Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке алу
Жоспар
Кіріспе
1. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1. Экономиканы несиелеудегі коммерциялық банктер мен банктік
емес мекемелер
2. Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке алу
2.1.Банктердің несиелерін есепке алу
2.2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу
2.3.Басқа да несие операцияларын есепке алу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
Несие түрі-бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені-коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Коммерциялық несие- бұл қарыз алушыға берген тауарын білдіреді. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты-тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие-бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банк несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты-пайыз түріндегі табыс алу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы келесідей:
• Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес,яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерлерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәселенің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Қолданылған әдебиет:
«Ақша, кредит, банктер»
Ғ.С. сейтқасымов,
Алматы, 2006.
«Ақша, кредит, банктер»
Ғ.С. сейтқасымов,
Алматы, 2006.
Жоспар
Кіріспе
1. Банктік несиенің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1. Экономиканы несиелеудегі коммерциялық банктер мен банктік
емес мекемелер
2. Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке алу
2.1.Банктердің несиелерін есепке алу
2.2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу
2.3.Басқа да несие операцияларын есепке алу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Банктік несиенің экономикалық мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-6

емес
мекемелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...6-7
2. Банктер мен банктік емес мекемелердің несиелерін есепке
алу ... ... ... .7-14
2.1.Банктердің несиелерін есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-16
2.2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке
алу ... ... ... ... ..16-20
2.3.Басқа да несие операцияларын есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-24

Несие түрі-бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрініс білдіреді. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені-коммерциялық, ал ақша
түріндегі несиені банктік деп атайды.
Коммерциялық несие- бұл қарыз алушыға берген тауарын білдіреді. Бұл несие
вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік
қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты-
тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді. Банктік несие-бұл экономикадағы кеңінен
тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банк несие бойынша
несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім
жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері
болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен
шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым
болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты-пайыз түріндегі табыс
алу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы келесідей:
• Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес,яғни тауар немесе қызметті
сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерлерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәселенің заңды түрде
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының
құнына қосылады.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің даму кезеңінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары
әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып,
жоғарлаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін
банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарлайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы
өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына(қарыз алушылар
қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін
пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міндеттемелерін өтеу үщін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы
өндіріс тұрғысынан алғанда. бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне
байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін
көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя
отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы
тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта
бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады.
Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты–пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушылармен
банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір
жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер
(қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз
капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде банктік емесдеген
атаққа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Екінші жағынан, қарыз
алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа
(акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік
– қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары
болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды
берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру
мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір
көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген
сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз
капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып,
банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
1. Экономиканы несиелеудегі коммерциялық банктер мен банктік емес
мекемелер
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор.
олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан–жақты іс–әрекет етеді.
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз
клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептеу, бағалы қағаздарды,
шетел валютасын сатып алу–сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген
қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер–нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны.
Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын
қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық
шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады. Қазіргі
коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және
аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет
атқарады. Енді коммерциялық банктер туралы кеңірек танысу үшін олардың
қызметтерін айтып өтейік:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі–банктердің ежелден
атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс
түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі–несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттар: ұсынылатын капитал
көлемінің қарызы қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялық банктер
қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы
кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің көбеюіне қамтамасыз етеді.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау–коммерциялық банктердің алғашқы
дәстүрлі–базалы қызметі. Бұл қаражаттардың негізгі бөлігін депзиттер
құрайды. Ал бұл экономикадағы ақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және
халық шаруашылығына да өз пайдасын тигізеді.
Коммерциялық банктер екінші басты қызметі–экономиканы және халықты
несиелендір. Соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несиелеу үлесі
артуда, оған әсер етіп отырған негізгі себеп ол Ұлттық банктің проценттік
пайызына ставкасының түсуімен байланысты болып отыр.
Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдары. Яғни
елімізде экономикалық даму, оның қызмет етуі күннен күнге даму үстінде деп
айта аламыз. Оны экономика саласына бөлінген несиенің 50%–ға өсуінен көруге
болады. Еліміздің банк жүйесіндегі халықты несиелеуді екінші деңгейдегі
банктер жүргізетіндіктен олардың банктік жүйедегі орны ерекше.
Екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдарының жалпы көлемінде ұзақ
мерзімде несие үлесі–64,8% немесе 749,9 млрд теңге, өсу қарқыны 2004 жылдың
1маусымымен салыстырғанда 65,1% болды.
Банк кредиттерінің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі саудада - 27,5%
өнеркәсіпте - 25,5%. Ауыл шаруашылығына берілген кредит үлесі өткен аймен
салыстырғанда 6,8%–ға өсті. 2004 жылдың 1 мусымына банктердің шағын
кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кредиттері жалпы кредит салымдарының
21,1% құрайды. Оның көбісі Алматы қаласында шоғырланған 59,4%. Жалпы
екінші деңгейдегі банктердің кредит берудегі салалар бойынша үлесін келесі
кестеден көруге болады.

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу–ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы
ретінде қайтарылатын капитал.
Несиенің объективті қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен суда капиталының
айналымдық заңдылығымен байланысты.
Несиелеу есепке алу үшін 60Несиелер бөлімшесіне енгізілген 3010Банк
несиелері, 3020Банктен тыс мекемелердің несиелері, 3030Басқа да
несиелер сияқты пассивті шоттарда пайдаланылады.
Банктердің несиелерін есепке алу. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен Қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес
жүргізіледі.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық
банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге
асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.
Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін
толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие,
негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми–техникалық
деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға,
ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа
тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға орындайтын клиенттерге,
өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк
акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі. Олардың ішінен жете
көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге,

акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық
және келісім–шарт негізінде беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге
асырылады. Банк қарыздары бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі
өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен

кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай
кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан–жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу
мерзімі, сондай–ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге
асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде
банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер
кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың
берген несиесін оқтын–оқтын пайдалана отырған болса, онда кәсіпорынның
берген өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін.
Әдетте, қарыз шоттары банктерден есеп айырысу шоты ашылған жерінде
ашылады. Бұл үшін кәсіпорын банкке төменде келтірілген өтініш–міндеттемесін
ұсынуы керек.
Сонымен қатар, банктен несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің
жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерін, жалға алу
келісімдерін, тіркеу куәлігі және клиенттің несие алу құқығының барлығын
растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш
рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне
қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң
ғана несиелендірілетін шараның техникалық–экономикалық негіздемесі,
күтілетін түсімнің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және
статистикалық есептері, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа
банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару
қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректер; банк
тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз
ететін мүмкіндігі және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.
Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға,
санитарлық–тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін
кәсіпорындарының құрылысының жобасы сондай–ақ жоғарыда аталған нормалардың,
мердігерлік келісімдердің сақталатындығын аталған нормалардың, мердігерік
келісімдердің сақталатындығын растайтын сараптау мекемелерінің және смета
құжаттары бар болса ғана несиелеу саясаты оң шешімін табуы мүмкін.
АЛМАТЫ САУДА–ҚАРЖЫЛЫҚ БАНКІСІНЕ НЕСИЕ АЛУ ТІЛЕГІН БІЛДІРУ
Алматы қ. 28 маусым 2002 ж
Қарыз сұраушы: АЛСИ ЖСШ
.
Мекен жайы: Алматы қ.,Бостандық ауданы, Көктем–2, үй
8 .
Реквизиті: Қазақстан Халық банкісі, СН600400063768,
ИИК3467726, Кбе17
Бик 190501956 .
Несиенің мақсаты:. ТМҚ алу
.
Несие соасы: . (Бес жүз) мың АҚШ доллары
.
Несие мерзім: . (алты) ай
.
Несиенің игеру графигі
.
Несиені өтеу графиі
.
Несиенің түрі .
.
Қамтамасыз ету .
.
(кепілдік, гарантия, алынатын (алынуы тиіс) шоттары
Қаржыландыру көзі .
.
(өз қаражаты, банкі несиесі)
Несиені өтеудің көзі .
.
Басшы:
Бас бухгалтер:
М.О.
Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының
несиені қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың өтелмеуіне әсер
ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында
өтеуі, басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және
қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені
пайдалану тиімділігі және тағы басқа мүмкіндігін зерттеуге міндетті.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін
пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге
құқығы бар. Тауарлы–материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да
кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім–шарт
бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай–ақ, кепілге алу міндеттемесі
қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге
салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады.
Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда,
нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиесілі
тауарлы–материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді
кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға
ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы
мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде
қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы–материалдық құндылықтарды
басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта
өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол
қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп, ол
бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге
салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда кепілге
салынған мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандыру соттың шешімі
бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылданған кезде,
әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы
қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның сақталуын тала
етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол
сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың
айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәтіпке сай, қарыз
алушының кепілге салған мүлігінің құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға
құқылы.
Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен
бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын
өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның
проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарыз алушының банкісіне
кепілші–банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде белгісі бар көшірме
ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі, ол қарыз бойынша
төлемді кейінгі қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап
етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.
Кепілшінің шотынандаусыз түрде қаржыны есептен шығару төлем–талап
тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының
өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру Сақтандыру жөніндегі
Қазақстан Республикасының Заңына әйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға
берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз
еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасау жолымен, өз бетінше сақтандыра
алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтелмегені
үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген
сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы
мүмкін.
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде
несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке
ұсынылуы мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдаланылуын және
қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің
барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі,
қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазұны
ашылады.
Банк қарызалушыға несиелік қызет көрсету үшін онымен бір жылға немесе
одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір
клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін
материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін–өзі
ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген жағдайларда өндіріс циклының
ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі
жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына
қарамастан, қолма–қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына
аударылады.
Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын , қарыз алушының несиені
өтеу қабілеттілгін, қарызданушының репутациясын, қаржылық және экономикалық
жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қаражатының пайдалану тиімділігін
басқа да жағдайларын жан–жақты талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне
бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың
әрбір тоқсан сайын запастары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және
кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметтерді
және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар,
айыппұлдар төлеуге міндетті.
КЕПІЛДЕМЕ ХАТ
731. 10 наурыз 2002 ж
нөмірі, күні
Тасты ЖСШ, созақ ауданы, Төле би, 123
Кепілші ұйымның атауы және мекен–жайы
Тұран–Әлем банкінің облыстық кеңсесі, Алматы қаласы, Желтоқтан көшесі, 20
Кепілгер банктің атауы және мекен–жайы
Жол –өткен АҚ, ОҚО, Созақ ауданы .
Қарыз алушының атауы және мекен–жайы
Көрсетілген қарыз алушыға тауарлы–материадық құндылықтарды алуға
2 000 000 теңге (екі миллион теңгеде) сомасында 2002 жылдың 10 желтоқсанына
сандармен және жазбаша
дейінгі мерзімге берілген және берілетін қарыздард және қарызды пайдаланғаны
үшін есептелінген проценттерді біздің банк мекемесі есебінен өтеп беруге
кепілдік береміз. Қарыз алушы көрсетілген қарызды және оны пайдаланғаны үшін
үстеме процентті банкпен жасаған несие шартында келісілген мерзімінде
қайтармаған жағдайда банкке алдын ала ескертпей–ақ, төленбеген қарызды және ол
бойынша процентті өзінің жарлығымен қарызды және ол бойынша процентті өзінің
жарлығымен біздің Қазақстанның Халық банкісіндегі №468677 шотымыздан өз
бетімен өндіруіне және өндіруді бізге тиесілі басқа да құндылықтарға бағыттау
(айналдыру) құқығын береміз.
Кепілдеменің күші осы қарыз және ол бойынша процент толығымен өтелгеннен кейін
тоқтатылады.
Кепілдеме хаты кепілшінің шоты ашылған банк үшін және қарыз алушыға қызмет
көрсетушіге арналып, ұқсас екі данада жасалады.
Ұйымның жетекшісі (қолы)
Бас бухгалтер (қолы)
М.О. 10 наурыз 2002 ж
Кепілдемені қабылдағаны жөніндегі кепілшіге қызмет көрсетілетін банктің
белгісі.
Кепілдеме хаты №731 күні 10 наурыз 2002 ж
Наурыз банкінің Республикалық кеңсесімен қабылданды
кепілдік –банктің атауы
Банк басшысының (қолы)
Бас бухгалтер (қолы)
М.О.
Ескерту: Кепілдеме бойынша несиелеу кепілдеменің екінші данасын, оны алғаны
жөнінде кепілгерге қызмет көрсететін банктің белгісін соққаннан кейін жүзеге
асырылады.
Несие алған жағдайда: 1040, 1010–есеп айырысу мен касса шоты;
3310–жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген
кезде аталған шоттар дебеттеліп және 3010 Банк несиелері шоты
кредиттеледі. Несиені өтеген жағдайда 3010 шоты дебеттеліп және 1040 шоты
кредиттеледі.
Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі
жеткенде 3010 Банк несиесі шотына: Мерзімінде өтелмеген ссудалар немесе
Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалық шоттарына есептен шығарылады.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстемесі пайызын есептейді. Есептелінген
пайыздардың сомасы 7310 Пайыздар бойынша шығындар шотының дебеті және
3380 Төленуге тиісті проценттер шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Проценттерді төлеу 3380 Төленуге тиісті проценттер шотының дебеті және
1040 Есеп айырысу шотындағы қолма–қол ақша шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Мысалы: Кәсіпорын банкіден 1105600 теңге несие алған, ол бір жыл екі айға
берілген және оның жылдық пайызы 20% құраған.
Несиені берген кезде, оның эквиваленті 8000 АҚШ долларына тең болған және
сол эквивалент бойынша (8000 дол) қайтарылатын болып шарттасқан.
Әр тоқсанның соңында эквивалент сомасын марапаттау пайызын төлейтін болып
келісілген. Сол есептелінген пайыз бойынша оның сомасы былайша анықталады:
Жылдық
Несиенің
пайыздың x Қарыз x берілген : 360 күн
мөлшерлемесі қалдығы күннің саны
Шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
Қата Шоттар
р Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, корреспонденциясы
№ теңге
Дебет Кредит
1 2 3
1 03.01.2002 ж. есеп айырысу шотына несие 1105600 1040 3010
аударылды
2 Келісімшарттың жағдайына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz