ұсынылып отырған бизнестің жарнамасы болып табылады
және ең соңында құрылады. Себебі, ол барлық бөлімдердің негізгі
қысқа мағынасын қамтиды. Бизнес концепциясын 1–2 бетке сыйдыра
білген жөн. Ол ұсынылып отырған бизнес туралы нақты әрі түсінікті
мәлімет бергенше ; онымен жұмыс істеу керек .
Қазіргі кездегі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша мәлімет.
Бұл бөлімде мыналар көрініс табады:
–бизнес идеясының пайда болуына әсер еткен негізгі оқиғалар;
–кәсіпорын, менеджер немесе кәсіпкер алдында тұрған негізгі
мәселелер;
–нарықтағы жағдай және жетуге тура келетін прогресс (наықты
жаулап алу, тұрақтану):
Осылардан кейін қысқаша түрде кәсіпорын туралы мәлімет
беріледі.
3) Бизнес обьектісіне сипаттама. Бимзнес обьектісіне бизнес
бағыттар (өнім, қызмет) немесе кәсіпорын құру, немесе жұмыс істеп
тұрғанын дамыту жатады.
Бизнес бағытының обьектісін түсіндіргенде, оның ерекшелігін,
тұтынушылар үшін маңыздылығын және таңдау мүмкіндігін айта кеткен
жөн. Сонан соң өндіруші мен тұтынушы қандай экономикалық
артықшылықтар алатыны жөнінде сөз қозғау керек. Ол өнімнің өзіндік
құнын түсіру немесе тұтынушыға қосымша қызмет түрін көрсету болып
табылады. Сонымен қатар өнім бағасын көтеру арқылы оның сапасын
жақсарту.
Өнімнің функционалдық ерекшеліктерін жазған дұрыс. Мүмкін
болса, өнімнің жарнамалық парағын немесе суретін көрсете кеткен
жөн. Соңында табыс әкелетін негізгі факторларды айта кету керек.
Мәселен, нарық үшін жаңа тауар, жаңа қызмет.
Кәсіпорынды бизнес обьектісі ретінде сипаттағанда оны құру
немесе дамыту қажеттілігі туралы, өндірілген өнімдер, көрсетілген
қызметтер туралы, олардың артықшылықтары туралы және осы өнімді
шығаратын басқа кәсіпорындар туралы мәлімет бере кеткен жөн.
Сонымен қатар нарыққа шығу жолдарын және даму бағыттарын көрсетіп,
негізгі тұтынушылар тобын анықтап, жаңа өткізу нарығын тауып,
шығаратын өнім көлемін өсіру керектігін атап өткен жөн.
4) Нарықты зерттеу және талдау. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты
өнімді бүгін тұтынатын тұтынушыларды және тұтыну мүмкін дегендерді
анықтау. Сонымен қатар тұтынушылардың өнімді қандай критерлер
бойынша алатынын ділген жөн: сапасы, бағасы, уақытында жеткізілуі,
қызмет көрсету спасы және т.б.
Кәсіпорын өнімі бойынша нарық көлемін және сыйымдылығын
анықтау, яғни нарық сегментін жүргізу керек . Нарық сегменті
дегеніміз–нарықтың бір–бірінен тауарға деген сұраныс сипаттамасы
бойынша ерекшеліктерін, жеке бөліктерін бөліп көрсету. Ал нарық
көлемі дегеніміз–кәсіпорын тауарлары сатылатын территория, нарық
сыйымдылығы белгілі бір уақыт ішіндегі нарықта жүзеге асатын
тауарлардың көлемі болып табылады. Бұл бөлімде мынадай сұрақтарға
жауап іздеу керек : кім, неге, қанша және қашан өнімді сатып
алуға болады. Сонымен қатар белгілі бір өнімге деген сұраныс
көлемін анықтау керек және шығарылған тауар нарыққа қанша уақытта
орнығады, қашан тұтынушылар көңілінен шығады, қай уақытта оны
көбейту керек , нарықты кеңейтуге әсер ететін негізгі факторлар
қандай (мысалы саланы, регионның даму тенденциясы , регионның
әлеуметтік–экономикалық саясаты , бәсекелесті тудыру және т.б.) деген
сұрақтарға талдау жасаған жөн. Нарық және бәсекелестік туралы
толық түсініктеме 1 кестеде көрсетілген.
Бәсекелестерді бағалау мен оларды аңду негізгі мәселелерді
бірі болып табылады. Кәсіпорынның осал және күшті жақтарын,
тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін анықтап, оларды
бәсекелестермен салыстыру маңызды іс болып саналады. Шығарылатын
тауарлардың артықшылықтарына негізделіп, сатылымдардың мүмкін болатын
көлемі анықталады. Сатылым көлемін болжау 2 кестеде көрсетілген.
5) Ұйымдастырушылық жоспар. Бұл бөлім жаңа кәсіпорын құрғанда
немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды стратегиялық шаруашылық
орталығын (СШО) ашқанда құрылады. Осы жерде т кәсіпорынның немесе
СШО–ң ұйымдастырушылық құрылымын көрсеткен жөн. Онда кімнің қандай
іс–әрекетпен айналысатыны, бөлімшелердің іс–әрекетіне бақылау қалай
жүргізілетіні және жұмыс күшіне деген қажеттілік анық көрсетілуі
керек . Ұйымдастырушылық жоспар бөлімнің бөлімшесі кәсіпорын
іс–әрекетінің құқықтық қамтамсыз етілуінің болуы мүмкін. Онда құқықа
байланысты барлық мәліметтер (тіркеу туралы куәлігі, меншік формасы)
көрсетіледі.
6) Персонал және басқару бұл бөлімде бизнес жоспарды жүзеге
асыратын менеджерлер мен персоналдарға сипаттама беріледі (жасы ,
білімі ,тәжірибесі). Ол адамдар нарық жағдайында бизнесті табысты
етіп жүргізетін өз ісінің нағыз мамандары болғаны жөн. Сонымен
қатар осы бөлімде бизнес шекарасы кеңейетін болса, мүмкін болатын
жұмысшылар санының айта кету керек.
7) Өндіріс жоспары. Егер бизнес обьектісі болып өнім табылса,
онда бұл бөлім өндірістік процесті сипаттаудан басталады. Өндірістік
процестің еңбек мөлшері бойынша құрылымы 3 кестеде көрсетілген.
Егер бизнес обьектісі болып кәсіпорын табылса, онда бұл бөлім
өндірістің технологиялық қайта құруын сипаттаудан басталады. Өндіріс
көлеміне болжау жасау және оны жүзеге асыру маркетингтік
зерттеулермен, кәсіпорынның өндірістік мүмкіншіліктерімен салыстыра
отырып жүзеге асады. Өндіріс көлемі период бойынша болжанады:
бірінші жыл–квартал бойынша (керек жағдайда ай бойынша). Екінші жыл
–жартыжылдықтар бойынша. Келесі жылдары–жылдар бойынша. Бұл
айтқандарды түсну үшін 4 кестеге көз жүгірткен жөн.
Бұл бөлімде сонымен қатар өндірістік ғимаратқа, жер учаскесіне
деген қажеттілілті, олардың көлемін айта кеткен жөн. Обьектілердің
келесі сипаттамалары көрсетіледі: орналасқан жері,көлемі, жеке меншік
немесе жалға алынғандығы , жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік.
8) Маркетингтік іс–әрекеттің жоспары . макетингтік жоспар
дегеніміз–ойластырылған, тауар көлемін сату мен нарықтық
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы максималды пайда табу. Бұл
бөлімде тұтынушыға деген маркетингтік бағыттау (орентация) сақталуы
керек ( тұтынушылардың қалауын білу, жоғары сапалы қызмет көрсету,
қол жететін баға, сенімділік , тұрақтылық).
Егер бизнес обьектісі болып кәсіпорын немесе СШО табылса,
оныңдаму стратегиясын жасау дұрыс болып табылады.
Кәсіпорын стратегиясын жасағанда сыртқы ортаның әсері
(технологияның, сұраныстың өзгеру тенденциясы) ескерген жөн.
Кәсіпорынның нарықтық өзгерістерге бейімделуі үшін тауарлық, бағалық
және өткізу саясатын қамтитын маркетинг стратегиясын ұмытпаған жөн.
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы 5 кестеде көрсетілген.
Негізгі зейін бәсекелестерді бақылау мен бағалық мен бағалық ,
тауарлық саясатқа бөлінуі керек . Сонымен қатар берілген бизнес
сферасына кірудегі қиындықтарды анықтап, оларды жеңу жолдарын
белгілеген жөн.
Бұл бөлімде мына сұрақтарға жауап іздеу керек: нарықты қалай
жаулап алу, сақтау және көбейту керек , қалай көп пайда табу
керек ?
Тауарлық стратегия–коммерциялық көзқарас тұрғысынан алғанда
нақты іс–әрекет бағытына сәйкес тауарлар ассортиментінің құрылуы,
бар немесе жасалып жатқан ресурстардың нарықтық жағдайларға оңай
бейімделуі.
Тауарлық саясат–келесі мақсаттарды қамтиды:
–кәсіпорын беделін көтеретін және бірнеше жылға көшбасшы бола
алатын тауар түрлерін шығару;
–мүмкін болатын өнім модификациясы бойыншамаркетингтік
бағдарламалар жасау, келешекте керекті өнім түрін каталог бойынша
таңдау;
Баға құру стратегиясы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттармен
байланысты болып келеді және өндіріс шығындары, өнімге деген
сұраныс, бәсекелестер бағасы негізінде құрылады.
Өндіріс шығындарына негізделген баға құру кең тараған келесі
әдістермен жүзеге асуы мүмкін:
–толық шығындар;
–орташа шығындар;
–шекті шығындар;
–өндірістің стандарты шығындары;
–тура шығындар;
Енді осы айтылғандарға тоқталатын болсақ.
Толық шығындар әдісі өндірістегі барлық шығындар мен тауарды
жүзеге асыру негізінде бағаны есемтеуді қарастырады.
Орташа шығындар әдісі ұзақ уақыт ішінде бағаны тұрақты ұстау
үшін қолданылады және экономикалық цикл периоды ішінде өнімді
өндіруге кеткен орташа шығындар негізінде анықталады.
Шекті шығындар әдісі өндірі және өткізу көлемін болжам
бойынша кеңейткен кезде қолданылады. Шекті шығындар дегеніміз–өндіріс
немесе өткізу көлемін ұлғайту нәтижесінде өнім бірлігіне деген
жалпы шығындар сомасының өзгеру.
Өндірістің стандартты шығындар әдісі–нақты бар өндірістік
жағдайлар мен өндіріске және өнімді жүзеге асыруға кететін
шығындарды есептеу.
Тура шығындар әдісі–белгілі бір өндіріс қуатын іске қосу
нәтижесінде өндіріс шығындарын анықтау сол арқылы нарықтық бағаны
құру.
Баға саясаты мыналарды қарастыруы мүмкін:
–өзгере алатын бағаларды қолдану;
–баға мен сапаның өзара байланысы;
–әлемдік нарықтағы баға деңгейіне бағытталуы;
ткізу стратегиясы сұранысты қалыптастыру, өткізуді стимулдау
жүйесіне бағытталады және келесі келесілерді қарастырады ;
–жарнамалық іс–әрекет (жарнаманы радиода, теледидарда, газет, журнал
беттерінде қолдану);
–коммерциялық байланыстарды делдалдар, дилерлер, агентер арқылы құру
және реттеу;
–жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысуды ұйымдастыру;
–несиені әртүрлі фирмада қолдану;
–потенциялды тұтынушылар үшін өнім презентациясын жасау;
9) Потенциялды тәуекелдер. Бұл бөлім нарық жағдайында ерекше
маңызға ие болып табылады. Себебі, тәуекелді дұрыс есептеу,
есептемеуге потенциялды инвесторлардың, кредиторлардың, бизнес бойынша
әріптестердің сенімі тәуелді болып келеді. Бизнесті дұрыс жүргізе
білу үшін мүмкін болатын тәуекел түрлерін білу керек. Олар:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ойластырылмаған жағдайлармен
байланысты болып келеді.
Өндірістік тәуекелдер өнімді, тауарды өндірумен, өндірістік
іс–әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты болып келеді. Оларға
өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қордың істен шығуы,
айналым заттарының жоғалуы, шикізаттардың, құрал–жабдықтардың дер
кезінде жеткізілмеуі жатады. Яғни, өндірістік тәуекелдерді азайту
үшін өндірістік процестегі бақылауды, шикізаттарды және
құрал–жабдықтарды жеткізуге әсерді күшейту керек немесе
жеркізушілерді көбйту қажет.
Коммерциялық тәуекелдер өнімді тауарлы нарықта жүзеге асырумен
байланысты болып келеді. Оларға нары конъюнктурасындағы өзгерістер
жатады. Коммерциялық тәуекелді азайту іс–шараларына келесілер жатады:
–нарық конъюнктурасын жүйелі түрде зерттеу;
–дилерлік жүйені қалыптастыру;
–сай келетін баға саясаты;
–қызмет көрсету желілерін құру;
–қоғамдық ой–пікірді және фирма стилін қалыптастыру
–жарнама және т.б.
Қаржылық тәуекелдер инфляциялық процестермен, валюта бағамының
өзгерістерімен байланысты болып келеді. Қаржылық тәуекелді
азайту–кәсіпорындағы тиімді қаржылық менеджмент жүйесінің қалыптасуы
мен жүзеге асуы.
Оластырылмаған жағдайлармен байланысты тәуекелдерге мемлекеттің
саяси бағытынан ауысуы, көтерілістер, жер сілкіністері жатады.
Жоғарыда аталған тәуекел түрлерінің тигізетін әсерін азайту үшін
коммерциялық сақтандыруды (мүлікті, транспорттық жеткізулерді,
тәуекелдерді) жүзеге асыру керек.
10) Қаржылық жоспар және қаржылық стратегия. Қаржылық жоспардың
негізгі мақсаты–ұсынылып отырған бизнестің тиімділігін анықтау болып
табылады. Бұл бөлімде мыналарды ұсыну керек:
–пайда мен шығын туралы мәлімет;
–шығын мен кірістің ақшалай балансы;
–актив пен пассив балансының болжамы;
–шығынсыздықты талдау;
–қаржыландыру стратегиясы;
есептеулер 3 нұсқа борйынша жүргізіледі: оптимистік, пессимистік
және ықтималдық. Қаржыландыру стратегиясында кәсіпорынды құру
немесе дамытуға қажетті ресурстарды алу жоспары болу керек және
мына сұрақтарға жауап берген жөн:
–ойластырылған істі жүзеге асыру үшін қандай көлемде қаражат
керек?
–қайдан қаражат аламыз және қандай формада?
–қашан салынған ресурстар қайтарылады және инвесторлар олардан
пайда табады?
–ол пайда қандай көлемде болады?
Яғни, осы сұрақтарға жауап беру арқылы қаржылық стратегия
құрылады.
Бұл тарауды қорытындылай келе мынадай қорытынды жасауға болады:
жоспар құрылымы қатып қалған, яғни өзгермейтін деп
қарастыруғаболмайды. Себебі, ол белгілі–бір мақсаттарға, тапсырмаларға
байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін.

1.3 Қаржылық бизнес-жоспары
    
Қаржылық бизнес жоспарлауы бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын)
әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
    Қаржылық бизнес жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші
субъектілері мен мемлекеттің қаржылық жоспарлаудың қызметі, ал қорытынды
нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап
мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып
табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге   белгіленген кірістер мен
шығыстар, қаржы  және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары
анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен
айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі
мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің
резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау.
1. экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
2. қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3. тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
       а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі).
Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
       ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
       б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
      Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту
нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш
бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына
сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды
өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау)
жүзеге асырылады.
     Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
     Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды
жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні
бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде
орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру
және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды
функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары,
мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
      Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында Қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық жоспарлаудың әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
     - экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы
жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық
үлгілерді жасау;
     -  корреляциялық регрессиялық талдау;
     -  тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
      Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық
үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне
эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы
ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.
      Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
      Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті
арттыру. 
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау
болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз
ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын
анықтау.
      Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды,
кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды
индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған
деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдарлың нормалары.
      Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде Қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау
шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп Қаржылық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
      Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың)
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлаудың мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет
ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы  басқаруға
мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер
мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды
орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
      Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігінің белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде
аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен  
маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды
жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын,
қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті
арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
      Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын
кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік
бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының
қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
      Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы
жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың
іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін
нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және
перспективалық  жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай
отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың
көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде
қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау,
бағдарламалау және бюджет  жасау:
    - жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді.
    -  бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;
    - бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік
топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын
бөлу процесі.
     Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе
төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
      - мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке  алмайды;
      -   материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді,
өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына
көшіру.
Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы
жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының
барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын
сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың
шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан
сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен
үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды
жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды
қажет етеді.
      Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық
экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі
ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады.
Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың
механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың
даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
      Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және
салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң,
әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
     Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл
аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді;
ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға
көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында
аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.  
      Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.
      Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде
есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық
жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
      Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
     Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаларды жоспарлау
Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі
Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау
Ынталандыру сипаттағы төлемдер
Шағын бизнесті демеу шаралары
Нарықтық экономика жағдайында Бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау ТШО ЖШС мысалында
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Тиянақты шешім стратегиясы
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру туралы
Кәсіпорында бизнес - жоспарды іске асыру
Пәндер