Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



ЖОСПАР

Кіріспе
І Бөлім Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1. Тауарлар есебі, оларды кірістеу және төлеу
1.2. Тауарларды сату есебі
1.3. Тауардың, дайын өнімнің есебі
1.4. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
1.5. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
ІІ Бөлім Тауарларды сату процесі және импорт, экспорт, реэкспорт операциялыры
2.1. Сату процесінің есебі
2.2.Тауарлардың экспорт бойынша операциялар есебі
2.3. Тауарлардың импорты және реэкспорт бойынша операциялардың есебі
2.4. Сауда және коммерциялық делдалдық қызметтегі бухгалтерлік есеп

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімге бөлінген, тоғыз тақырыптан тұрады. Тақырыпқа сай жалпы сауда және басқа субъектілер жүзеге асыратын тауарлық операциялар өнімдердің айналымнан жеке және заңды тұлғалардың тұтынуына өтудегі экономикалық процесті көрсетеді. Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы және курстық жұмысымның толықтай мазмұны жайлы ескердім. Ал жалпы тауарлар есебі, оларды кірістеу және төлеу, олардың негізгі шоттары және сатуға арналған тауарлар өндірушіден сауда желілеріне, көтерме сауда кәсіпорындарына және басқа субъектілері көрсетілген. Екіншіден сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы жөніндегі құжаттама жайлы, яғни тауарлар есебі қандай құжатта жүргізілетіні және қалай жүргізілетіні жайлы мағлұмат алуға болады. Сонымен қатар бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Бухгалтерлік есеп шоттардың бас жоспарына сәйкес тауарлы–материалдық қорлардың қолда бар болуы мен қозғалысы 1330 «Сатып алынған тауарлар» шоты 22 «Тауарлар» бөлімшесінде жүргізіледі. «Тауарлар» ұғымы төрт субшоттан: 1331, 1332, 1333, 1334 тұратындығын қарастырамыз. Шаруашылық құралдарының айналымы сату процесінде аяқталады олар өнім сатудан түскен табысты кәсіпорын дайындау және өндіріс процестерін жаңарту, пайданы жинақтау, кәсіпорын жұмысшыларын ынталандыру және тағы басқа мақсаттарға пайдаланады.
Тауарларды сату процесі және импорт, экспорт, реэкспорт операциялыры қарастырылған. Импорттық операциялардың есебін кәсіпорынның мұқтаждықтарына пайдалану немесе қайта сату мақсатымен шетелдік сатушылардан тауар сатып алатын кәсіпорындар жүргізеді.
Экспорттық операциялардың есебін экспортқа өнім өндіетін және делдалдарсыз оның саудасымен айналысатын, сондай–ақ комиссиялық сыйақы үшін тауардың экспорты бойынша кәсіпордың тапсырмаларын орындайтын делдалдық ұйымдар арқылы да жұмыс жасайтын кәсіпорындар жүргізеді.
Реэкспорт - кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды сатып алу және оны басқа шет елге сату болып табылады
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес, бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерзіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Тауарлық есеп беруде есептік кезеңде тауармен жабдықтаған жабдықтаушы, тауарды сатып алушы, құжаттардың күні мен нөмірі, әрбір құжат бойынша кіріс және шығыстық бөлікпен жеке есеп беру бойынша тауардың құны көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер

1) "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері"
Қ.К. Келумжанов; Н.А Құдайбергенов
2) "Бухгалтерлік есеп" Назарова Вера Леонидовна
3) "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп"
В.К. Радостовец ;Т.Ғ. Ғабдуллин; В.В. Радостовец; О.И. Шмидт
4) "Салық және салық салу "А.Д. Үмбетәлиев; Г.Е. Керімбек
Алматы Экономика 2006 ж
5) " Қазақстандағы «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» " Заңы 26/2 96 ж
6) "Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау "
К. Ш. Дүйсенбаев; Э.Т Төлегенов; Ж.Г Жумагалиева.
7) "Басқару есебі" Назарова Вера Леонидовна
М.С. Жапбарханова. Д.А.Фурсов . С.Д.Фурсова
8) "Бухгалтерлік есеп негіздері" Н.Қ.Қабылова. Ш.А..Доспалинова.
Е.Н. Оразалинов
9)”Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі”. Б.С. Мырзалиев., А.А. Сәтмырзаев., Р.С. Әбдішүкіров

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
І Бөлім Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
1.1. Тауарлар есебі, оларды кірістеу және төлеу
1.2. Тауарларды сату есебі
1.3. Тауардың, дайын өнімнің есебі
1.4. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
1.5. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
ІІ Бөлім Тауарларды сату процесі және импорт, экспорт, реэкспорт
операциялыры
2.1. Сату процесінің есебі
2.2.Тауарлардың экспорт бойынша операциялар есебі
2.3. Тауарлардың импорты және реэкспорт бойынша операциялардың есебі
2.4. Сауда және коммерциялық делдалдық қызметтегі бухгалтерлік есеп

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
1.1. Тауарлар есебі, оларды кірістеу және төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Тауарларды сату есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Тауардың, дайын өнімнің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.4. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5. Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ІІ Бөлім Тауарларды сату процесі және импорт, экспорт, реэкспорт
операциялыры
2.1. Сату процесінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2.Тауарлардың экспорт бойынша операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3. Тауарлардың импорты және реэкспорт бойынша
операциялардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.4. Сауда және коммерциялық делдалдық қызметтегі
бухгалтерлік есеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 0

КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімге бөлінген, тоғыз
тақырыптан тұрады. Тақырыпқа сай жалпы сауда және басқа субъектілер жүзеге
асыратын тауарлық операциялар өнімдердің айналымнан жеке және заңды
тұлғалардың тұтынуына өтудегі экономикалық процесті көрсетеді. Сауда және
қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы және курстық
жұмысымның толықтай мазмұны жайлы ескердім. Ал жалпы тауарлар есебі, оларды
кірістеу және төлеу, олардың негізгі шоттары және сатуға арналған тауарлар
өндірушіден сауда желілеріне, көтерме сауда кәсіпорындарына және басқа
субъектілері көрсетілген. Екіншіден сатып алынған тауарлардың есебі мен
бағалауы жөніндегі құжаттама жайлы, яғни тауарлар есебі қандай құжатта
жүргізілетіні және қалай жүргізілетіні жайлы мағлұмат алуға болады. Сонымен
қатар бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
ерекшеліктері қарастырылған. Бухгалтерлік есеп шоттардың бас жоспарына
сәйкес тауарлы–материалдық қорлардың қолда бар болуы мен қозғалысы 1330
Сатып алынған тауарлар шоты 22 Тауарлар бөлімшесінде жүргізіледі.
Тауарлар ұғымы төрт субшоттан: 1331, 1332, 1333, 1334 тұратындығын
қарастырамыз. Шаруашылық құралдарының айналымы сату процесінде аяқталады
олар өнім сатудан түскен табысты кәсіпорын дайындау және өндіріс
процестерін жаңарту, пайданы жинақтау, кәсіпорын жұмысшыларын ынталандыру
және тағы басқа мақсаттарға пайдаланады.
Тауарларды сату процесі және импорт, экспорт, реэкспорт операциялыры
қарастырылған. Импорттық операциялардың есебін кәсіпорынның мұқтаждықтарына
пайдалану немесе қайта сату мақсатымен шетелдік сатушылардан тауар сатып
алатын кәсіпорындар жүргізеді.
Экспорттық операциялардың есебін экспортқа өнім өндіетін және
делдалдарсыз оның саудасымен айналысатын, сондай–ақ комиссиялық сыйақы үшін
тауардың экспорты бойынша кәсіпордың тапсырмаларын орындайтын делдалдық
ұйымдар арқылы да жұмыс жасайтын кәсіпорындар жүргізеді.
Реэкспорт - кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды сатып алу және
оны басқа шет елге сату болып табылады
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес,
бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соған
сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерзіміне қарамастан,
тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Тауарлық есеп беруде есептік
кезеңде тауармен жабдықтаған жабдықтаушы, тауарды сатып алушы, құжаттардың
күні мен нөмірі, әрбір құжат бойынша кіріс және шығыстық бөлікпен жеке есеп
беру бойынша тауардың құны көрсетіледі.
І Бөлім. Сауда және қоғамдық кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
1.1. Тауарлар есебі, оларды кірістеу және төлеу
Сауда және басқа субъектілер жүзеге асыратын тауарлық операциялар
өнімдердің айналымнан жеке және заңды тұлғалардың тұтынуына өтудегі
экономикалық процесті көрсетеді.
Сатуға арналған тауарлар өндірушіден сауда желілеріне, көтерме сауда
кәсіпорындарына және басқа субъектілерге келіп түседі. Қабылдау
қабылданатын құндылықтың жөнелтпе құжатына қарай осы құжатқа материалды-
жауапты тұлғаның қолы қойылған болса ғана жүзеге асырылады. Келіп түскен
құндылық пен жөнелтпе құжатта көрсетілген деректердің арасында сан және
сапа жағынан алшақтықтар анықталса, сондай –ақ келіп түскен құндылықтың
жөнелтпе құжаты болмаса, қабылдаушы сауда фирмасының төрағасы мен
жабдықтаушылардың өкілі қол қойып, акт жасайды. Акт жабдықтаушыға кінәрат
–талап қоятын негізгі құжат болып табылады.
Бухгалтерлік есеп шоттардың бас жоспарына сәйкес тауарлы –
материалдық қорлардың қолда бар болуы мен қозғалысы 1330 Сатып алынған
тауарлар шоты 22 Тауарлар бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл шотта сондай -ақ
Тауардың ыдысына есепке алынады. Өндірістік және шаруашылық
қажеттіліктерге қызмет ететін түгенделген ыдыс 2416 Басқадай негізгі
құралдар шотында ескеріледі. Жауапты сақтауға қабылданған тауарлар 002
Жауапты сатудағы тауарлы – материалдық қоры балансталған шотында
ескеріледі. Коммиссияға қабылданып, консигнацияға келіп түскен тауарлар 004
Коммиссияға қабылданған тауарлар балансталған шотында ескеріледі.
Есептік саясаттың іріктемесіне сәйкес 1330 Сатып алынған тауарлар
шотына мына қосалқы шоттар ашылады:
13311 Қоймадағы тауарлар
13322 Бөлек саудадағы тауарлар
13333 Саудалық үстеме баға
13344 Тауар бағасында ҚҚС
2225 Консигнацияға кететін тауарлар
2226 Тауарлар салынған ыдыс
13311 Қоймадағы тауарлар қосалқы шотында көтерме сауда
базаларындағы, қоймалардағы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының
қоймасындағы, мұздатқыштардағы, көкеніс сақтайтын орындағы және тағы басқа
субъектілердегі тауарлардың қолда бар болуы мен қозғалысы ескеріледі.
13322 Бөлек саудадағы тауарлар шотында дүкендердегі, дүкеншектердегі
дүңгіршектердегі, қоғамдық тамақтандыру буфетіндегі тауарлардың қолда бар
болуы мен қозғалысы да ескерілуі мүмкін. Сауда кәсіпорны өзінің
шығындарының орнын толтыру, пайда түсіру және салық төлеу үшін саудалық
үстеме бағаны қолданады. Саудалық үстеме бағаның деңгейін сауда объектісі
дербес анықтайды. Алайда, көтерме саудада өткізілген саудалық үстеме баға
тауардың сатып алу және сату бағаларының арасындағы айырмашылық ретінде
анықталады. Бөлшек саудадағы кәсіпорындарда өткізілген саудалық үстеме
бағаны анықтау қиын, өйткені өткізілетін тауардың саудалық үстеме бағасының
деңгейі әр түрлі болады. Сондықтан саудалық үстеме баға бөлшек желілер
арқылы өткізілетін тауар құнына қосылуы керек. Бұл үшінші 13333 Саудалық
үстеме баға қосалқы шоты ашылады.
13344 Тауар бағасында ҚҚС қосалқы шотындағы түпкілікті тұтынушы
төлейтін ҚҚС ескеріледі.
2225 Консигнацияға кететін тауарлар қосалқы шотындағы консигнантқа
консигнацияға берілетін тауар ескеріледі.
2226 Тауарлар салынған ыдыс қосалқы шотында тауар мен бос
ыдыстардың тауарларының қолда бар болуы мен қозғалысы ескеріледі.
Сатып алынатын тауардың түсуі мен кірістелуінде мына бухгалтерлік жазуды
жүргізу керек:
№ Шаруашылық Дебет Кредит Сома
операцияларының мазмұны
1 2 3 4 5
1 Кірістелген тауар үшін (300000-10
жабдықтаушыға берешек 00)=29900
сомасына:
а) сатып алу құны 1331 Қоймадағы 3310 Төленуге
бойнша; тауарлар тиісті шотта 44850
ә) жөнелтпе құжатында 1420 Зиянды 3310 Төленуге
фактура-шоты өтеуге ҚҚС тиісті шотта
көрсетілген ҚҚС (15%)
сомасына
2 Қабылдау барысында 1280 Басқа да 3310 Төленуге 1000
тауарлардың дебиторлық тиісті шотта
жетіспеушілігі, яғни берешек, қосалқы
кем шығуы анықталады. шоты Кінәрат-талап
Комиссия акт жасайды. бойынша есеп
айырысу
3 Есеп беретін адаммен 1331 Қоймадағы 1250 Есеп беретін 30000
тауар сатып алынады. тауарлар адамдармен есеп
Есеп беретін адам айырысу 45000
төлеген ҚҚС сомасына 1420 Зиянды 1250 Есеп беретін
өтеуге ҚҚС адамдармен есеп
айырысу
4 Баспа –бас айырбас 1331 Қоймадағы 3310 Төленуге 65000
бойынша немесе жеке тауарлар тиісті шотта
тұлғадан тауар сатып 3210 Басқа да 9750
алынады 1420 Зиянды кредиторлық берешек
өтеуге ҚҚС
5 Баспа –бас айырбас 3310 Төленуге 1420 Зиянды өтеуге65000
мәмілесі бойынша өзара тиісті шотта ҚҚС
есеп айырысуларды 3210 Басқа да 1210 Алынуға тиісті9750
есептен шығару дебиторлық берешекшоттар
ҚҚС есепке алу 3130 ҚҚС
6 Шетелдік Төленуге тиісті 6000000
жабдықтаушылардан 1331 Қоймадағы шотта
тауарды сатып алуда: тауарлар 3190 Басқадай 900000
а) тауардың 1331 Қоймадағы салықтар, қосалқы
келісімшарттық құнына; тауарлар шот Кедендік баж
ә) кедендік баж 1331 Қоймадағы 3210 Басқа да 120000
сомасына (6 000000 * тауарлар кредиторлық берешек
15%) 1331 Қоймадағы 3130 ҚҚС 1053000
б) құжаттарды рәсімдеу тауарлар
үшін кедендік баж (6
000000 * 2%)
в) тауардың кедендік
құнындағы ҚҚС сомасына
(6 000000
+900000+120000)*15%
7 Тауарлы –материалдық 1610 1040 Ағымдағы 73000
қорлармен жабдықталуға Тауарлы-материалдышоттағы ақша
алдын ала төлем жүзеге қ қорды
асырылады. жабдықталуға
берілген аванстар
8 Жабдықтаушының 3310 Төленуге 1040 Ағымдағы 76800
акцептелген шоты тиісті шотта шоттағы ақша
бойынша төлем
9 Есеп беретін адамға 1250 Есеп беретін1010 Кассадағы
тауарды сатып алуына адамдармен есеп ұлттық валюта
аванс берілді айырысу түріндегі қолма қол
ақшалар
10 Жеке тұлғалардан сатып 3210 Басқа да 1010 Кассадағы
алынған тауарлардың кредиторлық ұлттық валюта
төлемақысы берешек түріндегі қолма қол
ақшалар
11 Келіп түскен 3130 ҚҚС 1040 Ағымдағы 1123200
құндылықтар бойынша шоттағы ақша
бюджетке ҚҚС аударылды
12 Кедендік баж бюджетке 3190 Басқадай 1040 Ағымдағы 900000
аударылды салықтар, қосалқы шоттағы ақша
шот Кедендік баж
13 Кедендік құжаттарды 3210 Басқа да 1040 Ағымдағы 120000
рәсімдеу үін кедендік кредиторлық шоттағы ақша
алым аударылды берешек
14 Бұрын белгіленген 3310 Төленуге 1610 73000
авансты есепке алу тиісті шотта Тауарлы-материалдық
қорды жабдықталуға
берілген аванстар

Айдың аяғында жолдағы ақысы төленген тауардың құны былай көрсетіледі:
13311 Қоймадағы тауарлар шот дебеті.
3310 Төленуге тиісті шоттар шот кредиті. Келесі айдың басында бұл
сома ағымдық шотта дебиторлық берешек ретінде 1210 Алынуға тиісті шоттар
шоты бойынша түзетпеленіп, саналады.
1.2. Тауарларды сату есебі
Тауарларды сату әр қилы болып келеді. Бұл-көтерме саудамен сату,
қолма-қол есеп айырысу, тауарларды кредитке өткізу, ұсақ көтерме сауда,
сатып алушыға қызмет көрсету оларға: тауарды үйіне жеткізу, сатып алынған
матаны пішу және тағы басқа жатқызуға болады. Тауарлар қоймадан, көтерме
саудамен сатып алушыға босатылады. Мұндай жағдайда мынадай жазбалар
жүргізіледі:

№ Шаруашылық Дебет Кредит Сома
операцияларының мазмұны
1 2 3 4 5
1 Сатылған тауарлардың 7010 Сатылған 13311 Қоймадағы 300000
өзіндік құны есептен дайын өнімдердің тауарлар
шығарыды (тауарлар, жұмыс,
қызмет) өзіндік
құны
2 Сатып алушыға фактура 1210 Алынуға 6010 Дайын 350000
шоты ұсынады. тиісті шоттар өнімдерді (тауарлар,
жұмыс, қызметі)
3 Сатылу құнындағы (15%) 1210 Алынуға 3130 ҚҚС 52500
ҚҚС сомасына тиісті шоттар
4 Көтере сатып алушыға 5%6030 Сатудағы 1040 Ағымдағы 17500
жеңілдік берілді жеңілдіктер шоттағы ақша
5 Берілген жеңілдік 3130 ҚҚС 1210 Алынуға тиісті2625
бойынша ҚҚС түзету шоттар
6 Сатып алушымен төлеу 1040 Ағымдағы 1040 Ағымдағы 385700
шоты жүзеге асырылды шоттағы ақша шоттағы ақша
7 ҚҚС есепке алу 3130 ҚҚС 1420 Зиянды өтеуге4800
ҚҚС
8 ҚҚС бюджетке аударылды3130 ҚҚС 1040 Ағымдағы 51200
шоттағы ақша

Қолма –қол ақшаға есеп айырысумен тауарлардың өткізілетін мөлшері
сатып алушыға сатылған тауарлардың түсім шамасымен анықталады. Саудада
материалдық жауапкершілікке маңызды орын беріледі. Бұл жауапкершілік қойма,
дүкен, бөлім, секция меңгерушілеріне, керек болған жағдайда аға сатушыға
жүктеледі.
Бұл тұлғалардың әрбіреуі толық материалдық жауапкершілік туралы
келісімшарт бекітіледі.
Материалдық жауапты тұлға кезең сайын бухгалтерияға тауарлық есеп
беруді жасап, тапсырады.
Бухгалтерияға есеп беруді ұсыну мерзімін субъект басшысы және бас
бухгалтер кәсіпорын көлемі мен басқа да нақты жағдайларға қарай басшысы
және бас бухгалтер кәсіпорын көлемі мен басқа да нақты жағдайларға қарай
белгілейді. Есеп берушінің мерзімін ұзарту тауар қорының қозғалысына
бақылауды әлсіретіп, бухгалтерия апаратына шамадан тыс түсіріледі.
Тауарлық есеп беруде есептік кезеңде тауармен жабдықтаған жабдықтаушы,
тауарды сатып алушы, құжаттардың күні мен нөмірі, әрбір құжат бойынша кіріс
және шығыстық бөлікпен жеке есеп беру бойынша тауардың құны көрсетіледі.
Есеп беру материалдық жауапты тұлға мен бриғада мүшелерінің біреуі қол
қояды.
Бухгалтерлік есептің дерегі бойынша алынған сальдо ыдыс және тауар
қалдығы есебімен салыстырылады.
№ Шаруашылық Дебет Кредит Сома
операцияларының мазмұны
1 2 3 4 5
1 Сатылған тауарлардың 7010 Сатылған 13322 Бөлшек 300000
өзіндік құны есептен дайын өнімдердің саудадағы тауарлар
шығарлады (тауарлар, жұмыс,
қызмет) өзіндік
құны
2 Кассалық апараттың 1010 Кассадағы 6010 Дайын 390000
деректерімен ұлттық валюта өнімдерді (тауарлар,
салыстырған сатушының түріндегі қолма қолжұмыс, қызметі)
есеп беруіне сәйкес ақшалар сатудан алынатын
касса сатылған табыс
тауарлардың түсімі
кірістеледі
3 (15% түсіммен бірге 1010 Кассадағы 3130 ҚҚС 58500
түскен ҚҚС жеке ұлттық валюта
көрсетіледі түріндегі қолма қол
ақшалар
4 Айдың аяқталуы бойынша 13344Тауар 13322 Бөлшек 58500
түзетіледі: бағасына ҚҚС саудадағы тауарлар
а) тауар бағасындағы 13333Саудалық 13322 Бөлшек 90000
ҚҚС үстеме баға саудадағы тауарлар
ә) өткізілген сауда
үстеме бағасы
5 Есептік кезеңнің 6010 Дайын 5410Жиынтық табыс 390000
соңында: өнімдерді 7010 Сатылған дайын
а) табыс қорытынды (тауарлар, жұмыс, өнімдердің 300000
табысты көбейту қызметі) сатудан (тауарлар, жұмыс,
есебінен есептен алынатын табыс қызмет) өзіндік
шығарылады құны
ә) шығын қорытынды
табысты кеміту есебінен5410Жиынтық табыс
есептен шығарылады

Есептік кезеңнің соңында 5410 шотында дебеттік және кредиттік
айналымдарды салыстыру жолымен субъект шаруашылық қызметінің салық
салынатын табысы анықталады.

1.3. Тауардың, дайын өнімнің есебі
Дайын өнім-негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі.
Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе
техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі,
паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға
тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары-
міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 Дайын өнім деп аталатын активті
инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының
құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша
көрініс табады. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең ай
аяқталғаннан кейін ғана анықталады.
Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста шығару, босату
жөнелту, сату болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы
бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін есептік бағасы үшін дайын өнімнің
өткен айдағы нақты өзіндік құны , тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.
Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу
жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін
жеткізеді. Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы
өнімнің қалдығынан есептелінеді.
Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді,
олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді : экономиясы (үнемделгені) –
қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны-әдеттегі (дағдылы)- жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызы келесі формула бойынша есептеледі:

Ауытқудың пайызы=
Бухгалтерлік шоттар есебінде нақты шығынның есептік құннан ауытқуын
келесі шартты сызба бойынша көрсетуге болады:
Дт 8010 шотыДт 1320 шоты Дт 7010 шоты
Кт Кт Кт
Нақты шығынДайын Дайын Өнімнің Өнімнің
өнімнің өнімнің нақты нақты
есептік есептік өзіндік өзіндік
құны құны құны құны
Есептік
Есептік құннан
құннан ауытқу
ауытқу
Өнімнің Өнімнің
нақты нақты
өзіндік өзіндік
құнынан құны
жиыны
(есептік
құны
ауытқу
)

Мысалға, кәсіпорында есепті кезең барысында мына проценттер бойынша есептік
бағасы көрініс тапқан:
№ Шаруашылық операцияларының Сомасы, Шоттар
мазмұны теңге корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. Қоймаға дайын өнім кірістелді:
-А бұйымы 250000 1320 8010
-Б бұйымы 800000 1320 8010
2. Дайын өнім сатылды:
-А бұйымы 170000 7010 1320
-Б бұйымы 630000 7010 1320

Есептік кезеңнің соңында және калькуляциялық процесс аяқталысымен
дайын өнімнің өзіндік құны анықталады, ол мынаны құрады:
-А бұйымы-230000 тенге
-Б бұйымы-870000 тенге.
Ауытқудың пайызы мынаны құрады:
-А бұйымы бойынша =
-Б бұйымы бойынша =
Сатылған өнімнің ауытқу сомасы мынаны құрады:
-А бұйымы бойынша = 170000*8%=13600 тенге экономиясы (үнемделгені):
-Б бұйымы бойынша = 630000*8,05%=50715 тенге артық жұмсалғаны.
Ауытқудың пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі
жазбалар жазылады:
-қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі-
(20000) теңгеге;
Содан соң осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты
кредиттеледі –(13600) теңгеге;
-өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі жазу жазылады: ол кезде
1320 шоты дебеттеліп, 7010 шоты кредиттеледі -70000 теңгеге. Дайын өнімді
қабылдау -тапсырыс накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша
өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау – тапсырыс құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді
қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта
қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау –тапсырыс құжатының
арнайы (немесе арнаулы) бланкілер қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда
келтірілді.
Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында,
жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс
есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын
өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады.
Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен
номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және
шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық
салаларында Өнім шығару жиынтығы деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы
жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған
тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің
карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған
қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен
бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің
деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ
ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін
дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің
бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын
қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық
өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік
құнының арасындағы немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді
бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары
анықталды. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 Дайын
өнім шотының дебетінде жинақталып, 8010
Негізгі өндіріс, 8030 Қосалқы өндіріс және 910 Өз өндірісінің шала
өнімдері деген, егер шала өнімдердің немесе фабрикаттардың бір бөлігі сату
үшін шығарылса шоттарының кредитінде көрініс табады.

1.4. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы
Тауар – материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып
алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1330 Алынған тауарлар және
1330 Басқа да тауарлар шоттары қолданылады. Бұлар мүліктік-активті
шоттар. 1330-шотты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату,
делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланылады.
Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның
көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы
да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны таңдау
шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол
шаруашылық жүргізуші субъектінің біріңғай тауарларына қатысты үйлестірілу
керек.
Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық
марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін;
транспорттық-дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен
тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген
сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін, әкелінген шығындарды
анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып
алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.
Сату бағасы-бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын
бағасы. Сату(бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:
- сатып алынған құны –бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы
транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың
жабдықтаушылардан сатып алынған құны;
- акциз бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкоголь өнімдеріне
және темекі бұйымдарына, жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға
тағы басқа.; акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік
деңгейде тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық
көлеміне бөліп анықтайды, ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің
мөлшерлемесі оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;
- қосылған құн салығы –келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне
белгіленеді: 0% (нольдік пайызы бойынша)-экспортталған тауарларға (заңды
қаралғандардан басқасы),16%- барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС
босатылғандардан басқасы);
- сауда үстемесі- бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және
сату операцияларынан табыс алға арналған үстеме.
Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда
үстемесі бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты
тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей қалған
жағдайда, сол тауарды өтеуіне тура келеді.
Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлықтай қиындық туғызбайды,
өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен
рәсімделеді. Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені
әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек
сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады.
Бұның басты себебі: сатып алынған тауардың сомасына тек бақылау-кассалық
машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы
бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы
бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады.
Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:
Сатылған Жұмыс күнінің Сатып алынған
Жұмыс соңына

тауардың құны басына сатып бағасы бойынша сатып
алынған
сатып алынған = алынған бағасы + түскен тауарлардың _ бағасы
бойынша
бағасы бойынша бойынша тауардың құны
қалған тауардың
қалдығы
қалдығы
Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен
анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда,
қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.
Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың
күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін
пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын
жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша
жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып
саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау
мүмкіндігі туады.
Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны
бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен
жүзеге асыруына болады. Штрихтың кодтар, әдетте, он үш саннан тұрады, оның
алғашқы екеуі өнімді –дайындаушы немесе өнімді сатушы мемлекетін көрсетеді;
келесі бесеуі- өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі- тауарға
сипаттама береді, атауы, мөлшері т.б. және ең соңғы біреуі –бақылаушы болып
саналады.
Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі, саны
және сатып алынған бағасы туралы ақпарат көшірме қондырғысының арқасында
компьютердің жадында сақталады. Одан әрі қарай тауарды сату кезінде
компьютер қандай тауардың қандай санды сатылғаны туралы мемлекетті
тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құнын
анықтайды.
Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми
құжатталмаса немесе компьютерде тіркелмесе, онда ол туралы мәліметті
түгелдеудің көмегімен алынады.
Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға
жатпайды, онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда көрсетілген формула
бойынша анықтайды.
Есептік құнын таңдау –алынған құны бойынша немесе сату құны бойынша
мәселесінің шаруашылық жүргізуші субьекті үшін де маңызы зор. Осы мақсатта
бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:
- арнайы идентификациялау әдісі;
- орташа өлшемдік құн әдісі;
- ФИФО әдісі – запастарды алғашқы сатып алынғандардың бағасы бойынша
бағалау әдісі;
Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда Тауарлы-материалдық
құндылықтардың есебі деген тарауда толығымен қарастырылған болатын.
Бөлшек сауда кәсіпорындырындағы тауарды сату бойынша құрылымдық жазудың
сызбасын (схемасын) мынадай етіп беруге болады:
Бөлшек сауда кәсіпорынның
қоймасынан алынған тауарлар = Сатып алынған құны
+тауар бағасындағы үстеме
+тауар бағасындағы ҚҚС_________________________
Сату үшін саудасыныі
кәсіпорнына берілген, сатып = Сатылатын құн
алынған тауарлар
Шығыс ← Сатып алынған құн− тауар бағасындағы үстеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтану
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Есептілік кезең қағидасы
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Пәндер