Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім. Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі

1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.
1.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
2.1. Банктің жарғылық капиталының есебі
2.2. Акционерлерден сатып алынған акциялар есебі
2.3. Дивидендтерді есептеу және төлеу тәртібі
3.1.Банктің таратылған қаражаттары
3.2. Банктің депозиттік операциялары
3.3. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Банктің кредиттік-төлемдік және басқа да операциялар жасау үшін пайдаланылатын ақша капиталының (банк ресурстарының) жиынтығы. Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор және жыл бойына бөлінбеген пайда) мен сырттан таратылған капиталдан (депозиттік қаражаттар, халықтың салымы) құралады. Банктің өзіндік капиталы.
Банк капиталының 15-25%-н ғана құрайды. Әйтсе де, оның банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызы зор, банктың тұрақтылығы, өтімділігі мен қабілеттілігі өзіндік капиталдың көлеміне байланысты. Банк шығындарын банкротқа ұшырау қаупі төнсе, бұдан құтылу үшін өзіндік капиталға сүйенеді. Өзіндік капитал банк қызметін ұйымдастырдың бастапқы кезеңінде де маңызды рөл атқарады. Банк өзіндік капитал көлемін қосымша акциялар шығарып немесе жылдық пайда есебінен ұлғайтып отырады.
Банк капиталының қомақты бөлігі сырттан тартылған қаржылардан тұрады. Егер банктің экономикалық жағдайы орнықты төлем қабілеттілігі, өтімділігі жоғары болса, сырттан ресурс тарту қиынға түспейді.
Мұндай банктер үшін мол пайда әкелмейтін өтімділігі жоғары активтік резервтердің көп мөлшерде сақтамай-ақ, өз ресурстарын жоғары пайдалы кредит партфеліне, құнды қағаз сатып алуға жұмсауына болады. Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С.Т. Міржақыпова «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы Экономика 2006 ж
2. C. Б. Мақыш «Банк ісі» Алматы 2007ж
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
5. «ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
7. Қалғұлова Р.Ж. «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж.
8. Көшенова Б.А. « Бағалы қағаздар нарығы» Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 1999 ж
9. «Банки Казахстана» журналы №10 2005 жыл
10. «Қаржы қаражат» журналы №2 2005 жыл
11. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2007 жыл. №9-2бет
12. Депозит нарығы // Банки Казахстана - 2006 жыл. №11-4бет

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім. Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі

1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.
1.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
2.1. Банктің жарғылық капиталының есебі
2.2. Акционерлерден сатып алынған акциялар есебі
2.3. Дивидендтерді есептеу және төлеу тәртібі
3.1.Банктің таратылған қаражаттары
3.2. Банктің депозиттік операциялары
3.3. Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
Негізгі бөлім. Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі

1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері ... ... ... ... ... ..9-15
1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-19
2.1. Банктің жарғылық капиталының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-23
2.2. Акционерлерден сатып алынған акциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ...24-25
2.3. Дивидендтерді есептеу және төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26
3.1.Банктің таратылған қаражаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-33
3.2. Банктің депозиттік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34-35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Кіріспе
Банктің кредиттік-төлемдік және басқа да операциялар жасау үшін
пайдаланылатын ақша капиталының (банк ресурстарының) жиынтығы. Банктің
өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор және жыл бойына бөлінбеген
пайда) мен сырттан таратылған капиталдан (депозиттік қаражаттар, халықтың
салымы) құралады. Банктің өзіндік капиталы.
Банк капиталының 15-25%-н ғана құрайды. Әйтсе де, оның банктің қалыпты
жұмыс істеуі үшін маңызы зор, банктың тұрақтылығы, өтімділігі мен
қабілеттілігі өзіндік капиталдың көлеміне байланысты. Банк шығындарын
банкротқа ұшырау қаупі төнсе, бұдан құтылу үшін өзіндік капиталға сүйенеді.
Өзіндік капитал банк қызметін ұйымдастырдың бастапқы кезеңінде де маңызды
рөл атқарады. Банк өзіндік капитал көлемін қосымша акциялар шығарып немесе
жылдық пайда есебінен ұлғайтып отырады.
Банк капиталының қомақты бөлігі сырттан тартылған қаржылардан тұрады.
Егер банктің экономикалық жағдайы орнықты төлем қабілеттілігі, өтімділігі
жоғары болса, сырттан ресурс тарту қиынға түспейді.
Мұндай банктер үшін мол пайда әкелмейтін өтімділігі жоғары активтік
резервтердің көп мөлшерде сақтамай-ақ, өз ресурстарын жоғары пайдалы кредит
партфеліне, құнды қағаз сатып алуға жұмсауына болады. Банктің пассивтік
операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша
банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға
бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы
банктік ресурстар болып табылады.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы
2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар
Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттардың үлесіне тиеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының
рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің
тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды.
Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен
банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы
ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы–банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады. Қазақстанда екінші
деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның
банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты. Банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер
және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы
отандық банктердің меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын
пруденциялдық нормативтерді көрсету;
• Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер
жүргізу;
• Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау
жүргізу.
ҚР Банк және банк қызметі туралы Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы
нарығын қадағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған
нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық
авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді,
статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының
ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін
маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің
қосқан үлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және
банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып
табылады.
Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен
қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
• Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден
сақтайды;
• Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
• Ағымды шығындарды жабады;
• Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
• Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын
қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін
әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы
мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан
Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу
агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі
санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың
мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын
мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының
жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын
банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік
операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық
операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен
қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв
құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар,
шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады,
сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің
тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен
өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің
қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті
құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы
болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің
болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған
ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады.
Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда
сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі
мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде
резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде
және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк
жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар
болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк
қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.
Банктер Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері атты нормативке сай,
тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге
міндетті. Бірақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған
кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің
айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бырақ оның жарғылық
капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасынан
кем болмауы керек.
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі
бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан
қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп
айтуға болады.
Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы
сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасындағы
айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді. Қазақстан Республикасының
қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агентігімен
қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің
активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады.
Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден
бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде
көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курстық жұмыстың қосымша мәліметтер атты
бөлімінде толық көрсетілген.
Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады.
Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі
жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен
нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен
банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын
нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды
мөлшерін ұлғайтты.
Меншікті капиталдың негізгі қиыншылықтарының бірі–меншікті капиталдың
жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:
1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер
құрылымын өзгерту;
Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айырысу, депозиттік
шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі
жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор.
Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының
нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты
операциялар болып табылады.
Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз
міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.
Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған
ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді
активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер
бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып,
капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.
Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің
көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен
міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы
нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының
мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті
капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңды және жеке
тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары
мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті
қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы
қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы
қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі
баптардан тұрады:
• Жарғылық капитал–жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар),
ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
• Банктік резервтер–яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды
жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын
жабуға арналады;
• Қосымша төленген капитал–жай және ерекшелігі бар акциялардың сату
курсы мен номиналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
• Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
• Бөлінбеген таза кіріс–банк меншігінде қалатын, жылдан жылға
жинақталатын кіріс сомасы;

1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы.

1.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын
қамтамасыз ету де маңызды.
Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз
банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте
қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ
мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және таратылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте
ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да
дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несилік жұмсалымдар беріледі.
Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді.
Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның
ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары
болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.
Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы
төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің
корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға банк өзінің
корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы–банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған бактің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижсіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға
әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай
баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендеу мақсатында құрылған
қорлар (резервтер);
- бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің
пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады.
Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары
немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
- акционерлік банк формасында;
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында.
Пай қос арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және
пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда,
акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша
акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын
өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі-акционерлік капитал. Бағалы қағаз
(акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушыларға-акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Акционерлік банктің акциясын-банктің жарғылық капиталына үлес
қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне
араласуға құқық беретін бағалы қағаз. Акционерлік капиталдың құрылымы әр
банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға,
дивидендттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемемесі (ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің
келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да
акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң
түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құрылуы төмендегідей
кезеңдерден тұрады:
1. Бағалы қағаздардың проспект эмиссиясы дайындау және оны
сараптамадан өткізу;
2. Бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3. Эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. Шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелері.
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады:
- банктік акционерлік формада құру;
- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор-банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу
мақсатында құрылған қаражат қоры.
Қосымша капиталдар-негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған.
Аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар-негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды.
Бөлінбеген пайда-акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- банк пайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару жатады.
Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық
тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан
тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады:
1. Қорғаныс қызметі;
2. Шұғыл қызметі ,
3. Реттеуіш қызметі;
4. Айналым қызметі;
5. Резервтік қызметі;
1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті капиталдың қорғаныс қызметі оның
капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей
байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған
жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді. Банктің меншікті
капиталының қорғаныс қызметі, банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу
мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда,
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.
Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді.
Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
2. Шұғыл қызметі. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне
қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Меншікті капиталдың
шұғыл қызметі жер, ғимарат, құрал–жабдықтар алуға қажетті меншікті
қаражаттарды жұмылдыруды, сондай–ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына
байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы көздері әсіресе, банкік
қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейінен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ
мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз
етуден басқа, банктің меншікті капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл
қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды
жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекетік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің капиталына қатысты ережелер, оның ең төмеңгі мөлшеріне қойылатын
талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтерді
сатып алу шарттарын қамтиды.
Пруденциялдық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттеуіш қызметте несиелік және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдалаланады.
4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса
зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық
қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты
болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке
алатын активтік айналымдарды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл
қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті
атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік,
факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздарды сатып алуға,
басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай
отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана
емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті
операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер
тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте
резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын
резервтер сияқты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын
толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі –
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау органдарымен қойылатын пруденциялдық нормативтер
негізінде банктің меншікті капиталының көлемімен байланысты болады. Осы
қарастырылып отырған классификация негізінде реттеуштік функцияға банк
капиталын несиелік пен инвестициялақ операцияларын шектеу мақсатында
қолданылатын құрал ретінде жатқызады. Басқа аналитиктердің айтуы бойынша,
капиталдың басты мақсаты болып тәуекелділікті төмендету ретінде басшылыққа
алып, капиталдың келесі функцияларына көңіл аударады:
• Капитал, банктің шығындарын жаба алатын, сондай ақ оның төлем
қабілетін сақтай алатын буфер ретінде қолданылуы;
• Банктің төлем қабілетімен байланысты проблемалардан сақтап, қаржылық
ресурстар нарығына жол ашуға мумкіндік береді;
• Тәуекелділікті төмендетіп, оның өсуіне жол бермейді;
Капиталдың несиелерге қатысты шығындарға қарсы буфер ретінде қызмет
етуінде маңызы өте зор. Оның маңыздылығын келесі мысалмен келтіруге болады:
егер банк клиенттері алған несиелер бойынша өз міндеттемелерін орындауды
тоқтатса, лезде пайыздар мен негізгі төлемдер бойынша ақша қаражаттарының
түсімі азаяды. Ақша шығымы өзгермейді. Түсім сомасы шығым сомасынан артық
болып тұрған жағдайға дейін, банк өзінің төлем қабілеттілігін сақтайды.
Мұнда да капитал өзінің буферлік қызметін атқарады, себебі ол міндетті
шығымдарды азайтып отырады. Банк төлем қабілеттсіз болғандықтан, акциялар
бойынша дивиденттердің төлем мерзімін ұзарта алады. Ал банк қарызы бойынша
пайыздар төлеу міндетті.
Жеткілікті капиталы бар банктер қосымша акциялар мен міндеттемелер
шығарады, себебі аз түсімнен келген шығындардың орнын жаңа қаражаттармен
жабу және уақыттан ұту керек. Неғұрлым банк капиталы жоғары болса, соғұрлым
банк төлем қабілетсіз болғанға дейін, активтердің көп бөлігі төленуі мумкін
және соғұрлым банктің тәуекелділігі төмен болады.
Капитал дәстүрлі көздерден кәдімгі жай пайыздық ставка бойынша банкке
қарыз алуға мүмкіндік береді. Капитал қарыздың көмегімен қаржыланатын
активтердің тәуекелдігінің өсуін азайтады және шектейді.
Бұл қызметтер капиталдың ативтерге белгілеген мемлекеттік органдардың
нормативтерімен тығыз байланысты. Егер банк қарыз мөлшерін көбейтуді немесе
басқа активтерді сатып алуды жоспарласа, онда олар жарғылық капиталды
қосымша қаржыландыру көмегімен өсімді ұстап отыруы керек.
Сонымен, аталған банк капиталының аталған қызметтері көрсеткендей,
меншікті капитал–банктің коммерциялық қызметінің негізі. Ол банктің
тәуелсіздігіне және оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады, банктің түрлі
қауіпті-қатерлі тәуекелділіктерді реттеу көзі бола алады.
Меншікті капиталдың құрамында банктің жарғылық капиталының үлес салмағы
маңызды екені белгілі. Ол меншікті бағалы қағаздарды шығару жолымен
қалыптастырылады және сондықтан кеңінен оны акционерлік капитал деп атайды.

1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі ұзақ уақыт бойы ғылыми
зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы
пікірталасқа айналып келеді. Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін
капиталдың төменгі мөлшерден болғанын қалайды.
Ал банк бақылаушылар, банктердің банкроттық аулақ болуы үшін
капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді.
Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін,
себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай
алды деген пікірлер бар.
Капиталдың жеткіліктілігі термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі–бұл банк
капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті.
Сондай–ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан
тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі
мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат таратуға ынтасыз болып
келеді.
Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан–қадағалау және бақылау
ұйымдары, екінші жағынан–банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да
қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін
мынадай формуламен анықтауға болады:
МК = А – М
Мұндағы,
МК - Банктің меншік капиталы;
А – банктің активтерінің жалпы сомасы;
М – банктің мідеттемелері.
Банктің ресурстарындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлгісінде
болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру
мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды
ескеруі қажет:
- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне
қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік
қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары
өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі,
бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар
банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал
қазіргі оның шамасы 12% -ды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем
қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді.
Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз
деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті
капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.
Банктің меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші
жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен
пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылы Базель комитеті келісімінің
шешімімен Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы
келісімшарт негізінде Кук коэффициенті деп аталатын капитал
жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне
енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің
Қазақстан Ұлттық банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері
арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал
екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың
жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс
мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс
операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төменгі тәуекелді
активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін
анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді активтер көрсеткіші болып
саналады:

мұнда: КАр- Тәуекелді активтер коэффициенті;
МК- Банктің меншікті капиталы;
- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі меншікті қаражаттардың коэффициенттер
түрідегі меншік капиталының жеткіліктілігінің нормативтерін белгілеген:
бірінші деңгейдегі меншікті капиталдың банк активтері сомасына қатынасты (
0,6-дан кем емес):

Мұндағы: К1 - бірінші деңгейдегі меншікті капитал,
АР – барлық активтері сомасы;
Пс – құрылған резервтер (провизиялар);
және меншікті капиталдың тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер
сомасына қатысты (0,12- ден кем болмауы керек):

Мұндағы: К1 - бірінші деңгейдегі меншікті капитал,
АР – тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшенген активтер
сомасы;
Пс – құрылған резервтермен (күмәнді және шығынды
несиелер бойынша провизиялар); меншікті капиталға енбеген құрылған ортақ
резервтер сомасы қосындысы.
Меншікті капитал екі деңгейден тұрады. Меншікті капитал (К) бірінші
және екінші деңгейлі капитал сомаларынан банктің акцияларға инвестицияларын
және басқа заңды тұлғалардың бағынышты борышын шегергендегі сома ретінде
есептелінеді.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):
• Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (Шоттар: 3001,3025
минус 3002,3026,3003,3027);
• Қосымша капитал (3101 шот);
• Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер,
өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;
• Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);
• Өткен жылдың шығындары (3599 шот);
• Ағымды жылдың шығындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Банктің меншікті капиталы және оның атқаратын қызметі
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Банктің мешікті капиталы
Банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы
Банктің меншікті капиталы
Банктің меншік капиталы
Банктің заемдық және тартылған қаражаттары
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың дамуы
Пәндер