Спирттер


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
Реферат
Тақырыбы: Спирттер
Орындаған : Өскенбаева Тоғжан
Тобы:Фк13-5к3
Қабылдаған:Диканбаева Айжан
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Спирттер
2. Спирттерге жалпы сипаттама
3. Бір атомды спирттер
4. Спирттердің қасиеті
5. Химиялық қасиеттері
III. Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Спирттер, немесе алкогольдер деп қүрамында гидроксилі бар көмірсутектерді айтады. Спирттер қаныққан және қанықпаған болуы мүмкін. Спирттердің атомдығы гидроксил топтарының Құрамындағы бірнеше гидроксил тобы бар спирттерді көп атомды (екі атомды, үш атомды, төрт атомды акәне т. б. ) деп атайды. Екі атомды спирттерді гликольдөр деп атайды.
Галоген туындыларынан алатын магнийорганикалық қосылыстарды пайдаланып, Гриньяр реактиві арқылы спирт алу лабораторияда жиі қолданылатын бірден-бір көп тараған әдіс. Органикалық синтезде сирек те болса, қолданылып жүрген литий және мырыш қосылыстары да спирт алу үшін жұмсалады.
Льюис қышқылы немесе протонды қышқылдардың көмегімен спирттерден пайда болып отыратын карбкатиондар, арендер немесе олефиндермен алкилдеу реакциясына түседі. Бұл тектес реакциялар оқулықтың тиісті тарауларында талданған. Төменде, бұрынырақ азын-аулақ айтылған карбкатиондардың қайтадан орын басу арқылы топтасатын реакцияларын қарастырамыз.
Қаныққан гликольдердіқ жалпы формуласы СлҢ2л (ОН) г Әдетте бір көміртек атомында екі гидроксил ұсталып тұр^іайды. Осындай құрылысты заттар пайда бола бере судан айырылып альдегидтермен кетондар құрады. Алайда ондай гликольдердін. эфирлері әлдеқайда тұрақты қосылыстар . Әдетте гликольдерде гидроксил топтары әрбір көміртек атомдарында орналасқан.
Глицерин - үш пальмитатты мысал ретінде қолданып, майлардың гидролиздеу схемасын былай бейнелеуге болады: гидролизде сабындар - жоғарғы қышқылдардың натрий тұздарынан (тап осы жағдайда пальмитин қышқылының) алынады, сондықтан да бұл процесті жәие жалпы күрделі эфирлердің гидролизін сабындау деп атайды.
Катализаторлардың (мысалы вольфрам қышқылыңың) қатысуымен сутектің асқын тотығының қосылуы әлдеқайда жылдам өтеді .
Спирттер (ағыл. spіrіt) - құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары - (-ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил. тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды С. ; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді =Спирттер=
СНСН2ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т. б. ) және=Спирттер, алкогольдер - құрамында бір немесе бірнеше OH тобы болатын көмірсутек туындылары. ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құ-рылысына байланысты қаныққан (этил C2H5-OH), қанықпаған (аллил бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т. б. ) . Кейде ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін - шарап спирті, метил спиртін - ағаш спирті деп атайды) . Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы, метанол - жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол - сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т. б. ауруларын тудырады) . Өнеркәсіпте спирттерді олефиндерді гидраттау, альдегид, кетондарды тотықсыздандыру, т. б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай, күріш, картоп, т. б. өсімдік шикізаттарын зимаза ферментінің қатысуымен ашыту немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер - органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т. б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.
Спирттер туралы жалпы түсінік
Спирттер(ағыл. spіrіt) - құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары - (-ОН) болатын көмірсутек туындылары. Гидроксил тобының санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп атомды С; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді Спирттер деп аталады. Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар.
Бір атомды спирттер
Бір атомды спирттер - алкогольдер деп аталады. Олардың молекуласында қаныққан көміртек атомының бір гидроксил тобы (ОН) болады
Метил спирті
Алкогольдердің ең маңыздыларының бірі - метил спирті (метанол, ағаш спирті), химиялық формуласы - CH3OH әлсіз иісті, түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t064, 50С, тығыздығы 0, 7924 г/см3(200С-та), формальдегид, күрделі эфирлер, түрлі еріткіштер алынатын шикізат, жүйке және тамыр жүйелеріне әсер ететін күшті у.
Этил спирті
Этил спирті (этанол, шарап спирті), химиялық формуласы - C2H5OH өзіндік иісі және күйдіргі дәмі бар түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 780С, тығызд. 0, 794 г/ см3(200С-та), тағамдық шикізатты (крахмал, қант, шырындар т. б. ) ашыту, өсімдік текті заттарды гидролиздеу және синтездеу (этиленді гидраттау) жолдарымен алынады, ректификаттау арқылы тазаланады, синтетикалық каучук, этилді эфир т. б. алу үшін, еріткіш ретінде, спиртті ішімдіктер (қазақша Арақ) өндіруде қолданылады
Бутил спирті
Бутил спирттері, химиялық формуласы - C4H9OH өзіндік спирт иісі бар түссіз сұйықтық, 4 изомері белгілі, изомерлері суда нашар ериді, олардың қайнау температуралары 83-117, 40С аралығында, тығызд. 0, 7887-0, 8099 г/см3; күрделі эфирлер мен жуғыш заттарды синтездеу үшін, техникада еріткіш ретінде қолданылады.
Бір атомды спирттердің қайнау температуралары
Спирттің аталуы
Формула
Қайнау температурасы
Метил спирті
(метанол)
СН3ОН
64, 7
Этил спирті
(этанол)
С2Н5ОН
78, 3
Пропил спирті
(пропанол)
С3Н7ОН
97, 2
Бутил спирті
(бутанол-1)
С4Н9ОН
117, 7
Амил спирті
(пентанол-1)
С5Н11ОН
137, 8
Гексил спирті
(гексанол-1)
С6Н13ОН
157, 8
Гептил спирті
(гептанол-1)
С7Н15ОН
176, 3
Спирттердің қасиеттері
Физикалық қасиеттері және құрылысы. Қалыпты температурадаС10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, Сп-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R - О . . . Н - О . . . Н - О . . . I I I Н R R Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/мольэнергияжүмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялыц қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О-Н немесе С-ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С -» О жәнө 0 <- Н . О <- Н байланысының полюстігі С -> О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz