Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі



ЖОСПАР

Негізгі бөлім. Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі

1.1 Банктік шот және төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
1.2 Төлем.талап тапсырысымен есеп айрысу
1.3 Төлем карточкаларының есебі
1.4 Төленуге тиісті және зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі
1.5. Төлем тапсырысымен алдын.ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айрысу
1.6 Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі.
1.7 Банктегі арнайы шоттардағы есепайырысу есебі
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі курстық жұмыста "Банктік шот және төлем тапсырыспен еспайырысу есебі" талдау жасалып, сонымен қатар банктік шоттар туралы және төлем тапсырмаларымен есеп айырысу қарастырылып ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді. Осыған байланысты жабдықтаушылар мен және мердігерлермен есеп айырысу, Қазақстан Республикасының салық жүйесі бойынша төлемдер, төленуге тиісті және зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел және тиімді басқару үшін экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін және де халқымыздың экономикасының даму заңдылықтарын терең зерттеу үшін пайдаланылады.
Банктегі есеп айырысу, валюталық және арнай шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеруді жүзеге асырады. Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу , төлем тапсырыстары олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Ақша қаражатын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерін де банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валюталармен де жүргізіледі және олар ағымдық, жинақтық, корреспонденттік болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда мынадай әдістерді қарастырады: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе индоссаменттерді арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына аударуды; тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқада әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысулардың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Жұмысты орындау барысында негізгі әдістемелік реттеуші құрал ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30.03.1995ж.№2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30.05.2001ж. №182-II), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31.08.1995 ж. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25.04.2001ж. №179-II), Қазақстан Республикасының «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы 29.06.1998 ж. №237-I
Қолданылған әдебиеттер:

1) Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері
Қ.К. Келумжанов; Н.А Құдайбергенов
2) Бухгалтерлік есеп
Назарова Вера Леонидовна
3) Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
В.К. Радостовец ;Т.Ғ. Ғабдуллин; В.В. Радостовец;
О.И. Шмидт
4) Салық және салық салу
А.Д. Үмбетәлиев; Г.Е. Керімбек
Алматы Экономика 2006 ж
5) Қазақстандағы «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы 26/2 96 ж
6) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
К. Ш. Дүйсенбаев; Э.Т Төлегенов; Ж.Г Жумагалиева.
7) Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтер». (бухгалтерлік есеп негіздері)
8) Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп теориясы мен принциптері«Бухгалтерлік есеп теориясы мен негіздері»

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Негізгі бөлім. Банктік шот және төлем тапсырыспен есепайырысу есебі

1.1 Банктік шот және төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
1.2 Төлем-талап тапсырысымен есеп айрысу
1.3 Төлем карточкаларының есебі
1.4 Төленуге тиісті және зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі
1.5. Төлем тапсырысымен алдын–ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп
айрысу
1.6 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі.
1.7 Банктегі арнайы шоттардағы есепайырысу есебі
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі курстық жұмыста "Банктік шот және төлем
тапсырыспен еспайырысу есебі" талдау жасалып, сонымен қатар банктік шоттар
туралы және төлем тапсырмаларымен есеп айырысу қарастырылып ғылыми
тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді. Осыған байланысты жабдықтаушылар мен
және мердігерлермен есеп айырысу, Қазақстан Республикасының салық жүйесі
бойынша төлемдер, төленуге тиісті және зейнетақы қорымен есеп айырысудың
есебі, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу кәсіпорынның
және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел және тиімді басқару үшін
экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін және де
халқымыздың экономикасының даму заңдылықтарын терең зерттеу үшін
пайдаланылады.
Банктегі есеп айырысу, валюталық және арнай шоттарда тұрған ақша
қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша
берілген деректермен салыстырып, тексеруді жүзеге асырады. Ақша
қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу ,
төлем тапсырыстары олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражатын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерін де банк шоттары – бұл банк
пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс.
Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валюталармен де жүргізіледі және олар
ағымдық, жинақтық, корреспонденттік болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда мынадай әдістерді қарастырады: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем
тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе индоссаменттерді
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк
шоттарына аударуды; тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық
жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқада
әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысулардың негізгі нысандары: төлем
тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық
қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Жұмысты орындау барысында негізгі әдістемелік реттеуші құрал ретінде
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Заңы 30.03.1995ж.№2155
(өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30.05.2001ж. №182-II), Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет
туралы Заңы 31.08.1995 ж. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса
25.04.2001ж. №179-II), Қазақстан Республикасының Ақша төлемдері мен
аударулары туралы Заңы 29.06.1998 ж. №237-I

Банктік шот және төлем тапсырыспен еспайырысу есебі
1.1 Банктік шот және төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдер, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша
шартты түрде пайдаланылады. Егерде контракт сомасы көрсетілген лимиттен
асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіпті олар
жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражатын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерін де банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік
валюталармен де жүргізіледі және олар ағымдық, жинақтық, корреспонденттік
болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке
және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері
үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық
қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады.
Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша
қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін
ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұсатымен және қолданып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілерінің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді; қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе индоссаменттерді арқылы
беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына
аударуды; тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды;
республиканың заң актілерімен белгіленген басқада әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысулардың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптар мен
міндеттемелерді зачетқада жаза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына
ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы
тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлық-материалдық
құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға
алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем
құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретіндеде ұсынуы мүмкін. Бұл
құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда,
олар екі данада толтырылады, біріншісі банкке қалдырылады да, оның
электрондық көшірмесі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни
ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың
нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырманы толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды(БК немесе КБе) және жіберушінің коды (ЖК немесе
КОд) – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі- резиденттік
белгісін, ал екіншісі- экономиканың секторын көрсетеді.
- бенефициар- аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк- алушы- банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі- бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберуші мен жасалған келісім- шарттың
негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген және теңдестірілген банктік коды (ЖТБК
немесе ИИК)- филиаларалық айналымдарының коды(ФАК немесе МФО);
- төлем айналымының коды- ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемадерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
- бюджеттік классификациясының коды- салықтарды кері қайтаруда қойылатын
код;
- валюттелген күні- ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына
қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатын кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындаға жасалған келісімдер бойынша
төлем тапсырмалары; жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асыралады;
аванстық төлем, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдер.
Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аяасында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмейтіндей
етіп жасалуы керек.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
Төлем карточкадан қолма қол ақшаны алған кезде есеп беретін адамға ақша
қаражатын берген сияқты рәсімделеді, операциялар одан әрі қарай жалпы
қабылданған тәртіп бойынша көрініс табады.
Мысалы: Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытын және басқа
да шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын
төлем карточкасында төлеуді ұйғарған. Төлем карточкасы әзірленіп,
еңбеккерлерге берілген. Енді біз осы бйынша шоттар корреспонденциясын
келтіріп көрейік.
№ Шаруашылық операцияларының Сомасы, Шоттар
мазмұны теңге корреспонденциясын
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 Еңбеккерлерге төлем карточкасын
әзірлеу бойынша жасалған шығыстар
сомасы төленеді 200000 1250 1040
2 Еңбеккерлерге ағымдағы ай үшін
жалақысы есептеледі 1500000 7210,7110 4230
3 Жалақыдан ұсталынатындары 4110
жасалды: 3140Жеке
-10% міндетті зейнетақы жарнасы 137000 4230 табыс
үсталды салығы
-жеке табыс салығы ұсталды 73140 4230 субшоты
-төлем карточкаларын әзірлеуге
кеткен шығындары ұсталды 200000 4230
4 Есептелген жалақы еңбеккерлердің
төлем карточкасына аударылды 1089860 4230 1040

Сауда ұйымдары үшін төлем карточканың негізінде сатып алушылармен есептеуді
жүзеге асырған кезде 1040 Жолдағы ақша аударымдары деген шот
пайдаланылады 1040 шотының дебеті бойынша сауда ұйымдарының түсімдері
көрсетіледі, ал кредиті бойынша сауда ұйымдарынан аударылған ақша
қаражаттары көрсетіледі. Түскен қаржыны 1040 шот бойынша есепке алу үшін
банкке байланыс бөлімшелерінің квитанциялары, банк инкассаторына түскен
қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және тағы басқа
негіз болып табылады.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған
болса да.
Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана
болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі-
депозиттермен қамтылған, ал екіншісі қамтылмаған болып бөленеді. Бұл кезде
чектердің төлегетіндігі жөніндегі банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның
ішінде жабылмайтын чектер бойыншада. Чекті қолданумен байланысты банк пен
чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-
шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне
чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал
клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға міндетті. Чек
ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады.
Чектерге есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие
тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы
болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету
және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе онда
чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан ”бүлінген’’ деп жазу жазылады,
мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынуы тиіс. Чек кітапшасының алынған чектің күшінде болу мерзімі жазылған
күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай
жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады,
бұндай фактісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данадан болады:
Біріншісі - банкте қалса;
Екіншісіне -көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
Үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
Төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі;
Мерзімі – өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.
2. Төлем-талап тапсырысымен есеп айрысу
Төлем-талап тапсырысы жабдықтаушының сатып алушыға көрсетілген қызмет
немесе өнімнің бағасын келісім негізінде төлеу тапсырысы болып табылады.
Бұл есеп айырысу формасы жабдықтаушы банкінен басталады. Жабдықтаушы реестр
кезінде төлем-талап тапсырысы 2 данада өзінің банкіне инкассаға ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды шот менеджері тексереді, яғни ақша жіберушінің аты,
СТН, ИНТ, кодын жіберуші банктің толық атауы мен оның БИК және бенифициар
бойынша ұқсас реквизиттерді тексереді.
Қалааралық есеп айырысу кезінде төлем-талап тапсырысы 4 данада,
электронды түрде 2 данада толтырылады. Барлық құжаттар тексерілгенен кейін
төлем-талап тапсырысы реестрінің 1-ші данасы банкте қалады, 2-сі банк
белгісімен бенифициарға қайтарылады. Шот менеджері төлем-талап тапсырысқа
мөр қойып төлеуші банкке жібереді. Банк 30 күнтізбелік күн ішінде тапсырыс
жазылған күннің уақытымен бірге төлем-талап тапсырысты қабылдайды.
Төлеуші банкінде қабылданған төлем-талап тапсырысты тексереді де, барлық
даналарда қабылданған уақытты қояды және ақша жіберушінің акцептін талап
ететін төлем-талап тапсырысты кіріс журналына тіркейді. Бұл журналда төлем
бойынша және төлем-талап тапсырыстың акцептінен бас тарту бойынша белгі
қойылған.
Акцепт-тиелген тауар, көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушының төлем-талап
тапсырысын төлеуге төлеушінің рұқсаты. Төлем-талап тапсырысы қабылданған
күннен кейін келесі күні акцепт төлем үшін және жабдықтаушының келісімдегі
барлық шарттарын орындағанын тексеру үшін төлеушінің банкі төлем-талап
тапсырысының 1-ші данасын төлеушіге ұсынуы тиіс. Егер төлеуші 3 жұмыс күн
ішінде акцепттен толық немесе жартылай бас тарту туралы хабарламасы, онда
ол төлем-талап тапсырысты төлеуге келісті деген сөз. Төлеуші төлем-талап
тапсырысты төлеуден бас тартса өтініш жазады, жабдықтаушығы хабарлама
жібереді.
Акцепттен бас таратудың себептері:
1. келісімдегі шарттардың орындалмауы;
2. тауарлар сапасыз болған жағдайда;
3. санауларда арифметикалық қате болса;
4. белгілі тауар түрі тапсырылмаса және тағы басқа.
Егер бас тарту жартылай түрде болса, онда төлем-талап тапсырыс бойынша
акцепттен бас тартудың 1-ші данасы төлеуші банкіден қалады, ал егер 2-сі
хабардар ету үшін жабдықтаушы банкіне жіберіледі.
Егер төлеуші төлем-талап тапсырысты төлеуге өз келісімін берсе, онда
акцепт келесі жолмен безендіріледі. Төлем-талап тапсырыстың 1-ші данасында
шот реттеушілердің қолдары қойылады, акцептелетін сома көрсетіледі және
төлеуші шотынан қаржыларды өшіруге жауапты болатын банкке ұсынады.
Төлем-талап тапсырысты төлеген кезде:
Дт-2203 (төлеуші шоты)
Кт-1051
Ақша қаржылары болмаған жағдайда төлем-талап тапсырысы картотека №2
орналастырылады, пения төленеді: Кіріс-7303. кейбір төлем-талап тапсырысы
акцептісіз төленеді, яғни коммуналдық қызмет көрсету үшін, электронды және
тағы басқа төлемдер үшін (акцепсіз деген штамп қойылады). Мұндай төлем-
талап тапсырысы төлеуші банкіне түскен кезде қабылданады. Пения төлеушіден
жіберілген төлем күні үшін бенефициар пайдасына алынады. Қалааралық есеп
айырысу кезінде бенефициар банкінде төлем-талап тапсырысы бойынша төлем
қабылданғанда:
Дт-1051
Кт-2203 (бенефициар)
Егер төлеуші мен жабдықтаушыға бір банк қызмет көрсетсе:
Дт-2203 (төлеуші)
Кт-2203 (бенефициар)
Төлем-талап тапсырысымен есеп айырысу кезіндегі құжат айналымының схемасы.

Ақша жіберуші банкі Бенефициар банкі

Ақша жіберуші Жабдықтаушы бенефициар

1.3 Төлем карточкаларының есебі
Инкассациялау шығындарын қысқарту, бухгалтерияның жұмысын жеңілдету,
Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын
жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары – ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа
да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға,
қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредитік және корпоративтік болып бөлінеді.
Дебет карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің
қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының ішінде оның
ұстаушылары төлем жасай алады. Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын
төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративік төлем карточкаларын
ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар – бұл да төлем карточкалары, ол оны
ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың
негізінде беріледі. Бүгін де әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың
қаржылық тетігі ретінде 2 млр карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам
кезең ішінде Visa және Master Crad халықаралық карточка жүйесі үлкен
жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн кәсіпорын төлем карточкалары
ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына:
супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім
сататын дүкендер тағы басқа жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен
шығарылған төлем карточкалары пайдаланады. Төлем карточкалары келесі
көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкалары мен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың жағдайы;
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары тек теңгемен
төленеді. Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын
оларға авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте
немесе телефо байланыстары арқылы жүреді. Төлем құжаттары эквайерге
көрсетілген қызметке немесе сатып алынған тауарға ақша төлеу туралы нұсқау
береді. Қолма –қол ақша алған кезде төлем құжаттары карточка ұстаушыларға
төлемдердің берілгені бойынша банк эквайері қолма-қол ақшаның орнын толтыру
туралы нұсқау береді. Төлем карточкаларымен операцияларды жүзеге асыру
кезінде міндетті түрде не қағаз, не электрондық нысанда құжаттарын жасайды.
Егер ол қағаз нысанында жасалса, онда ол: слиптен, электрондық терминал
квитанциясынан алынады, ал егер электрондық нысанда жасалса, онда ол:
электрондық журнал құжаттарынан немесе банкоматынан алынады. Қазақстан
Республикасыда тауар мен қызметін төлеу үшін төлем карточкасының
пайдаланғаны слиппен немесе сатып алынған сомасына екі данада берілген
сауда чегімен расталуы мүмкін. Слип үш данада рәсімделеді: біріншісі
банкке, екіншісі кәсіпорынға, үшіншісі карточка иесіне беріледі.
Слип нысаны мынадай болады:
“TVERSKAYA” HOTEL
**********RESEPTION********
******
TVERSKAVA – YAMSKAYA STR
34
MOSKOW
Қонақ үйде тұрғаны үшін T11088001 B0940
есептесу кезінде U1001088001 R007726
пайдаланатын төлем құжаты *****VISA*******
4273 6200 8915 9591
0502 (D)
SALE OFFLINE
AMOUNT: RUR 16788.15

PLEASE DEBIT MY ACCOUNT
CUSTOMER SIGNATURE

(карта ұстаушысының қолы)
AUTH CODE: (5)030641
***23062000 01:39***

Төлем құжаттары келесі реквизиттерден тұрады:
-төлем құжаттарының нөмірі және жазылған күні, айы, жылы.
-операцияны жасаған ұйымның толық атауы(коды) және эквайер.
- карточка төлемінің реквизиті.
- төлем сомасы.
-төлем валютасы.
Төлем құжаттары (слип) төлем каточкаларын ұстаушылардың қолынсыз-ақ
жасалуы мүмкін, ол кезде олар электрондық құжаттарын негізге алады. Төлем
құжаттарын жөндеуге, өшіруге рұқсат етілмейді.
Сауда чегі – төлем карточкасын жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни
төлем жасалып біткен соң карточканы ұстаушыға беріледі және келесі міндетті
реквизиттерден тұрады:
-құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы, жылы;
-операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентивикаторы);
- төлем сомасы.
-төлем валютасы.
- төлем карточкаларының реквизиттері.
Енді біз төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын
шоттар корреспонденциясын мысал ретінде келтірейік.
Мысалы, Кәсіпорын VISA халықаралық корпоративтік карточкасын шығару мен
қолдану үшін банкпен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісімшарттың
негізінде біріңғай шот-картасын ашып, сонымен қоса ондағы еңбеккерлеріне іс
сапарымен, офисымен, үстеме шығыстарымен есепайырысу үшін таратып берген.
Шот-картасы шетелдік валютада ашылған және ол АҚШ долларымен есептелінеді.
Шот – картасына орналастырылған ақша қаражаты, 423 шотының дебетінде
көрініс табады. Демек, олардың келіп түскен кезінде: 423шоты дебеттеліп
және 1040, 1050 шоттары кредиттеледі.
Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 423 шоттың кредитінен
мына шоттардың дебетіне жазылады:
-1250 - қолма-қол ақшаны іс-сапар мен шаруашылық шығыстарына, авиа, темір
жол билеттерін сатып алуға арналған кезде;
- 7210, 7110, 938- корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа,
көрсеткен қызметке, қонақ үйде тұрғанына төлеген кезде;
- 7210- банкінің комиссиондық төлемдерін төлеген кезде;
-1310, 203,1320 тағы басқа, карточка арқылы алынған тауарлы материалдық
құндылықтарды төлеген кезде.
Ай соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі
беріледі.
Сол көшірменің үлгісі төменде келтірілді.

Контракт бойынша бланк көшімесі 014-ECMC шот 001-16187319
Кезен 01.04.02-ден 01.05.02-ге
Алматы, 600710773355
Карта № 5483181007205035
22-294, Достық даңғылы
Валюта контрактысы USD
Аубакиров Ж.Л
Валюта шоты USD
Ағымдағы баланс
8, 921.95
Шот Шот Есептен
бойыншаКүні Трануакстік ТрануаксВалюта Комиссиякартасыншығары
күні мазмұны тік дағы латын
сомасы валютанысомасы
ң сомасы
0904009040427704501009628-1 0,00.0KZT -0,69 -68,68 -69,37
2 2 0 0
Банкомат
12040120404277045010096281, 500.00USD 0.00 1,500.001,500.00
2 2 0
Төлем картасы
бойынша
жасалған
жарнасы
170401703042770450100965145 ,131.4KZT -1.24 -310.39 -311.63
2 2 2 0
Сатып алынған
КАZ ASTANA
INTERCONTINENTA
L
1704014040427704501009628-3 ,712.8RUR -0,52 -130.76 -131.28
2 2 0 5
Сатып алынған
RUS MOSCOW
UKRAINA
PORTYE-1
1804016040427704501009628-1 ,226.2RUR -0,17 -43.14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп айырысу операцияларды және олардың жіктелуі
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Банкаралық есеп айырысу есебі
Кәсіптік тәжірибе есебі
Халықаралық банктік есепайырысу
Есеп айырысу операциялары
Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Төлем жіберуші банк
Пәндер