Экономикалық интеграция

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар
2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер
Кіріспе
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алматинская декларация. Сборник документов под ред. К.Токаева. Алматы,1998. І том. С.103
2. Договор об учреждении Евразийского экономического сообщества . ред. Колегия Г.А.Рапота. Первый Экономический форум. Москва, 2003. С.95
3. Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан. Сборник документов под ред. К.Токаева. Алматы, 1998. ІІ том. С.250
4. Соглашение о создании Содружества Независимых Государств. Сборник документов под ред. К. Токаева. Алматы, 1998. І том. С. 99
5. Соглашение о сотрудничестве и взаимопомощи в таможенных делах. Сборник документов под ред. К. Токаева. Алматы, 1998. ІІ том. С.278
Гаврилов В. Интеграции в СНГ и национальные интересы. Москва, 1993.
6. Десять лет Независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. Материалы международной научной конференции. Университет Кайнар. Алматы, 2001.
7. Евразийское пространство интеграционный потенциал и его реализации. Ответственный редактор Тажин М.М. Алматы, 1994.
8. Исингарин Н. Проблемы интеграции в СНГ. Алматы, 1998.
9. Исингарин Н. Транспорт, магистраль экономической интеграции в СНГ. Алматы, 1998.
10. Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Алматы, 2000.
11. Козбеков У.О. Внешние экономические отношения государств в переходной период. Алматы, 1997.
12. Назарбаев Н.А На пороге XXІ века. Алматы, 1997.
13. Назарбаев Н.А. Евразийский союз идеи, практика, перспективы 1994-1997. Алматы, 1997.
14. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформаций общества и возрождения Евразийской цивилизаций. Москва, 2000.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 36 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1000 теңге

ЖОСПАР
Кіріспе

1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері

1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері

1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар

2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан

2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары

2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі

Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі
Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі
оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ
империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922
жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін
тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып
құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен
шығындармен жүруде.

Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар:
қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе
Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық
Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік
аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің
халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік
– экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ
Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық
кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық
байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы
отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық
мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен
орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру
жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын
қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік
қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және
ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет
ретінде әлемге әйгілі.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде
өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар
арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді
белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен
ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы
желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері
жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану
үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр
интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық
мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс
жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан
Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр
уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап,
әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздігін алғаннан кейін үдей түсті.

Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер
арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы
толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды
роль атқаратынын көреміз.

ТМД елдерінің проблемаларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын
анықтау тәжірибесі Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола
алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысты жазудағы автордың
мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған
байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік
кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық
қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы мақсаттарды жүзеге
асырудағы міндеттер:

• Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу;

• Интеграция проблемаларын қарастыру;

• Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесін
қарастыру

Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге
асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
Олар

дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД
елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.

Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД
шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым.
Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - “Соглашение о создании Содружества
Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества
Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о
создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан,
Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т.с.с. Бұл жұмыста мынадай
мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н.Ә. Назарбаевтың
“Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика
и перспективы“, Н.Р.Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“,
”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции
в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. К.
Токаев:”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т.б.

Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, “Казахстанская Правда”,
“Панорама”, “Евразийское сообщество”, “Экономист” т.б.

Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспе, қорытынды, әдебиет
тізімдерінен тұрады.

1.1. Интеграция мәні,алғышарты,кезеңдері

Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма
ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі
Саргон империясын айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам
өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын
секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық
үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын
болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ
ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру,
қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан. Интеграцияны
топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен
қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар
болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік
береді: “Бөлек ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және
осы процеске әкелетін жағдай” Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды
ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән,
бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен
қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық
процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы
негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың,
оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншісіне, интеграциялық
кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.

Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама,
мәдени, экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық,
әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар,
интеграция, саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни
интеграция қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.

Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде
болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді
қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және
халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық
интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси
проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін,
зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады.

Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын
берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше
ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және
белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа
мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В.Г. айтып
кеткендей: “интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің
біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып
келетін үрдіс”. Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін
салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды:
біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы; екіншіден,
интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын
қамтамасыз ету және сақтау.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік
сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы
біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-
пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір
мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне
кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ
жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық
элементтердің автономдығы – интеграция және интеграция еместің арасына
шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.

Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік,
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы,
мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең
бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының
шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды
қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде
үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы
еді.

Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге
тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар
болды. (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар,
интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас
геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы
сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл
көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес
келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.

Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттерді ұлттық мүдделерін тиімді
қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша
бұл жердегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіптің
қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас
жасап шығару.

Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық
Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.

1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды.
Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін
кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты
түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін
жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе
институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция
барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар
реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ
ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:

1. Еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық
шектеулер алынған;

2. Кедендік одақ – жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ
өлшем енгізілген;

3. Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың
(капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;

4. Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу
еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде
сәйкестендірілумен толықтырылады;

5. Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық
саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі
құрылады.

Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикасы интеграция теориясының
дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың
көрнекті өкілдері – Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.

Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз
байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың
егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу
жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына
бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.

Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық
ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік
қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету
үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу
механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында
және жағдайына бөлінуі тиіс.

Біз осылайша, интеграция шығу тегі, ұғымы және теориясы туралы азды-
көпті баяндадық.

Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі
дамуда. Тарих көрсетіп отырғандай қала-мемлекеттерден де кеңірек саяси
ұйымдарды құру қажеттілігі,антикалық әлемнің шаруашылық дамуындағы
қажеттіліктердің арқасында дүниеге келді, яғни тауар өнімінің дамуы,
аймақтар арасындағы экономикалық байланыс. Осы өзгерістер, дамулардың
нәтижесінде Шығыс Жерорта теңізінде элинистік мемлекет Римнің Италияны
жаулап алуы Сиракуз державасының дүниеге келуіне жол ашты. Жалпы интеграция
және дезинтеграция экономикада, ғылымда, мәдениетте ауқымды прогрестерге
алып келген. Егер де тарихқа үңілсек, біз көптеген мемлекеттердің,
империялардың, державалардың құрылғанын, ал енді кейбіреулерінің күйрегенін
көреміз. Бұл үрдістерді біз интеграция және дезинтеграция деп айта аламыз,
бірақ бұл жердегі дезинтеграция тоқтап қалу немесе жоқ болып кетуді
білдірмейді. Бұл жерде үрдіс өз шеңберінде қайталана бастайды, яғни бір
спираль тәріздес, әр айналымда күшейе түседі. Мемлекет әлеуметтік
интеграцияның бір түрі ретінде дүниеге келді. Әр түрлі халықтарды жаулау
немесе күштеу негізінде біріктіру өз жемісін бермеді. Осы жолмен құрылған
біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе де сол мемлекеттердің ішіндегі халықтардың
шаруашылық және мәдениетінің түрлілігі, олардың ұлттық сана-сезімдерінің
жетіліп, дамуы, бұл жасанды құрылымның күйреуіне алып келетін. Осы жерде
біз КСРО-ны мысал ретінде айтып кете аламыз. Біз білетіндей КСРО-ның
құрамына кіретін халықтар күштеп осы құрылымға енгізілген. Бірақ уақыт өте
келе бұл өз нәтижесін көрсетті. Біздің осыдан шығаратын түйініміз – қандай
да болсын халық бір құрылымға жоғарыдан күштеп емес өз қолдауымен кіру
қажет. Мұның мысалы ретінде тек КСРО емес, сонымен қатар Рим, Византия,
Осман, Австро-Венгрия, Британия империяларының тағдырын айтуға болады.

Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-
түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық
интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі
40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.

Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық бірлестік
НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ,
Канада, Мексика.

Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина,
Уругвай, Парагвай.

Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.

Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ
бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы
жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экономикалық және саяси
мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.

Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді
сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге
ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол
жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн.

Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім
барлығы дерлік бір бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі
қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір бірімен тығыз
қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб
мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің
бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір бірі арасындағы
қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелерді
шешуге тырысуда.

1.2. Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар

Интеграциялық қарым–қатынасқа оң әсерін беретін блоктар болса, өзара
толықтырушы шикізат базасының болуы, бұл өзіне шикізат түрінің барлығын
енгізеді. Достастықтың дамыған жиынтық ғылыми-техникалық потенциалын тиімді
пайдаланған кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасындағы қайта
құрудың пайдалылығын көре алады.

Бұл интеграцияға сонымен қатар, географиялық жақындық, біртұтас
инфраструктураның болуы ең алдымен транспорт және байланысты жақындығы,
біртұтастығы оң әсер етеді. Экономика саласындағы мамандар мен жоғары
квалификациялық кадрларды дайындаудағы бір шарттар мен стандарттардың
болуы.

Ал енді интеграциялаушы (біріктіруші) және дезинтеграциялаушы
(айырушы) факторға тоқтала кетер болсақ:

а) біртұтас одақтас мемлекет шеңберінде:

Интеграциялаушы фактор: 1) барлық әлеуметтік – экономикалық қызметпен бірге
жоспарлы – директивалық жүйе басқармасындағы біртұтас тоталитарлы мемлекет.

2) Одақтың специлизациялық және кооперациялық, республикалар өнеркәсіп және
сыртқы толық қызмет арасындағы сауда – экономикалық, тауар – ақша ағымы,
шикізат қатынасындағы орталықтанған басқарма;

Дезинтеграциялаушы фактор: 1) біртұтас мемлекет және біртұтас шаруашылық
кешеннің ыдырауына алып келген экономикалық құрылымның әкімшілік жоспарлық
социалистік әдістің тиімсіздігі;

2) Экономикалық тиімділігін ескерместен құрылған өндірістік–технологиялық
кооперациялық байланыстардың көбінің жалғандығы;

б) Рыноктың экономикасы бар жаңа егеменді мемлекеттердің құрылу негізіндегі
өтпелі кезең:

Интеграциялаушы фактор: 1) техника–технологиялық және
инфраструктуралық байланыстар, мамандық және кооперацияның сақталуы.
Бұларсыз дайын өнімді шығару және көптеген ұлттық экономикалық өнеркәсіп
кешендерінің өзіндік қызмет етуі мүмкін емес.

Дезинтеграциялаушы фактор: 1) Рыноктық қатынастар мен сауда –
экономикалық байланыстарға көшу кезіндегі шикізат жеткізудегі тиімсіз
кооперациялық байланыстардың үзілуі;

2) Жаңа мемлекеттердің салық, бюджет, валюта, кеден және басқа да өзара
сауданы шектейтін әкімшілік, салық, тарифтік шаралармен өзіндік қаржы –
экономикалық жүйесінің құрылуы;

3) Достастықтың ең жетекші елі Ресейдің интеграциялаушы ролінің түсуі,
қоғамдық–саяси, демократиялық және экономикалық дамудағы шынайы
нәтижелердің болмауы, ал бұл өз кеэегінде ТМД басқа мемлекеттеріне тартушы
күші бола алуы мүмкін еді.

в) Экономикалық жағдайды тұрақтандырудың келесі кезеңі:

Интеграциялаушы фактор: 1) шаруашылықтың экономикалық жүйесінің
жақындығы біртұтас территориялық–шаруашылық және экономикалық
инфрақұрылымның сауда – экономикалық байланысының тиімділігі;

2) Интеграцияланған біртұтас экономикалық кеңістікте бірлескен тауар өндіру
қолдау шартындағы шикізатты өндіру және тасымалдау рыногындағы дамып келе
жатқан экономикаға деген өзара қажетттілік, әлемдік экономикалық рыноктағы
дамыған мемлекеттер бәсекесіне мен аймақтың экономикалық бірлестіктерге
бірлесе төтеп беру.

Дезинтеграциялаушы фактор: 1) өз мүдделерін мен тауар өндірушілер
мүдделерін қорғау, біртұтас әлемдік шаруашылық құрылымға енуші жаңа сауда –
экономикалық инвестициялық байланыс векторлары мен егеменді мемлекеттердің
экономикалық өзіндік дамуы;

2) тауар өндіруші және жаңа мемлекеттердің экономикасы арасындағы рыноктың
бәсекелестік қатынастың одан әрі дамуы; шикізат рыногы және арзан шикізат
үшін күрес; алыс шетелдермен жаңа оптималды транспорттық – коммуникациялық
байланыстарды құру.

ТМД-дағы интеграциялық үрдіске әсер еттетін факторлардың тағы біреуі
ол сыртқы және ішкі фактор. Сыртқы фактор дегеніміз ол аймақтан тыс жатқан
мемлекеттердің аймақтың ішіндегі мемлекеттер ара қатынасына әсер етуі. Бұл
мемлекеттер ең алдымен экономикалық пайданы көздеген мемлекеттер. Ал енді
ішкі фактор ол осы аймақтағы мемлекеттердің бір-бірімен бәсекелестігі.
Мысал ретіндегі Орталық Азия мемлекеттері аймағындағы жағдайды айтуымызға
болады. Орталық Азия мелекеттерін мынадай кезеңге бөлуімізге болады: 1994-
96 ж.ж. институционалды кезең деп сипаттап, түрлі органдардың құрылғанын
көреміз. 1996-98 ж.ж. аралығы “салқындық” бұл кезеңде қабылданған барлық
құжаттардың бәрі дерлік орындалмайды. Үшінші ол 98 жылдан бастап қазірге
дейін. Бұл аймақтағы саяси жағдайға көп әсерін тигізетін Астана мен Ташкент
арасындағы бәсекелестік. Бұл фактордың Орталық Азиядағы ролі өте зор. Бұл
теке тірестік бәсекелестікті Анкара, Тегеран, Вашингтон, Мәскеу қолданып
қалғылары келеді, яғни посткеңестік аймақта әлі де болса саяси,
экономикалық жағдайларға саяси көшбасылар мен элитаның ықпалы зор.

ЕО тәуелсіз мемлекеттердің интеграциясы нәтижесі болса, ал ТМД болса, бір
кездері біртұтас мемлекеттердің дезинтеграциясының нәтижесінде құрылды. ТМД
мемлекеттері әлі күнге дейін қандай да болсын бір ұлтүсті құрылымдарға
сенімсіздікпен қарап, оларды баяғы “Одақтық орталық құру” шарасы ретінде
қарастырады.

ЕО-тағы саясат келеді кетеді, ал интеграцияға деген бағыт сол
қалпында. Қоғамдастықтың тарихында не болмады! Еуропаның валюталық жүйесін
1978 жылы ГФР канцлері социал демократ Гельмут Шмидт пен Францияның саяси
спектрінің оң қанатының өкілі президент Жискар Д’Эстен құрады, бірақ екі
елдің саяси бағытын өзгерткен 1981-82 жылдардағы сайлаулардың нәтижесінде
валюталық саясатты одан әрі консерватор Г.Коль мен Франсуа Миттеран сәтті
жалғастырып алып кетті және ешқандай саяси катаклизмді көрмейміз.
Европалық интеграцияның барысына белгілі бір тұлғалар әсер ете алмайды.

Интеграциялық үрдіске қауіп төндіретін тағы бір айта кететін жайт ол
әлемдік державалар мен аймақтық мемлекеттердің геоэкономикалық мүдделері.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет шекарасының жақынында бағалы тіпті
стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар
көзіне айналдарып жіберуі мүмкін. Сондықтан президентіміз өзінің сөзінде
атап көрсеткендей Каспий бейбіт интеграция көзіне айналуы қажет. Тек бір-
бірімізге хабарлай отырып, күш–қуатымызды біріктіріп күшті пайдалы
механизмін құра аламыз, осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді
жеңе аламыз.

Сөзімізді қорытындылай келе біз ТМД интеграциясына әсер ететін
сыртқы, ішкі факторларды атап, ашып көрсетуге тырыстық. Бұдан нәтиже,
оңайлықпен еш нәрсе келмейтінін көреміз. Әр уақытта кедергілер, қиншылықтар
болады. Мәселе бұл қиыншылықтарға байланып қалмай, оны жеңу одан әрі даму.
Міне, менің ойымша ТМД мемлекеттері өздерінің интеграциялық даму
жолдарындағы қиыншылықтарға бірде жеңіліп бірде жеңіп өз өмірін
жалғастыруда.

2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары

XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол
дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы.
Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға
түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында
экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп
дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси
егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға
болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де
құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ
қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей
бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына
кері әсерін тигізді.

Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің, әлеуметтік өмірдің
интернационализациялануы мен интеграциланушы мемлекеттердің ұлттық,
мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған
халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық
Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында
тұрақтылық пен қауісіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз
өзектілігін атап көрсетуге болады.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан – 2030 жолдауында:
Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ таяудағы және алыс
перспективалардағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық
қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның
және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру
емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем
болуы тиіс - деп ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу)
Халықаралық экономикалық интеграция
Нарық және экономикалық интеграция
Экономикалық интеграция туралы
Интеграция
Еуропадағы интеграция
Халықаралық еңбек бөлінісі және экономикалық интеграция
Интеграция түсінігі
ТМД-ғы интеграция тарихы
Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь