Шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы



Шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы
Шетелдік инвестициялардың түрлері
Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту шараларын қаржыландыру көлемі
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы және ашық нарықтық экономиканы қалыптастыруымен байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті шетелдік инвестицияның рөлі мен мәні арта түсті.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін де ала келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жыл 8 қаңтардағы №373 –II Заңы.
2 “Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама” ҚР Үкіметінің қаулысы. 2010 жыл 30- қазан, № 1145.
3 Экономикалық даму: экономиканың нақты секторы. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2012 жыл.
4 Макроэкономикалық орта жəне Қазақстандағы экономикалық жағдайлар. Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп. ҚР Ұлттық Банкі мен Қадағалау Агенттігі. www. nationalbank.kz. 2012 жыл желтоқсан. www. nationalbank.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Экономика және қаржы факультеті
Экономика кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы

Орындаған: Мұсаев А.Ш.
Тобы: ЭФ-12-1к1
Қабылдаған: Құттыбаева Д.А.

Шымкент 2014ж
Шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы

Қазіргі таңда әлемдік экономикалық жүйенің жандануы жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы және ашық нарықтық экономиканы қалыптастыруымен байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті шетелдік инвестицияның рөлі мен мәні арта түсті.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді түрде жүзеге асырды. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар ашумен қатар өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін де ала келеді.
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталды молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражатты білдіреді. Инвестициялар инвестициялау формаларына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірістегі мақсаты мен рөліне және қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар, шетелдік инвестициялар, қоржындық инвестициялар болып бөлінеді. Шетелдік инвестициялар - шет ел инвесторлары жүзеге асыратын инвестициялар. Шетелдік инвестицияларға:
тікелей шетелдік инвестициялар (қаражатты компаниялардың немесе кәсіпорындардың жарғылық қорына немесе акцияларына салу);
қоржындық шетелдік инвестициялар ( қаражатты ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салу);
сыртқы несиелер, қарыздар, ресми және гуманитарлық көмектер жатады. Шетелдік инвестициялардың түрлері 1-суретте көрсетілген.
Тікелей инвестиция деп капиталды экспорттаушының оны қабылдаушы елдің территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Қоржындық инвестиция - ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп - 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарға (негізінен, акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсаған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-нен аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор рыногі мен қаржы құралдары дамымаған.

Шетелдік инвестициялар

Сыртқы несиелер, қарыздар, ресми және гуманитарлық көмектер
Қоржындық шетелдік инвестициялар
Тікелей шетелдік инвестициялар

Сурет 1. Шетелдік инвестициялардың түрлері

Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және мемлекеттік сыртқы борышты қалыптастырмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 1-ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 19-наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жыл 30- қазандағы № 1145 қаулысымен "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 -- 2014 жылдарға арналған бағдарлама" қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - шикізаттық емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндірістерге тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау және әлемдік сауда жүйесіне өңделген тауарлардың экспортын ілгерілету арқылы кірігу болып табылады. Бағдарламаның міндеттері:
1) Инвестициялар тарту талаптарын жетілдіру;
2) Қазақстанның оң инвестициялық имиджін ілгерілету;
3) Жаңа АЭА және индустриялық аймақтар (бұдан әрі - ИА) құру;
4) АЭА қызметін реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жақсарту;
5) Экспорттаушыларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстандық өнім экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу;
6) Экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету.
Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтық база жасалған. Мысалы, 2003 жылы Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Заң тарапынан отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарының толықтай қорғалуы мен жасалған келісімшарттардың тұрақтылығына кепілдік берілген. Сондай-ақ, Заңда Қазақстан экономикасының басым салаларында жүзеге асырылатын инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары отандық инвесторларға да, сол сияқты шетелдік инвесторларға да тең дәрежеде таралады.
Алайда, инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар (салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беруді, заңнамадағы өзгерістерден сақтау кепілдіктерін қоса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты. Шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдалану саясаты
Инвестицияның методологиялық мазмұны
Экономикалық инвестиция
Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тарту жолдары
Пәндер