Қазақстандағы эндемик өсімдіктер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Дене тәрбиесі және спорт» факультеті

«Биологияны оқытудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстандағы эндемик өсімдіктер

Орындаған: Ергешова Г. Н

Тобы: ФК-13-5К3

Қабылдаған: Кенжебаева К. О

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Аналитикалық шолу . . .
1. 1. Қазақстандағы эндемдік өсімдіктердің экологиясы . . .

1. 2. Қазақстандағы эндемик өсімдіктерге жалпы сипаттама . . .

1. 3. Дермене - Қазақстанда кездесетін эндемик . . .

1. 4. Бұршақ тұқымдаcтарының жалпы сипаттамалары . . .
1. 5. Жантақ өсімдігінің жалпы сипаттамалары . . .
1. 6. Қазақстандағы химиктердің жантақты зерттеуі . . .

2. Негізгі бөлім
2. 1. Зерттеу жұмыстарының әдістемелері . . .
2. 2. Зертте жұмыстарының материалдары . . .
2. 3. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . .

3. Қазақтың қырмызы қызғалдақтары . . .

4. Қорошаған ортаны қорғау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Эндемик (грек. endemos - жергілікті) - Жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар. Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т. б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т. б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 - 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 - 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т. б. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғыл. тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген.

Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталып бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далаларында көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кездеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең кең екенін көрсетеді. Дегенімен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.

Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайда айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді. Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың бірі, жергілікті климаттық тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедергі болса, екіншіден жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді.

Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.

1. Тақырыпқа аналитикалық шолу

1. 1 Қазақстанның эндемик өсімдіктер әлемінің экологиясы

Қазақстанның өсімдіктері өте бай және жер бетінде басқа жерлерде қайталанбайтын түрлерге тола. Мұндай түрлердің үйлесімді кездесуіне Қазақстанның ерекше климаты себеп болып отыр. Қазақстандағы кең байтақ далалық, қоңыржай далалық және таулық климаттық жағдайлар таралған. Бұл жағдайларда өсетін өсімдіктердің түрлік құрамы да ерекше. Өкінішке орай, кездесетін өсімдіктердің көптеген түрлері санаулы ғана ареалдарда өседі. Ал, кейбір түрлері тіптен жойылып бара жатқан өсімдіктер әлемінің өкілдері болып саналады. Бұл өсімдіктердің мүшкіл қалінің басты себептерінің бірі болып өсімдіктердің қолданылу қарқынының жоғары болғандығын атауға болады. Кейбір барлық дәрі - дәрмектердің құрамына кірсе, кейбір өте сирек кездесетін ауруларға ем. Күнделікті қолданып жүрген қызықты әдебиеттерде кездесетін дәрілік өсімдіктер баршаға мәлім және космополиттер болып саналады. Соларммен қатар, күннен күнге азайып немесе жойылып бара жатқан дәрілік өсімдіктердің саны айтарлықтай. Олардың қомақты бөлігі Қазақстан флорасының үлесінде. Бұл түрлердің толық жойылудан сақтау үшін тек қорықтар ұйымдастыру жұмыстары жеткіліксіз. Олардың кейбірлерін қолдан көбейтіп, табиғи таралу аймақтарында көбейту қажет. Жойылып бара жатқан өсімдіктердің көбеюіне жылдан жылға өркендеп бара жатқан мал шаруашылығының әсерін бөліп айтуға болады. Тау бөктеріндегі шалғындықтар мен жайылымдарда ондай өсімдіктердің өсіп көбеюіне жағай жоқ. Өйткені, олардың жас өсімдіктері үнемі малдың және шөп орушылардың зиянды әсеріне ұшырап отырады. Көптеген эндемик өсімдіктердің гүлдеу кезеңіне жеткенше 6 - 7 жыл керек. Кейбір өсімдіктер таулы, шағыр тасты беткейлерде өседі. Олардың жойылуына кен игеру жұмыстары себеп болып келеді.

Бұл қызыл кітапқа ендірілген өсімдіктердің толық тізімі емес. Қазіргі кезде көптеген өсімдіктердің таралу ареалы жылдан - жылға таралып барады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында ғана таралған бозтікен өсімдігінің ареалы тек Қазақстанда емес, жер бетінде 20 гектардай ғана көлемде калды. Оның себебі, өткен ғасырдың басында бозтікен өсімдігінің тамырынан сабын алынған. Оның салдарынан, Ресейдің сабын өндірісінің шикізаты ретінде осы өсімдік көп мөлшерде жиналған.

Аты әйгілі жень - шень өсімдігіне тең келетін алтын тамырдың да тағдыры боз тікенге ұқсас. Алтын тамыр, немесе қызыл радиола, тек тау биіктіктерінде өседі. Соған қарамай, алтын тамыр әлі күнге дейін ретсіз жиналып келеді. Олардың шикі зат ретінде жинауға тиым салынған. Қазіргі кезде алтын тамыр таудың 2300 метрлі биіктігінде 20-50 метрлік жолатта ғана кездеседі. Ондағы өсімдіктердің саны да санаулы деуге болады.

Экологиялық қалі мүшкіл өсімдіктердің бірі болып шеңгел саналады. Шеңгелдің Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясындағы орны өте маңызды. Ол өсімдік ең қатаң климаттық жағдайда өседі. Ол жылдан - жылға басып келе жатқан құмның алдына тосқауыл болып тұрады. Шеңгелдің санының азаюы құмның көптеген құнарлы жерлерді басып алуына себеп болады. Аталған қызметті қуаңшылдыққа төзімді жантақ, жыңғыл, сексеуіл сияқты құрғақ дала климатына төзімді өсімдіктер де атқарады. Оңтүстік Қазақстанның Созақ, Шардара аудандарының далаларындағы өсімдіктерінің жамылғысының басты құрам бөлігін жусан, бетеге, боз және далалық дәнді шөптер құрайды. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы флора өз құрамын қайта толықтыруда. Кеңес өкметінің кезінде шектен тыс мөлшердегі қой шаруашылығының даму далалық флораның күйзелуінің себебі болды. Қазақстанда 50 милион қой басты құралы. Олар кең даладағы жабайы жануарлардың өмірлік кеңістіктеріне дейін басып алды. Өте қарқынды пайдаланудың салдарынан көптеген өсімдіктердің жамылғысы қайта қалпына келе алмай жойылуға жақын қалде болды.

Экологиясы нашар өсімдіктерге дара жарнақтылар класына жататын лалагүлділер тұқымдасының өкілдерінің бәрін атауға болады. Бұл өсімдіктер тек таулы аймақтарда өседі. Ерте көктемдегі гүл жинаудың әсерінен және мал жайылымның кеңейуінен барлық лалагүлділердің қалі мүшкілденіп барады. Бәйшешек, наурыз гүл, қызғалдақ түрлері, ерте көктемнің сары гүлдер осыдан елу жыл бұрынғы қалімен салыстырғанда өте нашар.

1. 2. Қазақстандағы эндемик өсімдіктерге жалпы сипаттама

Қаратау қауы

Қаратау қауы (лат. Stіpa karatavіensіs) - астық тұқымдасы, қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 20 - 30 см. Сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Гүлшоғырының ұзындығы 6 - 8 см, жіңішке. Масақ қабыршақтарының ұзындығы 22 - 31 мм. Төмен гүл қабыршағы 8 - 9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы 8 - 9 см, имек келген, жоғары жағында 3 - 4 мм, түгі бар. Тұқымынан көбейеді. Мамыр - шілдеде жемістері піседі. Жемісі - дәнек. Гүл қылтанағы арқылы өсімдік дәнегі топыраққа бекиді.

Өсетін орны мен таралуы

Батыс Тянь-Шань мен Қаратау жотасының (Оңтүстік Қазақстан облысы) Шу - Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі. Қаратау қауының жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы - сирек кездесетін өсімдік және де тек Қазақстан жерінде кездесетіндіктен ол эндемик өсімдігі болып табылады. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қаратау маралтамыры

Қаратау маралтамыры (лат. Rhapontіcum karatavіcum) - күрделігүлділер тұқымдасы, маралтамыр (маралшөп тамыры) туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалаық сипаты

Биіктігі 5 - 10 см-дей.

Тамырсабағы өте жуан. Киіздей қалың әрі жұмсақ түктер қаптаған сабағында жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қалың түкті болғандықтан бозғылт түсті. Жапырақ тақтасының жиектері салаланып терең ойықталған. Сабағының тамырға таяу жеріне орналасқан жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жоғарылаған сайын сағақтары қысқарады.

Гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Себеттің сыртындағы орама жапырақтары шар тәрізді (дөңгелек), түксіз, ені 2 - 2, 5 см. Күлтесі қызғылт түсті, ұзындығы 2 - 2, 2 см.

Тұқымынан көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі.

Жемісі - сарғыш, құрғақ тұқымша, оның ұзындығы 6 мм, ені 1, 5 - 2 мм. Тұқымшасында үлкен ақайдаршасы болады, ол тұқымның желмен ұшып таралуына мүмкіндік береді.

Өсетін орны мен таралуы

Қаратау жотасының және Мыңжылқы сайының тастақты, қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. Теңіз деңгейінен 1300 - 1500 м биіктіктегі таудың ұсақ тасты беткейлерінде кездеседі. Қаратау маралтамыры - сәндік өсімдік. Өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Іле ұшқаты

Іле ұшқаты (Lonicera iliensis) - ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта.

Іле өзенінің аңғарында кездеседі. Биіктігі 1, 5 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр, қатпарлы қабықты; жас өркендері алқызыл сұр түсті, барқыт тәрізді түк басқан. Жапырақтары сопақтау, қандауыр пішінді, орташа ұзындығы 2, 5 см, ені 5-7 мм. Гүлсидамы орташа жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі сарғыш түсті, түбек тәрізді, ұзындығы 10 мм. Мамыр-маусымда гүлдеп, маусым-шілдеде жеміс салады. Жемісі қара көк түсті, шар тәрізді, ұзындығы 6-7 мм. Сәндік үшін өсіріледі. Сирек кездесетін эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Іле ұшақты (Lonіctra іlіensіs) - ұшқат туысына жататын бұта. Қазақстанда Іле өз-нің атырабындағы тау етектерінде, өзен аңғарындағы терек-тал өскен ормандар мен бұталы тоғайлардың арасында кездеседі. Биікт. 1, 5 м-дей, сабағы жіңішке, өте көп қатты бұтақты. Жапырақтары жіңішке, пішіні қандауыр тәрізді, ұзындығы 2, 5 см, ені 5 - 7 мм. Гүлі сары түсті, қос жынысты, олар масақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, маусым - шілдеде жеміс салады. Жемісі - қара көк түсті, шар тәрізді дәнек. Өте әдемі өсімдік, сәндік үшін өсіріледі. І. ұ. өте сирек кездеседі, жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Іле өңірінің эндемигі ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Сүмбіл

Сүмбіл (Adіanthum) - қырыққұлақтәрізділер тұқымдасына жататын көп жылдық споралы шөптесін өсімдік.

Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларындағы, Батыс Тянь-Шаньдағы тасты жерлерде, өзен, бұлақтар жағалауларында, сарқырама астында өсетін 1 түрі - шолпаншаш сүмбіл (А. capіllus venerіs) бар. Оның биіктігі 10 - 30 см. Қара түсті қабыршақпен қапталған тамыр сабағы төселмелі. Жапырақтары (вайя) жұқа, екі не үш-үштен бірігіп, қауырсын тәрізді тілімделген. Жапырақ сағағы жіңішке, қара қоңыр, жылтырап тұрады. Спора арқылы немесе тамырының кесіндісімен көбейеді, үш жолақты спорасы шілде - тамыз айларында жетіледі. Шолпаншаш сүмбілді әсемдік өсімдік ретінде гүлзарларда өсіреді және дәрілік қасиеті бар, сондықтан медицинада тыныс жолдарын емдеуге пайдаланылады. Сүмбіл Ақсу - Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Сирек кездесетін өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Кәдімгі өрік

Кәдімгі өрік -Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Таралуы

Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік - Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі. И. В. Мичурин бұл өріктің 8 жаңа сортын шығарған, олар КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Қазақстан мен Орта Азияда өсіріледі.

Дайындалуы

Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0, 5 кг-дан 1, 5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді

Химиялық құрамы

Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0, 6%-дан аспайды.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері

Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары - қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.

Қолданылуы

Эмульгатор ретінде эмульсиялардың өндірісінде қолданылады.

Қызыл қайың

Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол - Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған.

Бүгiнде қайыңның бұл түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш ареалы тарылу үстiнде. Қызыл қайыңның тағдыры бүгiнде қыл үстiнде десек те болады. Өйткенi ол - Нарынқол ауылы тұрғындарының негiзгi отын көзiне айналған. Биіктігі 2 - 4 м, жалпақ жапырағының ұзындығы 3 - 4 (5) см, ені 1, 5 - 3 см, қабығы ақшыл-қызғылт түсті. Аналық сырғасы сопақша (ұзындығы 1, 8 см-дей, ені 0, 7 см) . Мамыр айында гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақ. Әсемдік үшін де өсіріледі. Тау беткейлеріне топырақ эрозиясына қарсы егіледі. Ал Наурызым және Аманқарағай орманында өсетін өте сирек кездесетін Қызыл қайың қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Ресми дерек көздерiне сүйенсек, соңғы он бес жыл көлемiнде қызыл қайыңның өсу аймағы 15-20 пайызға қысқарған. Айталық, 1990 жылы қайың ареалы 225 гектарды құраса, бүгiнде 180 гектарға әзер жетедi. Қызыл қайың - Алматы облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Көлбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы - Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Лепсі өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 1, 3 мың адам (2003) . Ауыл 1992 жылға дейін “Саратовка” деп аталып келген. 1997 жылға дейін Үйгентас ауданына қарады. 1963 - 97 ж. “Саратов” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қаазақстанда ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.

Аққаңбақтүсті аллохруза ( Қалампырлар тұқымдасы)

Мәртебесі: саны қатты қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянь- Шань мен Памир - Алай эндемигі. Біздің елімізде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы таулар мен тау етектерінде кездеседі. Шөлді, шөлейтті және саванналы жерлерде тау етегі жазықтығынан орташа тау белдеуіне дейін өседі. Бұтақтанған, дерлік шар тәрізді ұсақ ақ гүлдердің селдір жиынтығы өте әдемі.

1. 3. Дермене - Қазақстанда кездесетін эндемик

Дермене - асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат - сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар. Дермене - жусанның бір түрі. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2, 5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.

Дермене емдік қасиеті мол өсімдік. Ол тек қана Арыс өзені бойында өседі. Одан алынатын Сантонин дәрісі ішқұртынына қарсы әлемдегі бірегей дәрі. Ол дәрі әлемде тек қана Шымкент сантонин заводында шығарылады.

1. 4. Бұршақ тұқымдастарының жалпы сипаттамалары

Бұршақ тұқымдасының 120 мыңнан астам, түрлері бар. 490 туысы бар олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.

Негізгі өсімдік формалары ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аудандарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы, олар түйнек бактериясымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақ тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары жапырақ серігі бар, жапырақтары кезектесіп орналасады.

Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5- тісті, дұрыс немесе зигоморфты. Күлтесі зигоморфты, 5- күлте жапырақшадан тұрады, олардың үшеуі бос орналасқан және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір - бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ерекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп түтік түзеді, оның ішінде аналық орналасыды, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады. Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейі бір мүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғары.

Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай:

Са5, Со3+2, А9+1, G1

Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір - бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінетін, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндердің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары асбұршақта 34 процентке дейін, ноқатта- 31 процент, люпинде- 61 процентке дейін болады. Тамаққа дайындалатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль мен жасымық тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокилоталар болады.

Бұршақ тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азақтық, жем- шөптік, балжинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т. б. өсімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақ тұқымдасының азықтық, жем- шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алоколойтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Ақсу - Жабағалы қорығында қорғалатын өсімдіктер
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы жайлы
Жануарлар әлемі туралы
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау
Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz