Психиканың жалпы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе
І Психиканың жалпы сипаттамасы
ІІ Сана . психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде
ІІІ Жүйке жүйесіің ұғымы мен мәні
ІҮ Жоғарғы жүйке қызметі . психиканың физиологиялық негізі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Жалпы, психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Сонымен қатар, психика туралы ғылымды ғалымдар әр түрлі мағынада түсіндірген. Мысалы: Р. Декарт «антропсихизм», яғни психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты деп түсіндірсе, ал басқа ғалымдар «панпсихизм» және оған қарама-қарсы «биопсихизм» деген түсінік берген. Сонда «панпсихизм» - бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі ұғымды білдірсе, ал «биопсихизм» - психика жалпы материяның қасиеті емес, тек оның жанды бөлігіне ғана тән нәрсе деген ұғымды білдіреді.
Демек, психика барынша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым «нейропсихизм» деп аталады. Ал жоғарғы жүйке жүйесі – психиканың физиологиялық негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың алдына қойған мақсаты – психиканың және жүйке жүйесінің, сондай-ақ жоғарғы жүйесінің қызметін толығымен ашып көрсету болып табылады.
Ал міндеттер – осы алдымызға қойған мақсатқа жетудің бірден бір жолы. Сондықтан, біз курстық жұмыстың мынандай міндеттерін көрсетеміз:
1) психиканың жалпы сипаттамасына тоқталу, оның ішінде сананың психикнаың дамуының жоғарғы сатысы ретіндегі рөлін анықтау.
2) Жүйке жүйесінің ұғымы мен мәнін ашып көрсету.
3) Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізгі ретіндегі маңыздылығын айқындау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісіне психиканың және жоғарғы жүйке жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жатады.
Ал зерттеу пәніне психика мен жүйке жүйесінің ара қатынасын қамтамасыз етумен байланысты ұйымдастырушылық қатынастар жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Гоноболин Ф.Н. Психология. Оқулық. Алматы,-Мектеп, 1976ж
2. Жұмасова К.С. Психология/Оқулық. Астана,-Фолиант, 2006ж
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқулық/5-ші басылым. Алматы, Эверо,-2004ж
4. Жарықбаев Қ. Психология. Пед. училищелерге арналған. 2-ші басылым, Алматы, Мектеп,-1982ж
5. Бап-Баба С.Б. Жантану негіздері. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Оқу құралы/ред. А.П. Зубов Алматы,- Заң әдебиеті, 2004ж
6. Жарықбаев Қ. Психология. Астана. Білім,-1993ж
7. Психология адамзат ақыл ойының қазынасы. 10 томдық. (Ә.Н. Нысанбаев) Алматы, Таймас,-2005ж
8. Левитов Н.Д. Психология характера, Москва, 1969г.
9. Веккер Л.М. Психические процессы. Москва, 1981 г.
10. Чистякова М.И. Психогимнастика. Москва, 1980г.
11. Гиппентрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. Москва, 1988.
12. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. Москва, 1989 г.
13. Розет И.М. Психология фантазии Минск, 1977г.
14. Ж. Аймауытов. Психология (Оқу құралы) Алматы, 1994 г.
15. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы, 1992 ж.
16. А. Әбдірахманов, Қ. Жарықбаев. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1976ж.
17. Жалпы психология. В.В. Богословский редакциясымен, Алматы, 1980ж.
18. К.Н. Корнилов. Психология, Алматы, 1946ж
19. Т.Тәжібаев. Жалпы психология Алматы, 1993ж
20. А. Темірбеков, С.Балаубаев Психология. Алматы, 1996ж.
21. Ә. Алдамұратов. Жалпы психология Алматы, 1996ж
22. Хомская Е.Д. Нейропсихология. Москва, 1987г.
23. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы.
24. Левитов Н.Д. Психология характера. Москва, 1996г.

ІІ Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде
ІІІ Жүйке жүйесіің ұғымы мен мәні
ІҮ Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы, психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы
проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы
көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен
сипатталады.
Сонымен қатар, психика туралы ғылымды ғалымдар әр түрлі мағынада
түсіндірген. Мысалы: Р. Декарт антропсихизм, яғни психиканың пайда болуы
адамның келіп шығуымен байланысты деп түсіндірсе, ал басқа ғалымдар
панпсихизм және оған қарама-қарсы биопсихизм деген түсінік берген.
Сонда панпсихизм - бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі
ұғымды білдірсе, ал биопсихизм - психика жалпы материяның қасиеті емес,
тек оның жанды бөлігіне ғана тән нәрсе деген ұғымды білдіреді.
Демек, психика барынша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың
арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым
нейропсихизм деп аталады. Ал жоғарғы жүйке жүйесі – психиканың
физиологиялық негізі болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың алдына қойған мақсаты – психиканың және жүйке
жүйесінің, сондай-ақ жоғарғы жүйесінің қызметін толығымен ашып көрсету
болып табылады.
Ал міндеттер – осы алдымызға қойған мақсатқа жетудің бірден бір жолы.
Сондықтан, біз курстық жұмыстың мынандай міндеттерін көрсетеміз:
1) психиканың жалпы сипаттамасына тоқталу, оның ішінде сананың
психикнаың дамуының жоғарғы сатысы ретіндегі рөлін анықтау.
2) Жүйке жүйесінің ұғымы мен мәнін ашып көрсету.
3) Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізгі
ретіндегі маңыздылығын айқындау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісіне психиканың және жоғарғы жүйке
жүйесінің қалыптасуы мен дамуы жатады.
Ал зерттеу пәніне психика мен жүйке жүйесінің ара қатынасын қамтамасыз
етумен байланысты ұйымдастырушылық қатынастар жатады.
І ПСИХИКАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм
- әр заттың жаны бар деп уғаыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму
себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық
қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.
Психикаға деген ғылыми-философиялық көзқарас гилозоизм концепциясы
болып қалыптасты, ол көзқарас бойынша психика барлық материяға тән.
Психикаға деген көзқараста гилозоизм ежелгі шығыс және гректерде пайда
болған, барлық материяның жанды екендігі туралы философялық ілім ХІХ
ғасырдың ортасына дейін орын алып келді.
Психологиялық білімнің одан кейінгі дамуы психиканы тар шеңберлі
құбылыстармен шектеу жолымен жүрді. Бірақ ертедегі грек ғалымдарының
ішіндегі ең ұлысы – Аристотельдің өзі психика ұғымын органикалық
процестердің бәріне де теліген. Ол жанды үшке: өсімдіктер, жануралар және
адамдар жанына бөлді. Кейінірек, ертедегі греткер ғылымында, психика ұғымы
біздің кезімізде осы терминмен аталып жүрген құбылыстар шеңберіне енді.
Ертедегі Греция философиясының өзінде-ақ психикаға деген бірі-біріне
өарама-қарсы екі айқын көзқарас: материалистік және идеалистік – Демокрит
және Платон бағыттары қалыптасқан-ды.
Демокрит барлық қоршаған табиғат сияқты психика да материалдық
негізінде деп есептеді. жан атомдардан, тек физикалық денелерді құратйын
атомдардан әлдеқайда нәзік атомдардан тұрады. Дүниені танып, білу сезім
мүшелері арқылы жүзеге асады. Өте нәзік, көзге көрінбейтін бедерлер
заттардан бөлініп шығады да адам жанына енеді, сөйтіп, онда мөрдің ізіндей
өз таңбасын қалдырады.
Плантонның пікірі бойынша жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ.
жаннның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол – идеалды. Таным –
псиъхиканың сыртқы дүниемен өзара әректеі емес, жанның адам тәніне енгенге
дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Объективті
дүние – танымдық қызметтің объектісі емес, соған себепші ғана.
Эксперименттік әдістің нашар дамығанына қарамастан, ертедегі грек
философтары психиканың мимен байланыстылығы туралы ой айтты, темперамент
пен мінездің арасындағы айырмашылықты көрсетті, аңғырттау негізделген болса
да психиканың ортаға тәуелділігі туралы идея ұынылды.
Сөйтіп, грек ғылымында психология зерттейтін құбылыстар ауқымы
жөніндегі білімдер анықталды және психикалық құбылыстарды түсіндіруге екі
түрлі методология мен қараудың негізі қаланды. Фактілік материалдарды жинау
әдісі ғылыми жағынан мүлде әзірліксіз негізде, күнделікті өмірден көрген-
білгенді, құрылған тұрмыстық байқауларды жүйелеу және ойша жүргізілген
теориялық экспермент деңгейінде қала берді. Бірақ та, ертедегі грек
ғалымдарының психика механизмдеріне соншалықты аңғыр түсінгендігіне емес,
ал олардың өздерінің байқалулары мен ойша эксперименттері арқылы құнды
жетістіктерге жеткеніне таңдану керек.
Орта ғасырлық философия мен психологиялық түсініктерде жан туралы
тәнге тәуелсіз материалдық емес мәндегі идеалистік ілім үстем болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы филосфтар психиканы түсінудің методологиялық
алғы шарттарының іргетасын қалады, оның психологияның өз алдына білімнің
жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиді. Ол философтардың арасынан, ең
алдымен Декарт, Локк, Лейбницетрді атауға болады.
Р. Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қарауды
белгіледі. Оның теориясы бойынша жануралардың жаны жоқ, олардың мінез-
құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табыады. Басқа сөзбен айтқанда,
жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен ғанадетерминделеді.
Декарттың рефлекстердің механикалық детерминділігі, машина іспеттестігі
турал ойын Маркске дейінгі материалистер дамытты және адамға да қолданды.
Декарт адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар
екеніне көзі жетеді деп есептеді. сана оймен тығыз байланыста. Декарт
сыртқы дүниенің білімнің пайда болуына тигізетін ықпалын жоққа шығармайды,
бірақ оның пайымдауынша, жалпы идеялар туа бітетін қасиет болып табылады.
Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды
бір-бірінен бөліп тастады: біріншісін, психикалық әрекетке еш жанастырмай,
жануарлардың мінез-құлқын детерминистік зерттеу мүмкіндігімен
байланыстырады, екіншісін өзімен-өзі тұйықталған құбылыс деп қарады. Сана
құбылыстарының сыртқы дүниеге тәуелсіздігі мен оларды өзін-өзі бақылау
арқылы ғана зерттеу мүмкіндігі күні бүгінге дейін көптеген идеалист-
психологтар үшін сананы ұғынудың негізі болып қалып отыр.
Д. Локк (1632-1704) сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері
арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса
көрнекті өкілдерінің бірі болды. Дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы,
Д. Локк ілімі бойынша – тәжірибе өз мазмұнын жазатын таза тақта. Ғалым
психикалық іс әрекет механизмін ассоцациялардан, яғни жеке түсініктер мен
идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндігі
жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан
әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде,
ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін
туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды.
Бұл тұжырым эксперименттік жолмен алынған фактілермен қарама-қарсы
келгенге дейін психология теориясының негізі болып келді. Тәжірибені санада
сақтаудың маңызды түрлері елес пен ұғым төтенше жұпыны жағдайда болып
көрінеді. адалдық, ерлік сияқты абстрактілі ұғымдар санадағы барлық адамдар
үшін айқын және бірдей бейнелермен байланыста емес. Локк сананы өзімен өзі
тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
Психологияның дамуы мен психика механизмдерін түсінуге Г. Лейбниц
(1646-1716) философиясы ықпалын тигізді. Ол психологияға сана ұғымымен
қатар санасыздық ұғымын енгізді. Лейбництің дифференциялдық теңдеулер
жөніндегі еңбектері оның психика механизмдері жайлы көзқарасына әсер етті.
Лейбниц санасыз түрде пайда болатын шексіз шағын перцепциялар бар екенін
жоққа шығармайды. Сана осыған дейін санасыз түрде өтіп келген елестерді
біздік мен қабылдаған кезде ғана пайда болады.
Туа бітетін идея жөніндегі Декарт ілімін қолдай отырып, Лейбниц Локк
сынын ескерді және дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы tabula rasa
деген тезиске қарсы шықты. бұл мәселедегі оның ұстанған позициясы мына
бейнелі теңеу арқылы берілген:
Егер жан шынында да осындай таза тақтаға ұқсас болса, онда қандай
формаға болса да ене алатын сом мраморға Геркулестің тұлғасы қалай қашалып
соғылса, біздің іші дүниемізде өмір ақиқаттары да солай соғылар еді. Ал,
егер осы мраморда басқа тұлғалардан гөрі Геркулестің тұлғасына лайық,
теңбіл сызықтар болса, онда осы сызықтардың өңін ашу және жалтырату үшін
олардың көзге түсуіне кедергі болып тұрған нәрселердің бәрінен арылту қажет
болса да, сол мрамор о бастан-ақ осғыған арналған, сөйтіп Геркулес белгілі
бір дәрежеде соның бойында туған болып шығар еді.
Сөйтіп ХІХ ғасырдың басына таман сананың идеалистік ұғымын анықтап
берген методологиялық алғы шарттар жасалды. Оны зерттеуге сай бірден-бір
әдіс – интроспекция болып табылды.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757) және француз энциклопеджистері:
Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789) еңбектерінен айқын аңғарылады.
Ағылшын ғалымдары Т. Гоббс пен Д. Локк өз еңбектеріне негізі қаланған
ассоциация жөніндегі детерменистік түсінікті дамытты. Француз философтары
мен жаратылысты зерттеушілері адам психикасының әлеуметтік детерминділігі
туралы төтенше маңызы бар идеяны жасап шықты. психикалық қасиеттердің
әлеуметтік ортаның әсерімен тәрбиеленушілігі қазіргі кезде де ғылыми
психологияның маңызды қағидасы болып саналады.
Англияда, Францияда, Германияда материалистік философияның дамуы К.
Маркс пен Ф. Энгельстің дидактикалық және тарихи материализмнің
қалыптасуына әсер етті. Бірақ материалистік көзқарастар буржуазиялық
психологияның қалыптасуына айтарлықтай ықпал ете алмады.
ІІ САНА – ПСИХИКА ДАМЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ РЕТІНДЕ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және
болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны
білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі
біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкндік береді. жалпыны біле
отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады.
Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай
да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.
Павловтың сөзімен айтқанда, болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде
жоғары бағдарлылықты қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет қоғамдық сананы
құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте – болады.
Жеке адам санасы оның болмыстын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар
адамзат жинақталған білімді меңгеру нәтижесі де болып табыбады. Екінші
жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчествалық іс
әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-
ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. бір
жерде орын алып оытрған қандай да болсын қатынас,-деп жазды. К. Маркс пен
Ф. Энгельс – мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де қатыспайды
және жалпы қатынас емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас
болмайды.
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады,
белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам
қатынастарды интеллектуальды және эмоционалды сипатта болуы мүмкін. Көп
жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта екеуі
аралас келеді.
Сана адамның творчествалық қабілеттіліген көрінеді. Адманың санасы
объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды.
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің
жағдайын өзгертс оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі
соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып,
соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне
бейімделгісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта
кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді
мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүміндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам
өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түсйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді,
демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді,
сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни
сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің
арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізнде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы
саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әректеінде
білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып,
неғұрлым тиімді тәсмілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайы
және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. Адамның жануралардан
айырмашылығы – ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп
отыруға қабілетті тіршілік иес. Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу
мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім
сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған
ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башпайларын
қимылдатып та – бірінен-бірін айырмай ойнай береді. бірте –бірте ол өзін,
өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата
бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың
нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде өтеді. Баланың
өзін өзі аңғаруынан кейін,-деп жазды И.М. Сеченов,-есейгенде адамның өз
санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін
сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға
және сыртқымен қатар қоя қаруға – бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін
зерттеуге мүмкндік беретін өзіндік сана-сезім туады. Күрделі психикалық
құбылыстады, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-
қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: адам алдымен
айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты
адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды.
Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға
береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс
танытатын болады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен
коллективтік бағаның маңызы ерекше.
Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау
тұрақты сипат алса, онда сол адамның өзінің қабілеті немесе мінезі
жайындағы осы ыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.
Өзн-өзі өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Өзін-өзі тау – адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін
зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама
таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.
ІІІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар
жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің,ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат
алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп ортыратын
жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі ұзын
тармақты нефрий (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақша
дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп
бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі)
және вегативтік (ішкі) жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке
жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізгі
болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы
ғылымда жан-жақты, толықдәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің
орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бір
орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде,
атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек келеді. Орталық жүйке жүйесінің
төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне
орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді.
Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан.мұның көлденең кесіндісінң пішіні
көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан
тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары
тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін
жүйке деп аталады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек
адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы жәе аралық ми – бәрі
қосылып ми бағанасын құрайды. ми бағанасы, әсіресе омыртқалы жануарлардың
өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан
айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. біздің де алу, түшкіру,
жұтыну түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида
құлақ пен көзден баратын тітіркенгіштерді, скелет еттерінің қалпын
реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің
барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі
афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету
процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін
арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де
осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не
басқару пульті деуге болады. Ретикульярлық формация ми қабығы астындағы
орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам
күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады.
Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке
орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып,
зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып
жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір
салалары еңбк, яғни нақты іс әрекет үстінде адам анасы қалайша дамып
отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылыми—педагогикалық,
медициналық, әскери. Инженерлік тағы басқа болып, бірнеше салаларға
бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерініңі оқушы
санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалдарының мазмұны
мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен
бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен
шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары,
жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту, педагогикалық психология зерттейтін
ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология дәрігер мен науқастың
арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді.
Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психогигиена дейтін
салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын
психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы
кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі. Адам-
машина жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің
құрылымын үйлестіру, мұндағы творчествалық міндеттерді тиімділікпен шешу,
информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті моделдер қалыптастыру
үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына
операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру,
тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау,
операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың,
ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты
басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім
сферасын, интеллект деңгейін зерттеу тағы басқа жатады. Мұндағы инженерлік-
психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие
жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты
негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, балаң, кемел, егде
жастағылар психологиясы жатады.
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс
туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің
бтологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде
дұрыс көрсете білді.
Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын сөзі,
қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен
келетін тітіркенгіштерге организмнің қайтаратын жауап рекациясы. Жануарлар
мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр
тоғымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде
көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы тағы
басқа осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.
Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасау жолын рефлекс доғасы
деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор, өткізгіш жүйке мен қозу
процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан
жұмыс аппаратына келетін жүйкелер.
Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысында байланысты. Ми
жұмыс органына хабар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz