Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
1.3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заң
2. Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
2.1 Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы, есептеу әдістері
2.2 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі
2.3 Қаржылық инвестиция есебі
2.4 Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік–экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез–келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну. Кәсіпкерлік табысты, капитал өсмін немесе процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.
Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады: бірінші тип–өсім қоржыны, екінші тип–табыс қоржыны. Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне бағалы қағаздардың курстық өсімінің есебінен алу болып табылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржылан-дыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Курстық жұмыстың жалпы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым.

1) Бухгалтерлік есеп. Назарова Вера Леонидовна
2) Қаржы менеджменті Р. Ә. Әмірханов; А.Қ.Тұрғылова;
3) Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
В.К. Радостовец; Т.Ғ. Ғабдуллин; В.В. Радостовец; О.И. Шмидт.
4) Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері Қ.К. Келумжанова; Н.А. Құдайбергенов.
5) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау К.Ш. Дүйсенбаева; Э.Т.Төлегенов.
6) Экономикалық теория негіздері А.Б. Темірбекова; Қ.С. Байшоланова
7) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
8) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-20
1) Бухгалтерлік есеп. Назарова Вера Леонидовна
2) Қаржы менеджменті Р. Ә. Әмірханов; А.Қ.Тұрғылова;
3) Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
В.К. Радостовец; Т.Ғ. Ғабдуллин; В.В. Радостовец; О.И. Шмидт.
4) Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері Қ.К. Келумжанова; Н.А. Құдайбергенов.
5) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау К.Ш. Дүйсенбаева; Э.Т.Төлегенов.
6) Экономикалық теория негіздері А.Б. Темірбекова; Қ.С. Байшоланова
7) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
8) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-20
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
1.3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заң
2. Инвестициялардың мақсаты және инвестиция есебі
2.1 Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы, есептеу әдістері
2.2 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция
есебі
2.3 Қаржылық инвестиция есебі
2.4 Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заң...10

2.1 Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы, есептеу әдістері ... ... ... ... ... .20
2.2 Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды
тұлғадағы инвестиция есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Қаржылық инвестиция есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.4 Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік–экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез–келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып
саналады.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін
міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап
және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан
Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің,
ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты
талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру
шаралары мен бағыттарын ұсыну. Кәсіпкерлік табысты, капитал өсмін немесе
процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен
іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция деп ұғамыз.
Инвестицияның көзі болып
жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.
Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады: бірінші тип–өсім қоржыны, екінші тип–табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне бағалы
қағаздардың курстық өсімінің есебінен алу болып табылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді
көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады?
Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым.
Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым.
Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржылан-дыру көздері
негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды.
Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы
елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады.
Курстық жұмыстың жалпы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін
басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым.
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады.
Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар
мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процесті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман
экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы
алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді."Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген
сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабілеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге
жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып
жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықттар. Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды
салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер
жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы
салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды
сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай
болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын
енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар,
мемлекет және халық.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен
ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам. Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты-табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің
материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ
мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық-саудагерлік
іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып
кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі
нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі-шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар
сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік
рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік
және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып
табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі.
Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала
келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады.
Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек
қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-
қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат
саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның
көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы,
экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан
келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға
дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары
көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура
инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр.
Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20
елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг
агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары
рейтингін берді. Бұл Қаржы министрлігіне төмен пайызбен, біріншіден,
кредиттер алуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері
жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі
танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси
тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-
кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық
міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-
кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды,
борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге
асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның
халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын
тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,
тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір
деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан
инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың
өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай,
инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық
шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге
болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-
әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда
олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргізу. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға
немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит
аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін,
қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қиын болады.
Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін
проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай,
байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан
кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады. Мұнан еркін
шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды.
Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе
акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды
жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан
гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та
кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер
серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып
келген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай
қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит
алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да
есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған.
Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару
керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештеңе төлемейтін болды. Кредит
үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пұл
төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген
болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген
болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа
отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп
бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан
кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер
саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін кететін шығындар түгелімен кәсіпорын
қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал,
егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша
болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік
серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға
бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас
бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді
фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың
аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары
тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын
жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және
басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау
үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы,
яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай
бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр.
Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су
түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен
толықтыру керек болады.
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі.
Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған
технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі
тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық
мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
3. Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл
бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы:
әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4. Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестициялық ортаға үйренуге
байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды
қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар
қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру
керек болады.
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру,
орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық лаг бола береді. Бірден
үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары
болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға
қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек.
Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде.
Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестициялаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді.
Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық
конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай
жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады. Қол жұмыстарын машинамен
ауыстырғыңыз келді делік.
Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді. Солардың
кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып,
жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары
үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім
шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды: үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген
өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат,
материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда
ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.
Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара
беретін боласыз. Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп
уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл
инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді.
Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның
технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар,
пластмасса, резина және тағы басқалар.
Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэффициенттерді
есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде
машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың
технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан, алдын-ала бұл
байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз.
Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор
арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да
білдіреді. Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және
әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық
техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз
арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе
азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу
қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа
саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне
қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын
әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да,
инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі
қозғалыста болып түрады.
6. Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз
қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш -
қатынасы :
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) бұл активтерді ауыстырудың
(сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді
болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің
рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда,
артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен
ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара
қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып
алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны оның материалдық бөліктерін
орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы,
мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау
заңдары
Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды
инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Қазақстан Республиканың
өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең.
Бұл салада капиталды ерекше белсенділігіне қол жеткізілгенмен жер
қойнауын пайдалану мен жағдайын талдау кезінде оның толықтай
игерілмегендігі анықталды. Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған
инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы
көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында
салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды.
Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3
% бөлігін құрады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат
ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция
тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған
Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат
кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы”
заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және
2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші
салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет
"Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты
экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін
теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты
мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде
инвесторлар мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл
тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел
инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет
субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.
Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын
қойылған келісім — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі
қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан
біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси
және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси
және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен
әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау
таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер қойнауы мен оны пайдалану" мен
"Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң
жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен
мердігерлер арасында табиғи ресурстарды тиімді және кешенді
пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру
көзделген. Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей
инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен
мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді.
Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі
қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының
ұлғайтылуы сияқтылары енген.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы №
349 жарлығымен Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті
асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар
беру тәртібі бекітілді.
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:
1) инвестициялық жобаның экономиканың басты секторларына қатысты
болуы;
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң
тұлғасының негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.
Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша
Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар
беруі мүмкін:
- натуралды мемлекеттік гранттар;
- келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан
босату;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,
материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір
бөлігінен босату.
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен
экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал
кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында
өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына
сәйкес келмеу жағдайында беріледі.
Мемлекеттік натуралды гранттарға:
1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-
жабдықтары, машиналар, есептеуіш техника және басқалары.
2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен
басқадай құқықтар.
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-
экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлелі.
Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен
әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі.
Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен агроөндірістік кешеннің бір бөлігінің
потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.
Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген
экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске
ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық
саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға
бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып
табылады. Осыған байланысты отаңдық қор нарығын дамытудың басты бағыттарына
ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту
болып табылады. Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары
сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде
олардың активтері 530 млн.
АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының
орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына
тиесілі. Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші
деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп
шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл
қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға
инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол
жобалардың көп болуы қажет. 2000 жылы сақтадыру компаниялары тарапынан
экономикалық нақты секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300
млн. АҚШ доллар құрады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы
Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны
еліміздін ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.
Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан,
ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.
Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына
инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы
ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық
саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық
хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды. Жыл сайын тартылатын тікелей
шетел инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші
орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ
доллары мөлшерінде болды.
АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты
ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары
капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан
бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы
республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы
қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен
тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1
млрд. доллардан төмен түскен жоқ.
Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы
қол жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын
құрады. 1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық іс-әрекетті
реттейтіи заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер
үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға
шетел капитталының келуіне жағдай жасады.
Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге
келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне
жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.
Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт.
Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар
аудару.
Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды
қалыптастыру.
Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып
табылады. Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді.
"Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан
Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер
қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып,
"акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар
енгізу көзделуде.
Жаңа инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің
халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық
белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс-әрекетті реттеудің
тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140
беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған.
Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы
бойынша беріледі. Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті
қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында
негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс
салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан
босату мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Республикада инвестициялық іс-
әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны
белсенді жүргізілуі ықпал етеді.

2.1 Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы, есептеу әдәстері
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің
мақсаты–түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып
табылады.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• үлестік – жай және артықшылықты акциялар;
•борышқорылқ–облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік
сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
ә) амортизацияның қорлануы;
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді–бір жылға дейін иемдену мерзімі;
• ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
• мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар – бұл қосымша пайда алу
мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие
болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен
салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан
қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
• қаржылық –бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі,
инвестицияланған капиталың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.
Сондай–ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын
мүліктерде жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар
да саналады. Барлық бағалы қағаздар да екі топқа бөлінеді – ақшалай және
күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады.
Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге беріледі.
• нақты (мүлікті жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және
материалдық – өндірістік қорлардың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша – құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі боынша – отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық
емес.
7. Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық,нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша –аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен
тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
• капиталды тәуекелдік–бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік,
инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала
алмайтын тәуекелдік.
• уақытша тәуекелдік–міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз
уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік.
• заңдық өзгерістер тәуекелдігі–шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін
тәуекелділік.
• өтімділік тәуекелділігі–инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін
ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік.
• нарықтық тәуекелдік–нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция
құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік.
• кредиттік және іскерлік тәуекелділік- борыштық құнды қағаздар шығарушы
негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын
болдырмайтын тәуекелдік.
• проценттік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне
байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік.
• валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестиция мен байланысты
тәуекелдік.
12. Қолма – қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
• борыштық құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция.
• иелі үлестік – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша
шектеулермен байланысы жоқ мүліктегі үлес.
• жеке жобалар
14. Экономикалық мәні бойынша - мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте
инвестиция мыналарға бөлінеді:
а) Қаржылық инвестиция есебі және оған әдістемелік ұсыныс.
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі
инвестициялар (БЕС 13 Шоғырландырылмалы қаржылық есеп және еншілес
серіктестіктегі инвестиция есебі және оған әдістемелік ұсыныс;БЕС 14
Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі және оған
әдістемелік ұсыныс; БЕС15 Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық
есепте көрініс табуы және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
• тікелей басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
• портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куаландыру үшін олар былайша бөлінеді:
• бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу
жасалынбайды.Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға
қарапайым жолымен қолына береді.
• атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады.Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету
үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы
қағаздар бойынша құқық беретін адам оған сәйкес келетін талаптардың
орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
• ордерлік бағалы қағаздар- ол ең алғашында иемденушінің атына немесе
оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға
түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп –
индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана
емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы
қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және
инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеуді және негізгі қарыздың негізгі
сомасын графикке сәйкес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz