Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1.тарау. Қытай және Орталық Азия: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту
2.тарау. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстары.
3.тарау. Қытай мен Орталық Азия елдерінің сауда және мәдени қатынастары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Жұмыстын жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытайдың Орталык Азиядағы сыртқы саясатын (1992 — 21 ғ. басы) зерттеуге арналған. Жұмыста Қытайдың тәуелсіздік алған Орталық Азия республикаларымен орнатқан сан-саладағы ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады. Оның ішінде Қытайдың Орталық Азията қатысты ұстанған саяси бағытына, өзара екі жақты және көпжақты байланыстардың саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы даму үрдісіне, қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен болашағына назар аударылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған Орталық Азияның жас мемлекеттері халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін екі жақтан көршілес жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бұл жөнінде Президент Н. Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жолдауда сыртқы саясаттағы басымдықтар ретінде Ресей мен Қытай аталған [1]. Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Орталық Азияның бес мемлекетінің үшеуінін (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Қытаймен ортақ шекарасының болуы да өзара қарым-қатынастарды дамытудың негізгі факторы десе де болады. Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында ол мемлекеттердің шет елдермен байланысы мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
Ежелгі өркениет елі болып табылатын Қытай - ұлы мемлекет. Аспан асты елінің 1979 жылдан бастап жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесі оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мөлім. Белгілі американдық саясаттанушы-ғалым Г. Киссинджердің Қытайдың әлеуеті женіндегі сөзін келтірсек: «Барлық ұлы және әлеуеті зор мемлекеттердің ішінде Қытай алға басудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей - сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. Қытай болса, экономикалық дамудың 10 пайызға жақындаған жыл сайынғы қарқынын сақтап, өте күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда қатысты жоғары өсімді көрсетіп отыр» [2]. Американдық саясаткер Збигнев Бжезинский өзінің «Великая шахматная доска» атты кітабында 20-шығасырдың соңғы онжылдығында қалыптасқан әлемдік геосаяси жағдайға баға бере отырып, Қытайды әлемдік емес, аймақтық держава деп атайды. Автор қандай қолайлы жағдайда дамығанның өзінде объективті себептер Қытайды 2020 жылға қарай әлемдік мемлекетке айналуға қол жеткіздіре алмайтынын айта келе былайша қорытынды жасайды: «Қытай қазірдің өзінде құрлықтағы геосаяси тұрғыдан алғанда ең ықпалы күшті мемлекет болып табылады. Оның әскери және экономикалық қуаты көршілес елдермен, Үндістаннан басқа, ешқандай салыстыруға келмейді. Сондықтан өз тарихының, географиясының және экономикасының талаптарына сәйкес Қытай аймақтағы өз ықпалын нығайта түсері хақ» [3].
Шығыстағы көршіміз - Қытайдың бүгінгі ғаламдасу заманында жүргізіп отырған сырткы саясатының принциптерін айқындау, оның сыртқы саяси бағытында Орталық Азияның алатын орнын анықтау өте қажет. Қытайдың Орталық Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен мүдделерін ашу ете маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара, қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын дамыту зерттеу жұмысының өзегін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын мәселе болып табылады.
Қытай басшыларының пікірінше, олар жүргізіп отырған сыртқы саясаттың Орталық Азия елдері жүргізіп отырған саясатпен ортақ жақтары көп. Тараптарды олардың арасындағы байланыстардың көпжақты ынтымақтастықты орнату мақсатындағы ұзак мерзімді және тату көршілік достық негізінде даму керек деген ортақ ой біріктіреді. Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерін бірнеше аспектіде қарастыру керек. Шығыстағы ұлы көршіні қашан да алаңдатып келген Шыңжаңдағы ұлттық сепаратизм мәселесі бойынша Қытайдың Орталық Азиядағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындауға болады. Орталық Азияның әсіресе шекаралас жатқан елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту арқылы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтере отырып, ондағы сепаратистік талпыныстарын бәсеңдету негізгі мақсат болып отыр.
Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек.
Жалпы, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Қытайдың Орталық Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін ашуға, олардың әрқайсысымен жүргізген ынтымақтастықтың ерекшеліктерін айқындауға талпыныс жасалады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 .Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. - 2006. - 2 наурыз.
2 .Киссинджер Г. Дипломатия. - Москва: Ладомир, 1997. - С.756.
3 .Бжезинский 3. Великая шахматная доска. - Москва: Международные отношения, 2000. - С.196.
4 .Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. - Алматы: Дәуір, 1992. - 56 б.
5 .Токаев К. Под стягом независимости. - Алматы: Білім, 1997. - 735 с.
6 .Султанов К. Наш сосед - Китай // Казахстан и мировое сообщество - 1995 -№3(4).-С89.
7 .Каримов И.А. О национальной государственности, идеологии независимости и правовой культуре. - Ташкент, 1999. - 439 с.
8 .Ниязов С. Внешняя политика нейтрального Туркменистана. - Ашхабад 1999. - 175 с.
9 .Дэн Сяопин. Основные вопросы современного Китая. - Москва: Политиздат, 1988. - 256 с.
10 .Цзян Цзэминьнің Азиядағы өзара ьщпалдастық пен сенім шаралары туралы Кеңестің саммитінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. - 2002. - 5 маусым.
11 .Капица М.С. КНР: три десятилетия - три политики. - Москва: Политиздат 1979.-576 с.
12 .Лузянин С.Г. Китай, Россия и Центральная Азия. Китай в мировой политике. - Москва: РОСПЭН, 2001. - С.ЗЗЗ.
13 .Қожахметұлы К. Үлкен қанжар // Егемен Қазақстан. -1992. - 8 ақпан.
14 .Қожахметұлы К. Қазақстан жол торабында тұр, қалай жүреді? // Ақиқат. - 1993.- №3.-3-8 66.
15 .Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии: глобальные, региональные и национальные проблемы. - Алматы: Кайнар, 1998. - 280 с.
16 .Хафизова К. Трансграничные отношения Синьцзян-Казахстан // Цен-тральная Азия и Кавказ. - 2000. - № 3 (9). - С.96-107.
17 .Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. - Алматы: Қазақ университеті, 2003.-432 6.
18 .Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии // Казахстан-Спектр. - 1999. - № 1(11). - С.86.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясаты
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1-тарау. Қытай және Орталық Азия: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту
2-тарау. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық
байланыстары.
3-тарау. Қытай мен Орталық Азия елдерінің сауда және мәдени қатынастары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Жұмыстын жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытайдың Орталык Азиядағы
сыртқы саясатын (1992 — 21 ғ. басы) зерттеуге арналған. Жұмыста Қытайдың
тәуелсіздік алған Орталық Азия республикаларымен орнатқан сан-саладағы
ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады. Оның ішінде Қытайдың
Орталық Азията қатысты ұстанған саяси бағытына, өзара екі жақты және
көпжақты байланыстардың саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және
мәдени салалардағы даму үрдісіне, қарым-қатынастардың бүгінгі жағдайы мен
болашағына назар аударылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде
тәуелсіздік алған Орталық Азияның жас мемлекеттері халықаралық
қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы
әлеммен жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие
болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және
геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын
аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің
Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен
жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен
шарттасқан. Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы үшін екі жақтан көршілес
жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттерімен қарым-қатынас орнату өте маңызды.
Бұл жөнінде Президент Н. Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жолдауда сыртқы саясаттағы
басымдықтар ретінде Ресей мен Қытай аталған [1]. Зерттеудің өзектілігі, ең
алдымен, Орталық Азия елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты.
Геосаяси тұрғыдан алғанда, Орталық Азияның бес мемлекетінің үшеуінін
(Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Қытаймен ортақ шекарасының болуы да
өзара қарым-қатынастарды дамытудың негізгі факторы десе де болады. Орталық
Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру
барысында ол мемлекеттердің шет елдермен байланысы мәселелері үлкен
өзектілікке ие болады.
Ежелгі өркениет елі болып табылатын Қытай - ұлы мемлекет. Аспан асты елінің
1979 жылдан бастап жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесі
оның экономикалық даму деңгейін әлем таңданарлық дәрежеге жеткізгені мөлім.
Белгілі американдық саясаттанушы-ғалым Г. Киссинджердің Қытайдың әлеуеті
женіндегі сөзін келтірсек: Барлық ұлы және әлеуеті зор мемлекеттердің
ішінде Қытай алға басудың ең жоғарғы деңгейінде. АҚШ қуаттылыққа әлдеқашан
жеткен, Еуропаға берік тұтастыққа жету үшін әлі де еңбектену керек, Ресей -
сүрініп келе жатқан алып, ал Жапония бай, бірақ әлі де жасық. Қытай болса,
экономикалық дамудың 10 пайызға жақындаған жыл сайынғы қарқынын сақтап, өте
күшті ұлттық тұтастық сезіміне және одан да мықты әскери күшке ие бола
отырып, ұлы державалар арасында әлдеқайда қатысты жоғары өсімді көрсетіп
отыр [2]. Американдық саясаткер Збигнев Бжезинский өзінің Великая
шахматная доска атты кітабында 20-шығасырдың соңғы онжылдығында
қалыптасқан әлемдік геосаяси жағдайға баға бере отырып, Қытайды әлемдік
емес, аймақтық держава деп атайды. Автор қандай қолайлы жағдайда дамығанның
өзінде объективті себептер Қытайды 2020 жылға қарай әлемдік мемлекетке
айналуға қол жеткіздіре алмайтынын айта келе былайша қорытынды жасайды:
Қытай қазірдің өзінде құрлықтағы геосаяси тұрғыдан алғанда ең ықпалы күшті
мемлекет болып табылады. Оның әскери және экономикалық қуаты көршілес
елдермен, Үндістаннан басқа, ешқандай салыстыруға келмейді. Сондықтан өз
тарихының, географиясының және экономикасының талаптарына сәйкес Қытай
аймақтағы өз ықпалын нығайта түсері хақ [3].
Шығыстағы көршіміз - Қытайдың бүгінгі ғаламдасу заманында жүргізіп
отырған сырткы саясатының принциптерін айқындау, оның сыртқы саяси
бағытында Орталық Азияның алатын орнын анықтау өте қажет. Қытайдың Орталық
Азия елдеріне қатысты саясатында ортақ принциптермен қатар, әр республикаға
деген ұстанымында да ерекшеліктер бар. Оның Орталық Азиядағы мақсаты мен
мүдделерін ашу ете маңызды. Сондықтан осы аталған мәселелерді қарастыру
үлкен өзектілікке ие болып отыр. Қытайдың Орталық Азиядағы саясатында
саяси, экономикалық, сауда, мәдени салалар орын алған. Оған қоса шекара,
қауіпсіздік, лаңкестік пен сепаратизмге қарсы күресу, жол қатынастарын
дамыту зерттеу жұмысының өзегін құрайды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыда
зерттеу, талдау, жан-жақты ашу тікелей саясатқа қатысы бар адамдар мен
ғалымдардың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның, көпшілік қауымның
қызығушылығын тудырады және сыртқы саясат ғылымында үлкен орынға ие болатын
мәселе болып табылады.
Қытай басшыларының пікірінше, олар жүргізіп отырған сыртқы саясаттың
Орталық Азия елдері жүргізіп отырған саясатпен ортақ жақтары көп.
Тараптарды олардың арасындағы байланыстардың көпжақты ынтымақтастықты
орнату мақсатындағы ұзак мерзімді және тату көршілік достық негізінде даму
керек деген ортақ ой біріктіреді. Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделерін
бірнеше аспектіде қарастыру керек. Шығыстағы ұлы көршіні қашан да алаңдатып
келген Шыңжаңдағы ұлттық сепаратизм мәселесі бойынша Қытайдың Орталық
Азиядағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындауға болады. Орталық
Азияның әсіресе шекаралас жатқан елдерімен сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамыту арқылы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданының әлеуметтік-
экономикалық деңгейін көтере отырып, ондағы сепаратистік талпыныстарын
бәсеңдету негізгі мақсат болып отыр.
Қытайдың Орталық Азиядағы саясатындағы мақсаттардың тағы бірі аймақтағы
саяси қауіпсіздікті сақтау болып табылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының
пайда болуы да осы аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында
құрылғанын айту керек.
Жалпы, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын Орталық Азия мен Қытай
арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара
ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына
баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Қытайдың Орталық Азияның
тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін ашуға, олардың
әрқайсысымен жүргізген ынтымақтастықтың ерекшеліктерін айқындауға талпыныс
жасалады.
Қытайдың тәуелсіз Орталық Азия республикаларына қатысты жүргізген сыртқы
саясатын апгу дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара
қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси,
қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа
талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болған.
Дипломдық жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қытайдың
тәуелсіз Орталық Азия елдерінде жүргізген сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай
мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
1. Қытайдың сыртқы саясатының қалай қалыптасатынын теориялық негізде
қадағалау.
2. Орталық Азия мемлекеттерінің әрқайсысының Қытайдың сыртқы
саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
3. Орталық Азия еддерінің әрқайсысының Қытаймен қарым-қатынасындағы
ерекшеліктері мен ортақ жақтарын ашу.
4. Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
5. Қытайдың Орталық Азия елдерімен интеграция деңгейін анықтау.
6. Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыстар процесінің негізгі
себептерін аша отырып, объективті қорытынды жасау.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Зерттеу 1990-шы жылдардың
басынан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына
дейінгі аралықты қамтиды.
Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Зерттеу көздерінің бірінші тобын
дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері
арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер,
декларациялар, коммюникелер т.с.с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Қытай
Халық Республикасы арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты
ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы
трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық
туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-
жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда
аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық
ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Дипломдық жұмыс сүйенген зерттеу көздерінің екінші тобына ел
басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің
баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сездері және әртүрлі
ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың
теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік
мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді.
Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан, Казахстанская правда,
Жас Алаш, Түркістан, Деловая неделя, Панорама газеттерінде және
Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Саясат, Казахстан-Спектр, Центральная
Азия и Кавказ, Казахстан: экономика и жизнь, Казахстан и современный
мир, Аналитическое обозрение, Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің
Правда, Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері
мен Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные
отношения, Азия и Африка сегодня, Нефть и газ, Железнодорожный
транспорт журналдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен
Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат
агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында
Қазақстанның Хабар, ҚазААГ, Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның
Хабар, Тәжікстанның Ховар, Қытайдың Синьхуа, Ресейдің Новости,
ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен,
интернет желісінен алынған.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысының деректік
негізі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда Орталық Азияның тәуелсіз
мемлекеттерінің сырткы саясаты кең аумақты саяси қызығу құралына айналды.
Қытайдың сыртқы саясаты, оның ішінде Орталық Азияға қатысты саясаты
мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Диплом жұмысында пайдаланылған еңбектер қатарында Қазақстан
басшыларының еңбектерін айтуға болады. Мемлекет басшыларының еңбектерінде
елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара
байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырылып отырған
тақырыпты тереңірек талдауға көмектеседі. Мысалы, Н. Назарбаевтың
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы [4], Ғасырлар тоғысында, Сындарлы он жыл атты кітаптары
еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму
бағытын қарастырган. Оның ішінде міндетті түрде шығыс көршіміз - Қытаймен
сан-саладағы ынтымақтастық, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді,
достық, тату көршілік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады.
Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның
халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан-
Қытай байланыстары мәселелерін Қ. Тоқаевтың Под стягом независимости [5],
Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации, Беласу атты
еңбектерінен біле аламыз.
Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар саяси қайраткер, дипломат Қ.
Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің
зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты байланыстың
қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген экономикалық
реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды.
Қазакстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар
мақалалары арналса [6], Пробуждение гиганта, Реформы в Казахстане и
Китае атты кітаптары Қытайдың ашық есік саясаты мен реформалар жүргізуі
нәтижесінде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, Қазақстан мен
Қытайдағы экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға
беріледі.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын айтуда Орталық Азияның басқа
республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында
Өзбекстан президенті И. Каримовтың О национальной государственности,
идеологии независимости и правовой культуре [7], Түркменстан президенті С.
Ниязовтың Внешняя политика нейтрального Туркменистана [8] атты кітаптары
бар. Бұл еңбектер Өзбекстан мен Түркменстанның сыртқы саясатының қалай
бағытталғандығынан хабар береді және зерттеліп отырған тақырыпты кеңінен
талдауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда зор жетістіктерге жеткен Қытайдың экономикалық реформасының
архитекторы Дэн Сяопиннің Основные вопросы современного Китая атты жинағы
бар [9]. Жалпы Қытайдың негізгі сыртқы саяси бағытын, оның ішінде көршілес
мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытудағы ұстанымдары аспан асты елінің
басшыларының жоғары дәрежелі басқосулар барысында сөйлеген сөздері
айқындайды. Осы орайда Қытай басшысы Цзян Цзэминьнің сөзін келтірсек:
Қытай тәуелсіз де дербес бейбіт сыртқы саясатты дәйектілікпен жүргізіп
келеді және Азия аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне күш жігерін
жұмсауда. Ешқашан өктемдік орнатпауға, әскери блоктарға қосылмауға жөне
ықпал аймағына ие болмауға деген өзінің салтанатты уәделеріне адал Қытай
бейбіт қатар емір сүрудің бес принципінің және өзара сенім, өзара
тиімділік, тевдік пен өзара ыкпалдастық өзегі болып табылатын жады
қауіпсіздік тұжырымдамасының үгітшісі және жақтаушысы болып табылады[10].
Қытайдың жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға
қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен
ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде М.С. Капица [11], В.А.
Лузянин [12], В.А. Корсун, А.Д Воскресенский, С.Г. Свешников, Ю. Песков, В.
Лукин, В. Михеев, В. Кузнецов, Е.П. Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға
болады. Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда-экономикалык және транспорт
саласындағы ынтымақтастық ресейлік ғалымдар О. Резникованың, Ю. Юдановтың,
И. Азовскийдің мақалаларында қарастырылған.
1990-шы жылдардың басында Қазақстан мен Орталық Азияның басқа
мемлекеттері егемендігін жариялаған соң дербес ел ретінде мемлекеттік
қайраткерлікті жүзеге асыруда кездескен қиыншылықтар аз болмады. Дәл осы
уақытта Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер
турасында жазған белгілі тарихшы-ғалым К. Қожахметұлының реснубликалық
газеттер мен ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектері диплом жұмысының
тақырыбын ашуда құнды болып табылады [13]. Сондай-ақ, Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін көпбағытты саясатты ұстануы қажет деген пікірді 1993 жылы
Ақиқат журналынан жарық көрген мақаласында баяндайды [14]. К.
Қожахметұлының көптеген мақалалары мен басылымдары, Қытай және Үшінші
дүние атты кітапшасы Азия, Африка елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстары
мәселелерін, Қытайдың сыртқы саясатын, оның әлем елдерімен ынтымақтастығын
талдауға арналған.
Орталық Азия өңірінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық,
ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орталық
Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты
мәселелер белгілі ғалым Ө. Қасеновтің еңбегінде қарастырылып, жан-жақты
талдау жасалынған [15]. Ғалымның бұл зерттеуі де тақырыпты тереңірек
игеруге мүмкіндік береді.
Қытайтанушы-ғалым К.ПІ. Хафизованьщ еңбектері тек бүрынғы кезеңді ғана
қарастырмаған (Китайская дипломатия в Центральной Азии ХГУ-ХГХ вв. атты
монография), ғалымның бірқатар ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, яғни
Кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай
мен Орталық Азия арасындағы байланыстарға арналған. Бұл мақалаларда
Қытайдың орталықазиялық республикалармен, оның ішінде Қазақстанмен саяси,
әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа талдау
жасалынған [16].
Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстарға қытайтанушы-ғалым Н.
Алдабектің де еңбектері арналған. Қытай тарихына арналған еңбектерінен
бөлек Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском
регионе ХУІІ-ХІХ вв. атты монографиясын атауға болады. Сонымен бірге Н.
Алдабектің Қытай мен Ресейдің Орталық Азияда және Шыңжанда жүргізген
саясатына арналған кітабы бар. Бүл монографияда ғалым Шыңжандағы орыс-қытай
қатынастарынын дамуын, 19-шы ғасырдағы Цин империясы мен Ресейдің, 20-шы
ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай мен Кеңес өкіметінің Шыңжанға қатысты
ұстанған саясатын сарапқа салған [17]. Аталған еңбектердің бүгінгі заманғы
Қытай мен Орталық Азия елдері сауда-экономикалық ынтымақтастығы
зерттеушілер үшін бағалы деректер болары сөзсіз.
Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас зерттеуші
К. Сыроежкиннің еңбектерінде талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер
арасындағы сауда-экономикалық және саяси байланыстарды қарастырады. Сонымен
қатар автордың ғылыми мақалаларында тарихи шолу жасау арқылы Қытай мен
Қазақстанның шекара мәселесінің шешілу процесі кеңінен талқыланған [18].
Оған қоса Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесіне
таддау жасайды.
Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қытай мен
Орталық Азия мемлекеттерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс
зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын
баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Анделенд, Н. Платт,
Кайзер, М. Олкотт және т.б. бар. 2005 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басып
шығарған Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы атты
ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Осы еңбектегі бірінші тарау М.Т.
Лаумулин мен К.Л. Сыроежкиннің Қытайдың сыртқы саясатының тетіктерін аша
отырып, Оның Еуразия, Батыс бағыттарындағы саясатына талдау жасайды. Олар
Қытайдың аймақтық ойыншыдан біртіндеп халықаралық қатынастардың маңызды
ғаламдық факторына айналып бара жатқандығын айтып, аспан асты елінің сыртқы
саясатын зерделей келе мынадай түйін жасайды: Еуразия мемлекеттері үшін,
ең алдымен Ресей мен Қазақстан үшін мына фактіні түсініп алу өте маңызды-
қытай мемлекетінің сыртқы саясатының маңызды мақсаты этникалық қытайлардың
ірі, экономикалық және саяси ықпалы күшті, ұлттық-әлеуметтік оқшауланған
отарларын құру болып табылады.
Орталық Азиядағы қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А.
Ходжаевтың монографиясы да зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды.
Онда Қытайдың ҚХР құрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына ықпалы
көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Қытаймен байланысты
кейбір факторлар ашылған Олардың ішінде Қытайдың өңірдегі экономикалық
мүдделері, өзара байланыстардағы Ұлы жібек жолының маңызы, ҚХР-дың мұнай
базарының Орталық Азияға әсері, шекара мәселесі, ШЫҰ-ның Орталық Азия
аймағындағы халықаралық қатынастарға әсер етуші жаңа фактор ретіндегі орны
қарастырылган[19].
Қытайдың тарихы мен оның басқа елдермен және аймақтармен байланыстарын
қарастырған зерттеушілердің қатарында В. Моисеев, Р. Сүлейменов секілді
отандық ғалымдар бар. Қытайдағы қазақтардың тарихына, қазақ-қытай қарым-
қатынастарының даму тарихына шығыстанушы-ғалым Н. Мұқаметханұлының
еңбектері арналған. Шыңжандағы қазақтардың мәселелері бойынша жазған
ғалымдардың ішінде Т.З. Қайыркенді, А. Базылбаевты, Г. Ахметбекқызын атауға
болады. Олардың еңбектері тақырыпты нақты талдауға көмегі болмаса да, Қытай
тарихы мен Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты мәселелер жөнінде
мағлұматтар берері сезсіз.
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты
кафедрасының профессорлары мен оқытушылары Ж.У. Ибрашевтің, Қ.Е.
Байзақованың, Ф.Т. Кукееваның, С.Ж. Сапановтың және т.б. еңбектері бар.
Зерттеу жұмысында қытай ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де
пайдаланылды. Қытайдың сыртқы саясатын, Қытай-Кеңес, Қытай-Ресей
қатынастарын зерттеумен айналысатын қытай ғалымдарының қатарында Син
Гуанчэн, Чжен Кун Фу, Чжао Чанцин, Чэн Фухуань, Ся Ишань, Лю Цинцай, Ху
Хунпин, Луань Цзинхэ, Тао Шуциньдерді атауға болады.
Қытайдың белгілі зерттеушісі Син Гуанчэннің Қытай және Орталық Азия
атты кітабы тақырыбымызды тереңірек ашуда кеңінен пайдаланылды [20]. Бұл
еңбек Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі
барлық салалардағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама
берген. Син Гуанчэн өзара қатынастар дамуына оң баға бере отырып, Қытай мен
Орталық Азияның бес мемлекеті болашақта да қолайлы және тиімді саяси
байланыстарды жалғастырып, 21-ші ғасырда да жақсы көрші, жақсы серіктес,
жақсы дос болып қала береді деп санайды. Орталық Азия мәселелерімен
айналысатын Қытай ғалымы Чжао Чанцинның көптеген мақалалары Орталық Азия
елдерінің сыртқы саясатына, аймақ қауіпсіздігі мәселесіне және Орталық Азия
мемлекеттерінің Қытаймен ара қатынастарына арналған. Қытай зерттеушілерінің
бірқатар еңбектері Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы кезеңдегі қарым-
қатынастарға арналған. Солардың ішінде Ли Шэнчжудың Шыңжаң мен Кеңес Одағы
(Ресей) арасындағы сауда тарихы (1600-1990) атты монографиясы өте көлемді
де құнды еңбек болып табылады. Кітапта автор 400 жылдай дерлік уақытты
қамти отырып, әртүрлі тарихи кезеңдердегі Шыңжаң мен Кеңес Одағы (Ресей)
арасындағы сауда қатынастарының даму тарихын жүйелі түрде сипаттаған.
Сондай-ақ әр кезеңдегі саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты өзгерістерге
ұшырап отырған сауда қатынастарына талдау жасалынған.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының
теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары
құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы
мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Сонымен қатар кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу
әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Қытайдың сыртқы
саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде
айқындауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қытай мен Орталық Азия елдері
арасындағы байланыстары мәселесіне әртүрлі елдер ғалымдарының біршама
еңбектері арналған. Бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып жалпы түрде
қарастырыла қоймаған.
Отандық ғылымда алғаш рет Орталық Азия республикалары тәуелсіздік
алғаннан кейінгі Қытайдың өңір елдерінің әрқайсысымен ынтымақтастық
деңгейін ашуға талпыныс жасалады.
Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының негізі ашылды. Халықаралық
жағдайдың өзгеруіне, ғаламдасу заманының талаптарына, интеграциялық
процестердің дамуына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге сәйкес Қытай
сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды.
Қытай мен Орталық Азия елдерінің өзара байланыстарының қалыптасу, даму
үрдісі айқындалды.
Қытай мен Орталық Азия республикалары арасындағы ынтымақтастықтың негізгі
бағыттары анықталды. Тең қүқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде
белгіленген ара қатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ
жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысыныц қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тақырыбы
халықаралық қатынастар тарихына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын халықаралық қатынастар
мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың
материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеушілердің,
сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және мәдени мекемелер
үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық қатынастар,
саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және
арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі үш
тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі және қосымшалар берілді.
НЕГІЗГІБӨЛІМ
1-тарау. Қытай және Орталық Азия: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту.
Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы саяси және қауіпсіздік
салаларындағы ынтымақтастық, Қытайдың онымен шектесіп жатқан Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстанмен мемлекеттік шекара мәселесінің шешілу барысы,
Қытай мен Орталық Азияның Шанхай ынтымақтастық үйымы шеңберіндегі
ықпалдастығы сарапқа салынған.
Бүгінгі халықаралық ахуалдьщ айтарлықтай тұрақты емес жағдайында
мемлекетаралық байланыстарды дамытудың бірден-бір негізі саяси және
қауіпсіздік ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Орталық Азия өңірі тек
шығыстағы Қытайдың ғана емес, бүкіл әлем елдерінің назарын аударған
стратегиялық маңызды аймақ саналады.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тәуелсіздік алған бес мемлекеттің
әлеуметтік-саяси жағдайы, экономикалық дамуы бірдей деңгейде болды. Ал жеке-
дара мемлекет ретінде өмір сүре бастаған кезде Орталық Азия республикалары
өзіндік даму жолын таңдап, олардың әрқайсысының ұстанған саяси бағыты
әртүрлі болды. Мысалы, Түркменстан ешкімге қосылмайтын бейтараптық саясатты
таңдап, оқшауланып алды. Тәжікстанда мемлекет ішіндегі тонаралық
тартыстардың салдарынан 5 жылдан аса уақытқа созылған азамат соғысы
басталып кетті. Қазақстан көптармақты сыртқы саясатты ұстана отырып, әлем
елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға бет алды. Бірақ орталықтан
басқарылған мемлекет құрамында болып келген 5 республика үшін өзара
шаруашылық байланыстардың үзілуі салдарынан болған экономикалық дағдарыстан
шығудың жолдарын да іздестіру қажет болды. Дәл осындай жағдайда Орталық
Азия елдерінің шикізат пен табиғи ресурстарға бай болуы, олардың геосаяси
жағдайы әлемдік экономикалық қатынастарға кірігуіне мол мүмкіндіктер
туғызды.
КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия ұлы державалар ғана емес, сондай-ақ
орташа деңгейдегі аймақтық күш орталықтары қатысқан жаңа үлкен ойынның
сахнасына айналды. Егер 19 ғ.-20 ғ. басында негізгі ойыншылар Ресей және
Британ империялары болса, енді Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран,
Үндістан, Пөкістан, Сауд Арабиясы, сонымен қатар еуропалық мемлекеттер де
белгілі дәрежеде қатысады.
Қытай Халық Республикасы халықаралық қатынастарды жүзеге асыруда негізгі
критерий ретінде бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін басшылыққа алады.
Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Цзян Цзэминь
ҚКП-нің 1997 жылғы 15-ші съезінде жасаған саяси баяндамасында осы мәселеге
аса назар аударған болатын. Съезде Қытай басшысы Қытайдың сыртқы саясатын
төмендегіше түйіндеген:
- тәуелсіз дербес бейбіт сыртқы саясат жүргізу, Қытай халқы мен әлем
халықтарының мүддесін қорғай отырып барлық халықаралық істерді жүргізу.
- гегемонизмге қарсы тұру, әлемдегі бейбітшілікті сақтау. Даулы
мәселелерді бейбіт жолмен шешуді ұстану, ешқандай сылтаумен басқа
мемлекеттің ішкі ісіне араласуға қарсы күресу.
* бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ
Уставының негізгі мақсаттары мен принциптері негізінде әділ де тиімді жаңа
халықаралық саяси тәртіп орнату.
-әлемнің көптүрлілігін құрметтеу. Барлық мемлекеттер өзінің қоғамдық
құрылысын, даму стратегиясын және өмір салтын таңдауға құқылы. Әр
мемлекеттің істерін сол елдің өз халқы басқарады.
Соңғы жылдардағы аймақ қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін халықаралық
лаңкестік, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм сияқты қауіпті
құбылыстардың өршеленуі қауіпсіздік, саяси мәселелерді шешу бағытындағы
әрекеттерді белсендіре түсті. Оның айғағы ретінде Қытай мен Орталық Азия
республикалары арасында қол жеткізілген саяси, қауіпсіздік саласындағы аса
маңызды құжаттарды атауға болады. Олардың қатарында лаңкестікпен,
сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдер,
тату көршілік, достық, ынтымақтастық Шарты бар. Аталған мәселелер, яғни
өзара байланыстардағы саяси ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелері диплом
жұмысында қарастырылған.
Орталық Азия мен Қытай арасындағы шекара мәселесінің шешілуі аймақ
қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтаудың және өзара сан-саладағы
ынтымақтастықты нығайтудың негізгі алғышарты болып табылатыны сөзсіз.
Шекараның мығымдығы мен аумақтық тұтастық әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі
мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Тарихтан қалған мәселе
болғандықтан, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы мемлекеттік
шекара мәселесінің шешілу барысын талдар алдында осы мәселеге қатысты
тарихи шолу жасалады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстан Қытаймен мемлекеттік шекараны екіжақты негізде
шешуге бет алады. Содан кеп дүркін келіссездердің нәтижесінде даулы
учаскелер бойынша уағдаластықтарға қол жеткізе отырып, Орталық Азияның үш
республикасы Қытаймен шекара мәселесін толық шешті. Қазақстан-Қытай
шекарасының екі келісілмеген Сарышілде және Шаған-Оба учаскелері бойынша,
шамамен жалпы алаңы 944 шаршы километр екі келісілмеген учаскенің 537 шаршы
километрі (56.9%) Қазақстанға, 407 шаршы километрі (43.1%) Қытайға тиесілі.
Ал Қырғызстан мен Қытай 1999 жылы ұзақ жүргізілген келіссездер нәтижесінде
Бедел учаскесі бойынша келісімге қол жеткізді. Бұл учаскені тараптар
халықаралық нормаларға сүйене отырып 70x30 арақатынаспен өзара бөлді.
Тараптар арасындағы уағдаластыққа сәйкес, Хан-Тәңірі учаскесінің 70 пайызы
Қырғызстанда қалса, 30 пайызы Қытайға берілді. Тәжікстан Қытайға Шығыс
Памир ауданындағы 28 мың шаршы шақырымдық даулы аумақтың бір мыңын берді.
Осылайша, Орталық Азия республикалары мен Қытайдың шекара мәселесіне үлкен
нүкте қойылды. Ширек ғасыр бойына шешімін таба алмай келген тарихтан қалған
бұл мәселе де оң шешіліп, Қытаймен аумақтық проблемалар шешу мәселесі
көршілес орталықазиялық елдердің күн тәртібінен біржола түсті.
Орталық Азия мен Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі
ықпалдастығын қарастырады. Ортақ шекара біріктірген Орталық Азия
республикалары мен Қытай арасындағы 1996 жылдың сәуір айынан бастау алған
ІІІанхай бестігі шеңберіндегі ынтымақтастықтығы аймақтағы қауіпсіздік пен
тұрақтылықты мақсат еткенін айту керек. Бір жағынан Қытай Халық
Республикасы, екінші жағынан Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы,
Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы құраған бестік аймақ елдерінің
қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін маңызды болып табылатын мынадай құжаттарға
қол қойды: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы,
Тәжікстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара
аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім,
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан
Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара аймағындағы
қарулы күштерді қысқарту туралы келісім. Шекара маңындағы қауіпсіздік және
әскери сенім мәселелерін шешіп алған соң, бес мемлекет ынтымақтастығы одан
әрі тереңдей түсті. Оған 1998 жылғы Алматы кездесуі, 1999 жылғы Бішкек
кездесуі, 2000 жылғы Душанбе кездесуі нәтижесінде қабылданған декларациялар
дәлел бола алады. Мысалы, Алматы мәлімдемесінде бесжақты экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл белінді.
Бестіктің Бішкек және Душанбе саммиттерінде аймақ қауіпсізідігіне қауіп
төндіретін құбылыстармен бірлесе күресудің ортақ Бағдарламасын дайындау,
ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасу, арнаулы қызметтердің,
қорғаныс, құқық қорғау, кеден және шекара мекемелері басшыларының тұрақты
консультативтік кездесулерін өткізу, аймақтық антитеррорлық құрылымды
жасақтау сияқты мәселелер талқыланды.
2001 жылдың 15 маусымындағы Шанхай бестігі басшыларының кезекті алтыншы
кездесуінде ұйымға Өзбекстан мүше болып кіріп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы
деп аталатын жаңа ұйым тарих сахнасына шықты.
Осы уақыттан бастап атқарылған шаралардың нәтижесінде Шанхай
Ынтымақтастык Ұйымы толыққанды ұйым ретінде қалыптасты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы 2005
жылғы 5-ші шілдедегі басқосуының тарихи маңызы өте зор. Ауғанстандағы
жағдайдың біршама тұрақтануына байланысты халықаралық антитеррорлық
коалицияның әскери инфрақұрылым нысандарын ШЫ¥-ға мүше мемлекеттер
(Қырғызстан, Өзбекстан) аумағынан алып кету мәселесі кетерілді. Бұдан
байқайтынымыз, ұйымға мүше ірі мемлекеттер - Қытай мен Ресей Орталық
Азиядағы АҚШ ықпалының күшейгенін қаламайды. Қалай болғанда да, Қытай
Орталық Азия мемлекеттерімен Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі
ықпалдастықты одан әрі нығайта беретін болады. Орталық Азияның, жалпы аймақ
қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін факторлардың күшеюі байқалуда. Сондықтан
Қытай мен Ресей үшін де, Орталық Азия республикалары үшін де лаңкестік
күштермен бірлесіп күресу алғашқы міндет болмақ.

1994 жылдың сәуіріндегі Қытай премьері Ли Пэн Қытай мен Орталық Азия
арасындағы экономикалық ынтымақтастыкты дамытуға қатысты 6 тұжырымдамасын
ұсынды. Олар:
1. Теңдік пен өзара тиімділік принциптерін ұстана отырып, экономикалық
зандарға сәйкес қызмет атқару.
1. Ынтымақтастық түрлерін көбейту.
2. Бүгінгі шындық тұрғысынан қарағанда, жергілікті ресурстарды толығымен
пайдалану.
4. Транспорт пен коммуникациялар жағдайын жақсарту, жаңа Жібек
Жолын жаңғырту.
5. Қытайдың Орталық Азия елдеріне көрсеткен кішкентай экономикалық
көмегі достықтың бір көрінісі болып табылады.
6. Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, ортақ дамуға жағдай жасау.
Тараптардың экономикалық байланыстары дамуының деңгейін бірлескен
кәсіпорындар жұмысы белгілі дәрежеде көрсетеді. Статистикалық мәліметтерге
жүгінсек, 1993 жылдың басында Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекетінің
бірлескен кәсіпорындар саны 95 болған болса, келесі 1994 жылы 4 еседей
артып, 453-ке дейін көбейген. Олардың ішінде қазақстан-қытай бірлескен
кәсіпорындарының саны 57-ден 313-ке жеткен болса, өзбекстан-қытай
кәсіпорындары 20-дан 65-ке дейін артқан, ал қырғыз-қытай кәсіпорындары 18-
ден 75-ке дейін өскен. Бірлескен кәсіпорындар қызмет көрсету, сауда жасау
бағытын біртіндеп өндіріс бағытына қарай бұрып, сапалы түрде өзгере
бастады.
Бүгінде Қазақстанда 670 бірлескен кәсіпорын, 40-тан астам қытайлық
компаниялар өкілдіктері тіркелген. Қырғызстанда қытай іскерлерінің
қатысуымен 200-ден аса кәсіпорын жұмыс істейді. Өзбекстанда Қытай
инвестициясының қатысуымен ашылған 101 кәсіпорын бар. Оның ішінде 78
бірлескен кәсіпорын, 23 таза қытайлық компания бар. Олар негізінен көтерме
және бөлшек саудамен, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен
және маркетинг қызметін көрсетумен айналысады.
Сонымен, Қытай мен Орталық Азия арасындағы экономикалық байланыстардың
дамуында бірлескен кәсіпорындардың орны ерекше. Әйтсе де бүгінгі танда
бірлескен кәсіпорындар қызметі әлі де болса, негізінен сауда-саттықпен
айналысатын мекемелер болып табылады. Өндіріспен шұғылданатындары әлдеқайда
аз. Ынтымақтастығының алғашқы жылдарынан бастап Өзбекстан басқа
орталықазиялық республикаларға қарағанда негізгі күш-жігерді өндіріске
салған болатын. Егер Қазақстанда барлық бірлескен кәсіпорындардың 1,3 % -ын
ғана өндіріске бағытталған кәсіпорындар құраса, Қырғызстанда өндіріспен
айналысатынын кәсіпорындар 5 %-дан сәл асады, ал Өзбекстанда мұндай
кәсіпорындар барлық өзбек-қытай бірлескен кәсіпорындардың 60 %-ын құрайды.
Өзара экономикальгқ ынтымақтастық сапасын арттыруда тараптардың әлі де
іске қосылмай келе жатқан мүмкіндіктерін пайдаланып, жоғары технологиялар
тарту арқылы қомақты тауарлар өндірісін жүзеге асыру болашақтың еншісінде
болар деп сенеміз.
Қытай мен Орталық Азия арасындағы экономикалық байланыстардың тереңдей
түсуіне отын-энергетикалық саладағы ынтымактастық өз септігін тигізді.
Баршаға белгілі, Орталық Азия аймағының мұнай мен газ қорларына бай болуы
әлемнің алпауыт мемлекеттерінің осы өңірге деген қызығушылығының басты
себебі болды. Қытай да осы мемлекеттердің қатарында өзіндік орынға ие. Оның
қарыштап дамып отырған экономикасының мұнай мен газ импортына тәуелділігі
жылдан жылға артуда. Сондықтан аталмыш саладағы ынтымақтастық өзара
экономикалық ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі болып отыр.
Қытайдың мұнайға деген сұранысы жылдан жылға артуда. 1993 жылы Қытай
нетто-импортшыға айналды. Сондықтан Қытай үкіметі ел ішінде мұнай өндірісі
көлемін ұлғайтуға және осы саладағы шет елдермен ынтымақтастықты кеңейтуге
қатысты іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Ең алғашқы басым бағыттар
ретінде жақын көршілер - Ресей мен Қазақстан қарастырылуда.
1997 жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай және газ
саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге және Қазақстан-
Қытай мүнай құбырын салу туралы келісімге қол қойылуы сауда-экономикалық
байланыстар деңгейін біршама жоғары дәрежеге көтерді.
Аталмыш мұнай магистралінің құрылысының маңыздылығы оның республиканың
батыстан шығысқа созылған бүкіл аумағын кесіп өтетіндігінде. Мұның өзі
жалпыұлттық транспорт инфрақұрылымын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік
береді. Қытай Ұлттық Мұнай-газ компаниясы 1997 жылдың маусым айында
өткізілген тендер бойынша 4 млрд. долларға "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік
қоғамының 60 % -дық акциясына ие болған. Сонымен бірге бұл компанияның
иелігіне бірқатар кеніштер, оның ішінде қоры жағынан Теңізден кейін екінші
орындағы Маңғышлақ түбегіндегі Өзен де кіреді. 2003 жылдың мамыр айының
аяғында Қытай ¥лттық мұнай компаниясы, тағы СНПС-АқтөбеМұнайГаз-дың 25,12 %
-дық мемлекеттік пакетін 150 млн. долларға сатып алған. 2003 жылы компания
Қытайға 5 млн. тонна мұнай жіберген. Әртүрлі себептерге байланысты мұнай
құбырының құрылысы біраз уақытқа тоқтап қалды. Әйтсе де Қазақстан-Қытай
мұнай құбырының соңғы үшінші тармағы болып табылатын Атасу-Алашанькоу
құбыры 2005 жылы желтоқсанда пайдалануға берілді. Мұнай құбыры Қарағанды,
Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағы арқылы Ағадыр, Ақшатау,
Ақтоғай, Үшарал ауылдарын басып өтеді. Алғашқы 5-6 жыл аясында құбыр арқылы
10 млн. тонна қара алтын шығысқа жөнелтілетін болса, екінші кезенде
құбырдың қуаттылығы 20 млн. тоннаға жетеді деп болжануда.
Көмірсутек қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындардың бірін иеленетін
Түркменстанға бүгінгі таңда әлемнің іскерлік топтары қызығушылық танытуда.
Түркменстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізуде туындайтын
бірден-бір мәселе ол транспорт мәселесі, яғни энергия ресурстарын
тасымалдау болып отыр. Осы мәселеге қатысты Түркменстан мен Қытай арасында
газ құбырын салу сияқты ірі жобаны талқылауға кірісті.
Түркменстан мен Қытай арасындағы отын-энергетикалық саладағы
ынтымақтастықты нығайтуда Синопек Қытай мүнай-
химиякорпорациясының өзіндік орны бар. Өйткені, бұл компания 1997 жылдан
бастап Түркменстаннын батысындағы мұнай ұңғымаларын қалпына келтіруде.
Отын-энергетикалық саладағы ьштымақтастықты Қытай Өзбекстанмен де
дамытуды кездеп отыр.
Қытайдың Орталық Азиямен экономикалық байланыстар дамуында трансшекаралық
өзендер мәселесінің орны ерекше. Дәлірек айтсақ, аталмыш мәселе Қытай мен
Қазақстан арасындағы негізгі пікір-талас құралы болып отыр. Мәселенің
өзектілігі Қытайдан бастау алып, Қазақстан аумағы арқылы өтетін Іле және
Ертіс өзендерінің екі елдің де экономикалық дамуындағы аса маңызды рөлімен
айкындалады.
Жалпы, Қытайдың экономикалық дамуы оның әр бөлігінде әркелкі. Мысалы
Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағының даму деңгейі, халқының тұрмыс деңгейі
жоғары, ал дамудың анағұрлым төмен деңгейін Қытайдың батысынан байқауға
болады. Бірақ соңғы кездері Қытайдың солтүстік-батыс өлкесі, атап айтсақ
Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданында экономикалық даму жылдам қарқын ала
бастаған. Әсіресе, өндірісті дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Елдің екі
жақ бөлігіндегі осындай алшақтықты жою мақсатында батыс аймақтың
экономикалық дамуы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Ал өнеркәсіпті
дамытуда, халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін судың қаншалықты қажет екенін
айтпаса да түсінікті.
1998 жылдың аяғында Қазақстан тарапына қытайлықтар Орталық Шыңжанды ауыз
сумен ғана емес, Үрімшіге жақын орналасқан Қарамай мұнай кәсібін
өнеркәсіптік сумен қамтамасыз етуге арналған ені 20 метрлік су каналын
салып жатқаны мәлім болды. Аталмыш Ертіс-Қарамай су каналының салуының
басталғаны жөнінде Қытай жағы ресми түрде тек 1999 жылы 5-11 мамыр
аралығында Қазақстан мен Қытай арасында Ертіс пен Іле өзендерін пайдалану
туралы кеңестерінің бірінші раунды барысында хабарлаған болатын, және ол
каналдың қуаттылығы 2020 жылға дейін 1 млрд. текше метр немесе өзеннің
орташа жылдық ағынының 13%-ын құрайтындығын айтты. Бірақ қазақстандық
экологтардың мәлімдемесі бойынша 5-6%-ның алынуының өзі экологиялық қауіп
тудырады. Зайсан өзеніне де келетін залалы аз емес.
Бұл мәселе екі ел ресми адамдарының кездесулерінде әрдайым талқыланып
отырғанымен, Қытай жағы суға байланысты мәселені жауапсыз қалдырып отырды.
Тек 1999 жылдың 31 наурызындағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР
Төрағасы Цзян Цзэминге Жолдауы сол жылдың мамыр айында су мәселесіне
байланысты келіссөздердің жандануына септігін тигізді. Қытай басшысына
жолдаған хатында Н. Назарбаев трансшекаралық су ағысының жағдайы қоршаған
ортаның тұрақтылығы мен екі елдің экономикаларының дамуының шешуші факторы
болып табылатынын айта келіп, Қазақстан мен Қытайдың тиісті министрліктері
мен ведомстволарына сол жылдың сәуірінде су ресурстарын тиімді пайдалану,
олардың ластануын азайту мен болдырмау мәселелері жөніндегі келіссөздерді
бастауды тапсыруды ұсынды. Бұл келіссөздердің нәтижесі трансшекаралық
өзендерді бірлесе пайдалану мен қорғау жөніндегі келісімге қол қою бола
алатынын айтты. Қазақстан Президенті тараптар бірлесе отырып, қазақстан-
қытай қатынастарында дәстүрге айналған достық пен өзара тиімділік рухында
осы мәселе жөніндегі өзара іс-қимылдың нақты жүйесін жасай алады деп сенім
білдірді. Сөйтіп, нәтижесінде аталмыш мәселеге байланысты келіссөздер
жүргізуге келісім алды.
2001 жылдың қыркүйек айьшда ҚХР Үкіметінің басшысы Чжу Жунцзи Қазақстанға
ресми сапары барысында трансшекаралық өзендерді қорғау және пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Әйтсе де, қарама-
қайшылықтар жоқ емес, егер Қытай тарапы Ертістен 12 млрд текше метр су
ағады деп есептесе, Қазақстан жағы 9 млрд. текше метр құрайтынын айтады.
Қытай тарапы 12-нің 1,5-ын пайдаланам, оның ешқандай зияны жоқ десе,
біздікілер 9-дың 1,5-ын пайдаланғанда Қазақстан экономикасы мен
экологиясына тигізер залалы зор болатынын айтады. Бұл келісім екі ел
арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесін толық шешті деп айтуға
болмайды. Әйтсе де, екі мемлекеттің мұндай келісімге қол қоюын аталмыш
мәселені шешудегі тағы бір қадам ретінде бағалаған дұрыс.

Өзара сауда қатынастары, Ұлы Жібек жолын жаңғырту мәселесі, өзара сауда-
экономикалық байланыстардағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының алатын орны
және Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық
қарастырылады. Сауда қатынастарын дамыту Қытай мен Орталық Азия елдері
ынтымақтастығыньщ негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Өзара
байланыстардың алғашқы жылдары халық түтынатын заттар рыногын қытай заттары
басып, олардың сан жағынан жеткілікті болғанымен, сапасының төмен
болғандығы бөрімізге белгілі. Бұл кезең бүкіләлемдік қауымдастықтың тең
құқықты мүшесі ретінде өз сыртқы саясатын жүргізуде тәжірибесі аз Орталық
Азияның мемлекеттері үшін үлкен сынақтан өтер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz