Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы

1. 2 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі

1. 3 Қаржылық инвестиция есебі

1. 4 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау

1. 5 Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Шаруашылық қызметі процесінде оның қатысушылары жаңа құрылысқа, кәсіпорындарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыруға, тұрғын-үй, коммуналдық, және мәдени-тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындардан тұратын күрделі салымдарды жүзеге асырады.

«Инвестиция» сөзі латын тілінде « invest » - « салу» деген мағынаны білдіреді.

Инвестициялар дегеніміз -табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа қызметі түрлері объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктер мен мүліктік құқықтар, интеллектуалдық құндылықтар.

Инвестициялық қызмет-инвестициялар салу және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Енді мынадай сұрақ туындайды. Инвестор деген кім? Ол не салады? Қандай мақсатпен? Қандай?

Сонымен, не салуға болады? Көп нысанды капитал салынады: ірі банктердің қаржы ресурстары, өнеркәсіп фирмаларының миллиардтаған табыстары, жеке тұлғалар жинақтары, кәсіби дағдылар мен қабілеттілік (ноу-хоу), әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты.

Енді, қаражаттарды кім салады? Негізгі салымшылар: кәсіпорындар, мемлекет және жеке тұлғалар. Коммерциялық тәуекел дәрежесіне қатысты олар инвесторлар, кәсіпкерлер, «спекулянттар», «ойыншылар» болып бөлінеді.

Инвестициялау мақсаты- табыс, игілік, пайдалылық алу. Инвестициялау кең мағнада- келешекте табыс, пайда алу мақсатында кез келген қаражаттарды салу. Бұл: акциялар сатып алу, биржадағы ойындар, таулы-материалдық қорлармен спекуляция, шұжық сатып алу және тағы басқа.

--

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.

Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну. Кәсіпкерлік табысты, капитал өсмін немесе процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.

Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады: бірінші тип-өсім қоржыны, екінші тип-табыс қоржыны. Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне бағалы қағаздардың курстық өсімінің есебінен алу болып табылады.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржылан-дыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

Курстық жұмыстың жалпы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым.

  1. Негізгі бөлім

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі.

Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

Кәсіпкерлік табысты, капитал өсмін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілердің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз. Инвестицияны көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип - табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне бағалы қағаздардың курстық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егерде ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезеңде өз өсімін сақтайды.

Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезеңде орташа табыс әкеледі. Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты қоржынға және құрылымға ие. Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын ала уақыты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.

Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар. Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды. Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық. Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.

Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам. Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.

Инвестициялау мақсаты-табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық-саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

1. 1 Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар-бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

1. Жұмсау мерзімі бойынша:

• қысқа мерзімді - бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы) ;

• ұзақ мерзімді - бір жылдан көп иемдену мерзімі;

• мерзімсіз инвестициялар.

Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар - бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

2. Тағайындалуы бойынша:

Қаржылық - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмленің нәтижесі) . Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктерде жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар да екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т. б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге беріледі.

• нақты (мүлікті жұмсау) - субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық - өндірістік қорлардың өсуіне жұмсау.

3. Шығу тегі бойынша - бірінші, екінші.

4. Болу формасы бойынша - құжаттық, құжатсыз.

5. Ұлттық тегі боынша - отандық, шетелдік.

6. Қолдану түрі бойынша - инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

7. Иемдену қатары бойынша - жеке, жалпы.

8. Шығарылым формасы бойынша - эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9. Меншік формасы бойынша - мемлекеттік, корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша - нарықтық, нарықтық емес.

11. Тәуекелдік деңгейі бойынша - аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:

• капиталды тәуекелдік - бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік.

• уақытша тәуекелдік - міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік.

• заңдық өзгерістер тәуекелдігі - шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелділік.

• өтімділік тәуекелділігі - инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік.

• нарықтық тәуекелдік - нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік.

• кредиттік және іскерлік тәуекелділік- борыштық құнды қағаздар шығарушы негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік.

• проценттік тәуекелдік - нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік.

• валюталық тәуекелдік - шетелдік валютадағы инвестиция мен байланысты тәуекелдік.

12. Қолма - қол табыс бойынша - табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

• борыштық құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция.

• иелі үлестік - нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес.

• жеке жобалар

14. Экономикалық мәні бойынша - мүліктік, міндеттік.

15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

а) «Қаржылық инвестиция есебі » және оған әдістемелік ұсыныс.

ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестициялар (БЕС 13 «Шоғырландырылмалы қаржылық есеп және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі» және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 «Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс) .

Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • тікелей басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
  • портфельдік - субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;

Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куаландыру үшін олар былайша бөлінеді:

  • бағалы қағазды ұсынушыға- құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
  • атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам оған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
  • ордерлік бағалы қағаздар- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екеніне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктың борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондалық (акциялар, облигациялар) және саудалық (комерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т. б. ) болып бөлінеді.

Фондалық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші ррет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай -ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз-қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі-бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.

Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т. б. ) және негізгі бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуы құқығының куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы) .

Бағалы қағаздардың өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияларының акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады. Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қожындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип - табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне бағалы қағаздардың курстық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды.

Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егерде ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезеңде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезеңде орташа табыс әкеледі. Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты қоржынға және құрылымға ие. Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz