Қостанай облысының экономикалық жағдайы



Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қостанай облысы сипаттамасы
2. 2011.2012 жылдардағы облыстың әлеуметтік.экономикалық даму қарқындары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. 1936 жылы құрылды. Қазақстанның төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектесіп жатыр. Облысымыздың Ресей Федерациясымен шектескен шекарасы 1250 км ұзындықты құрайды.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және оолиталық темір рудасы, боксит, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және косынды әк тас, песок, құрылыс тастары және т.б. Магнетиталық руда мен құба темірдің жалпы қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазба мен минералды шикізаттың 400-ге жуық кен орындары бар: 68 – жерасты сулары, 19 боксит кен орны ашылды, 7 – алтын және бір-бірден - күміс пен никель.
Су ресурстары. Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер – Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.
Облыстың жер қойнауы: магнетитті және оолитті темір кендері, бокситтер, қоңыр көмір, асбест, отқа берік және кірпіш саз балшықтары, флюсті және цементті әк тас, шыны жасайтын құм, құрылыс тастары және т.б. пайдалы қазбаларға бай. Магнетитті кендер мен қоқыр темір кендерінің жиынтық қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың 400-ге жуық кен орындары, оның ішінде – 68 жер асты сулары, 19 боксит, 7 алтын, бір-бірден күміс пен никель кен орындары барланған.
Облыс халқының саны 894,2 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың ішінде: 34,9% - қазақтар, 41,2% - орыстар, 11,9% - украиндықтар, 3,8% - немістер, 8,2 % - өзге ұлт өкілдері. Облыста 5 қала, 16 аудан бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қостанай облысының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2. www.kostansi.stat.kz
3. www.kostanay.gov.kz

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Экономика және қаржы факультеті
Экономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қостанай облысының экономикалық жағдайы

Орындаған: Мұсаев А
Тобы: ЭФ-12-1к1
Қабылдаған: Құттыбаева Д.А.

Шымкент 2014ж
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қостанай облысы сипаттамасы
2. 2011-2012 жылдардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. 1936 жылы құрылды. Қазақстанның төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектесіп жатыр. Облысымыздың Ресей Федерациясымен шектескен шекарасы 1250 км ұзындықты құрайды.
Жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай: магнетиталық және оолиталық темір рудасы, боксит, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпішті саз балшық, цементті және косынды әк тас, песок, құрылыс тастары және т.б. Магнетиталық руда мен құба темірдің жалпы қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазба мен минералды шикізаттың 400-ге жуық кен орындары бар: 68 - жерасты сулары, 19 боксит кен орны ашылды, 7 - алтын және бір-бірден - күміс пен никель.
Су ресурстары. Өзен жүйесі сирек. Облыс төңірегінде 300-ге жуық ұсақ өзендер ағып жатыр. Ең ірі деген өзендер - Тобыл (800 км облыс шеңберінде) және Торгай өзені (390 км). Тобыл өзенінде Тобылдың жоғарғы, Қаратамар және Амангелдінің су қоймалары орналасқан. Облыс аумағында 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Құшмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.
Облыстың жер қойнауы: магнетитті және оолитті темір кендері, бокситтер, қоңыр көмір, асбест, отқа берік және кірпіш саз балшықтары, флюсті және цементті әк тас, шыны жасайтын құм, құрылыс тастары және т.б. пайдалы қазбаларға бай. Магнетитті кендер мен қоқыр темір кендерінің жиынтық қоры 15,7 млрд. тоннаны құрайды. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың 400-ге жуық кен орындары, оның ішінде - 68 жер асты сулары, 19 боксит, 7 алтын, бір-бірден күміс пен никель кен орындары барланған.
Облыс халқының саны 894,2 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың ішінде: 34,9% - қазақтар, 41,2% - орыстар, 11,9% - украиндықтар, 3,8% - немістер, 8,2 % - өзге ұлт өкілдері. Облыста 5 қала, 16 аудан бар.

1. Қостанай облысы сипаттамасы

Қостанай облысы - Қазақстан Республикасының әкімш.-аумақтық бөлігі. 1936 ж. 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губ-ларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық (селолық) елді мекен бар. Орт. - Қостанай қ. Жер аум. 196,0 мың км2. Тұрғыны 913,3 мың адам (2004). Облыстың геогр. орны өте қолайлы. Ол солт.-батысы мен солт-нде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңт.-шығысында Қазақстанның Солт. Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңт.-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.
Обл. аумағы негізінен жазық дала. Солт-тен оңт-ке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физ.-геогр. белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250 - 400 м), солт-нде Бат. Сібір ойпатының (150 - 200 м) оңт. бөлігін, оңт-нде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250 - 300 м), қиыр оңт.-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450 - 500 м) қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солт-нде Золотая Сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңт-нде Тобыл өз-нің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңт. жағында жекелеген шоқылар (мыс., Жітіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі. Бат. Сібір ойпатының оңт-н көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алып жатыр. Облыстың оңт-ндегі Торғай үстіртінің солт. бөлігін көл қазаншұңқырлары мол Солт. Торғай жазығы (Құсмұрын к-нен Тобыл өз-не дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімденген Торғай үстіртінің орта бөлігі алып жатыр. Мұндағы суайрықтарды Қарғалы (310 м), Теке (262 м), Қызбел (219 м) және Сарыадыр (360 м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солт.-батысында Қоңыртау орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңт. Торғай жазығы Сарықопа к-нің оңт. бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен өлыжыланшық өзендерімен тілімденген. Облыс аумағының бір ерекшелігі - оның қиыр оңт.-батысынан солт-не қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өз-не дейін жететін ұз. 700 км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы, 397 м), Көкшетау (478 м), Қайыңдышоқы (569 м), т.б. көптеген тау-шоқылары кездеседі. өлыжыланшық пен Қараторғай өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр. Қ. о-ның жер қойнауы кен байлықтарына өте бай. Мұнда магнетиттік және оолиттік темір кендерінің, бокситтің, алтынның, никельдің, асбесттің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдарының (цементтің, флюстік әктастың), доломиттің, отқа төзімді балшықтың, қыш және кірпіш балшықтарының, әйнектік құмның, граниттің, диориттің, құмтастың, т.б. мол қоры бар. Облыс климаты тым континенттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа темп-расы солт-нде - 18 - 19ӘС, оңт-нде - 16 - 17ӘС. Кейбір қатаң жылдары - 40ӘС-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа темп-расы 19 - 20ӘС. Кей жылдары 35 - 40ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. солт-тен оңт-ке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70 - 75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3 - 4 рет қайталанған. Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылд. солт-нде 4 - 4,5 мс-тан, оңт-нде 5 - 6 мс-қа жетеді. Солт-нде оңт.-батыс және оңт. желдер, оңт-нде солт. және солт.-шығыс желдер басым.
Қ. о. өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және өлыжыланшық өзендерінің алабына жатады. Тобыл өз-нің алабына жататын өзендер (Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды) бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өз. Торғай қолатының орт. тұсынан алады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен, Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды, Сабасалды, т.б.) алады. Облыстың қиыр оңт-нде Торғай өз. алабынан бастау алатын өлыжыланшық өз. Жақсы Ақкөлге құяды. Қ. о-нда 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдер Солт. Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орт. тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында (Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз, т.б.), облыстың солт.-шығысында (Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта, т.б.) солт.-батысында (Шұбаркөл, Сасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.), Солт. Торғай жазығында (Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен Тентексор көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңт-нде (Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Алакөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдердің (Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік және курорттық маңызы бар. Тобыл мен Торғай өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суару жүйелері салынған. Олар Тобыл өз. мен оның салаларында Жайылма, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өз-нде Албарбөгет суару жүйесі мен Үлкен Дәмді өз-ндегі көлдетіп суару жүйесі, т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар. Олар мезо-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.
Қ. о-ның аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан. Солт. жағын қара топырақ, орт. бөлігін қоңыр-қызғылт топырақ, ал оңт. бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр-қызғылт топырақтар облыстың солт. және орт. аудандарында егін ш. мен мал ш-н өркендетуге қолайлы. Оңт-тегі сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал ш-на қолайлы.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солт. жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Арақарағай, Аманқарағай және Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 ж. мемл. қорық ұйымдастырылды (қ. Наурызым қорығы).

2. 2011-2012 жылдардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

2011 жылдың қорытындылары бойынша облысты дамытудың оң нәтижелеріне барлық негізгі бағыттар бойынша қол жеткізілді.
2011 жылдың қорытындылары бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) өткен жылға қарағанда 15,7%-ға өсті және 1135,6 млрд. теңгені, оның ішінде тұрғындардың жан басына шаққанда 1289,6 мың теңгені құрады. ЖӨӨ өсуіне негізінен қарқындардың ауыл шаруашылығында - 59,7%-ға, саудада - 12,4%-ға, құрылыста - 10,6%-ға жоғарылауы әсер етті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару 394,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі - 2010 жылға қарағанда 159,7%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында - 231,8%, мал шаруашылығында - 98,4% құрады. Мал шаруашылығы саласында төмендеуге ірі қара мал санының 34%-ға, шошқаның - 17,9%-ға, жылқының - 1,7%-ға азаюы әсер етті.
Өсімдік шаруашылығында бидай дақылдарын жинау гектар түсімділігі 18,4 центнерден айналғанда 7,9 млн. тоннаны құрады. Аталған көлем облыстың ішкі қажеттілігін жаңа егінге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экспорттық бидай әлеуеті 1088,2 мың тоннаны құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі және қолдану аумағы 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 100 мың гектарға ұлғайтылып, 3,9 млн. гектарды (облыс бидай танабының 91,1%) құраған ылғал сақтаушы технологияны кеңінен енгізу әсер етті.
Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемдері жыл сайын өсуде. 2011 жылы 8862,5 млн. теңге, оның ішінде субсидиялар 7182,3 млн. теңге көлемінде бөлінді.
2011 жылы 564 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 100,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда - 100,1%, өңдеу өнеркәсібінде - 102,5%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беру мен ауаны реттеуде - 116,1%, сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау
Қостанай облысындағы рекреациялық ресурстардың қалыптасуына әсер етуші табиғи факторлар
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу
Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Пәндер